» » Қазақ тілі 2-сынып ҚМЖ Қысқа мерзім жоспарлары Атамұра

Қазақ тілі 2-сынып ҚМЖ Қысқа мерзім жоспарлары Атамұра

18 октябрь 2016, Вторник
1 679
0

Пәннің аты Уақыты: Кабинет: Мұғалім
Сабақтың атауы Дыбыс және оның түрлері   2-сағат
Мақсаты Дауысты дыбыстардың жұп-жұбымен бірнеше топқа бөлінуін көрсету. Тілдің қатысына қарай бөлінуін аңғарту;
Оқушылардың сөздік қорын дамыту. Сауатты жазу дағдыларын қалыптастыр, оқу — білімге деген ынталарын арттыру;
Бірлікке, достыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу;
Сабақтың түрі Аралас сабақ
Әдіс — тәсілдер: түсіндіру, жаттығу, талдау, ойын, топтастыру
Пәнаралық байланыс: әдебиет, музыка
Көрнекіліктер: әліпби, сызба плакат, «Жасырынған әріптер», интерактивті тақта, слайдтар, бағалау парағы.
Күтілетін нәтиже
Психологиялық ахуал Сабақтың барысы:
I Алғашқы ұйымдастыру бөлімі
1. Амандасу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысымын тексеру
3. Поэзия минуты («Үш бақытым», М. Мақатаев).
М: — Үш бақыттың бірі – тіл. Олай болса, сол тілді оқып — үйрену үшін қазақ тілі сабағын
бастайық. Бәріңе сабақта сәттілік тілеймін.
М: Мұғалімнің ассистенті сайланып, «Бағалау парағын» жүргізу ескертіледі.
Сабақ топтық жұмыс түрінде ұйымдастырылады. Топ аты мен басшылары сайланады.
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту  

 

Тіл дыбыстары қалай жасалады?
— Тіл дыбыстары сөйлеу мүшелері арқылы жасалады.
— Сөйлеу мүшелеріне не жатады?
— Өкпе, ауыз қуысы, оның ішіндегі тіл, таңдай, ерін және мұрын қуысы.
а) Мұғалімнің жаңа материалды түсіндіруі
— Ауа өкпеден еш кедергісіз шығып, үннен ғана тұратын дыбыстар дауысты дыбыстар деп аталады.
Дауысты дыбыстар саны – 12. Олар: а, ә, о, ө, ы, і, ұ, ү, е, и, э, у
— Тілдің, жақтың, еріннің қатысына қарай дауысты дыбыстар үш топқа бөлінеді:
• жуан және жіңішке
• ашық және қысаң
• еріндік және езулік
Тілдің қатысына қарай:
жуан: а, о, ы, ұ,(у)
жіңішке: ә, ө, і, ү, е, и, э, (у)
Жақтың қатысына қарай:
ашық
қысаң
Еріннің қатысына қарай:
еріндік
Езулік

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
Мағынаны тану М: Жуан дауыстылар тілдің кейін шегініп, үсті дөңестену арқылы жасалады.
Жіңішке дауыстылар тілдің ілгері сызылуы арқылы жасалады.
Мысалы: Астана – жуан буынды сөз.
Бәйтерек – жіңішке буынды сөз.
Кітап – аралас буынды сөз, себебі кірме сөз (араб сөзі).
Телефон – аралас буынды сөз, себебі кірме сөз (орыс тілінен енген сөз).
Ботагөз – аралас сөз, біріккен сөз.
Аз — кем – аралас буынды сөз, қос сөз.
У – ерекше дыбыс. Ол — бірде дауыссыз, бірде дауысты, бірде жуан, бірде жіңішке дауысты.
Мысалы: сұлу, тура (У дыбысы – жуан дыбысты дыбыс.)
куәлік, жүру (У дыбысы – жіңішке дыбысты дыбыс.)
жауын, қауын (У дыбысы – дауыссыз дыбыс.)
ә) Жаттығу жұмыстарыөркем жазу. Аа аАа Астана –асқақ қала. Айбат –ақылды бала.
а/ Оқулықпен жұмыс 1-жаттығу. Өлеңді оқушыларға іштей оқытып шығу.
Барлығына хормен оқытқызу; Қысқаша мазмұнын сұрау:
— Өлең не туралы?
— Мектепті неге анаға теңейді?
— Мектепте бала қалай өседі?
— Өз мектептерің туралы не айтасыңдар?
ә/ Өлеңнен жуан және жіңішке айтылып тұрған сөздерді табу. Жуан, жіңішке дыбыстарды атау.
б/ Тақтада жұмыс. 2-жаттығу. Әр сөзден жаңа сөз жасап тұрған дыбыстарды тауып, оларды құрастыру арқылы мақалды табу. Шыққан мақалды тақтаға жазу.
Оқу түбі — тоқу
Мақалдың мағынасын ашып, талдау;

 

Өзіндік жұмыс. 3-жаттығу. Өлеңді әдемілеп көшіріп жазып, бір дыбыстың өзгеруінен жасалған сөздердің астын сызу. (сор-зор, қор-бор)
4.Ой қорыту. Шығармашылық жұмыс
4-жаттығу.Суреттердегі заттардың аттарын жазып, оларға дыбыстық талдау жасау.
Ою-2буын, 2әріп, 3 дыбыс /о й+у/
Венн диаграммасы Дыбыс пен әріпті салыстыру

Сергіту сәті I топ. Қамыс құлақ, тостаған тұяқ,
Мінсең – қанат, сүті дәрі,
Еті тамақ. (Жылқы)
II топ. Әкесі – тышқан,
Шешесі – құстан. (Жарқанат)
III топ. Ішіне тамақ салынған,
Есігі тастай жабылған. (Тоңазытқыш)
Ой толғаныс I тапсырма. Берілген сөзге ассоциация құру. Жіңішке буынды сөздердің астын сызу.
I топ
«Мектеп»
Мұғалім, ұстаз, білім, оқу, оқушы, класс, баға, тақта, дәптер, сөмке, т. б.
II топ
«Әдебиет»
Ақын, жазушы, өлең, әңгіме, кейіпкер, шығарма, теңеу, портрет, роман, т. б.
III топ
«Тіл»
Тіл әлемі, ауызша тіл, лексика, фонетика, тіл мәдениеті, қазақ тілі, ана тілі, т. б.
Үйге тапсырма  

 

Ереже жаттау. Оқулықтағы жаттығуларды орындау.

Күнделіктеріне жазып алады
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

 

 

Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс   Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

 

 

 

 

Пәннің аты Уақыты: Кабинет: Мұғалім
Сабақтың атауы У дыбысының дауысты және дауыссыз болуы 2-сағат
Мақсаты а) білімділігі: у дыбысының қай кезде дауысты, қай кезде дауыссыз болатынын түсіндіру, у дыбысы бар сөздерді дұрыс тасымалдай білуге үйрету.
ә) дамытушылығы: оқушылардың сөздік қорын молайту, тілдегі сөз құрылымының сырларын меңгертуге бағыт беру. Ойлауын, еске түсіру, шығармашылық қабілеттерін, тілін дамыту. Өз пікірін сенімді айтуға, ортаға салуға үйрету.
б) оқушыларды ана тілін құрметтеуге, тіл тазалығын сақтауға, татулыққа, өнерді, еңбекті, сүюге тәрбиелеу. Экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: Ертегі сабақ
Сабақтың әдістері: зерттеушілік, ізденушілік, сұрақ-жауап, интерактивті, көрнекілік
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, орман, құстар суреті
Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану, математика
Күтілетін нәтиже
Психологиялық ахуал Оқушыларды сабаққа дайындау:
Пәнге деген сүйіспеншіліктерін арттыру:
Қазақ тілі – бал тілім,
Өзің барда шалқимын,
Тілімнен нәр табармын,
Тіліме кім тағар мін
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту У дыбысы бар сөздерді тауып, неге дауысты болып тұрғанын түсіндіру.
Ә) Өткен тақырыпты еске түсіру:
1. Қазақ тілінде неше дыбыс, неше әріп бар? (40 дыбыс, 42 әріп бар)
2. Дыбыс дегеніміз не? Әріп дегеніміз не?
(Дыбысты естиміз, айтамыз. Әріпті көреміз, жазамыз.)
3. Заттың атын білдіретін сөздердің сұрақтарын ата.
(Кім? Не? Кімдер? Нелер?)
4. Заттың қимылын білдіретін сөздердің сұрақтарын ата.
(Не істеді? Қайтті?)
5. Бас әріппен жазылатын сөздерді ата:
(Адам, жер-су, үй жануарларына қойылатын аттар)
6. Адамға, мамандыққа қандай сұрақтар қойылады?
(Кім?)
7. Жануарларға қандай сұрақтар қойылады?
(Не?)
8. У дыбысы қай уақытта дауысты болады?
(Дауыссыз дыбыстан кейін)
Актуалдау. Филворд шешу.
9. Математикамен байланыс.
Мына филворд шешсеңдер біздің жаңа сабағымыздың тақырыбы шығады.
Шешуі: У дыбысы.
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
Мағынаны тану Сәйкестендіру.
Тауық————у дыбысы дауыссыз
сауысқан
уық—————у дыбысы дауысты
қоңырау
Уық сөзіне сөйлем құрастыру.
Ереже шығарып айту.
Мұғалім: Көгершін одан әрі ұшып кетіпті. Қалың тоғайдың қасына келгенде құйқылжыта ән салып отырған бұлбұлды көреді. Ол бұлбұлдан ағаштарға көмектесуін өтінеді. «Кешір, көгершін, мен үшін әуре болма. Менің қолым тимейді. Менің әнімді тоғайдағы аңдар, құстар түгілі адамдар да жақсы көреді. Мен үшін адамдардан көмек сұра», — дейді. Олай болса, бұлбұлдың тілегін орындап бір сергіп алайық.Оқулықтағы  тапсырмаларды орындау.
Сергіту сәті «Ұйқасын тап» ойыны.
1. Өзінше ноян,
Қорқақ кім? … (қоян)
2. Алмастан тыным,
Шабады … (құлын)
3. Бата алмас түлкі
Үсті тікен … (кірпі)
4. Айбат шегер алыстан,
Аң патшасы … (арыстан)
Енді тапсырмалар орындайық.
Сабақтан мен …
Жаман бала …
Жақсылармен …
Айтқан серттен …
Үлкендерді …
Айтқандарын …
Көмектесем …
Ой толғаныс Венн көрсетуі
Дауысты У
Ортақ белгісі
Дауыссыз У
Дауыссыз дыбыстан кейін немесе сөз басында дауыссыз дыбыстан бұрын келеді.У дыбысының дыбысталуы да, таңбалануы да бірдей Сөз басында дауыстыдан бұрын және дауысты дыбыстан соң келеді.
Үйге тапсырма  

 

Ереже жаттау. Оқулықтағы жаттығуларды орындау.

Күнделіктеріне жазып алады
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс   Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

 

Пәннің аты Уақыты: Кабинет: Мұғалім
Сабақтың атауы У әрпінің жазылуы           2-сағат
Мақсаты Сабақтың мақсатыты:   «У»дыбысы бар сөздерді дұрыс жазуға

 

дағдыландыру; ы,і дыбыстарына аяқталған

сөздерге у әрпі жалғанғанда ы,і әріптерінің түсіп

қалатынын түсіндіру; сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың міндеттері:  Сөздерді мағыналарына қарай

топтастырып,сөздерді буынға бөле

білу білігін жетілдіру.

Оқушылардың ой-өрісін,сөздік қорын,жүйелі

баяндау,көркем жазу,сауатты оқу дағдысын

арттырып,танымдық,есте сақтау қабілеттерін

дамыту.

Сабақтың көрнекілгі: оқулық,интербелсенді тақта,карточкалар

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру,танымдық ойлау,талдау,топтау,

СТО , рефлексия.

Cабақтың  түрі:   Дәстүрлі емес.

Сабақтың типі:   Білім жетілдіру.

Пәнаралық байланыс:ана тілі, дүниетану,

Күтілетін нәтиже
Психологиялық ахуал Психолгиялық дайындық.

 

Қайырлы таң достым,    — 1 топ

Қайырлы күн болсын.    -2топ

Сәрсенбінің әр кезі,      -3 топ

Сәттілікке толсын.         -4 топ

Біздің алар бағамыз,      -бәрі

Кілең бестік болсын.     -бәрі

 

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту  -Ерте,ерте ертеде қазақ тілі жерінде,дыбыстар мен әріптер елінде «Дыбыс» деген үлкен шаhар болыпты. Бұл елде «у» дыбысы және әріпі өмір сүріпті. Олардың дауысты , дауыссыз, жуан,жіңішке түрлері болыпты.Тіпті өздеріне тән түстері, киімдері, таңбасы, сөз ішінде өз орындары болыпты.   Бірақ кішкентай  «У»  өзінің қалай дұрыс жазылатының толық ажырата алмаған екен. Өзін- өзі ажырата алмағандықтан, шаршағаны сондай «У» дыбысы мен әрпі тіпті қашып кетіпті.

 

Олай болса  Удыбысына көмектесейік.

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
Мағынаны тану 1-топ

 

Мен ауамын ауамын,

Жаныңызға дауамын.

Өлеңді жатқа жазу. Әр жолын 1 оқушы тақтаға жазады.
Тексеру. бағалау. У дыбысы бар сөзді сызу. Қай жерде дауысты, қай жерде дауыссыз екенін қызыл, көк текшемен белгілеу.
Туған, білуді сөзінің ішінен У дыбысын табу.
У — шешуін табу.
Балалар атаймен қоштасады.
У дыбысы өзінің қай уақытта дауысты болатынын түсіне бастады.
Олар туған ауылдарына қайтып келе жатып жайқалған түймедақтарға кездеседі.
2-топ

Сөздерді буынға бөлу. У дыбысының дауыссыз, дауысты екенін ажырату, дәлелдеу. Көк, қызыл текшемен белгілеу.
уа-қыт
е-ле-уіш
о-тау
о-қу
жай-лау
тәу-лік уа-қыт

Оқулықтағы жаттығуларды орындау.

Сергіту сәті Қол алысып, қәне, біз,

 

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

Ой толғаныс 1 топ—5 жол өлең

 

 2 топ- Венн диаграммасын құрады

3 топ- у дыбысы бар мақал мәтел айтады

Үйге тапсырма  

 

Ереже жаттау. Оқулықтағы жаттығуларды орындау.

Күнделіктеріне жазып алады
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

 

 

Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс   Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

 

Пәннің аты Уақыты: Кабинет: Мұғалім
Сабақтың атауы Мазмұндама
Мақсаты Оқушыларды жазбаша байланыстырып сөйлеуге, жазбаша тілін қалыптастыру, оқып берген мәтіннің мазмұнын, негізгі кезеңдерін қалдырмай жазуға үйрету; логикалық ойлау қабілетін, есте сақтау, зейінін жетілдіру; ойын жүйелі жеткізуге, сауаттылыққа дағдыландыру.
Түрі: жазбаша бақылау Әдісі: қорыту Керекті құрал – саймандар: сын жұмыстар жинағы, дәптер.
Комментарии:
Сабақ жоспарлары барлық пәннен ҚМЖ, ОМЖ, ҰМЖ | Планы КСП ССП ДСП
Электронная почта: [email protected] Ватсап: 8(707) 403-01-01 © 2019-2020