Войти на сайт Регистрация

Дүниетану 4 сынып. ҚМЖ қысқа мерзім жоспары Атамұра Барлығы – 68 сағат, аптасына 2 сағаттан

Пәннің аты Уақыты: Кабинет: Мұғалім
Сабақтың атауы Адам  қайдан , қалай  пайда  болған?
Мақсаты

 

Күтілетін нәтиже

Адам мен маймылдың шыққан тегі бір деген тұжырымды айғақты мағлұматтарға сүйеніп дәлелдеуге үйрету; қоршаған орта туралы түсініктері туралы білім жүйесін қалыптастыру.
1. Білімділік: Аданың шыққан тегі туралы ғылыми түсінік ұғымдарын білім алуға деген талпыныстарын қалыптастыру.
2. Дамытушылық: Әңгімелеу, сипаттау, талдау қабілеттерін дамыту; белсенділіктерін дамыту;
3. Тәрбиелік: Адамгершілікке тәрбиелеу, табиғатты қорғауға тәрбиелеу:
Сабақ түрі: Жаңа тақырыпты таныстыру сабағы
Көрнекіліктер: Адам жасаған заттардың суреттері.
Әдіс — тәсілдер: жұптық, талдау,
Психологиялық ахуал Адам мен маймыл түрі мен іс — әрекетерін салыстыр
Адамға қатысты сөздерді қорша:
Көз, үстел, нан, қарындаш, жер, құлақ, жел,
Шаш, жануар, ойыншық, көйлек, өсімдік
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту  
Мағынаны тану Мұғалемнің  түсіндірмесі:Бұл сұрақ адамдарды  бұрынғы  заманнан   бері  ойландырып келе  жатыр . Ғылым  әлі  дамымаған  кезеңдерде  адамның  қалай пайда  болғандығы  туралы  көптеген  аңыздар бар .  Мысалы , ертедегі  Құдай   тағала   алғашқы    адамды   балшықтан  мүсіндеп, пеште  қыздырып , одан  кейін  оған  жан салып жаратқан  деген аңыз тараған .   Мұндай   аңыздар  ежелгі  гректер  мен  басқа елдере  де  болған . Адамның  жаралуы   айындағы   аңыз  әңгімелер  қасиетті  діни  кітаптардан  да  тиісінше  орын алды . Ол  кітаптарда Алла тағала өз құдіретімен әуелі  жер – дүние  , жан – жануарларды  одан кейін  барып , топырақтан   ең   алғашқы  адамды ,  яғни  АдамАтаны  жаратқаны  айтылады .
Сергіту сәті Ұшқандай боп кекiлiк,

 

Биiк-биiк секiрiп,

Ойнап-ойнап, тез өсiп,

Кетемiз бiз жетiлiп.

Ой толғаныс Жаңа білімді бекіту:
1. Алла әуелі нені жаратқан?
2. Адам — қайдан, қалай пайда болған?
3. Адамның жаралуы туралы ғылым не дейді?
4. Ағылшын зерттеуші кім?
Үйге тапсырма Мазмұндау . Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

 

 

Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс   Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

 

Пәннің аты Уақыты: Кабинет: Мұғалім
Сабақтың атауы Алғашқы  адам
Мақсаты

 

Күтілетін нәтиже

Ата-бабаларымыздың қалай өмір сүргенін және біздің заманымыздың ерекшеліктерін айқындау

 

Сабақтың нәтежиесі: Ежелгі адамдардың өмірі мен қазіргі адам трішілігінің едәуір айырмашылығын салыстырады.

Сабақта қолданылатын әдістер: «Топтастыру» Блум таксономиясы  «Көрме» әдісі.

Психологиялық ахуал Жұп жазбастан жүреміз,

 

Біздің сынып – мақтаулы.

Біздің сынып -өнерлі.

Өйтені біз сүйеміз

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту  
Мағынаны тану Мұғалемнің  түсіндірмесі: Ертедегі адамдарды ғылыми тілде палеоантроптар, кейде неандерталь адамдары деп те атайды. Палеоантроптар қазіргі адамдардың тікелей арғы тегі болып саналады. Жалпы алғанда, ертедегі адамдардың тікелей арғы тегі болып саналады. Жалпы алғанда, ертедегі адамдардың тіршілік әрекеті, ақыл – ойы және әлеуметтік өмір сүру жағдайлары қазіргі адамдарға ұқсас болған. Олардың сүйектерінің қалдығы алғаш рет 1848 жылы Еуропада табылған. 1856 жылы Батыс Германия жеріндегі Неандерталь өзенінің аңғарынан ертедегі адамдардың қаңқа қалдықтары табылды. Ертедегі адамдардың қоныс мекендері, кейіннен Ресейдің көрнекті антрополог ғалымы М. М. Герасимов ертедегі адамдардың бас сүйегінің құрылыс ерекшелігіне қарап, олардың бейнесін жасап, ғылымға зор үлес қосты.
Палеоантроптар бұдан 1, 5 — 250 мың жыл бұрын өмір сүрген. Ертедегі адамдардың бойының ұзындығы 155 — 165 см, ал миының көлемі 1400 см2 болған. Архантроптармен салыстырғанда палеоантроптардың сөйлеуге байланысты алдыңғы ми сыңарларының маңдай бөлігі жақсы дамыған және астыңғы жақ сүйегі кішірейген. Ертедегі адамдардың қоныстарынан табылған түрлі құралдардың жасалуы да едәуір күрделенген. Олар жануарлардың терісін өңдейтін құралдар да жасай білген. Ірі жануарлардың сүйектерін жинап, өздеріне баспана салғандығы да анықталып отыр. Палеоантроптардың ойлау қабілеті жақсы дамыған. Бұл кезде түрлі қолөнер салалары пайда болған. Қоғамдық сана қалыптасып, түрлі наным – сенімдер, тасқа, сүйекке ойып сурет салу және өлген адамдарды жерлеу салты болған.
Ертедегі адамдар ауа райы қолайсыз ауыр жағдайларда үңгірлерде тұрып, үнемі отты пайдаланған. Олар топтасып аң аулаған және Жер шарының көп аймақтарында өмір сүрген. Африканың солтүстік өңірінен табылған ертедегі адамдардың қаңқа қалдықтарына өте ұқсас. Сондықтанда ертедегі адамдар көптеген аймақтарда бір мезгілде өмір сүрген деген пікірлер бар. 1938 жылы орыс ғалымы А. П. Окладников (1908 — 1981 жж) Өзбекстандағы Тесіктас үңгірінен ертедегі адамдардың сүйек қалдықтарын тапты. Бұл ғылымда дүниежүзілік мәні бар үлкен жаңалық болды. Ертедегі адамдардың мекенжайлары, пайдаланған тас құралдары және аулаған жануарларының сүйек қалдықтары Қазақстан жерінен де көптеп табылды. Қазақстандық ғалым Х. А. Алпысбаев 1958 — 1962 жылдары Оңтүстік Қазақстандағы Қаратау өңірінен ертедегі адамдардың қоныстарын тауып зерттеп, ғылымға көп жаңалық болды. Ертедегі адамдардың пайдаланған тас құралдары Орталық Қазақстан, Бетпақдала өңірінен де табылды.
Көрнекті ғұлама ғалым Ә. Х. Марғұланның бұл салада сіңірген еңбегі орасан зор. Ғылымда бұл дәуірді тас дәуірі тас дәуірі (немесе тас ғасыры ) деп аталады.
Сергіту сәті Ал балалар тұрмайық,
Алақанды ұрайық.
Бір отырып, бр тұрып
Біз тынығып алайық.
Ой толғаныс Табыс критериі:

 

— Өткен өмірді тану;

-Тарихшы ғалымдардың дәлелдемелері;

-Археологтардың қазба жұмыстарындағы жетістіктері

-Адамдардың жаралуы туралы ғылым не дейді? Табыс критериі бойынша «Көрме» ұйымдастырады А4 қағаз

5мин 2.Түсіну.  Т-кестесі

Адам мен маймылдың ұқсастығы бар ма? Салыстыр.

Үйге тапсырма Мазмұндау. Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

 

 

Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс   Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

 

 

Похожие статьи:
Дүниетану 4 сынып. Күнделік сабақ жоспарлары. Барлығы-68 сағат, аптасына-2сағат

Дүниетану 4 сынып. Күнделік сабақ жоспарлары. Барлығы-68 сағат, аптасына-2сағат

Дүниетану- 4 класс   №1.Тақырыбы: Адам қайдан ,қашан пайда болған? Мақсаты:  Адам қайдан, қашан пайда болғаны жөнінде қасиетті діни...
Дүниетану 4 сынып ҚЖМ қысқа мерзім жоспарлары 1 2 — тоқсан

Дүниетану 4 сынып ҚЖМ қысқа мерзім жоспарлары 1 2 — тоқсан

Сабақ жоспары    Дүниетану  пәні.      4-сынып Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні   ...
Дүниетану 4 сынып ҚМЖ қысқа мерзім сабақ жоспары; ОМЖ орта мерзімді сабақ жоспары

Дүниетану 4 сынып ҚМЖ қысқа мерзім сабақ жоспары; ОМЖ орта мерзімді сабақ жоспары

Күні:             Сабақтың тақырыбы: Тіршіліктің пайда болуы Жалпы мақсаты Адам...
Қазақстан тарихы 6 сынып күнделікті сабақ жоспарлары 6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы

Қазақстан тарихы 6 сынып күнделікті сабақ жоспарлары 6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы

6-сынып. Ежелгі  Қазақстан тарихы Сабақтың тақырыбы: §1.Алғашқы адамдардың пайда болуы Сабақтың мақсаты: Адам баласының пайда болуы...
Дүниетану 4-сынып ҚМЖ Қысқа мерзім жоспарлары Атамұра

Дүниетану 4-сынып ҚМЖ Қысқа мерзім жоспарлары Атамұра

  Пәннің аты Уақыты: Кабинет: Мұғалім Сабақтың атауы Алғашқы  адам Мақсаты   Күтілетін нәтиже Ата-бабаларымыздың қалай өмір...
Комментариев: 0
Добавить комментарий
КРАТКОСРОЧНОЕ КТП ОМЖ ОРТА ПЛАНЫ ПОУРОЧНЫЕ СРЕДНЕСРОЧНОЕ ксп ссп ҚМЖ