» » Дүниетану 4-сынып ҚМЖ Қысқа мерзім жоспарлары Атамұра

Дүниетану 4-сынып ҚМЖ Қысқа мерзім жоспарлары Атамұра

18 октябрь 2016, Вторник
878
0

 

Пәннің аты Уақыты: Кабинет: Мұғалім
Сабақтың атауы Алғашқы  адам
Мақсаты

 

Күтілетін нәтиже

Ата-бабаларымыздың қалай өмір сүргенін және біздің заманымыздың ерекшеліктерін айқындау

 

Сабақтың нәтежиесі: Ежелгі адамдардың өмірі мен қазіргі адам трішілігінің едәуір айырмашылығын салыстырады.

Сабақта қолданылатын әдістер: «Топтастыру» Блум таксономиясы  «Көрме» әдісі.

Психологиялық ахуал Жұп жазбастан жүреміз,

 

Біздің сынып – мақтаулы.

Біздің сынып -өнерлі.

Өйтені біз сүйеміз

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту  
Мағынаны тану Мұғалемнің  түсіндірмесі: Ертедегі адамдарды ғылыми тілде палеоантроптар, кейде неандерталь адамдары деп те атайды. Палеоантроптар қазіргі адамдардың тікелей арғы тегі болып саналады. Жалпы алғанда, ертедегі адамдардың тікелей арғы тегі болып саналады. Жалпы алғанда, ертедегі адамдардың тіршілік әрекеті, ақыл – ойы және әлеуметтік өмір сүру жағдайлары қазіргі адамдарға ұқсас болған. Олардың сүйектерінің қалдығы алғаш рет 1848 жылы Еуропада табылған. 1856 жылы Батыс Германия жеріндегі Неандерталь өзенінің аңғарынан ертедегі адамдардың қаңқа қалдықтары табылды. Ертедегі адамдардың қоныс мекендері, кейіннен Ресейдің көрнекті антрополог ғалымы М. М. Герасимов ертедегі адамдардың бас сүйегінің құрылыс ерекшелігіне қарап, олардың бейнесін жасап, ғылымға зор үлес қосты.
Палеоантроптар бұдан 1, 5 — 250 мың жыл бұрын өмір сүрген. Ертедегі адамдардың бойының ұзындығы 155 — 165 см, ал миының көлемі 1400 см2 болған. Архантроптармен салыстырғанда палеоантроптардың сөйлеуге байланысты алдыңғы ми сыңарларының маңдай бөлігі жақсы дамыған және астыңғы жақ сүйегі кішірейген. Ертедегі адамдардың қоныстарынан табылған түрлі құралдардың жасалуы да едәуір күрделенген. Олар жануарлардың терісін өңдейтін құралдар да жасай білген. Ірі жануарлардың сүйектерін жинап, өздеріне баспана салғандығы да анықталып отыр. Палеоантроптардың ойлау қабілеті жақсы дамыған. Бұл кезде түрлі қолөнер салалары пайда болған. Қоғамдық сана қалыптасып, түрлі наным – сенімдер, тасқа, сүйекке ойып сурет салу және өлген адамдарды жерлеу салты болған.
Ертедегі адамдар ауа райы қолайсыз ауыр жағдайларда үңгірлерде тұрып, үнемі отты пайдаланған. Олар топтасып аң аулаған және Жер шарының көп аймақтарында өмір сүрген. Африканың солтүстік өңірінен табылған ертедегі адамдардың қаңқа қалдықтарына өте ұқсас. Сондықтанда ертедегі адамдар көптеген аймақтарда бір мезгілде өмір сүрген деген пікірлер бар. 1938 жылы орыс ғалымы А. П. Окладников (1908 — 1981 жж) Өзбекстандағы Тесіктас үңгірінен ертедегі адамдардың сүйек қалдықтарын тапты. Бұл ғылымда дүниежүзілік мәні бар үлкен жаңалық болды. Ертедегі адамдардың мекенжайлары, пайдаланған тас құралдары және аулаған жануарларының сүйек қалдықтары Қазақстан жерінен де көптеп табылды. Қазақстандық ғалым Х. А. Алпысбаев 1958 — 1962 жылдары Оңтүстік Қазақстандағы Қаратау өңірінен ертедегі адамдардың қоныстарын тауып зерттеп, ғылымға көп жаңалық болды. Ертедегі адамдардың пайдаланған тас құралдары Орталық Қазақстан, Бетпақдала өңірінен де табылды.
Көрнекті ғұлама ғалым Ә. Х. Марғұланның бұл салада сіңірген еңбегі орасан зор. Ғылымда бұл дәуірді тас дәуірі тас дәуірі (немесе тас ғасыры ) деп аталады.
Сергіту сәті Ал балалар тұрмайық,
Алақанды ұрайық.
Бір отырып, бр тұрып
Біз тынығып алайық.
Ой толғаныс Табыс критериі:

 

— Өткен өмірді тану;

-Тарихшы ғалымдардың дәлелдемелері;

-Археологтардың қазба жұмыстарындағы жетістіктері

-Адамдардың жаралуы туралы ғылым не дейді? Табыс критериі бойынша «Көрме» ұйымдастырады А4 қағаз

5мин 2.Түсіну.  Т-кестесі

Адам мен маймылдың ұқсастығы бар ма? Салыстыр.

Үйге тапсырма Мазмұндау. Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

 

 

Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс   Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

 

 

Пәннің аты Уақыты: Кабинет: Мұғалім
Сабақтың атауы Адамды  адам  еткен – еңбек
Мақсаты

 

Күтілетін нәтиже

«Адамды адам еткен еңбек»деген ұғымның мағынасын ашу.
Сабақ міндеттері:
1. Оқушыларға жануарлардың тіршілігі бақылауды үйрету. «Адам — табиғаттың бір бөлігі»деген тұжырымды дәлелдеу.
2. Адамның іс – әрекетін жануарлардан ажырата білу дағдысын дамыту, есте сақтау, шыдамдылық, жіті бақылау, логикалық ойлау сияқты қабілеттерін жетілдіру.
3. Сабақ барысында еңбекқорлыққа, қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Жануарлар әлемі» бейнетаспасы, суреттер, «Тарихи деректеме» кестесі»
Психологиялық ахуал Гүл өсірсең, терлеп,
Мұның аты ― еңбек.
Кесте тіксең зерлеп,
Мұның аты ― еңбек.
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту  
Мағынаны тану Мұғалемнің түсіндірмесі:
1. «Адамды адам еткен еңбек» мәтінін оқытып, негізгі мағынасын белгілету.
2. Мәтін бойынша қазіргі заман адамының ерекшелігін көрсететін салыстырмалы саралау жұмысын жүргізу. Тірек сызба құрастырылады.
Қазіргі заман адамы ————————— Жануарлар
Үй, қабырға, қоршаулар соғады ———— Аралар, құстардың ұясы
Аспанға ұшу ————————————— Құстардың ұшуы
Оқушылар салыстыруды жалғастырады.
«Адамды адам еткен еңбек екенін білу үшін қандай тарихи деректемелер пайдаланады?» деген сұраққа жауап алу.Жалпа адам баласы өмірге келген күннен бастап еңбекпен тығыз байланыста болады. Себебі, шыр етіп өмір есігін ашқан сәттен бастап ана сүтін емудің өзі еңбекке жатады емес пе?Еңбек дегенміз бойымыздағы күшімізді пайдалану.«Еңбек – адамның екінші анасы», «Еңбек мұратқа жеткізер», «Жалқаулық аздырады, еңбек оздырады»,- деген мақалдар да еңбектенудің адамдарға қажетті нағыз байлық екендігін көрсетеді. Ал іс-әрекетсіз бос жүру, еріншектік, жалқаулық – жаман әдет болса керек. Адамдар еңбек ету арқылы көптеген жетістіктерге қол жеткізеді. Күнделікті ішіп- жейтін тамағының, киетін киімінің өзі еңбекпен келеді. Қысқасы қоғамдағы байлықтың бәрі еңбектен тұрады. Мысалы: Бамбук ағашының қалай өсетініне назар аударайық. Алдымен топыраққа бамбук ағашының тұқымы егіліп, бес жылға дейін суарылып, ықыласпен күтіледі. Алайда алтыншы жылға қараған кезде ғана сабағы өсе бастайды. Бір қызығы, бұл сабақтың алты аптаның ішінде 27 метрге дейін өсіп, бес жылдың ішінде өскен ағаштармен теңесуі. 
Комментарии:
Сабақ жоспарлары барлық пәннен ҚМЖ, ОМЖ, ҰМЖ | Планы КСП ССП ДСП
Электронная почта: [email protected] Ватсап: 8(707) 403-01-01 © 2019-2020