» » Дүниетану 1 сынып ҚМЖ қысқа мерзім жоспары. Барлығы – 33 сағат, аптасына 1 сағаттан

Дүниетану 1 сынып ҚМЖ қысқа мерзім жоспары. Барлығы – 33 сағат, аптасына 1 сағаттан

07 ноябрь 2016, Понедельник
1 523
0

Дүниетану

1-сынып

Барлығы – 33 сағат, аптасына 1 сағаттан

 

Пәннің аты Уақыты: Кабинет: Мұғалім
Сабақтың атауы                          Қоршаған дүние
Мақсаты  

 

Білімділік: қоршаған орта мен ондағы ағзалардың бір-бірімен тығыз байланыста өмір сүруін, таралуын түсіндіру;

Тәрбиелік: Тіршілік ортасы туралы түсінік бере отырып, табиғи ортаның алуан түрлілігін түсіне білуге үйретіп, эстетикалық тәрбие беру, экологиялық сауаттылыққа баулу;

Дамытушылық: Жаңа технологияны меңгерту және қосымша тапсырмалар беру негізінде, логикалық ой-өрісті дамыту, білім деңгейін тереңдету, техникалық құралдар арқылы қызығушылығын арттыру;

Күтілетін нәтиже
+Психологиялық ахуал Домала, доп, домала (екі қолынды айналдыру)

 

Балшыққа тек жолама(Сұқ саусақпен ескерту)

Жек көремін оныңды (Сұқ саусақпен оң және сол жаққа серпілту)

Бүлдіресін қолыңды (екі колының алақандарын жоғары көтеріп айналдыру)

Секіріп өт ордан да,(екі қолынды жұдырықтап кезек кезекбірінің үсінен бірін секірту)

Секіріп өт жолдан да, (екі қолынды жұдырықтап кезек кезекбірінің үсінен бірін секірту)

Қуса күшік жетпесін (баяу жүгіру)

Машина басып кетпесін ( машинаның рөлін айналдыру)

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту  

 

Айналаға қарасандар өздеріңізге таныс және таныс емес те өсімдіктер қаншама! Осыған байланысты дәрілік өсімдіктер туралы айтып берсеңіздер.

1. Итмұрын 2. Жалбызтікен 3. Меңдуана

4. Түймедақ 5. Өгейшөп 6. Усарғалдақ

«Неге?» деген білуге құштарлық сөз бар! Ол сөз әр кезде әр қашанда өмірдің мәнін аңғаруда туындайды. Бұл сөз айнала қоршаған дүниені танып білуге көмектеседі.

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
Мағынаны тану Бізді қоршаған орта Мақсаты: оқушылардың табиғат жөнінде ой — өрістерін дамыту; білуге құштарлығын, логикалық ойлау қабілетін және сөйлеу мәдениетін олардың бойларында дамыту; табиғатты сүйе білуге, оны қорғауға, ұйымшылдыққа және өзара сыйластыққа тәрбиелеу.

 

Орны: сынып кабинеті

Көрнекілігі: интертақта, слайд — шоу, «Экологиялық жағдайлар»- жайлы фотосуреттер.

1) Кіріспе сөз

Табиғат – күрделі де көп түрлі, Біз оны неғұрлым көп танып түсінсек, соғұрлым табиғат бізге қызықтырақ бола түседі. Өмір сүруге қажеттінің бәрін береді тамақ, киім, баспана.

Табиғатқа басталған сүйіспеншіліктен махаббат пен Отан басталады. Табиғаттың әсемдігін сезініп оның тілін оқу, білу, байлығын қорғау керек.

Бүгін өздеріңізбен сынып сағатында танымдық саяхат жасаймыз. Саяхат барысында білім, достық, тапқырлық, шапшаңдық және тапсырманы ұқыптылықпен орындауды қажет етеді. Өздеріңіздің білетіндей адам табиғаттың сырын ұғып жапырақтың сыбдырымен, бұлақтың сылдырын естіп, бұлбұлдың әнімен, шегірткенің дыбыстауын тыңдап, адам болғаны бәрімізге мәлім, яғни адам табиғатпен тығыз байланыста болады.Қазіргі таңда экология сөзін жиірек еститін болдық.. Экология сөзі грек тілінен аударғанда «үй — жай» және «мекен» туралы ілім. Ол бірнеше бөлімге бөлінеді: аутэкология, синэкология, демэкология, биоэкология, адам экологиясы. Ал енді біз саяхатқа шығамыз.

І аялдама: «Қорық»

Сергіту сәті Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке?
Ой сергітеді,шашағандары

 

басылады

Ой толғаныс                      Сұрақ жауап

 

Елімізде 9 қорық бар. Қорықта қаншама жануар түрлері кездеседі, көбісі әрине бізге таныс. Тапсырма: «Сен білесің бе?» — айдарымен жануарлардың ерекшеліктерін айтып беру.

1оқушы: Орлов сәйгүлігі — әріптерден сөз құрастыра біледі және дыбыстап жауап та бере алады екен.

2 оқушы: Тоты құс — адамша сөйлей алады және оны орнымен айта алады: «Сәлем!», «Қайырлы түн!», «Тамақ бер!», «Тоңып қалдым»- деген сияқты.

3 — оқушы: Қарғалар қатып қалған нанды шалшық суға салып, жібітіп жейді екен. Шоқып,

қайта салып жібіген кезде жеп отырады екен.

4 — оқушы: сауысқан — өз ұясына жылтыр заттарды жинап отырады екен.

Үйге тапсырма  

 

Мазмұндауи

 

Күнделіктеріне жазып алады
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

 

 

 

 

 

Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс   Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

 

Пәннің аты Уақыты: Кабинет: Мұғалім
Сабақтың атауы                         Денелер
Мақсаты 1) Табиғи және жасанды денелердің айырмашылығын ажырату, заттардың бір — бірінен қасиеті жағынан айыра білуге, табиғи құбылыстардың өзгеруі жайлы түсінік беру. 2) Ойлау қабілетін дамыту, 3) Ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже
+Психологиялық ахуал Атамның алып күрегін

 

 

Ауланың қарын күредім

 

Апама барып құдықтан

 

Су әкеліп беремін

 

Еденді де жуамын

 

Шаң тозаңды қуамын

 

 

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту             Шығармашылық тапсырма

 

1. Температураны немен өлшейді? Оның түрлерін ата (суреттерін көрсету)

2. Ауа, су, топырақ температурасының тіршілік иелері үшін қандай маңызы бар?

3. Дені сау адамның қалыпты температурасы қандай болу керек?

4. Ауа райын білу не үшін керек?

5. Ауа — райын болжайтын қандай жәндіктерді білесіңдер?

(Көл, аққу, балық, құс, ағаш, инелік суреттері және рет сандары бар буындар болады.) Суреттерді орнына жылжыту арқылы құпия сөз шығады. Оларды ретімен орналастыр.)

Денелер мен заттар деген сөз шығады

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
Мағынаны тану Дене заттардан тұрады. Үстелдің үстіне 2 сызғыш ( ағаш, пластмасса), 1 қант, стақандағы су, өсімдік, ауа. Өсімдіктің құрамы күрделі.(су, крахмал, қант және басқа заттар бар. Адамдар мен жануарлар да әр түрлі заттардан тұрады. Кітап пен дәптер, қаламды дәлелдеу.

 

4 — топ: Сен білесің бе? айдары бойынша (балаларға қосымша карточка тарату)

Қайсы дене? Қайсы зат? Ажырат. Үстелдің үстіне сабын қою.

Сабын неден жасалған? Ерте кезде қазақ халқы қара сабынды алабота деген өсімдікті өртеп, малдың сүйектерін өртеп, өсімдіктің күлін және сүйектің майын қосып жасаған. Жасалған нәрсе түнімен тұрған. Сабынның мынадай пайдасы бар:

Егер жара шықса сол жерді сабынмен жуу керек. Иіс сабыннан гөрі кір сабынды пайдаланған дұрыс екен.

3 минут уақыт беру. Топтың жауаптарын тыңдау.

.

Сергіту сәті Қатар, қатар тұрайық

 

 

Кәне, кәне сұрайық

 

Кімнің болсы бойы ұзын

 

Паравозы поездің

 

Пш-пш-пш-пш біз кеттік

Ой сергітеді,шашағандары

 

басылады

Ой толғаныс                      Топпен жұмыс

 

Тапсырма: Денелер қандай заттардан тұрады? Жаңбыр судан,

Тапсырма: Денелер қандай заттардан тұрады? Ұшақ металлдан

•Тапсырма: Не неден жасалады? Ауызша

Үйге тапсырма  

 

Мазмұндау

Күнделіктеріне жазып алады
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

 

 

Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс   Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

 

Пәннің аты Уақыты: Кабинет: Мұғалім
Сабақтың атауы           Табиғат құбылыстары
Мақсаты 1) Табиғаттағы өзгерістердің барлығын табиғат құбылыстары екенін түсінеді;

 

2) Оқушыларды қоршаған ортадағы дүниелер мен құбылыстарды ғылыми тұрғыдан түсінуге, зерттеуге бақылау жасау;

3) Жыл мезгілдеріне байланысты табиғат құбылыстарын көреді және түсінеді.

Күтілетін нәтиже
+Психологиялық ахуал Психологиялық дайындық:

 

«Мен атқан таңды сүйемін, таңды сүйемін

Шуағын шашқан күнді сүйемін, күнді сүйемін.

Аялаған табиғатты сүйемін, табиғатты сүйемін.

Қоршаған бар әлемді, өзімді сүйемін»

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту  Табиғат тіршілік көзі.

 

 

 

Табиғаттуралы әңгме жазамыз.

 

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
Мағынаны тану 1) табиғатты қорғау саласында оқушылардың білімдерін жүйелеу, нақты мысалдар келтіре отырып, суреттермен көрсете отырып нақтылау

 

2) жас ерекшеліктеріне сай табиғаттану түсініктерін;

3) Баланың эмоционалды сезімін байыту. Табиғаттың сенімді досы болуынабиғат тіршілік көзі. Оның әрбір әсері адам өмірінде үлкен роль атқарады.Аяулы табиғатсыз осы ғаламда өмір сүру, тіршілік ету мүмкін емес еді. Жыл мезгілдерінің өзгеруі де, табиғатты одан әрі әсерлейді. Әр жыл мезгілі әр қилы. Төрт жыл мезгілі бізге төрт түрлі ғажайып күйін сыйлайды. Таудан сарқырап аққан өзеннің айналасында өксіген  оттай жануарларды көрудің өзі керемет көрніс емес пе?! Бау –бақшада өскен жеміс –жидектердің өзі мұрын жарады. Жайқалып өскен түрлі гүлдер көзге өз кереметтігін сыйға тартады.Аспанан күннің көзі түскенде, жердің жүзі қуана қыбырлайды. Көлдер қойнын ашса, қаңқылдап оған құстар қонар. Адам мен табиғат әрқашанда егіз. Ата-бабамыздың «Жер –қазына, су-алтын, мал- байлық»,- атты нақыл сөздері аяулы табиғатымыздың кеңпейілдігін дәлелдегендей.а көмектесу.

Сергіту сәті Ну орман, жасыл орман, мынау орман,

 

Далаға қорған болып тұра қалған.

Барлығы баласындай бір-ақ үйдің,

Барлығы жаралғандай бір адамнан.

О, құдірет, неткен шалқар күй ең сен,

Бүгін менің жиі еңсем.

Осылай да ойланып қой, адамдар,

Жығылмайсың орманыңа жүгінсең

Табиғат әсемдіктің төркінісің,

Ән саламыз бір сенің көркің үшін.

Жан-жануар табынып бір өзіңе,

Сенен асып тұрғандай бар тынысын

Ой сергітеді,шашағандары

 

басылады

Ой толғаныс             Табиғат туралы не білесіңдер?

 

Табиғат, сен тіршілік, тұнып тұрған,

Сен Күнсің көтерілген күліп қырдан.

Сен көлсің, сен армансың, сен бұлақсың,

Адамға сұлулықты шын ұқтырған

Табиғат егіз адаммен,

Ұқсастық табам содан мен,

Мәңгілік болсын егіздер,

Жер — Ана, көл, теңіздер.

 

Үйге тапсырма                       Мазмұндау Күнделіктеріне жазып алады
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

 

 

Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс   Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

 

Пәннің аты Уақыты: Кабинет: Мұғалім
   
Сабақтың атауы .             Күн және түн,олардың адам,өсімдік және жануарлар  тіршілігі үшін  маңызы
Мақсаты . Күн, жүйесі туралы білімдерін толықтыру.

 

2. Табиғатты қорғауға, елін, жерін сүюге, ізденгіштікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

3. Оқушылардың дүниетанымдарын кеңейту, танымдық қызығушылықтарын арттыру.

Күтілетін нәтиже
+Психологиялық ахуал  Психологиялық дайындық

 

Табиғат!

Тіршіліктің тұнып тұрған.

Сен – Күнсің!

Көтерілген күліп қырдан.

Сен – Көлсің, Сен – Ормансың, Сен – Бұлақсың,

Адамды сұлулыққа құнықтырған.

(Орташа, жай темппен айту керек)

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту               Күн туралы не білесіңдер ?

 

 

 

Көк жиекті шай табақта,

Алтын алма тербеледі.

Кейде бүркер алма жүзін,

Ұлпа мақта перделер. (Күн)

 

 

 

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
Мағынаны тану — «Күн» деген сөзді естіген кезде ойларыңа не келеді, көздеріңе не елестейді, нені сезесіңдер? Алдарыңдағы күннің сәулелеріне ойларыңды жазып, тақтаға іле қойыңдар.

 

Жылу жарық энергия көзі

Бауырсаққа ұқсайды мейірім шуағы

Аптап ыстық бағыттаушы

— Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Күн – жарық пен жылудың көзі»

ә) Мағынаны тану

Суретпен жұмыс

— Не байқадық?

Біздің планетамыздың өсімдіктер мен жануарлар әлемі, адамзаттың тіршілігі үшін жылу мен жарықтың алатын орны ерекше. Ал, жарық пен жылудың негізгі көзі – Күн. Күн – жерге өте жақын орналасқан кәдімгі жұлдыз, керемет үлкен газды шар. Ол күн жүйесіндегі орасан зор дене. Жұлдыздар жай көзге тек түнде ғана көрініп, күндіз көрінбейді. Оның себебі:

 

Күн сәулесі олардың жарығын жеңіп кетеді. Күннің массасы Жердің массасынан 333 000есе үлкен. Жерден Күнге дейінгі қашықтық шамамен 150 000 000 км. Күннің жасы шамамен 5 миллиард жыл. Оның бетіндегі температура +6000° С-ге жуық. Ал ішкі жағындағы температура одан да көп. Жерге Күн қуатының 2 миллиардтан бір бөлігі ғана жетеді. Күннен шыққан жарық жерге 8 минут 19 секундта жетеді. Күн көкжиектен неғұрлым жоғары көтерілсе, соғұрлым күштірек жылытады. Күн сәулесі жер бетін біркелкі жылыта алмайды. Ғалымдардың есептеуінше жер бетіндегі тіршіліктің пайда болғанына 4млрд жылдан асыпты. Осындай ұзақ уақыт ішінде бір клеткалы қарапайым организмнен әр түрлі өсімдіктер мен жануарлар дамып жетілді. Күн сәулесі болмаса жасыл өсімдіктер ауадағы көмірқышқыл газын сіңіріп, оттегін бөліп шығармас еді. Оттегімен жан — жануарлар, адамдар тыныс алып, өмір сүреді. Күн сәулесі түспеген жерде өсімдіктер өспейді. Адамдар өмір сүру үшін қажетті киім, тамақ, үй, дәрі — дәрмек, жануарлар үшін азық та өсімдіктерден алынады. Олай болса, Күннен шығатын жарық пен жылусыз Жер бетінде атаулы болмас еді.

б) Мәтінмен жұмыс

— Дауыстап оқу (мұғалімнің оқуы)

— Күн жүйесінің құрамына қандай аспан денелері кіреді

— Күн және оны айналып жүретін планеталар мен олардың серіктері Күн жүйесін құрайды.

— Күннің бетіндегі температура қандай?

— 6000° С — ге жуық

— Күн қуаты қалай пайдаланылады?

— Күн ұуаты электр энергиясын өндіруге, үй жылытуға, астық және көкеністерді кептіруге т. с. с қолданылады.

— Ғарыштан алынатын ақпараттардың шаруашылық үшін қандай маңызы бар?

— Жердің жасанды серіктері халық шаруашылығына үлкен қызмет көрсетеді. Ғарыштан түсірілген суреттер ауа райын болжауға, аса апатты құбылыстардан алдын — ала сақтануға мүмкіндік туғызады

Сергіту сәті Ұзын құлақ сұр қоян,

 

Естіп қалып сыбдырды,

Ойлы — қырлы жерлерден,

Ытқып — ытқып жүгірді.

Ой сергітеді,шашағандары

 

басылады

Ой толғаныс     Жұмбақтарды  шешіп көрейік.

 

Қараңғыда жымыңдайды,жанады,

Жарық түссе,бірден сөніп қалады. (Жұлдыз)

 

Аяқсыз жетіп барады,

Қолсыз есік қағады. (Жел)

 

Арыстан арқырады,

Орман жарқырады. (Найзағай)

 

Үйге тапсырма                              Мазмұндау

 

 

Күнделіктеріне жазып алады
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

 

 

Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс   Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

 

Комментарии:
Сабақ жоспарлары барлық пәннен ҚМЖ, ОМЖ, ҰМЖ | Планы КСП ССП ДСП
Электронная почта: [email protected] Ватсап: 8(707) 403-01-01 © 2019-2020