Дүниетану 2 сынып күнделік жоспар
Күні:———————
Пәні: Дүниетану
Тексерген:—————
Тақырыбы:
Кіріспе
Мақсаттары:1. Оқулықтығы материалдың мазмұнымен танысу; шартты белгілерді түсіндіру. 2. Бақылағыштықты, білімге деген белсенділігін дамыту оқулықпен жұмыс істеуді үйрету. 3. Әрбір затқа қызығушылығын арттырып, оқулықты дұрыс ұстауға тәрбиелеу.
Жұмыс түрі: әңгімелесу, оқулықпен жұмыс, Миға шабуыл стратегиясы.
Қажетті құралдар: қара қарындаш, құтқарғыш таяқ мультфилмінен үзінді.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі.
Проблемалық сұрақ: Сұхбат алу барысында қандай құрмет көрсету керек?
Сабақтың барысы: I. Психологиялық дайындық.
— Сендер екінші сыныпқа көштіңдер, сонымен қатар Дүниетану пәнін оқуды әрі қарай жалғастырдыңдар.
— Биыл сендер осы пән бойынша не білгілерің келеді? (Оқушылардың жауаптары тыңдалады).
Сабақтың мақсаты мен міндеті. — Оқулықтың алғашқы бетінен бастап, бір тақырыптан екінші тақырыпқа сендерді мына Бота жетелеп жүреді (оөулықтығы кейіпкерлермен таныстыру).
— Бүгінгі сабақта Биыл біз не туралы оқимыз және оны қалай оқимыз деген сұраққа жауап аламыз.
- Жаңа материалды оқу. 1. Оқулықпен жұмыс. — Оқулықтың сыртқы мұқабасына қараңдар. — Ботанаң кіріспе сөзін оқыңдар. Оқу барысында оқып үйренуге тиісті негізгі тақырыптарға көңіл бөліңдер (талқылау барысында мұғалім керекті тақырыптарды жазып отырады).
— Шартты белгілерге зейін қойып қарандар. Осылардың қайсысын бұрыннан білесіндер?
— Алғашқы бес шартты белгі туралы оқындар.
— Келесі белгі-зертханалық пен тәжірибие жасау жұмысы.
- «Миға шабуыл» стратегиясы.
— Тәжірибе туралы не білесіндер?
— Тәжірибе жұмысын сғтті өткізу үшін не істеу керек екенін оқындар.
— Бақылау кезінде қандай сезім мүшелерінің көмегі тиеді?
— Сұхбат не үшін алады?
Проблемалық сұрақ: Сұхбат алу барысында қандай құрмет көрсету керек? (дайындалу, кездесуге алдын ала келісу,сәлемдесу,тыңдау, түсінікті етіп айту, рахмет айту )
-Креативті дегенді қалай түсінесіңдер? (Қарындашты мысалға ала отырып, оны басқаша қолданудың жолын көрсету немесе «Құтқарғыш таяқ» мултьфильмінен үзінді көрсету )
Креативтік — адамның қаперіне жаңа, ойда жоқ нәрсені ойлап табуы. Тапқырлық-жағдаятты тез түсініп, дұрыс жол тауып кету, кейде ідеттен тыс таңғаларлық әрекет жасау. -Глоссарий— тақырыптық сөздік. Мұндағы сөздер әріптік тәртіппен берілген.
Білімді бекіту. 3. Жұппен жұмыс. «Шартты белгілерді тап» ойыны.
Бір оқушы шартты белгіні айтады, екіншісі оны табады.
ІІІ. Сабақты қорыту Рефлексия. 1.Бүгінгі сабақтан не үйрендіңдер?
2.Не үшін шартты белгілерді білулерің керек? 3. «Дүниетану» пәнін жақсы меңгеріп шығу үшін сендер қандай болуларың керек? ІҮ. Үй тапсырмасы.
Күні:——————— Пәні: Дүниетану Тексерген:—————
Сабақтың тақырыбы: Мен адаммын.
Сабақтың түрі: жаңа ұғым беру сабағы.
Мақсаты: 1 Адам табиғаттың бір бөлігі екендігін дәлелдеу. Адамның тіршілігіне қажетті жағдайлар туралы түсініктерін қалыптастыру.
- Салыстыру, қорыту және тұжырымдау біліктіліктерін дамыту.
3.Адамның табиғаттың бір бөлігі болуының өзі оның табиғатқа қамқорлықпен қарауының негізі екендігін түсіндіру. Жұмыс түрлері: жұппен жұмыс, оқулықпен және дәптермен жұмыс, ойын. Қажетті қүралдар: ойынға керекті сөздер жазылған карточкалар. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі.
Проблемалық сұрақ: Адамның басқа тірі табиғат өкілдерінен қандай айырмашылығы бар?
Сабақтың барысы: Сабақтың мақсаты мен міндеті.
- Біз жаңа тақырыпты оқуды бастаймыз.
Жаңа материалды оқу. Жұппен жұмыс. Адамның жанды табиғатқа жататынын дәлелде (оқулықтың суреті бойынша талқылаңдар).
Мұңғаліммен бірге жұмыс. Сызба құрастыру.
Оқулықпен жұмыс. Мәтінді оқыңдар (соңғы бөліміне дейін) және адамның өміріне не қажет екенін талқылаңдар.
Проблемалық сұрақ. Адамның жанды табиғат өкілдерінен қандай айырмашылығы бар?
- Дәптермен жүмыс. Сызбаны толтырыңдар. Бәрі толтырылды ма?
- Адам тіршілігі үшін тағы не қажет болады? (Үй, киім, көлік, кітап, ойыншық т.б.).
Білімдерін бекіту. «Бұл менің тіршілігіме қолайлы / қолайсыз. Өйткені…» ойыны. Әр оқушыға адамның тіршілігіне қолайлы және қолайсыз жағдайларды анықтайтын сөздер жазылған карточкалар таратылады.
«Менің тіршілігіме ауа қолайлы. Өйткені ауа тыныс алу үшін қажет» деген сөйлемдермен бастап, пікірлерін дәлелдейді. Мәселен, мынандай сөздерді қолданады: ауа, су, тамақ, жарық, жылу, велосипед, телефон, компьютер, кереует, автобус, кофта, доп, тәрелке, ермексаз т.б.).
- Сабақты қорыту. Неге адам жанды және жансыз табиғатсыз өмір сүре алмайды? Дәлелдеңдер.
-Бұл білім сендердің өмірлеріңе қажет пе?
- Бүгінгі сабақта қандай жаңалықпен таныстыңдар?
- Сабақта не ұнады?
- Не қызықты болды?
- Үйге тапсырма беру.
Күні:——————— Пәні: Дүниетану Тексерген:—————
Сабақтың тақырыбы: Адам және табиғат.
Сабақтың түрі: жаңа ұғым беру сабағы.
Мақсаты:
- Адам табиғаттың бір бөлігі екендігін дәлелдеу. Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас туралы білімдерін қалыптастыру.
- Мәтінмен жұмыс істеу, қорытынды шығара білу дағдыларын дамыту.
- Табиғатты аялау, құрметтеу.
Жұмыс түрлері: жұппен жұмыс, оқулықпен және дәптермен жұмыс, ойын.
Қажетті қүралдар: тапсырма орындауға арналған ватмандар. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі.
Проблемалық сұрақ:
Адамның басқа табиғатпен байланысы қандай?
Сабақтың барысы:
- Оқулықпен жүмыс.
- Мәтінді оқу.
- Өз жұмыстарын жалғастыру.
- Дәптермен жұмыс.
- Адам табиғаттан не алады? Өз ойыңды жаз.
- Сенің ойыңша адам несіз өмір сүре алмайды?
- Білімді бекіту.
Ахростих: «Адам және табигат».
- Адам және табиғат туралы өлең құрастыр.
Т
А
Б
И
Ғ
А
Т
Сабақты қорыту.Рефлексия.
- Маған не ұнады …
- Мені не қызықтырды …
- Менің сұрағым …