» » КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК В ПРЕДШКОЛЕ КҮНШУАҚ АЛМАТЫКІТАП

КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК В ПРЕДШКОЛЕ КҮНШУАҚ АЛМАТЫКІТАП

04 ноябрь 2016, Пятница
3 746
1

1-САБАҚ

Сабақтың тақырыбы: Отбасы.

Мақсаты: Отбасы, үй-іші туралы білімдерін кеңейту. Сөз қорларын, ауызша сөйлеу тілін дамыту. Сөйлемді грамматикалық жағынан дұрыс құрастырып сөйлеуге үйрету.

Сөз ішінде қазақ тіліне тән дыбыстарды (ә, ө, ү, ү, қ, ғ, і, ң, һ) дұрыс айтуға жаттықтыру. Үй-іші адамдарына туысқандарына  сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Қазақ тіліне қызығушылыққа баулу.

Сөздік жұмысы: бұрын меңгертілген ата, әже, әке, шеше сөздерін бекіту. Мен, сен, ол, бұл, менің, сенің, оның. Бұл кім? Не істеді? Бір, екі, үш, төрт.

Көрнекіліктер: Отбасы мүшелерінің суреттері; ойыншықтар, оқулық суреттері, үлестірмелі суреттер, мазмұнды сурет “Біздің отбасы”.

Әдіс-тәсілдер: Әңгімелесу, түсіндіру, көрсету, ойын-жаттығулар орындату.

Сабақтың барысы: Өткен топта үйренген сөздерді естеріне түсіру. Оқулық суреттерін көрсетіп сөйлесу. Суреттегі кімдер? Ол (олар) не сұрақтары бойынша сөйлем құрату.

Бұл кім? (Кто это?) — Бұл — ата, мынау — әже. Бұл — әке, шеше. Мынау кім? — Ол қыз.

Мынау кім? Ол ұл бала. Неше адам бар? Төрт адам бар.

Ол не істеп отыр? — Олар шәй ішіп отыр.

Ұл мен қыз не істеді? — Ұл ыдыс жуды. Қыз табақты сүртіп түр.

Ұл үлкен бе? Қыз үлкен бе? — Ұл үлкен. Ол аға. Қыз кішкене (кішкентай) — қыз қарындасы (ым).

Сөйлесу ойыны. Екі бала бір-біріне сұрақ қойып, жауап береді.

Сережа, сенің атаң (әжең, ағаң) бар ма?

—      Иә, менің атам, ағам бар.

—      Менің атам дәрігер.

—      Сенің атаң не істейді?

—      Менің атам мұгалім.

—      Әсияның ағасы бар ма?

—      Иә, оның ағасы бар.

—      Әсияның ағасы қайда?

—      Мектепте оқиды.

Сергіту жаттығуы. С. Бәйтереков “Айдана” әнінің әуен ырғағ; мен қимыл-қозғалыс жасату.

Ойын. Кім тез табады?, Үлестірмелі суреттер беріп, сөйлем құрату. Суреттегі кім екенін тез атап айту.

Сөздік ойын. Ә, а — дыбыстарына кім көп сөз айтады?

Ойын үлгісін тәрбиеші көрсетеді. Ойын ережесі: Балалар, мен ата деймін, сендер мен жоғарыда айтқан дыбыстардан басталатын сөз ойландар. Кел, ойнайық!

—      Ата.

Балалар — әже.

—      Әке — ана.

—      Аға — әпке т.б.

Мақал. Ата — асқар тау.

Шыгарма оқу.

Әжетайым

Шашымды өріп тараған,

Қабағыма қараған.

Үлкен-кіші демейді,

Сыйлайды оны бар адам.

Құрт пен майын жинаған,

Балаларға сыйлаған.

Бұл әжемнің өмірі —

Таусылмайтын жыр маған.

  1. Талғаров

Өлеңде кім, не туралы айтылғанын түсіндіру. Өз әжелері туралы сұрап әңгімелесу. Үйде сен не істейсің? сұрағына сөйлем құрату.

Қандай тамақты жақсы көресіндер? Балалар өз қалаулары бойынша тағам түрлерін (құрт, шұжық, тоқаш, бауырсақ т.б.) мүсіндейді. Не жасағандары туралы айтады, санап көрсетеді.

Серуенде куыршақтарды пайдаланып “Отбасы” тамақ жасау ойындарын ойнайды. Оқылған шығарманы жаттап айтуға үйренеді.

 

2-САБАҚ

Cабақтың такырыбыМенің отбасым.

Туысқандық қарым-қатынасты білдіретін сөздерді меңгерту.

Сабақтың мақсаты: Отбасы туралы білімдерін кеңейту. Сөз қорларын  дамыту. Үй-іші адамдарына, үлкен-кіші, аға-інілеріне бауырмалдық қарым-қатынасын қалыптастыру. Әдептілікке баулу.

Сөз ішінде қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету.

Сөйлемді дүрыс құрастыру дағдыларын жетілдіру.

Көрнекіліктер: Оқулық суреттері, отбасындағы іс-әрекет бейнеленген үлестірмелі материалдар. Ойыншықтар.

Әдіс-тәсілдер: Әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, әңгімелесу. Ойын- жатгығулар орындату.

Сөздік жүмысы: Бұрын меңгертілген сөздерді айта білуге, сөз мәнісін түсініп айтуға үйрету. Отбасы бұйымдарына қатысты — сырмақ, кілем, ою, тігу, қайшы сөздерін меңгерту. Сәлеметсіз бе? Сау болыңыз сөздерін қайталау.

Сабақтың барысы: Сабақ сәлемдесуден басталады.

-Сәлеметсіндер ме, балалар. Балалар, біз бүгінде өз отбасымыз туралы қазақша сөйлесеміз.

Сұрақтар:

-Әсет сенің үйінде кім (кімдер) бар?

—      Әсет. Менің әкем, шешем бар.

—      Әжең-атаң бар ма? — Әжем, атам бар.

—      Оля сенің үйінде ағаң (інің, бөпең-сіңлің) бар ма?

—      Менің ағам бар. Кішкене қыз-бөпе бар т.б.

(Бір қыз бала, бір ер бала тандалады. Шақырған балалар бір-біріне сұрақ қойып жауап береді.)

Тәрбиеші:- Менің ағам бар. Әсет, сенің ағаң бар ма?

—      Менің ағам бар.

—      Ағаңның аты кім? — Ағамның аты Асқар. Әрі қарай екі бала бір-біріне сұрақ қойып, үй-іші, аға, іні, қарындасы — “бар, жоқ” үлкен- кішкене сөздерін айтуға жаттығады.

Ойын “Кім тез табады?”. (Үй-іші адамдары үлкен-кіші, қыз, үл, кішкене бөпе (бесікте) осылар бойынша үлестірілмелі суреттер беріледі. Балалар сурет бойынша тез, дүрыс жауап беріп үйренеді.)

Сергіту жаттығуы.

Кел балалар, ойнайық, ойнайықта ойлайық! Әуені бойынша қимыл-қозғалыс жаттығуын жасату.

Музыкалық ойын. “Ойлан тап”. Тәрбиеші:- Балалар, кім өз үй- іштері туралы көп сөз ойлап тапса, сол ұтады. “Менің үйімде”-деп тәрбиеші бастайды. Балалар жауап береді.

Қазақша сырмақ, кілем, үкілі тақия, ою, қайшы, сары, қызыл, жасыл, қара жіптер. Мата бейнеленген суреттерді, не нақты заттарды, оқулық суреттерін көрсете отырып “Кім табады?”, “Бұл не?” ойынын ойната сөйлесіп — әже, кілем, сырмақ, қайшы, ою сөздерін түсіндіру. Түсі қандай? Не үшін керек? Сұрақ-жауап әдісімен ойната сөйлесу, қ, ғ, ә, і, ө дыбыстарын дұрыс айтуға үйрету.

Ж. Бейсембековтың “Әже” деген өлеңін оқу.

Әжем өрнек тереді,

Сырмақ сырып оюлап.

Басы ауыра береді,

Шэй ішпесе қоюлап.

Сөздік ойын-жаттығулар орындату.

Тәрбиеші жіп, ою, ойыншық сырмақ (не осы заттардың суретін) қайшыны көрсете отырып, бірнеше баланы кезекпен шақырады, Әсет, Света бері кел, жіп, қайшы ал. Оля, ою ал. Әсия, сырмақ ал. Аталған балалар тәрбиешінің өтінішін орындайды. Осыдан соң балалар жаңадан меңгертілген заттарды ойыншық киіз үй ішінен тауып көрсетіп, бір- біріне ал, бер, әкел, бар, жоқ сөздерін қосып сұрақ қойып, жауап береді.

Сабақта меңгертілген ою, кілем, сырмақ, қайшы сөздерінің суретін салып, не қиып жапсырып көрсетеді.

—      Оля, сен не істедің?

—      Мен ою жасадым.

—      Әсет, сен не істедің?

—      Мен сырмақтың суретін салдым. (жасадым пластилиннен т.б.)

Мақал. Ағасы бардың, жағасы бар.

Інісі бардың тынысы бар.

Өз үй-іштері туралы әңгімелету.

Тәрбиеші:- Кім өзі туралы әңгіме айтады?

—      Оля. Менің әке-шешем бар. Мен үйде ыдыс жуам. Отбасында жеті адам бар. Екі інім бар. Мен інілерімді жақсы көрем.

Мұрат. Біздің үйде бес адам бар. Мен, әкем, шешем, атам, әжем. Әкем домбырамен өн айтады. Әжем бізге ертегі айтып береді т.б. әрі қарай жалғастыруға болады.

Серуен кезінде қимыл-қозғалыс ойындары ойнатылады.

“Отбасы” диафильмі көрсетіледі.

 

Комментарии:
Даша 9 сентября 2018 17:36
Маған дарлық орыс тобына қазақ тілінен жоспар керек еді. Қалай алуға болады?
Сабақ жоспарлары барлық пәннен ҚМЖ, ОМЖ, ҰМЖ | Планы КСП ССП ДСП
Электронная почта: [email protected] Ватсап: 8(707) 403-01-01 © 2020-2021