» » Сауат ашу Мектепке даярлық тобының жоспарлары

Сауат ашу Мектепке даярлық тобының жоспарлары

04 ноябрь 2016, Пятница
2 148
0

№1 технологиялық карта

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сауат ашу

Тақырыбы: Балабақша

Мақсаты: 1. Сурет бойынша әңгіме құрастыру арқылы сұрақтарға жауап беруге үйрету.Сурет бойынша ойын тиянақты жеткізе білуге баулу. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

  1. Балаға өз ойын жүйелі түрде айта білуге үйрету арқылы зейінің дамыту.
  2. Балабақшада достарымен, үлкендермен қарым-қатынаста кішіпейіл болуға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: суреттер, слайдтар.

Сөздік жұмысы: байтағым, баулып.

Билингвальді компонент: балабақша-детский сад, қос қабатты-двухэтажный, жарық- светлый.

Оқу ісәрекетінің кезеңдері                      Мұғалімнің іс әрекеті Балалардың әрекеті
Мотивациялық

 

қозғаушылық

1.     Балалар шаттық шеңберіне дөңгелене тұрады. Жоғарыда шаңырақ ілінген. Балалар қолдарына түрлі түсті таспаларды алып, өз балабақшасына деген ізгі тілектерін айтады.

 

—   Менің балабақшамның шаңырағы биік болсын!

—   Менің балабақшамның іші ойыншықтарға толсын!

—  Менің балабақшамның іші күлкіге, сәбиге толы болсын»

 

Балалар бір-бірлеріне жақсы тілектерін айтады.
Ұйымдастырушылықізденістік 2.     «Кім боламын?» дидактикалық ойыны.

 

Ойын шарты: балалардың ішінен «тілші» сайланады. Тілші болып сайланған бала басқа балаларға «болашақта» кім боласын?» деген сұрақты қойып, олардан сұхбат алады. Балалардың қалауы бойынша «тілші» рөлі ауысып отырады.

3.     Тыныштық сәтін өткізу.

Балалар көздерін жұмады, терең тыныстап дем алады. Денелерін бос ұстап, еркін отырады. Көз алдарына балабақшаның, ойын алаңың елестетеді. Аулада өсірп тұрған гүлдердің иісін иіскейді. Көздерін ашып, алған әсрлерін баяндайды.

4.     Дәптердің 4-5 беттегі  суреттер бойынша әңгіме құрастыру.

Тірек сөздер: ойын бөлмесі, тәрбиеші, ойыншықтар, ойын алаңы, құм, сырғанау, әткеншек, шелек.

5.     Н. Әлімқұловтың «Балабақшам – байлығым» немесе балабақша туралы басқа ақындардың өлеңін оқу. Өлеңнің мазмұнына сәйкес суреттер немесе слайдтар көрсетуге болады.

6.     Сергіту сәтін өткізу.

Бала, бала, баламыз,бақшамызға барамыз,

Күні бойы қызыққа батамыз да қаламыз.

Үйренеміз өнер біз, шетімізден шеберміз.

Тақпақ айтып, ән де айтып, би де билеп береміз.

(қимылмен көрсету)

7.     Дәптермен жұмыс.(4-5 беттер бойынша)

а) Педагог үзік сызықтарды қалай қосып сызу керектігін және штрихтауды тақтада көрсетеді. 5-беттегі үзік сызықтарды қосып сызу арқылы доптардың суретін салу және оларды бояу. Педагог балалардың жұмысын тексеріп, қалай сызу, штрихтау керектігін әр балаға көрсетіп жүреді.

 

Ойынға белсене қатынасу

 

 

 

 

 

 

 

Мұғалімнің айтқанын

орындау

 

 

 

Дәптермен жұмыс жасау

 

 

Мұғалімнің

айтқанын орындау

 

 

 

 

Бірге айту,

қимылмен

көрсету

 

 

 

 

 

Дәптерде

штрихтау

жұмысын жүргізу

Рефлексивтікүзетушілік Оқу іс-әрекеті барысында алған білімдері сұрақ-жауап әдісі арқылы пысықталады.

 

 

Сұрақтарға

 

жауап беру

 

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: балабақша жайлы түсінік алу.

Нені игереді: дәптерге штрихтау жұмысын жүргізе алу.

Нені біледі: сурет бойынша әңгіме құрастыра алу.

 

Комментарии:
Сабақ жоспарлары барлық пәннен ҚМЖ, ОМЖ, ҰМЖ | Планы КСП ССП ДСП
Электронная почта: [email protected] Ватсап: 8(707) 403-01-01 © 2020-2021