Дене шынықтыру. Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы
Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы
Сағат саны:
Күні:
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Дене шынықтыру
Тақырыбы: Жүру
Мақсат- міндеттері: Балаларға дене шынықтыру жайлы түсінік беру.
Балалардың дене бітімдерін қалыптастыру.
Сапта түзу тұрып, жүруді үйрету.
Құралдар: сабаққа қажетті заттар
Іс- әрекет кезендері | Мұғалімнің іс- әрекеті | Балалардың іс- әрекеті |
Ұйымдастыру | Балаларды тынышталдырып, зейіндерін сабаққа аударту. Балаларды далаға алып шығу | Балалар далаға шығады |
Негізгі |
Балаларды далаға алып шығып, сапқа тұрғызып жалпы дамытушы жаттығуларды жасату.
1. Басқа арналған жаттығулар: қолдар белде, аяқтар бірге тұрады, басты оңға, солға бұру 2. Иыққа арналған жаттығулар: қолдар белде, аяқтар бірге тұрады, иықты кезек- кезек көтеру 3. Қолға арналған жаттығулар: 1. 2 қолды жоғары көтеру 2. 2 қолды алдына апару 3. 2 қолды жанына апару 4. Белге арналған жаттығулар: 2 қол белде,аяқтар алшақ тұрады, оңға, солға бұрылу 5. Аяққа арналған жаттығулар: оң аяқпен 5 рет, сол аяқпен 5 рет, екі аяқпен 5 рет секіру 6. Терең дем алу
Балаларға аяқ ұшымен, сыртқы және ішкі жағымен жүруді, сапта жеке, жұппен, қолды жоғары, төмен жан- жаққа созып жүруді үйрету.
Ойын «Аққу- қаздар». Балаларға ойын шартын түсіндіру. Бір бала түлкі, қалғандары аққу- қаздар болады. Аққу- қаздар далада жайылып жүреді, «түлкі келе жатыр»,- дегенде аққу- қаздар қашады. Түлкі аққу- қаздары ұстап алуы керек. Ойын осылайша жалғаса береді. |
Балалар мұғалімге қарап жаттығуларды қайталап жасайды.
Сапқа тұрып, түзу жүреді
|
Қорытынды | Балалар сапта түзу тұрып жүруді үйренеді, сабаққа белсенді қатысқан балаларды мадақтау |
Күтілетін нәтиже:
- Балалар дене шынықтыру жайлы білуі керек
- Сапта түзу тұрып, сапты бұзбай жүруі керек
Сағат саны:
Күні:
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Дене шынықтыру
Тақырыбы: Жүгіру
Мақсат- міндеттері: Балаларға дене шынықтыру жайлы түсінік беру.
Балалардың дене бітімдерін қалыптастыру.
Сапта түзу тұрып, жүгіруді үйрету.
Құралдар: сабаққа қажетті заттар
Іс- әрекет кезендері | Мұғалімнің іс- әрекеті | Балалардың іс- әрекеті |
Ұйымдастыру | Балаларды тынышталдырып, зейіндерін сабаққа аударту. Балаларды далаға алып шығу | Балалар далаға шығады |
Негізгі |
Балаларды далаға алып шығып, сапқа тұрғызып жалпы дамытушы жаттығуларды жасату.
1. Басқа арналған жаттығулар: қолдар белде, аяқтар бірге тұрады, басты оңға, солға бұру 2. Иыққа арналған жаттығулар: қолдар белде, аяқтар бірге тұрады, иықты кезек- кезек көтеру 3. Қолға арналған жаттығулар: 1. 2 қолды жоғары көтеру 2. 2 қолды алдына апару 3. 2 қолды жанына апару 4. Белге арналған жаттығулар: 2 қол белде,аяқтар алшақ тұрады, оңға, солға бұрылу 5. Аяққа арналған жаттығулар: оң аяқпен 5 рет, сол аяқпен 5 рет, екі аяқпен 5 рет секіру 6. Терең дем алу
Балаларға аяқтың ұшымен, тізені жоғары көтеріп, аяқты алшақ ашып, қол ұстасып жүгіру. Екпінің өзгертпей бір қалыпты жүгіруді үйрету.
Ойын «Аққу- қаздар». Балаларға ойын шартын түсіндіру. Бір бала түлкі, қалғандары аққу- қаздар болады. Аққу- қаздар далада жайылып жүреді, «түлкі келе жатыр»,- дегенде аққу- қаздар қашады. Түлкі аққу- қаздары ұстап алуы керек. Ойын осылайша жалғаса береді. |
Балалар мұғалімге қарап жаттығуларды қайталап жасайды.
Сапқа тұрып, түзу жүгіреді
|
Қорытынды | Балалар сапта түзу тұрып жүгіруді үйренеді, сабаққа белсенді қатысқан балаларды мадақтау |
Күтілетін нәтиже:
- Балалар дене шынықтыру жайлы білуі керек
- Сапта түзу тұрып, сапты бұзбай жүгіруі керек