Көркем әдебиет. Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

04 ноябрь 2016, Пятница
3 105
0

Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

 

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Түлкі мен бөдене

Мақсат- міндеттері: 1. Көркем шығармамен таныстырып, мазмұнын меңгерту.

  1. Шығарманы жүйелі баяндап, өз көзқарасын мәнерлеп айта білуін қалыптастыру.
  2. Ұжымды достық қарым — қатынасқа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Құралдар: тақырыпқа сай сюжетті суреттер, ертегі, шығармалар.

 

Іс- әрекет кезендері Мұғалімнің іс- әрекеті Балалардың іс- әрекеті
Ұйымдастыру Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады.

 

— Балалар, біз дөңгелене тұрып, бір — біріміздің жүзімізді көреміз, бір — бірімізге жымиямыз, жылы лебіздер айтамыз, осылайша қуанышқа бөленеміз.

— Армысың асыл күн, армысың жан досым.

Жылуыма жылу қос, міне, менің қолым.

— Балалар, бір — бірлеріңнің алақандарыңды ұстап тұрып, нені сезіндіңдер?

— Жылылық, қуаныш, т.б.

Тәрбиеші балалардан түлкі туралы қандай ертегі білесіңдер?

Біз бүгін » Түлкі мен бөдене » ертегісімен танысамыз.

Тәрбиеші балаларға ертегіні мәнерлеп оқып береді.

Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады
Негізгі Бар екен, жоқ екен, баяғыда бөдене мен түлкі дос болған екен. Бір күні түлкі бөденеге айтады: – Досым, сен мені бір өлердей, күлдірші,– дейді. Бөдене: – Жарайды, соңыма ер, — дейді. Сөйтеді де, бөдене бытбылдық, бытбылдық деп, ұшып кете береді, түлкі оның соңынан еріп отырады. Әлдене уақытта бөдене бір ауылдың сыртына келіп қонып, түлкіге: – Досым сен осы жерде қарап отыр, мен сені қазір күлдірем,– дейді. Осылай деп, бөдене ұшып барып, сиыр сауып отырған бір әйелдің басына қонады. Мұны үйдің жанында ағаш жонып отырған оның күйеуі көріп: – Қатын, басыңа бөдене қонды, қозғалма, оны мен ұрып алайын, – дейді. Дейді де, қолағашты алып, бөденеге жіберіп қалады. Бөдене ұшып кетеді. Әйел сулап қалады. Түлкі шек-сілесі қатып күледі. Түлкі әлдене уақытта күлкісін әрең тыйып: – Досым, ризамын, өлердей күлдірдің. Енді сен мені өлердей бір қорқытшы, – дейді. Бөдене:     – Жарайды. Мен бытбылдық, бытбылдық деп ұшып отырам, сен көзіңді тарс жұмып, менің соңымнан еріп отыр. Қөзіңді мен аш дегенде ғана аш, – дейді. Осылай бөдене бытбылдықтап ұшып отырады, түлкі көзін жұмып, оның соңынан жортып отырады. Бір кезде бөдене түлкіге:  – Көзіңді аш, – дейді. Түлкі көзін ашып жіберсе, төңірегі тола ит жүгіртіп, құс салған аңшы екен. Түлкінің жүрегі тас төбесіне шығады.  – Өлді деген осы екен, — деп, ол бар пәрменімен қаша жөнеледі. Ит, құс соңына түсіп қуады. Түлкі бір уақытта қашып құтылып, бір бұтаның түбіне келіп, демалып отырады. Әлденеуақытта бөдене келеді. Оған түлкі ашуланып: – Қорқыт дегенде осылай қорқыт деп пе, ем. Сен мені қорқытпақшы емес, өлтірмекші болған екенсің. Сен маған дос емес, қас екенсің. Мен сені жеймін деп, бөденеге дүрсе ұмтылады. Бөдене пыр етіп, ұшып кетеді. Түлкі оның құйрығың жулып алып қалады. Бөдененің құйрығы осыдан шолақ болған екен. Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды

 

 

 

Қорытынды Біз бүгін «Түлкі мен бөдене» ертегісімен таныстық. Түлкі сияқты алдамшы дос болудың жақсы емес екендігіне көзіміз жетті.  

 

Күтілетін нәтиже:

  • балалар сабақта өтілген ұғымдар жайлы білу керек
  • оқулықтағы тапсырмаларды дұрыс орындау

 

 

 

 

 

 

Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Ақылды лақ

Мақсат- міндеттері: 1. Көркем шығармамен таныстырып, мазмұнын меңгерту.

  1. Шығарманы жүйелі баяндап, өз көзқарасын мәнерлеп айта білуін қалыптастыру.
  2. Ұжымды достық қарым — қатынасқа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Құралдар: тақырыпқа сай сюжетті суреттер, ертегі, шығармалар.

 

Іс- әрекет кезендері Мұғалімнің іс- әрекеті Балалардың іс- әрекеті
Ұйымдастыру Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады.

 

— Балалар, біз дөңгелене тұрып, бір — біріміздің жүзімізді көреміз, бір — бірімізге жымиямыз, жылы лебіздер айтамыз, осылайша қуанышқа бөленеміз.

— Армысың асыл күн, армысың жан досым.

Жылуыма жылу қос, міне, менің қолым.

— Балалар, бір — бірлеріңнің алақандарыңды ұстап тұрып, нені сезіндіңдер?

— Жылылық, қуаныш, т.б.

Біз бүгін » Ақылды лақ » ертегісімен танысамыз.

Тәрбиеші балаларға ертегіні мәнерлеп оқып береді.

Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады
Негізгі Ақ лақ пен Қара лақ әрі жүгіреді, бері жүгіреді. Жан-жағына алақ-жұлақ қарайды. Мына жағы — қалың шілік, ана жағы — қалың бау. Маңайда ешбір қой-ешкі көрінбейді.
— Сен Ақ лақсың, түк білмейтін ақымақсың. Мені әрлі-берлі сүйреп жүріп, ақыры адастырдың. Жаның барында қойды тауып бер! — деп, Қара лақ Ақ лақты бүйірден бір түйіп кеп қалады. Қара лақ бір күн бұрын туған еді. Ол Ақ лақтың ағасы саналатын. Денесі шымыр, жұп-жұмыр, маңдайында екі мүйізі бар. Өзі барып тұрған сотқар, желбас еді. Ақ лақты «бауырым екен» деп аямайтын. Қит етсе «Ақ лақсың — ақымақсың» деп мазақтайтын. Ашуланса болды, мүйізімен бүйірден түйіп қалатын. Өзі және жалақор болатын. Бағана: «Бә-ә, бә-ә!      Мына жердің шөбін қара-а!» — деп, қалың шіліктің ішіне бастап келген де өзі болатын. Енді адасқан соң, Ақ лақты жазғырып тұр:
— Ақ лақ — ақымақ! Жаның барда түс дейім алға! — деп, зекіреді Қара лақ тағы да. Ақ лақ әрі ойланады, бері ойланады. Жүрген-тұрған жерлерін еске алады.
— Ұзап кеткен қойды қалай табамыз. Кім біледі, ендігі тау асып, жайлауға жетіп те қалған шығар. Ал жайлауға барар жолды табу да оңай емес. Сонда да жол кесіп көрейін. Бірақ саған айтатын сөзім бар, ешкіммен егеспейсің, айтқанымды істейсің. Осыны орындамасаң, адасып өлеміз, — дейді Ақ лақ. «Өлеміз» деген сөзді естігенде Қара лақ үрейі ұшып қорқып кетеді. Қанша тентек болғанмен, Ақ лақтың тілін алуға уәде береді. Ақ лақ жол бастап, алға түседі. Қалың шөпті олай-бұлай жапырып жүріп отырады. Алдынан жыра кездессе — секіріп өтеді, тас кездессе — қарғып өтеді. Сөйтіп, екеуі бір кезде таудың етегіне ілінеді. Маңайда бір қара көрінбейді. Айнала жым-жырт. Ойда жоқта алдарынан бір Түлкі шыға келеді.
— Түу, өзің бір аппақ қардай, әдемі лақ екенсің. Ағаң да әдемі. Шаршап қалған шығарсыңдар. Біздің үйге соғып, дәм татып кетіңдер. Менің де өздеріңдей екі балам бар, бірге ойнайсыңдар, — дейді Түлкі. Ал өзі ішінен: «Ақ лақ кішкентай екен. Қапысын тауып, осыны жәукемдейін. Бірақ мұны көрген ағасы қорқып, қашып кетеді-ау!» — деп ойлайды. Не айтатынын күні бұрын ойлап қойған Ақ лақ былай деп, тіл қатады:
— Түке, әнеки, ана төбенің басында, қара тастың қасында, бізді касқыр күтіп отыр. Ол Қара лақ екеумізді қонаққа шақырып еді. Сізге еріп кеткенімізді көрсе, ашуланады ғой. Қасекеңнің кәрі қатты. Мүмкін өзіңіз де бізбен бірге жүрерсіз.
Жарайды, ендеше. Жүре беріңдер, мен арттарыңнан барармын, — дейді де, Түлкі бір қулық ойлайды. Бір кезде алдарынан тайыншадай көкжал Қаскыр кез бола кетеді. Ол аузын арандай ашып, бірден екі лаққа тап береді. Қасқырды көрген Түлкі сайға қарай зытады.
— Қарным ашып келе жатыр еді, мұндай жақсы болар ма! Мен қазір сендерді жеймін! — дейді Қасқыр.
— Қасеке, әнеки, ана төбенің басында, қара тастың қасында, бізді Арыстан күтіп отыр. Ол таудағы жортқан аң, ұшқан құс атаулыға патша болу үшін кеше осында келіпті. Ертеңгі асына екі бұзау, түскі асына екі лақ, кешкі асына екі қозы жейді екен. Сіздің мына қылығыңызды көрсе, ол бұлқан-талқан боп ашуланып жүрер. Тіпті, өзіңізді жазым етер, — дейді Ақ лақ.
— Бә-ә! Әй, Қасқыр! Мына Арыстанды қара-а! Шақырып тұр, — деп, бақырып қоя береді Қара лақ тыныш тұрмай. Қасқыр қатты сасқалақтайды, әрі-бері алақтап тұрады да:
— Бәлесінен аулақ. Бар, жандарыңның барында кетіңдер, түге! — деп жөнімен жүре береді.
— Жүгірген бойымен екі лақ бір таудың басына шығады. Тауға шығып, айналаға қараса, тауды бөктерлей бір қора қой қаптап жайылып келеді, қойдың артында астында аты бар, қасында иті бар қойшы келеді. Қойды көргенде есі шығып қуанғаннан екі лақ «Бә… Бә» деп маңырап қоя береді.
Шопан ата жол бастап, бұрын келген Ақ лақты жерден көтеріп алады.
— Мен сендерді ойдан-қырдан іздеп, таба алмай қойып едім. Өздерінің тауып келгенін қарашы. Жарайсың, Ақ лағым, жарайсың! Сені «Ақ лақ — ақымақ» деп мазақтайтындардың өздері ақымақ! — деп, Ақ лақты құшақтап бауырына қысады. 
Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды

 

 

 

Қорытынды    

 

Күтілетін нәтиже:

  • балалар сабақта өтілген ұғымдар жайлы білу керек
  • оқулықтағы тапсырмаларды дұрыс орындау

 

Комментарии:
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сабақ жоспарлары барлық пәннен ҚМЖ, ОМЖ, ҰМЖ | Планы КСП ССП ДСП
Электронная почта: e-jospar@mail.ru Ватсап: 8(707) 403-01-01 © 2018