» » Информатика 7 сынып. Күнделік жоспар

Информатика 7 сынып. Күнделік жоспар

03 ноябрь 2016, Четверг
1 417
0

Сабақ жоспары:1                                                                                  «Бекітемін»

                                                                                                       Оқу ісінің меңгерушісі

                                                                                                        «_______» ___________20__ж

Пән аты : Информатика

Сынып : 7

Сабақтың тақырыбы : Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру

Сабақтың мақсаты :

Білімділік — Есептеуіш техникасымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру. Компьютер сыныбында өзін-зі алып жүру  ережелерімен таныстыру. Төтенше жағдайлардағы іс-әрекет  ережелерімен таныстыру.

Дамытушылық – Оқушылардың өздерін кабинетте ұстау, қауіпті жағдайларда көмек

көрсете білу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік – оқушыларды ұқыптылыққа, тәртіпке, зейінділікке тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар:  ДК, дәптерлер, оқулықтар, нұсқау беру журналы, презентация (пректорда көрсетіледі), видео, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою

ІІІ. Жаңа сабақты оқып-үйрену

Жұмыс істеу алдындағы қауіпсіздік ережелері

Рұқсат етілмейтін іс-әрекеттер

  • Кабинетке сырт киіммен, былғаннан аяқ киіммен, үлкен заттармен кіруге;
  • Кабинетте жүгіруге, қатты айқайлап сөйлеуге;
  • Басқа оқушыларға кедергі келтіруге;
  • Үстелге портфель мен сөмкелер қоюға;
  • Өтетін жолдарды бөгеуге;
  • Желі сымдарын қосуға;
  • Компьютердің құрылғыларын қосып, ажыратуға болмайды.

Компьютермен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері

Рұқсат етілмейтін іс-әрекеттер

  • Өз бетіңмен желіні қосуға;
  • Өзіңді нашар сезінгенде жұмыс істеуге;
  • Сынған техникамен жұмыс істеуге;
  • Кабельді қосып, ажыратуға;
  • Ылғал және лас қолмен жұмыс істеуге;
  • Мониторларды, кабельдерді, құбырларды, батареяларды ұстауға;
  • Пернетақтаға бірдеңе қояға;
  • Өз бетінмен сынғанды жөндеуге болмайды.

Мұғалімнің рұқсатынсыз:

  • Мониторлар мен компьютерлерді қосып, өшіруге;
  • Құлаққаптарды қосуға;
  • Бөгде программаларды қосуға;
  • Ғаламтор желісіне қосылуға;
  • Мұғалімдердің үстелінен тасығыштарды алуға;
  • Мұғалімнің компьютерінде жұмыс істеуге болмайды.

Үзіліссіз жұмыс істеу уақыты

7-сынып оқушылары үшін үзіліссіз жұмыс істеу уақыты 25 минут, ал күніне жалпы жұмыс уақыты 90 минутты құрайды. Экран мен көздің ара қашықтығы 60-70 см болуы керек.

Компьютерде жұмыс аяқталған кездегі қауіпсіздік ережелері

  • Жұмыс орнын ретке келтіру;
  • Барлық программалардың терезесін жабу;
  • Орындықтарыңды жылжытып орнына қою;
  • Берілген тапсырма жұмыстарын мұғалімге қайтару;
  • Қажет болса компьютерді өшіруге;

ІV. Сергіту сәті.

Көзге арналған жаттығулар көрсетіледі. (презентация)

Қол саусақтарына арналған жаттығулар

  • Алақанды уқалау.
  • Қолды қысу
  • Білезіктен айналдыру

Көзге арналған жаттығулар.

  • Көзді бірнеше рет жыпылықтату.

Көзіңмен ақырын оң жаққа, жоғары, солға, төмен  қарай 3-4 рет айналым жаса

Көзді талдыртпау және шаршатпау жаттығулары:

Бірнеше ондаған минут қозғалмай  отырып компьютермен ұзақ уақыт бірсарынды  жұмыс істеген кезде жағымсыз сезім, дене ұйығандай болып, шаршау пайда болады, көз талады. Осыларды болдырмау үшін  сабақ барысында  1-2 рет (оқушы жасына байланысты) келесі жаттығуларды орындау керек.

Көздің талуын болдырмау жаттығулары:

  1. Қарау бағытын өзгерту: алысқа-мұрын ұшына, солға –оңға, төмен-жоғары.
  2. сағат тілі бағытымен және қарсы бағытта көзді айналдыра  бұрып қарау.
  3. Көзді жұмып, қолмен жауып, 1-1,5 минут отыру.

Шаршауды болдырмау жаттығулары:

  1. Сағат тілі бағытымен және қарсы бағытта басты айналдыра бұру.
  2. Басты кезекпен екі жаққа бұру.
  3. Саусақтарды жұмырыққа жұму, қолдың ұшын босаңсыту.
  4. Оңға-солға бұрылып, қолды сермеп, керіліп-созылу.

V.Сабақты қорытындылау

1-тапсырма

Тест

1.Неге компьютердің үстіне кітап, дәптер және т.б. заттар қоюға болмайды?

А) Өте ауыр

Ә) Ауа алмасуы (желдетуі) бұзылады

Б) Ұнамсыз

В) Экран жабылып қалады

  1. Компьютермен жұмыс істегенде қандай ережелерді міндетті түрде сақтау керек?

 

Комментарии:
Сабақ жоспарлары барлық пәннен ҚМЖ, ОМЖ, ҰМЖ | Планы КСП ССП ДСП
Электронная почта: [email protected] Ватсап: 8(707) 403-01-01 © 2019-2020