Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру оқу іс-әрекеті жылына 48 сағат, аптасына 1,5 сағат
Тақырыбы: Заттардың қасиеті
Мақсаты: баланың даму деңгейін, пішін және түс туралы түсінігін анықтау, заттардың қасиеттері туралы түсінігін дамыту; баланың зейінін тұрақтандыру; ұқыптылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: әліппе дәптер, қима суреттері, пішіндер.
Сөздік жұмысы: пішін, дөңгелек, үшбұыш, тіктөртбұрыш.
Билингвальный компонент: пішін- фигура, дөңгелек-круг, үшбұыш- триугольник,
тіктөртбұрыш-четыреугольник.
Оку іс—әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің әрекеті | Балалардың іс—әрекеті |
Ынталандыру.
Сезімді ояту
|
Балаларға шеңбер болып тұруға ұсынылады. Амансың ба, алтын күн! Амансың ба, жер-ана! Амансың ба, достарым! Сендерді көрсем қуанам. |
Балалар шаттық шеңберге тұрып қимыл қозғалыс жасайды. |
Ұйымдастырушылық—ізденістік |
Алғашқы және кйінгі сабақтарда бірінші есеп сюжетті картина түрінде беріледі. Картина бойынша балаланың қандай да бір математикалық түсініктер мен амалдар тәсілі туралы түсінігін қалыптастыру үшін әңгіме жүргізіледі
. Мәселен, бұл сабақта №1тапсырма балалар санайды, пішін мен түстерді көреді. Түсті қабылдай алудың дұрыстығын тексеру үшін №2 тапсырма ойын-жаттығуын қолдануға болады. Тақтаға қолына қылқалам және кемпірқосақ түстерінен тұратын бояулар ұстаған суретшінің суреті ілінеді: — Суретші жеміс-жидектерді дұрыс боямаған. Қай жері дұрыс емес екенін айтыңдар Ойын: шартты белгілер бойынша затты табу. Мәселен, дөңгелек, кіші, қызыл: Сергіту сәті: Көлдің беті кілегей, Жер -сап сары бірегей. Тырау-тырау тырналар Түстікке бетті бұрды олар Қара суық жел есті, Күннің көзі көмескі
№3 тапсырма заттарды түсі мен саны бойынша бөлуге арналады. Белгілі бір түспен белгіленген бос торкөзге суретте сол түсте неше зат болса, сонша таяқша салу керек Мұғалім оқушылардың қалай санайтынын анықтай алады.
|
Балалар мұғалімнің айтқан әңгімесін мұқият тыңдайды.
.
Балалар қимылмен көрсетеді
|
№4 тапсырма. Мұнда алдымен конструктордың бөлшектерін санау қажет. Содан кейін оның жоспары қарастырырлады. Санаумен қатар сурет – жоспар боялады | Берілген тапсырманы орындайды | |
Рефлексиялық -түзетушідік |
Сабақты пысықтауға арналған сұрақтар:
Балабақшада кімдер қызмет атқарады екен? Балабақшада қандай бөлмелер бар? Сендерге балабақша ұнады ма? |
Қойылған сұрақтарға жауап береді. |
Күтілетін нәтиже:балаларда пішіндер туралы түсінік қалыптасады.
Нені білу керек: балалар пішіндерді ажырата білуі тиіс.
Түсінігі:балалар пішіндердің айырмашылығын түсінеді.
Көрсете біліу: балалар жасырынған пішіндерді тауып көрсете біледі.