» Информатика 2 сынып. Күнделік жоспарлары. Ақпараттық мәдениет негiздерi

Информатика 2 сынып. Күнделік жоспарлары. Ақпараттық мәдениет негiздерi

03 ноябрь 2016, Четверг
1 111
0

1-сабақ

 

Сабақтың тақырыбы:    Компьютерлiк сыныпта тәртiптi сақтау ережелерi. Қайталау.

Сабақтың мақсаты: — компьютермен тереңiрек таныстыру.

— ақпарат туралы бiлiмдерiн кеңейту.

Әдiстемелiк нұсқаулар:

Оқушылар демалыстан кейiн компьютерлiк сыныпқа келедi. Техника қауiпсiздiгi ережелерi мен компьютерлiк сыныпта тәртiптi сақтау ережелерiн қайталау арқылы оқушылардың бiлiм, бiлiк, дағдысы жетiлдiрiледi. Әңгiмелесу барысында мұғалiм оқушыларға “Ақпараттық мәдениет негiздерi” пәнiн одан әрi жалғастырады. Оқушылармен тапсырмаларды орындау барысында мұғалiм компьютер құрылғысы, меңзер, меню ұғымдарын қайталайды.

 

ЖАТТЫҒУ. Тапсырманы оқып,  ИӘ немесе ЖОҚ деп жауап бер.

Компьютер сыныбында:

1.Жүгіруге болады – ЖОҚ

2.Компьютерде жұмыс жасауға болады – ИӘ

3.Ылғал киіммен жұмыс жасауға болады – ЖОҚ

4.Ылғал қолмен жұмыс жасауға болмайды – ИӘ

5.Сым мен токқа тиісуге болмайды – ИӘ

6.Тышқанмен ойнауға болады – ЖОҚ

7.Жүйелік блоктың жанына сөмке қоюға болады – ЖОҚ

8.Пернетақтаға кітап қоюға болмайды   — ИӘ

9.Монитор экранына жақын отыруға болмайды — ИӘ

ТАПСЫРМАЛАР:

  1. Не артық? Кiтап.
  2. Сөздерді сәйкес нысандармен сызықтар арқылы қос.
  3. Берiлген әрiптерден басталатын сөздердi ойлап тап.
  4. Әрiптердiң орнын алмастырып, сөздер құра. Меню, меңзер, экран, тышқан
  5. Моншақтарды әр түрлi сандармен белгіле. Моншақтар тізбегін соларға сәйкес сандар арқылы жазып шық.
  6. Сөздердегi әрiптердi алфавиттiк ретпен орналастыр.

БЛОК

ТЫШҚАН

КОМПЬЮТЕР

  1. Суреттердi боя және ПЕРНЕТАҚТА сөзiнің әріптерінен  жаңа сөздер құрастыр. Арна, ақпан, ата, қант, парта, ет  және т.б.

Сергiту сәтi

2-сабақ

Сабақтың тақырыбы:    Көз жаттығулары. Қайталау.

Сабақтың мақсаты: — оқушыларға көздiң қызметi жөнiнде мағлұмат беру;

— шығармашылық жұмыстарға бейiмдеу.

Әдiстемелiк нұсқаулар:

Сабақтың басында оқушылармен жұмыс дәптерi бойынша әңгiме өткiзiп, көз жаттығуларын қайталау ұсынылады. «Батырмалар», «Перне сатылары» сияқты шынығу жаттығуларын қайталау ұсынылады, себебi әрбiр сабақта бұл әрекеттер қайталанып отыруы тиіс.

Тапсырмалар.

  1. Жаттығуларды қайтала.
  2. Түсіп қалған сөздерді қойып, жаз.

Оңға қара, ……………………….. қара.

Жоғары қара, …………………… қара.

……………………… ұшына қара.

Басыңды солға бұр, ……………………..  оңға бұр.

Басыңды оңға айналдыр, ………………. солға айналдыр.

  1. Әріптерді ретімен жазып шық. Шыққан сөздерді оқы. Мақалды түсіндір.

Денсаулық – зор байлық.

  1. Буындарды жинап, сөз құра. БАТЫРМА, ИНФОРМАТИКА, АНЫҚТАМА, ЖАТТЫҒУЛАР.
  2. «Батырмалар» ойыны. Батырмаларды алдымен, бір қолмен, содан кейін келесі қолмен, соңынан екі қолмен бірдей бас. Батырмада қандай сан көрсетілсе, саусағыңмен сонша рет бас.
  3. «Перне сатылары» ойыны. Саусақтарыңды сатылармен жоғары және төмен жүргіз. Батырмаларда қандай сан көрсетілсе, саусақтарыңмен сонша рет бас.

Сергiту сәтi

 

Комментарии: