» » Информатика 4 сынып. Күнделік жоспарлары. Ақпараттық мәдениет негiздерi

Информатика 4 сынып. Күнделік жоспарлары. Ақпараттық мәдениет негiздерi

03 ноябрь 2016, Четверг
826
0

1-сабақ

 

Сабақтың тақырыбы:   Компьютер сыныбындағы тәртiп сақтау ережелерi. Қайталау.

Сабақтың мақсаты:

  1. Қауiпсiздiк техникасы және компьютер сыныбындағы өзiн-өзi ұстау ережесiн қайталау.
  1. Оқушыларға электр тогымен зақымданғанда және адам денесiнiң бiр жерiн күйдiрiп алғанда көрсетiлетiн алғашқы дәрiгерлiк көмек жөнiнде түсiнiк беру.

Әдiстемелiк нұсқаулар:

Төмендегi тақырыптар бойынша оқушылармен әңгiме жүргiзiледi.

Компьютер сыныбындағы тәртiп сақтау ережесi және қауiпсiздiк техникасы

  • Электр тогының сымын, қосқыштарын және т.б. электр өткiзгiш құралдарын мұғалiмнiң рұқсатынсыз ұстауға және орнынан қозғалтуға тыйым салынады.
  • Компьютерде ылғал қолмен және ылғал киiммен жұмыс істеуге болмайды.
  • Қорабы немесе сымдары бүлiнген компьютерде жұмыс iстеу қауiптi.
  • Мұғалiмнiң рұқсатынсыз компьютер сыныбына Кiрiсге және одан Шығысға болмайды.
  • Сынып iшiнде мұғалiмнiң рұқсатынсыз жүруге болмайды.
  • Үстел үстiндегі компьютердiң қасына сөмке, кiтаптар қоюға рұқсат етiлмейдi. Үстел үстiнде тек қалам мен дәптер жатуы керек.
  • Компьютер сыныбында жүгiруге, ойнауға, жолдастарыңа кедергi келтіруге, басқа iспен айналысуға тыйым салынады.

Электр тогынан зиән шеккенде көрсетiлетiн алғашқы дәрігерлік көмек:

  • токты ажырату (токты тарату қорабындағы қосқышты ажырату);
  • электр тогына түскен адамды ток өткiзбейтiн қолда бар заттарды қолдана отырып, токтың әсерінен босату;
  • дәрiгер шақыру (мектеп дәрігерін, болмаса 03 телефоны арқылы жедел жәрдем шақырту);
  • зиян шеккен адамды қарап шығып, жарақаттану дәрежесіне қарай тиiстi жәрдем көрсету.

Күйген жағдайда көрсетілетін көмек:

  • ауруды басатын, тыныштандыратын дәрi беру керек (анальгин, валерьян тамшылары);
  • күйген жерге май жағу керек (винилин);
  • зақымданған жерге микроб түспеуi үшiн үлдірмен орап, суық суға салу керек.

Компьютермен жұмыс кезiнде қойылатын талаптар:

  • жұмыс кезiнде көз бен экранның арақашықтығын сақтау керек — 50 см;
  • оқушылардың сыныпқа бөтен адам кiргенде, орындарынан тұруы шарт емес;
  • көз ауырып немесе шаршаған кезде орнынан тұрмай-ақ, сергiту жаттығуларын жасауға болады.

КӨЗ  талғанда жӘне шаршағанда жасалатын жаттығулар:

  • көзіңді оңға-солға, жоғары-төмен бұру;
  • көздi сағат тiлi бойынша және кері бағытта айналдыра қарау;
  • көздi қолмен жауып 1-1,5 минут отыру.
  • басты сағат тiлi бойынша және кері бағытта айналдыра қозғалту;
  • жан-жаққа бұрылып қарау;
  • жұдырықты қатты жұмып, білек буынын босату;
  • қолдың бұлшық еттерін кернеп, кейіннен босатып жоғары кезекпен көтеру.

 

 

Тапсырма.  Берiлген тапсырманы оқушылар жұмыс дәптерiмен бiрге кез келген мәтiндiк редакторда орындауға болады.

  1. Өзiң туралы әңгiмеле:

Сенiң атың ________________________

Фамилиәң ____________________

Анаңның аты_______________________

Әкеңнiң аты_______________________

Қарындасыңның аты___________________

Ағаңның аты_______________________

Мекен-жайың:

Көше_____________________

Үй_______________________

пәтер___________________

Сенiң жасың нешеде?_______________

Немен шұғылданғанды жақсы көресiң?_________________

Мектептегi сүйiктi пәнiң_________

Кiм болғың келедi?______________

Достарың______________________

Тұратын жерiң (ауыл, қала)_______________________

Отаның ______________________

Ұстазыңның аты________________

  1. Компьютер сыныбындағы тәртiп сақтау ережесi және қауiпсiздiк техникасы.
  2. Электр тогынан зиән шеккенде көрсетiлетiн алғашқы дәрігерлік көмек.

 

 

Комментарии:
Сабақ жоспарлары барлық пәннен ҚМЖ, ОМЖ, ҰМЖ | Планы КСП ССП ДСП
Электронная почта: [email protected] Ватсап: 8(707) 403-01-01 © 2019-2020