Қазақ тілі 5 сынып оқу құралы

29 октябрь 2016, Суббота
738
0

Танысу

Жаңа сөздерді оқып, естеріңе сақтаңдар:

 

 

  биыл – в этом году

ермек –хобби

өткізу –проводить

 

 

1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.

Менің атым – Сәуле. Мен он бірінші сәуірде тудым. Қазір он бір жастамын. Павлодар қаласында тұрамын. Биыл бесінші сыныпта оқып жүрмін. Сыныпта жиырма бес оқушы бар. Мен Майрамен бір партада отырамын. Менің ермегім – сурет салу. Менің достарым көп. Бос уақытымда  сурет саламын, достарыммен кездесемін.

  • Әңгіме кім жайында ?
  • Ол неше жаста?
  • Сәуле қай қалада тұрады?
  • Сәуле биыл нешінші сыныпта оқып жүр?
  • Ол немен айналысқанды жақсы көреді?
  • Сәуленің достары көп пе?
  • Сәуле бос уақытында не істейді?

  

2-тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті жалғауларды қойып жазыңдар.

Оның ат …  Сәуле. Сәуле он бір жас … . Ол Павлодар қаласында тұра… . Сәуле биыл бесінші сыныпта …. …. . Оның ерме… – сурет салу. Сәуле…  достар … көп. Ол бос уақыт…да  сурет сала…, достар…мен кездес….

3-тапсырма. Берілген сөздермен сөз тіркесін құраңдар.  

 

Сәуленің                       тұрамын

Павлодарда                  келді

Сыныпқа                      оқыдым

Досыңмен                    досы

Кітаптан                    танысамын

 

 

 

 

 

Өзім туралы

Жаңа сөздермен танысып, естеріңе сақтаңдар, сөздік дәптерлеріңе жазып алыңдар.

 

ұлт – национальность

күй – куй

орындау – исполнять

тіл маманы – языковед

атақты – известный

үнемді – экономно

 

 

1-тапсырмаМәтінді түсініп оқып, сұрақтарға жауап беріңдер.

 

Менің тегім – Төлеубеков, есімім – Әліби, әкемнің аты – Қамбар. Мен Қостанай облысы Наурызым ауданында тудым. 2000 жылдың 25 қыркүйегінде  дүниеге келдім. Менің ұлтым қазақ.

Биыл Ш.Уалиханов атындағы № 31мектеп-гимназияның 5-сыныбында оқып жүрмін. Мектепте домбыра үйірмесіне қатысамын. Атақты күйші- композиторлардың күйлерін орындап жүрмін.

Болашақта мен тіл маманы болғым келеді. Сол үшін қазақ, орыс, ағылшын тілдерін көп оқимын. Демалыс күндері достарыммен кездесемін. Бос уақытымда сыныптастарыммен, достарыммен театрға, мұражайға, саябаққа барамыз, бірақ бос уақытымды үнемді пайдалануға тырысамын.

 

  1. Мәтін кім туралы?
  2. Қалай ойлайсың, ол неше жаста?
  3. Ол қандай үйірмеге қатысады?
  4. Болашақта кім болғысы келеді?
  5. Тіл маманы болу үшін қандай тілдерді білу керек?
  6. Ол бос уақытын қалай өткізеді?

 

2-тапсырмаСауалнаманы толтырыңдар.

  1. Аты-жөнің …………………..

2.Туған күнің, жылың …………..

3.Ұлтың …………………

  1. Жасың ……………..
  2. Әке-шешеңнің аты-жөні ……………………………
  3. Сенің ермегің ……………………

 

3-тапсырма. Ұ,Ү дыбыстарының дыбысталуына мән беріп оқыңдар.

Қыркүйек, дүниеге, үйірме, ұнайды, үнемді, күйлер, үйрену, үлгілі, мұражай

 

Менің отбасым

І-тапсырма. 1. Жаңа сөздерді оқып, естеріңе сақтаңдар.

 

өз – свой

дастарқан жаю – накрыть стол

тату – дружная

 

 

 

 

  1. Мәтінді түсініп оқыңдар.

Менің атым – Ерасыл. Отбасымда алты адам бар. Олар: атам, әжем, әкем, анам, әпкем және мен. Бүгін атам мен әжем ауылдан келді. Мен әпкеме көмектестім, біз дастарқан жайдық. Отбасымызда кішілер үлкендерді сыйлайды. Менің отбасым өте тату. Мен өз отбасымды жақсы көремін.

  1. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.

 

  1. Мәтіндегі ұлдың аты кім?
  2. Ерасылдың отбасында неше адам бар?
  3. Ауылдан кімдер келді?
  4. Ерасылдың әкесі бар ма?
  5. Ерасыл мен әкесі не істеді?
  6. Кімнің жанұясы тату?
  7. Ерасыл кімге көмектесті?

 

2-тапсырма: 1. Берілген сөздердің көптік жалғауларын тауып қойыңдар.

 

Ата… , әже…, аға… , сіңлі… , қарындас …, қыз…, ұл..

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ана жүрегін сезе біл

 

Жаңа сөздер мен сөз тіркестерін оқып, танысыңдар.

 

 

сезе біл – умей почувствовать

абыржу – переживание

жан дүниесі – внутренний мир

шыншыл бол – будь честным

рұқсатынсыз – без разрешения

 

Комментарии:
Сабақ жоспарлары барлық пәннен ҚМЖ, ОМЖ, ҰМЖ | Планы КСП ССП ДСП
Электронная почта: [email protected] Ватсап: 8(707) 403-01-01 © 2019-2020