» » 2 СЫНЫП МАТЕМАТИКА ҚЫСҚА МЕРЗІМДІЖОСПАР АЛМАТЫ КІТАП

2 СЫНЫП МАТЕМАТИКА ҚЫСҚА МЕРЗІМДІЖОСПАР АЛМАТЫ КІТАП

05 октябрь 2016, Среда
1 758
0

 

Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

0-ден 10-ға дейінгі сандар,толық ондықтар.100

Мақсаты

0-ден 10-ға дейінгі сандар. Толық ондықтар (салыстыру, сандарды қосу және азайту). 10 көлеміндегі сандардың құрамы.

Білімділік мақсаты: 10 көлеміндегі кестелік қосу және азайтуды, 10  көлеміндегі нумерацияны, 10 көлеміндегі сандардың құрамын қайталау

Дамытушылық мақсаты: сандардың қатарын ажырата білу қабілеттерін дамыту

Тәрбиелік мақсаты: шапшаң есептеуге баулу.

Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

 

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

  1. Сандарды қайталау.

Бірінші сыныпта алған математика сабақтарында  нені үйренгендерін еске түсіруді сұрау

  • Сабақта оқығандарыңның барлығын естерңе түсіре алдыңдар ма, соны тексерейік. Бұл үшін бірнеше жаттығулар орындайық.
  • 10-ға және 20-ға дейін тура және кері бағытта санаңдар (сан сәулесін пайдалануға болады).
  • 5-тен кейінгі санды ата, келесі санның 5-тен нешеуі артық?
  • 9-дың алдындағы санда ата, алдыңғы санның 9-дан нешеуі кем?
  • 3,9,1 сандарының көршілерін ата
  • 6 мен 8, 7 мен 9 сандарының арасында қандай сан тұрады? Санды атау, балалар осы санды құрастыруға болатын цифрлары бар екі карточканы көрсетеді.
  1. Қосу және азайтуда сан атауларын қайталау.

 

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

 

 

  1. Қосу кестесін қайталау.

«Мақсатыңа жет» ойыны. Мысалдар тізбегін ата бастаймын. Балалар жауап ретінде цифрлы карточкаларды көрсетеді. Қате санағандарды ұстап аламын.

Тізбектер әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, 5+4-3+2,  9+1-8-1+7,   5+0-2+7-10.

Ойын соңында тапсырманы жақсы орындағандарды атап өту.

  1. Сандар құрамын қайталау.

 

Мағынаны тану

ІІІ. Оқулық бойынша жұмыс.

Математика оқулығымен таныстыру. Шартты белгілерді таныстыру. Не үшін қажет екенін түсіндіре отырып, қалай пайдалануды үйрету.

1-жаттығу. Балалар футбол добын қақпайлаған қақпашының суретін қарастырады. «Гол, соқ!» ойыны  түрінде жүргізіледі. Алдымен 2+=10 деген өрнек құрылады. Ал кейіннен балалар сондай саны бар допты таңдап, тура теңдікті шығарады. Одан кейін қосындының мәні өзгеріп, ойын жалғасады. 

    2-жаттығу. Жалпылама ауызша орындауға болады.

Сергіту сәті

Күн ұйықтайды (ұйықтайды)
Күн оянады(керіледі)
Жел соқты (тербеледі)
Жаңбыр жауды (алақан тарсылы)
Найзағай тарсылдады (шапалақтайды) 
Жел басылды, күн шылды (тып-тыныш отырады)

Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Ой толғаныс

3-жаттығу.  Нұсқа бойынша таптарда жаппай жұмыс ұйымдастырылады. Кестедегі әр жолға белгілі бір сурет сәйкес келеді. Осы суреттерден тұратын кестенің жанында өрнектер қарастырылған. Балалар кестеден тиісті санды таңдап алып, өрнек құрастырады және олардың мәнін табады. Өрнектер санын алдын ала келісіп алуға болады.

4-жаттығу. өзіндік жұмысы ретінде беруге болады. Соңынан тексеру қажет.

5-жаттығу. тақтамен жұмыс. Мұнда оқушылар көшіріп жазуды естеріне түсіреді. Сонан кейін оқушылар мұғалімнің басшылығымен кері есептер құрастырып, оларды ауызша немесе жазбаша орындайды. Егер жұмыс ойдағыдай орындалса, өздік жұмыс дәптеріндегі екі тапсырманы беруге болады.

7-жаттығу. балалар шешуін негіздей отырып, сыныпта орындалады. Оқушылармен бірге талдау жүргізіп, қай фигуралар сыртқы контурды құрайтынын және олар қалай қайталанатынына көңіл аудару керек. Сонан кейін кіші фигуралар қарастырылады.

 

Жүрегіндегі осы сабаққа деген ерекше ықыластарын жеткізеді.

Үйге тапсырма

№6,5-бетте

Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

 

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

 

Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Теңдіктер.Теңісіздіктер.Теңдеулер.

Мақсаты

Мақсаты: теңдік, теңсіздік, өрнек, теңдеу туралы білімдерін жетілдіру; алған білімдерін таныс және жаңа оқу жағдайларында пайдалана білу; математика бойынша білім - білік жүйелерін игеру деңгейлерін тексеру; логикалық ойлауларын дамыту.

Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа дайындықты тексереміз. Сабақтың қожайыны – оқулық, оның көмекшілері – дәптер, қалам, сызғыш, қарындаш және белгі карточкалары. Оқушының зейінін сабаққа аудару.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

1. Математикалық диктант.
- 7 саны 91 – ден неше есе кем? (13)
- 68 шығу үшін 17 - ні неше есе арттыру керек? (4)
- 8 шығу үшін 56 - ны нешеге бөлу керек? (7)
- Азайғыш – 1000, азайтқыш – 450. Айырманың мәнін тап. (550)
- Бөлінгіш – 320. Бөлінді – 4. Бөлгіш нешеге тең? (80)
- Санның төрттен бір бөлігі 60 - қа тең. Сан нешеге тең? (240)

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Дәптермен жұмыс.
1-тапсырма.Доптарды,кесінділерді бір-бірімен салыстырады.Сандарды салыстырады,олардың арасына артық,кем немесе тең белгісін қояды.
2-тапсырма.Цифрлар мен таңбаларды жазу дағдысын машықтандырады.

1-топ №1

2-топ №2

3-топ №3,4

Сергіту сәті

Күн ұйықтайды (ұйықтайды)
Күн оянады(керіледі)
Жел соқты (тербеледі)
Жаңбыр жауды (алақан тарсылы)
Найзағай тарсылдады (шапалақтайды) 
Жел басылды, күн шылды (тып-тыныш отырады)

Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Ой толғаныс

Өздік жұмыс. Фигуралардың периметрі мен ауданын тап.
Р = (5 + 3) ∙ 2 = 16 (см) S = 5 ∙ 3 = 15 (см2)
Р = 3 ∙ 4 = 12 (см) S = 3 ∙ 3 = 9 (см2)

Жүрегіндегі осы сабаққа деген ерекше ықыластарын жеткізеді.

Үйге тапсырма

№5 7-бет

Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

 

Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Есептер шығару. Білімдерін тексеру.

Мақсаты

Білімділік: Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін пысықтап, қайталауға арналған есептер шығару. Оқушылардың білім деңгейін тексеру, алған білімдерін тиянақтау.
Дамытушылық: Ойын арқылы оқушылардың логикалық ойлау, есептеу қабілеттерін, танымдық қызығушылығын арттырып, ой өрісін кеңейту.
Тәрбиелік: Оқушыларды тапқырлыққа, жылдам ойлауға, ойын қорыта білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: дәстүрлі емес
Сабақтың түрі: қайталау
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, ойын, түсіндіру, қайталау.

Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық.
Армысың асыл күн!
Армысың асыл жер
Армысың көк аспан
Армысың жан досым
Жылуыма жылу қос міне менің қолым!
Бір, екі, үш
Отырамыз тып - тыныш
Жалқаулықты тастаймыз
Сабақты біз бастаймыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

«Санды тап» ойыны.
- Мен бір сан ойладым, егер одан 20 - ны азайтсақ, нәтижесі 50 болады. Мен қандай сан ойладым?
- Мен бір сан ойладым, егер одан 10 - ды азайтсақ, нәтижесі 2 болады. Мен қандай сан ойладым?
- Мен бір сан ойладым, егер одан 40 - ты азайтсақ, нәтижесі 20 болады. Мен қандай сан ойладым?
- Мен бір сан ойладым, егер одан 8 - ді азайтсақ, нәтижесі 2 болады. Мен қандай сан ойладым?
90 мен 50 - дің айырмасына 8 - ді қос.
80мен 30 - дың айырмасына 7 - ні қос.
60 пен 50 – дің айырмасына 40 - ты қос.
70 пен 40 - тың айырмасынан 20 - ны азайт.
50 - ге 90мен 80 - нің айырмасын қос
60 - қа 50мен 30 - дың айырмасын қос.

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Оқулықпен жұмыс

 Мысал:2  (Жазбаша тақтаға орындату)

23+7=30                 67+3=70            48см+2см=50см

56+4=60                 94+6=100          88см+2см=90см

30-7=23                  100-6=94             9дм-2см=88см

1-топ №1

2-топ №2

3-топ №3,4

Сергіту сәті

Еркiн ұста денеңдi, 
Тарсылдатпай едендi, 
Орнымыздан тұрып алып. 
Жүгiрейiк бiр уақыт, 
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш. 
Аяқты алға созайық, 
Тiк көтерiп, қозғайық, 
Тым сылбыр да болмайық. 
Алға қарай озбайық, 
Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш. 

Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Ой толғаныс

Логикалық есептер:
1. Алматта үш асық, 2. Дүкеннен үш сабын алдым,
Санатта екі асық. Оның және қабын алдым.
Қанатта бір асық, Екі ысқышты тағы алдым.
Ал менде төрт асық, Есептеші сонда бәрі,
Барлығы неше асық? Қанша болды қолда бәрі?
3. Қоян қорқып құмда тұр, 4. Ақбоз, Көкбоз - екі жұлдыз,
Бұзау үркіп шымда тұр. Жетіқарақшы - жеті жұлдыз,
Сүңгіп кетсе екеуі, Шоғыменен шоғыр жұлдыз,
Нешеу екен шын батыр? Тобыменен неше жұлдыз?

Жүрегіндегі осы сабаққа деген ерекше ықыластарын жеткізеді.

Үйге тапсырма

№5 8-бетте

Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.

Комментарии:
Сабақ жоспарлары барлық пәннен ҚМЖ, ОМЖ, ҰМЖ | Планы КСП ССП ДСП
Электронная почта: [email protected] Ватсап: 8(707) 403-01-01 © 2020-2021