» » Физика 7 сынып. Үйден оқыту, жылдық жоспары

Физика 7 сынып. Үйден оқыту, жылдық жоспары

03 ноябрь 2016, Четверг
1 866
0

«Бекітемін»

 

 

Күні: 5.09.

Сыныбы: 7

Пәні: физика

Сабақ тақырыбы: §1 Табиғат және адам.

Сабақ мақсаты:

  1. Оқушыларға физикалық құбылыстар, физиканың мақсаты, физика заңдары, физикалық ұғымдар туралы түсінік алуға жағдай жасау.
  2. Оқушылардың ой-өрісін жетілдіру. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.
  3. Жауапкершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Сабақ көрнекілігі: слайдтар

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Физика кабинетіндегі қауіпсіздік техникасы ережелері туралы.

ІІІ.Жаңа  сабақ.

 

Физиканың мақсаты –табиғаттағы болып жатқан әр түрлі физикалық құбылыстарды өзара байланыстыратын заңдарды ашу.

Физикалық құбылыстарды және оларды сипаттайтын заңдарды бір жүйеге түсіру арқылы физикалық теориялар жасалады.

Физикалық құбылыстар мен заңдылықтардың мәнділік мазмұнын ашып беретін терминдар физикалық ұғымдар деп аталады.

Кеңістікте белгілі бір пішіні және нақты көлемі бар жеке тұрған нәрсені дене деп атайды.

Дененің сапалық тектілігін сипаттайтын материя түрін зат деп айтады.

 

ІV. Пысықтау.

  1. «Табиғат» деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
  2. Табиғат пен адамның бірлігін білдіретін қандай нақыл сөздерді, мақалдар мен мәтелдерді білесіңдер?
  3. Табиғат құбылыстары деп нені айтамыз?
  4. Қандай табиғат құбылыстары физикалық құбылыстарға жатады?
  5. Қорытындылау.

 VІ. Үйге тапсырма: §1

 

 

 

 

 

 

 

«Бекітемін»

 

 

Күні: 12.09.

Сыныбы: 7

Пәні: физика

Сабақ тақырыбы: §2 Физика –табиғат туралы ғылым.

Сабақ мақсаты:

  1. Оқушыларға физикалық құбылыстар, физикалық ұғымдар туралы түсінік алуға жағдай жасау.
  2. Оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілетін жетілдіру. Пәнге деген  қызығушылығын арттыру.
  3. Жауапкершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Сабақ көрнекілігі: слайдтар

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Физика кабинетіндегі қауіпсіздік техникасы ережелері туралы.

ІІІ.Жаңа  сабақ.

Физикалық құбылыстар: механикалық, жылу, электр, жарық құбылыстары.

 

 

                          «бірінші ұстаз»           «екінші ұстаз»      орыс тіліне физика сөзі    алғаш енгізген ғалым

ІV. Пысықтау.

  1. Табиғат құбылыстары деп нені айтамыз?
  2. Қандай табиғат құбылыстары физикалық құбылыстарға жатады?
  3. Физиканың мақсаты неде?
  4. Қорытындылау.

 VІ. Үйге тапсырма: §2 Қазіргі заманның техникасы жөнінде қосымша әдебиеттерден баяндама жазыңдар.

 

Комментарии:
Сабақ жоспарлары барлық пәннен ҚМЖ, ОМЖ, ҰМЖ | Планы КСП ССП ДСП
Электронная почта: [email protected] Ватсап: 8(707) 403-01-01 © 2020-2021