» » Физика 9 сынып сабақ жоспарлары

Физика 9 сынып сабақ жоспарлары

03 ноябрь 2016, Четверг
1 541
0

9-сынып. 1-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Қозғалыс материяның ажырамас қасиеті.

Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға «Қозғалыс материяның ажырамас қасиеті» тақырыбын түсіндіру, саналарына бекіту.
2. Оқушыларды үнемі өз білімдерін толықтырыруға, ізденімпаздыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
3. Оқушылардың ғылыми ойлауын, дүниетанымын, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сабақты түсіндіру арқылы пәнге деген қызығушылықтарын ояту.

Сабақтың типі: дәстүрлі тип;

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топпен, жекелей жұмыс жасау;

Сабақтың түрі: кіріспе сабақ;

Дидактикалық материал: 7-сынып Физика оқулығы

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі;
Амандасу. Келмеген оқушылар тізімін журналға белгілеу.

Жаңа сабақ: Сабақтың мақсатымен таныстыру; Жоспар бойынша сабақты түсіндіру;
а) Кіріспе.
Физика – табиғаттағы денелер мен құбылыстардың неғұрлым жалпылама қасиеттері жайлы ғылым. Оның міндеті – құбылыстардың мәнісі мен ішкі заңдылықтарын ашу. Денелердің кеңістікте орын ауыстыруы, яғни қозғалысы олардың негізгі қасиеттерінің бірі болып табылады. Денелердің қозғалысын физиканың негізгі бөлімі – механика зерттейді. Шешілетін мәселердің сипатына қарай механиканы кениматика және динамика деп бөледі.
ә) Дене кейбір денеге қатысты тыныштықта болғанымен, басқа бір денеге қатысты тыныштықта болғанымен, басқа бір денеге қатысты тыныштықта болғанымен, басқа бір денеге қатысты қозғалыста болады, сонықтан денелердің тыныштығы да салыстырмалы болып табылады. Табиғатта абсолют қозғалмайтын дененің болуы мүмкін емес, болмайды да.
б) Теория.
Бізді қоршаған ортадағы үйлер, машиналар, жан-жануарлар, өсімдіктер, су, ауа, дыбыс, жарық, атомдар мен молекулалар, радиотолқындар т.б. ғылыми тілінде материя деп аталады. Материяның негізгі қасиеттерінің бірі – қозғалыс. Материясыз қозғалыс, қозғалыссыз материя болмайды. Қозғалыс – материяның дүниенің айғағы. Табиғат немесе әлем деп отырғанымыз қозғалыстағы материя болып табылады.
Материяның қасиеттерін, оның өзгерістерін зерттеу барысында көптеген физикалық шамалар енгізіледі. Бұл шамалардың арасындағы ең маңызды байланыстар ашылады да, олар математикалық қатынастар арқылы өрнектейді. Материя қасиеттерін сипаттайтын заңдар тағайындалады.

Қорытынды: 1. Табиғатта абсолют тыныштықта тұратын дене бола ма?
2. Тыныштықтың салыстырмалы болатынын қандай
мысалмен түсіндіруге болады?
3. Ғылымда материя деп нені айтады,және оның негізгі
қасиеті қандай?
4. Материяның қасиеттерін сипаттайтын заңдар қалай
тағайындалады?

Үйге тапсырма: §1- оқып түсініктерін айтып беру.
9-сынып. 2-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Векторлар және оларға амаладар қолдану.
Вектордың координаталар проекциялары

Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға «Векторлар және оларға амаладар қолдану.
Вектордың координаталар проекциялар» тақырыбын
түсіндіру, саналарына бекіту.
2. Оқушыларды жауапкершілікке, үнемі өз білімдерін толықтырыруға, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
3. Оқушылардың практикалық сауаттылықтарын арттыру. ғылыми ойлауын, дүниетанымын, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сабақты түсіндіру арқылы пәнге деген қызығушылықтарын ояту.

Сабақтың типі: дәстүрлі тип;

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топпен, жекелей жұмыс жасау,
көрнекіқұралмен жұмыс жасау;

Сабақтың түрі: теория-практика сабақ;

Дидактикалық материал: 7-сынып Геометрия оқулығы;

Пән аралық байланыс: геометрия, алгебра;

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі;
Амандасу. Келмеген оқушылар тізімін журналға белгілеу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: «Қозғалыс материяның ажырамас қасиеті»
тақырыбын сұрау

ІІІ. Жаңа сабақ: Сабақтың мақсатымен таныстыру; Жоспар бойынша сабақты түсіндіру;
а) Вектор туралы түсінік.
Өзінің сандық мәнімен қоса кеңістіктегі бағытымен де сипатталатын латын шамалар векторлық шамалар немесе векторлар деп аталады. Кеңістікте белгілі бір бағыты болмайтын, тек сандық мәнімен ғана сипатталатын шамалар скаляр шамалар немесе скалярлар деп аталады. Кез келген вектордың сандақ мәні оның модулі деп аталады. Модуль – скаляр шама.
а
ә) Векторларды қосу.
Векторды өзіне-өзін параллель көшіргенде вектор
өзгермейді
а с
в с=а+в
Екі векторды бастарын түйістіре параллеллограмм саламыз. Сонда екі вектордың шыққан нүктесінен жүргізілген бағыты көрсетілген диагональ қорытқы вектор болып табылады. Векторларды осылай қосу параллелограмм ережесі бойынша қосу деп аталады. Бірінші вектордың басынан екінші вектордың ұшына қарай жүргізілген вектор сол екі вектордың қосындысын береді. R=F1+F2+F3+…

б) Векторларды азайту.
Векторларды қосу ережесінен векторларды азайту ережесін шығарып алуға болады.

в -в с=а+(-в) в с=а-в
а
а а
Осы с векторы қорытқы вектор болады
в) Векторларды скалярға көбейту (бөлу).
Берілген а векторын кез келген k скалярға көбейту үшін вектордың модулін берілген санға көбейтеміз: b=k*a (b=a:k)
Қорытынды: 1. Векторлық шамаларға мысалдар келтіріңдер. Векторлық
шамаларды қалай белгілейді?
Векторлық шаманың скалярлық шамадан айырмашылығы неде?
Екі векторды қалай қосады? Бірнеше векторды ше?
Векторлық шамалар қалай азайтылады?
Векторды скалярға қалай көбейтеді (бөледі)?

Үйге тапсырма: §2-3 оқып түсініктерін айтып беру.

Бағалау: Үй тапсырмасын айтқан оқушыларды және белсене қатысқан
оқушыларды бағалау.

9-сынып. 3-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Түзусызықты теңайнымалы қозғалыс. Үдеу.

Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға «Түзусызықты теңайнымалы қозғалыс. Үдеу» тақырыбын түсіндіру, саналарына бекіту.
Оқушыларды жауапкершілікке, үнемі өз білімдерін
толықтырыруға, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Оқушылардың теориялық практикалық сауаттылық-тарын арттыру, ғылыми ойлауын, дүниетанымын, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сабақты түсіндіру арқылы пәнге деген қызығушылықтарын ояту.

Сабақтың типі: дәстүрлі тип;

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топпен, жекелей жұмыс жасау,
көрнекі құралмен жұмыс жасау;

Сабақтың түрі: теория-практика сабақ;

Дидактикалық материал: А.П.Рымкеевич «Физика есептер жинағы»

Қосымша материал: Түзусызықты теңайнымалы қозғалыс кезіндегі
жылдамдық және орын ауыстыру

Пән аралық байланыс: алгебра;

Көрнекі құрал: сызығыш, карандаш,плакатта сызылған сызбалар, графиктер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі;
Амандасу. Келмеген оқушылар тізімін журналға белгілеу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: «Векторлар және оларға амаладар қолдану.
Вектордың координаталар проекциялары»
тақырыбын сұрау

 

Комментарии:
Сабақ жоспарлары барлық пәннен ҚМЖ, ОМЖ, ҰМЖ | Планы КСП ССП ДСП
Электронная почта: [email protected] Ватсап: 8(707) 403-01-01 © 2020-2021