» » Физика 7 сынып күнделік жоспары

Физика 7 сынып күнделік жоспары

03 ноябрь 2016, Четверг
839
0

 Сабақ реті_1    _ Пәні        физика       _ Сынып      7      Күні__________

Сабақтың тақырыбы:      § 1. Табиғат және адам

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік мақсаты:

Оқытудың ұтымды әдісін оқушылардың тиянақты, терең білім алуына қалыптастыруға бағыттау керек.

  1. Дамытушылық мақсаты:

Табиғат және физика құбылыстарымен таныстыру. Табиғат туралы ғылымдармен таныстыру

  1. Тәрбиелік мақсаты:

Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.

Сабақтың түрі:

жаңа білімді қалыптастыру

Сабақтың Әдіс-тӘсілдері:

Әңгіме, жаттығулар орындау

Сабақтың кӨрнекіліктері:

плакаттар, суреттер, үлестірме қағаздар

Сабақтың барысы:

І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу, отырғызу, түгендеу.

ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.

А) теориялық білімдерін тексеру.

Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.

Б) есептерін тексеру.

ІІІ. ДК. Білімді жан-жақты тексеру:

 

ІV. ДК. Жаңа материалды қабылдауға Әзірлік, мақсат қою.

Бүгінгі сабағымыздың негізгі мақсаты физика  нені зерттейтінімен таныстыру.

  1. ДК.Жаңа материалды меңгерту:

Физика нені зерттейді

Өздерің ашып отырған оқулық “Физика“ деп аталады. Бұл жаңа ғылымды сендер мектепті бітіргенше оқып игересіңдер. Физикамен таныстық мектепте аяқталмайды. Ғалым-физиктерді дайындайтын арнайы институттар бар. Бірақ физика тек ғалымдарға ғана емес, ол барлығымызға: жұмысшыларға, дәрігерлерге, инженерлерге, конструкторларға да керек. Физика ілімі адамды аса ақылды және күшті етеді, ол табиғат апатының алдында әлсіз болмауға үйретеді, өзің өмір сүріп отырған әлемді таныта бастайды. Тек физиканы біле отырып, үйлерді, зауыттарды, машиналарды, электр станцияларын жобалауға болады. Радиоқабылдағышты, автомобильді, ғарыштық аппараттарды, тіпті киімдер мен қоректік азық-түлікті дайындау үшін де физиканы білу керек. Мысалы, физиктер жарықтың ауа мен шыныда қалай тарайтынын оқып үйренгендіктен ғана көзәйнектер, телескоптар, фотоаппараттар мен бейнекамераларды жасау мүмкін болды. Кемелерді, ұшақтарды, ауа шарларын құрастыру мен жасау сұйықтықтар мен газдарды және оларда қозғалатын денелер бағынатын заңдылықтарды білуге негізделген.  Физика ілімінсіз сағатты да, телефонды да, шаңсорғышты да, теледидарды да жасауға болмас еді, сондай-ақ асты дайындауға және сақтауға, бөлмені тазалауға, әуенді тыңдауға және т.б. көмектесетін көптеген пайдалы заттардан құралақан болар едік.

Физика нені зерттейді?

Физика – табиғат туралы ғылым. Бірақ табиғатта көптеген алуан түрлі өзгерістер немесе құбылыстар болады. Физика олардың қайсысын зерттейді? Физикалық құбылыстарға жататындар:

1) механикалық құбылыстар (мысалы, ұшақтар мен автомобильдердің қозғалысы, маятниктердің тербелісі мен құбыр бойынша сұйықтықтардың ағысы, Жердің Күн айналасында және орбиталық станциялардың Жер айналасында айналуы);

2) электрлік құбылыстар (мысалы, электрленген денелердің тартылуы мен тебілуі, электр тогы және т.б.);

3) магниттік құбылыстар (мысалы, магниттердің темірге әсері, токтардың магниттік өзара әрекеті, Жердің компас тіліне әсері және т.б.);

4) оптикалық құбылыстар (жарықтың әр түрлі орталарда таралуы, айналардан жарықтың шағылуы, әр түрлі жарық көздерінің жарық шығаруы және т.б.);

5) жылу құбылыстары (мұздың еруі, судың қайнауы, қардың түзілуі, металдардың жылулық ұлғаюы, электрлік жылытқыш аспаптардың әрекеті және т.б.);

6) атомдық құбылыстар (мысалы, атом бомбаларының жарылысы мен жұлдыздардың қойнауындағы болатын процестер және т.б.)

Барлық осы құбылыстар өлі табиғатқа тән. Бірақ олардың көпшілігі тірі организмдердің ішінде де болады. Мысалы, ылғал өсімдіктің сабағы арқылы жерден оның масағына көтеріледі, қан адам мен жануардың денесіндегі тамырлар арқылы ағады, нерв талшықтары арқылы мидан сигнал беріледі.  Қалайша бір ғана ғылым – физика – осыншалық көп құбылыстарды талдайды?  Оның себебі ғылымның ғажайып қасиеттеріне байланысты – яғни қарапайым құбылыстарды зерттеу негізінде жалпы заңдылықтардың ашылуы. Мысалы, әр түрлі биіктіктен мөлшері әр түрлі шариктердің еркін құлап түсуін зерттеу арқылы басқа денелердің құлап түсуі кезінде орындалатын заңдарды тағайындауға болады.  Осы кітап бойынша сендер осындай қарапайым құбылыстарды оқып үйренуді бастайсыңдар және олардағы маңызды заңдылықтарды анықтауды біртіндеп үйренесіңдер.

Физиканың басты міндеті – табиғатта болатын алуан түрлі құбылыстарды өзара байланыстыратын заңдарды ашу, құбылыстардың байланысы мен себептерін табу. Мысалы, Күн жүйесі центрінің айналасында планеталардың дөңгелек бойынша айналу себебі оларды Күннің өзіне тартуынан болады; күн мен түннің алмасу себебі күн сәулесімен жарықталынатын Жердің өз өсінен айналуынан болады (1-сурет); желдің пайда болу себептерінің бірі ауаның бірқалыпты жылынбауынан болады және т.б.

Табиғатты зерттеумен тек физика ғана айналыспайды, басқа да ғылымдар бар, мысалы, география, биология, химия. Әрбір ғылымның өз мақсаттары мен табиғатты зерттеу тәсілдері бар. Физиканы оқып үйрену арқылы сендер біртіндеп бір ғылымның екінші ғылымнан немен ерекшеленетінін және сонымен бірге олар өзара қалай тығыз байланыста екенін білесіңдер. Табиғат туралы ғылым өте ертеде пайда болған. Табиғатта байқалатын құбылыстарды түсіндіруге бірінші болып ежелгі Қытай, Үнді және көне Грек ғалымдары талпыныс жасаған. Біздің дәуірімізге дейінгі IV ғасырда өмір сүрген ежелгі грек ғалымы Аристотельдің шығармаларында “физика“ деген сөз (“фюзис“ – табиғат деген грек сөзінен алынған) кездеседі. Бұл сөзді XVIII ғасырда алғаш рет Ресейде неміс тілінен орыс тіліне физика оқулығын аударғанда М. В. Ломоносов енгізген. Қазіргі уақытта табиғатты зерттеу әр түрлі елдер мен халықтардың көптеген ғалымдарының табанды еңбек етуін талап етеді. Олардың бірлескен жұмыстары адамзат баласына қоршаған әлемдегі заңдар мен құбылыстарды зерттеуде ілгері жылжуға мүмкіндік береді және қоғам прогресін қамтамасыз етеді.

  1. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру:
  1. “Табиғат” деген сөздің мағынасын қалай үсінесіңдер?
  2. Аталған құбылыстардың қайсысы механикалық құбылысқа жатады?
  3. Аталған құбылыстардың қайсысы электрлік құбылысқа жатады?
  4. Аталған құбылыстардың қайсысы магниттік құбылысқа жатады?
  5. Аталған құбылыстардың қайсысы оптикалық құбылысқа жатады?
  6. Аталған құбылыстардың қайсысы жылулық құбылысқа жатады?

VII. ДК.Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу:         1 тапсырма 1, 2

VIII.ДК. Үй тапсырмасын беру: § 1.

  1. ДК. Баға қою.

Мұғалім:   Оқу ісінің меңгерушісі:__________

 

 

Сабақ жоспары

  Сабақ реті_2    _ Пәні        физика       _ Сынып      7      Күні__________

Сабақтың тақырыбы:

§ 2,3  Физика-табиғат  туралы ғылым. Физикалық ұғымдар. Физика және техника.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік мақсаты:

Табиғатта болып жатқан әр түрлі физикалық құбылыстарды өзара байланыстыратын заңдарды ашу.

  1. Дамытушылық мақсаты:

Фиизикалық ұғымдармен таныстыру олардың мағынасын ашу. Ғылыми-техникалық жетістіктерінің ерекшеліктеріне тоқталу.

  1. Тәрбиелік мақсаты:

Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.

Сабақтың түрі:

Аралас, жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау, бақылау, сарамандақ, зертханалық, қорытындылау, тексеру және бағалау, бекіту, қайталау.

Сабақтың Әдіс-тӘсілдері:

Әңгіме, лекция, кітаппен жұмыс, жаттығулар орындау, л

Сабақтың кӨрнекіліктері:

Графопроектор, плакаттар, суреттер, үлестірме қағаздар, слайд.

Сабақтың барысы:

І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу, отырғызу, түгендеу.

ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.

А) теориялық білімдерін тексеру.

Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.

Б) есептерін тексеру.

ІІІ. ДК. Білімді жан-жақты тексеру:

  1. “Табиғат” деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
  2. Аталған құбылыстардың қайсысы электрлік құбылысқа жатады?
  3. Аталған құбылыстардың қайсысы магниттік құбылысқа жатады?
  4. Аталған құбылыстардың қайсысы оптикалық құбылысқа жатады?
  5. Аталған құбылыстардың қайсысы жылулық құбылысқа жатады?

ІV. ДК. Жаңа материалды қабылдауға Әзірлік, мақсат қою.

Бүгінгі сабағымыздың негізгі мақсаты физикалық ұғымдармен таныстыру.

  1. ДК.Жаңа материалды меңгерту:

Кейбір физикалық терминдер Физика туралы айту үшін оны зерттеп білуге арнайы сөздер – ғылыми терминдер пайдалануға тура келеді. Мәселен, әр түрлі заттардың: ұшақтың, адамның, доптың және т.б. қозғалысы туралы айта отырып, физик көп жағдайда шынтуайтында ненің қозғалатындығымен

(2 сурет)  санаса бермейді, өйткені бұл қозғалысты зерттеп білуде аса мәнді болып саналмайды. Сонда ол физикалық дене(немесе әншейін дене) қозғалады деп айтады да, дене ретінде кез келген денені ұғынады. Мысалы, 2-суретте бірнеше физикалық денелер бейнеленген: қарындаш, су краны, су тамшысы, ауа толтырылған резіңке шарик.Әлем кеңістігінде не бар соның барлығын материя деп атайды. Өсімдіктер, жануарлар, планеталар, жұлдыздар, физикалық денелерді құрайтын әр түрлі заттар: алюминий, су, ауа және т.б. (яғни табиғатта ақиқат бар заттар) материяға жатады. “Материя” термині бізді қоршаған ортада біздің санамызға тәуелсіз өмір сүретін нақты не бар, соның барлығын білдіреді. Бірақ, мысалы, біздің ойымыз бен түсімізді материалды деп есептеуге болмайды, өйткені олар тек біздің санамызда ғана өмір сүреді.

Сонымен, біз келесі терминдермен таныстық: физикалық дене, зат, материя. Келешекте алдымызда көптеген жаңа терминдерді білу тұр. Олармен таныса отырып, біз ғылым тілін игеретін боламыз.

Ломоносов Михаил Васильевич (1711–1765) Орыс ғалымы, жаратылыстанушы, ақын, суретші,   орыс білімін, ғылымын және экономикасын дамытуды жақтаушы. Архангельск   губерниясының Холмогоры селосының маңындағы Денисовқа деревнясында шаруа жанұясында дүниеге келген. “Оқуға қызығуды” ол анасынан үйренген. Ол үшін “Білімдік қақпасы” — “Грамматика”, “Арифметика”, “үлең әліппесі”, болды. Ломоносов 19 жасында білім алу үшін Мєскеуге келіп, дворяндық лақап атпен Славян-грек-латын академиясына түседі. Ломоносов үздік оқушы ретінде білімін жалғастыру үшін Петербург ғылым академиясының жанындағы университетке жіберіледі. Одан кейін шетелге жіберіліп, онда ол химия, физика, металлургия салаларында білімін шыңдайды. Ол 34 жасында орыстың алғаш академиктері қатарына қосылды.
Ломоносовтың ғылыми жұмыстарының ауқымы кең. Ол физика, химия,   астрономия, география жєне филология салаларында көптеген іргелі еңбектер жасайды. Ломоносов зат құрылымының атом-молекулалық көрінісін дамытқан, материяның және қозғалыстың сақталу принциптерін тұжырымдаған, сондай-ақ физикалық химия негізін қалаушы ғалым.
Құбылыстарды, олардың Ұзара   байланыстарын ескеріп, талдай білген Ломоносов астрономия саласында да бірқатар маңызды қорытындылар жасап, ғылыми нєтижелер алады. Атмосферадағы электрлік құбылыстарды зерттей келе, Ломоносов полярлық түннің және кометалардың құйрықтарының жарығының табиғаты электрлік екендігін көрсетеді. Ломоносов объектінің кескінін көрсететін көлбеу айналы шашыратушы телескоп-рефлектор жасады. Ол алғаш болып Күн бетін буырқанған отты мұхит төрінде сипаттады. Ломоносовтың астрономиядағы негізгі жетістігі ретінде 1761 ж. 26 мамырында жасалған Шолпанның Күн денесінен Ұтуін бақылап Шолпан атмосферасын ашуын айтуға болады. Ломоносов оптика саласында да бірқатар ғылыми еңбектер жасады Ол   жарықтың толқындық теориясын, сол сияқты реңдер теориясын жасады, бірқатар оптикалық құралдар құрастырды, мысалы, телескоп-рефлектор. Осы құрал көмегімен ол 1761 ж. Шолпанның Күн дискісінен өтуін бақылап, осы планетада атмосфера бар екендігін анықтады.
Ломоносов Россияда ғылымды, мєдениетті, білімді дамыту   үшін көп қызмет атқарды. Оның бастамасымен 1755 ж. Мєскеу университеті ашылды. Қазір ол университет Ломоносов атына ие. Ломоносовтың “Ост-Индияға солтүстіктен Сібір мұхиты арқылы бару” шығармасының єсерімен 1764 ж. Сібірге экспедиция жасақталды. Ломоносов Ұмірінің соңында Стокгольм жєне Болония ғылым академияларының құрметті мүшесі болып сайланды.

VІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру:

  1. “Физика” атауы нені білдіреді және оны ғылыми негізделген ғалымдарды атаңдар.
  2. Физиканың мақсаты неде?
  3. Физика заңдары қалай ашылады?
  4. Физикалық теориялар қалай жасалады?
  5. Физикалық терминдер мен ұғымдар дегеніміз не?
  6. Қандай ұғымдарға түсінік бере аласыңдар?
  7. Физикалық денеге не жатады?
  8. Зат дегеніміз не?
  9. Неліктен физика техниканың негізі болып саналады?

VІІ. ДК.Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу:

2 тапсырманы сыныпта орындау.

VІІІ.ДК. Үй тапсырмасын беру: § 2, 3

ІX. ДК. Баға қою.

 

Комментарии:
Сабақ жоспарлары барлық пәннен ҚМЖ, ОМЖ, ҰМЖ | Планы КСП ССП ДСП
Электронная почта: [email protected] Ватсап: 8(707) 403-01-01 © 2020-2021