Математика 5 сынып күнделік жоспар

30 октябрь 2016, Воскресенье
302
0

Күні :                           Математика 5  сынып

Сабақтың тақырыбы:   1. 1.  Санды  өрнектер . Әріпті  өрнектер

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларды   санды  өрнекпен , әріпті өрнектермен таныстыру , әріптің  мәнін өрнектегі орнына қоя  білуге  баулу , өрнектің  мәнін  таба  білуге үйрету, өрнектерді мәндері  бойынша салыстыра білуге дағдыландыру.
  • Оқушылардың логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру.Белсенділіктерін арттыру , оқушылардың пәнге деген қызығушылығын дамыту.
  • Оқуға саналы сезімге ,жауапкершілікке  өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу.Тез ойлап , тез қорытуға және сөйлеу мәнеріне  тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі:    Жаңа білім беру сабағы

 

Сабақтың әдісі: баяндау ,әңгімелесе отырып түсіндіру,есептер  шығару , сұрақ –жауап.

Сабақтың көрнекілігі: Сабаққа қатысты сызбалар , тірек схемалары , дидактикалық ойындар : «Баспалдақ» ,  «Күн»

 

Сабақтың өту жоспары:

1 .Ұйымдастыру бөлімі.

2.Сабақтың барысымен таныстыру.

  1. Жаңа сабақ түсіндіру.

4.Жаттығу жұмыстары. А , В  деңгейінің тапсырмалары.

5.Дидактикалық ойындар .

6.Үйге тапсырма.

7.Бағалау.

Сабақтың барысы:

1.Сабақтың барысымен таныстыру.Қысқаша  шолу.

Оқушыларға  мысалдар  арқылы  санды  өрнектер , әріпті  өрнектер туралы  түсініктер  беріледі.

Мысалы . Санды  өрнектер : 15-6  ,  45 -25 =20 6 мұндағы  20 санды өрнектің  мәні.  23 + а  — әріпті  өрнек , ал а=3 болғандағы  23+3=26 . 26 саны әріпті  өрнектің  мәні .

Санды  өрнектер  мен  әріпті  өрнектер  — математикалық  өрнектер . Математикалық  өрнектер цифрлармен , амал таңбаларымен , әріптермен  жазылады. Математикалық  өрнектер қажет  болған жағдайда жақшамен  де жазылады.Математикалық  өрнектерді  жазуда латын әріптері  пайдаланылады.  Математикалық  өрнектер  белгілі бір  шарттармен жазылады. Мысалы  , өрнектегі көбейткіштер әріптермен  беріліп ,  олар  қатар  келсе  , араларына көбейту таңбасы салынбайды. , ал  сан  көбейткіш  жақшаның  артында келсе , , жақша мен  сан көбейткіш  арасына көбейту таңбасы қойылады.

Математикалық  өрнектер мәндері  бойынша салыстырылады , Егер салыстыруда  қос  теңсіздік  пайдаланылса , қос теңсіздік  солдан  оңға қарай өсу ретімен  жазылады.

Мысалы  , 7<10<15 ; а<в +с < 20.

 

  1. Ауызша тапсырмалар беру :
  • Сандық өрнектерге мысалдар келтір
  • Әріпті өрнектерге мысалдар келтір.
  • Санды өрнектер мәнін  салыстыру.

3.Жаттығу жұмысы .  А деңгейінің тапсырмалары

Оқулықтан № 4 .Өрнектең  мәнін  табыңдар.

1.146+а , мұндағы а=14

146+14=160

№ 7 .Бөлмедегі әрбір  люстрада  в  лампадан  болса , 6 люстрада  6в лампы бар.

 

№9 . Шалқар  қорығында  а  түрлі құс  ьар , ал  Аққұм  қорығында  в  түрлі  құс  бар. Мұндағы а =130 6 в = 60

а+в = 130+60 =190  Шалқар  және Аққұм қорығында барлығы 190 құс бар.

а-в = 130 – 60 =70   Шалқар қорығында Аққұм  қорығындағыдан 70 артық құс  бар.

 

№ 13 Өрнекті  жазып  көрсет

  1. (65-39)*100
  2. (49+68):13
  3. а:в
  4. 2ав

№ 15

    • А*100+5*10+7
    • Х*1000+У*10+9
    • 8*1000+В*100+6

 

№ 17 .Мысықтың  массасы  (а-в):2 (кг)

В деңгейінің тапсырмалары. №

 

  1. Асқар  бағасы  а тенгеден  3  қарандаш сатып алды , оның  өзінде 20 тенге қалды.Асқарда алғашында неше тенге болған?

А.20-3а ;  В.3а+20;   С.20А+3.

  1. Бағасы в тенгеден 12 қасық және бағасы с тенгеден 12 стақан  сатып алынды. Барлығының  құны неше тенге тұрады?

А.(в-с)*12 ; В. 12в+с ; С.12 в + 12с

  1. 2 көйлекке в  м  мата  жұмсалады . с  метр  матадан  неше  көйлек  тігіледі?

А.(в:2)*с ;  В. с (в:2) ;  С. в :2+с.

  1. 1 кг алма х тенге . 5 кг алма  неше тенге?

 

А.5х ;   В. х:5 ;  С.  5-х

Оқушылар  дәптерлеріне  тапсырма  ретінің  тұсына  дұрыс  деп  есептеген жауаптарын  жазады.

 

  1. Рефлексия.

6.Үйге тапсырма .№

 

Комментарии:
Прокомментировать
  • bowtie smile laughing blush smiley relaxed smirk
    heart_eyes kissing_heart kissing_closed_eyes flushed relieved satisfied grin
    wink stuck_out_tongue_winking_eye stuck_out_tongue_closed_eyes grinning kissing stuck_out_tongue sleeping
    worried frowning anguished open_mouth grimacing confused hushed
    expressionless unamused sweat_smile sweat disappointed_relieved weary pensive
    disappointed confounded fearful cold_sweat persevere cry sob
    joy astonished scream tired_face angry rage triumph
    sleepy yum mask sunglasses dizzy_face imp smiling_imp
    neutral_face no_mouth innocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив