» » Жаратылыстану 5 сынып. Күнделік сабақ жоспарлары (барлығы 34 сағ, аптасына 1 сағ)

Жаратылыстану 5 сынып. Күнделік сабақ жоспарлары (барлығы 34 сағ, аптасына 1 сағ)

24 октябрь 2016, Понедельник
1 757
0

Сабақ№________                        Сыныбы_________                            Күні_________

 

Тақырыбы: §1.Жаратылыстану- табиғат жайлы ғылымдардың жиынтығы ретінде.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға жаратылыстану пәнінің зерттейтін құбылыстары, жаратылыстану пәндері жөнінде түсіндіру.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.

Сабақтың типі:  Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі:  Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап.             4. Топтастыру.

  1. Әңгіме-дәріс. 5. Кестемен жұмыс.

 

Сабақтың көрнекілігі:  Қосымша деректер, оқулық, кескін карта т.б.

Сабақтың барысы:

І.  Ұйымдастыру кезеңі.

        Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Сұрақ-жауап.

        Қайталау сұрақтары

ІІІ. Жан-жақты білімдерін тексеру.

  1. «Дүниетану» ұғымы қандай мағына береді?
  2. Дүниетану дегеніміз не?
  3. Дүниетану пәнінің мақсаты.
  4. Дүниетану пәнінің маңызы.
  5. Дүниетану нені оқытады
  6. Жаңа сабаққа дайындық.

Табиғатқа бақылау жасағанда орманда немесе далада қандай құбылыстар жүріп жатқанын байқадыңдар ма?

  1. Жаңа сабақ.
  2. Әңгіме-дәріс.

   «Жаратылыстану» сөзі екі ұғымнан тұрады: «Жаратылыс- табиғат және оны тану». Жаратылыстану ғылымының бірнеше саласы бар. Мәселен, астрономия ғылымы- аспан денелерін, физика-табиғат құбылыстарын зерттейді. Химия-бір заттың екінші затқа айналуы туралы ғылым. География – біздің ғаламшарымыз туралы, биология –тірі табиғатты , экология-тірі ағзалардың бір-бірімен  және қоршаған ортамен , сондай-ақ адам мен табиғаттың  қарым-қатынасы арқылы қоршаан ортаны сақтаудың ғылыми негізі.

Біз өсімдіктерді , жануарларды, жәндіктерді, құстарды көре аламыз.

Макро— грек тілінен  аударғанда «ұзын, үлкен»деген ұғымды білдіреді. Бұл сөз күрделі ғылыми терминнің бір бөлігі ретінде жиі қолданылады.табиғаттағы үлкен құбылыс пен үдерістерді, сондай-ақ адамдарды да макродүниеге жатқызамыз.

Микро- «өте ұсақ, майда» деген  мағынаны  білдіреді. Микродүние –макродүниенің негізі. Оны үйге немесе құрылыс ғимаратына ұқсатуға болады. Ғимарат тек бір заттан тұрмайды.оны қалау үшін цемент ерітіндісі мен кірпіш, т.б нәрселер қолданылады. Микродүниені микроскоп көмегімен көре аламыз. Қазіргі уақытта ғылымдар микродүниеден де ұсақ денелердің бар екеніне көз жеткізді. Мұндай «микромикродүниеге» жаңадан «нанодүние» деген атау берді.

Мега—  грек тілінен  аударғанда  «үлкен» деген  ұғымды білдіреді. Оған Жер шары, Ғарыштық кеңістік жатады. «Макро», «мега» т.б. тәрізді ғылымда өзіндік атауы бар сөздер  термин ретінде қабылданған.

Термин— (лат. –шек, шеті, шекарасы ) деген мағынада айтылады.

  1. 2. Топтастыру.

        Топтастыру арқылы оқушыларға жаратылыстану ғылымдары түсіндіріледі.

  1. Кестемен жұмыс.

        Оқушыларға Жаратылыстану пәні зерттейтін табиғат құбылыстарын түсіндіру.

Астрономия Аспан әлемі.
География Жер
Биология Тіршілік
Химия бір заттың екінші затқа айналуы
Физика табиғат құбылыстары
  1. Жаңа сабақты бекіту.
  2. «Жаратылыстану » ғылымы нені оқытады? Оның қандай салалары бар?
  3. Адамдар не үшін жаратылыстануды оқып білуі қажет?
  4. Жаратылыстану қандай ғылымдардың негізі?
  5. Біз қоршаған ортаны қай белгілеріне қарап, қандай салалрға бөлеміз?

VІІ.Қорытындылау.

Дәптермен жұмыс.

Терминдер Түсініктер
Макродүние «ұзын, үлкен»
Микродүние «өте ұсақ, майда»
Мегадүние «үлкен»

VІІІ. Үйге тапсырма беру

  • 1 оқу. Жаратылыстанушы ғалымдар туралы деректер жинау.

Көпірдің жасалу жобасы.

Бағалау.

 

 

 

Күні:

Сынып: 5

Сабақтың тақырыбы:§2.Табиғатты ғылыми тұрғыдан тану әдістері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушыларғатабиғатты оқып үйрету туралы және тәсілдері мен табиғат танушылардың қағидаларын білу. Әр түрлі білім көздерімен оқушылардың білімдерін тереңдету.

Дамытушылық:Оқушының тез қабылдауына жол ашу, ой қиялына ерік бере отырып, өз пікірін айтуға, қорытынды шығаруға төселдіру, теориялық білімін, зейінін дамыту, табиғатты бақылау әрі тамашалауға зейінін бұру;

Тәрбиелік: Оқушылардыңлогикалық ойлау мәдениетін қалыптастыру, даралық қабілетін сезіндіру, руханилыққа тәрбиелеу, табиғатты сүюге баулу.

Сабақтың көрнекілігі: барометр — анероид, анемометр, монокуляр.

Сабақтың түрі:  Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі:Дамыта оқыту, сұрақ — жауап, ойын элементтері, шығармашылық әдіс, талдау.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру:

  1. Үй тапсырмасын сұрау:

Өткен сабақты пысықтап, оқушыларға өткен сабақ бойынша сұрақтар қою

 

III. Үй тапсырмасын бекіту сұрақтары:

Сұрақ – жауап арқылы сұрау.

  1. Жаратылыстанупәніненіүйретеді?
  2. Ғарыштықденелердегеніміз не?
  3. Ғарыштықденелертуралығылымқалайаталады?
  4. Органикалықзаттарға не жатады?
  5. Бейорганикалықзаттардегеніміз не?
  6. Табиғатқұбылыстарыдегеніміз не?

 

  1. Жаңа сабақ:
  2. Оқушыларға Қазақстан табиғатының көріністерін бейнелейтін суреттерді көрсету арқылы, табиғаттың көркемдігін, таңғажайыптылығын айту. Олардыкүнделіктіөмірдебайқамай, тек саяхатқашыққандағанатамашалайтындығымызөкініштіекендігінайту. Ал ежелгіадамдартабиғаттыңбелгілібірмаусымдарғабайланыстыөзгеретіндігінбайқаған. Алғашқыадамдараңаулауғашығып, олардыңтіршілікететінаймағынжәнежүріс — тұрысынүйренгендігінтүсіндіру.

2.Табиғаттыоқыпүйренудіңбірнешеәдістері бар. Оныңбіріншісі –бақылау.Алғашұшыпкелетінқұс – Наурызек, алғашөсіпшығатынгүл – Бәйшешеккөктемхабаршыларыболса, құстардыңқайтуы – күнніңсуып, қыстыңкелетініңбілдіреді. Күнніңқызарабатуыертеңгікүнніңжылыболатындығын, тауықбиіктеқонақтасажауынжауады, қоқиқазбылтырғыұясынжөндемейжұмыртқаласа, жаздақұрғақшылықболады, егеркерісіншежөндепбиіктететінболсажазжаңбырлыболадыдепболжағаната — бабаларымыз. Олкөпжылдықбақылаудыңжемісіекендігінтүсіндіру.

Күнделікті ауа райын теледидар, радио арқылы тыңдаудың өзі бақылаудың нәтижесіне жатады.Оларарнайыаспап — құралдарарқылыіскеасады.

Монокуляр құралынкөрсету. Құрылысыментаныстыру.Монокуляр арқылыкүндібақылайды.

Бақылау өлі табиғатты бақылау, жануарларды бақылау, өсімдіктерді бақылау, адамдардың еңбек етуін бақылау сияқты жекелей қарастыруға болатындығын баяндау.

3.Екіншіәдісінетәжірибе (эксперимент)жасаужатады. Оләдісзертханадажасалынатындығынтүсіндіру. Мысалретінде: қыздыру, суытудысипаттау.

4.Келесіәдіске – өлшеужатады. Өлшеуарқылыадамдаркөптегенденелердіңкөлемін, ауданын, арақашықтығынанықтайды. Бұләдісарнайықұрал — жабдықтардықажетететіндігінтүсіндіру.

АтмосфералыққысымдыБарометр – анероиддепаталатынқұралдыңкөмегіменөлшейді.

 

Барометр — анероид құралын көрсету, құрылысын түсіндіру.

  1. Корпус; 2. Гофрирленгенқорапша; 3. Шынықақпақ; 4. Көрсеткіш шкала; 5. Металл пластина.

Желбағар – желдіңбағытынкөрсетеді. Желбағардыңсуреттерінкөрсету, құрылысынтүсіндіру.

Анемометрменжелдіңкүшінанықтайды. Анемометр суреттерінкөрсет, құрылысынтүсіндіру, заманауиүлгілеріментаныстыру.

5.Табиғаттанушыларға (натуралистер) арналғансегізқағиданытүсіндіру. Олар:  1. Шыдамдылық, 2. қырағылық, 3. нақтылық, 4. топтасып жұмыс жасау, 5. қолжазба, 6. коллекция жинау, 7. бақылау дағдысы, 8. қорыту, 9. саралау, 10. сұрақ қою.

 

  1. Сабақты бекіту сұрақтары:

1 — тапсырма. Оқулықтағы сурет бойынша оқушылардың білімін пысықтау. Сұраққою. Жауапалу. Оқулықпенжұмысістеу.

2 — тапсырма.Ребусты шешу.

[бақшаның суреті]Ш = Ы

[балықаулайтынаудыңсуреті] А = Л

[тәждіңсуреті] және [ірімшіктіңсуреті],,,,, [иненіңсуреті],, + БЕ

  1. Қорытынды:

Оқушыларға түсіндірілген сабақ бойынша сұрақтар қойылады.

Сұрақтар:

  1. Табиғатты оқып үйренудің неше әдісі бар? Оларды ата?
  2. Бақылау әдісін қалай түсінеміз?
  3. Тәжірибе әдісі қалай жүзеге асырылады?
  4. Өлшеу әдісін қалай түсінеміз?
  5. Барометр — анероид құралымен нені өлшейді?
  6. Анемометменненіөлшейді?
  7. Монокулярменненіөлшейді?
  8. Табиғаттанушылардыңқандайқағидалары бар?

 

  1. Үйге тапсырма:
  2. 2.Табиғатты ғылыми тұрғыдан тану әдістерін оқу.
  3. Тақырып соңындағы сұрақтарға жазбаша жауап беру.

 

VII. Бағалау:

 

 

  1. Сынып: 5
    Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасы.(саяхат- сабағы)
    Сабақтың мақсаты:
    Өтілген тақырыпты қайталап, бекіту;

Ø Оқушыларға аймақтық компонентті қолдана отырып, туған өлкеміз Бесқарағайдың тарихымен таныстыру;

Ø Өлкетану тарихын пайдалана отырып оқушылардың бойында өз өлкесіне деген сүйіспеншілігін дамытып, патриоттық сезімге, елін, халқын сүюге тәрбиелеу.

Ø Оқушылардың тарих пәніне деген қызығушылықтарын ояту

Сабақтың түрі: Саяхат сабақ ( Бесқарағай жеріне саяхат)
Көрнекіліктері: «Менің Отаным-Қазақстан», «Астана»,«Бесқарағай тарихы» тақырыптарына слайдтық фильмдер, интерактивті тақта, фишкалар, сөзжұмбақ.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды, келген қонақтарды психологиялық икемге келтіру
Балалар, бүгінгі біздің сабағымыз ерекше. Сабағымызға облысымыздың түкпір-түкпірінен қонақтар келіп отыр. Олар, сендердің күш-жігерлеріңді, білімдерінді, еңбекқорлықтарынды бағаламақшы. Ендеше, бір-бірімізге бүгінгі сабағымыздың сәтті өтуіне тілек білдіріп, көңіл-күйімізді көтерейікші. Ол үшін, жанымызда отырғанның қолынан ұстап, жыл бойы тойланып келе жатқан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойымен құттықтап, сәттілік тілейікші. РАХМЕТ!
Сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстыру. № 1-2 слайд
Сабағымыздың эпиграфы: «Туған жерің-тұғырың»
Балалар, менің білуімше ізденпаз балаларсыңдар. Сондықтан, бүгін біз сендермен Отанымыз Қазақстан Республикасына саяхат жасаймыз. Саяхатты бастамас бұрын, атымыздың басын тірейтін аялдамаларымызды анықтап алайық. Ендеше, экранға назар аударыңдар:
№ 4 слайд.
Оқушыларға сұрақ:
-Балалар, сендер өткен сабақта Отанымыз — Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихымен таныс болдыңдар. Енді, өзіміздің туып-өскен жеріміз Бесқарағайдың тарихымыен танысқыларың келе ме?
Ол үшін сендер, бүгінгі саяхат-сабағымызда, әр аялдамадан сүрінбей өтулерін керек, сонда ғана, біз сендермен өзіміздің Бесқарағайға жетіп, ауданымыздың тарихымен таныса аламыз. Түсінікті ме, балалар?
Ендеше, жол болсын!
Бірінші аялдама – «Қазақстан» деп аталады. Назар салыңдар, әр аялдамада сендерді сыйақы күтіп тұр. Ол сыйақыны алу үшін, сендер белгілі бір сұрақтарға жауап берулерің керек. Дұрыс жауап берген балаларға Бесқарағай ауданының Елтаңбасы бейнеленген фишка беріп отырамын. Сендер, ең соңында өзіміздің ауданымызға жету үшін, Қазақстан Республикасын Тәуелсізідігінің 20 жылдық мерейтойына орай 20 фишка жинауларын керек.
Іске сәт!
Бірінші аялдамамыздың тапсырмасы: Алдарында аялдамаға байланысты «Қазақстан» деген сөз тұр. Сендер қазір осы сөзге байланысты, қатысты деп ойлайтын сөздерді жазуларың керек. Қане, кім жазады? (оқушылар интерактивті тақтамен жұмыс жасайды)
Өте жақсы, балалар! Сендер алғашқы аялдамадан сәтті өттіңдер, Ендеше сендерді сыйақы күтіп тұр. Ол үшін экранға назар аударайық.
«Қазақстан Республикасы» атты тақырыптық слайдтық фильм.
Ары қарай саяхатымызды жалғастырайық. Келесі аялдамамыз «Астана» деп аталады. Бұл өткелден сәтті өту үшін сендер сөзжұмбақты шешулерің керек. Сөзжұмбақты дұрыс шешетін болсаңдар, белгіленген жерден ауданымыздың, ауылымыздың аты шығады. Ендеше сұрақтары:
1. Қазақстан Республикасының рәмізі? (Елтаңба)
2. Біздің Отанымыз солтүстігінді қай мемлекетпен шектеседі? (Ресей)
3. Қазақстанның жүрегі? (Астана)
4. Астана қаласы қай облыста орналасқан? (Ақмола)
5. Бейбітшілік пен келісім сарайы? (Пирамида)
6. Қазақстан республикасының жоғарғы басшысы? (Президент)
7. Мемлекеттік Әнұранның музыкасын жазған? (Қалдаяқов)
8. Біз сендермен Қазақстанның қай өңірінде тұрамыз? (Шығыс)
9. Қазақстанның оңтүстік астанасы болып есептелетін қала? (Алматы)
10. Астананың жүрегі? (Бәйтерек)
(Оқушылар сөзжұмбақты тақтаға орындайды, жауаптардың суреттері слайд арқылы көрсетіліп отырады)
Сөзжұмбақты тамаша шешкендерін үшін сендерге сыйақы беріледі. Ендеше, экранға назар аударайық.
«Астана» атты тақырыптық слайдтық фильм.
Міне балалар,барлығы 20 фишканы жинап, өзіміздің ауданымызға, үйімізге де келіп жеттік.Соңғы аялдайтын жеріміз-Бесқарағай. № 21 слайд. Бүгінгі біздің саяхатымыздың басты мақсаты, сендерді туған жеріміз, кіші отанымыз Бесқарағайдың тарихымен таңыстыру. Мұқият тыңдап алайық.
№ 22-27 слайдтарды көрсете отырып, аудан тарихын әңгімелеу.
Жалпы, тарихи құжаттарға үңіле отырып, Бесқарағай ауданы 1928 жылы құрылғанына көз жеткіземіз. Ауданның атауы жердің түріне байланысты аталған. Ауданның жері қарағайлы орманмен қоршалған. Барлығы бес қарағайлы орман белдеулері бар. «Бесқарағай» сөзінің шығуы осыған байланысты. Ауданымыз көрші Павлодар облысының құрамында құрылған. 1959 жылы Семей облысына берілді. 1997 жылы Семей облысының таратылуына байланысты Бесқарағай ауданы Шығыс Қазақстан облысының құрамына кірді. Орталығы – Бесқарағай ауылы. Аудан әкімі Байғонусов Қалихан Байғозыұлы. Ауылымыз халық арасында «Борас» деп аталады. Оның айтылуы тарихтың терең қойнауында жатыр. Ертеректе, нақты айтатын болсақ, ХVІІ ғасырда осы жерде Бораш деген бай өмір сүріпті. Соған байланысты «Борас» деп аталуы осыдан. Кейіннен, ауылымыз Үлкен Владимировка деп аталды. Оның аталу себебі, 1867-68 жылдардағы Ресейдегі жер реформасынан кейін, орыс ұлт өкілдері көрші мемлекет, Қазақстанға коңыс аудара бастаған. Сол кезде осы жерге ағайынды шонжарлар Владимирлер көшіп келеді. Үлкен ағасы біздің ауылымыздың жерінде, кіші інісі Владимир қазіргі Кіші Владимировка ауылына қоңыстанады. Ауылдардың бүгінгі күнге дейін аталуы да осыдан. 2008 жылдан бастап ауылымыз «Бесқарағай» деп өзгертілді. Ауданымыздың басты байлығы – оның халқы болып табылады. Бүгінгі күнде 24 мыңннан астам халқы бар ауданымызда 25 ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Ауданымыздан Ұлы Отан соғысының батырлары: Иван Корнев, Сергей Елистратов, Махмет Қайырбаев, Александар Белоусов, сонымен қатар, аты аңызға айналған Нұрлыбек Баймұратов, ауған соғысының ардагері, жауынгер-батыр Калел Калтаев т.б. көптеген атақты адамдар шыққан. Бұл адамдар туралы күнтібелік жоспарға сәйкес келесі сабақтарымызда кеңінен тоқталамыз. Бүгінгі күнде ауданымыз 10 ауылдық округке бөлінген.
— Балалар, біз сендермен қай округте тұрамыз?
— Ал, ауданымыздың ірі ауылдарын білесіңдер ме? Қане, атап беріңдерші. (Дәптерлерімізге жазып алайықшы)
Өте жақсы! Бүгінгі сабағымыздың эпиграфын «Туған жерің-тұғырың» деп бекер алған жоқпын. Осы ауданымыздың, мемлекетіміздің тарихын жалғастыру, мелекетімізді одан әрі дамыту, Сендердің қолдарыңда. Сол үшін сендер білім алып, еліміздің көркейуіне өз үлестеріңді қосуларын керек. Еліміздің, туған өлкеміздің нағыз патриот азаматы, «Туған жерлеріңнің тұғыры» болуларын қажет. Бүгінгі сабағымыз Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай өтіп отырғандықтан, өткен сабақта сендерге шығармашылық тапсырмалар, яғни, «Отан», «Қазақстан» тақырыптарына 4 жолдық өлең құрастыру және осы тақырыптарға суреттер салу берілген болатын. — Қане, кім жауап береді?
(Оқушылар өздерінің тақпақтарын, суреттерін таңыстырады)
Өте жақсы, балалар!
— Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.
Бүгінгі біз сендермен алдымызға қойған сабақтың мақсатына жеттік деп ойлаймын. Сабаққа белсенділікпен қатысқандарға зор алғысымды білдіремін. Келесі сабаққа «Менің туған ауылым» деген тақырыпқа қысқаша эссе шығарма жазып келіңдер. Осымен біздің бүгінгі сабағымыз аяқталды. Сау болыңдар!

 

 

Комментарии:
Сабақ жоспарлары барлық пәннен ҚМЖ, ОМЖ, ҰМЖ | Планы КСП ССП ДСП
Электронная почта: [email protected] Ватсап: 8(707) 403-01-01 © 2019-2020