» » Елтану 11 сынып. Жалпы білім беретін мектептің 11 сыныбына арналған қолданбалы курс.

Елтану 11 сынып. Жалпы білім беретін мектептің 11 сыныбына арналған қолданбалы курс.

24 октябрь 2016, Понедельник
1 638
0

№1 сабақ.

АУҒАНСТАН

Сабақ мақсаты:

 А) білімділік: Ауғанстанның табиғат жағдайлары, ресурстары, халқы, шаруашылығы, тарихы мен экономикасы туралы білім қалыптастыру;

Ә) тәрбиелік: саяси саналылыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;

Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, картамен жұмыс және өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру;

Сабақ түрі: лекция

Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар

 

Жаңа сабақ:                                 Ауғанстан

    АУҒАНСТАН, Ауғанстан ислам мемлекеті ­Оңт. Батыс Азиядағы мемле­кет. Аум. 652,2 мың км2.

Ас­танасы — Кабул (1,5 млн., 1992).

Халқы 20,3 млн. адам (1993).

Ауғанстан жері 29 уәла­ятқа және 2 округке бөлінеді.

Мемл. тілі — пушту және дари тілдері. Ислам дінін ұстанады (негізінен, сүнниттер).

   Табиғаты. Жерінің 3/4 бөлі­гінен астамы таулы. Елдің солт.-шығысынан оңт.-баты­сына қарай өте ірі Гиндукуш тау жоталары созылып жатыр (ең биік жері 6729 м). Оны  Ауғанстан­ның солт. мен батысында Па­ропамиз және Сафеднах жоталары алмастырады. Ауғанстанның оңт-де Газни-Кандагар таулы үстірті, ал оңт.-батысында Бактрия, Регистан, Дашти-­Марго шөлдері жатыр. Клима­ты субтропиктік, құрғақ. Шіл­де айының орташа темп-расы 240С-ден 320С-қа, ал қаңтар айының орташа тeмп-pacы 00— тан 80С-қа дейін жетеді. Жау­ын-шашынның жылдық орта­ша мөлш. 350 мм-ден аспай­ды. Ірі өзендері: Әмудария, Герируд, Гильменд, Кабул, Мургаб. Кен байлықтары ­мұнай, табиғи газ, тас көмір, графит және асыл тастар.

    Тарихы. Қазіргі  Ауғанстан жерінің солт. бөлігін адамдар ежелгі тас дәуірінен, оңт. бөлігін қола дәуірінен мекендей бас­таған. Б.з.б. l-мыңжылдықтың                          І-жартысында бұл жер­де құрылған мемл-тердің бірі Бактрия болды. А. туралы алғашқы деректер б.з.б, 6 ғ-дан сақталған. Бұл кезеңде ол Ахе­мен әулеті билеген Парсы им­периясының құрамында бол­ды. Б.з. І — 4 ғ-ларында А. жерінде Кушан патшалығы дәуірледі. 6 ғ-дың 60-жылда­рында А. жерінің бір бөлігі Түрік қағандығына, екінші бөлігі Сасан әулетіне бағын­ды. 7 — 8 ғ-ларда А. жерінің басым бөлігі арабтарға қарап, ислам діні кеңінен тарады. 1220 ж. елді Шыңғыс хан әскерлері жаулап алды. 16 ғ-­да А. жерінде Ұлы Моғолдар мен Сефеви әулеті билік жүргізді. Орта Азиядан ығыс­қан Бабыр 1504 ж. Кабулды, кейін Ауған жерін тұтас жау­лап алып, Ұлы Моғол әулетіне бағындырды. Жеке иеліктерге бөлiнген А. жерінде 1747 ж. Ахмад шаh Дуррани басқарған алғашқы Ауған мемлекеті ор­нады. Бірақ оның мұрагерлері тұсында мемл. ыдырап, 1818 ж. Ахмад шаh әулеті де биліктен кeттi. Елді қайта біріктірген Дос Мұхаммед хан 1835 ж. әмір атанды. Бұл уақытта А. жерін отарлауды көздеген ағылшындар елге басып кіріп (1838), Кабулды алғанымен, оларға қарсы күрес күшейіп, басқыншылар жеңіліп тынды (1842). Алайда ағылшын отар­шылдары А-ды басып алу ние­тінен танбады. 1878 ж. Ұлыб­ританияның 37 мың адамдық әскері А-ға тағы да басып кірді. Халық отаршылдардың бетін қайтарғанымен, елдің тәуелсіздігі шектеліп, сыртқы қарым-қатынасы Aнглияның ба­қылауында болды. 1919 ж. өкімет басына келген Аманул­ла хан А-ның тәуелсіздігін жа­риялады. Англия мұны мой­ындаудан бас тартып, соғыс ашқанымен, 1919 жылғы Равалпинди шарты бойынша Ауғанстанның тәуелсіздігін мойындауға мәжбүр болды.

1973 жылға дейін А-да монар­хиялық билік орнады. 1973 ж. әскери төңкеріс болып, респ. жарияланды. 1978 ж. тағы да қанды төңкерістен кейін өкімет басына Революциялық кеңес келді. Оны қолдау үшін 1979 ж. желтоқсанда А-ға Ке­ңес Одағының әскерлері кіріп, онда 1989 жылдың 15 ақпанына­на дейін соғыс қимылдарын жүргізді. Кеңес әскерлері шығарылған­нан кейін де Ауғанстанда азамат со­ғысы жалғаса берді. Ұзаққа созылған соғыс елді әлсіретіп, халықты күйзеліске ұшырат­ты. 1993 ж. Ресейдің Наджи­болла өкіметін қолдауын тоқтатып, моджахедтермен келіс­сөз жасауға көшуі А-дағы әс­кери -саяси жағдайды одан әрі өршітіп жіберді. Азияның көрікті қалаларының бірі ­Кабул қатты қирады, оны барлық елдердің елшіліктері тас­тап шықты. Ауғанстан тұрғындарының 1/4 бөлігі көрші мемл-­терге (негізінен, Пәкстан мен Иранға) қоныс аударды. 1997 — 98 ж. ҚР-ның үкіметі Ауғанстан­дағы қазақтарды көшіріп әкелді. Билікке ұмтылған әр түрлі саяси күштердің, ұлттық тәуелсіздікті көксеген этник. топтардың, «Талибан» қозға­лысының, Р. Дустум жасақта­рының арасындағы қарулы қақтығыстары елде ұлттық келісімнің орнауына, ұлттық бірлік негізінде қайта жаңғы­руға кедергі жасап отыр.

Экономикасы. А. — аграрлы ел. Экономикасының негізі ­суармалы егіншілік пен мал ш. Өңделетін жерінің 70%-ке жуығы суармалы. Жалалабад каналы мен Сарда су қойма­сы бар. Ұлттық табыстың 80%-­ке жуығы а.ш-ның үлесінде, адамдардың 90%-тен астамы осы салада жұмыс істейді. Қой ш. жақсы дамыған. Со­нымен қатар миллиондаған ешкі мен ірі қара, түйе мен жылқы өсіріледі. Бау-бақша өнімдері, бидай, жүгері, кү­ріш, мақта, қант қызылша­сы сияқты дақылдар өндірі­леді. А. өнеркәсібін су электр стансалары мен әскери-мех. зауыт сияқты бірді-екілі кәсіпорындар құрайды. Солт. ше­карасында газ құбыры тартыл­ған. Тас көмір мен цемент өндіріледі. Өңдеуші кәсіп­орындар мақта мен жүннен мата тоқиды, жасанды жібек шығарып, аяқ киімдер тігеді. Экспортқа, негізінен, қаракөл елтірісі мен жүн шығарыла­ды. 1979 ж. басталған соғыс ел экон-сына көп зиян келтірді. Дүн. жүз. саудада импорт мөлшері өсіп, экспорт мүлде азайып кетті. 1995 ж. импорт 616 млн. АҚШ доллары мөл­шерінде болса, экспорт 188 млн. долларға түсті, яғни үш еседен астам кеміді. Сондай­-ақ дүн. жүз. ішкі жиынтық өнімдегі А. үлесі де 1985 жыл­ғы 0,07%-тен 1995 ж. 0,05%-­ке дейін шегерілді.

 

 

 

№2 сабақ.

БАХРЕЙН ӘМІРЛІГІ.

Сабақ мақсаты:

 А) білімділік:  Бахрейн әмірлігінің табиғат жағдайлары, ресурстары, шаруашылығы, тарихы мен сыртқы  экономикалыққ байланыстары туралы білім қалыптастыру;

Ә) тәрбиелік: саяси саналылыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;

Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, картамен жұмыс және өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру;

Сабақ түрі: лекция

Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар

 

Жаңа сабақ:                         БАХРЕЙН ӘМІРЛІГІ

БАХРЕЙН ӘМІРЛІГІ ­Оңт.-батыс Азияда, Парсы шығанағындағы Бахрейн аралдарын алып жатқан мем­лекет.

Жері — 695 км2

Хал­қы — 64З мың адам (1998).

Астанасы — Манама (160 мындай).

Ірі қалалары: Мұ­харрәк, Рифаа, Иса.

Мемл. тілі — араб тілі.

Халқы ислам дінін ұстанады.

Бахрейн әмірлігі — конституциялық монархия. Мем­лекет басшысы әрі қарулы күштердің бас қолбасшысы — Әмір. Заң шығару билігі 197З ж. қабылданған конституциясы бойынша Әмір мен Ақылшылар Кеңесінің қолында. Кеңес мүшелерін (30 мүше) Әмір тағайындай­ды. Атқару билігі Мин. Ке­ңесіне жүктелген. Саяси пар­тиялар мен кәсіподақтар қыз­метіне тыйым салынған.

Мемлекет аум. 33 аралдан тұ­рады. Ірілері: Бахрейн, Мұ­харрәк, Умм-Наасан, Ситра, Хауар. Жері жазық, шөлді бо­лып келеді.

Климаты тропик­тік және субтропиктік. Ор­таша температурасы қыста 180С, көктемде 250С, жазда 400С, күзде 280С. Жауын-шашын­ның жылдық орташа мөлш. 90 мм.

Бахрейн аралдары туралы алғашқы мәліметтер б.з.б. З мыңжылдықтағы деректерде айтылады. Б. з. ба­сында Бахрейн жеке әмірлік болған. 4-6 ғ-ларда Сасанилер мемлекетінің, кейін Араб халифатының құрамына кір­ді. 13 ғ-да Бахрейн әмірлігі тәуелсіздік алғанымен, артынша Ормуз әмірлігіне қосып алынды. 16 ғ-дың басында Бахрейнді португалдықтар жаулап алса, 17 ғ-да Иранның қол асты­на кірді. 18 ғ-дың 80-жыл­дарында әл-Халиф әулеті­нен шыққан араб шейhтары Бахрейн әмірлігінің тәуелсіздігін жария­лады, бірақ 19 ғ-да Ұлыбри­тания шейhтармен бірқатар келісімдер жасап (1820,1847, 1861), 1871 ж. елде өз про­текторатын орнатты. ) 1880 ж. және 1892 ж. келісімдер не­гізінде Бахрейн әмірлігі ағылшындардың отарына айналды. l-дүние­жүз. соғыс (1914-18) кезін­де Бахрейнде ағылшын әс­кери базалары орналасты. 1932 ж. мұнай көздері ашыл­ған соң, елге АҚШ капита­лы ене бастады. 2-дүниежүз. соғыс жылдарында (l9З9-­45) Британ үкіметі мұнда ірі әскери күштерін ұстап, Ма­нама қ. Парсы шығанағын­дағы Британия әкімшілігінің резиденциясына айналды. Араб халықтарының ұлт-­азаттық қозғалысы нәтиже­сінде 1971 ж. 14 тамызда Б. ә. тәуелсіз мемлекет болып жарияланды.

Б. ә. экономикасының негі­зі — мұнай мен табиғи газ. Жыл сайынғы жиынтық ішкі өнімнің 70%-ін мұнай қам­тамасыз етеді. Барланған мұ­най қоры — 27 млн. т., газ­дың коры — 240 млрд. м3. Мұнай өндеу, алюминий өн­діру, кеме жасау зауыттары бар. Бахрейн әмірлігінде 11 электр ст. жұмыс істейді. Жыл сайынғы жиынтық ішкі өнім — 5 млрд. дол­лар шамасында. А. ш. оның 1%-ін ғана құрайды. Көкө­ніс, құрма, цитрусты жеміс­-жидектер, жүзім өсіріледі. Тамақ өнімдерінің көбісін сырттан сатып алады.

Бахрейн әмірлігі ­Таяу және Орта Шығыстағы ірі қаржы орталығы. Басты порттары: Манама, Сальман және Ситра. Негізгі сауда серіктестері: Сауд Арабиясы, АҚШ, Ұлыбритания, ГФР, Австралия, Жапония. Cыртқы саясаты Таяу Шы­ғыстағы жанжалдарды рет­теуге, Парсы шығанағында бейбітшілік орнатуға бағыт­талған. Б. ә. 1992 ж. 28 ма­мырда Қазақстанмен дипло­матиялық қарым-қатынас ор­натты. Қазақстанмен экономикалық байланыстары дамып келеді.

 

№3 сабақ

БІРІККЕН АРАБ ӘМІРЛІГІ.

Сабақ мақсаты:

 А) білімділік: Біріккен Араб Әмірлігінің табиғат жағдайлары, мемлекеттік құрылысы, халқы, шаруашылығы, тарихы мен экономикасы туралы білім қалыптастыру;

Ә) тәрбиелік: саяси саналылыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;

Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, картамен жұмыс және өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру;

Сабақ түрі: лекция

Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар

 

Жаңа сабақ:                      БІРІККЕН АРАБ ӘМІРЛІГІ

БІРІККЕН АРАБ ӘМІРЛІГІ (БАӘ), әл — Ә м и р ә т әл­-Араби әл-Муттахи­да — Азиядағы Парсы шы­ғанағының оңтүстік жағала­уын алып жатқан, Арабия түбегінің шығыс жағындағы мемлекет.

Құрамына Әбу Даби, Дубай, Шараджа, Фуд­жайра, Умм әл-Кайвайн, Әджман, Рас әл-Хайма әмір­ліктері кіреді.

Жері — 83,6 мың км2

Астанасы — Әбу­-Даби

Халқы — 2,5 млн. (1997).

Арабтар­дан басқа үндіс, парсы, т.б. ұлттар тұрады.

Мемл. тілі ­араб тілі.

Діні — ислам.

БАӘ — федеративтік мемлекет. Оған енетін әрбір әмірлікте монархиялық билік қалып­тасқан. Әмірліктерді басқара­тын билеушілердің барлығы Жоғ. Кеңес құрамына кіреді. Олар өз араларынан 5 жыл мерзімге президент сайлай­ды. Федеративтік ұлттық ке­ңес (40 мүше) — парламент тәрізді кеңесші орган. Атқару билігін Министрлер Ке­ңесі жүргізеді.

БАӘ-нің жері Парсы шыға­нағының оңт. жағалауымен 600 шақырымға созылып жатыр. Жағалауы ойпат, көп­теген ұсақ аралдарды қамти­ды. Жері шөлді, ойпатты жазық болып келеді. Клима­ты құрғақ тропиктік. Қаңтар айында ауа райының орташа темп-расы 200С шамасында, шілдеде 30 — 350С-қа (кей­де 500С-қа) дейін барады. Жауын-шашын жылына: жа­зықтықта 100 — 150 мм, таулы аймағында 300 — 400 мм. Tұpaқты өзендері жоқ. Оазис­терде жүзім, құрма ағашы, манго, банан, лимон, темекі өсіріледі.

Қазіргі БАӘ жерін адам баласы ерте заманнан қоныстанып келеді. Б. з. б. 6 ғ-да бұл жер Ахемен әулеті­нің қол астына қараса, кейін­нен Сасани әулетінің қарамағында болған, ал 7 ғ-дан бастап Араб халифатына бі­ріктірілген. Ислам негізгі де басты дін болып қалыптасты.

Бұл өңірге үстемдік жүргізу үшін Иран, Түркия, Оман билеушілері және уаххаб­шылдар үнемі күрес жүргі­зіп келді. 18 ғ-да ағылшын­дық Ост-Үнді компаниясы Парсы шығанағында жүк та­сымалдауды өз қолдарына алып, халықты басты өмір суру көзінен айырғандықтан, жеке-жеке әмірліктерге бөлінген жергілікті араб жұрт­шылығы мен ағылшындар арасында жиі-жиі қақтығыс­тар болып тұрды. 19 ғ-дың басында Ост-Үнді компания­сы теңіз қарақшыларымен күресеміз деген сылтаумен мұнда әскери экспедиция жібереді. Олар 1820 ж. жеті араб әмірлігінің әмірлері мен шейхтарын Бас келісімшарт­қа қол қоюға мәжбүрлеп, ақыры осында өз бақылауын орнатады. 20 ғ-дың 20-жыл­дарынан бастап ағылшын­дарға қарсы ұлт-азаттық қоз­ғалыс өріс алды. 1968 ж. Ұлыбритания лейбористік үкіметінің шешімімен ағыл­шын әскерлері БАӘ жерінен шығарылған соң, 1971 ж. әмірліктер федерацияға бірігеді. 1971 ж. 2 желтоқсанда тәуелсіз БАӘ құрылды. 1971 жылдан президент болып сайланған шейх Заид бен Сұлтан әл-Нахайни (Әбу Даби билеушісі) әр 5 жыл сайын қайта сайланып келеді. 1990 жылдан премьер-­министр қызметін Дубай би­леушісі шейх Мактум бен Рашид әл-Мактум атқаруда. БАӘ Араб мемлекеттерінің лигасына, БҰҰ-на мүше. Қа­зақстан Республикасы тәуелсіздігін 1991 ж. танып, 1992 жылдан экон., мәдени, дос­тық қарым-қатынас орнатты.

БАӘ ұлттық табысы жағынан жан басына шакқанда дұние жүзіндегі алдыңғы қатарлы елдердің бірі. 1994 ж. жалпы ішкі өнімі — 38,4 млрд. доллар жан басына шаққанда 16000 долл. құрады. Эконо­микасының негізі — мұнай мен газ қорлары. Мұнайдың  барланған қорлары — 7 млрд. д т-дан астам. Табиғи газ қоры көлемі — 9,8 трлн. мЗ. Мұнайды экспортқа шығару елде көлемді  қаржы қорларын жинақтауға мүмкіндік берді. Соңғы жылдары мұнай өңдеу, мұнай- химия, металлургия алюминий балқыту, цемент өндірістері дамып келеді. Қолөнер, балық аулау және маржан теру өндірістері де ұлғаюда. А. ш. нашар дамыған. Жерінің 0,3%-і ғана өңделеді, оның 17,2%-і суармалы  жерлер. Оазистерде құрма,  жүзім, көкөніс, мақта, т.б.  өсірілгенімен, тамақ өнімдері шет елдерден әкелінеді.  Жалпы ішкі өнімінің 2%-і  а. ш-нан, 57%-і өнеркәсіптен,  40%-і қызмет көрсету салаларынан жиналады. Негізгі сауда серіктестері: Ұлыбритания, АҚШ, Жапония, Сингапур, Корей Республикасы, Т.б.

 

№4 сабақ

ИРАН ИСЛАМ РЕСПУБЛИКАСЫ.

Сабақ мақсаты:

 А) білімділік: Иран Ислам Республикасыныңмемлекттік құрылысы, табиғат жағдайлары, ресурстары, халқы, шаруашылығы, тарихы туралы білім қалыптастыру;

Ә) тәрбиелік: саяси саналылыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;

Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, картамен жұмыс және өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру;

Сабақ түрі: лекция

Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар

 

Жаңа сабақ:                   Иран Ислам Республикасы

ИРАН (1935 жылға дейін П е р ­с и я) — Азияның оңт.- бат. бөлігіндегі  мемлекет. Солтүстігінде Армения, Азербайжан және Түрікменстанмен, солт.- батысында Түркия, батысында Ирaкпен, шығы­сында Ауғанстан және Пакистанмен шектеседі. Солтүстігінде — Каспий те­ңізі, оңтүстігінде — Парсы және Оман  шығанақтары.

Жер аумағы — 1,6 млн. км2.

Хал­ық  68 млн. (2005ж).

Астанасы- Теге­ран қ-сы.

Әкімш. жағынан остандарға (провинцияға) және бас губернаторлықтарға бөлінеді.

   Мемлекеттік құрылысы. ИРАН — конс­титуциялы монархия. Қазіргі конституциясы 1905-11 ж. Иран революциясы кезінде қабылданған. Мемл. басшысы — шаh. Ол парламент қа­былдаған заңдарды бекітеді, премьер­ министрді тағайындайды, үкімет құ­рамын бекітеді, қарулы күштердің жоғарғы бас қолбасшысы да сол. Заң шығарушы жоғары өкімет органы­ — екі палаталы парламент. Төменгі па­латаның (меджлис) депутаттарын  (268 адам) халық 4 жылға сайлайды. Жоғарғы палатада (сенат) 60 сенатор бар. Оның 30-ын шah тағайындайды. Қалғандарын халық сайлайды.Сенаторлардың өкілдік мерзімі 4 жыл. 20 жасқа толғандарға сайлау провасы беріледі (әйелдер 1963 жылдан бастап — сайлауға қатынасатын болды). Атқарушы өкімет билігін министрлер кабинеті жүзеге асырады. Сот жүйесіне:

Жоғарғы кассациялық сот, апелляция­лық, губ. және бітім соттары кіреді. Коммерсиялық, әкімшілік, әскери три­бунал т. б. арнаулы соттар да бар.

Табиғаты. Жерінің көбі тау; ол Ар­мян таулы қыратының оңт.-шығ. жа­ғы мен Иран таулы қыратының бат. бөлігінде орналасқан. И-ның шет жақ­тарын Солт. Иран (Эльбурс, Түрікмен- Хорасан таулары), Оңт. Иран (3агрос, Мекран таулары) және Шығ. Иран (Серхед, Пеленган, Боран, Келат жо­талары) таулары, орталық бөлігін Кухруд жотасы, Деште-Кевир, Деште-­Лут шөлдері алып жатыр. Солт/батысында Оңт. Каспий және Кура-Аракс ойпаттары, солт/шығысында Горган жазығы, оңт. шетінде-Гермезир шөлді жазығы. Геол. құрылымы жағынан алғанда, И-ның жері альпілік геосин­клиналь аймағы құрамына кіреді. Ежелгі метаморфтық жыныстар тө­менгі қабаттағы байкал фундаментін құрайды, ал оның үстіңгі жағын шө­гінді палеозой-триас, теңіздік мезо­зой-кайнозой жыныстары жапқан. Пайдалы қазындылары — мұнай (та­биғи қоры 7,5 млрд. т), газ (6 три­ллион мЗ) , тас көмір (1 млрд. т), темір рудасы (560 млн. т), хромит (60 млн. т) т. б.

Климаты субтропиктік, континенттік, жазы ыстық, қысы сол­түстігінде салқын, оңтүстігінде жы­лы. Парсы және Оман шығанақтары жағалауының климаты тропиктік. Қаңтардың орташа темп-расы 2,00 С-тан (Тегеранда) 19,40 С-қа (Оман шыға­нағы жағалауында) дейін, шілдеде 29,4-32,50 С. Жауын-шашынның жыл­дық мөлшері 500 мм, Эльбурс тауы беткейінде 2000 мм, Систан ойысын­да 50-60 мм. И. территориясында жер беті суы аз, ірі өзендері — Карун, Сефидруд, Гильменд. қиыр солт. бө­лігінде Атрек, Аракс өзендері бар. Карун өзенінде кеме жүзеді. Таулы аудандарында көптеген көлдер бар; олардың ішіндегі ірілері — Резайе, Дерьячейе-Немеи, Хамун. Жері сары, қоңыр және қызғылт топырақты ке­леді; ойыстары мен өзен аңғарлары сортаң топырақты. Тау беткейлері (әсіресе Эльбурс, 3агрос таулары) орманды, өзендер бойы шалғын, ішкі аудандары — шөлейт, шөл. И. жерінде сүтқоректілердің 100-ге тарта, құс­тың 400-ге жуық және бауырымен жорғалаушылардың 80-ге жуық түрі бар. Солтүстігіндегі таулы бөлігінде қоңыр аю, жабайы шошқа, бұғы, елік т. б. кездеседі. Шектес теңіздер балыққа бай. И. территориясы 7 табиғи аймаққа бөлінеді, олар — Солт. Иран, Оңт.-бат. Иран таулары, Шығ. Иранның шөлді таулары, Иран таулы қыратының ішкі бөлігі, Оңт. Иран таулары, Оңт. Иранның теңіз жағала­уындағы ойпаттары, Солт. Иранның ойпатты жазықтары.

   Халқы. И-да 30-дан астам халық тұ­рады. Халқының 75%-і иран тілі то­бына жатады, олар парсылар -51%, азербайжандар – 24%   гилактар мен мазендарандар – 8% , курдтар – 7%, арабтар – 3% лурлар – 2%, балохтар – 2%, түрікмендер – 2% Ресми тілі — парсы тілі. Мемлекеттік діні – ислам дінінің шииттік бағыты – 95%, сунниттер – 4%, қалғандары – зорастрий, иудей, христиандар.

Ірі қалалары — Те­геран , Исфаhан, Мешхед, Тебриз, Шираз, Абадан.

 

Комментарии:
Сабақ жоспарлары барлық пәннен ҚМЖ, ОМЖ, ҰМЖ | Планы КСП ССП ДСП
Электронная почта: [email protected] Ватсап: 8(707) 403-01-01 © 2019-2020