» » ТЖБ ҚЖБ География 10-сынып (қоғамдық-гуманитарлық бағыт)

ТЖБ ҚЖБ География 10-сынып (қоғамдық-гуманитарлық бағыт)

03 сентябрь 2019, Вторник
238
0

«География» пәнінен
қалыптастырушы бағалауға арналған
тапсырмалар жинағы
10-сынып
(қоғамдық-гуманитарлық бағыт)
Нұр-Сұлтан, 2019
2
Құрметті мұғалім!
Аталған тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге
көмек құралы ретінде құрастырылды. Бұл мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі.
Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды
өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, оқу
мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып
табылады.
Жинақтың ұсынылған сипаты сізге білім алушының қажеттілігі мен
мүмкіндігін есепке ала отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуіңізге,
бейімдеуіңізге мүмкіндік береді.
Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.),
форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері»
ДББҰ smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз.
Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!
Жинақ негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша
өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио
материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық
емес мақсатта құрастырылған.
3
МАЗМҰНЫ
1-тоқсан ............................................................................................................................................... 4
Бөлім 1. Географиялық зерттеулер әдістері ................................................................................. 4
Бөлім 2.Картография және геоинформатика ............................................................................... 6
Бөлім 3. Табиғатты пайдалану және геоэкология ....................................................................... 8
2-тоқсан ............................................................................................................................................. 13
Бөлім 3. Табиғатты пайдалану және геоэкология ..................................................................... 13
3-тоқсан ............................................................................................................................................. 22
Бөлім 4. Геоэкономика ................................................................................................................. 22
Бөлім 6. Елтану ............................................................................................................................. 34
Бөлім 7. Адамзаттың ғаламдық проблемалары ......................................................................... 42
4
1-тоқсан
Бөлім 1. Географиялық зерттеулер әдістері
Бөлімше 1.1 Жалпыгеографиялық әдістер
Тақырыбы Зерттеу әдістерінің түрлері
Оқу мақсат 10.1.1.1. Зерттеу тақырыбына сәйкес салыстыру әдістерін қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
 Арнайы статистикалық деректерді қолдана отырып
деректерді салыстырады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
1. Төменде берілген Қытай мен Үндістанның жастық-жыныстық пирамидасын салыстырып,
сұрақтарға жауап беріңіз.
Берілген екі елдің жастық-жыныстық пирамидасын салыстырыңыз:
a) Қай елде орташа өмір сүру жасының ұзақ екенін анықтаңыз.
b) Қытай еліндегі 40-44 және 45-49 жас аралығындағы халық саны неге Үндістандағы сол
жастағы халық санынан жоғары көрсеткіш көрсетіп тұр? Екі себебін анықтайды.
c) Қытай және Үндістан еліндегі еңбек күшінің таралуын салыстырып сипаттаңыз.
Дескриптор Білім алушы
- орташа өмір сүру жасы ұзақ елді анықтайды;
- 40-44 және 45-49 жас аралығындағы халық санын салыстырады;
- екі елдің сол жастағы халық санының айырмашылығының екі себебін
жазады;
- еңбек күшінің таралуына салыстырмалы сипаттама береді.
5
Бөлім 1.Географиялық зерттеулер әдістері
Бөлімше 1.1 Жалпыгеографиялық әдістер
Тақырыбы Зерттеу әдістерінің түрлері
Оқу мақсаты 10.1.1.2 Зерттеу тақырыбына сәйкес сандық әдістерді қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
 Статистикалық деректерді қолданып, сандық көрсеткіштерді
есептейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
1. Көкшетау қаласының қараша айының 1-09-на дейінгі ауа райы мәліметтері көрсетілген.
а.Жауын-шашын мөлшерін бағаналы диаграмма түрінде көрсетіңіз.
b. Жауын-шашынның жиынтық мөлшерін есептеңіз.
c. Орташа жауын-шашын мөлшерін есептеңіз.
d. Қараша айының 1-нен 9-на дейінгі ауа райының құбылысына болжам жасаңыз.
1.11 2.11 3.11 4.11 .11 6.11 7.11 8.11 9.11
Жауын-шашын мм
0,2 0,5 0,2 0,5 0,1 0,4 0,3 0 0
Күндізгі
температур
а °C
+9 +3 +3 +4 +3 0 −5 0 +1
Жел м/с ОБ 14 СБ 5 ОБ 7 ОБ 5 СБ 4 СШ 4 О 1 ОБ 5 ОБ 5
Дескриптор Білім алушы:
- жауын-шашын мөлшерін бағаналы диаграмма түрінде
көрсетеді;
- жауын-шашынның жиынтық мөлшерін есептейді;
- орташа жауын-шашын мөлшерін есептейді;
- ауа райы құбылысын болжайды.
6
Бөлім 2.Картография және геоинформатика
Бөлімше 2.2 Геоинформатика негіздері
Тақырыбы Географиялық деректерді визуализациялау
Оқу мақсаты 10.2.2.2 Статистикалық деректерді талдау нәтижелері бойынша
картограммалар мен картодиаграммаларды жасау
Бағалау критерийі Білім алушы
 Көрсеткіштерді картограмма/картодиаграмма түрінде
ұсынады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
1.Төменде қалалардың халық саны бойынша мәліметтерді пайдаланып тапсырмаларды орындаңыз.
№ Қала атауы Адам саны № Қала атауы Ада саны
1 Алматы 1 508 656 11 Ора 271 060
2 Астана 814 435 12 Қызылорда 234 486
3 Шымкент 682 565 13 Қостанай 21 989
4 Қарағанды 484 510 14 Атырау 215 167
Ақтөбе 372 506 15 Петропавл 205 956
6 Тараз 343 9207 16 Теміртау 181 162
7 П влодар 335 556 1 А тау 181 4 4
8 Семей 315 750 18 Түркістан 153 691
9 Өскемен 314 502 19 Көкшетау 141 833
10 Екібастұз 138 178 20 Балқаш 70 05
а. Қалаларды халқының саны бойынша топтастырыңыз.
Халық саны бойынша қалалар
1 000 000
жоғары
250 000- 1 000 000 100 0 0- 250 000 50 000-100 000 50 000 төмен
b. Кескін картаға өзіңіз топтастырған қала халқы санының картодиаграммасын жасаңыз
7
Дескриптор Білім алушы:
- халық саны 1 000 000 жоғары қалаларды анықтайды;
- халық саны 250 000- 1 000 000 қалаларды анықтайды;
- халық саны 250 000- 1 000 000 қалаларды анықтайды;
- халық саны 50 000-100 000 қалаларды анықтайды;
- халық саны 50 000 төмен қалаларды анықтайды;
- қала халқының санын пайдаланып картодиаграмма түрінде
ұсынады.
8
Бөлім 3. Табиғатты пайдалану және геоэкология
Бөлімше 3.1 Табиғатты пайдалану
Тақырыбы Табиғатты пайдалану түрлері
Оқу мақсаты 10.3.1.1 Табиғатты пайдаланудың қажеттілігін түсіндіріп, түрлерін
(шаруашылық тұрғысынан) анықтау, графикалық түрде ұсыну
Бағалау критерийі Білім алушы
 Табиғатты пайдаланудың қажеттілігін сипаттайды
 Түрлерін графикалық түрде көрсетеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
1.Мәтінді оқыңыз.
Адамдардың табиғаттың экономикалық, экологиялық, мәдени, сауықтыру пайдалы қасиеттерін
пайдалану мүмкіншілігін табиғат пайдалану деп түсінеміз. Осыған байланысты табиғатты
пайдаланудың үш түрін: экономикалық, экологиялық және әлеуметтік түрлерін ажыратуға болады.
Табиғатты пайдалану сипаты жалпы және арнайы болуы мүмкін. Жалпы табиғат пайдалану арнайы
рұқсатты қажет етпейді. Ол адамдардың табиғи қажеттілігін жән өмір сүру, еңбек ету, демалу
құқықытарының негізінде жүзеге асырылады. Арнайы табиғат пайдалану физикалық және заңды
тұлғалардың арнайы өкілетті орындардан рұқсат алуын талап етеді. Бұл да табиғат ресурстарының
шектеулілігінің көрінісі. Ресурстар шектеусіз, сарқылмайтын болса және оларды тұтынуға алдын-ала
дайындау қажет болмаса, рұқсат алудың да қажеті болмас еді. Арнайы табиғат пайдалану мақсатты
болады және пайдаланатын ресурс түріне байланысты жерді пайдалану, суды, орманды, пайдалы
қазбаларды, жабайы өсімдіктрді, жануарларды, құстарды, атмосфера ауасын пайдалану болып бөлінеді.
а. «Табиғатты пайдалану» ұғымын сипаттаңыз.
b. Табиғаттың сіздің өміріңіздегі рөлін 2 мысалмен түсіндіріңіз.
2.Табиғатты пайдаланудың түрлерін сызба ретінде көрсетіңіз.
Дескриптор Білім алушы
- «Табиғатты пайдалану» ұғымын сипаттайды;
- табиғатты пайдаланудың қажеттілігін мысал келтіріп түсіндіреді;
- табиғатты пайдаланудың түрлерін сызба ретінде көрсетеді.
9
Бөлімше 3.1 Табиғатты пайдалану
Тақырыбы Табиғатты пайдалану түрлерінің қоршаған ортаға әсерін бағалау
Оқу мақсаты 10.3.1.2 Табиғатты пайдалану түрлерінің қоршаған ортаға
тигізетін әсерін анықтап, баға беру (жергілікті / аймақтық
компоненттің негізінде)
Бағалау критерийі Білім алушы
 Табиғатты пайдаланудың қоршаған ортаға әсерін
бағалайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
1. Төмендегі кестеде көрсетілген табиғатты пайдалау түрлерінің геожүйеге әсерін анықтаңыз.
№ Табиғатты пайдалану
түрлері
Геожүйеге тигізетін
әсері
1 Тау кен өнеркәсібі
2 Егін шаруашылығы
3 Рекреация
2. Мәтінді оқыңыз.
Қоршаған ортаға әсерді бағалау - шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған орта мен
адам денсаулығына ықтимал салдарлары бағаланатын, Қазақстан Республикасы экологиялық
заңнамасының талаптары ескеріле отырып, қолайсыз зардаптарды (табиғи экологиялық жүйелер
мен табиғи ресурстардың жойылуын, жұтаңдауын, бүлінуін және сарқылуын) болдырмау,
қоршаған ортаны сауықтыру жөніндегі шаралар әзірленетін рәсім.
а. Неліктен адам денсаулығы табиғатты пайдаланудың қоршаған ортаға әсерін бағалауда
негізгі көрсеткіші болады?
b.Қазіргі кезде қалалардың табиғатты пайдалануда қоршаған ортаға әсеріне талдау жасаңыз.
Дескриптор Білім алушы
- табиғатты пайдалау түрлерінің геожүйеге әсерін анықтайды;
- табиғатты пайдаланудың қоршаған ортаға әсерін бағалайды;
- қалалардың қоршаған ортаға тигізетін әсерін талдайды.
10
Бөлімше 3.1 Табиғатты пайдалану
Тақырып Табиғатты пайдалану түрлерінің қоршаған ортаға әсерін бағалау
Оқу мақсаты 10.3.1.3 Табиғатты пайдалану түрлерінің қоршаған ортаға тигізетін
кері әсерін азайтудың жолдарын ұсыну (жергілікті /
аймақтық компоненттің негізінде)
Бағалау критерийі Білім алушы
 Табиғатты пайдаланудың қоршаған ортаға тигізетін кері әсерін
азайтудың жолдарын көрсетеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
1.Төмендегі суретті пайдаланып тапсырмаларды орындаңыз.
Қазақстанның экологиялық «ыстық
нүктелері»
а. Экологиялық жағдайы шиеленіскен бір облысты атаңыз (маңындағы ТМД елдеріне де
қатысты болуы мүмкін).
b. Осы облыста табиғатты пайдалану салдарынан байқалаған кері әсерлерді анықтаңыз.
c. Себебін түсіндіріңіз.
d. Осы мәселелерді шешу үшін өзіңіздің құнды екі пікіріңізді ұсыныңыз.
Дескриптор Білім алушы
- экологиясы ең нашар бір облысты атайды;
- табиғатты пайдаланудан туындаған кері әсерлері анықтайды;
- табиғатқа немесе адамзатқа тигізетін кері әсерлердің себебін
түсіндіреді;
- табиғатқа тигізетін кері әсерлерді азайтудың екі жолын ұсынады;
Бөлімше 3.1 Табиғатты пайдалану
11
Тақырып Табиғатты тиімді пайдаланудың қағидаттары
Оқу мақсаты 10.3.1.4 Тиімді табиғатты пайдаланудың қағидаттарын анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
 Табиғатты тиімді пайдаланудың қағидаттарының маңыздылығын
сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
1.Төменде қоршаған ортаны қорғаудың негізгі қағидаттары ұсынылған.
Қолайлы қоршаған ортаға
және тұрақты дамуға адам
құқығының басымдылығы
қағидаты
Мем еке тің табиғи
ресурстарды пайдалануға
егеме дік қағидаты
Әрбір адамның қоршаған
ортаны қорғау ісіне қатысу
қағидаты
Қоршаған ортаны қорғаудағы
жауа тылық қағидаты
Табиғи ртаны пайдаланудағы
басымдылық қағидаты
Қоршаға ортаны ластаудың
және табиғатқа өзгед зиянды
әсер етудің алдын алу
ағидаты
Қоршаған ортаны қорғау
саласындағы тығыз
халықаралық ынтымақтастық
қағидаты
Қоршаған ортаға қатысты
мәс лелер бойынша халықтың
хабардар болу қағидаты
Жоғарыда көрсетілген қоршаған ортаны қорғау қағидаттарының бірін таңдаңыз және
маңыздылығын түсіндіріңіз.
2. Берілген мәтінді оқыңыз.
«Жасыл» экономиканы дамыту тұжырымдамасының табиғатты тиімді пайдаланудың қағидаттарын
құрастырыңыз.
Өткізілген «РИО + 20» Саммитінен кейін қазақстандық қоғамның күші «жасыл» экономикаға
ауысу бойынша стратегияны іске асыруға бағытталған. Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша
«Жасыл» экономикаға ауысу бойынша тұжырымдама әзірленді. «Жасыл» экономиканы дамытудың
жеті негізгі бағыттары бар. Сіздерге бірінші бағыты ұсынылып отыр.
Бірінші бағыт - жаңартылатын энергия көздерін енгізу. Пайдалы қазбаларды ары қарай
сақтау туралы мәселе орасан ауқымға ие болады. Біздің мемлекет табиғи қорлары өте бай ел ретінде
танылған. Мұнай, газ – бүкіл дүние жүзінде ең ірі энергетикалық қорлардың бірі ретінде
сыныпталады, бірақ тіпті олардың өзі уақыты келгенде сарқылады, демек өмір үшін жаңа ресурстар
табу қажет. Бұл ретте Қазақстаннның жақсы экожүйеге, жер қыртысына және орманға ие болуы
айғағы басқа елдер алдындағы өзінің ұстанымын айтарлықтай арттырады.
№ Табиғатты тиімді пайдаланудың қағидаттары
12
1
2
Дескриптор Білім алушы
- қоршаған ортаны қорғау қағидаттарының маңыздылығын түсіндіреді;
- табиғатты тиімді пайдаланудың екі қағидатын ұсынады;
13
2-тоқсан
Бөлім 3. Табиғатты пайдалану және геоэкология
Бөлімше 3.2 Геоэкологиялық зерттеулер негіздері
Тақырып Геоэкологияның зерттеу пәні мен өзектілігі
Оқу мақсаты 10.3.2.1 Геоэкологиялық зерттеулердің мәнін, мазмұнын, бағыттарын
және негізгі категорияларын графикалық түрде ұсыну
Бағалау критерийі Білім алушы
 Геоэкологиялық зерттеулердің мәнін, мазмұнын, бағыттарын
және негізгі категорияларын графикалық түрде көрсетеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
1.Төмендегі сызбаны толтырыңыз.
Дескриптор Білім алушы
- «Геоэкология» ғылымының мақсатын анықтайды;
- «Геоэкология» ғылымының зерттеу нысандарын анықтайды;
- «Геоэкология» ғылымының міндеттерін, зерттеу ауқымын анықтайды.
Геоэкология ғылымының
міндеттері:
Геоэкология ғылымының мақсаты
Зерттеу нысандары:
Геоэкология ғылымының зерттеу масштабы (ауқымы)
14
Бөлімше 3.2 Геоэкологиялық зерттеулер негіздері
Тақырып Геосфералардың ластануы
Оқу мақсаты 10.3.2.2 Геосфералардың ластану деңгейін анықтап, себеп-салдарын зерттеу
Бағалау критерийі Білім алушы
 Геосфералардың ластану деңгейінің себеп-салдарын
талдайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
1.Төмендегі ұғымдарды мысал келтіру арқылы түсіндіріңіз.
Геосфераның таб ғи ластануы
Геосфераның антропогендік ластануы
2. Суретте геосфераның ластануының көріністері көрсетілген.
1- сурет
a. Геосфераның ластануы ғаламдық деңгейде байқалған аймақтарға мысал келтіріңіз.
b. Ластанудың бір себебін көрсетіңіз.
с. Геосфераның ластануының салдарына аргумент келтіре отырып, жауабыңызды дәлелдеңіз.
Дескриптор Білім алушы
- геосфераның табиғи ластануы ұғымын түсіндіреді;
- геосфераның антропогендік ластануы ұғымын түсіндіреді;
- геосфераның ластануы ғаламдық сипатқа ие аймақтарды анықтайды;
- геосфераның ластануының себебін жазады;
- геосфераның ластану салдарына аргумент келтіреді;
- аргументті дәлелдейді.
15
Бөлімше 3.2 Геоэкологиялық зерттеулер негіздері
Тақырып Геоэкологиядағы антропогендік факторлар
Оқу мақсаты 10.3.2.4 Табиғатқа әсер ететін антропогендік факторларды
топтастыру және графикалық түрде ұсыну
Бағалау критерийі Білім алушы
 Табиғатқа әсер ететін антропогендік факторларды жіктейді
 Табиғатқа әсер ететін антропогендік факторларды сызба
сурет түрінде көрсетеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
1.Төменде берілген антропогендік факторларды топтастырыңыз.
ағаштарды кесіп алу, жануарларды қыру, жою, батпақтарды құрғату, су қоймаларын улау,
жерді жырту, жайылым аудандарын қысқарту, жерді жырту, ортаның ластануы, өзендерге
плотиналар салу.
Тікелей әсер етуші факторлар Жанама әсер етуші факторлар
2.Мәтінді оқыңыз.
Жаңбыр суы табиғи түрде сәл қышқылдау болып келеді. Күкірт диоксиді, азот оксидтері
мен көмірқышқыл газы сумен әрекеттесіп, қышқыл (күкірт қышқылы, азот қышқылы және
көмір қышқылын) түзеді. Көмір және мұнай электрстанциялары атмосфераға газ бен су
бөледі, ол қышқылды жаңбыр, қар немесе тұман түрінде Жер бетіне қайта түседі. Қышқылды
жаңбыр орман және көл сияқты экожүйелерге зиян келтіреді. Көлдің суы шектен тыс
қышқылданып, онда балықтар мен өзге де ағзалар тіршілік ете алмай, соңында көлдің
тіршілігін “жоюға” дейін алып келеді. Қышқылды жаңбырлар ағаштардың тамыр
жүйелерінің қоректік заттарды сіңіруіне кедергі болады, нәтижесінде ағаштардың
жапырақтары түсіп, тіршілігін жояды.Қышқылды жаңбыр (немесе құрғақ ылғал) тас
қабаттарын да жояды. Еуропа мен АҚШ-та қышқылды жаңбырдың көлемі азайтылды, алайда
қажетті технологияларды сатып алу кейбір дамушы елдер үшін мүмкін емес болуда.
a)
а. Қышқылды жаңбырдың пайда болуына әсер еткен антропогендік факторларды
атаңыз.
b. Жоғарыдағы мәтінді пайдаланып қышқылды жаңбырдың пайда болуы үрдісінің сызба
суретін сызыңыз.
16
Дескриптор Білім алушы
- тікелей әсер етуші антропогендік факторларды топтастырады;
- жанама әсер ететін антропогендік факторларды топтастырады;
- қышқылды жаңбырдың пайда болуына әсер етуші антропогендік
факторларды анықтайды;
- қышқылды жаңбырдың пайда болуын сызба сурет түрінде көрсетеді.
17
Бөлімше 3.2 Геоэкологиялық зерттеулер негіздері
Тақырып Геоэкологиядағы антропогендік факторлар
Оқу мақсаты 10.3.2.5 Табиғатқа әсер ететін антропогендік факторлардың азайту
жолдарын ұсыну
Бағалау критерийі Білім алушы
 Антропогендік факторларды азайту жолдарын ұсынады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
1. Мәтінді оқыңыз.
Парникті эффект (жылу эффекті).
Жанғыш қазбаларды өртеу және басқа да өнеркәсіптік процестер әсерінен бөлініп, атмосферада
жинақталатын көмір қышқыл газ (С02 ), көмірсутектер, яғни, метан (СН4), этан (С2Н6) және
т.бгаздары парникті эффектінің пайда болуына алып келеді. Зерттеулер бойынша СО2-нің мөлшері
ауада екі есе көбейсе, орташа температура 3°С-5°С-қа көтеріледі. Бұл өз кезегінде климаттың
ғаламдық жылуына, яғни, Антарктидадағы мұздықтардың жаппай еруіне, Әлемдік мұхиттың орташа
деңгейінің көтерілуіне, көптеген жердің су астында қалуына және басқа да жағымсыз жағдайларға
алып келеді. 1997 ж. Киото хаттамасына сәйкес, өнеркәсібі дамыған елдер 2008-2012 жылдары 1990
жылмен салыстырғанда парникті газдардың атмосфераға бөлінуін 55%-ға дейін азайту керек. 2000
жылы Гаага қаласында өткен конференцияда әрбір индустриалды елде зиянды заттарды атмосфераға
бөлуді азайтудың ұлттық саясаты жүргізілу керектігі туралы шешім қабылданды.
Сіз төмендегі маман иесі болсаңыз табиғатқа әсер ететін антропогендік факторларды азайтудың
қандай жолдарын ұсынар едіңіз?
Министр
Эколог
Ғалым
Ауыл тұрғыны
Дескриптор Білім алушы
- министр рөлінде шешу жолын ұсынады;
- эколог рөлінде шешу жолын ұсынады;
- ғалым рөлінде шешу жолын ұсынады;
- ауыл тұрғыны рөлінде шешу жолын ұсынады.
18
Бөлімше 3.2 Геоэкологиялық зерттеулер негіздері
Тақырып Ғаламдық экологиялық проблемалар
Оқу мақсаты 10.3.2.6 Ғаламдық экологиялық проблемалардың пайда
болуында географиялық заңдылықтардың орнын
анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
 Ғаламдық экологиялық проблемалардың пайда
болуында географиялық заңдылықтардың рөлін
талдайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
1. Географиялық қабықтың аса маңызды заңдылықтарына оның тұтастығы, зат және қуат
алмасуы, ырғақтылығы, зоналылық жатады. Географиялық қабықтың тұтастығына оның
құрамдас бөліктерінің өзара байланысы мен олардың бір-біріне тәуелді болуынан көрінеді.
Егер осы компоненттердің біреуі өзгеріске түссе табиғат тепе –теңдігінің заңдылығы
бұзылады, яғни қазіргі дүниежүзінде болып жатқан табиғи экологиялық өзгеріске ұшырайды.
1-сурет «Ормандардың жойылуы»
а. «Ормандардың жойылуы» ұғымын түсіндіріңіз.
___________________________________________________________________________
b. Ормандардың жойылуының екі себебін атаңыз.
___________________________________________________________________________
c. Ормандардың жойылуы үрдісінің географиялық заңдылықтарға әсерін талдаңыз.
__________________________________________________________________________
Дескриптор Білім алушы
- «Ормандардың жойылуы» ұғымын түсіндіреді;
- ормандардың жойылуының екі себебін атайды;
- ормандардың жойылу үрдісінің географиялық заңдылықтарға әсерін
талдайды.
19
Бөлімше 3.2 Геоэкологиялық зерттеулер негіздері
Тақырып Ғаламдық экологиялық проблемалар
Оқу мақсаты 10.3.2.7 Ғаламдық экологиялық проблемаларды шешудегі әлемдік
тәжірибені зерттеу
Бағалау критерийі Білім алушы
 Ғаламдық экологиялық проблемаларды шешудегі әлемдік
тәжірибелерді салыстырады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
1.Ғаламторды пайдаланып АҚШ, Швеция, Жапония, Исландия елдері ( немесе өзіңіз таңдауыңыз
бойынша елдерді алуға болады) экологиялық мәселені шешудегі тәжірибесін төмендегі сызба
бойынша анықтап, салыстырыңыздар.
Дескриптор Білім алушы
- АҚШ-тың тәжірибесін анықтайды;
- Жапонияның тәжірибесін анықтайды;
- Швецияның тәжірибесін анықтайды;
- Исландияның тәжірибесін анықтайды;
- елдердің проблемаларды шешудегі тәжірибелерін салыстырады.
АҚШ
Жапония
Швеция Исландия
Ғаламдық экологиялық проблемаларды шешудегі тәжірибелері
Нәтижесі:
20
Бөлімше 3.2 Геоэкологиялық зерттеулер негіздері
Тақырып Экологиялық проблемаларды шешудегі ғылыми-техникалық прогресс
Оқу мақсаты 10.3.2.8 Экологиялық проблемаларды шешудегі ғылыми-техникалық
прогрестің рөлін анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
 Экологиялық проблемаларды шешудегі ғылыми-техникалық
прогрестің рөлін талдайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
1. Берілген ақпаратпен танысыңыз.
Жаңа технологиялар мен тұрақты даму арасындағы үйлесімдікке ұмтылыс.
Тұрақты даму, қалыпты өсім, қоршаған орта проблемалары, технология шекаралары – онжылдық
көрмелерінің өзекті мәселелері. 2000 жылғы Ганновердегі көрменің тақырыбы «Адамзат, табиғат
және технологиялар»”, 2005 жыл Айчи – «Табиғат даналығы», 2008 жыл Сарагоса – «Су және
көңілге қонымды даму», 2010 жыл Шанхай - «Жақсы қала – жақсы өмір».Ынтымақтастық және білім
беру басымды бағыттарға айналды. «Адамзат, табиғат и технологиялар» тақырыбымен Ганноверде
өткен көрме ынтымақтастық бойынша жобалардың бүкіл әлемде, Аляскадан Гаваяға дейін дамуына
әсер етті. Шанхайдағы көрмеде бүкіл әлем қалаларының өкілдері қаладағы өмір сапасын арттыру
бойынша тәжірибе алмасты. https://balkhashlib.kz/kk/expo_2017_1
а. ЭКСПО-2017 көрмесінің негізгі идеяларын анықтаңыз.
b. Мәтінде көрсетілген әлемдік көрмелердің біреуін таңдап ЭКСПО-2017 Астана көрмесімен
салыстырып талдау жасаңыз.
с. Көрмелерде ұсынылған жаңа технологиялардың қазіргі кездегі экологиялық проблемаларды
шешудегі рөліне баға беріңіз.
Дескриптор Білім алушы
- ЭКСПО-2017 көрмесінің негізгі идеяларын анықтайды;
- әлемдік көрмелерді ЭКСПО-2017 көрмесімен салыстырады;
- жаңа технологиялардың экологиялық проблемаларды шешудегі
рөліне баға береді.
21
Бөлімше 3.2 Геоэкологиялық зерттеулер негіздері
Тақырып Қазақстанның экологиялық проблемалары
Оқу мақсаты 10.3.2.9 Қазақстан аумағын экологиялық тұрғыдан аудандастыру
негізінде экологиялық проблемалардың шешу жолдарын ұсыну
Бағалау критерийі Білім алушы
 Қазақстан аумағындағы экологиялық проблемалардың шешу
жолдарын көрсетеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
1. Оңтүстік Қазақстан, Солтүсік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Орталық Қазақстан
аймақтарының біреуін таңдаңыз.
Экологиялық проблемаларын төмендегі үлгіде зерттеңіз.
Дескриптор Білім алушы
- бір аймақтағы экологиялық проблеманы анықтайды;
- экологиялық проблемаға үш мысал келтіреді;
- себеп салдарын талдайды;
- экологиялық проблемалардың шешу жолдарын ұсынады.
Себеп
Кіріспе
(Ойыңызды айтыңыз)
Қорытынды/ шешу жолы
Себеп Себеп
Мысалдар
салдары Салдары салдары
Мысалдар Мысалдар
22
3-тоқсан
Бөлім 4. Геоэкономика
Бөлімше 4.1 Геоэкономика негіздері
Тақырыбы Геоэкономиканың зерттеу пәні мен өзектілігі
Оқу мақсаты 10.4.1.1 Геоэкономиканың мақсаты мен міндеттерін, негізгі
категорияларын түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
 Геоэкономиканың мақсаты мен міндетін, категорияларын
сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
1.Кестеге берілген сөздерді ажыратып жазыңыз.
Экономика, кеңістік, стратегия, үстемдік, өнеркәсіп географиясы, ауыл шаруашылық, транспорт,
қызмет көрсету
Геоэкономика Экономикалық география
2. Геоэкономика мен әлеуметтік-экономикалық географияның ерекшеліктері мен
айырмашылықтарын венн диаграммасы арқылы анықтаңыз.
Дескриптор Білім алушы
- геоэкономикаға қатысты сөздерді ажыратады;
- экономикалық география ғылымна қатыста сөздерді ажыратады;
- геоэкономиканың ерекшеліктерін анықтайды;
- экономикалық география ғылымының ерекшеліктерін анықтайды;
- геоэкономика мен әлеуметтік-экономикалық география ғылымының
ұқсастықтарын анықтайды.
23
Бөлімше 4.1 Геоэкономика негіздері
Тақырып Шаруашылықты ұйымдастырудың аумақтық факторлар
Оқу мақсаты 10.4.1.3 Шаруашылық салаларын орналастыруда факторлар мен
алғышарттардың жиынтығын талдау
Бағалау критерийі Білім алушы
 Шаруашылық салаларын орналастыруда факторлар мен
алғышарттардың жиынтығын талдайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
1. Қазақстандағы жанармай және энергия, металлургия, машина жасау, химия және текстиль өндіріс
орындарының біреуін таңдаңыз.
Құрылымы және ерекшеліктерін төмендегі үлгі бойынша талдаңыз.
Өндіріс орнының атауы:
Өндіріс орнының құрамы (сызбасын сызуға
болады)
Өндіріс орнын орналастырудың шарттары:
Өндіріс орнын орналастыруын төмендегі факторлар мысалында талдаңыз.
Шикізат: Су көзі:
Отын-энергия: Жұмыс күші:
Көлік: Тұтынушы:
Дескриптор Білім алушы
- өндіріс орнының құрылымы мен ерекшеліктерін талдайды.
24
Бөлімше 4.1 Геоэкономика негіздері
Тақырып Дүниежүзілік шаруашылықтың аумақтық модельдері
Оқу мақсаты 10.4.1.6 Дүниежүзі шаруашылығының аумақтық модельдерін талдау
Бағалау критерийі Білім алушы
 Дүниежүзі шаруашылығының аумақтық модельдерін талдайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
1.Экономикалық дамыған Солтүстік елдер мен Дамушы Оңтүстік елдердің бір-біріне ықпалына
талдау жасаңыз.
a) Экономикалық әсері
b) Саяси әсері
«Дүниежүзілік шаруашылықтың аумақтық модельдері»
Дескриптор Білім алушы
- дамыған және дамушы елдердің бір-біріне саяси ықпалын анықтайды;
- дамыған және дамушы елдердің бір-біріне экономикалық ықпалын
анықтайды.
25
Бөлімше 4.1 Геоэкономика негіздері
Тақырып Дүниежүзі елдерінің экономикалық даму көрсеткіштері
Оқу мақсаты 10.4.1.7 Дүниежүзі елдерінің экономикалық даму көрсеткіштерін
салыстыру (қазақстандық компонентті қосымша қамту
негізінде)
Бағалау критерийі Білім алушы
 Дүниежүзі елдерінің экономикалық даму көрсеткіштерін
салыстырады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
а. Ауылшаруашылығы бойынша ЖІӨ-нің үлесі басым елдерді анықтаңыз және себебін түсіндіріңіз.
b.Таңдауыңыз бойынша көрсетілген елдердің біреуін Қазақстаннның ЖІӨ көрсеткіштерімен
салыстырыңыз..
Дескриптор Білім алушы
- ЖІӨ бойынша үлесі көп елдерді анықтайды;
- ЖІӨ үлесінің жоғары болу себебін түсіндіреді;
- бір елдің ЖІӨ көрсеткіштерін Қазақстанмен салыстырады;
26
Бөлім 5. Геосаясат
Бөлімше 5.1 Геосаясат негіздері
Тақырып Геосаясаттың өзектілігі
Оқу мақсаты 10.5.1.1 Геосаясаттың мақсаты мен міндеттерін, зерттеу пәнін, негізгі
категорияларын түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
 Геосаясаттың мақсаты мен міндеттерін, зерттеу пәнін, негізгі
категорияларын сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
1.Төмендегі кестені толтырыңыз.
 Геосаясаттың негізгі категорияларына мысал келтіріп ауызша түсіндіріңіз.
Дескриптор Білім алушы
- Геосаясаттың мақсатын анықтайды;
- Геосаясаттың міндеттерін анықтайды;
- Геосаясаттың зерттеу пәнін анықтайды;
- Геосаясаттың негізгі категорияларына мысал келтіреді;
Геосаясаттың мақсаты:
Геосаясаттың міндеті: Геосаясаттың негізгі
категориялары:
Зерттеу пәні:
27
Бөлімше 5.1 Геосаясат негіздері
Тақырып Геосаясаттың өзектілігі
Оқу мақсаты 10.5.1.2 Негізгі геосаяси объектілер мен субъектілерді анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
 Негізгі геосаяси объектілер мен субъектілерді анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
1.Геосаяси объектілер мен субъектілерді атап жазыңыз.
Геосаяси объектілер Геосаяси субъектілер
2.Геосаясаттағы объектілердің субъектілерге немесе субъектілердің объектілерге тигізетін ықпалын
анықтаңыз.
Дескриптор Білім алушы
- геосаяси объектлерді ажыратады;
- геосаяси субъектілерді атап жазады;
- геосаясаттағы объектілердің субъектілерге немесе субъектілердің
объектілерге тигізетін ықпалын анықтайды.
28
Бөлімше 5.1 Геосаясат негіздері
Тақырып Дүниежүзінің геосаяси аймақтары
Оқу мақсаты 10.5.1.4 Түрлі көрсеткіштер немесе олардың жиынтығы бойынша
ерекшеленген геосаяси аймақтарды анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
 Ерекшеленген геосаяси аймақтарды анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
1.Төмендегі картада 1990 жылдардан бастап қазіргі уақытқа дейін келе жатқан қарулы қақтығыстар
аймағы берілген. Бұл аймақ «тұрақсыздық шеңбері» атымен белгілі.
Картаны пайдалана отырып, тапсырмаларды орындаңыз.
«Тұрақсыздық шеңберін» қамтитын негізгі мемлекеттерді атаңыз.
«Тұрақсыздық шеңберіндегі» қарулы қақтығыстардың пайда болуының екі себебін анықтаңыз.
Оның екі шешу жолын ұсыныңыз.
Дескриптор Білім алушы
- «Тұрақсыздық шеңберін» қамтитын негізгі мемлекеттерді атайды;
- қарулы қақтығыстардың пайда болуының екі себебін анықтайды;
- екі шешу жолын ұсынады.
29
Бөлімше 5.1 Геосаясат негіздері
Тақырып Геосаясаттағы географиялық факторлар
Оқу мақсаты 10.5.1.5 Геосаясаттағы физикалық-географиялық, экономикалық,
әлеуметтік, демографиялық, саяси, әскери, технологиялық
факторларға баға беру
Бағалау критерийі Білім алушы
 Геосаясаттағы факторларға баға береді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Таңдауыңыз бойынша бір елдің геосаясаттағы факторларына сипаттама беріңіз.
Елдің атауы:
Геосаясаттағы факторлар
физикалық-географиялық
экономикалық
әлеуметтік
демографиялық
саяси
әскери
технологиялық
факторлар (ҒТР)
Қорытынды:
(әлемдегі жағдайдың
ықпалы немесе
әлемге ықпалы, оның
өзгерістерін болжау)
Дескриптор Білім алушы
- физикалық-географиялық фактордың әсерін анықтайды;
- экономикалық фактордың әсерін анықтайды;
- әлеуметтік фактордың әсерін анықтайды;
- демографиялық фактордың әсерін анықтайды;
- саяси фактордың әсерін анықтайды;
- технологиялық факторлардың (ҒТР) әсерін анықтайды;
- әлемдегі жағдайдың ықпалы немесе әлемге ықпалы, оның өзгерістерін
болжап бағалайды.
30
Бөлімше 5.1 Геосаясат негіздері
Тақырып Мемлекеттік аумақтың морфологиясы
Оқу мақсаты 10.5.1.6 Мемлекеттік аумақтың морфологиялық ерекшеліктерін талдау
Бағалау критерийі Білім алушы
 Мемлекет аумағының морфологиялық ерекшеліктерін
сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
1. Мемлекет аумағының пішіні бойынша созыңқы, біртұтас, шашыраңқы, құрамында анклавы бар
елдердің біреуін таңдап талдау жасаңыз.
Елдің аты
Мемлекет аумағының пішіні
Мемлекет аумағы пішінінің артықшылығы мен кемшілігі
Мемлекет аумағы пішінінің елдің геосаясатына әсерін талдаңыз
Дескриптор Білім алушы
- елдің атауы мен мемлекет аумағының пішінін атайды;
- мемлекет аумағының пішінінің артықшылығын анықтайды;
- мемлекет аумағының пішінінің мен кемшілігін анықтайды;
- мемлекет аумағының пішіні елдің геосаясатына әсерін талдайды.
31
Бөлімше 5.1 Геосаясат негіздері
Тақырып Мемлекеттік аумақтың морфологиясы
Оқу мақсаты 10.5.1.7 Мемлекеттерді аумағының морфологиялық ерекшеліктері
бойынша жіктеу
Бағалау критерийі Білім алушы
 Мемлекет аумағының морфологиялық ерекшеліктері бойынша
топтастырады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
1.Тақырыптық карталарды қолданып, елдерді аумағының морфологиялық ерекшеліктері бойынша
жіктеңіз.
Ватикан, Бразилия, Аргентина, Канада, Алжир, Индонезия, Филиппин, Үндістан, Сауд Арабаиясы,
Италия, Оман, Кувейт, Бахрейн, Греция, Испания, ОАЭ, Жапония, Андорра, Швейцария, Венгрия,
Парагвай, Боливия, Монғолия ,Қазақстан, Чили
Созыңқы ел Біртұтас ел Шашыраңқы ел Құрамында анклавы бар ел
Дескриптор Білім алушы
- созыңқы елдерді жіктейді;
- біртұтас елдерді жіктейді;
- шашыраңқы елдерді жіктейді;
- құрамында анклавы бар елдерді жіктейді.
32
Бөлімше 5.1 Геосаясат негіздері
Тақырып Мемлекеттік аумақтың морфологиясы
Оқу мақсаты 10.5.1.8 Қазақстан Республикасы мемлекеттік аумағының
морфологиялық ерекшеліктеріне кешенді баға беру
Бағалау критерийі Білім алушы
 Қазақстан Республикасы мемлекеттік аумағының морфологиялық
ерекшеліктерін бағалайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
1. Жоспар бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік аумағының морфологиялық
ерекшеліктеріне кешенді баға беріңіз.
Елдің атауы
Мемлекет аумағының пішіні
Мемлекет аумағы пішінінің артықшылығы мен кемшілігі
Мемлекет аумағының пішіні елдің геосаясатына әсері
Қазақстан астанасының елдің орталығында орналасуын геосаяси тұрғыдан сипаттаңыз
Дескриптор Білім алушы
- елдің атауы мен мемлекет аумағының пішінін атайды;
- мемлекет аумағының пішінінің артықшылығын анықтайды;
- мемлекет аумағының пішінінің кемшілігін анықтайды;
- мемлекет аумағының пішіні елдің геосаясатына әсерін сипаттайды;
- Қазақстан астанасының елдің орталығында орналасуын геосаяси тұрғыдан
сипаттайды.
33
Бөлімше 5.1 Геосаясат негіздері
Тақырып Мемлекеттік шекара
Оқу мақсаты 10.5.1.9 Мемлекеттік шекаралардың функциясын, түрлерін, анықтау
және белгілеу шараларын талдау
Бағалау критерийі Білім алушы
 Мемлекеттік шекаралардың функциясын, түрлерін, анықтау,
белгілеу шараларын талдайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
1.Төмендегі кестені толтырыңыз.
a.Шекараның атқаратын функциясын сипаттаңыз.
b.Мемлекеттік шекараны белгілеудің екі себебін түсіндіріңіз.
Дескриптор Білім алушы
- мемлекеттік шекараның түрлерін атайды;
- мемлекеттік шекараның атқаратын функциясын сипаттайды;
- мемлекеттік шекараны белгілеудің екі себебін түсіндіреді.
Мемлекеттік шекараның
түрлері
34
4-тоқсан
Бөлім 6. Елтану
Бөлімше 6.1 Дүниежүзі аймақтары
Тақырып Кешенді географиялық аудандастыру
Оқу мақсаты 10.6.1.1 Дүниежүзінің түрлі белгілер бойынша физикалық
географиялық, тарихи-мәдени, саяси-географиялық,
геосаяси аудандарға бөлінуін түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
 Дүниежүзінің түрлі белгілер бойынша геосаяси
аудандарға бөліну себептерін түсіндіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
1. Төменде тарихи-географиялық аймақтар тізімі берілген.
1) Батыс Еуропа
2) Шығыс Еуропа
3) Тәуелсіз мемлекеттер достастығы (ТМД)
4) Оңтүстік Батыс Азия
5) Оңтүстік Азия
6) Орталық және Шығыс Азия
7) Оңтүстік-Шығыс Азия
8) Солтүстік Америка
а.Таңдауыңыз бойынша бір тарихи-географиялық аймақты кескін картаға белгілеп көрсетіңіз.
b. Осы тарихи-географиялық аймақтың бөліну себептерін түсіндіріңіз.
1) Географиялық орнына байланысты
2) Тарихи себептерге байланысты
3) Әлеуметтік-экономикалық, саяси
4) Мәдениет және тұрмыс салты
5) Этникалық және діни ерекшеліктері бойынша
Дескриптор Білім алушы
- тарихи-географиялық аймақты кескін картаға белгілейді;
- тарихи-географиялық аймақтың бөліну себептерін түсіндіреді.
9) Латын Америкасы
10) Солтүстік Африка
11) Батыс Африка
12) Орталық Африка
13) Шығыс Африка
14) Оңтүстік Африка
15) Аустралия
16) Мұхит аралдары
35
Бөлімше 6.1 Дүниежүзі аймақтары
Тақырып Кешенді географиялық аудандастыру
Оқу мақсаты 10.6.1.2 Дүниежүзінің тарихи-географиялық аймақтарын,
олардың
құрамы мен ерекшеліктерін, географиялық
сипаттамасын
шығармашылық түрде ұсыну
Бағалау критерийі Білім алушы
 Дүниежүзінің тарихи-географиялық аймақтарын, олардың
құрамы мен ерекшеліктерін шығармашылық түрде
көрсетеді.
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
1.Дүниежүзінің тарихи-географиялық аймақтарға бөлінуі картасымен танысыңыз.
а.Кескін картаға Африка материгінің төрт тарихи-географиялық аймақтарының шекарасын
белгілеңіз.
b. Санмен көрсетілген елдерді анықтаңыз.
с.Тарихи-географиялық ауданға бөліну себебін түсіндіріңіз.
d. Африка материгінің тарихи-географиялық аймақтарының ерекшеліктерін постер/
презентация түрінде ұсыныңыз.
Шартты белгі:
36
Дескриптор Білім алушы
- Африка материгінің төрт тарихи-географиялық аймақтарының
шекарасын кескін картаға белгілейді;
- санмен көрсетілген елдердің атауын анықтайды;
- тарихи-географиялық ауданға бөліну себебін түсіндіреді;
- Африка материгінің тарихи-географиялық аймақтарының ерекшеліктерін
постер/ презентация түрінде ұсынады;
37
Бөлімше 6.2 Дүниежүзі елдері
Тақырып Салыстырмалы елтану
Оқу мақсаты 10.6.2.1 Дүниежүзі елдерін салыстыруда қолданылатын
белгілерді
анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
 Дүниежүзі елдерінің экономикалық, әлеуметтік, саяси даму
көрсеткіштерін топтастырады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
1. Төменде дүниежүзі елдерін салыстыруда қолданылатын көрсеткіштер тізімі ұсынылған.
Оларды экономикалық, саяси, әлеуметтік топтар бойынша жіктеңіз.
ЖІӨ, гендерлік саясат, ЖҰӨ жан басына шаққандағы ЖІӨ, мемлекеттік құрлымы,
СҚП – сатып алу қабілетінің паритеті, бай және кедей, АДИ, сауаттылық деңгейі,
орташа өмір сүру жасы, басқару формасы, , саяси режим түрлері.
Экономикалық: Әлеуметтік: Саяси:
Дескриптор Білім алушы
- экономикалық көрсеткіштерді жіктейді;
- әлеуметтік көрсеткіштерді жіктейді;
- саяси көрсеткіштерді жіктейді.
38
Бөлім 6. Елтану
Бөлімше 6.2 Дүниежүзі елдері
Тақырып Салыстырмалы елтану
Оқу мақсаты 10.6.2.2 Дүниежүзі елдерін салыстыруда қолданылатын
көрсеткіштердің бірін есептеу әдісін түсіндіру (таңдау
бойынша: ЖШӨ, ЖҰӨ, оның ішінде жан басына шаққанда,
СҚП – сатып алу қабілетінің паритеті, гендерлік тепе-теңдік
және т.с.с.)
Бағалау критерийі Білім алушы
 Дүниежүзі елдерінің экономикалық, әлеуметтік дамудың
көрсеткіштерін есептейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Төменде Қазақстанның ЖІӨ құрайтын салалардың құны туралы сан мәлімет көрсетілген.
ЖІӨ құрайтын салалар Млрд доллар Елдің халқы
Жалақы 15 млрд 18 356 890 млн
Дайын тауардың құны 30 млрд
Тауардың экпорттық құны 100 млрд
Мемлекеттік қаржылық шығын 25 млрд
Тауардың тұтынуының құны 40 млрд
Салықтан түскен ақшы 21 млрд
а. ЖІӨ-ді есептеңіз. Есептеу үрдісін толық жазып көрсетіңіз.
b. Жан басына шаққанда ЖІӨ-ді есептеңіз. Есептеу үрдісін түсіндіріңіз
Дескриптор Білім алушы
- ЖІӨ-ді есептей алады;
- ЖІӨ-ді есептеу жолын түсіндіреді;
- Жан басына шаққанда ЖІӨ-ді есептей алады;
- Жан басына шаққанда ЖІӨ-ді есептеу жолын түсіндіреді.
39
Бөлімше 6.2 Дүниежүзі елдері
Тақырыбы Салыстырмалы елтану
Оқу мақсаты 10.6.2.3 Көрсеткіштердің бірі бойынша графикалық түрде
дүниежүзі елдерінің рейтингін көрсету (таңдау
бойынша)
Бағалау критерийі Білім алушы
 Елдердің экономикалық көрсеткіштерін графикалық
түрде көрсетеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
1. Кестеде 2017 жылы сатып алу қабілетінің паритеті бойынша есептелген елдердің жан
басына шаққандағы ЖІӨ бойынша елдер көрсеткіштері көрсетілген.
Иеленетін орны Ел атауы ЖІӨ
Млрд $
Жан басына
шаққандағы ЖІӨ
$
1 Катар 341 129959.03
83 Қытай 23159 16171.99
189 ОАР 3,37 694.63
а. Кестеде көрсетілген елдер бойынша берілген көрсеткіштің біреуін таңдап
салыстырмалы сызықтық графигін сызыңыз.
b. Елдерді көрсеткіштері бойынша салыстырып талдау жасаңыз.
1. Берілген графиктердің ішіндегі ЖІӨ жоғары елді атаңыздар
2. Берілген графиктердің ішіндегі ЖІӨ төмен елді атаңыздар
3. Неге Қытайдың жанбасына шаққанда ЖІӨ төмен болып келеді, 1 мысал
келтіріңіз
4. Елдің ЖІӨ-нің артуына әсер тигізетін бір факторды түсіндіріңіз.
Дескриптор Білім алушы
- салыстырмалы сызықтық графигін сызады;
- графиктердің ішіндегі ЖІӨ жоғары елді атайды;
- графиктердің ішіндегі ЖІӨ төмен елді атайды;
- Қытайдың жанбасына шаққанда ЖІӨ төмен болу себебіне мысал
келтіреді;
- ЖІӨ-нің артуына әсер тигізетін бір факторды түсіндіреді.
40
Бөлімше 6.2 Дүниежүзі елдері
Тақырып Салыстырмалы елтану
Оқу мақсаты 10.6.2.5 Жиынтық көрсеткіштер бойынша есептелінетін дүниежүзі
елдерінің рейтингтерін графикалық түрде көрсету
Бағалау критерийі Білім алушы
 Жиынтық көрсеткіштер бойынша есептелінетін дүниежүзі
елдерінің рейтингтерін графикалық түрде ұсынады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
1. Берілген мәліметтерді пайдаланып «Қазақстанның БҰҰ Адам даму индексі рейтингінде»
тақырыбында инфографика құрастырып сыныпқа ұсыныңыз.
Қазақстандағы адамның даму деңгейі жоғары елдер тобына кіреді және 2015 жылы осы
көрсеткіш бойынша 56-орынды иеленді.
(2014 жылмен салыстырғанда 14 тармаққа жоғарылады) АДИ 0,788 құрады. (2014 ж
0,757) өмір сүру ұзақтығының көрсеткіші 69,4 жас (2014 ж 66,5) оқуға жұмсалған
жылдардың орташа саны -11,4 ж (2014 ж 10,4) ал білім алу ұзақтығының көрсеткіші
өзгеріссіз қалып отыр 15 ж. Адам басына шаққандағы жалпы ұлттық табыс 20,876
доллларға жетті. (2014 ж19,441 доллар)
Дескриптор Білім алушы
- инфографикада тақырып мазмұнын толық ашып көрсетеді;
- көрсетілген сан мәліметтердің бір-бірімен байланысын анықтайды;
- инфографика жасау дизайыны, талаптарын орындайды.
41
Бөлімше 6.2 Дүниежүзі елдері
Тақырып Салыстырмалы елтану
Оқу мақсаты 10.6.2.6 Елдің рейтингте орналасқан орына әсер ететін
географиялық, әлеуметтік, экономикалық және саяси
факторларды анықтау (таңдау бойынша рейтингтің басында,
ортасында және соңында орналасқан үш елдің мысалында)
Бағалау критерийі Білім алушы
 Дүниежүзі елдерінің рейтингтеріне әсер ететін әлеуметтік,
экономикалық және саяси факторларды анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
1. Төмендегі кестеде елдердің АДИ бойынша көрсеткіштері ұсынылған. (2015ж)
Иеленетін орны Ел атауы ЖІӨ
Млрд $
Жан басына
шаққандағы ЖІӨ
$
1 Норвегия 0,95 129959.03
56 Қазақстан 0,79 16171.99
188 ОАР 0,35 694.63
Таңдауыңыз бойынша бір елдің АДИ көрсеткіштері неліктен жоғары/ орташа/ төмен
болуының физикалық, экономикалық, әлеуметтік және саяси себептерін анықтаңыз.
Дескриптор Білім алушы
- АДИ көрсеткіштеріне әсер ететін экономикалық
себептердіанықтайды;
- АДИ көрсеткіштеріне әсер ететін әлеуметтік себептерді
анықтайды;
- АДИ көрсеткіштеріне әсер ететін саяси себептерді анықтайды.
42
Бөлім 7. Адамзаттың ғаламдық проблемалары
Бөлімше 7.1 Ғаламдық проблемаларды шешу
Тақырып Ғаламдық проблемалардың географиялық аспектілері
Оқу мақсаты 10.7.1.1 Адамзаттың дамуындағы проблемаларын топтастыру
Бағалау критерийі Білім алушы
 Адамзат дамуындағы проблемаларды жіктейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
1.Төменде елдердің даму картасы көрсетілген. (БҰҰ-ның Даму Бағдарламасы, 2013 жыл)
а. Экономикасы жоғары деңгейде дамыған елдердің таралуын сипаттаңыз.
b. Екі себебін түсіндіріңіз.
с. Осы елдердедегі ғаламдық проблемаларды топтастырыңыз.
Дескриптор Білім алушы
- экономикасы жоғары деңгейде дамыған елдердің таралуын сипаттайды;
- себебін түсіндіреді;
- ғаламдық проблемаларды топтастырады.

Комментарии:
Сабақ жоспарлары барлық пәннен ҚМЖ, ОМЖ, ҰМЖ | Планы КСП ССП ДСП
Электронная почта: [email protected] Ватсап: 8(707) 403-01-01 © 2019-2020