» » ТЖБ ҚЖБ География 10 сынып (жаратылыстану-математика бағыты)

ТЖБ ҚЖБ География 10 сынып (жаратылыстану-математика бағыты)

03 сентябрь 2019, Вторник
325
0

«География» пәнінен
қалыптастырушы бағалауға арналған
тапсырмалар жинағы
10 сынып
(жаратылыстану-математика бағыты)
Нұр-Сұлтан, 2019
2
Құрметті мұғалім!
Аталған тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге көмек
құралы ретінде құрастырылды. Бұл мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі. Бағалау
критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды өткізуге,
сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, оқу мақсатына
жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып табылады.
Жинақтың ұсынылған сипаты сізге білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін
есепке ала отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуіңізге, бейімдеуіңізге
мүмкіндік береді.
Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.),
форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері»
ДББҰ smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз.
Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!
Жинақ негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік
және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио
материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық емес
мақсатта құрастырылған.
3
МАЗМҰНЫ
1 тоқсан ...................................................................................................................................................... 4
Бөлім 1. Географиялық зерттеулер әдістері ...................................................................... 4
Бөлім 2. Картография және геоинформатика ................................................................... 5
Бөлім 3. Табиғатты пайдалану және геоэкология ............................................................ 6
2 тоқсан ...................................................................................................................................................... 9
Бөлім 3. Табиғатты пайдалану және геоэкология ............................................................ 9
3 тоқсан .................................................................................................................................................... 18
Бөлім 4. Геоэкономика ...................................................................................................... 18
Бөлім 5. Геосаясат ............................................................................................................. 23
4-тоқсан .................................................................................................................................................... 30
Бөлім 6.Елтану ................................................................................................................... 30
Бөлім 7. Адамзаттың ғаламдық проблемалары .............................................................. 34
4
1 тоқсан
Бөлім 1. Географиялық зерттеулер әдістері
Бөлімше 1.1 Жалпыгеографиялық әдістер
Тақырып Зерттеу әдістерінің түрлері
Оқу мақсаты 10.1.1.5 Зерттеу тақырыбына сәйкес аудандастыру әдістерін
қолданады
Бағалау критерийі Білім алушы
 Тақырыпқа сәйкес аудандастыру әдісін қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
1. Қазақстанның физикалық географиялық аудандастыруға қатысты картаға мұқият қараңыз.
Қазақстанда 9 физикалық-географиялық аудан бар. Картада берілген сандарды физ-географиялық аудан атауларымен сәйкестендіріңіз.
Жауап Географиялық нысандар
Сауыр Тарбағатай
Шығыс Еуропа жазығы
Жоңғар (Жетісу) Алатауы
Тұран жазығы
Алтай-Саян
Дескриптор Білім алушы
- Сауыр Тарбағатайды картадағы санмен сәйкестендіреді;
- Шығыс Еуропа жазығы картадағы санмен сәйкестендіреді;
- Жоңғар (Жетісу) Алатауы картадағы санмен сәйкестендіреді;
- Тұран жазығын картадағы санмен сәйкестендіреді;
- Алтай-Саян тауларын картадағы санмен сәйкестендіреді.
5
Бөлім 2. Картография және геоинформатика
Бөлімше 2.2 Геоинформатика негіздері
Тақырып Географиялық деректер базасы
Оқу мақсаты 10.2.2.1 Microsoft Excel бағдарламасының қолданысымен тақырыпқа
сәйкес географиялық деректер базасын құрастыру
Бағалау критерийі Білім алушы
 Тақырыпқа сәйкес деректер базасын құрастырады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
1. Таңдау бойынша жер шарындағы үлкен көпірлер туралы деректерді Microsoft Excel
бағдарламасы негізінде құрастырыңыз.
Көпір атауы Орналасқан
жері
Салынған уақыты Ұзындығы Биіктігі
2. Microsoft Excel бағдарламасының жұмысын талдаңыз.
Microsoft Excel бағдарламасы қолданатын салаларды атаңыз.
Бұл бағдарламаны қолданудың маңыздылығын атаңыз.
Бағдарламаның мүмкіншіліктерін атап, жазыңыз
Дескриптор Білім алушы
- жер шарындағы үлкен көпірлер туралы деректерді Microsoft Excel
бағдарламасы негізінде құрастырады;
- Microsoft Excel бағдарламасының жұмысына талдау жүргізеді.
6
Бөлім 3. Табиғатты пайдалану және геоэкология
Бөлімше 3.1 Табиғатты пайдалану түрлері
Тақырып Табиғатты пайдалану түрлері
Оқу мақсаты 10.3.1.1 Табиғатты пайдаланудың қажеттілігін түсіндіріп,
түрлерін (шаруашылық тұрғысынан) анықтау,
графикалық түрде ұсыну
Бағалау критерийі Білім алушы
 Шаруашылық типтеріне қарай табиғатты пайдаланудың
қажеттілігін сипаттайды
 Нәтижесін графикалық түрде бейнелейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
1. Мәтіндегі ақпаратпен танысыңыз.
Дүниежүзіндегі елдердің табиғат ресурстарымен қамтамасыз етілу дәрежесі әркелкі.
Табиғат ресурстарымен қамтамасыз етілу көрсеткіші алуан түрлі ресурстардың қор
мөлшерінің арақатынасымен және оның пайдаланылу ауқымымен байланысты.
Дүниежүзілік шаруашылықтың күрделі жүйесінде және еңбектің халықаралық
үлестірілуінде экономикасы дамыған елдер, негізінен, тұтынушы болса, ал дамушы елдер —
шикізат ресурстарын өндіруші әрі экспорттаушы болып табылады. Дегенмен көптеген
жоғары дәрежеде дамыған елдер де ресурстардың ірі қорына ие, олар кейбір ресурс түрлерін
өндіруден әлемдік жетекші болуы да мүмкін. Жалпы алғанда, осы айтылғандай
дүниежүзілік экономикада мамандану бір жағынан, дүниежүзіндегі елдердің тарихи және
әлеуметтік-экономикалық даму деңгейімен, екінші жағынан, жекелеген ресурс түрлерінің
Жер шарындағы таралу ерекшеліктерімен түсіндіріледі. Ресурстардың көпшілігі дамушы
елдердін, аумақтарында орналасқан.
Қазақстандағы табиғи қорларды тиімді пайдалану республиканың даму болашағы
үшін маңызы зор. Алайда аумақты игеруге қатаң табиғат жағдайлары кедергі келтіреді.
Табиғи қорларды игеру мәселесі табиғатты қорғаудың түйінді мәселелерін де туғызады.
Табиғи қорларды игерудегі жіберілген қателіктер табиғаттың қай қоры болмасын
таусылмайды деген жаңсақ ұғымның үстем болуына байланысты болды. Осының
салдарынан табиғаттағы тепе-теңдік бұзылды. Мұны су қорын пайдалану мысалынан айқын
көруге болады. Республика үшін су қорын тиімді пайдаланудың маңызы зор. Өйткені дамып
келе жатқан өнеркәсіп пен суармалы егіншілік алқаптарының ұлғаюы суды көп қажет етеді.
а) Талқылауға арналған сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Табиғат ресурстарының мол қоры даму дәрежесіне қарай қандай
мемлекеттерге тиесілі?
2. Дамыған елдер табиғат ресурстарын шаруашылықта қолдануда үнемдеуді
қалай іске асырады?
3. Табиғатты тиімсіз пайдаланудың әсері қоршаған орта мен адамзатқа қалай
әсер етеді?
Табиғатты пайдалану ҚР қалай реттеледі?
4. Қазақстанда минералды ресурстар қоры көп, ал су ресурстарының аз болу
себебін қалай түсіндіресіз?
5. Су ресурстарын үнемді қолдану үшін қандай шаралар жасауға болады?
7
2. Табиғи ресурстардың түрлерін пайдаланудың шаруашылық салалары бойынша жіктелуін,
тиімді және тиімсіз пайдалану жолдарын сызба түрінде ұсыныңыз.
(Мысалы: жер, орман, су, пайдалы қазбалар)
Дескриптор Білім алушы
- табиғатты пайдалану түрлерін мемлекеттердің даму деңгейіне
қарай анықтайды;
- дамыған елдердің табиғи ресурстарды үнемдеу қалай іске асып
жатқандығын баяндайды;
- Қазақстандағы табиғат ресурстарын игерудегі қиындықтарды
сипаттайды;
- табиғатты пайдаланудың қажеттілігін графикалық түрде
бейнелейді.
8
Бөлімше 3.1 Табиғатты пайдалану
Тақырып Табиғатты пайдалану түрлерінің қоршаған ортаға әсерін бағалау
Оқу мақсаты: 10.3.1.3 Табиғатты пайдалану түрлерінің қоршаған ортаға
тигізетін кері әсерін азайтудың жолдарын ұсыну
(жергілікті / аймақтық компоненттің негізінде)
Бағалау критерийі: Білім алушы
 Табиғатты пайдаланудың қоршаған ортаға теріс әсерін
азайту жолдарын ұсынады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
1. 1. Табиғатты пайдалану түрлерінің қоршаған ортаға теріс әсерін азайту жолдарын
ұсыныңыз.
2.
Тау-кен өндірісі Ауыл
шаруашылығы
Металлургиялық
кәсіпорындар
Қоршаған ортаға
тигізетін әсері
Қоршаған ортаға
теріс әсерін
азайту жолдары
Дескриптор Білім алушы
- тау-кен өндірісінің қоршаған ортаға теріс әсерін азайту жолдарын
ұсынады;
- ауыл шаруашылығы қоршаған ортаға теріс әсерін азайту жолдарын
ұсынады;
- металлургиялық кәсіпорындардың қоршаған ортаға теріс әсерін
азайту жолдарын ұсынады.
9
2 тоқсан
Бөлім 3. Табиғатты пайдалану және геоэкология
Бөлімше 3.2 Геоэкологиялық зерттеулер негіздері
Тақырып Геоэкологияның зерттеу пәні мен өзектілігі
Оқу мақсаты 10.3.2.1 Геоэкологиялық зерттеулердің мәнін, мазмұнын,
бағыттарын графикалық түрде ұсыну
Бағалау критерийі Білім алушы
 Геоэкологиялық зерттеулердің мәнін, мазмұнын және
бағыттарын графикалық түрде көрсетеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
1."Қарлы кесек" әдісі бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
а. Геоэкологияның негізгі екі мақсатын атаңыз.
b. Геоэкологиялық зерттеулердің негізгі принциптері қандай?
c. Геоэкологиялық зерттеу әдістерін қандай топтарға бөлуге болады?
d. Экожүйелік тұжырымдаманың мәні қандай?
2. Геоэкологиялық зерттеулердің мазмұны мен бағыттары туралы ақпараттарды ментальды
картада бейнелеңіз.
Ментальды карталарды құрудың негізгі принциптері:
1) Қағаз парағын алып, ортасында бір сөзбен картаға жазылған басты тақырыпты
жазыңыз. Оны жабық циклге қосыңыз.
2) Орталық тақырыптан қосымша тақырыпшалар құрыңыз және онымен байланысты
түйінді сөздерді орналастырыңыз.
3) Картаны кеңейтуді жалғастырып, тақырыптар таусылғанға дейін түйінді тармақтар
мен қосалқы бөлімшелерді қосыңыз.
Дескриптор Білім алушы
- «Қарлы кесек» әдісі арқылы сұрақтарға жауап береді;
- геоэкологиялық зерттеулердің мәні, мазмұны және
бағыттары туралы ақпаратты ментальды картада көрсетеді.
10
Бөлімше 3.2 Геоэкологиялық зерттеулер негіздері
Тақырып Геоэкологиялық аудандастыру
Оқу мақсаты 10.3.2.4 Дүниежүзі аумағын ластану және табиғи ортаның бұзылу
деңгейі бойынша аудандастыру
Бағалау критерийі Білім алушы
 Дүниежүзі аумағын ластану және табиғи ортаның бұзылу
деңгейі бойынша аудандарды анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді оқыңыз.
Аймақтық экологиялық проблемалар.Ормандардың азаюы.
Жаңбырлы тропикалық ормандар оттегінің басты көзі және оттегі тепе-теңдігін сақтауда
үлкен роль атқарады. Сондықтан тропикалық ормандарды «планетаның жасыл өкпесі»
деп те атайды. Соңғы 50 жылда адамның қатысуымен Жер бетіндегі ормандардың 2/3
бөлігі, ал соңғы 100 жылда Жер бетіндегі орман массивтерінің 40% жойылған. Жыл
сайын дүние жүзінде 15-20 млн гектар (Финляндия аумағындай) тропикалық ормандар
жойылуда. Соңғы 10 жыл ішінде ормандардың жойылу қарқыны 90%-ға өсіп, жылына
1,8%-ды құрайды. Ең көп шығынға ұшырап жатқан елдердің қатарына Бразилия ,
Мексика, Үндістан, Тайланд жатады. Егер тропикалық ормандар осындай қарқынмен
жойыла берсе 30-40 жылдан соң Жер бетінде мұндай ормандар қалмайды. Тропикалық
ормандар аумағының азаюы әсерінен атмосферадағы оттегінің мөлшері XX ғасырдың
ортасымен салыстырғанда жыл сайын 10-12 млрд тоннаға азайып, ал көмір қышқыл
газының мөлшері 10-12%-ға көбеюде, яғни, оттегі тепе- теңдігінің бұзылу қаупі бар.
а.Ормандардың азаюы байқалатын геоэкологиялық аймақтарды кескін картаға
белгілеңіз.
11
b.Аймақтарды экологиялық аудандастыру үшін төмендегі санаттардың қайсысына
жатқызар едіңіз, себебін түсіндіріңіз:
 қанағаттанарлық;
 алаңдаушылық;
 дағдарысты;
 сын көтермейтін (нашар)
Ормандардың жойылуының басты екі себебін көрсетіңіз.
1)
2)
Дескриптор Білім алушы
- ормандардың азаюы байқалатын геоэкологиялық аймақтарды кескін
картада көрсетеді;
- аумақтың ластану және табиғи ортасының бұзылу денгейі бойынша
топтастырады;
- ормандардың жойылуының басты екі себебін көрсетеді.
12
Бөлімше 3.2 Геоэкологиялық зерттеулер негіздері
Тақырып: Геоэкологиядағы антропогендік факторлар
Оқу мақсаты: 10.3.2.5 Табиғатқа әсер ететін антропогендік факторларды
топтастыру және графикалық түрде ұсыну
Бағалау критеийі: Білім алушы
 Табиғатқа әсер ететін антропогендік факторларды
жіктейді, графикалық түрде көрсетеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
1. Берілген мәтінді пайдаланып табиғатқа әсер ететін антропогендік факторлардың түрлерін
анықтаңыз.
Антропогендік фактор (грек. anthropos – адам, genos – тегі, пайда болуы, лат. factor – іс-әрекет) – адамның барлық тірі организмдердің мекен ортасы ретіндегі табиғатты өзгертуіне
әкеп соғатын немесе олардың тіршілігіне тікелей әсер ететін сан алуан әрекеттері.
Антропогендік факторларды 3 топқа бөлуге болады: кенеттен басталған, қарқынды және
қысқа мерзімді қызметтің нәтижесінде қоршаған ортаға тікелей ықпал ететін, тайга арқылы
автокөлік немесе теміржол салу, белгілі бір жерде маусымдық аң аулау, жанама әсер ету.
Антропогендік факторға қоршаған ортаға адамның тигізген іс-әрекетінің нәтижесінде
атмосфера, өзен-көл және мұхит құрамының өзгеруі, сондай-ақ технология қалдықтар мен
радиоактивтік заттардың әсерінен топырақтың ластануы, сөйтіп, жалпы экожүйенің құрамы
мен құрылысының бұзылуы жатады.
Қазіргі кезде адамның іс-әрекетінің кең көлемде бүкіл биосфераға ерекше әсер етуі жер
шарының барлық аймақтарында айқын байқалуда. Жыл сайын 16,8 млн. га тропиктік
ылғалды орман жойылатыны, жерді дұрыс пайдаланбау салдарынан жыл сайын 6 млн. га
шөл пайда болатыны, қышқыл жаңбырдан 50 млн. га орманның зақымдалғаны, жыл сайын
біздің планетамызда жыртылатын жердің 26 млрд. т құнарлы қабаты жойылатыны,
өсімдіктердің 25 – 30 мың түрі жойылып кету қаупінде тұрғаны атап көрсетілген.
Қазақстанда Арал өңірінің, Семей жерінің, Балқаш маңының, Каспий алқабының
экологиялық апатты аймақтарға айналуына антропогендік факторлар негіз болып отыр.
2. Антропогендік факторлардың табиғатқа әсерін график түрде бейнелеңіз.
Дескриптор Білім алушы
- антропогендік факторлардың түрлерін анықтайы;
- антропогендік факторлардың табиғатқа әсерін график түрінде
көрсетеді.
13
Бөлімше 3.2 Геоэкологиялық зерттеулер негіздері
Тақырып: Геоэкологиядағы антропогендік факторлар
Оқу мақсаты: 10.3.2.6 Табиғатқа әсер ететін антропогендік факторлардың
азайту жолдарын ұсыну
Бағалау критерийі: Білім алушы
 Табиғатқа әсер ететін атропогендік факторлардың азайту
жолдарын көрсетеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
1.Төмендегі суреттерді пайдалана отырып, тапсырманы орындаңыз.
а. Табиғатқа әсер ететін антропогендік факторлардың түрлерін (физикалық, химиялық,
биологиялық) ажыратыңыз.
b. Осы антропогендік факторлардың түрлерінің табиғатқа тигізетін жағымсыз жақтарын
азайту жолдарын ұсыныңыз.
Дескриптор Білім алушы
- табиғатқа әсер ететін антропогендік факторлардың түрлерін
жіктейді;
- табиғатқа тигізетін әсерінің азайту жолдарын ұсынады.
14
Бөлімше 3.2 Геоэкологиялық зерттеулер негіздері
Тақырып: Ғаламдық экологиялық мәселелер
Оқу мақсаты: 10.3.2.7 Ғаламдық экологиялық проблемалардың пайда болу
механизмін түсіндіру
Бағалау критерийі: Білім алушы
 Ғаламдық экологиялық проблемалардың туындау
механизмін көрсетеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді оқыңыз.
Қала экологиясы мысалында, ғаламдық экологиялық проблемалардың туындау механизмін
инфографика түрінде сипаттаңыз.
Урбанизация (адамның планета территориясын игеруі және өзіне қажетті обьектілерді
салуы) табиғатқа елеулі әсер етеді. Халықтың сапалы тіршілігін қамтамасыз ету үшін оның
жолдарын, құралдарын, әдістері мен шешімдерін экологиялық негізделген жағдаймен
шешуді урбоэкология (қала салудағы экология) саласы қарастырады. Қалалардағы адам
мен табиғат үшін қолайлы ортаны сол жерде өмір сүретін тұрғындардың психологиялық,
әлеуметтік жайлылығы, қаланың үйлесімді, орнықты әлеуметтік және экономикалық
дамуы қамтамасыз етеді. Қалалық орта сонда тұратын халық үшін жоғары дәрежеде және
әрқалай әсер ететін табиғи, табиғи-антропогендік және әлеуметтік-экономикалық кешенді
факторлар болып табылады. Адамның қаладағы өмірі - бұл пәтер ішіндегі ортаның,
пәтерден тыс ортаның (өндіріс орыны, көше, транспорт және т.б), мәдени ландшафтар
ортасының (бақтар, саябақтар), табиғи ортаның, сондай-ақ әлеуметтік-психолоғиялық және
әлеуметтік-экономикалық орталардың жиынтығы.
Жер бетіндегі адамдардың көпшілігі күнделікті өз қажеттіліктерін қанағаттандыруға
қолайлы қалада тұратыны мәлім. Алайда қалалар негізгі экологиялық мәселелердің де
орталығы болып табылады. 2001 жылы тарихта алғаш рет қалалардағы тұратын халық
саны планетадағы адамдардың 50%- нан асты. Соңғы ғасыр ішінде қалаларға байланысты
ауқымды экологиялық қиыншылықтар байқала бастады, олар:
 көптеген қалалардағы ластанудың өсуі, ластағыштардыңқоршаған орта мен адам
организміне түсуі;
 қала аумақтары мен қала халқы санының өсуі, халықтың тығыз орналасуы,
мегаполистердің халық саны ондаған миллионға жететін одан да ірі урбоареалдарға
айналуы;
 табиғатты ығыстыру, табиғи ландшафтардың жасандыландшафтарға ауысуы;
 адамның табиғатпен тікелей байланысының (көзбен, иіссезу, түйсік, дыбыс арқылы)
жоғала бастауы, табиғи сезім мүшелерінің жағымсыз жасандыға ауысуы және олардың
қарқынды түрде өсуі;
 адамның табиғи биологиялық ырғағына әсер (түннің шектентыс жарық болуы,
шуыл, ұйықтау орнына түнде жұмыс істеу және т.б.).
Дескриптор Білім алушы
- қала экологиясы механизмін сипаттайды;
- ғаламдық проблеманың туындау механизмін инфографика
түрінде көрсетеді.
15
Бөлімше 3.2 Геоэкологиялық зерттеулер негіздері
Тақырып: Ғаламдық экологиялық мәселелер
Оқу мақсаты: 10.3.2.9 Ғаламдық экологиялық проблемаларды шешудегі
әлемдік тәжірибені зерттеу
Бағалау критерийі: Білім алушы
 Экологиялық проблемаларды шешуде алдыңғы
қатардағы елдердің тәжірибесін зерттейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
1. Мәтінді оқыңыз.
Германияның экологиялық саясаты.
Германия табиғатты қорғау саласында дәстүрге ие, ол мемлекеттік және коммуналдық
ормандардың үлкен учаскелерінің болуымен байланысты, ол жануарларды атуды және ағаш
кесуді реттейді. Елде мыңдаған қорлар, ал Батыс Германияда әртүрлі ландшафттық
аумақтарда бірнеше ұлттық парктер, соның ішінде Бавариялық орман, Берчтегеген Альпі
және Солтүстік теңіздегі ватт жағалауы бар. ХХ ғасырдың соңғы ширегінде, Қышқыл
жаңбыр көбейді, ол орманға үлкен зиян келтіреді деп саналады, Батыс Германияда
атмосфераға зиянды шығарындыларды шектеу үшін шаралар қабылданды. Мысалы, барлық
заманауи жылу электр станциялары шаң, күкірт диоксиді және азот оксидтерінің
шығарындыларын жоюға міндетті, ал барлық автомобильдер пайдаланылған газдардан
қауіпті ластаушы заттарды сіңіретін арнайы қондырғылармен жабдықталған.
Бұрынғы ГДР мен оған іргелес Чехословакияда көптеген қоңыр көмірлер өртеніп кетті және
өнеркәсіптік ауаның ластануын шектеу үшін іс жүзінде ешқандай шаралар қабылданбады.
Таңқаларлық емес, соның салдарынан ормандардың, әсіресе, осы елдердің шекара
аудандарында үлкен зиян келтірілді. Германияны біріктіруден кейін қоңыр көмір
шахталары жабылып, Шығыс Германия автокөліктерінің өндірісі тоқтатылды. Қазір
Германияда атмосфераға зиянды шығарындыларды азайту және су объектілерін және
сарқынды суды тазарту бойынша ұзақ мерзімді, қымбат экологиялық бағдарламаны енгізу
қажет.
АҚШ-тың экологиялық саясаты.
Америка Құрама Штаттары - әлемдегі экономикалық дамыған елдердің бірі. Қазіргі
заманғы салалар, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы дамыған. Қоғамның қарқынды
экономикалық дамуы бір жағынан өндіріс деңгейін және өндірістік емес жайлылық
деңгейін арттырды, ал екінші жағынан табиғатқа зиян келтіретін антропогендік жүктемені
бірнеше есе арттырды және экологиялық апат қаупін тудырды.Жалпы құқық нормаларымен
қатар, АҚШ-та қоршаған ортаны қорғау заңнамасы болып табылатын қоғамдық
қатынастарды реттеуге бағытталған заңдар бар. Олардың көпшілігі АҚШ-тың «Құқық
қорғау», «Жер қойнауының және тау-кен жұмыстарының жері», «Жеткізу және кеме жүзу
сулары» көлемдеріне енгізілген. Федералдық заңнамаға қосымша жеке мемлекеттердің
заңнамасы бар. Әрбір мемлекет өз құзыреті шегінде мемлекеттің аумағында орналасқан
табиғи ресурстарды қорғау және тиімді пайдалану туралы заңдар шығара алады. Құрама
Штаттардың қоршаған ортаны қорғау органдарының жүйесінде Ішкі істер министрлігі
маңызды орын алады, оның құзыретіне ұлттық парктер жүйесі, балық шаруашылығы және
жануарлар дүниесі қызметі кіреді. Тарихи орындардың ұлттық тізілімін және қызықты
табиғи алаңдарды жазуды жүзеге асырады, оларды қорғауға арналған бағдарламаларды
әзірлейді, сәулет және инжинирингтік ансамбльдерді қорғау, сондай-ақ археологиялық
ескерткіштер, рекреациялық ресурстарды жоспарлау мен дамытуда техникалық көмек
16
көрсетеді. Бұл жұмыстың мақсаты - АҚШ-тың мемлекеттік экологиялық саясатты
қарастыру.
Міндеттері:
- АҚШ экологиялық саясатының ерекшеліктерін анықтау;
- экологиялық саясаттың заңнамалық базасын қарастырады;
- экологиялық саясатты реттеу мәселелерін анықтау.
а. Германия мен АҚШ-тың экологиялық саясатына салыстырмалы талдау жасаңыз.
b. Нәтижелерін кестеге түсіріңіз.
АҚШ-тың экологиялық
саясаты
Экологиялық саясаттағы
ұқсастықтары
Германияның экологиялық
саясаты
Дескриптор Білім алушы
- Германия мен АҚШ-тың экологиялық саясатына салыстырмалы
талдау жасайды;
- Германияның экологиялық саясатының ерекшеліктерін анықтайды;
- АҚШ-тың экологиялық саясатының ерекшеліктерін анықтайды;
- Германия мен АҚШ-тың экологиялық саясаты арасындағы
ұқсастықты анықтайды.
17
Бөлімше 3.2 Геоэкологиялық зерттеулер негіздері
Тақырып: Қазақстанның экологиялық проблемалары
Оқу мақсаты: 10.3.2.11 Қазақстан аумағын экологиялық тұрғыдан
аудандастыру
Бағалау критерийі: Білім алушы
 Қазақстандағы экологиялық апатты аймақтарды
анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
1. Қазақстанның экологиялық апатты аймақтары картасымен танысыңыз.
а. Қазақстандағы экологиялық апатты аймақтарды және оның пайда болу себептерін
кестеге толтырыңыз.
Экологиялық апатты аймақтар Пайда болу себептері
b. Қазақстандағы экологиялық апатты аймақтарын кескін картаға түсіріңіз.
Дескриптор Білім алушы
- экологиялық апатты аймақтарды анықтайды;
- экологиялық мәселелердің пайда болу себептерін көрсетеді;
- экологиялық апатты аймақтарды кескін картада көрсетеді.
18
3 тоқсан
Бөлім 4. Геоэкономика
Бөлімше 4.1 Геоэкономика негіздері
Тақырып: Геоэкономиканың зерттеу пәні мен өзектілігі
Оқу мақсаты: 10.4.1.1 Геоэкономика бағытының мақсаты мен міндеттерін
түсіндіру
Бағалау критерийі: Білім алушы
 Геоэкономиканың негіздерін, мақсаты мен міндеттерін
сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
Геоэкономиканың мақсаты мен міндеттерін, негізгі бағыттарын графикалық түрде сипаттаңыз.
.
Дескриптор Білім алушы
- геоэкономика мақсатын, міндетін, негізгі бағыттарын
графикалық түрде сипаттайды.
Геоэкономиканың
мақсаты
Геоэкономиканың
міндеті
Негізгі бағыттары
19
Бөлімше 4.1 Геоэкономика негіздері
Тақырыбы Геоэкономиканың зерттеу пәні мен өзектілігі
Оқу мақсаты 10.4.1.4 Елдер мен аймақтардың экономикалық дамуындағы
географиялық кеңістіктің рөлін анықтау (қазақстандық
компонентті қосымша қамту негізінде)
Бағалау критерийі Білім алушы
 Қазақстанның экономикалық дамуындағы географиялық кеңістіктің
рөлін көрсетеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
1.Тақырыптық карталарды қолдана отырып, Еуразия кеңістігіндегі Қазақстанның экономикалық-географиялық, геоэкономикалық жағдайына төмендегі жоспар бойынша талдау жасаңыз.
Елдің атауы: Қазақстан
1) Елдің географиялық орнының Орталық Азия
экономикалық кеңістігіне әсері
2) Көрші елдермен қарым-қатынасы
3) Табиғи қорлары (шикізат, отын-энергетикалық қорлары)
4) Ірі көлік жолдарына қатынасы
5) Еуразия кеңістігіндегі Қазақстанның
экономикалық- географиялық,
геоэкономикалық жағдайының болашақта
өзгеруі
Дескриптор Білім алушы
- геоэкономикалық жағдайға географиялық орнының әсерін талдайды;
- геоэкономикалық жағдайға көрші елдермен қарым-қатынастың әсерін
талдайды;
- геоэкономикалық жағдайға табиғи қорларының әсерін талдайды;
- геоэкономикалық жағдайына ірі көлік жолдарының әсерін талдайды;
- экономикалық- географиялық, геоэкономикалық жағдайының
өзгеруіне болжам жасайды.
20
Бөлімше 4.1 Геоэкономика негіздері
Тақырып: Шаруашылықты ұйымдастырудың аумақтық факторлары
Оқу мақсаты: 10.4.1.5 Шаруашылық салаларын орналастыруда кеңістіктік
(аумақтық) факторларды талдау
Бағалау критерийлері: Білім алушы
 Елдердің шаруашылық салаларын орналастыруда әсер
етуші факторларға талдау жасайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
1. Белгілі бір аймақтағы кәсіпорынның пайда болуы мен орналасуына әсер етуші
факторлардың талдаңыз.
физикалық экономикалық географиялық
Дескриптор Білім алушы
- кәсіпорынның пайда болуы мен орналасуына әсер ететін:
физикалық факторларды талдайды;
экономикалық факторларды талдайды;
географиялық факторларды талдайды.
21
Бөлімше 4.1 Геоэкономика негіздері
Тақырып: Дүниежүзі елдерінің экономикалық даму көрсеткіштері
Оқу мақсаты: 10.4.1.10 Дүниежүзі елдерінің экономикалық даму
көрсеткіштерін салыстыру (қазақстандық
компонентті қосымша қамту негізінде)
Бағалау критерийлері: Білім алушы
 Дүниежүзі елдерінің экономикалық даму
көрсеткіштерін салыстырады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
1. Төмендегі елдерді экономикалық даму деңгейі бойынша топтастырыңыз.
Канада, Аргентина, Қазақстан, Аустралия, Польша, АҚШ, Нигерия, Үндістан,
Норвегия, Молдова, Чехия, Мексика, Өзбекстан.
2. Таңдауыңыз бойынша екі елдің ЖІӨ, ЖҰТ, АДИ көрсеткіштерін салыстырып, баға
беріңіз.
Елдің атауы ЖІӨ ЖҰТ АДИ
1
2
Қорытынды
Дескриптор Білім алушы
- экономикалық даму деңгейі бойынша елдерді
топтастырады;
- екі елдің ЖІӨ/ЖҰӨ/АДИ көрсеткіштерін салыстырады.
22
Бөлімше 4.1 Геоэкономика негіздері
Тақырып: Дүниежүзі елдерінің экономикалық даму көрсеткіштері
Оқу мақсаты: 10.4.1.11 Дүниежүзі елдерін экономикалық даму деңгейі бойынша
жіктеу
Бағалау
критерийлері:
Білім алушы
 Әлем елдерін экономикалық даму деңгейіне қарай
топтастырады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Төменде келтірілген елдерді экономикалық даму деңгейі бойынша жіктеңіз.
Польша, Мадагаскар, Қазақстан, Франция, Аргентина, Аустралия, Үндістан,
Норвегия, Молдова, Бангладеш, Мексика, АҚШ, Канада.
Дескриптор Білім алушы
- елдерді экономикалық даму деңгейлері бойынша
топтастырады.
23
Бөлім 5. Геосаясат
Бөлімше 5.1 Геосаясат негіздері
Тақырып: Геосаясаттың өзектілігі
Оқу мақсаты: 10.5.1.1 Геосаясаттың мақсаты мен міндеттерін, зерттеу пәнін
түсіндіру
Бағалау критерийлері: Білім алушы
 Геосаясаттың мақсаты мен міндеттерін, зерттеу пәнін
сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
Кестені толтырыңыз.
Геосаясат
Мақсаты:
Міндеті:
Зерттеу тақырыбы:
Дескриптор Білім алушы
- геосаясаттың мақсаты мен міндеттерін сипаттайды;
- геосаяси зерттеу тақырыбын сипаттайды.
24
Бөлімше 5.1 Геосаясат негіздері
Тақырып: Геосаясаттың өзектілігі
Оқу мақсаты: 10.5.1.3 Негізгі геосаяси объектілер мен субъектілерді анықтау
Бағалау критерийлері: Білім алушы
 Геосаясаттың негізгі объектілері мен субъектілерін
анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
1. Геосаяси объектілер мен субъектілерге мысал келтіріңіз
Геосаяси объектілер Геосаяси субъектілер
2. Геосаясаттағы объектілердің субъектілерге және субъектілердің объектілерге тигізетін
ықпалын сипаттаңыз.
Дескриптор Білім алушы
- геосаяси объектілерге мысал келтіреді;
- геосаяси субъектілерге мысал келтіреді;
- геосаяси субъектілердің объектілерге тигізетін ықпалын
сипаттайды;
- геосаяси объектіледің субъектілерге тигізетін ықпалын сипаттайды.
25
Бөлімше 5.1 Геосаясат негіздері
Тақырып: Геосаясаттағы географиялық факторлар
Оқу мақсаты: 10.5.1.6 Геосаясаттағы физикалық-географиялық,
экономикалық, әлеуметтік, демографиялық, саяси, әскери,
технологиялық факторларға баға беру
Бағалау критерийлері: Білім алушы
 Геосаясатта геофизикалық, экономикалық, әлеуметтік,
демографиялық, саяси, әскери, технологиялық
факторлардың рөлін талдайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
1. Қазақстанның геосаясатына әсер ететін факторлардың рөлін талдаңыз.
 Географиялық: елдің территориясы, орналасуы жер бедері
 Физикалық-географиялық: климат, табиғи ресурстары, су ресурстары
 Саяси: мемлекеттің ішкі және сыртқы саясаты
 Әлеуметтік: өмір сүру деңгейі
 Экономикалық: шаруашылықтың инфоқұрылымы, экономикалық даму деңгейі
 Әскери: әскердің саны, қарулану дәрежесі
 Демографиялық: халықтың саны
 Технологиялық: заманауи технологиялардың дамуы.
Дескриптор Білім алушы
- Қазақстанның геосаясатына әсер ететін факторлардың
рөлін талдайды.
26
Бөлімше 5.1 Геосаясат негіздері
Тақырып: Мемлекеттік аумақтың морфологиясы
Оқу мақсаты: 10.5.1.7 Мемлекеттік аумақтың морфологиялық ерекшеліктерін
талдау
Бағалау критерийлері: Білім алушы
 Мемлекеттік аумақтың морфологиялық ерекшеліктерін
анықтап сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
1. Дүниежүзінің саяси картасын қолдана отырып, Еуразия материгіндегі елдердің мемлекет
аумағының пішіндерін анықтаңыз.
2. Мемлекет аумағының түрлі пішіндерінің ерекшелігін түсіндіріңіз (созыңқы, біртұтас,
шашыраңқы, құрамында анклавы бар елдер).
Дескриптор Білім алушы
- елдердің мемлекет аумағының пішіндерін анықтайды;
- пішінінің ерекшеліктерін түсіндіреді.
27
Бөлімше 5.1 Геосаясат негіздері
Тақырып: Мемлекеттік аумақтың морфологиясы
Оқу мақсаты: 10.5.1.8 Мемлекеттерді аумағының морфологиялық ерекшеліктері
бойынша жіктеу
Бағалау критерийлері: Білім алушы
 Аумақтарды морфологиялық ерекшеліктеріне сәйкес
топтастырады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
1. Дүниежүзінің кескін картасына төмендегі нысандар тобын белгілеңіз:
а) трансконтиненталдық мемлекеттер
b) субконтиненталдық мемлекеттер
с) макроөңірлік мемлекеттер
d) мезо-аймақтық (мезотопиялық) мемлекеттер
е) макро-күйлер (микропоталар)
f) мини-штаттар (минитоптар)
2. Дүниежүзінің саяси картасын пайдалана отырып, елдерді морфологиялық ерекшеліктеріне
сәйкес топтастырыңыз.
Созылыңқы
немесе «дұрыс
емес» формалы
елдер
Шағын аумақты
мемлекеттер
Біртұтас аумақты
мемлекеттер
Анклав / анклавтарды
қамтитын мемлекеттер
Дескриптор Білім алушы
- құрлықаралық, субконтинентальдық, мезоөңірлі, мезо-аймақтық
макро-күйлі, мини-штатты мемлекеттер тобын кескін картаға
түсіреді;
- елдерді морфологиялық ерекшеліктеріне қарай топтастырады.
28
Бөлімше 5.1 Геосаясат негіздері
Тақырып: Мемлекеттік аумақтың морфологиясы
Оқу мақсаты: 10.5.1.9 Қазақстан Республикасы мемлекеттік аумағының
морфологиялық ерекшеліктеріне кешенді баға беру
Бағалау критерийлері: Білім алушы
 Қазақстан Республикасының мемлекеттік территориясының
морфологиялық ерекшеліктерін талдайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
1."Нақты жағдайларды талдау" әдісі бойынша төмендегі жоспарды қолдана отырып, Қазақстан
Республикасы мемлекеттік аумағының морфологиялық ерекшеліктерін талдаңыз.
- Қазақстан жерінің Еуразияның орталығында орналасуына географиялық, физикалық
экономикалық және саяси тұрғыдан бағалаңыз.
- Қазақстан астанасының шекарадан ара қашықтығын есептеңіз.
- Қазақстан астанасының елдің орталығында орналасуын геосаяси тұрғыдан сипаттаңыз.
2. "ПОПС" әдісі арқылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік территориясының
морфологиялық ерекшеліктерін жан-жақты талдаңыз.
а. "Менің ойымша...."
b. "Себебі, мен оны былай түсіндіремін......"
c. "Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын..."
d. "Осыған байланысты мен мынадай шешімге келдім...."
Дескриптор Білім алушы
- Қазақстан Республикасының Еуразия орталығында орналасуына
географиялық, физикалық, экономикалық және саяси тұрғыдан баға
береді;
- Қазақстан астанасының шекарадан ара қашықтығын есептейді;
- Қазақстан астанасының елдің орталығында орналасуын геосаяси
тұрғыдан сипаттайды;
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік территориясының
морфологиялық ерекшеліктерін «ПОПС» әдісі арқылы талдайды.
29
Бөлімше 5.1 Геосаясат негіздері
Тақырып: Мемлекеттік шекара
Оқу мақсаты: 10.5.1.12 Қазақстан Республикасының шекараларын күшейту
жөнінде ұсыныстар әзірлеу
Бағалау критерийлері: Білім алушы
 Қазақстан Республикасының шекарасын нығайту
бойынша ұсыныстар келтіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы» тақырыбына SWOT талдау
жасаңыз.
S
Күшті
жақтары
W
Әлсіз
жақтары
O
Мүмкіндікте
рі
T
Қауіп-қатерлері
2. Қазақстан Республикасының шекарасын нығайту үшін екі ұсыныс келтіріңіз.
1)
2)
Дескриптор Білім алушы
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасының күшті жақтарын
анықтайды;
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасының әлсіз жақтарын
анықтайды;
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасының мүмкіндігін
анықтайды;
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасына деген қауіп-қатерлерін айқындайды;
- Қазақстан Республикасының шекараларын нығайту үшін екі ұсыныс
келтіреді.
30
4-тоқсан
Бөлім 6.Елтану
Бөлімше 6.1 Дүниежүзі аймақтары
Тақырып: Кешенді географиялық аудандастыру
Оқу мақсаты: 10.6.1.2 Кешенді географиялық және тарихи-географиялық
аудандастырудың өз үлгісін ұсыну
Бағалау критерийлері: Білім алушы
 Кешенді географиялық және тарихи-географиялық
аймақтарды аудандастырудың моделін жасайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
1. Әлемнің тарихи және мәдени аймақтары картасын, әлемнің физикалық және саяси
карталарын зерттеңіз.
2. Кешенді географиялық және тарихи-мәдени аймақтарды аудандастырудың моделін карта-схема түрінде ұсыныңыз.
Дескриптор Білім алушы
- әлемнің тарихи және мәдени аймақтарының,
әлемнің физикалық және саяси карталарын зерттейді;
- кешенді географиялық және тарихи-мәдени аймақтың өз
моделін карта-схема түрінде ұсынады.
31
Бөлімше 6.1 Дүниежүзі аймақтары
Тақырып: Салыстырмалы елтану
Оқу мақсаты: 10.6.2.1 Дүниежүзі елдерін салыстыруда қолданылатын
белгілерді анықтау
Бағалау критерийлері: Білім алушы
 Дүниежүзі елдерін салыстыруда қолданылатын
белгілерді сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
Төменде дүниежүзі елдерін салыстыруда қолданылатын көрсеткіштер тізімі ұсынылған.
Оларды экономикалық, саяси, әлеуметтік топтар бойынша жіктеңіз.
ЖІӨ, гендерлік саясат, ЖҰӨ жан басына шаққандағы ЖІӨ, мемлекеттік құрлымы, СҚП –
сатып алу қабілетінің паритеті, бай және кедей, АДИ, сауаттылық деңгейі, орташа өмір
сүру жасы.басқару формасы, саяси режим түрлері.
Экономикалық Саяси Әлеуметтік
Дескриптор Білім алушы
- экономикалық көрсеткіштерді жіктейді;
- әлеуметтік көрсеткіштерді жіктейді;
- саяси көрсеткіштерді жіктейді.
32
Бөлімше 6.1 Дүниежүзі аймақтары
Тақырып: Салыстырмалы елтану
Оқу мақсаты: 10.6.2.2 дүниежүзі елдерін салыстыруда қолданылатын
көрсеткіштердің бірін есептеу әдісін түсіндіру (таңдау
бойынша: ЖШӨ, ЖҰӨ, оның ішінде жан басына шаққанда,
СҚП – сатып алу қабілетінің паритеті, гендерлік тепе-теңдік)
Бағалау критерийлері: Білім алушы
 Дүниежүзі елдерінің экономикалық, әлеуметтік
дамудың көрсеткіштерін есептей алады/ түсіндіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Берілген картаны қолдана отырып, таңдауыңыз бойынша бір елдің жан басына
шаққандағы ЖІӨ көрсеткішінің есептеу жолын түсіндіріңіз.
Дескриптор Білім алушы
- бір елдің жан басына шаққандағы ЖІӨ көрсеткішінің
есептеу жолын түсіндіреді.
33
Бөлімше 6.1 Дүниежүзі аймақтары
Тақырып: Салыстырмалы елтану
Оқу мақсаты: 10.6.2.3 Көрсеткіштердің бірі бойынша графикалық түрде
дүниежүзі елдерінің рейтингін көрсету (таңдау бойынша)
Бағалау критерийлері: Білім алушы
 Дүниежүзі елдерінің рейтингісін графикалық түрде көрсету
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
1. Берілген картаны қолдана отырып, жан басына шаққанда ЖІӨ көлемі төмен елдерді
анықтаңыз.
2. Алынған деректер бойынша ЖІӨ көрсеткіші төмен елдердің рейтингін бағаналы диаграмма
түрінде көрсетіңіз.
Дескриптор Білім алушы
- картадан ЖІӨ көлемі төмен елдерді анықтайды;
- алынған деректер негізінде бағаналы диаграмма құрады.
34
Бөлім 7. Адамзаттың ғаламдық проблемалары
Бөлімше 7.1 Ғаламдық проблемаларды шешу
Тақырып: Ғаламдық проблемалардың географиялық аспектілері
Оқу мақсаты: 10.7.1.3 Ғаламдық проблемалардың себептері мен салдарын
анықтап, топтастыру
Бағалау критерийлері: Білім алушы
 Ғаламдық проблемалардың себептері мен салдарын жіктейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
1.Берілген ақпаратпен танысыңыз.
Ғаламдық мәселелер - [франц. global - баршаға ортақ] - адамзаттың бұдан былайғы
тағдыры және әлеуметтік дамуы шешілетін аса маңызды мәселелер жиынтығы. Қазіргі
өркениетке тән құбылыс-ғаламдық қауіп қатердің өршуі. Олар әртүрлі және күннен-күнге үдей
түсуде. Ғаламдық сұрақтар ғаламдық шешімді қабылдауды, халықаралық бірлестік арқылы
шешуді талап етеді. Ғаламдық мәселелердің негізгілерін атап көрсетуге болады.
- Қарусыздандыру және дүниежүзілік бейбітшілік
- Табиғи ортаның ластануына байланысты экологиялық проблемалар
- Дамушы елдердегі халық санының өсуіне байланысты демографиялық
- Артта қалған елдердегі азық-түлік жетіспеуден туындайтын проблемалар
- Энергетикалық және шикізат проблемалары
- Артта қалушылықты болдырмау, артта қалған елдерге көмек
- Дүниежүзілік мұхит проблемасы
2. Кестені толтырыңыз.
Ғаламдық мәселелер Пайда болу себептері Салдары
3. Ғаламдық мәселелерді пайда болу себептеріне қарай топтастырыңыз
Дескриптор Білім алушы
- ғаламдық проблемалардың пайда болу себептерін
анықтайды;
- салдарын түсіндіреді;
- ғаламдық мәселелердің пайда болу себептеріне қарай
топтастырады.

Комментарии:
Сабақ жоспарлары барлық пәннен ҚМЖ, ОМЖ, ҰМЖ | Планы КСП ССП ДСП
Электронная почта: [email protected] Ватсап: 8(707) 403-01-01 © 2019-2020