» » Дене шынықтыру пәнінен қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы 9-сынып

Дене шынықтыру пәнінен қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы 9-сынып

29 август 2019, Четверг
468
0

1
«Дене шынықтыру» пәнінен
қалыптастырушы бағалауға арналған
тапсырмалар жинағы
9-сынып
Нұр-Сұлтан, 2019
2
Құрметті мұғалім!
Аталған тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге көмек
құралы ретінде құрастырылды. Бұл мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі. Бағалау
критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды өткізуге,
сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, оқу мақсатына
жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып табылады.
Жинақтың ұсынылған сипаты сізге білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін есепке ала
отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуіңізге, бейімдеуіңізге мүмкіндік
береді.
Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.),
форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері»
ДББҰ smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз.
Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!
Жинақ негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік
және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио
материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық емес
мақсатта құрастырылған.
3
МАЗМҰНЫ
1-ТОҚСАН ....................................................................................................................................... 4
1-бөлім Жүгіру, сегіру, лақтыру техникасын жетілдіру ........................................................... 4
2-бөлім Спорт ойындары арқылы бірлескен жұмыс ................................................................ 12
2-ТОҚСАН .................................................................................................................................... 15
3-бөлім Гимнастика арқылы денені басқару дағдылары ......................................................... 15
4-бөлім Қазақтың ұлттық және халық ойындары ..................................................................... 18
3-ТОҚСАН .................................................................................................................................... 22
5-бөлім «Шаңғы / кросс/коньки дайындығы» .......................................................................... 22
6-бөлім «Команда құру ойындары» ........................................................................................... 23
4-ТОҚСАН .................................................................................................................................... 25
7-бөлім «Әлеуметтік дағдылар және мәселелерді командалық іс әрекеттерде шешу» ...... 25
8-бөлім «Қозғалыс белсенділігі арқылы денсаулық және фитнес» ........................................ 26
4
1-ТОҚСАН
1-бөлім Жүгіру, сегіру, лақтыру техникасын жетілдіру
Тақырып Қауіпсіздік ережесі
Спринттік жүгіруді жетілдіру
Оқу мақсаты 9.3.4.1.Денсаулыққа қатысты күрделі мәселелерді, техника
қауіпсіздігін, сондай-ақ денсаулыққа кері әсерін тигізуі мүмкін қауіп-қатерді төмендетуді түсіну және мұқият сипаттай білу
Бағалау критерийі Білім алушы
 Қимыл- қозғалыс кезінде, денсаулыққа зиянды қауіп-қатерді
төмендету жолдарын сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Спринттік жүгіруді жетілдіруге арналған дайындық қимыл-қозғалыс ойындарын, қауіпсіздік
ережесіне сай орындаңыз.
«Қуып жет» ойыны.
Сынып екі топқа бөлініп, бірінші топ екінші топтың алдында 3-4 метр қашықтықта тұрады.
Белгі бойынша екінші топ бірінші топ ойыншыларын 9-11метр қашықтықта қуып жетіп, қолдарын
иыққа тигізуі керек. Ойын бірнеше қайталанғаннан кейін ойыншылар орын ауыстырады.
Ұсыныс: жаттығуды оқушы қабілетіне қарай күрделендіруге болады:төменгі, жоғары сөреден
немесе отырып , артқа бұрылып тұрып бастауға болады.
Сұрақ арқылы ойын қорытындысын талқылау:
- Спринттік жүгірісте қандай қауіп-қатер кездесуі мүмкін және қауіп-қатерді болдырмау үшін не
істеуге болады?
Дескриптор Білім алушы
- жүгіру кезінде қауіпсіздік шараларын сақтайды;
- спринттік жүгірісті ережеге сай орындайды;
- жүгіріс кезінде кездесетін қауіп қатерді атайды;
- қауіп қатерді болдырмас үшін ұсыныс келтіреді.
5
Тақырып Жүгіру төзімділік дағдысын жақсарту
Оқу мақсаты 9.3.2.1. Нақты дене шынықтыру сабақтарына арналған дене
қыздыру жаттығуларын құру, түсіндіру және өткізу, олардың
ағзаны қалпына келтіру тиімділігін бағалау
Бағалау критерийі Білім алушы
 Дене қыздыру және ағзаны қалпына келтіру
жаттығуларын құрастырып, көрсетеді
 Әр жаттығудың ағзаға тиімді әсерін бағалайды
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
1. Дене шынықтыру сабақтарына арналған жалпы дене қыздыру жаттығулары.
Сынып 3 топқа бөлініп, әр топ жалпы дене қыздыру жаттығуларын құрастырып, өткізеді.
Мысалы:
1 топ- буын-тірек бұлшық етін жетілдіруге арналған жаттығуларды құрастырады.
2 топ- иілгіштік, ептілікті дамытуға арналған созылу жаттығуларын құрастырып, орындайды.
3 топ- күш және секіргіштік қабілетін дамыту жаттығуларын құрастырып, орындайды.
Мысал ретінде төмендегі жаттығулар жиынтығы ұсынылады.

Мазмұны Мөлше
рі
Сызба
/Схема/ Әдістемелік нұсқаулық
1. Бастапқы қалып-негізгі тұрыс
1-2 аяқ ұшымен көтеріліп, қолды
жоғары көтеру.
3-4 қолды төмен түсіріп, б.қ. келу.
6-8 рет Еркін тыныс алу
2. Б.қ.- н.т., қол кеуде алдында
1- солға бұрылып, қолды жанға созу
2- б.қ.
3-4оңға бұылып, қолды жанға созу.
6-8 рет Денені тік ұстау.
3. Б.қ.- аяқ иық көлемінде, қол белде,
1- 3 сол қапталға еңкею,
4-б.қ.
5-8оң қапталға еңкею.
6-8 рет жауырынды қосып,
шынтақты жанда ұстау
2.Ағзаны қалпына келтіру жаттығулары
Саусақтармен жаттығу. Жаттығуды саусақтарды атауымен нөмірлей бастаймыз:
1– «бас бармақ»
2– «балан үйрек»
3- «ортан терек»
4– «шылдыр шүмек»
5–«кішкентай бөбек»
Кезекпен әр саусақты «бас бармаққа» бір-бірден қосады. Немесе, 3-5 саны айтылған кезде
«ортан терек» пен «кішкентай бөбектің» басын қосады.
Жүргізуші мына сандарды айтады: «үш», «төрт», «бес». Сол кезде «ортан терек», «шылдыр
шүмек», «кішкентай бөбек» саусақтары қосылады.
6
«Құлақ–мұрын» жаттығуы.
«Бір» дегенде -сол қолмен мұрын ұшын ұстап, оң қолмен сол құлақты ұстау керек.
«Екі» - құлақ, мұрынды босатып, алақанмен қол шапалақтау.
«Үш» – сол қолмен оң құлақты ұстап, оң қолмен мұрын ұшын ұстау.
«Төрт» – алақанмен қол шапалақтау.
Жүргізуші мына сандарды айтады: «бір», «екі» «үш», «төрт», «бес».
Жаттығу соңынан оқушылар тамыр соғысын өлшейді. Денсаулығы дұрыс оқушының
тыныштықтағы тамыр соғысы: ұлдардың пульсі- 70-75 уд./мин., қыздардың пульсі- 75-80уд/мин.
Сұрақ арқылы ойын қорытындысын талқылау:
Дене шынықтыру сабағында дене қыздыру жаттығулары және ағзаны қалпына келтіру
жаттығуларын орындаудың маңыздылығын бағалаңыз.
Дескриптор Білім алушы
- буын-тірек бұлшық етке арналған жаттығулар құрастырады;
- иілгіштік, ептілікті дамыту жаттығуларын құрастырады;
- күш және секіргіштік қабілетін дамытуға арналған
жаттығулар құрастырады;
- ағзаны қалпына келтіру жаттығулары;
- ағзаға тигізер тиімді әсерін бағалайды.
7
Тақырып Секірудің түрлендірілген түрлері
Оқу мақсаты 9.1.2.1 Қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың
кейбір дене жаттығуларындағы реттілігін жеткілікті
техникалық деңгейде негіздеу және қолдана білу
Бағалау критерийі Білім алушы
 Дене жаттығуларындағы реттілікті техникалық
деңгейде көрсетеді.
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма
1. Ептілікті және аяқ-қол бұлшық етін жетілдіруе арналған аэробтық жұмыс жаттығуларды
орындаңыз.
1) Алғашқы оқушы 3-5м. қашықтыққа барып, екі аяғын созып, қолды тізеге тіреп еңкейіп
тұрады. Келесі оқушы жүгіріп барып еңкейген оқушының арқасына қолын тірейді.
2) Аяғын жазып, секіреді де алға барып еңкейіп, қолды тіреп тұрады.
3) Осылайша жаттығу жалғаса береді.
Ескерту: салмағы ауыр оқушыны, салмағы жеңіл оқушымен жаттықтыруды байқау қажет.
2. Гимнастикалық таяқшалардың және обручтардың көмегімен түрлі секіру жаттығулар
жиынтығын құрастырып реттілікпен орындаңыздар.
8
3.Сұрақ арқылы ойын қорытындысын талқылау:
Дене жаттығуларындағы реттілікті қалай түсінесіздер?
Дескриптор Білім алушы
- аэробтық жұмыс жаттығуларды орындайды;
- гимнастикалық таяқшалар мен обручтар арқылы секіру
жаттығуларын орындайды;
- дене жаттығуларындағы реттілікті түсіндіреді.
9
Тақырып Лақтыруды жетілдіруге арналған жаттығулар құрастыру
Оқу мақсаты 9.1.1.1Үлкен ауқымдағы арнайы спорттық қимыл
әрекеттерінің дәлдігін бақылауды және үйлесімділікті
дамытуға арналған қимыл-қозғалысты салыстыру
Бағалау критерийі Білім алушы
 Спорттық қимыл әрекеттерді орындауда дәлдігін
бақылайды
 Ептілікті дамытуға арналған қимыл қозғалыстарды
салыстырады
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма
1. Жаттығуды орындаңыз.
1. Төрт конусты белгілі бір қашықтықта төрт жерге қойыңыз.
2. Әр конустың жанына 2-3 обручтарды орналастырыңыз.
3. Конустардың ортасында суретте көрсетілгендей тірек(стойка) қойыңыз.
4. Обручтарды көздеп лақтырып тірекке (стойка) түсіріңіз.
Ескерту: бір оқушы төрт конустағы обручтардың барлығын да тірекке түсіруі қажет, әрбір
тірекке түскен обруч- бір ұпай әкеледі.
2. Жаттығуды орындаңыз.
2-2,5 м. биіктіктегі қабырғаға ілінген обручқа, 5-6 м қашықтықтан доптарды/ теннис доптарын
лақтырыңыз.
Ескерту:
Допты обруч немесе нысана дөңгелегіне тигізу қажет.
Жаттығу бірнеше рет қайталанып орындалады.
3.Сұрақ арқылы ойын қорытындысын талқылау:
Жеңіл атлетикадағы лақтыру түрлерін салыстырыңыз және ерекшеліктерін айтыңыздар.
10
Дескриптор Білім алушы
- дәлдікке арналған жаттығуларды орындайды;
- лақтыру түрлерін салыстырады;
- ерекшеліктерін атайды.
11
Тақырып Жүгіру эстафетасын өткізу жолдарын құрастыру
Оқу мақсаты 9.3.5.1.Басқа адамдардың дене жаттығуларының
тәжірибелерін байытуға арналған дағдыларды бағалай білу
Бағалау критерийі Білім алушы
 Дене жаттығуларының тәжірибелерін байытуға
арналған дағдыларды бағалайды
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
1.Жаттығуды орындаңыз.
Сөреден бірінші этап ойыншылары кедергілерден шапшаңдықпен жүгіріп өтіп, эстафета
таяқшасын келесі этап ойыншыларына береді, осылайша эстафета жалғасады.
Ескету: қанша этап болса, сонша айналымда жүгіреді (суреттегідей).
Жүгіру кедергісі ретінде- жүгіру барьері немесе гимнастикалық орындықтарды қолдануға
болады.
2.Сұрақ арқылы ойын қорытындысын талқылау:
Тобыңыздың қимыл қозғалыс тәжірибесіне баға беріңіз.
Дескриптор Білім алушы
- кедергілерден жүгіріп өтеді;
- эстафета таяқшасын ережеге сай жалғастырады;
- топта бір-бірінің қозғалыс тәжірибесіне баға береді.
12
2-бөлім Спорт ойындары арқылы бірлескен жұмыс
Тақырып Ойын техникасы
Оқу мақсаты 9.1.1.1.Үлкен ауқымдағы арнайы спорттық қимыл
әрекеттерінің дәлдігін бақылауды және үйлесімділікті
дамытуға арналған қимыл-қозғалысты салыстыру
Бағалау критерийі Білім алушы
 Спорттық қимыл әрекеттерді орындауда дәлдігін
бақылайды
 Ептілікті дамытуға арналған қимыл қозғалыстарды
салыстырады
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма
1. Себетке доп түсіру техникасын орындаңыз.
Төмендегі суретте көрсетілгендей, алты ойыншыдан баскетбол алаңының жарты бөлігінде
әр оқушы айып алаңында өз орнын ұстанымға (позиция) алып тұрады. Бір оқушы допты
баскетбол себетіне допты жоғалтқанша (промах) лақтырады. Допты себетке түсіргеннен кейін
допты келесі ойыншыға беріп, өзі сол ойыншының орнына барып тұрады. Топтың барлық
ойыншылары допты лақтырып болғаннан кейін ғана жаттығу аяқталады.
Ескерту: Доп лақтыру- допты жоғалтып алғанша жалғасады.
Тапсырманы түрлендіру арқылы күрделендіруге немесе жеңілдетуге болады, мысалы: допты
лақтыруда бірнеше әдістерді қолдануға болады (бір қолмен иық арқылы, екі қолмен кеуде
арқылы, екі қолмен бастан асыра, орнынан және орнында секіріп).
Сұрақ арқылы ойын қорытындысын талқылау:
Баскетбол айып алаңындағы әрбір орын ұстанымындағы (позиция) доп лақтырудағы қимыл-қозғалыс үйлесімділігін салыстырыңыздар
Дескриптор Білім алушы
- допты себетке дәлдеп түсіреді;
- дәлдікті бақылайды, нысанаға алады;
- допты лақтырудағы бірнеше әдістерді қолданады;
- доп лақтырудағы қимыл-қозғалыс үйлесімділігін
салыстырады.
13
Тақырып Ойын техникасы
Оқу мақсаты 9.1.3.1. Арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі
дағдылар мен реттілікті түрлендіре білу
Бағалау критерийі Білім алушы
 Ойын техникасының дағдыларын жетілдіріп, реттілікті
түрлендіреді.
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма
1. Айналымда баскетбол добын алып жүре себетке реттілікпен доп түсіріңіз.
Топ ойыншылары суреттегідей баскетбол алаңында орналасады. Жүргізушінің бастауымен
ойыншылар реттілікті сақтай отырып, жақын маңдағы себетке допты екі адыммен секіре
баскетбол қалқаны (щит) арқылы себетке түсіреді.
Ойыншылар бір себетке бір рет лақтырады, түспеген жағдайда келесі себетке бет бұрады.
Ескерту: Жаттығу соңында топтың жеңімпазы анықталады.
Кім көбірек допты кәрзеңкеге түсірсе, сол ойыншының ұпай саны көп болып жеңіске жетеді.
2.Сұрақ арқылы ойын қорытындысын талқылау:
Жаттығуды орындау кезіндегі реттілікті қалай түрлендіруге болатынына өз ұсынысыңызды
беріңіз.
Дескриптор Білім алушы
- баскетбол алаңына ережеге сай орналасады;
- баскетбол қалқаны (щит) арқылы допты себетке түсіреді;
- допты лақтыру мен жүргізу жаттығуларында реттілікті
түрлендіру түрлеріне ұсыныс келтіреді.
14
Тақырып Ойын тактикасы және тактикалық әрекеттер
Оқу мақсаты 9.1.2.1 Қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың
кейбір дене жаттығуларындағы реттілігін жеткілікті
техникалық деңгейде негіздеу және қолдана білу
Бағалау критерийі Білім алушы
 Дене жаттығуларындағы реттілікті техникалық
деңгейде көрсетеді.
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма
1. «Ұқыпты, қырағы қорғанушылар» ойынын топта көрсетіңіз.
Ойыншылар екі-екіден бір-біріне қарап шеңбер жасап тұрады. Жүргізуші ортада тұрады.
Жүргізушіге қорғанушылар арқасымен, ал шабуылдаушылар беттерімен қарап тұрады.
Жүргізуші шабуылдаушыларға қолын алға, артқа, оңға, солға жылдам және жайымен қозғалтады.
Осы кезде қорғанушылар шабуылдаушылардың қимылын қалт жібермей бақылай, ара
қашықтықты сақтай жүре шабуылдаушыларға қарсылық қозғалыс әрекетін жасайды. Шамалы
уақыттан кейін рөлдерін, яғни орындарын ауыстырады. Қорғанушыдан көп рет құтылған
шабуылдаушы жеңеді.
Ескерту: Тапсырманы күрделендіру үшін, қабілетті оқушыларға жаттығуды доппен жасауға
рұқсат етуге болады .
Сұрақ арқылы ойын қорытындысын талқылау:
Жаттығу кезінде қай рөлді орындау (шабуылдаушылардың немесе қорғанушылардың) қиынға
түсті?
Дескриптор Білім алушы
- қорғанушылар тобы қырағылық көрсетіп, сауатты қорғана
біледі ;
- шабуылдаушылар шабуылдау әрекеттерін қолдануда
белсенділік көрсетеді;
- топпен біріге жұмыс жасап, көшбасшылық қабілетін
көрсетеді.
- сұрақ арқылы ойын қорытындылайды.
15
2-ТОҚСАН
3-бөлім Гимнастика арқылы денені басқару дағдылары
Тақырып Акробатикалық элементтердің жиынтығын құру
Оқу мақсаты 9.1.2.1 Қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың
кейбір дене жаттығуларындағы реттілігін жеткілікті
техникалық деңгейде негіздеу және қолдана білу
Бағалау критерийі Білім алушы
 Дене жаттығуларындағы реттілікті техникалық
деңгейде көрсетеді
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма
1. Төмендегі акробатикалық жаттығулар элементтерінен реттілікпен жаттығулар жиынтығын
құрастырып, орындалу техникасын көрсетіңіздер.
a) Бастапқы қалып- қолды жерге тіреп жүреден отыру, алға домалап, бастапқы қалыпқа келу.
b) Шалқадан жатып «көпір» жасау.
с) Шалқадан жатқан қалыптан жауырынға тұру.
d) Артқа домалап жартылай шатқа отыру.
16
Дескриптор Білім алушы
- акробатикалық жиынтық жаттығуларын реттілігімен
құрастырады;
- акробатикалық элементтер жиынтығын орындалу
техникасын көрсетеді;
17
Тақырып Гимнастикалық снарядта жүйелі жаттығулар құру
Оқу мақсаты 9.1.4.1 Қимыл-қозғалысты сапалы орындау кезіндегі өзінің
және өзгелердің біліктіліктерін бағалай білу
Бағалау критерийі Білім алушы
 Өзінің және өзгелердің жаттығуды сапалы орындалуын
бағалайды
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
1. Үйрену дайындық жаттығуды орындаңыздар.
1) Еденде қолды тіреп, жүреден отырып аяқты артқа, жанға серпіле жазыңыз.
2) Еденде қолды тіреп, жүреден отырып серпіле аяқты артқа жазып, серпіле екі аяқты қол
бойында иық көлеміне соза қойыңыз.
3) Гимнастикалық орындық үстінен серпіле жерге қоныңыз (тізені бүге, қолды жоғары соза
жерге түсіп, екі қолды жоғары көтере денені тік ұстау).
2. Сұрақ арқылы ойын қорытындысын талқылау:
Сыныптасыңыздың үйрену дайындық жаттығуларын ережеге сай, сапалы орындауын бағалаңыз.
Дескриптор Білім алушы
- дайындық жаттығуларын сауатты орындайды;
- кіші ағашаттан секіруді техникалық біліктілікпен орындайды;
- жаттығудың орындалу сапасын бағалайды
18
4-бөлім Қазақтың ұлттық және халық ойындары
Тақырып Халықаралық ойындар
Оқу мақсаты 9.3.5.1 Басқа адамдардың дене жаттығуларының
тәжірибелерін байытуға арналған дағдыларды бағалай білу
Бағалау критерийі Білім алушы
 Дене жаттығуларының тәжірибелерін байытуға
арналған дағдыларды бағалайды
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма
1.Топтық жұмыс арқылы әр ұлттың ойындарын көрсетіңіз.
Сынып бірнеше топқа бөлініп, әр топ бір-бір халықаралық (әр ұлттың ойындары) ойыннан үйреніп,
оны көрсету қажет.
Ойын дайындығына белгілі бір уақыт беріледі. Дайындаған ойындарын басқа топқа ойнатып
көрсетеді де, соңынан көрсетілген әр ойынға сипаттама беріп, бағалау жүргізеді.
a) Қазақтың ұлттық ойыны- Хан «алшы»
Бұл ойынға 5 немесе 10 бала қатыса алады. Көп асықтың ең ірісін қызыл түске бояп қояды. Бұл
асық «хан» асығы. Асықтар тізіліп қойылады да, бастаушы хан асығымен оларды көздеп құлатады.
Құлаған асықтарды жинап алады. Егер хан асығы бүк, шік, тайқы-қалыптарымен түссе, бастаушы
жақын құлаған асықтарды ата береді.Егер бастаушы асықтарды қолымен құлатып алса немесе басқа
асықтарымен атса,онда ойынды келесі бала жалғастырады. Ең соңында хан асығы кімнің қасында
қалса,сол бала жеңіске жетеді. Келесі ойынды жеңіске жеткен бала жалғастырады.
b) Орыстың ұлттық ойыны- «Лапта»
Өте көне орыс ойыны: бұл ойынды Русьте XIV ғасырлардың өзінде ойнаған. Бүгін де ол өзінің
өзектілігін жоғалтпаған. Лапта бейсбол мен крикет ойындарына ұқсас, бірақ ережесі әлдеқайда
жеңіл.
Сізге доп пен ағаш тоқпақ қажет болады. Ойыншылар екі командаға бөлінеді.
Ойын мақсаты – тоқпақпен соға отырып, допты конның көрсетілген сызығынан мүмкіндігінше
асыру керек, соғушы ойыншы аяғына дейін жүгіріп, қайта қайтады, ал қарсы команда ойыншылары
допты ұстап үлгеріп, оны жүгіріп келе жатқанға тигізуге тырысады.
19
2. Ойын қорытындысын талқылау:
Берілген ойындар негізініде, өз тобыңыз бен басқа топтың іс-қимылына баға беріңіз (ойын-шарты
мен ережелерді сақтау).
Дескриптор Білім алушы
- халықаралық қозғалмалы ойындарды ойнайды;
- ойындар арқылы қимыл-қозғалыс әрекеттерін дамытады;
- ойындағы топтардың іс қимылын бағалайды.
20
Тақырып Зияткерлік ойындар
Оқу мақсаты 9.2.5.1 Өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін
бағалау және талдай білу, сондай-ақ оны шешудің қарапайым
балама жолдарын ұсыну
Бағалау критерийі Білім алушы
 Бір-бірінің шығармашылық қабілеттерін бағалайды
 Ойынға қарапайым стратегия қолданады
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма
1.Зияткерлік ойынын ойнаңыз.
a) «Тоғызқұмалақ» зияткерлік ойынына тактикалық стратегияны құра отырып «Тұзды үй»
немесе «Тұздық салу» әдісін құрыңыз.
Тұздық алу үшін жүріс жасаған кезде, қарсыластың екі құмалағы бар отауына таратқан
құмалағыңыздың соңғысын түсіру керек . Сонда сол отауда қалыптасқан 3 құмалақпен бірге отау
да ұтып алынып, ойынның аяғына дейін сіздің меншігіңізге айналады.
Енді жүріс жасалған сайын тұздық алынған отауға түсетін бір құмалақ, міндетті түрде сіздің
қазаныңызға салынып отырады.
Тұздық алынған отауға арнайы белгі қойылады. Жазбаша түрде – Х деген шартты таңбамен
белгіленеді.
b) «Атсырау» әдісін қолданыңыз.
Ойын аяқталуға жақындаған сайын әр ойыншының отауларындағы құмалақ таусыла бастайды.
Әр құмалақ ұтып алынған сайын немесе тұздыққа түскен сайын қарсыластардың жүріс мөлшері
кеми береді. Сондықтан ойын соңында қарсыластардың бірінің отауларында жүріс жасай
алмайтын жағдай да кездеседі.
Ойыншылардың бірінің отауларындағы құмалақты бірінші таусып алып, жүріссіз қалуы –
атсырау деп аталады.
Атсырауға ұшыраған ойыншының қарсыласы бұл жағдайда қосымша бір жүріс жасап, барлық
құмалақтарды өз қазанына салып алады.
21
2. Сұрақ арқылы ойын қорытындысын талқылау:
«Тоғызқұмалақ» ойынын барысында серіктесіңіздің шығармашылық қабілетіне баға беріңіз.
Ойын барысында қолданған стратегияларына сипаттама беріңіз.
Дескриптор Білім алушы
- «Тоғызқұмалақ» ойын ережеге сай ойнайды;
- «Тұздық салу» әдісін қолданады;
- «Атсырау»әдісін қолданады;
- шығармашылық қабілетін бағалайды.
22
3-ТОҚСАН
5-бөлім «Шаңғы / кросс/коньки дайындығы»
Тақырып Күшті, төзімділікті жақсарту жаттығулар жиынтығы
Оқу мақсаты 9.1.4.1 Қимыл-қозғалысты сапалы орындау кезіндегі өзінің
және өзгелердің біліктіліктерін бағалай білу
Бағалау критерийі Білім алушы
 Өзінің және өзгелердің жаттығуды сапалы орындалуын
бағалайды
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
1.Тапсырманы орындаңыз.
Ойыншылар екіге бөлініп, 2 метр ара қашықтықта бір лекте тұрады. Әр лекте басқа топтың
«бастаушысы» (800-1000м.) бағыт өзгерте алып жүреді де қарсыластың орнына оралады. Осы
қашықтықты жүріп өту кезінде, ойыншылар «бастаушының» істеген әрекеттерін қайталайды.
(кедергілерден өту, түрлі шаңғы жүрістерінің әдісін қайталау). Тапсырманы орындай алмаған
ойыншы ойыннан шығады. Қай топта көп ойыншы қалса, сол топ жеңіске жетеді.
Ойынды мұғалімнің көмекшісі болып екі адам бақылауға алады. Ойыннан шыққандар
көмекшінің рөлін орындап, жаттығудың орындалуын тексереді.
2. Ойын қорытындысын талқылау:
Тапсырма соңында әр топтағы ойыншылар өз топтарына жаттығудың сапалы орындалуы туралы
пікір алмасып, баға береді.
Дескриптор Білім алушы
- шаңғы қозғалысымен спорттық техникаларды орындайды;
- жаттығудың сапалы орындалуына баға береді.
23
6-бөлім «Команда құру ойындары»
Тақырып Ойын кезіндегі көшбасшылық және командалық іс-шаралар
Оқу мақсаты 9.2.2.1 Көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында
жұмыс істей білуді бағалау
Бағалау критерийі Білім алушы
 Топтық ойындарда командалық іс-шараларды
қолданады
 Көшбасшылық қабілетін көрсетеді және біліктіліктерін
бағалайды
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
1. «Шырмауық» ойыны.
Алдын ала жіптен құрылған ұяшығы бар «шырмауық» құрылады. Неше ойыншы болса сонша
ұяшық болады.
Ойынның мақсаты: бір жақтан екінші жаққа шырмауық арасымен ұяшыққа дене тигізбей,
абайлап өту қажет. Егер бір ойыншы шырмауық ұяшыққа тиіп кетсе, сол команданың
ойыншылары ойынды басынан бастайды. Бір ойыншы екінші жаққа өтіп үлгерсе, қайтып келіп
өз командасына көмектесуге болады. Әрбір ұяшықты бір рет қана қолданады.
Шырмауықты ұяшықтарды тігінен немесе көлденеңінен орналастыруға болады.
2.Ойын қорытындысын талқылау.
1) Ойын барысында көшбасшылық көрсеткен оқушыларды атаңыз.
2) Көшбасшылық қабілетіне баға беріңіз.
3) Ерекше жұмысы үшін бір ойнышыны атап өтіңіз.
Дескриптор Білім алушы
- «Шырмауық» ойынын ережеге сай ойнайды;
- көшбасшылық көрсеткен оқушыларды атайды;
- көшбасшылық қабілетін бағалайды;
- ерекше жұмысы үшін бір ойыншыны атап көрсетеді.
24
Тақырып Ойын кезіндегі мәселені шешу дағдысын жетілдіру
Оқу мақсаты 9.2.8.1 Түрлі қимыл-қозғалыс негіздерінен туындаған
рөлдерді бағалау және бейімдей білу
Бағалау критерийі Білім алушы
 Түрлі қимыл-қозғалыстағы рөлдерді бағалайды және
бейімдейді
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
1. Оқушыларды бірнеше топқа бөліп, әр топқа ұшы түйілген қалың жіп береді. Ол жіпті топ
ойыншылары қолмен ұстап немесе жіпті белде ұстаған қалыпта өздеріне қарай тартып,
алдарында 3-4метр қашықтықта тұрған затты алуға тырысады. Әрбір ойыншы затқа қол тигізу
керек, не болмаса қолмен ұстау керек. Жаттығуды жүргізушінің белгісі бойынша бастайды.
2.Ойын қорытындысын талқылау.
Осы ойын барысындағы өз рөліңізді бағалаңыз.
Осы рөлді орындауда қаншалықты бейімделе алғыныңызды айтыңыз.
Дескриптор Білім алушы
- топпен бірігіп жұмыс жасайды;
- ойын кезіндегі өз рөлін бағалайды;
25
4-ТОҚСАН
7-бөлім «Әлеуметтік дағдылар және мәселелерді командалық іс әрекеттерде шешу»
Тақырып Ойын кеңістігінде бағыт-бағдар дағдысын жетілдіру
Оқу мақсаты 9.1.2.1 Қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың
кейбір дене жаттығуларындағы реттілігін жеткілікті
техникалық деңгейде негіздеу және қолдана білу
Бағалау критерийі Білім алушы
 Дене жаттығуларының реттілігін жеткілікті
техникалық деңгейде қолданады
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма
1. «Қорғанысты күшейту» ойыны.
Оқушылар белгіленген диаметр шеңберімен орналасып тұрады. Шеңбер ортасында жүргізуші
«қорғаныс» рөлінде әрекет жасайды. Шеңберде тұрған ойыншылар футбол добын дәлдікпен бір-біріне аяқпен теуіп, баспен қағу арқылы береді, оңтайлы (ыңғайлы) сәті келген кезде доппен
ортада тұрған кеглилерге тигізіп құлату керек.
Осы кезде жүргізуші өзінің кез келген позициясын өзгертіп, доптың кеглиге тимеуіне әсерін
тигізіп, қорғаныс әрекетін жасау керек.
Ескерту: Тапсырманы күрделендіру үшін, шеңбер сызығын үлкейтіп, кегли санын көбейтуге
болады.
Дескриптор Білім алушы
- дене жаттығуларының реттілігін ойында көрсетеді
26
8-бөлім «Қозғалыс белсенділігі арқылы денсаулық және фитнес»
Тақырып Әр түрлі бұлшық еттерді қалпына келтіру жаттығулар
жиынтығын құрастыру
Оқу мақсаты 9.3.3.1. Түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындау, олардың
ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен
байланысын түсіндіру және сипаттау
Бағалау критерийі Білім алушы
 Түрлі дене жаттығуларының ағзаға тигізетін әсерін
түсінеді
 Жаттығулар жиынтығын іс жүзінде қолданады және
сипаттайды
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма
1.Төмендегі түрлендірілген фитнес жаттығулар жиынтығын таңдау бойынша орындаңыздар.
a) 12 санаққа жалғасып істелінетін пилатес жаттығу жиынтығы. 2-3 оралымда немесе
айналымда орындалады.
b) Жеңіл төсеніш үстінде орындалатын созылу жаттығулар жиынтығы.Әрбір жаттығу-7-8рет қайталанады.
c) Фитбол фитнес жаттығулар жиынтығы. Әрбір жаттығу түрлері-7-8рет қайталанады
27
2. Жаттығу қорытындысын талқылау:
Орындаған фитнес жаттығулар жиынтығына сипаттама беріп, олардың ағзаға тигізетін әсерін
айтып өтіңіздер.
Дескриптор Білім алушы
- жаттығулар жиынтығын орындайды;
- жаттығулардың ағзаға тигізетін әсерін түсіндіреді.

Комментарии:
Сабақ жоспарлары барлық пәннен ҚМЖ, ОМЖ, ҰМЖ | Планы КСП ССП ДСП
Электронная почта: [email protected] Ватсап: 8(707) 403-01-01 © 2020-2021