ТЖБ ҚЖБ Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде емес) 4-сынып
Қалыптастырушы бағалауға арналған
тапсырмалар жинағы
Қазақ тілі
(оқыту қазақ тілінде емес)
4-сынып
Нұр-Сұлтан,2019
2
Құрметті мұғалім!
Аталған тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге
көмек құралы ретінде құрастырылды. Бұл мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі.
Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды
өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, оқу
мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып
табылады.
Жинақтың ұсынылған сипаты сізге білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін есепке
ала отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуіңізге, бейімдеуіңізге
мүмкіндік береді.
Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.),
форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері»
ДББҰ smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз.
Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!
Жинақ бастауыш мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша
өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио
материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық емес
мақсатта құрастырылған.
Нұр-Сұлтан,2019
3
Мазмұны
1-тоқсан ............................................................................................................................................................ 4
Бөлім: Тыңдалым ......................................................................................................................................... 4
Бөлім: Айтылым .......................................................................................................................................... 6
Бөлім: Оқылым ............................................................................................................................................ 8
Бөлім: Жазылым ........................................................................................................................................ 10
Бөлім: Тілдік дағдылар.............................................................................................................................. 11
2-тоқсан .......................................................................................................................................................... 13
Бөлім: Тыңдалым ....................................................................................................................................... 13
Бөлім: Айтылым ........................................................................................................................................ 16
Бөлім: Оқылым .......................................................................................................................................... 18
Бөлім: Жазылым ........................................................................................................................................ 21
Бөлім: Тілдік дағдылар.............................................................................................................................. 23
3-тоқсан .......................................................................................................................................................... 25
Бөлім: Тыңдалым ....................................................................................................................................... 25
Бөлім: Айтылым ........................................................................................................................................ 27
Бөлім: Оқылым .......................................................................................................................................... 30
Бөлім: Жазылым ........................................................................................................................................ 33
Бөлім: Тілдік дағдылар.............................................................................................................................. 37
4-тоқсан .......................................................................................................................................................... 39
Бөлім: Тыңдалым ....................................................................................................................................... 39
Бөлім: Айтылым ........................................................................................................................................ 43
Бөлім: Оқылым .......................................................................................................................................... 46
Бөлім: Жазылым ........................................................................................................................................ 47
Бөлім: Тілдік дағдылар.............................................................................................................................. 49
4
1-тоқсан
Бөлім: Тыңдалым
Бөлімше 1.1 Тыңдаған материалдың мазмұнын түсіну
Оқу мақсаты 4.1.1.1* Анық айтылған сөзді тыңдап, қысқаша жазба (тірек
сөздер) жасау және нақтылау мақсатында сұрақтар
құру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіннен тірек сөздерді анықтайды
• Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар қояды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда. Сызбаға тірек сөздерді жаз.
• Тірек сөздерді қолданып, мәтін бойынша сұрақтар құрастыр.
Дескриптор
Білім алушы
- мәтіндегі тірек сөздерді анықтайды;
- тірек сөздерге сүйеніп, мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар
құрастырады;
- сұрақтың құрылымын сақтайды;
- тілдік нормаларды сақтайды.
Мен жазғы демалыста Қазақстанға бардым. Қазақстан – үлкен мемлекет.
Қазақстанда көрікті жерлер өте көп. Алматы, Нұр-Сұлтан сияқты үлкен қалалары бар. Біз
Қазақстанға отбасымызбен келдік. Алматы қаласына бардық. Алматыда биік таулар бар.
Бурабай көлін де көрдік. Мұнда қалың орман мен әдемі таулар бар.
Келесі демалыста да мен Қазақстанға келемін.
Жазғы
демалыс
5
Бөлімше 1.4 Мәтіндегі негізгі, қосалқы мәліметтерді түсіну
Оқу мақсаты 4.1.4.1* Тыңдаған мәтін бойынша оқиғаның себеп-
салдарлық байланысын (кейіпкерлер, оқиға) және
негізгі ойды мұғалімнің қолдауымен анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіндегі оқиғаның себебін түсіндіреді
• Мәтіннің негізгі ойын анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда.
• Сұрақтарға жауап бер.
1) Әкесі балаларына бір бума шыбықты неліктен берді?
2) Оған не себеп болды?
3) Балаларға шыбықтарды бір-бірлеп сындыру неліктен оңай болды деп ойлайсың?
4) Мәтіннен қандай ой түйдің?
• Мәтінге қай мақал сәйкес келеді?
А) Өнерлі бала сүйкімді.
В) Күшіңе сенбе, ісіңе сен.
С) Бірлік болмай, тірлік болмас
D) Әкеден –ақыл, анадан-мейір
Дескриптор
Білім алушы
- мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;
- мәтіннің негізгі ойына сәйкес мақалды анықтайды.
Баяғыда бір ақылды қария болыпты. Оның тоғыз ұлы бар екен. Бірақ балалары
әкесінің ақылын тыңдамай, жеке-жеке жүреді екен.
Бір күні әкесі балаларын шақырып, бір бума шыбық береді де:
- Қане, мынаны сындырыңдар! - дейді.
Тоғыз ұл қанша тырысса да, бір бума шыбықты сындыра алмайды. Содан соң
қария:
- Енді шыбықтарды бір-бірден алып, сындырыңдар! - дейді. Балалары шыбықтарды тез-
ақ сындырып тастайды. Сонда әкесі:
- Балаларым, егер сендердің бірліктерің жоқ болса, дұшпандарың сендерді жалғыз
шыбықтай оп-оңай сындырады. Ал бірге болсаңдар, ешкім сындыра алмайды, - дейді.
Осыдан бастап балалары бірлікте, татулықта өмір сүре бастайды.
(қырғыз ертегісі)
6
Бөлім: Айтылым
Бөлімше 2.2 Берілген тақырып бойынша ойын жеткізу
Оқу мақсаты
4.2.2.1 Берілген тірек сөздер мен жоспардың негізінде қысқа
монолог құру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тірек сөздер мен жоспарға сүйеніп әңгімелейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Берілген жоспар мен тірек сөздер бойынша «Менің Отаным» тақырыбында сөйле.
Дескриптор
Білім алушы
- тақырыпқа сәйкес мәтін құрайды;
- жоспардың негізінде мәтіннің жүйесін сақтайды;
- тірек сөздерді орынды қолданады;
- тілдік нормаларды сақтайды.
7
Бөлімше 2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог)
Оқу мақсаты 4.2.3.1* Белгілі бір тақырыптағы сұбхаттасу барысында
шағын мәліметті (4-5 сөйлем) баяндау, кері байланыс
беру, сөйлеу стилін сақтау, дауыс ырғағын келтіріп
сөйлеу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Сұхбаттасу барысында қажетті мәліметтерді қамтиды
• Диалогтік сөйлеу мәдениетін сақтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Ұсынылған рөлдердің бірін таңдап, жұбыңмен «Менің елім» тақырыбында диалог құр.
Диалогта келесі мәселелерді қамту керек:
• еліміздің табиғаты
• еліміздің рәміздері
• еліміздің қалалары
Рөлдер:
• Атасы және немересі
• Сен және шетелдік досың
• Мұғалім және оқушы
Диалогке қажетті сөздер мен сөз тіркестері:
Сәлем! Сәлеметсіз бе? Амансың ба? Қалың қалай? Қал-жағдайыңыз қалай? Өте
қызықты екен! Рахмет! Сау болыңыз! Көріскенше!
Дескриптор
Білім алушы
- тақырыпқа сәйкес диалог құрады;
- диалогте берілген мәселелерді қамтиды;
- диалогтік сөйлеу мәдениетін сақтайды;
- сөйлеуде тілдік нормаларды сақтайды.
8
Бөлім: Оқылым
Бөлімше 3.1 Оқу түрлерін қолдану
Оқу мақсаты 4.3.1.1* Мәтінді іштей, түсініп және қажетті ақпаратты
тауып/шолып/белгі қойып оқу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіннен қажетті ақпаратты тауып оқиды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Өлеңді достыққа қатысты ақпараттарды белгілей отырып оқы. Сызбаны толтыр.
• Сызбаға сүйеніп, достық туралы әңгімеле.
Дескриптор
Білім алушы
- өлеңнен тиісті ақпаратты анықтайды;
- тақырыпқа қатысты ойын айтады.
Достық
9
Бөлімше 3.4 Сұрақтар мен жауаптар құрастыру
Оқу мақсаты 4.3.4.1* Мұғалімнің қолдауымен мәтін мазмұнын және
кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалауға бағытталған
сұрақтар (неліктен? не үшін?) құрастыру және оған
жауап беру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Кейіпкерлерге қатысты бағалау сұрақтарын
қояды және сұрақтарға жауап береді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді мұқият оқы. Сұрақтарға жауап бер.
1) Екі достың мінездері қандай?
2) Өнер сабағында қандай оқиға болды?
3) Әлия нағыз дос па? Неліктен?
• Неліктен? не үшін? сұрақтарын пайдаланып, мәтін бойынша 2 сұрақ құрастыр.
Жұптас оқушының сұрақтарына жауап бер.
Дескриптор
Білім алушы
- мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;
- кейіпкерге қатысты көзқарасын айтады және негіздейді;
- мәтін бойынша бағалау сұрақтарын құрастырады.
Айжан мен Әлия бір сыныпта оқиды. Олар мектепке бірге барады, үй
тапсырмасын бірге орындайды. Бос уақыттарын да бірге өткізеді. Айжан –
қарапайым, сабырлы қыз. Ал Әлия көңілді, ашық мінезді. Олардың мінездері
әртүрлі, бірақ екеуі нағыз достар.
Бір күні өнер сабағында оқушылар ағаштың суретін салды. Сабақтың соңында
балалар өздерінің суреттерін көрсетті. Әлия жасыл жапырақтары бар әдемі гүлдің
суретін салды. Сурет балаларға да, мұғалімге де ұнады. Кезек Айжанға келді. Ол да
ағаш пен гүлдердің суретін салыпты. Бірақ Айжан ағаштың жапырақтарын көк
түспен бояған екен.
- Айжан, сенің жапырақтарың неге көк түсті? Жапырақтардың жасыл түсті
болатынын білмейсің бе? – деп сұрады мұғалім.
- Білемін. Бірақ менде жасыл түсті қарындаш болған жоқ, - деп жауап берді
Айжан.
- Әлияда бар ғой. Неге досыңнан алмадың? – деп сұрады мұғалім.
Айжан үндемеді. Әлия да қызарып төмен қарады.
10
Бөлім: Жазылым
Бөлімше 4.1 Мәтінді түрлі формада ұсыну
Оқу мақсаты 4.4.1.1* Шағын сюжетті комикс/буклет/коллаж
/жарнама/презентацияны сөйлемдермен толықтыру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Сюжетті суреттерді сөйлемдермен толықтырады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Топтық жұмыс
Суреттерге мұқият қара. Берілген тірек сөздерді пайдаланып, бір сурет бойынша ауызша
мәтін құрастыр. Кейіпкерлердің айтқан сөздерін/сөйлемдерін суретке толықтырып жаз.
көше, бағдаршам, өткізу, көмектесу,
қария, алғыс айту
отбасындағы сыйластық, көмек көрсету,
рақмет айту, көңілді
Дескриптор Білім алушы
- сурет бойынша шағын мәтін құрастырады;
- тірек сөздерді орынды қолданады;
-суретті тиісті сөздермен/сөйлемдермен толықтырады;
- сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жазады;
- тыныс белгілерін дұрыс қолданады.
11
Бөлім: Тілдік дағдылар
Бөлімше 5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді
қолданбау)
Оқу мақсаты 4.5.1.1* Мұғалімнің қолдауымен шылауларды, көмекші
сөздерді ажырату, ауызекі және жазба тілде қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Сөйлеу және жазу барысында көмекші сөздерді
қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Берілген суреттерге мұқият қара. Қасында/ жанында, астында, алдында, үстінде сөздерін
пайдаланып, сурет бойынша шағын әңгіме құрастыр.
Қамқорлық
Дескриптор Білім алушы
- тақырыпқа сәйкес жүйелі мәтін құрады;
-мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтайды;
- көмекші сөздерді орынды қолданады;
- сөйлем құрылысын сақтайды.
12
Бөлімше 5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді
қолданбау)
Оқу мақсаты 4.5.1.3* Өз бетінше шағын мәтіннен етістіктің
грамматикалық категорияларын ауызекі және
жазба тілде қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Сөйлеу және жазу барысында етістікті
түрлендіріп қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтіндерді көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қоя отырып оқы.
• Мәтіндерге сүйеніп, кестені толтыр.
Сұрақтар 1-мәтін 2-мәтін
Хат кімге жазылды?
Хат кімнен келді?
Хаттан алған 2-3
ақпарат
Дескриптор
Білім алушы
- көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны жалғайды;
- мәтіндерге қатысты ақпаратты анықтайды.
1-мәтін.
Сәлеметсіздер ме, әке-ана! Қалдарыңыз қалай? Менің қалым жақсы. Қазір
Германияда күн жылы. Бұл елден мен өзіме көп достар тапты... Менің сабағым
таңертең бастала... Түстен кейін достарыммен кітапханаға, кинотеатрға бара... . Атам
мен әжемнің қалы қалай? Денсаулықтары жақсы ма? Мен сіздерді қатты сағынды....
Қысқы демалыста елге келе...
Сау болыңыздар! Асыға жауап күте... .
Құрметпен, ұлыңыз Аят.
2-мәтін.
Сәлем, досы...! Қалың қалай? Жаңа мектебің ұнады ма? Сыныптастарыңмен
достасты.... ба? Алматы қаласы қандай екен? Біздің сыныпқа жаңа оқушы кел... . Ол
қазір менімен бірге отыра.. . . Мен оған сабақ оқуға көмектесе... Сыныптастарымыз
саған сәлем айтып жатыр. Сен қысқы демалыста Көкшетауға келе... бе? Елге
келсе..., екеуміз бірге коньки тебуге бара... .
Сау бол! Асыға жауап күте...
Досың Санжар.
13
2-тоқсан
Бөлім: Тыңдалым
Бөлімше 1.1 Тыңдаған материалдың мазмұнын түсіну
Оқу мақсаты 4.1.1.1* Анық айтылған сөзді тыңдап, қысқаша жазба (тірек
сөздер) жасау және нақтылау мақсатында сұрақтар
құру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіннен тірек сөздерді анықтайды
• Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақ қояды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда. Мәтін бойынша тірек сөздер тізімін жаса.
• Мәтіннің мазмұны бойынша иә» немесе «жоқ» деп жауап беретіндей етіп нақтылау
сұрақтарын құрастыр.
• Жұбыңның қойған сұрақтарына жауап бер.
Дескриптор
Білім алушы
- тыңдаған мәтін бойынша тірек сөздер тізімін жасайды;
- мәтін мазмұны бойынша нақтылау сұрақтарын құрастырады;
- мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.
Алтын адам 1970 жылы Алматы облысынан табылды.
Кемел Ақышев тапқан бұл ескерткіш әлемдік жаңалық болды.
Алтын адамның сақ жауынгері екені анықталды. Оның киімі
төрт мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген. Бас
киімінің ұзындығы 70 см-дей, онда жүз елу аң мен құс
бейнеленген.
Алтын адам - қазақ халқының еркіндік символы.
14
Бөлімше 1.2 Сөздердің лексикалық мағынасын түсіну
Оқу мақсаты 4.1.2.1 Бейтаныс сөздер мен сөз тіркестері бар мәтіннің
мағынасын мәнмәтінге қатысты анықтап түсіну
Бағалау критерийі Білім алушы
• Бейтаныс сөздер кездесетін мәтіндегі негізгі
ақпаратты ажыратады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
«Алпамыс батыр» туралы бейнежазбаның үзіндісін (1.40 - 11.03 аралығын) мұқият қара.
https://www.youtube.com/user/TheAziaanimation
Бейнежазба мәтіні:
• Мәтіннің мазмұнына сүйеніп, суреттерді ретімен орналастыр.
• Сұрақтарға қысқаша жауап жаз.
1) Алпамыс кішкентай кезінде қандай болды?
2) Алпамысқа кім жамандық жасағысы келеді?
3) Алпамысты үнемі не қорғап жүреді?
4) Алпамыстың еліне кімдер шабуыл жасайды?
5) Алпамыс не істейді?
Дескриптор
Білім алушы
- суреттердің ретін анықтайды;
- мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.
Алпамыс дүниеге келеді. Алпамыс бала кезінде домбыра тартып, күй тыңдауды
жақсы көреді. Алпамысқа мыстан кемпір жамандық жасағысы келеді. Бірақ киелі
домбыра Алпамысты әрқашан қорғайды.
Бір жылы Алпамыстың ауылына қалмақтар шабуыл жасайды. Алпамыс ол кезде
тұлпарымен тауда жүреді. Жаулар Алпамыстың ауылын өртеп, дүние-мүлкін алып
кетеді.
Алпамыс жауға қарсы жалғыз аттанады. Батыр жауларын жеңіп, еліне жеңіспен
оралады.
15
Бөлімше 1.5 Тыңдау-көру материалдарының мазмұнын түсіну
Оқу мақсаты 4.1.5.1* Тыңдалған оқиға/әңгіме бөліктерінің
жалғасын болжау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тыңдаған мәтіннің соңғы бөліміне болжам
жасайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Берілген үзіндіні мұқият тыңда.
Жұптық жұмыс
• Мәтіннің әр бөлігіне қатысты сөздерді «Балық қаңқасына» жаз. Мәтін қалай
аяқталады деп ойлайсың? Әңгімені жалғастырып айт.
Дескриптор
Білім алушы
- мәтіннің құрылымдық бөліктеріне қатысты тірек сөздерді анықтайды;
- оқиғаны жүйелі жалғастырып айтады;
- сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.
16
Бөлім: Айтылым
Бөлімше 2.1 Сөздік қорды толықтыру
Оқу мақсаты 4.2.1.1* Берілген сөздерге қарама-қарсы мағыналы,
мағыналас сөздерді табу және сөйлеу барысында
қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Сөйлеу барысында қарама-қарсы мағыналы
сөздерді қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Қарама-қарсы мағыналы сөздерді тауып, сәйкестендір.
пайдалы болашақта
ескі жою
бұрынғы жаңа
сақтау пайдасыз
ұмыту қазіргі
бұрын есте сақтау
• Қарама-қарсы мағыналы сөздерді қолданып, берілген суреттерді сипаттап айт.
Дескриптор
Білім алушы
- берілген сөздерге қарама-қарсы сөздерді анықтайды;
- суреттерді сипаттау барысында антоним сөздерді орынды қолданады;
- сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.
17
Бөлімше 2.6 Орфоэпиялық нормаларды сақтау
Оқу мақсаты 4.2.6.1 Айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар
сөздерді дұрыс айту
Бағалау критерийі Білім алушы
• Айтылуы мен жазылуы әртүрлі сөздерді дұрыс
айтады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Берілген сөздерді дауыстап оқы. Айтылуында қандай өзгеріс бар.Сөздерді айтылуы
бойынша жазып көрсет.
құрылысшы
жүргізуші
ұшқыш
жұмысшы
теңізші
Үлгі: құрылысшы - [құрлұшшы], ......
• Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құра.
Дескриптор
Білім алушы
- сөздерді айтылуы бойынша жазып көрсетеді;
- берілген сөздерді қатыстырып сөйлем құрайды;
- сөйлеу барысында сөздердің айтылуындағы ерекшеліктерді
көрсетеді.
18
Бөлім: Оқылым
Бөлімше 3.1 Оқу түрлерін қолдану
Оқу мақсаты 4.3.1.1* Мәтінді іштей, түсініп және қажетті ақпаратты
тауып/шолып/белгі қойып оқу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіннен қажетті ақпаратты тауып оқиды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Өлеңнен мамандықты білдіретін сөздерді тауып, астын сыз.
Мен суретші боламын,
Суреттерді саламын.
Марапатқа ие боп,
Бірінші орын аламын.
Мен дәрігер боламын,
Бәрін емдеп жазамын.
Адамдарды құрметтеп,
Бәріне ие боламын.
Ал мен ақын боламын,
Өлеңдерді жазамын.
Ақындыққа ие боп,
Атым шығар баламын.
• Өлең бойынша әр мамандық иесінің атқаратын жұмысы туралы сөйлемдер
құрастырып айт.
Дескриптор
Білім алушы
- өлеңнен мамандық атауларын анықтайды;
- тапсырмаға сәйкес сөйлемдер құрастырады;
- сөйлемдердің құрылымын сақтайды.
19
Бөлімше 3.4 Сұрақтар мен жауаптар құрастыру
Оқу мақсаты 4.3.4.1* Мұғалімнің қолдауымен мәтін мазмұнын және
кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалауға бағытталған
сұрақтар (неліктен? не үшін?) құрастыру және
оған жауап беру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Кейіпкерлерге қатысты бағалау сұрақтарын
қояды және сұрақтарға жауап береді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді оқы. Мәтінде қандай мамандық атаулары кездеседі? Теріп жаз.
• Неліктен? не үшін? сұрақтарын пайдаланып, мәтін бойынша сұрақтар құрастыр.
• Жұбыңның қойған сұрақтарына жауап бер.
Дескриптор
Білім алушы
- мәтіннен мамандық атауларын анықтайды;
- мәтін бойынша бағалау сұрақтарын құрастырады;
- сұрақтарға жауап береді.
Нан қайдан шығады?
Бір күні тышқан нан дүкеніне кіреді. Сөреде жаңа піскен нан көп екен. «Нан
қайдан шықты екен?» - деп ойлайды тышқан.
— Нан, нан, сен қайдан шықтың? - деп сұрайды.
— Сатушыдан сұра, - дейді нан.
Тышқан сатушыға келеді.
— Сатушы, сатушы, нан қайдан шығады?
— Наубайшыдан сұра, - дейді сатушы.
Тышқан наубайханаға келеді.
— Нан қайдан шығады? - дейді тышқан бір наубайшыға келіп.
— Диірменшіден сұра, - дейді ол.
Тышқан диірменшіге келеді.
— Диірменші, диірменші, нан қайдан шығады? - деп сұрайды.
— Комбайншыдан сұра, - дейді диірменші.
Тышқан егінде жүрген комбайншыға келеді.
— Комбайншы, комбайншы, нан қайдан шығады? - деп сұрайды.
— Көктемде егін егіледі. Егіншілер оны күтіп, баптайды. Көп еңбек етеді. Нан
еңбек арқылы табылады, - дейді комбайншы.
— Ой, бұл қиын ғой. Ал мен еңбексіз де нан таба аламын, - дейді тышқан.
М.Етекбаев
20
Бөлімше 3.5. Түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты алу
Оқу мақсаты 4.3.5.1* Қажетті ақпараттарды табу үшін түрлі дереккөздерді
(сөздіктер, инфографикалар, энциклопедиялар,
ғаламтор) қолдана білу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Дереккөздерден қажетті ақпараттарды анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Кітапханаға барып, көне қалалардың бірі туралы ақпарат ізде. Ақпаратты берілген кестеге
жаз.
Көне қалалар:
• Отырар
• Түркістан
• Талғар
• Тараз
• Сарайшық
• Сайрам
Көне қала
атауы
Қала туралы
ақпарат
Табылған
жәдігерлер
Қосымша
ақпарат
Дереккөз
• Жинаған ақпараттарыңды сыныптастарыңмен бөліс.
Дескриптор
Білім алушы
- көне қалаларға қатысты ақпараттарды анықтайды;
- ақпараттарды кестеге сәйкес орналастырады.
21
Бөлім: Жазылым
Бөлімше 4.5 Орфографиялық дағдыларын дамыту
Оқу мақсаты 4.4.5.1 Мұғалім қолдауымен айтылуы мен жазылуында
айырмашылығы бар сөздерді дұрыс жазу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Жазылуы мен айтылуы әртүрлі сөздерді дұрыс жазады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Жұмбақтардың шешуі болатын суретті тауып, байланыстырып сыз. Жұмбақтардың шешуі
болатын сөздерді қатесіз жаз.
___________________ __________________ ________________ _______________
Дескриптор
Білім алушы
- жұмбақтардың шешуін табады;
- сөздерді жазылуы бойынша қатесіз жазады.
22
Бөлімше 4.5 Орфографиялық дағдыларын дамыту
Оқу мақсаты 4.4.5.2 Сөзге қосымшалар жалғау кезінде үндестік заңын
сақтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Сөздерді түрлендіру кезінде үндестік заңын ескереді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойып жаз.
Дескриптор
Білім алушы
- сөздерге тиісті қосымшаларды анықтайды.
Мен – инженер........ (-мын, -мін). Менің жұмыс......(-ым, -ім) шығармашылықты
қажет етеді. Инженер..... (-дың, -дің) жұмысы әр түрлі. Инженер......... (-лар, -лер)
жерден алтын таба..... (-ды, -ді), жаңа жобалар жасай..... (-ды, -ді). Сондықтан
инженердің жұмыс.... (-ы, -і) өте қызықты. Маған менің жұмыс ...... (-ым, -ім) ұнайды.
Сіздің инженер болғы....... (-ңыз, -ңіз) келе ме?
23
Бөлім: Тілдік дағдылар
Бөлімше 5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді
қолданбау)
Оқу мақсаты 4.5.1.1* Мұғалімнің қолдауымен шылауларды, көмекші
сөздерді ажырату, ауызша және жазбаша тілде
қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Сөйлеу және жазу барысында көмекші сөздерді
қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Суреттерге мұқият қара. Суреттер бойынша шағын әңгіме құрастырып жаз. Әңгімеде
астында, қасында / жанында, үстінде сөздерін қолдан.
Дескриптор
Білім алушы
- суреттер бойынша әңгіме құрастырады;
- көмекші сөздерді орынды қолданады;
- сөйлемдердің құрылымын сақтайды;
- тыныс белгілерін дұрыс қолданады.
24
Бөлімше 5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді
қолданбау)
Оқу мақсаты 4.5.1.4* Септік/жіктік формалардағы жіктеу есімдіктерін
және септеулік шылауларды ауызша/жазбаша тілде
қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Сөйлеу және жазу барысында септелген жіктеу
есімдіктерін қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Берілген тапсырмалардың біреуін таңдап, орында.
1) Сенің досың – дәрігер. Оны сыныптастарыңа таныстыр (не істейді? қайда жұмыс
істейді?)
2) Сенің арманың – ғарышкер болу. Неліктен сен ол туралы армандайсың? Түсіндір.
-ғы/-гі+келеді формасын қолдан.
3) Сен – тілшісің. Саған құрылысшыдан сұхбат алу керек. Құрылысшыға қоятын
3 сұрағыңды ойластыр.
Дескриптор
Білім алушы
- тақырыпты ашады;
- жіктеу есімдіктерін дұрыс түрлендіріп қолданады;
- сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтайды.
25
3-тоқсан
Бөлім: Тыңдалым
Бөлімше 1.2 Сөздердің лексикалық мағынасын түсіну
Оқу мақсаты 4.1.2.1 Бейтаныс сөздер мен сөз тіркестері бар мәтіннің
мағынасын мәнмәтінге қатысты анықтап түсіну
Бағалау критерийі Білім алушы
• Бейтаныс сөздер кездесетін мәтіндегі негізгі
ақпаратты ажыратады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда. Тапсырмаларды орында.
1) Мәтін бойынша қар түрлері туралы ақпарат жаз.
• Жабысқақ қар: ______________________________
• Құрғақ қар: ________________________________
2) Қыс жануарларға қалай әсер етеді?
_________________________________________________________________
Дескриптор
Білім алушы
- мәтіннен қажетті ақпараттарды анықтайды;
- мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.
Қыс – ерекше жыл мезгілі. Қыста күн қысқарып, түн ұзарады. Жиі-жиі қар
жауып, боран соғады. Қыста күн аязды, суық болады. Бірақ ашық күндер де болып
тұрады. Мұндай күндері балалар далаға шығып, әртүрлі ойындар ойнайды. Жылы
күні жауған қар жабысқақ болады. Мұндай қардан аққала жасау оңай. Ал аязды күні
жауған қар құрғақ болады. Құрғақ қар жабыспайды.
Қыстыгүні жануарлардың көбі ұйқыға кетеді. Олар қыс бойы оянбайды. Ал
кейбір жануарлар өзінің түсін өзгертеді. Мысалы, қоян қыста ақ «киім киеді». Бұл -
жануарлардың қауіпсіздігі үшін де маңызды.
26
Бөлімше 1.3 Тыңдаған аудио/бейнематериалдың мазмұнын түсіну
Оқу мақсаты 4.1.3.1* Тыңдаған материалдың (ұзақтығы 2-2,5 мин)
мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру/сөйлемді
толықтыру және түйінді тұстарын анықтау/кесте
толтыру/кластер құрастыру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап
береді
• Мәтін бойынша сөйлемдерді толықтырады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда. Тапсырмаларды орында.
1) Сұрақтарға жауап бер.
• Айдар боранның аяқталуын неліктен асыға күтті?
• Мәтінде қандай қыс қызықтары туралы айтылады?
2) Мәтін бойынша дұрыс ақпараттарды белгіле ().
Боранды күні Айдар шанамен сырғанады.
Айдар достарымен қар лақтырысып ойнады.
Айдарға қыс мезгілі ұнайды.
Балалар үлкен сырғанақ жасады.
3) Сөйлемді толықтырып жаз.
Айдар достарымен _________________________________________________.
Дескриптор
Білім алушы
- мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;
- мәтінге сәйкес ақпараттарды анықтайды;
- сөйлемді сәйкес сөздермен толықтырады.
27
Бөлім: Айтылым
Бөлімше 2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог)
Оқу мақсаты 4.2.3.1* Белгілі бір тақырыпта сұбхаттасу барысында шағын
мәліметті (4-5 сөйлем) баяндау, кері байланыс беру,
сөйлеу стилін сақтау, дауыс ырғағын келтіріп сөйлеу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Сұхбаттасу барысында қажетті мәліметті қамтиды
• Диалогтік сөйлеу мәдениетін сақтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Кездейсоқ таңдау арқылы алған жағдаятты мұқият оқы. Жұпта жағдаят бойынша диалогке
қатыс.
1-жағдаят
Сен атаңмен бірге теледидардан сирек кездесетін жануарлар туралы бағдарлама көрдің.
Атаңнан бір сирек жануар туралы, олардың сиреу себептері туралы сұра.
2-жағдаят
Саған қазақ тілінен "Сирек кездесетін жануарлар" тақырыбында баяндама / жоба жұмысын
дайындау керек. Сен орман қорғаушысына барып, ақпарат сұрадың. Жұбыңмен осы
туралы диалог құр.
3-жағдаят
Сендер бүгінгі сабақта сирек кездесетін жануарлар туралы өттіңдер. Бірақ сенің досың
ауырып, сабаққа қатыса алмады. Сен сабақтан кейін досыңның үйіне барып, тақырыпты
түсіндірдің. Жұбыңмен осы жағдаят бойынша диалогке түс.
4-жағдаят
«Еліміздің сирек кездесетін жануарлары» тақырыбында көрме өтіп жатыр. Көрме
ұйымдастырушысынан сирек кездесетін жануарлар туралы сұра.
Дескриптор
Білім алушы
- тақырыпты ашады;
- сұхбаттасына тақырыпқа сәйкес сұрақтар қояды;
- сұрақтарға лайықты жауап береді;
- сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды;
- диалогтік сөйлеу мәдениетін сақтайды.
28
Бөлімше 2.5 Тыңдау-көру материалдары негізінде ойын айту
Оқу мақсаты 4.2.5.1* Шығарманың кейіпкері туралы пікірлерді (менің
түсінігім бойынша, оның пікірінше,оның айтуынша,
кейбір адамдардың ойынша,) салыстыра отырып
бағалау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіннің кейіпкерлеріне қатысты пікір айтады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
«Киік толғауы» бейнематериалынан берілген үзіндіні мұқият қара (00.- 13.15 аралығы).
(https://www.youtube.com/watch?v=iRMPDI1nuq0)
Бейнежазба мәтіні:
• Бейнематериалдың кейіпкерлеріне қатысты кестені толтыр.
Кейіпкер Іс-әрекеті Кейіпкердің іс-әрекетіне
қатысты менің пікірім
• Топтық жұмыс
Топта кейіпкерлерге қатысты айтылған пікірлерді талқыла. Кейіпкерлердің біреуіне
қатысты айтқан ойыңды дәлелде.
Дескриптор
Білім алушы
- кейіпкерлердің іс-әрекетін анықтайды;
- кейіпкерлерге қатысты өз ойын білдіреді;
- өз ойына дәлелді пікір айтады.
29
Бөлімше 2.6 Орфоэпиялық нормаларды сақтау
Оқу мақсаты 4.2.6.1 Айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар
сөздерді дұрыс айту
Бағалау критерийі Білім алушы
• Айтылуы мен жазылуы әртүрлі сөздерді дұрыс айтады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Берілген сөз тіркестеріндегі әр сөзді айтылуы бойынша жаз. Олардың жазылуы мен
айтылуын салыстыр.
Жазылуы Айтылуы
Бұғының мүйізі
Түлкінің құйрығы
Үкінің құлағы
• Айтылуы мен жазылуы әртүрлі сөздерге бірнеше мысал келтір.
Дескриптор
Білім алушы
- берілген сөздерді айтылуына сәйкес жазады;
- айтылуы мен жазылуы әртүрлі сөздерге мысал келтіреді;
- сөздерді орфоэпиялық норманы сақтап айтады.
30
Бөлім: Оқылым
Бөлімше 3.3 Мәтіннің жанрлары мен түрлерін анықтау
Оқу мақсаты 4.3.3.1* Мәтіннің жанрын (мақал-мәтелдер, бата, аңыз,
мысал,
өсиет әңгімелердің) жанрлық ерекшеліктерін және
көмекші сөздердің қолдауымен пайымдау мәтінін
анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Ерекшеліктері бойынша мәтіннің жанрын анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтіндерді оқы. Кестені толтыр.
Мәтін қай жанрда жазылған?
1-мәтін 2-мәтін
Қандай жанрлық ерекшеліктері бар?
Дескриптор
Білім алушы
- мәтіннің жанрын анықтайды;
- жанрлық ерекшелігін сипаттайды.
31
Бөлімше 3.4 Сұрақтар мен жауаптар құрастыру
Оқу мақсаты 4.3.4.1* Мұғалімнің қолдауымен мәтін мазмұнын және
кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалауға бағытталған
сұрақтар (неліктен? не үшін?) құрастыру және оған
жауап беру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Кейіпкерлерге қатысты бағалау сұрақтарын
қояды және сұрақтарға жауап береді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді оқы. Сұрақтарға жауап бер.
1. Самал мен сыныптастары кімді
кездестірді?
2. Жасыл түсті адамның жерге келу
себебі не?
3. Бұл оқиға қай кезде болды?
• Неліктен? / не үшін?сұрақтарын қолданып, мәтін бойынша 1 сұрақ қой.
• Жұбыңның құрастырған сұрағына жауап бер.
Дескриптор
Білім алушы
- мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;
- мәтін бойынша бағалау сұрақтарын құрастырады.
32
Бөлімше 3.5 Түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты алу
Оқу мақсаты 4.3.5.1* Қажетті ақпараттарды табу үшін түрлі дереккөздерді
(сөздіктер, инфографикалар, энциклопедиялар,
ғаламтор) қолдана білу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Дереккөздерден қажетті ақпараттарды анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Түрлі дереккөздерден жануарлардың біреуі туралы ақпараттар тауып, кестеге жаз.
Қызыл қасқыр Тянь-Шань қоңыр аюы
Қызғалдақ Қоқиқаз
Жануар/құс/
өсімдік атауы
Мекендейтін/
өсетін жері
Сиреу
себептері
Қорғау
шаралары
Дереккөздер
• Кестедегі ақпаратқа сүйеніп, сирек кездесетін жануар/ құс/ өсімдік туралы
жұбыңа әңгімелеп бер.
Дескриптор
Білім алушы
- тақырыпқа сәйкес қажетті ақпараттарды анықтайды;
- ақпаратты таныстыруда тілдік нормаларды сақтайды.
33
Бөлім: Жазылым
Бөлімше 4.1 Мәтінді түрлі формада ұсыну
Оқу мақсаты 4.4.1.1* Шағын сюжетті комикс /буклет/ коллаж/ жарнама
/презентацияны сөйлемдермен толықтыру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Сюжетті суреттерді сөйлемдермен толықтырады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Сюжетті сурет бойынша «Балапанға көмек» тақырыбына ауызша мәтін құрастыр.
Кейіпкерлердің ойларын, айтқан сөйлемдерін «сөздік көпіршіктер» түрінде жаз.
Дескриптор
Білім алушы
- сурет бойынша тақырыпқа сәйкес шағын мәтін құрастырады;
- суретті сәйкес сөйлемдермен толықтырады;
- сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жазады;
- тыныс белгілерін дұрыс қолданады.
34
Бөлімше 4.2 Тыңдаған /оқыған/ көрген материалдың мазмұнын жазу
Оқу мақсаты 4.4.2.1* Оқыған/аудио/бейне материалдың мазмұнын дайын
жоспар негізінде жазу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Жоспар бойынша мәтіннің мазмұнын жазады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы. Берілген жоспарға сүйеніп, мәтіннің мазмұнын жаз.
Жоспар:
1. Қыс сипаты
2. Қыс қызықтары
3. Көңілді күн
Дескриптор
Білім алушы
- мәтіннің мазмұнын жоспарға сәйкес жүйелі жазады;
- сөйлемдердің құрылымын сақтайды,
- тыныс белгілерін дұрыс қолданады;
- сөздерді лексика-грамматикалық нормаға сай жазады.
35
Бөлімше 4.4 Каллиграфиялық дағдыларын дамыту
Оқу мақсаты 4.4.4.1 Каллиграфиялық нормаларға сәйкес әріптердің өзара
байланысын сақтап, бір сызықта көркем жазу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Жазу барысында каллиграфиялық нормаларды
сақтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, өлеңді көркем етіп көшіріп жаз.
Керекті сөздер: саламыз, шомылып, баламыз, жауында, ойнаймыз.
Дескриптор
Білім алушы
- көп нүктенің орнына сәйкес сөздерді анықтайды;
- әріптердің мөлшерін, көлбеулігін сақтап жазады;
- әріптердің байланысын дұрыс салады.
36
Бөлімше 4.5 Орфографиялық дағдыларын дамыту
Оқу мақсаты 4.4.5.2 Сөзге қосымшалар жалғау кезінде үндестік заңын
сақтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Сөздерді түрлендіру кезінде үндестік заңын сақтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Суретке мұқият қара. Берілген сұрақтарға сүйеніп, сурет бойынша әңгіме құрап жаз.
• Суретте қай жыл мезгілі бейнеленген?
• Балалар қайда келді?
• Олар жемсауытты неліктен қардан тазартты?
• Оқиға қалай аяқталды?
Дескриптор
Білім алушы
- суреттің мазмұнына сәйкес шағын әңгіме құрап жазады;
- сөздер мен сөйлемдердің мағыналық байланысын сақтайды;
- қосымшаларды үндестік заңына сәйкес жалғайды;
- сөйлемдерді қатесіз жазады.
37
Бөлім: Тілдік дағдылар
Бөлімше 5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді
қолданбау)
Оқу мақсаты 4.5.1.1* Мұғалімнің қолдауымен шылауларды, көмекші
сөздерді ажырату, ауызша және жазбаша тілде
қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Сөйлеу және жазу барысында шылауларды
қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Суретке мұқият қара. Көп нүктенің орнына тиісті шылауларды қойып, орны ауыстырылып
берілген сөздерден сөйлем құрап жаз
адамдар / мүйізі. ... /бағалы терісі үшін/ аулайды / жануарларды
жануарларды / қорықтар / қорғау . / құрылады.
жануарлар .... / жазылады / сирек кездесетін/ және/ жойылу
қаупі бар/ Қызыл кітапта
• Керекті сөздер: туралы, үшін, мен, және
Дескриптор
Білім алушы
- берілген сөздерден сөйлемдер құрастырып жазады;
- сөйлемдердің құрылымын сақтайды;
- көп нүктенің орнына тиісті шылауларды қолданады;
- бас әріп пен тыныс белгісін орынды қолданады.
38
Бөлімше 5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді
қолданбау)
Оқу мақсаты 4.5.1.5 * Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жай
және құрмалас сөйлем құрастыру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Жай және құрмалас сөйлемдер құрастырады
• Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
1-тапсырма
Берілген суреттерге мұқият қара. Жұпта «Ормандағы Жаңа жыл» тақырыбында мәтін
құрастыр. Мәтінде бірақ, және, сондықтан, себебі/ өйткені сөздерін қолдан.
Дескриптор
Білім алушы
- сюжет пен тақырыпқа сәйкес мәтін құрайды;
- көмекші сөздерді орынды қолданады;
- сөйлемдердің құрылымын сақтайды;
- сөйлемдерді қатесіз жазады.
2-тапсырма
Берілген сөздерден сөйлем құрастырып жаз.
• көлік / ауа / ауаға / тараса, / ластанады / түтіні
• егер / ластауды / ауаны / тоқтатпасақ/ болашақта / қауіп / бүкіл / әлемге / төнеді.
• жаңбыр/ қышқылды / жауса/ ағаштар/ мен/ зиян / келеді /топыраққа.
.
Дескриптор
Білім алушы
- құрмалас сөйлемдерді дұрыс құрастырады;
- сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтайды.
- тыныс белгілерін орынды қолданады.
39
4-тоқсан
Бөлім: Тыңдалым
Бөлімше 1.3 Тыңдаған аудио/бейнематериалдың мазмұнын түсіну
Оқу мақсаты 4.1.3.1* Тыңдаған материалдың (ұзақтығы 2-2,5 мин)
мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру/сөйлемді
толықтыру және түйінді тұстарын анықтау/кесте
толтыру/кластер құрастыру/болжау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап
береді
• Мәтіннен негізгі ақпараттарды анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
«Күн жүйесіндегі ғаламшарлар» бейнематериалын мұқият қара (7.54 - 11.52 аралығы).
https://imektep.kz/kz/garysh-video Тапсырмаларды орында.
Бейнежазба мәтіні:
а) Ғаламшар атауларын сипаттамасымен сәйкестендір.
Шолпан Күрделі сақиналары бар планета.
Сатурн Күн жүйесіндегі ең алыс планета.
Марс «Қызыл планета» деп аталады.
Нептун Күн жүйесіндегі екінші планета
40
b) Сұрақтарға жауап бер.
Сұрақтар Жауабы
Жердің басқа планеталардан қандай ерекшелігі
бар?
Күн жүйесінің планеталары қалай қозғалады?
Дескриптор
Білім алушы
- ақпараттардың сәйкестігін анықтайды;
- мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.
41
Бөлімше 1.4 Мәтіндегі негізгі, қосалқы мәліметтерді түсіну
Оқу мақсаты 4.1.4.1* Тыңдаған мәтін бойынша оқиғаның себеп-
салдарлық байланысын (кейіпкерлер, оқиға)
және негізгі ойды мұғалімнің қолдауымен
анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіндегі оқиғаның себебін түсіндіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтіндерді мұқият тыңда. Сұрақтарға жауап бер.
• Ғарышкерлер аллеяға неліктен ағаш отырғызады деп ойлайсың?
• Ғарышкер болу үшін спорттың қандай пайдасы бар?
• Талғат Мұсабаев бала кезінде немен әуестенген?
Дескриптор
Білім алушы
- мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;
- сұрақтардың негізінде оқиғаның себебін сипаттайды.
42
Бөлімше 1.5 Тыңдау-көру материалдарының мазмұнын түсіну
Оқу мақсаты 4.1.5.1* Тыңдаған оқиға/әңгіме бөліктерінің жалғасын
болжау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тыңдаған мәтіннің соңын болжайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
а) Мәтінді мұқият тыңда. Мәтін бойынша кестені толтыр.
Балалар қайда
барды?
Белгісіз объект
неге ұқсайды?
Басқа ғаламшарлықтың
сипаты қандай?
Басқа ғаламшарлықтар
Жерге не үшін ұшып
келді?
b) Ары қарай не болды деп ойлайсың? Тірек сөздерге сүйеніп, мәтіннің соңын жалғастыр.
Тірек сөздер:
• ұшып кету
• хабарлау
• шара қолдану
• қауіптен құтылу
Дескриптор
Білім алушы
- сұраққа сәйкес ақпараттарды анықтайды;
- оқиғаның соңын болжайды;
- оқиғаны жүйелі байланыстырады;
- тірек сөздерді орынды қолданады;
- сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.
43
Бөлім: Айтылым
Бөлімше 2.1 Сөздік қорды толықтыру
Оқу мақсаты 4.2.1.1* Берілген сөздерге қарама-қарсы мағыналы,
мағыналас сөздерді табу және сөйлеу барысында
қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Сөйлеу барысында қарама-қарсы мағыналы сөздерді
қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Қарама-қарсы мағыналы сөздерді сәйкестендір.
Алыс Кіші
Ыстық Ұсақ
Үлкен Қазіргі
Ірі Жақын
Бұрынғы Соңғы
Алғашқы Суық
• Кестегегі сөздерді пайдаланып, «Күн жүйесіндегі ғаламшарлар» тақырыбына сөйле.
Дескриптор
Білім алушы
- қарсы мағыналы сөздерді анықтайды;
- тақырыпқа сәйкес шағын мәтін құрап айтады:
- қарама-қарсы мағыналы сөздерді орынды қолданады;
- сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.
44
Бөлімше 2.2 Берілген тақырып бойынша ойын жеткізу
Оқу мақсаты 4.2.2.1 Берілген тірек сөздер мен жоспардың негізінде қысқа
монолог құру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тірек сөздер мен жоспарға сүйеніп сөйлейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Берілген тақырыптардың біреуін таңдап ал. Тірек сөздерге сүйеніп, тақырып бойынша
әңгімеле.
1. Күн жүйесі
Тірек сөздер: ғаламшар, серік, айналу, алыс, жақын, ыстық, суық, сақина
2. Жұлдыздар туралы аңыздар
Тірек сөздер: Жетіқарақшы, ұрлау, аттар, Темірқазық, Күн, көрмеу
3. Ғарыш туралы фантастикалық әңгіме.
Тірек сөздер: оттар, белгісіз объект, тәрелке, басқа ғаламшарлық, қауіп
4. Ғарышкерлер және ғарыш айлағы
Тірек сөздер: тұңғыш, қызығушылық, айналысу, меңгеру, ғарыш айлағы, аллея, ағаш
Дескриптор
Білім алушы
- тақырыпқа сәйкес мәтін құрайды;
- тақырыпты ашады;
- тірек сөздерді орынды пайдаланады;
- тілдік нормаларды сақтайды.
45
Бөлімше 2.4 Оқыған/тыңдаған материалды мазмұндау
Оқу мақсаты 4.2.4.1* Жоспар/жазбаларын қолданып, мәтінді толық
мазмұндау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіннің мазмұнын жоспар бойынша баяндайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы. Тапсырмаларды орында.
1) Мәтіннің мазмұнына қатысты сөйлемдерді анықта.
Әуе шарларының пайда болуы авиция күнін белгіледі.
Иттердің аман оралуы ғарышта адамның да бола алатынын дәлелдеді.
Ғарышқа ұшу арнайы дайындықты қажет етеді.
2) Мәтіннің әр бөліміне ат қойып, жоспар құр.
1-бөлім: ___________________
2-бөлім: ___________________
3-бөлім: ___________________
3) Жоспарға сүйеніп, мәтіннің мазмұнын айт.
Дескриптор
Білім алушы
- мәтіннің мазмұнына сәйкес сөйлемдерді анықтайды;
- мәтінге жоспар құрады;
- мәтін мазмұнын жоспарға сәйкес жүйелі баяндайды;
- тілдік нормаларды сақтап сөйлейді.
46
Бөлім: Оқылым
Бөлімше 3.5 Түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты алу
Оқу мақсаты 4.3.5.1* Қажетті ақпараттарды табу үшін түрлі дереккөздерді
(сөздіктер, , энциклопедиялар, ғаламтор) қолдана білу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Дереккөздерден қажетті ақпараттарды анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Кітапханаға барып, қосымша дереккөздерден Күн жүйесінің ғаламшарлары туралы
ақпарат ізде және кестеге жаз.
Ғаламшардың атауы Ғаламшардың
сипаты
Ғаламшарға
қатысты деректер
Дереккөздер
• Анықталған ақпараттарға сүйеніп, бір ғаламшарды сипаттап айт.
Дескриптор
Білім алушы
- тақырыпқа сәйкес ақпараттарды іріктейді;
- ақпараттардың негізінде ғаламшарды сипаттайды.
47
Бөлім: Жазылым
Бөлімше 4.1 Мәтінді түрлі формада ұсыну
Оқу мақсаты 4.4.1.1* Шағын сюжетті комикс/ буклет/ коллаж/ жарнама/
презентацияны сөйлемдермен толықтыру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Сюжетті суреттерді сөйлемдермен толықтырады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Берілген суреттер мен тірек сөздердің негізінде ауызша әңгіме құрастыр. Суретті
кейіпкердің ойына, айтқан сөздеріне қатысты сөйлемдермен (сөздік көпіршіктермен)
толықтырып, комикс жаса. Әңгімеге ат қой.
• ғарыш
• зымыран
• ұшу
• саяхаттау
• ғажайып
• таң қалу
• кездесу
• ұқсайды
• ояну
• түс көру
Дескриптор
Білім алушы
- суреттің мазмұнына сәйкес мәтін құрастырады;
- суретті кейіпкерлерге қатысты сөйлемдермен толықтырады;
- сөйлемнің құрылымын сақтайды;
- тиісті тыныс белгілерді қолданады;
- лексика-грамматикалық нормаларды сақтайды;
- мәтінге тақырып қояды.
48
Бөлімше 4.5 Орфографиялық дағдыларын дамыту
Оқу мақсаты 4.4.5.2 Сөзге қосымшалар жалғау кезінде үндестік заңын
сақтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Сөздерді түрлендіру кезінде үндестік заңын
сақтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойып, өлеңді көшіріп жаз.
Дескриптор
Білім алушы
- сөздерге тиісті қосымшаны жалғайды;
- өлеңді қатесіз, көркем жазады.
49
Бөлім: Тілдік дағдылар
Бөлімше 5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді
қолданбау)
Оқу мақсаты 4.5.1.3* Өз бетінше шағын мәтіннен етістіктің шақ, рай
формаларын ауызша және жазбаша тілде қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Сөйлеу және жазу барысында рай формалы
етістіктерді қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
«Бекеттер» ойынын ойна. Әр бекетте жасырылған тапсырмаларды орында. Бір бекеттің
тапсырмасын орындамай, келесі бекетке көшуге болмайтынын ұмытпа.
1-бекет
• Жауабыңды «Егер мен уақыт машинасын құрастырсам, ....» деген сөйлемнен
бастап жаз.
2-бекет
• Жауабыңды «Егер менде уақыт машинасы болса, ....» деген сөйлемнен баста.
Дескриптор
Білім алушы
- сұрақтарға сәйкес жауап береді;
- шартты райлы етістікті дұрыс қолданады;
- сөйлемдердің құрылымын сақтайды.
50
Бөлімше 5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді
қолданбау)
Оқу мақсаты 4.5.1.4* Септік/жіктік формалардағы жіктеу есімдіктерін
және септеулік шылауларды ауызша/жазбаша тілде
қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Сөйлеу және жазу барысында септелген жіктеу
есімдіктерін қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Берілген жағдаяттарды түсініп оқы және тапсырмаларды орында.
1-тапсырма
Қазір 3000 жыл деп ойла. Адамдар кез келген ғаламшарға ұша алады. Сен бірінші рет
басқа ғаламшарларға саяхат жасадың. Қандай ғаламшарларға барғаның, жолда нелерді
көргенің, метеориттерден болған қауіп жайлы әңгіме құрастыр.
2-тапсырма
Досың екеуің орманда серуендеп жүрсіңдер. Бір кезде орманнан белгісіз объектіні
көрдіңдер. Ол объектіден басқа ғаламшарлықтар шықты. Өзіңнің ойларың, сезімдерің
жайлы, басқа ғаламшарлықпен не туралы сөйлескенің жайлы жұпта диалог құрастыр.
• Әңгімеге қажетті сөздер мен сөз орамдары: бір кезде, содан соң, кенет, мен,
менің,
маған, менде, бізге, бізден, одан, оның, бақытымызға орай, өкінішке орай, , содан кейін,
ғажайып, құпия, шексіз
Дескриптор
Білім алушы
- тапсырмаға сәйкес мәтін/ диалог құрады;
- жіктеу есімдіктерін дұрыс қолданады;
- сөйлемнің құрылымын сақтайды.