» » ТЖБ ҚЖБ Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде) 4-сынып

ТЖБ ҚЖБ Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде) 4-сынып

21 август 2019, Среда
184
0

Қалыптастырушы бағалауға арналған
тапсырмалар жинағы
Қазақ тілі
(оқыту қазақ тілінде)
4-сынып
Нұр-Сұлтан, 2019
2
Құрметті мұғалім!
Аталған тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында
мұғалімдерге көмек құралы ретінде құрастырылды. Бұл мұғалімдердің ұжымдық
жұмысының нәтижесі. Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар
қалыптастырушы бағалауды өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды
құрастыруға және іріктеп алуға, оқу мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері байланыс
беруге көмектесетін үлгі болып табылады.
Жинақтың ұсынылған сипаты сізге білім алушының қажеттілігі мен
мүмкіндігін есепке ала отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер
енгізуіңізге, бейімдеуіңізге мүмкіндік береді.
Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар
және т.б.), форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев
Зияткерлік мектептері» ДББҰ smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз.
Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!
Жинақ бастауыш мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау
бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және
аудио материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ
коммерциялық емес мақсатта құрастырылған.
Мазмұны
1-тоқсан ........................................................................................................................................................ 4
Бөлім: Тыңдалым және айтылым........................................................................................................... 4
Бөлім: Оқылым ........................................................................................................................................ 6
Бөлім: Жазылым ...................................................................................................................................... 9
Бөлім: Тілдік нормалардың қолданысы .............................................................................................. 12
2-тоқсан ...................................................................................................................................................... 14
Бөлім: Тыңдалым және айтылым......................................................................................................... 14
Бөлім: Оқылым ...................................................................................................................................... 18
Бөлім: Жазылым .................................................................................................................................... 22
Бөлім: Тілдік нормалардың қолданысы .............................................................................................. 27
ІІІ тоқсан .................................................................................................................................................... 29
Бөлім: Тыңдалым және айтылым......................................................................................................... 29
Бөлім: Оқылым ...................................................................................................................................... 33
Бөлім: Жазылым .................................................................................................................................... 38
Бөлім: Тілдік нормалардың қолданысы .............................................................................................. 41
4 – ТОҚСАН .............................................................................................................................................. 42
Бөлім: Тыңдалым және айтылым......................................................................................................... 42
Бөлім: Оқылым ...................................................................................................................................... 45
Бөлім: Жазылым .................................................................................................................................... 48
Бөлім: Тілдік нормалардың қолданысы .............................................................................................. 51
4
1-тоқсан
Бөлім: Тыңдалым және айтылым
Бөлімше: 1.3 Түрлі жағдаяттарда тілдік нормаларды дұрыс қолдану
Оқу мақсаты 4.1.3.1 Сұхбаттасының жасын, жай-күйін ескере отырып,
белгілі бір тақырып аясында сөйлеу мәдениетін
сақтап, диалогке қатысу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Берілген тақырып бойынша диалог құрастырады
• Диалог барысында сөйлеу мәдениетін сақтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Бейнежазбаны мұқият қара (https://youtu.be/8rFZWw0s8GU)
Жұпта «Менің Отаным – көп ұлтты Қазақстан» тақырыбы аясында диалог құрастыр.
Диалогта келесі мәселелерді қамту керек:
• Қазақстан халқы
• Халықтар достығы
• Бейбітшілік - тірегіміз
Дескриптор Білім алушы
- тақырыпқа сәйкес диалог құрастырады;
- тақырып бойынша сұрақтар қояды және жауап береді;
- ұсынылған мәселелерді қамтиды;
- диалог барысында сөйлеу мәдениетін сақтайды.
5
Бөлімше: 1.4 Берілген тақырып бойынша әңгіме құрау
Оқу мақсаты 4.1.4.1 Тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып,
монолог құрау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Жоспар бойынша тақырыпқа сәйкес монолог құрады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Берілген тірек сөздер мен жоспар бойынша «Кең-байтақ Қазақстаным» тақырыбына
монолог құр.
Жоспар:
1) Менің Отаным
2) Қазақстан - байтақ ел
3) Тәуелсіз елдің ұрпағымыз
Тірек сөздер:
Дескриптор
Білім алушы
- жоспарға сәйкес монолог құрастырады;
- тірек сөздерді орынды қолданады;
- ойын жүйелі түрде, еркін жеткізеді.
6
Бөлім: Оқылым
Бөлімше: 2.3 Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру
Оқу мақсаты 4.2.3.1 Мәтін мазмұны бойынша шешім табуға
бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап
беру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтін бойынша шешім шығаруға бағытталған
сұрақ құрастырады
• Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап
береді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы. Мәтін бойынша шешім табуға арналған сұрақтар құрастыр және жауап
бер.
Сұрақ Жауап
Дескриптор Білім алушы
- мәтін бойынша шешім шығаруға бағытталған сұрақтар
құрастырады;
- сұраққа дәлелді жауап береді;
- сөйлемнің құрылымын сақтайды.
7
Бөлімше: 2.4 Мәтіннің тақырыбы және негізгі ойды анықтау
Оқу мақсаты 4.2.4.1 Мәтіннің тақырыбы мен мазмұнының өзара
сәйкестігін анықтау және ондағы негізгі ойды
тұжырымдау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтін тақырыбы мен мазмұны арасындағы
сәйкестікті анықтайды
• Мәтіннің негізгі ойын тұжырымдайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Берілген мәтінді мұқият оқы. Тапсырмаларды орында.
• Мәтінге тақырып қой.
• Мәтіннің негізгі ойын білдіретін сөйлемдерді тауып, қоршап сыз.
• Мәтіннің тақырыбы мен мазмұнының қандай байланысы бар?
• Мәтіннен қандай ой түйдің?
Дескриптор Білім алушы
- мәтінге ат қояды;
- мәтіннің негізгі ойын анықтайды;
- мәтіннің тақырыбы мен мазмұнының байланысын
тұжырымдайды;
- мәтіннің мазмұнына қатысты қорытынды жасайды.
8
Бөлімше: 2.5 Түрлі дереккөздерден ақпарат алу
Оқу мақсаты 4.2.5.1* Дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте,
диаграмма) қажетті ақпараттарды табу, кездескен
жаңа сөздердің мағынасын мәнмәтін бойынша
анықтап, ақпаратты қорытындылау, бағалау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Дереккөздерден қажетті ақпаратты табады
• Анықталған ақпаратқа қатысты пікір білдіреді
• Мәнмәтінге сүйеніп, бейтаныс сөздердің мағынасын
түсіндіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
1-тапсырма
Мәтінді мұқият оқы. Кестеге әр жолаушының бұлақ туралы айтқан пікірлерін қысқаша жаз.
Кейіпкерлер Пікірлері
1-жолаушы
2-жолаушы
3-жолаушы
• Сен қай жолаушының пікірімен келісесің?
2-тапсырма
Мәтінде қарамен берілген сөздерді теріп жаз және мәтіннің мазмұнына сүйеніп, мағынасын
түсіндір.
Дескриптор Білім алушы
- мәтіннен қажетті ақпаратты табады;
- кейіпкерлердің көзқарасына қатысты пікір білдіреді;
- бейтаныс сөздердің мағынасын түсіндіреді.
9
Бөлім: Жазылым
Бөлімше: 3.1 Мәтін түрлеріне сәйкес мәтін құрап жазу
Оқу мақсаты 4.3.1.1 Берілген тақырып бойынша әңгімелеу, сипаттау
және пайымдау элементтері бар мәтін құрап жазу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Берілген тақырып бойынша сипаттау мәтінін
құрайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Суреттерге сүйеніп, «Қазақстанның табиғаты» тақырыбына сипаттау мәтінін құрап жаз.
Дескриптор Білім алушы
- тақырыпқа сәйкес сипаттау мәтінін құрап жазады;
- мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтайды;
- ойын жүйелі, еркін жеткізеді;
- грамматикалық нормаларды сақтайды.
10
Бөлімше: 3.3 Оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жазба
жұмыстар жазу
Оқу мақсаты 4.3.3.1*. Оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды
материалдар бойынша жоспар құрып,
мазмұндама/ тірек сөздерді пайдаланып эссе жазу
4.3.6.1 Каллиграфиялық нормаларды сақтау және жазу
техникасын жетілдіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тыңдалған мәтіннің негізінде мазмұндама жазады
• Жазу барысында каллиграфиялық нормаларды
сақтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Ы. Алтынсариннің «Мейірімді бала» атты әңгімесін мұқият тыңда.
Қытай жұртында біреуді
алдаған кісінің қолын кесетін
ескі заң бар. Бір төре осындай
іспен күнәлі болып қалыпты.
Оны жазалау үшін патшаның
алдына алып келіпті.
Сол кезде күнәлі адамның жас қызы әкесі үшін жауап бергісі
келетінін айтады. Қызды патшаға алып келеді.
- Тақсыр патшам! -дейді қыз, - Менің әкемнің жазаға
лайық болғаны рас, сол үшін қолынан айырылуы керек
болды. Мінекей, тақсыр, әкемнің қолы, - деп өзінің қолын
көтереді.
- Бұл қол - менің жазықты болған әкемнің қолы. Бірақ
мұнымен бала-шағасын асырауға шамасы келмейді.
Әкемнің осы нашар қолын кесіп, жұмысқа жарап, бала-
шағасын асырайтын қолын өзіне қалдыруды бұйырыңыз,
тақсыр,-депті.
Патша баланың әкесіне деген мұнша мейірімділігіне рақымы келіп, төренің күнәсін
кешіріпті.
• Берілген жоспар бойынша мәтіннің мазмұнын жаз.
Жоспар:
1) Ескі заң
2) Тапқыр бала
3) Патшаның шешімі
Дескриптор Білім алушы
- мәтіннің мазмұнын жоспарға сәйкес жазады;
- сөздер мен сөйлемдердің мағыналық байланысын сақтайды;
- грамматикалық және пунктуациялық нормаларды сақтайды;
- каллиграфиялық талаптарды сақтайды.
11
Бөлімше: 1.4 Берілген тақырып бойынша әңгіме құрау
Оқу мақсаты 4.3.7.3 Диалогке тән тыныс белгілерді қою
Бағалау критерийі Білім алушы
• Берілген тақырып бойынша диалог құрастырады
• Диалогтің тыныс белгілерін дұрыс қояды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Суреттерге мұқият қара. Таңдауың бойынша берілген кейіпкерлерге қатысты диалог
құрастырып жаз. Тиісті тыныс белгілерін қой.
1) Ата мен бала
2) Әжей мен балалар
Дескриптор Білім алушы
- суреттегі оқиғаға сәйкес диалог құрастырып жазады;
- тыныс белгілерін дұрыс қояды.
12
Бөлім: Тілдік нормалардың қолданысы
Бөлімше: 4.1 Орфографиялық, орфоэпиялық нормаларды сақтау
Оқу мақсаты 4.4.1.2 Сөзге қосымшалар жалғауда буын үндестігін
ескеріп қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Жазу барысында буын үндестігін сақтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларды қойып, мәтінді көшіріп жаз. Қосымшалардың
астын сыз және сөзге жалғану заңдылығын түсіндір.
Дескриптор Білім алушы
- сөзге қосымшалар жалғауда буын үндестігін сақтайды;
- қосымшалардың жалғану заңдылығын түсіндіреді.
13
Бөлімше: 4.1 Орфографиялық, орфоэпиялық нормаларды сақтау
Оқу мақсаты 4.4.1.3 Айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар
сөздерді анықтап жазу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Айтылуы мен жазылуы әртүрлі сөздерді дұрыс
жазады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Қарамен берілген сөздерді жазылуы мен айтылуына қарай кестенің тиісті бағанына жаз.
Өзара үндесіп тұрған дауыссыз дыбыстардың астын сыз.
1) Досжан - әдепті оқушы.
2) Бұқар жырау өз заманының сөзшең адамдарының бірі болған.
3) Жанпейіс жазда апасы мен атасының ауылында демалды.
4) Алмас өтінішін ауызша айтты, алайда қағазға жазса дұрыс болар еді.
Жазылуы Айтылуы
• Айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар сөздерге мысал келтір.
Дескриптор Білім алушы
- сөздерді айтылуы бойынша жазып көрсетеді;
- өзара үндесіп тұрған дауыссыздарды анықтайды;
- айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар сөздерге мысал
келтіреді.
14
2-тоқсан
Бөлім: Тыңдалым және айтылым
Бөлімше: 1.1 Тыңдалған материалдың мазмұнын түсіну
Оқу мақсаты 4.1.1.1 Тыңдаған материал бойынша негізгі тұсын түртіп
алу және солардың негізінде мәтіннің мазмұнын
айту
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіннен тірек сөздерді анықтайды
• Тірек сөздердің негізінде мәтінді мазмұндайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Өлеңді мұқият тыңда және кестені толтыр.
«Мен инженер боламын,
Жерден алтын табамын.
Жолын қуам әйгілі
Академик ағаның»,
- Деп Арман бір қуанды
Сергек, ұшқыр көңілмен.
Қоштадым да құп алдым
Бұл талабын оның мен.
«Мен ғарышкер боламын,
Жұлдызға ұшып барамын.
Жолын қуам атақты
Тоқтар сынды ағаның»,
- Деп Серік бір қуанды
Сергек, ұшқыр көңілмен.
Қоштадым да құп алдым
Бұл талабын оның мен.
«Мен дәрігер боламын,
Үлкеннің де, баланың
Қиналғанда қасына
Бірінші боп барамын»,
- Деп ботам бір қуанды
Аппақ, адал көңілмен.
Қоштадым да құп алдым
Бұл талабын оның мен.
«Ал мен ақын боламын,
Сусылдаған қаламым.
Адамдардың жүрегін
Жырмен жаулап аламын»,
- Деді Қамбар қуанып
Аңқылдаған көңілмен,
Тұрдым іштей құп алып
Бұл талабын оның мен.
«Бірің алтын іздесең,
Бірің жазсаң өлеңді,
Жұлдыздардан біреуің
Жолдап жатсаң сәлемді.
Бірің болып дәрігер,
Емдеп жатсаң ауруды,
Құрмет тұтып қалың ел,
Сыйлап жатса бар гүлді,
Бәріміз де жейтұғын,
Ең алдымен нан керек.
Көтеруге ел туын
Қуат керек, әл керек.
Нан беретін баршаға
Жер маманы болам мен.
Барып жүрмін бақшаға
Агроном ағаммен.
Гүл егемін жеріме
Осындай ой бар менде.
Жер жемісін еліме,
Сыйлап өтсем арман не»,
- Деді Құрман ойланып.
Мен құп алдым айтқанын.
Ал өзім-ақ қой бағып
Дайындармын ет жағын.
Т. Молдағалиев
Мамандықтар Тірек сөздер
• Кестеге сүйеніп, өлеңнің мазмұнын айт.
Дескриптор Білім алушы
- өлеңнен негізгі тірек сөздерді анықтайды;
- өлеңнің мазмұнын қара сөзбен жүйелі баяндайды;
- тірек сөздерді орынды қолданады.
15
Бөлімше: 1.2 Мәтіннің мазмұнын болжау
Оқу мақсаты 4.1.2.1* Мәтіннің тақырыбы мен берілген диаграмма,
сызба, кесте бойынша мәтіннің мазмұнын болжау
және өз ойын дәлелдеу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Берілген ақпараттар бойынша мәтіннің мазмұнын
болжайды және өз ойын негіздейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Кестеде берілген ақпараттарға сүйеніп, мәтіннің мазмұнына болжау жаса. Ұсынылған
ақпарат негізінде өз ойыңды дәлелде.
Ол Қаратау мен
Сырдария өзендерінің
ортасында, Ұлы Жібек
жолының бойында
орналасқан.
Ерте заманда қала
Шағбар деп аталатын.
Ол қалада ғажайып
ғимарат – Қожа Ахмет
Ясауидің кесенесі
орналасқан.
Дескриптор Білім алушы
- кесте бойынша мәтін мазмұнына болжау жасайды;
- өз ойына дәлелді пікір айтады.
16
Бөлімше: 1.4 Берілген тақырып бойынша әңгіме құрау
Оқу мақсаты 4.1.4.1 Тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып,
монолог құрау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тақырыпқа сәйкес монолог құрады
• Тірек сөздер мен жоспарды орынды қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Ө. Ақыпбекұлының «Мен таңдайтын мамандық» өлеңін мұқият тыңда.
Өлеңнен мамандық атауларын және оған қатысты тірек сөздерді теріп жаз.
Мамандық атаулары Тірек сөздер
• Өлеңнің мазмұнына сүйеніп, «Кім болам?» тақырыбына монолог құрап айт.
Дескриптор Білім алушы
- мамандық атауларына сәйкес тірек сөздерді анықтайды;
- тақырыпқа сәйкес монолог құрастырады;
- тірек сөздерді орынды қолданады;
- ойын жүйелі, еркін жеткізеді;
17
Бөлімше: 1.5 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін білдіру
Оқу мақсаты 4.1.5.1 Аудио-бейнежазба мазмұнына өзіндік баға беру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тыңдалған материалдың мазмұнына қатысты
пікірін айтады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Берілген сілтемелер арқылы мамандық туралы бейнежазбаларды мұқият қара.
http://www.youtube.com/watch?v=ExSazj3wRRo
http://www.youtube.com/watch?v=qeJMLuk3kwQ
Тапсырмаларды орында.
Бейнежазба мәтіні
• Бейнежазбаның мазмұны бойынша жұпта бір-біріңе сұрақ қойып, жауап бер.
• Бейнежазбадан қандай ой түйдің? Мамандық таңдау туралы автордың ойына қатысты
қандай пікір айтасың? Ойыңмен бөліс.
Дескриптор Білім алушы
- мәтіннің мазмұны бойынша сұрақ қояды, жауап береді;
- мәтіннің мазмұнына қатысты пікірін айтады;
- мәтіннің мазмұны бойынша ой қорытады.
18
Бөлім: Оқылым
Бөлімше: 2.2 Мәтіндегі лексикалық бірліктердің қолданылуын түсіну
Оқу мақсаты 4.2.2.1 Тұрақты сөз тіркестері мен көпмағыналы
сөздерді ажырата білу, мағынасын түсіну,
сөйлеу барысында қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тұрақты сөз тіркестері мен көп мағыналы
сөздерді ажыратады
• Сөйлеу барысында тұрақты тіркестер мен көп
мағыналы сөздерді қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Төменде берілген сөйлемдердің ішінен тұрақты сөз тіркестері мен көп мағыналы сөздерді
теріп жаз.
Тұрақты сөз тіркестері Көп мағыналы сөздер
• Тұрақты сөз тіркестері мен көп мағыналы сөздерді қолданып 2 сөйлем құрастыр.
Дескриптор Білім алушы
- тұрақты сөз тіркестері мен көп мағыналы сөздерді ажыратады;
- тұрақты тіркестер мен көп мағыналы сөздерді мағынасына сай
қолданады.
19
Бөлімше: 2.4 Мәтіннің тақырыбы және негізгі ойды анықтау
Оқу мақсаты 4.2.4.1 Мәтіннің тақырыбы мен мазмұнының өзара сәйкестігін
анықтау және ондағы негізгі ойды тұжырымдау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтін тақырыбы мен мазмұны арасындағы сәйкестікті
анықтайды
• Мәтіннің негізгі ойын тұжырымдайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы.
• Мәтінге тақырып қой. ____________________________________________________
• Мәтіндегі негізгі ойды тұжырымдап жаз.
________________________________________________________________________
• Сейіттің орнында болсаң не істер едің?
Дескриптор Білім алушы
- мәтінге ат қояды;
- мәтіннің негізгі ойын анықтайды;
- мәтін бойынша өз ойын тұжырымдайды.
20
Бөлімше: 2.5 Түрлі дереккөздерден ақпарат алу
Оқу мақсаты 4.2.5.1* Дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте,
диаграмма) қажетті ақпараттарды табу, кездескен
жаңа сөздердің мағынасын мәнмәтін бойынша
анықтап, ақпаратты қорытындылау, бағалау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Дереккөздерден қажетті ақпаратты табады
• Анықталған ақпаратқа қатысты пікір білдіреді
• Мәнмәтінге сүйеніп, бейтаныс сөздердің мағынасын
түсіндіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы. Кейіпкерлерге қатысты маңызды ақпараттарды кестеге жаз.
Кейіпкерлер Маңызды ақпараттар
Тапал
Сұңғақ
• Мәтіндегі қарамен белгіленген сөздерді теріп жаз және мағынасын түсіндір.
Сөздер/сөз тіркестері Мағынасы
• Қай кейіпкердің іс-әрекеті дұрыс деп ойлайсың? Неліктен?
Дескриптор Білім алушы
- мәтін кейіпкерлеріне қатысты ақпараттарды анықтайды;
- бейтаныс сөздердің мағынасын түсіндіреді.
- кейіпкерлердің іс-әрекетіне қатысты көзқарасын айтады.
21
Бөлімше: 2.6 Мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау
Оқу мақсаты 4.2.6.1 Белгілі бір тақырыпта берілген мәтіннің түрлерін,
жанрын, стилін (мақала, репортаж, жаңалық,
өмірбаян, мінездеме, жарнама, хабарландыру)
салыстырып, ұқсастықтары мен
айырмашылықтарын анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Бір тақырыпқа берілген мәтіндерді салыстырады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтіндерді оқы. Олардың жанрын, түрін, стилін анықта. Қандай ұқсастығы мен
айырмашылығы бар? Сипаттап айт.
жанры түрі стилі
1-мәтін
2-мәтін
Дескриптор
Білім алушы
- мәтіндердің түрін, жанрын, стилін анықтайды;
- мәтіндердің ұқсастығы мен айырмашылығын сипаттайды.
22
Бөлім: Жазылым
Бөлімше: 3.1 Мәтін түрлеріне сәйкес мәтін құрап жазу
Оқу мақсаты 4.3.1.1 Берілген тақырып бойынша әңгімелеу, сипаттау
және пайымдау элементтері бар мәтін құрап жазу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Берілген тақырып бойынша пайымдау бөліктері
бар мәтін құрайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Суреттердің көмегімен «Тарихи мұраны сақтау - біздің борышымыз» тақырыбына
пайымдау элементтері бар мәтін құрап жаз.
Арыстан баб кесенесі Тамғалы тас
Есік қорғаны, Алтын адам Айша бибі кесенесі
Дескриптор Білім алушы
- тақырыпқа сәйкес пайымдау мәтінін жазады;
- өз көзқарасын дәлелдеп, негіздейді;
- мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтайды;
- көмекші сөздерді орынды қолданады;
- грамматикалық нормаларды сақтайды.
23
Бөлімше: 3.2 Түрлі стильде мәтін жазу
Оқу мақсаты 4.3.2.1 Тірек сөздерді қолданып белгілі бір стильде мәтін
(мақала, мінездеме, сұхбат) жазу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Берілген тақырып бойынша мақала жазады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Берілген суреттер мен тірек сөздерді қолданып, қазақ халқының қолөнері туралы мақала
жаз.
Дескриптор Білім алушы
- тақырыпқа сәйкес мақала жазады;
- ақпараттық мәліметтерді және өзіндік көзқарасын жүйелі жеткізеді;
- мақала жазу стилін сақтайды.
24
Бөлімше: 3.3 Оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жазба
жұмыстар жазу
Оқу мақсаты 4.3.3.1*. Оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды
материалдар бойынша жоспар құрып мазмұндама/
тірек сөздерді пайдаланып эссе жазу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тыңдалған мәтіннің негізінде мазмұндама жазады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда. Берілген сұрақтардың көмегімен мәтінге жоспар құр. Жоспар
бойынша мазмұндама жаз.
Сұрақтар:
1) Кейіпкер жолда нені кездестірді?
2) Ол ары қарай не істеді?
3) Кейіпкер неге таңқалды?
Мазмұндама жоспары:
1) __________________________________
2) __________________________________
3) __________________________________
Дескриптор Білім алушы
- сұрақтардың негізінде мәтінге жоспар құрады;
- мәтіннің мазмұнын жоспарға сәйкес жүйелі жазады;
- сөздер мен сөйлемдердің мағыналық байланысын сақтайды;
- грамматикалық және пунктуациялық нормаларды сақтайды;
- каллиграфиялық талаптарға сай жазады.
25
Бөлімше: 3.5 Қатені табу және түзету
Оқу мақсаты 4.3.5.1 Стилистикалық қателерді мұғалімінің көмегімен
анықтап түзету; жазба жұмысын пунктуациялық,
орфографиялық, грамматикалық нормаларға сәйкес
өз бетінше редакциялау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мұғалімнің көмегімен мәтінде жіберілген
қателерді түзетеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
«Адасқан жолдар» ойынын ойна. Өлеңдегі ерекшеленіп берілген сөйлемдердің орнын тап.
Өлеңді қалпына келтіріп, көшіріп жаз.
• Өлеңдегі мамандық атауларының астын сыз.
Дескриптор Білім алушы
- сөздердің ұйқасын анықтап, өлеңді қалпына келтіріп жазады;
-мамандық атауларын анықтайды;
- жазу барысында каллиграфиялық нормаларды сақтайды.
26
Бөлімше: 3.7 Пунктуациялық нормаларды сақтау
Оқу мақсаты 4.3.7.2 Сөйлемнің бірыңғай мүшелерін ажырату және
тыныс белгісін (үтір, қос нүкте) қою
Бағалау критерийі Білім алушы
• Сөйлемнің бірыңғай мүшелерін анықтайды және
тыныс белгілерін қояды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтіннен бірыңғай мүшелері бар сөйлемдерді тауып, көшіріп жаз. Бірыңғай мүшелердің
тыныс белгісін қой. Олар сөйлемнің қай мүшесінің қызметін атқарып тұр. Астын сыз.
Дескриптор Білім алушы
- бірыңғай мүшелері бар сөйлемдері анықтайды;
- бірыңғай мүшелердің арасына тиісті тыныс белгісін қояды;
- бірыңғай мүшелердің қызметін анықтайды.
27
Бөлім: Тілдік нормалардың қолданысы
Бөлімше: 4.2 Грамматикалық нормаларды сақтау
Оқу мақсаты 4.4.2.1 Күрделі сөздердің түрлерін ажырата алу (біріккен
сөз, қос сөз, қысқарған сөз)
Бағалау критерийі Білім алушы
• Күрделі сөздерді түрлеріне қарай ажыратады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтіннен күрделі сөздерді тауып, кестенің тиісті бағанына жаз.
Біріккен сөздер Қос сөздер Қысқарған сөздер
Дескриптор Білім алушы
- біріккен сөздерді анықтайды;
- қос сөздерді анықтайды;
- қысқарған сөздерді анықтайды.
28
Бөлімше: 4.2 Грамматикалық нормаларды сақтау
Оқу мақсаты 4.4.2.6 Сөз таптарының сөйлемдегі қызметін анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Сөз таптарының сөйлемдегі қызметін ажыратады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтіндегі қарамен жазылған сөздерді теріп жаз. Оларға сұрақ қой және қай сөз табы екенін
анықта. Сөздің қай сөйлем мүшесі болып тұрғанын анықта.
Сөздер Сұрағы Сөз табы Сөйлем мүшесі
Дескриптор Білім алушы
- берілген сөздерге сұрақ қояды;
- сөздерді сөз таптарына ажыратады;
- сөз таптарының сөйлемдегі қызметін анықтайды.
29
ІІІ тоқсан
Бөлім: Тыңдалым және айтылым
Бөлімше: 1.3 Түрлі жағдаяттарда тілдік нормаларды дұрыс қолдану
Оқу мақсаты 4.1.3.1 Сұхбаттасының жасын, жай-күйін ескере отырып,
белгілі бір тақырып аясында сөйлеу мәдениетін
сақтап, диалогке қатысу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Берілген тақырып бойынша диалог құрастырады
• Диалог барысында сөйлеу мәдениетін сақтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Бейнежазбаны мұқият қара. (https://www.youtube.com/watch?v=N9vGZYTiFbg )
Бейнежазбаның мазмұнына сүйеніп, жұпта табиғаттың таңғажайып құбылыстары туралы
диалог құрастырыңдар.
Бейнежазба мәтіні:
Дескриптор Білім алушы
- тақырыпқа сәйкес диалог құрастырады;
- сұхбаттасына сұрақ қояды;
- сұхбаттасының сұрағына жауап береді;
- диалог барысында сөйлеу мәдениетін сақтайды.
30
Бөлімше: 1.4 Берілген тақырып бойынша әңгіме құрау
Оқу мақсаты 4.1.4.1 Тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып,
монолог құрау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тақырыпқа сәйкес монолог құрады
• Тірек сөздер мен жоспарды орынды қолданады

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Берілген сілтеме бойынша «Қоршаған ортаны қорғау» бейнежазбасын мұқият қара және
тірек сөздерді түртіп ал. www.youtube.com/watch?v=ok6Q44ltnZk
Бейнежазба мәтіні:
• Мәтіннің мазмұнына сүйеніп, «Ұлттық саябақтар құрудың маңызы» тақырыбына
монолог құрап айт.
Дескриптор Білім алушы
- тірек сөздерді анықтайды;
- тақырыпқа сәйкес монолог құрастырады;
- тірек сөздерді орынды қолданады;
- ойын жүйелі, еркін жеткізеді.
31
Бөлімше: 1.5 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін білдіру
Оқу мақсаты 4.1.5.1 Аудио-бейнежазба мазмұнына өзіндік баға беру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тыңдалған материалдың мазмұнына қатысты
пікірін айтады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
«Табиғатты қорғайық, аялайық» тақырыбына берілген бейнежазбаны қара.
https://www.youtube.com/channel/UCmPcvkE0s3Rd0ncK2tWB3BA (0-1.58 аралығын)
Бейнежазба мәтіні:
• Бейнежазбада көтерілген мәселеге қатысты өз ойыңды білдіре отырып, мазмұнын
бағала.
Дескриптор Білім алушы
- мәтіннің мазмұнына қатысты көзқарасын айтады;
- өз көзқарасын негіздейді.
32
Бөлімше: 1.6 Тыңдарманның назарын аудару
Оқу мақсаты 4.1.6.1 Интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды
(қимыл, ым-ишара) және қыстырма, одағай
сөздерді қолдана отырып, тақырыпқа тыңдарманды
қызықтыру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тақырыпқа сәйкес мәтін құрады
• Сөйлеу барысында қыстырма және одағай сөздерді
қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Бейнежазбаны мұқият қара (https://www.youtube.com/watch?v=ptfNTXDvjAg ).
Бейнежазбаға сүйеніп, Қазақстанның табиғаты туралы жарнама жаса. Тыңдармандарды
қызықтыру үшін қыстырма, одағай сөздерді, ым-ишараны қолдан.
Дескриптор Білім алушы
- тақырыпқа сәйкес маңызды ақпараттарды қамтиды;
- өз ойын жүйелі, еркін жеткізеді;
- сөйлеу барысында вербальды емес тілдік құралдарды қолданады;
- қыстырма, одағай сөздерді орынды пайдаланады.
33
Бөлім: Оқылым
Бөлімше: 2.1 Мәтін түрлері мен құрылымдық бөліктерін анықтау
Оқу мақсаты 4.2.1.1 Әңгімелеу/ сипаттау/ пайымдау мәтін түрлерін
және олардың құрылымдық бөліктерін анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіннің түрін атайды
• Мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді мұқият оқы. Сұрақтарға жауап бер. Тапсырмаларды орында.
• Аяздың адам денсаулығы мен табиғатқа қандай пайдасы бар?
• Қалың қардың пайдасы қандай?
• Бұл мәтіннің қай түрі?
• Мәтіннің құрылымдық бөліктерін тауып, әртүрлі түспен қоршап сыз.
Дескриптор Білім алушы
- мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;
- мәтіннің түрін анықтайды;
- мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажыратады.
34
Бөлімше: 2.3 Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру
Оқу мақсаты 4.2.3.1 Мәтін мазмұны бойынша шешім табуға
бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтін мазмұны бойынша шешім шығаруға
бағытталған сұрақ құрастырады
• Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді оқы. Сызбаға мәтіннің мазмұны бойынша шешім қабылдауға бағытталған
бір сұрақ жаз. Қағазыңды жұбыңмен алмастырып, оның сұрағына жауап жаз және оған
қосымша сұрақ қой. Осылайша 3 рет қайтала.
Дескриптор
Білім алушы
- мәтін бойынша шешім шығаруға бағытталған сұрақ құрастырады;
- сұраққа дәлелді жауап береді.
35
Бөлімше: 2.4 Мәтіннің тақырыбы және негізгі ойды анықтау
Оқу мақсаты 4.2.4.1 Мәтіннің тақырыбы мен мазмұнының өзара
сәйкестігін анықтау және ондағы негізгі ойды
тұжырымдау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтін тақырыбы мен мазмұны арасындағы
сәйкестікті анықтайды
• Мәтіннің негізгі ойын тұжырымдайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы.
• Мәтінге тақырып қой.
• Мәтіннің негізгі ойын білдіретін бөлікті қоршап сыз. Автордың негізгі ойын
тұжырымдап жаз.
Дескриптор Білім алушы
- мәтінге ат қояды;
- мәтіннің негізгі ойын анықтайды.
36
Бөлімше: 2.5 Түрлі дереккөздерден ақпарат алу
Оқу мақсаты 4.2.5.1 Дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте,
диаграмма) қажетті ақпараттарды табу, кездескен
жаңа сөздердің мағынасын мәнмәтін бойынша
анықтап, ақпаратты қорытындылау, бағалау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Дереккөздерден қажетті ақпаратты табады
• Мәнмәтінге сүйеніп, бейтаныс сөздердің
мағынасын түсіндіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы.
• Мәтіннен табиғатты қорғауға қатысты айтылған мақал- мәтелдерді теріп жаз.
• Қарамен берілген сөздердің мағынасын түсіндір. Оларды қатыстырып сөйлем
құрастыр.
Дескриптор Білім алушы
- мәтіннен қажетті ақпаратты анықтайды;
- мәтіндегі бейтаныс сөздердің мағынасын түсіндіреді;
- сөйлем құрауда жаңа сөздерді мағынасына сәйкес қолданады.
37
Бөлімше: 2.6 Мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау
Оқу мақсаты 4.2.6.1 Белгілі бір тақырыпта берілген мәтіннің түрлерін,
жанрын, стилін (мақала, репортаж, жаңалық, өмірбаян,
мінездеме, жарнама, хабарландыру) салыстырып,
ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Бір тақырыпта берілген мәтіндерді түрі, жанры, стилі
бойынша салыстырып, сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтіндерді оқы. Оларды түрі/ жанры/стилі тұрғысынан салыстырып, қандай ұқсастықтары
мен айырмашылығы бар екенін сипаттап айт.
Дескриптор Білім алушы
- мәтіндердің түрін, жанрын, стилін анықтайды;
- мәтіндердің ұқсастығы мен айырмашылығын сипаттайды.
38
Бөлім: Жазылым
Бөлімше: 3.1 Мәтін түрлеріне сәйкес мәтін құрап жазу
Оқу мақсаты 4.3.1.1 Берілген тақырып бойынша әңгімелеу, сипаттау
және пайымдау элементтері бар мәтін құрастырып
жазу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Берілген тақырып бойынша мәтін құрап жазады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Суреттерге мұқият қара. Өзің қалаған бір сурет бойынша берілген тақырыпқа сәйкес мәтін
құрап жаз.
«Қысқы ойын»
(әңгімелеу мәтіні)
«Қысқы орман»
(сипаттау мәтіні)
«Қысқы көмек»
(пайымдау мәтіні)
Дескриптор Білім алушы
- берілген тақырып пен мәтін түріне сәйкес мәтін құрайды;
- мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтайды;
- ойын жүйелі, еркін жеткізеді;
- орфорграфиялық және пунктуациялық қателер жібермейді;
- грамматикалық нормаларды сақтайды.
39
Бөлімше: 3.2 Түрлі стильде мәтін жазу
Оқу мақсаты 4.3.2.1 Тірек сөздерді қолданып белгілі бір стильде мәтін
(мақала, мінездеме) жазу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Берілген тақырып бойынша мақала жазады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Бейнежазбаларды мұқият қара.
https://www.youtube.com/watch?v=N7CAK0z8lX4
https://www.youtube.com/watch?v=4nltcTZJ6h0
Берілген суреттер мен тірек сөздерді қолданып, «Таңғажайып табиғат» тақырыбына
берілген мақаланы аяқтап жаз.
Тірек сөздер: ғажайып туынды, таңдай қағу, таңғалдыратыны сөзсіз, тылсым табиғат, құпия
сырлары, табиғаттан үйрену.
Талдықорған
облысындағы шілдеде
құрғамай, мұз болып
қатып тұратын суат
Бурабай көліндегі
Жұмбақтас
Баянауылдағы
Жалмауыз кемпір
жартасы
Алматы облысындағы
Шарын шатқалы
Биші қыз бейнесіндегі
ағаш
Поляр шұғыласы
Дескриптор Білім алушы
- тақырыпқа сәйкес мақала жазады;
- ақпараттық мәліметтерді және өзіндік көзқарасын жүйелі жеткізеді;
- мақала жазу стилін сақтайды.
40
Бөлімше: 3.3 Оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жазба
жұмыстар жазу
Оқу мақсаты 4.3.3.1. Оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды
материалдар бойынша жоспар құрып мазмұндама/
тірек сөздерді пайдаланып эссе жазу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тірек сөздерді қолданып, берілген тақырыпқа эссе
жазады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Берілген жоспарға сүйеніп, «Табиғатты аялайық» тақырыбына эссе жаз.
Жоспар:
І.Кіріспе бөлім
ІІ.Негізгі бөлім
а) тұжырым
в) түсіндіру
с) мысал келтіру
ІІІ. Қорытынды бөлім
Тірек сөздер: тіршілік көзі, қастерлі ұғым, өнегелі сөздер мен өлең -жырлар, кері әсер,
көздің қарашығындай сақтау, қамқорлықпен қарау, келешек ұрпаққа мұра.
Дескриптор Білім алушы
- тақырып пен жоспарға сәйкес эссе жазады;
- тақырыпқа қатысты жеке көзқарасы көрініс табады;
- өз көзқарасын негіздейді;
- логикалық заңдылықты сақтайды;
- сөздер мен сөйлемдердің мағыналық байланысын сақтайды;
- грамматикалық және пунктуациялық нормаларды сақтайды;
- каллиграфиялық талаптарға сай жазады.
41
Бөлім: Тілдік нормалардың қолданысы
Бөлімше: 4.2 Грамматикалық нормаларды сақтау
Оқу мақсаты 4.4.2.3 Зат есімді септеу, тәуелденген сөздердің септелуін
білу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Зат есімдерді жай және тәуелдеп септейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді оқы. Мәтіннен септелген зат есімдерді тауып, кестеге жаз (әр септікке 1 сөз).
Септік атауы Сұрағы Сөз
Атау
Ілік
Барыс
Табыс
Жатыс
Шығыс
Көмектес
• Мәтіндегі қарамен берілген сөздің септелу ерекшелігін түсіндір. Сөзді ауызша септе.
Дескриптор Білім алушы
- септелген зат есімдерді анықтайды;
- берілген сөздің септелу ерекшелігін түсіндіреді;
- тәуелденген сөзді септейді.
42
4 – ТОҚСАН
Бөлім: Тыңдалым және айтылым
Бөлімше: 1.1 Тыңдалған материалдың мазмұнын түсіну
Оқу мақсаты 4.1.1.1 Тыңдаған материал бойынша негізгі тұсын түртіп
алу және солардың негізінде мәтіннің мазмұнын
айту
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіннен тірек сөздерді анықтайды
• Тірек сөздердің негізінде мәтінді мазмұндайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда. Мәтіннен 7 тірек сөзді түртіп ал. Тірек сөздерді қолданып, мәтіннің
мазмұнын айт.
Дескриптор Білім алушы
- мәтіннен негізгі тірек сөздерді анықтайды;
- мәтін мазмұнын жүйелі баяндайды;
- тірек сөздерді орынды қолданады.
43
Бөлімше: 1.2 Мәтіннің мазмұнын болжау
Оқу мақсаты 4.1.2.1 Мәтіннің тақырыбы мен берілген
диаграмма/сызба/кесте бойынша мәтіннің
мазмұнын болжау және өз ойын дәлелдеу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Берілген тақырып бойынша мәтіннің мазмұнын
болжайды
• Тақырып негізінде өз ойын дәлелдейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Кестеге сүйеніп «Ғарышты игеру кезеңдері» тақырыбына берілген мәтіннің мазмұнын
болжап көп. Оған қандай дәлел келтіре аласың?
Уақыты Оқиғалар
1957ж 4 қазан Тұңғыш жасанды Жер серігі ұшырылды.
1961 ж 12 сәуір Әлемде тұңғыш адам баласы ғарышқа ұшты.
1991ж 2 қазан Қазақ тарихына ұлы оқиға жазылды.
2006 ж 18 маусым Байқоңырдан KazSat-1алғашқы ғарыш жабдығы ұшырылды
Дескриптор Білім алушы
- берілген ақпараттардың негізінде мәтіннің мазмұнын болжайды;
- өз болжамын негіздейді.
.
44
Бөлімше: 1.3 Түрлі жағдаяттарда тілдік нормаларды дұрыс қолдану
Оқу мақсаты 4.1.3.1 Сұхбаттасының жасын, жай-күйін ескере отырып,
белгілі бір тақырып аясында сөйлеу мәдениетін
сақтап, диалогке қатысу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Берілген тақырып бойынша диалог құрастырады
• Диалог барысында сөйлеу мәдениетін сақтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Бейнежазбаны мұқият тыңда.
https://www.youtube.com/watch?v=n-khlCFOpzQ
Бейнежазба мәтіні:
• Жұптық жұмыс
Мәтіннің мазмұнына сүйене отырып, ғарыш әлемі туралы диалог құр.
Дескриптор Білім алушы
- тақырыпқа сәйкес диалог құрастырады;
- сұхбаттасына сұрақ қояды;
- сұхбаттасының сұрағына жауап береді;
- диалог барысында сөйлеу мәдениетін сақтайды.
45
Бөлім: Оқылым
Бөлімше: 1.4 Берілген тақырып бойынша әңгіме құрау
Оқу мақсаты 4.2.1.1 Әңгімелеу/сипаттау/ пайымдау мәтін түрлерін
және олардың құрылымдық бөліктерін анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіннің түрін атайды
• Мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
С. Жиенбаевтың «Ұшып келем» өлеңін мәнереп оқы. Тапсырмаларды орында.
Ұшып келем, ұшып келем көгімде,
Ұшып келем, мөлдір аспан төрінде,
Көкте жүріп қызығамын Жердегі
Сонау, сонау өзім ұшқан өңірге,
Анау менің асу-асу белдерім.
Асқар-ала тауларым мен көлдерім.
Туған жерден қанша биік ұшсам да,
Көз алдымда тұрады ылғи ол менің.
Туған жердің құдіретті күшімен
Жаңа ғана, жаңа ғана ұшып ем,
Қазір міне, келемін мен зымырап,
Аппақ- аппақ жұлдыздардың ішімен.
Осы бір сәт жарқырайды жанар да,
Жұлдыз болып көрінемін ғаламға.
Жердегі адам, жерде жанған алау от
Жұлдыз болып көрінеді маған да!
• Мәтіннің түрін анықта.
• Мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықта. Әр бөлімде не туралы айтылған? Өлеңнің
мазмұнын баянда.
Дескриптор Білім алушы
- өлеңнің мәнерін келтіріп оқиды;
- мәтіннің түрін атайды;
- өлеңнің құрылымдық бөліктерін анықтайды;
- әр бөліктің мазмұнын баяндайды.
46
Бөлімше: 2.4 Мәтіннің тақырыбы және негізгі ойды анықтау
Оқу мақсаты 4.2.4.1 Мәтіннің тақырыбы мен мазмұнының өзара
сәйкестігін анықтау және ондағы негізгі ойды
тұжырымдау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтін тақырыбы мен мазмұны арасындағы
сәйкестікті анықтайды
• Мәтіннің негізгі ойын тұжырымдайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Өлеңді түсініп оқы. Өлеңнің негізгі ойын білдіретін жолдарды тауып, қоршап сыз.
Бала шағы, болашағы ұлтыңның
• Өлеңнің тақырыбына сүйеніп, мазмұнын айт.
Дескриптор Білім алушы
- өлеңнің негізгі ойын анықтайды;
- тақырыптың негізінде өлеңнің мазмұнын баяндайды.
47
Бөлімше: 2.5 Түрлі дереккөздерден ақпарат алу
Оқу мақсаты 4.2.5.1 Дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте,
диаграмма) қажетті ақпараттарды табу, кездескен
жаңа сөздердің мағынасын мәнмәтін бойынша
анықтап, ақпаратты қорытындылау, бағалау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Дереккөздерден қажетті ақпаратты табады
• Мәнмәтінге сүйеніп, бейтаныс сөздердің
мағынасын түсіндіреді
.
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы. Мәтіндегі қарамен берілген сөздерді теріп жаз. Мәтіннің мазмұнына
сүйеніп бейтаныс сөздердің мағынасын түсіндір.
• Мәтінен Байқоңыр ғарыш айлағына қатысты нақты ақпараттарды тауып жаз.
Дескриптор Білім алушы
- мәтіндегі жаңа сөздердің мағынасын түсіндіреді;
- мәтіннен Байқоңыр ғарыш айлағына қатысты ақпараттарды
анықтайды.
48
Бөлім: Жазылым
Бөлімше: 3.1 Мәтін түрлеріне сәйкес мәтін құрап жазу
Оқу мақсаты 4.3.1.1 Берілген тақырып бойынша әңгімелеу, сипаттау
және пайымдау элементтері бар мәтін құрастырып
жазу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Берілген тақырып бойынша әңгімелеу мәтінін
құрап жазады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Кесте бойынша мәтіннің не туралы болатынына болжам жаса. Кестедегі тірек сөздерге
сүйеніп, «Болашаққа саяхат» тақырыбына әңгіме құрап жаз.
Уақыт мәшинесі
Роботтар
Жұлдызды қала
Таңғажайып
өсімдіктер мен
жануарлар
Бейтаныс адамдар
Жаңа техникалар
Қызықты ойындар
Қиялдағы әлем
Дескриптор Білім алушы
- берілген тақырыпқа сәйкес мәтін құрады;
- мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтайды;
- тірек сөздерді орынды қолданады;
- ойын жүйелі, еркін жеткізеді;
- орфорграфиялық және пунктуациялық қателер жібермейді;
- грамматикалық нормаларды сақтайды.
49
Бөлімше: 3.2 Түрлі стильде мәтін жазу
Оқу мақсаты 4.3.2.1 Тірек сөздерді қолданып белгілі бір стильде мәтін
(мақала, мінездеме, сұхбат) жазу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Берілген тақырып бойынша мақала жазады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Берілген сілтеме бойынша бейнежазбаны мұқият тыңда
https://www.youtube.com/watch?v=rDNzHDs-mtk . Мәтіннен 7 тірек сөзді анықтап, теріп жаэ.
Мәтін мен тірек сөздерді қолданып, «Болашақтың техникасы» тақырыбына мақала жаз.
Бейнежазба мәтіні:
Дескриптор Білім алушы
- тақырыпқа сәйкес мақала жазады;
- ақпараттық мәліметтерді және өзіндік көзқарасын жүйелі жеткізеді;
- мақала жазу стилін сақтайды.
50
Бөлімше: 3.3 Оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жазба
жұмыстар жазу
Оқу мақсаты 4.3.3.1. Оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды
материалдар бойынша жоспар құрып
мазмұндама/ тірек сөздерді пайдаланып эссе
жазу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тірек сөздерді қолданып, берілген тақырыпқа
эссе жазады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
«Мен болашағымды қалай елестетемін» тақырыбына эссе жаз. Эссені төмендегі берілген
үзіндіні жалғастырудан баста.
Дескриптор Білім алушы
- тақырыпқа қатысты жеке көзқарасы көрініс табады;
- өз көзқарасын негіздейді;
- логикалық заңдылығын сақтайды;
- сөздер мен сөйлемдердің мағыналық байланысын сақтайды;
- грамматикалық және пунктуациялық нормаларды сақтайды;
- каллиграфиялық талаптарға сай жазады.
51
Бөлім: Тілдік нормалардың қолданысы
Бөлімше: 4.2 Грамматикалық нормаларды сақтау
Оқу мақсаты 4.4.2.5 Үстеуді мағынасына қарай ажырату, етістікпен
байланыстырып, сөйлемде қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мағынасы бойынша үстеулерді анықтайды
• Сөйлем құрауда үстеулерді орынды қолданады
.
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтіннен үстеулерді анықта. Оларды мағынасына қарай ажыратып, кестеге жаз.
Мезгіл үстеу Мекен үстеу Сын-қимыл үстеу
• Үстеулерді қолданып 3 сөйлем құрап жаз.
Дескриптор Білім алушы
- үстеулерді мағынасына қарай ажыратады;
- сөйлем құрастыруда үстеулерді мағынасына сай қолданады;
-сөйлемдердің құрылымын сақтайды.
52
Бөлімше: 4.2 Грамматикалық нормаларды сақтау
Оқу мақсаты 4.4.2.7 Сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді
байланыстыратын шылауларды (және, себебі, мен,
пен) қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Және, себебі, мен, бен, пен шылауларын орынды
қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді оқы. Шылаулардың астын сыз. Шылауларды өзара байланысып тұрған
сөздермен/сөз тіркестерімен бірге теріп жаз.
• Мен, және шылауларын қолданып, 2 сөйлем құрап жаз.
Дескриптор Білім алушы
- сөз бен сөйлемді байланыстырушы шылауларды анықтайды;
- шылауды орынды қолданып, сөйлем құрастырады.
53
Бөлімше: 4.2 Грамматикалық нормаларды сақтау
Оқу мақсаты 4.4.2.8 Сөйлемде одағай, еліктеуіш сөздерді ажырату
және қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Одағай сөздер мен еліктеуіш сөздерді
ажыратады және қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Берілген сөйлемдердің ішінен одағай сөздер мен еліктеуіш сөздерді тауып, кестеге жаз.
Одағай сөздер Еліктеуіш сөздер
• Одағай және еліктеуіш сөздерді қолданып, 2 сөйлем құрап жаз.
Дескриптор Білім алушы
- одағай сөздерді анықтайды;
- еліктеуіш сөздерді анықтайды;
- сөйлем ішінде одағай және еліктеуіш сөздерді мағынасына сай
қолданады;
- одағай және еліктеуіш сөздердің тыныс белгісін дұрыс қояды.
54
Бөлімше: 1.4 Берілген тақырып бойынша әңгіме құрау
Оқу мақсаты 4.4.2.9 Етістікті тиісті шақта (өткен шақ, келер шақ, осы
шақ) қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Етістіктің шақтарын ажыратады және сөйлеу
барысында дұрыс қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтіннен етістіктерді тауып, кестеге бөліп жаз. Әр бағандағы 1 сөзбен сөйлем құрастыр.
Өткен шақ Осы шақ Келер шақ
Дескриптор Білім алушы
- етістіктерді шақтарына қарай ажыратады;
- етістіктерді тиісті шақта дұрыс қолданады.

Комментарии: