» » ТЖБ ҚЖБ Ақпараттық коммуникациялық технология 4 сынып

ТЖБ ҚЖБ Ақпараттық коммуникациялық технология 4 сынып

21 август 2019, Среда
158
0

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы
Ақпараттық коммуникациялық технология
4-сынып
2
Құрметті мұғалім!
Аталған тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге
көмек құралы ретінде құрастырылды. Бұл мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі.
Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды
өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, оқу
мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып
табылады.
Жинақтың ұсынылған сипаты сізге білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін
есепке ала отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуіңізге, бейімдеуіңізге
мүмкіндік береді.
Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.),
форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері»
ДББҰ smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз.
Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!
Жинақ негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша
өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио
материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық
емес мақсатта құрастырылған.
3
Мазмұны
1 тоқсан .............................................................................................................................................. 4
«Бағдарламалау» бөлімі ................................................................................................................ 4
2 тоқсан ............................................................................................................................................ 13
«Робототехника» бөлімі .............................................................................................................. 13
3 тоқсан ............................................................................................................................................ 21
«Видео құру» бөлімі .................................................................................................................... 21
«Презентация» бөлімі .................................................................................................................. 26
4 тоқсан ............................................................................................................................................ 36
«Электрондық пошта» бөлімі ..................................................................................................... 36
4
1 тоқсан
«Бағдарламалау» бөлімі
Оқу мақсаттары Айнымалы
Бағалау критерийлері 4.4.2.1 Айнымалыларды пайдалану
Ойлау қабілеттерінің
деңгейі
Білім алушы:
 Айнымалылардың қызметін біледі
 Бағдарламадағы айнымалылардың нәтижесін
анықтайды
Оқу мақсаттары Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Сұраққа жауап беріңіз.
1. Осы бағдарламада қанша айнымалы және олар қалай аталады?
2. Осы бағдарламаны қосқаннан кейін айнымалылардың мәні неге тең болады?
3. Осы бағдарлама аяқталғаннан кейін айнымалылардың мәні неге тең болады?
4. Бағдарламаны қайта іске қосу кезінде айнымалының мәні неге сақталады?
5. Сен, бағдарламалаушы ретінде, бағдарламаға үш және одан көп айнымалыны қоса
аласың ба?
Дескриптор Білім алушы:
 айнымалылардың мақсатын жазады;
 бағдарламада қолданылатын айнымалылар, олардың мәндерін
анықтайды;
 есептеу нәтижесін есептейді.
5
Бөлім/Тақырып Айнымалылар
Оқу мақсаты 4.4.2.1 Айнымалыларды пайдалану
Бағалау критерийлері Білім алушы:
 Бағдарламадағы есептеулерді айнымалылардың
көмегімен ұйымдастыруды біледі
Ойлау дағдысының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Тәжірибелік жұмыс .
1) Scratch бағдарламалау ортасын іске қосыңыз.
2) Квадраттың периметрін және ауданын есептеу бағдарламасын
құрыңыз.
Сұрақтар-көмек сөздер.
 Барлық квадраттардың бірдей периметрлері мен алаңдары бар
ма? Неліктен?
 Квадрат периметрі мен алаңы неге байланысты?
 Аталған бағдарламаға айнымалы қажет пе?
Дескриптор Білім алушы:
 тіктөртбұрыштың жан-жағын белгілеу үшін
айнымалыны пайдаланады;
 айнымалылардың мәнін енгізуді ұйымдастырады;
 квадрат периметрін есептеуді және шығаруды
ұйымдастырады;
 квадрат алаңын есептеуді және шығаруды
ұйымдастырады.
6
Бөлім/Тақырып Кейіпкердің костюмін ауыстыру.
Оқу мақсаты 4.4.1.1 Цикл ішіндегі циклді іске асыру
Бағалау критерийлері Білім алушы:
 Сыртқы және ішкі циклдерді ажыратады
 Цикл қадамдарының санын анықтайды
 Салынған циклдың жұмыс процесін түсіндіреді
Ойлау дағдысының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгейдегі дағдылар
Тапсырма
1. Мысық мектепке барды және өзімен бірге екі костюм алды. Айым оған костюмдерді
ауыстыру бағдарламасын жасады. Мысық үшін Айымның не ойлап тапқанын айтып
түсіндіру.
Сұрақтарға жауап беріңіз:
- Сыртқы цикл қанша рет орындалады? ____________________
- Бағдарламада қанша цикл салынған? ___________________
- Мысық бағдарлама барысында «Сабақ» сөзін неше рет
айтады? _______________________________________
- «Қонырау» сөзі бар циклге қарағанда «Сабақ» сөзі бар циклда
қадамдар азырақ екені рас па?____________________________
- Мысық 1 костюміне қанша рет киінеді? ________________
Дескриптор Білім алушы:
 сыртқы және ішкі цикл қадамдарының санын анықтайды;
 жеке командаларды орындаудың жалпы санын
анықтайды.
7
Бөлім/Тақырып Кейіпкердің костюмін ауыстыру.
Оқу мақсаты 4.4.1.1 Цикл ішіндегі циклді іске асыру
Бағалау критерийлері Білім алушы:
 Ішкі циклді пайдаланып бағдарлама жасайды
 Сыртқы және енгізілген циклдарды ажыратады
 Цикл қадамдарының санын анықтайды
Ойлау дағдысының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Тәжірибелік жұмыс
1. Scratch бағдарламалау ортасын іске қосыңыз.
2. Мысық атақты батырлардың ерліктері туралы оқып, олардың есімдерін есте сақтау
керек деп ойлады. Бір траекториямен жүріп, ол "Райымбек", "Қабанбай",
"Өтеген"деген үш есімнің бірінің атын қайталаған.
3. Мысық үшбұрышты траекториямен 5 рет қозғалатындай етіп, бағдарламаны
құрыңыз. Бұл ретте үшбұрыштың әр жағында ол костюмді ауыстырып, батырдың
бірінің атын атау қажет.
Кестені толтырыңыз.
Сыртқы цикл Ішкі цикл
Бағдарламада
не үшін
қолдандыңыз
Қадамдар саны
Дескриптор Білім алушы:
 сыртқы цикл мен ішкі циклді ұйымдастырады;
 костюмді ауыстыруды ұйымдастырады;
 спрайттың бұрылуын ұйымдастырады;
 сөзді шығаруды ұйымдастырады;
 циклдарды қолдану мақсатын түсіндіреді;
 қадамдардың санын анықтайды.
8
Бөлім/Тақырып Өз ойынының сценарийі
Оқу мақсаты 1.2.1.1. Мәтінде қарапайым кестелерді жасау
Бағалау критерийлері Білім алушы:
 Кестені мәтіндік редакторға кірістіреді және толтырады
Ойлау дағдысының
деңгейі
Қолдану
Тәжірибелік жұмыс
1. Microsoft Word бағдарламасын іске қосыңыз.
2. «Менің ойынымның сценарийі» мәтінін басып шығарыңыз.
3. Кестені қою.
Ойынның аты Кейіпкерлер
(спрайттар)
Ойын ережесі Қолданылатын
блоктар
4. Кестені толтырыңыз.
5. Файлды сақтаңыз.
Дескриптор Білім алушы:
 кестені мәтінге орналастырады;
 кестеге қажетті деректерді енгізеді;
 тақырыпты пішімдеу.
9
Бөлім/Тақырып Логикалық операторлар
Оқу мақсаты 4.4.1.2 Логикалық операторларды пайдалану
Бағалау критерийлері  Логикалық операцияларды орындау нәтижесін
анықтайды
Ойлау дағдысының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
1-ден 10-ға дейінгі сандар берілді. Шартты қанағаттандыратын осы тізімнен барлық
сандарды жазыңыз. Егер мұндай сандар болмаса, белгі қойыңыз -.
- 3-тен көп емес: _________________________________.
- 6 көп және 9 аз: _________________________.
- 7 көп немесе 9 аз: _______________________.
- 7-ден кем емес және 9-дан артық емес: ___________________.
- 8 көп және 6 аз: _________________________.
- 9 көп немесе 2 аз: _______________________.
Дескриптор Білім алушы:
 логикалық операцияларды орындау нәтижесін
анықтайды.
10
Бөлім/Тақырып Логикалық операторлар
Оқу мақсаты 4.4.1.2 Логикалық операторларды пайдалану
Бағалау критерийлері  Құрама шарттың көмегімен салыстыруды
ұйымдастырады
Ойлау дағдысының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тәжірибелік жұмыс
1. Айым демалыс күні отбасымен бірге киноға барды. Кинотеатрда 7-12 жас аралығындағы
балаларға жеңілдіктер көрсетілді.
Ұсынылған блоктарды пайдалана отырып, келушінің жасын сұрайтын және оған жеңілдік
болатынын анықтайтын бағдарлама құрастырыңыз.
Дескриптор Білім алушы:
 деректерді енгізуді ұйымдастырады;
 деректерді салыстыру үшін құрамдас шартты
пайдаланады;
 тиісті нәтижені шығарады.
11
Бөлім/Тақырып Салыстыру операторлары
Оқу мақсаты 4.4.1.3 Салыстыру операторларын пайдалану
Бағалау критерийлері Білім алушы:
 Логикалық оператордың жұмыс принципін түсіндіреді
 Бағдарламада блоктарды пайдалану ретін анықтайды
Ойлау дағдысының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
1. Бағдарламалық кодты қарастырайық.
1) А және Б әрпімен белгіленген өрістерге сөздерді (дұрыс, дұрыс емес) жазыңыз.
2) Салыстыру үшін бағдарламада қандай оператор қолданғанын жазыңыз? _____________
3) Бағдарламаға блокты кірістірудің әрбір реттік нөмірін жазыңыз.
Дескриптор Білім алушы:
 логикалық оператордың нәтижесін анықтайды;
 пайдаланылған логикалық оператордың атауын
анықтайды;
 бағдарламалық кодқа блоктарды қою тәртібін
анықтайды.
12
Бөлім/Тақырып Өз ойынының сценариі
Оқу мақсаты 4.4.2.2 Өз сценарий бойынша ойын жасау
Бағалау критерийлері Білім алушы:
 Өз жұмысын критерийлерге сәйкес бағалайды
Ойлау дағдысының
деңгейі
Жоғары деңгейдегі дағдылар
Тапсырма
1. Бірнеше сабақ барысында сіз өз ойыныңызды құрдыңыз. Келесі критерийлер бойынша
нәтижені бағалаңыз:
№ Бағалау критерийлері Қолда
бары
V/X
Комментарилер/Дәлелдер
1. Сахнаны ауыстыру
2. Костюмдерді ауыстыру
3. Кемінде 2 спрайттың болуы
4. Циклді пайдалану
5. Ішкі циклді пайдалану
6. Шартты блокты пайдалану
7. Бағдарламалық кодтың күрделілігі
8. Достық интерфейсі
Дескриптор Білм алушы:
 өз ойынын объективті бағалайды және шешімін
дәлелдейді.
13
2 тоқсан
«Робототехника» бөлімі
«Түс датчигі» тақырыбы
Оқу мақсаттары 4.5.1.1 Түс датчигін қолдану
Бағалау критерийлері Білім алушы
 Түс датчигінің қолдану мақсатын анықтайды
 Түс датчигінің мүмкіндіктерін сипаттайды
Ойлау қабілеттерінің
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
1. Түс датчигінің қолдану мақсатын сипаттаңыз.
__________________________________________________________
__________________________________________________________
__________________________________________________________
__________________________________________________________
Дескриптор
Білім алушы
- түс датчигінің қолдану мақсатын сипаттайды.
2. Сурет пен түс датчигінің режимдерін сәйкестендіріңіз.
«Сыртқы жарықтандыру» режимі
 сырттан терезе арқылы кіретін
жарықтың күшін анықтайды;
 0-ден (өте қараңғы) 100-ге (өте
жарық) дейінгі шкаланы
қолданады.
«Түс» режимі
 жеті түс ажыратады:
қара, көк, жасыл, сары, қызыл, ақ,
қоңыр, түсі жоқ.
«Шағылысқан жарық жарықтығы»
режимі
 жарық жарықтығын анықтайды
 0-ден (өте қараңғы) 100-ге (өте
жарық) дейінгі шкаланы
қолданады.
Дескриптор
Білім алушы
- сурет пен түс датчигінің режимдерін сәйкестендіреді.
14
«Түс датчигі» тақырыбы
Оқу мақсаттары 4.5.1.1 Түс датчигін қолдану
Бағалау критерийлері Білім алушы
 Түзу бойымен роботтың қозғалысын
бағдарламалайды
 Бағдарламаны талдайды және робот әрекетін
анықтайды
Ойлау қабілеттерінің
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
1. Тәжірибелік жұмыс «Роботтың түзу бойымен қозғалысы»
Роботтың ерікті траекторияның қара сызығы бойымен қозғалуы үшін түс датчигі мен
«Ауыстырғыш» блогын пайдаланыңыз. Шағылысқан жарық жарықтығын өлшеуге түс
датчигін қолданыңыз. Егер шағылысқан жарық жарықтығы 50 кд-дан төмен болса,
онда робот оң жаққа ауытқысын, егер шағылысқан жарық жарықтығы 50 кд-дан артық
болса, онда робот сол жаққа ауытқысын.
1. Бағдарламаға «Цикл» блогын қосамыз
2. «Ауыстырғыш» блогын таңдаймыз және оны циклға қосамыз
3. Блоктың басты батырмасын басамыз да «Түс датчигін»- «Салыстыру»-
«Шағылысқан жарық жарықтығын» таңдаймыз. Блокта үнсіздік бойынша «Салыстыру
типі» 4-ке тең, ал ол «Кем» дегенді білдіреді, ал «Шектік мәні» 50 кд-ға тең.
4. «Үлкен мотордың» екі блогын таңдаймыз және «Ауыстырғыш» блогының жоғарғы
бөлігінде ретімен орналастырамыз. Бірінші блокта қосылым порты «С», ал әрекет
ретінде «Өшіруді» таңдаймыз. Екінші блокта қосылым порты «В», ал әрекет ретінде
«Қосылуды» таңдаймыз.
15
5. «Үлкен мотордың» екі блогын таңдаймыз және «Ауыстырғыш» блогының төменгі
бөлігінде ретімен орналастырамыз.
Дескриптор
Білім алушы
- робот әрекетін құру үшін нұсқауларды пайдаланады;
- циклды қолданады;
- ауыстырғышты қолданады.
2. Тәжірибелік жұмыс. Үлгі бойынша бағдарлама құрып, сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Түс датчигі қай режимде жұмыс жасайды?
2. Робот қандай әрекеттер орындайды?
3. Біз цикл мен ауыстырғышты не үшін қолданамыз?
Дескриптор
Білім алушы
- робот қозғалысына арналған бағдарлама құрады;
- датчиктің қажеттілігін талдайды;
- робот әрекетін талдайды.
16
«Робот-бағдаршам» тақырыбы
Оқу мақсаттары 4.5.1.1 Түс датчигін қолдану
Бағалау критерийлері Білім алушы
 Түсті анықтауға арналған бағдарлама құрады
Ойлау қабілеттерінің
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
1. Тәжірибелік жұмыс.
Робот қандай түс көріп тұрғанын дыбыстайтын бағдарлама құрыңыз.
1. Бағдарламада «Цикл», «Ауыстырғыш» блоктарын орнатыңыз.
2. «Түс датчигі» - «Өлшеу» - «Түс» режимін таңдаймыз.
3. Анықтауға арналған жеткілікті түстер контейнерлерін жасаңыз.
4. Үнсіздік бойынша «Түсі жоқ» нұсқасын таңдаңыз.
5. «Дыбыс» бағдарламалық блогын әрбір түске орнатыңыз. Сәйкес дыбыстық файл
таңдаңыз.
Дескриптор
Білім алушы
- бағдарламада цикл блогын пайдаланады;
- бағдарламада ауыстырғыш блогын пайдаланады;
- ауыстырғыш түрін анықтайды;
- түс датчигінің режимін анықтайды;
- әрбір түске дыбыс таңдайды.
17
«Ультрадыбыстық датчик» тақырыбы
Оқу мақсаттары 4.5.1.2 Ультрадыбыстық датчикті қолдану
Бағалау критерийлері Білім алушы
 Ультрадыбыстық датчиктің мүмкіндіктерін
сипаттайды
 Ультрадыбыстық датчиктің қолдану мақсатын
анықтайды
Ойлау қабілеттерінің
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
1. Ультрадыбыстық датчиктің жұмыс істеу принципін және оның параметрлерін еске
түсіріңіз.
Сұрақтарға жауап беріңіз.
- Ультрадыбыстық датчиктің негізгі функциясы қандай? __________________________
- Датчиктің түрі қандай? _____________________________________________________
- Датчиктің өлшеу диапазоны сантиметрмен қай аралықта өзгереді? ________________
- Ультрадыбыстық датчиктің өмірдегі қолданылуына мысалдар келтіріңіз. ___________
___________________________________________________________________________
- Датчиктің жұмыс істеу принципін сипаттаңыз.
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
Дескриптор
Білім алушы
- ультрадыбыстық датчиктің жұмыс істеу принципін
анықтайды;
- ультрадыбыстық датчиктің мүмкіндіктерін талдайды.
2. Бағдарламалық жабдықтамадағы ультрадыбыстық датчиктің парамертлері
көрсетілген суретті қараңыз. Бағдарлама нұсқаларын салыстырыңыз. Олардың
айырмашылығы неде? Олардың жүзеге асырылуы кезінде не болады?
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
Дескриптор
Білім алушы
- ультрадыбыстық датчиктің қасиеттерін салыстырады;
- ультрадыбыстық датчиктің негізгі мүмкіндіктерін
ажыратады.
18
«Лабиринттен шығу» тақырыбы
Оқу мақсаттары 4.5.1.2 Ультрадыбыстық датчикті қолдану
Бағалау критерийлері Білім алушы
 Ультрадыбыстық датчигі орнатылған роботқа
бағдарлама құру үшін командаларды қолданады
Ойлау қабілеттерінің
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
1. Тәжірибелік жұмыс.
Роботқа бағдарлама жазуға тәжірибе жасаңыз.
Робот түзу сызықтың бойымен қозғалады, қабырғадан немесе кедегіден 15 см
қашықтықта тоқтайды.
Тапсырманы орындау үшін «Күту» бағдарламалық блогын «Ультрадыбыстық датчик»
– «Салыстыру» - «Сантиметрдегі арақашықтық» режиміне қосып қолданыңыз.
Роботтың әрекетін өзгертіп көріңіз.
Робот 30 см қашықтықта кедергі кезіктірмей алдыға қарай жүру әрекетін орындаңыз.
Кедергімен кезіккен кезде робот тоқтап, оңға бұрылуы тиіс.
Дескриптор
Білім алушы
- роботты басқаратын қарапайым бағдарлама құрады;
- роботтың қозғалысын басқаратын алгоритм құрастыру
принципін игереді;
- бағдарламаның өзгерісінен кейін робот әрекеттерін
салыстырады.
19
«Лабиринттен шығу» тақырыбы
Оқу мақсаттары 4.5.1.2 Ультрадыбыстық датчикті қолдану
Бағалау критерийлері Білім алушы
 Ультрадыбыстық датчигі орнатылған роботқа
бағдарлама құру үшін командаларды қолданады
Ойлау қабілеттерінің деңгейі Қолдану
Тапсырма
1. Тәжірибелік жұмыс
Үлгі бойынша бағдарлама құрыңыз. Оның жүзеге асырылуы кезінде не орындалатынын
сипаттаңыз?
Дескриптор
Білім алушы
- үлгі бойынша бағдарлама құрады;
- робот әрекетін сипаттайды.
2. Тәжірибелік жұмыс
Роботқа кедергілерді айналып өтетін бағдарлама жазыңыз. Роботтың кедергі
кезіктірген кезіне қажет болатын дыбыс блогын қосыңыз.
Дескриптор
Білім алушы
- үлгі бойынша бағдарлама құрады;
- дыбыс блогын қосады.
20
«Кегль-ринг» тақырыбы
Оқу мақсаттары 4.5.1.1 Түс датчигін қолдану
4.5.1.2 Ультрадыбыстық датчикті қолдану
Бағалау критерийлері Білім алушы
 Бағдарламада объекті үшін әрекеттер алгоритмін
қолданады
 Ультрадыбыстық датчигі орнатылған роботқа
бағдарлама құру үшін командаларды қолданады
Ойлау қабілеттерінің
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
1. Тәжірибелік жұмыс.
Робот шеңбердің шегінен шықпай оның ішіндегі қара объектілерді алып тастауы
(итеріп тастауы) керек.
1. Роботтың өз осі бойымен айналуы үшін «Независимое управление
моторами» бағдарламалық блогын пайдаланыңыз, блок режимін
«Қосылу» деп орнатыңыз, «B» порты үшін қуаттылық мәнін 30 деп
орнатыңыз, «C» порты үшін қуаттылық мәнін -30 деп орнатыңыз.
2. Объектіні іздеу үшін «Күту» бағдарламалық блогын
«Ультрадыбыстық датчик – Салыстыру - Сантиметрдегі
арақашықтық» режимінде қолданыңыз.
3. Объектіні тапқан кезде моторды өшіріңіз, «Тәуелсіз моторды басқару»
бағдарламалық блогын қолданыңыз.
4. Роботтың түзусызық бойымен қозғалуы үшін «Рульдік басқару» пайдаланыңыз.
Блоктың жұмыс істеу режимін «Қосылу» деп орнатыңыз, параметр «Рульдік басқару» =
0, параметр «Қуаттылығы» = 50.
5. Роботтың шеңбер бойынан шықпауы үшін «Күту» бағдарламалық блогын «Түс
датчигі - Салыстыру – Шағылысқан жарық жарықтығы» режимінде қолданыңыз,
параметр «Салыстыру типі» = 4, параметр «Шектік мәні» = 10.
Сұраққа жауап беріңіз.
Роботты шеңбердің ортасына оралту үшін кай бағдарламалық блокты пайдалану
қажет?
Дескриптор
Білім алушы
 тәуелсіз моторды басқару блогын қолданады;
 түс датчигі мен ультрадыбыстық датчик блоктарын
қолданады;
 күту блогын қолданады;
 блоктарға қажетті параметрлерді таңдайды.
21
3 тоқсан
«Видео құру» бөлімі
«Бейнежазба» тақырыбы
Оқу мақсаттары 4.2.4.1 Бейнежазба құру
Бағалау критерийлері Білім алушы
 Бейнежазбамен жұмыс жасау құралдарына мысал
келтіру
 Бейнежазбаны жазуға және оны көруге
құралдарды қолдану
Ойлау қабілеттерінің
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
1. Видеоны редактірлеуге және жазуға қандай бағдарламалар мен құрал-жабдықтар
қажет?
Құрал-жабдықтар Бағдарламалар
2. Суретте көріп тұрған құралдарға ат қой.
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
Дескриптор
Білім алушы
- қолданбалы бағдарламаны қамтамасыз етуді анықтайды;
- аппараттық жабдықтарды қамтамасыз етуді анықтайды;
- видеоны жазуға арналған құралдардың мақсатын
анықтайды.
1. Тәжірибелік жұмыс
1) «Киностудия» бағдарламасын ашыңыз.
2) Құрал-жабдықтар панелінде мына батырманы басыңыз «Видео с веб-камеры».
22
3) Жазбаны жазар алдында қызыл батырманы басыңыз.
4) Сәкесінше жазбаны өшіру үшін көк шаршыны басу қажет.
5) Жазба аяқталарда, бағдарлама файлды сақтауды ұсынады. Буманы көрсетіңіз,
файылға ат қойыңыз және «Сохранить» батырмасын басыңыз.
Дескриптор
Білім алушы
- видеоға арналған бағдарламаны жүктейді;
- видеоны жазуға арналған құралдарды қолданады;
- видеоны құруға арналған бағдарламада видеоны құрады;
- құрылған видеоны сақтайды.
23
«Видео монтажы» тақырыбы
Оқу мақсаттары 4.2.4.1 Бейнежазбалар құру
Бағалау критерийлері Білім алушы
 Қолданыстағы қолданбалы программалардың
мүмкіндіктерін анықтайды
Ойлау қабілеттерінің
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Бейнекөрініс жасау программасының «Негізгі» менюінде орналасқан командаларды ата.
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
Дескриптор Білім алушы
- бірінші команданы анықтайды;
- екінші команданы анықтайды;
- үшінші команданы анықтайды;
- төртінші команданы анықтайды.
24
«Монтаж видео» тақырыбы
Оқу мақсаттары 4.2.4.1 Бейнежазбалар құру
Бағалау критерийлері Білім алушы
 Бейнежазба монтажында бейнеэффектілерін
қосуды, фото және видео қосу реттілігін
сипаттайды
Ойлау қабілеттерінің
деңгейі
Қолдану
1. Тәжірибелік жұмыс
Бағдарламаға бейне және фотоны қосу.
1.) «Главная» вкладкасында «Добавить видео и фотографии» тандаңыз.
2) «Добавление видео и фотографий» диалогты терезесінде сурет және видеосы бар
буманы ашыңыз да, қажет файлды таңдаңыз, кейін «Открыть» батырмасын басыңыз.
3) Бейнеклиптарды қажет реттілік бойынша орнадастырыңыз.
4) Клиптер арасындағы өтулерді құрыңыз.
5) Видеоэффектілерді қосыңыз.
6) Соңында файылды сақтаңыз. Буманы көрсетіңіз, файылға ат қойыңыз және
«Сохранить» батырмасын басыңыз.
Дескриптор
Білім алушы
- видео және суреттерді қолдану;
- клиптер арасыңдағы өтулерді қолдану;
- видеоэффектілерді қолдану;
- клиптерді ретімен орналастырады.
25
«Видео монтажы» тақырыбы
Оқу мақсаттары 4.2.4.1 Бейнероликтерді құру
Бағалау критерийлері Білім алушы
 Бейнефайлдар монтажында титрларды қою
реттілігін сипаттайды
Ойлау қабілеттерінің
деңгейі
Қолдану
1. Тәжірибелік жұмыс
Бағдарламаға мәтін қойып көріңіз.
1) «Главная» вкладкасында «Название» тандаңыз:
2) Фильмімізге ат, кіріспе мәтін және титр косыңыз:
- таңдалған элемент алдына ат қою;
- тандалған кадр алдында шығатындай, фильмге (кадрге) ат қою;
- титрларды қосу (жоба соңында текст).
3) «Средства для работы с текстом» вкладкасы шрифттің түсін, өлшемін, сызылуын
өзгертуге мүмкіндік береді, сонымен қатар «Форматирование» бөлімінде фонның түсін
және басқа да өзгерістер жасауға болады.
4) Соңында файылды сақтаңыз. Буманы көрсетіңіз, файылға ат қойыңыз және
«Сохранить» батырмасын басыңыз.
Дескриптор
Білім алушы
- бейнеде мәтінді қолданады;
- бейнеге ат қояды;
- бейнеге титр қолданады;
- бейнеге тақырып қояды;
- мәтінді өзгерте алады;
- мәтінді ретімен қояды.
26
«Презентация» бөлімі
«Презентация жасауға қажет ақпарат» тақырыбы
Оқу мақсаттары 4.3.1.2 Браузерді баптау құралдарын қолдану
(бетбелгілер орнату, жүктеуін және тарихын қарау)
Бағалау критерийлері Білім алушы
 Бетбелгі құру үшін браузер параметрлерін қолдану
Ойлау қабілеттерінің
деңгейі
Қолдану
1. Тәжірибелік жұмыс
1. Браузерді ашу.
2. Іздеу терезесіне «Охрана окружающей среды» деп жаз.
3. Табылған беттерді қарап шығу.
4. Таңдалған презентация бар веб-сайттың бетін бетбелгі орнат.
Дескриптор
Білім алушы
- қажет ақпаратты табады;
- презентация бар беттерді қарап шығады;
- таңдалған беттерге бетбелгі орнатады.
27
«Презентация жасауға қажет ақпарат» тақырыбы
Оқу мақсаттары 4.2.3.1 Слайдқа макет таңдау.
Бағалау критерийлері Білім алушы
 Cлайдқа макет орнатады
Ойлау қабілеттерінің
деңгейі
Қолдану
1. Тәжірибелік жұмыс
1) Екі слайдтан тұратын «Менің табиғатты қорғаймын» тақырыбында презентация құр.
2) Бірінші слайдқа «Титулдық слайд (Титульный слайд)» макетін таңда.
3) Слайдта презентация тақырыбын жаз.
4) Екінші слайдқа «Жазуы бар сурет» (Рисунок с подписью).
3) Слайдқа мамандық атауын, сәйкес келетін сурет және қысқаша ақпарат жаз.
Дескриптор Білім алушы
 қажетті макетті таңдайды;
 слайдқа сурет кірістіреді;
 слайдта қысқаша ақпарат жазады.
28
«Презентация жасауға қажет ақпарат» тақырыбы
Оқу мақсаттары 4.3.1.1 Ақпарат іздеу (компьютердегі файлдар мен
бумаларды)
Бағалау критерийлері Білім алушы
 Ақпаратты табуға қажет іздеу жүйесін қолдану
Ойлау қабілеттерінің
деңгейі
Қолдану
1. Тәжірибелік жұмыс
Компьютердегі барлық кітапханалардан іздеу жүргізу.
1) «Бастау» батырмасын басып, терезеден «Документы» таңданыз.
2) Іздеу бөлімінде файл атын жазыңыз.
3) Іздеу нәтижесі тізбесін төмен түсіріңіз.
Іздеуді қайталау үшін келесі қимылдын біреуін орындаңыз:
- барлық библиотекалардан іздеу үшін «Библиотеки»-ді басыңыз;
- жалпы компьютерден іздеу үшін «Компьютер»-ді басыңыз.
Дескриптор
Білім алушы
- керек ақпаратты табады;
- кітапхана беттерін қарайды;
- компьютер беттерін қарайды.
29
«Презентациядағы дыбыстар» тақырыбы
Оқу мақсаттары 4.2.3.3 Презентацяға дыбыс және видео қосу
Бағалау критерийлері Білім алушы
 Презентацияға дыбыстарды қосу
командаларын қолданады
Ойлау қабілеттерінің деңгейі Қолдану
Тапсырма
1. Презентацияға дыбыстық файлды қосу командасын жаз.
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
2. Берілген командалық түймелердің міндетін жаз.
____________________________________________
____________________________________________
Дескриптор Білім алушы
 презентацияға дыбыс қою командасын жазады;
 дыбыспен жұмыс жасайтын командалық түймелердің
міндетін анықтайды.
30
«Презентациядағы дыбыстар» тақырыбы
Оқу мақсаттары 4.2.4.2 Презентация құру барысында суреттерді,
дыбыстарды және видеоларды қолдану
Бағалау критерийлері Білім алушы
 Презентацияда сурет және дыбыстарды
қолданады
Ойлау қабілеттерінің
деңгейі
Қолдану
Тәжірибелік жұмыс
1) Power Point бағдарламасын іске қосу.
2) «Звуки леса» мәтінің теру.
3) «ВСТАВКА» вкладкасын таңданыз, кейін «Изображения» тобындағы «Рисунки»
командасын таңданыз».
4) Диалогты терезеде керекті суретті таңданыз, содан соң «Вставить» басыңыз.
5) Енді презентацияға дыбыс қосамыз. «ВСТАВКА» вкладкасын таңдаймыз, содан соң
«Звук» командасын басыңыз.
6) Диалогты терезеде керекті дыбысты таңданыз, содан соң «Вставить» басыңыз
7) Слайдтарды жылжытуда дыбыс қосыңыз.
Дескриптор
Білім алушы
- презентация құруда сурет және дыбыс қолданады;
- сурет өлшемін кішірейтеді;
- тақырыпқа сай сурет және дыбыстың орнын анықтайды;
- слайдтарды жылжытуда дыбыстарды қолданады.
31
«Презентациядағы видео» тақырыбы
Оқу мақсаттары 4.2.3.3 Презентацяға дыбыс және видео қосу
Бағалау критерийлері Білім алушы
 Презентацияға видеоны қосу командаларын
қолданады
Ойлау қабілеттерінің деңгейі Қолдану
Тапсырма
1. Презентацияға бейнефайлды қосу командасын жаз.
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
2. Берілген командалық түймелердің міндетін жаз.
__________________________________________________
__________________________________________________
Дескриптор Білім алушы
 презентацияға бейнефайл қою командасын жазады;
 бейнефайлмен жұмыс жасайтын командалық түймелердің міндетін
анықтайды.
32
«Презентациядағы дыбыстар» тақырыбы
Оқу мақсаттары 4.2.4.2 Презентация құруда сурет, дыбыс және
бейнелерді қолдану
Бағалау критерийлері Білім алушы
 Презентацияда сурет және дыбыс қолданады
Ойлау қабілеттерінің
деңгейі
Қолдану
1. Тәжірибелік жұмыс
1) Power Point бағдарламасын жүктеңіз.
2) «Зеленый край» мәтінің құрыңыз.
3) «ВСТАВКА» вкладкасын таңданыз, содан соң «Видео» командасын таңданыз.
Дескриптор
Білім алушы
- презентация құруда бейне қолданады;
- бейне орналасуын анықтайды.
33
Тақырып: «Презентациядағы анимация»
Оқу мақсаттары 4.2.3.2 Презентацядағы нысандардың анимациясын
құрыңыз
Бағалау критерийлері Білім алушы
 Презентациядағы нысандарға анимация
құралдарын қолдану
Ойлау қабілеттерінің
деңгейі
Қолдану
1. Тәжірибелік жұмыс
1) Power Point бағдарламасын жүктеу.
2) «Фигуры» вкладкасында орналасқан, «Пятиконечная звезда» нысаның қой.
3) Нысанға «Вылет» шығу анимациясын қолдан.
4) Нысанға «Панорама» кету анимациясын қолдан.
Суретті таңдап, «Добавить анимацию» батырмасын басыңыз.
Дескриптор
Білім алушы
 нысанды презентацяға қосады;
 нысанға шығу анимациясын қолданады;
 нысанға кету анимациясын қолданады.
34
«Презентациядағы анимация» тақырыбы
Оқу мақсаттары 4.2.3.2 Презентацядағы нысандардың анимациясын
құрыңыз;
Бағалау критерийлері Білім алушы
 Презентациядағы нысандарға анимация
құралдарын қолдану
Ойлау қабілеттерінің
деңгейі
Жоғары деңгейлі қабілет
Тәжірибелік жұмыс
1) Power Point бағдарламасын жүктеңіз.
2) «Два объекта» макетін таңданыз.
3) «Как нужно беречь природу?» тақырыбын қойыңыз.
4) Браузерді қолдана отырып , ақпаратты табыңыз.
5) Презентация тақырыбына сай сурет және мәтінді тауып, жүктеңіз.
6) Шығу анимациясын ретімен орналастырыңыз: тақырып, сурет, мәтін.
7) Слайд ауысқанда дыбыс қосыңыз.
Дескриптор
Білім алушы
- қажет макетті таңдайды;
- сурет және мәтін қосады;
- слайд ауысқанда дыбыс қосады;
- нысандарға шығу объектісін қолданады;
- интернеттен файлды көшіреді.
35
«Презентациядағы анимация» тақырыбы
Оқу мақсаттары 4.2.1.2 Құжатқа сурет енгізу
Бағалау критерийлері Білім алушы
 Ортақ сурет құру үшін суреттерді біріктіру және
комбинирлеу командасын қолданады
Ойлау қабілеттерінің
деңгейі
Қолдану
Тәжірибелік жұмыс
1. Power Point бағдарламасын жүктеңіз.
2. «Фигуры» нысаның қолдана отырып, сурет құрыңыз.
Дескриптор
Білім алушы
- сурет құру үшін геометриялық фигураларды қолданады;
- ортақ сурет құру үшін геометриялық фигураларды
біріктіреді.
36
4 тоқсан
«Электрондық пошта» бөлімі
Бөлім/Тақырып Деректерді Интернетке жіберу
Оқу мақсаты 4.3.2.1 Тіркелген файлдары бар хабарламаларды электрондық
пошта арқылы алу және жіберу
Бағалау
критерийлері
Білім алушы:
 Тіркелген файлдары бар хабарламаларды алу және жіберу
үшін электрондық поштаны пайдаланады
Ойлау дағдысының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Тәжірибелік жұмыс «Электрондық құттықтау»
1. Сыныптасыңызға Ғарышкерлер күнімен электрондық құттықтау жазыңыз, оған суретті
орналастырыңыз.
2. Браузерді іске қосып, суреттегі сияқты тақырып бойынша суретті табыңыз.
 Электрондық поштаны ашыңыз.
 Электрондық құттықтау мәтінін жазыңыз.
 Хатқа табылған суретті тіркеңіз.
 Сыныптасқа хат жіберіңіз.
3. Сыныптасыңыздың сізге жіберген хатын оқып, оған жауап беріңіз.
 Алынған хабарды ашыңыз және оқыңыз.
 Оған жауап жіберіңіз.
Дескриптор Білім алушы:
- браузерді іске қосады;
- суретті табады және сақтайды;
- электрондық поштаны пайдаланады;
- файлды хабарламаға тіркейді;
- адрес иесіне хат жібереді;
- алынған хатты ашады;
- тіркелген файлды ашады.
37
Бөлім/Тақырып Құпиясөздердің сенімділігі
Оқу мақсаты 4.3.2.1 Тіркелген файлдары бар хабарламаларды электрондық
пошта арқылы алу және жіберу
Бағалау
критерийлері
Білім алушы:
 Тіркелген файлдары бар хабарламаларды алу және жіберу
үшін электрондық поштаны пайдаланады
Ойлау дағдысының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Тәжірибелік жұмыс «Ғарышқа саяхат».
Электрондық пошта пайдаланушылары жеке топтарды жасай алады. Топқа жіберілген
хаттарды барлық қатысушылар бірден алады. Сіздің сынып үшін топ құрылды … (пошта
адресі). «Ғарышқа саяхат» тақырыбы бойынша суреттерді бірлесіп іздеуді
ұйымдастырайық.
1. Браузер қосу.
2. Интернетте тақырып бойынша бір суретті табыңыз.
3. Электрондық поштаны ашыңыз.
4. Табылған суретті топқа жіберіңіз.
5. Сыныптастарыңыз жіберген барлық суреттерді көріңіз.
Дескриптор Білім алушы:
- браузерді қосады;
- суретті табады және сақтайды;
- электрондық поштаны пайдаланады;
- файлды хабарламаға тіркейді;
- топқа хат жібереді;
- алынған хаттарды ашады және қарайды.
38
Бөлім/Тақырып Құпиясөздердің сенімділігі
Оқу мақсаты 4.3.2.2 Браузерді баптауды қолдану (бетбелгілерді жасау, оқиғалар
мен жүктеуді қарау)
Бағалау
критерийлері
Білім алушы
 Браузердің күйге келтіргішін пайдаланады (бетбелгілерді
жасау, оқиғаларды көру және жүктеу)
Ойлау дағдысының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Тәжірибелік жұмыс «Бетбелгі»
Бұл практикалық жұмыс веб-беттер үшін бетбелгілерді жасауға арналған..
1. Браузерді қосыңыз.
2. Ақпаратты іздеу үшін "парольдердің сенімділігі"тақырыбына қойыңыз.
3. Табылған беттерді қарап, сіздің көзқарасыңыз бойынша, ең жақсысын таңдаңыз.
4. Таңдалған беттер үшін бетбелгілерді жасаңыз.
Дескриптор Білім алушы:
- қажетті ақпаратты табады;
- веб-беттерді қарап, бағалайды;
- таңдалған беттерге бетбелгілер жасайды.
Тапсырма
Тәжірибелік жұмыс «Көру тарихы»
Бұл практикалық жұмыс веб-беттерді қарау тарихы бар операцияларға арналған.
1. Браузерді қосыңыз.
2. Көру тарихын ашыңыз.
3. Тарихтан кез келген бетке өтіңіз.
4. Тізімнен кез келген бір бетті өшіріңіз.
5. Соңғы уақытта тарихтағы жазбаларды өшіріңіз.
Дескриптор Білім алушы
- көру тарихын ашады;
- тарихтан веб-бетке өтеді;
- тарих жазбаларын жояды.
Тапсырма
Тәжірибелік жұмыс «Жүктеулер»
Бұл практикалық жұмыс Интернетті пайдаланушы желіні пайдалану барысында жасайтын
жүктемелерге арналған.
1. Браузерді қосыңыз.
2. "Сенімді парольдердің мысалдары"тақырыбындағы презентацияны тауып, жүктеп
алыңыз.
3. Жүктеу тарихын ашыңыз.
4. Жүктелген презентацияны табыңыз.
5. Оны жүктеуден жұмыс үстеліне жылжытыңыз.
Дескриптор Білім алушы
- файлды интернеттен жүктейді;
- жүктелген файлды компьютерде табады;
- жүктелген файлды жұмыс үстеліне жылжытады.
39
Бөлім/Тақырып Құпиясөздердің сенімділігі
Оқу мақсаты 4.1.3.1 Сенімді құпия сөзді белгілеу
Бағалау критерийлері Білім алушы:
 Сенімді құпия сөз критерийлерін түсінеді
Ойлау дағдысының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
1. Сенімді құпия сөздің 5 критерийлерін жазыңыз.
1. _________________________________________________________________________
2. _________________________________________________________________________
3. _________________________________________________________________________
4. _________________________________________________________________________
5. _________________________________________________________________________
Сенімді құпия сөз үлгісін келтіріңіз (сіздің критерийяларға сәйкес) _____________________
Сенімді құпия сөзге 3 түрлі мысал келтіріңіз, жауабыңызды дәлелдеңіз.
Мысал 1 _______________________ - сенімді, өйткені ________________________________
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
Мысал 2 _______________________ - сенімсіз, өйткені ________________________________
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
Мысал 3 _______________________ - сенімді, өйткені ________________________________
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
Дескриптор Білім алушы:
 сенімді парольдің негізгі критерийлерін белгілейді;
 парольдің сенімділігі / сенімсіздігін негіздейді.
40
Бөлім/Тақырып Болашақтың компьютерлері
Оқу мақсаты 4.1.1.1 Компьютерлік және мобильді техниканың ескіруі ғылыми-
техникалық прогреспен байланысты екенін түсіндіру
Бағалау
критерийлері
Білім алушы:
 Компьютерлік және ұтқыр техниканың дамуына ҒТП әсерін
түсінеді
Ойлау
дағдысының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
1. Суреті бар мәтінді оқыңыз.
Компьютерлер эволюциясы.
Ең алғашқы электронды компьютер ЭНИАК деп аталды.
Ол АҚШ-та бірнеше жыл бойы жасалып, 1945 жылға дайын
болды. Бұл машинаның биіктігі 6 м, ұзындығы 26 м, салмағы 30
тонна, оның жад көлемі-20 сөз. Ол 357 көбейту
операцияларын немесе 5000 қосу операцияларын
орындай алды. ЭНИАК компьютері 10 жыл бойы
қызмет етіп, содан кейін мәңгілікке өшірілді.
Сұрақтарға жауап.
1. ЭНИАК заманауи компьютерлермен бәсекелесе алады ма? Неліктен?
_________________________________________________________________________
2. Заманауи компьютерлер ЭНИАК-тан немен ерекшеленеді?
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
3. Мұндай маңызды өзгерістердің себебі не?
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
Дескриптор Білім алушы:
 бірінші және қазіргі компьютерлердің сипаттамаларын
салыстырады;
 техниканың ескіру себебін түсіндіреді.
41
Бөлім/Тақырып «Болашақ компьютері» шағын-жобасы
Оқу мақсаты
4.3.1.1 Ақпаратты іздеуді жүзеге асыру (компьютердегі файлдар мен
папкалар))
Бағалау
критерийлері
Білім алушы:
 Интернетте ақпаратты табады және жүктейді
 Компьютердегі жүктелген файлдарды табады
 Файлдарды бір папкадан екіншісіне ауыстырады
Ойлау
дағдысының
деңгейі
Қолдану
Тәжірибелік жұмыс
Интернет-ресурстарды пайдалана отырып, болашақ компьютерлерді таныстыру үшін
материал дайындау..
1. Жұмыс үстелінде "Болашақ компьютері"папкасын жасаңыз.
2. Интернеттен осы тақырып бойынша материалды тауып, жүктеп ал: кемінде 5 сурет,
1 әуен, 1 бейне.
3. Жүктелген файлдарды "Болашақ компьютері"папкасына апарыңыз.
Дескриптор Білім алушы:
 5 суретті, 1 әуенді, 1 бейне жүктейді;
 файлдарды жүктеу папкасынан басқа папкаға апару.
42
Бөлім/Тақырып «Болашақ компьютері» шағын жобасы
Оқу мақсаты 4.2.4.2 Презентацияны жасау кезінде фотосуреттерді, дыбыстарды
және видеоларды пайдалану
Бағалау
критерийлері
Білім алушы:
 Фотосуреттер, дыбыстар мен видеолары бар презентация жасайды
Ойлау
дағдысының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Тәжірибелік жұмыс
Бұдан бұрын дайындалған материалды пайдалана отырып, "Болашақтың компьютері»
деген тақырыпқа презентация жасаңыз. Дайындау кезінде өзін-өзі бағалау парағының
деректерін есепке ал.
№ Бағалау критерийлері Баға ( /Х)
1. Кемінде 5 слайд
2. Тақырыптық слайд
3. Пайдаланылған Интернет-ресурстарға сілтемелері
бар слайд
4. Кемінде 5 сурет
5. Кемінде 1 әуен (дыбыс жазу)
6. Кемінде 1 видео
7. Достық дизайны
8. Ақпарат сапасы (толықтығы, пайдалылығы,
өзектілігі)
Дескриптор Білім алушы:
 презентация жасайды және критерийлерге сәйкес өзін-өзі
бағалауды орындайды.

Комментарии: