ТЖБ ҚЖБ Жаратылыстану 4 сынып

21 август 2019, Среда
277
0

«Жаратылыстану» пәнінен
қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы
4-сынып
Нұр-Сұлтан, 2019
Құрметті мұғалім!
Аталған тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге
көмек құралы ретінде құрастырылды. Бұл мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі.
Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды
өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, оқу
мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып
табылады.
Жинақтың ұсынылған сипаты сізге білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін есепке
ала отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуіңізге, бейімдеуіңізге
мүмкіндік береді.
Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.),
форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері»
ДББҰ smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз.
Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!
Жинақ бастауыш мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша
өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио
материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық
емес мақсатта құрастырылған.
2
МАЗМҰНЫ
1-ТОҚСАН .......................................................................................................................................... 3
Бөлім: Мен зерттеушімін .............................................................................................................. 3
Бөлім: Жанды табиғат ................................................................................................................... 5
2-ТОҚСАН ........................................................................................................................................ 18
Бөлім: Жанды табиғат ................................................................................................................. 18
Бөлім: Заттар және олардың қасиеттері .................................................................................... 20
3-ТОҚСАН ........................................................................................................................................ 32
Бөлім: Табиғат физикасы ............................................................................................................ 32
Бөлім: Заттар және олардың қасиеттері .................................................................................... 38
4-ТОҚСАН ........................................................................................................................................ 39
Бөлім: Жер және ғарыш .............................................................................................................. 39
Бөлім: Табиғат физикасы ............................................................................................................ 44
3
1-ТОҚСАН
Бөлім: Мен зерттеушімін
Бөлімше: 1.2 Табиғатты тану әдістері
Оқу мақсаты 4.1.2.1 Зерттеу әдісін (бақылау мен эксперимент) таңдау
себебін оның артықшылығы мен кемшілігіне
байланысты негіздеу
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Зерттеудің тиімді әдістерін таңдайды және негіздейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
Берілген жағдаятты түсініп оқы. Тапсырманы орында.
Оқушыларға «Күн тамшысы» деген тақырыпта күнбағысқа қатысты зерттеу
жұмысын жүргізу тапсырылды. Кейбір оқушылар дүкендерді аралап, күнбағыс майының
түрлерін анықтады. Басқалары «Күнбағыс майы суықта қата ма? деген сұраққа жауап алу
үшін тәжірибе жасады.
1) Оқушылардың орнында болсаң сен зерттеудің қай әдісін таңдар едің ? Бақылауды ма,
экспериментті ме? Неліктен? Олардың бір-бірінен қандай артықшылығы және
кемшілігі бар? Кестеге жаз.
Зерттеу әдісі Артықшылығы Кемшілігі
Бақылау
Эксперимент
Дескриптор
Білім алушы
-тиімді зерттеу әдісін атайды.
-таңдаған әдістің тиімділігін түсіндіреді.
4
Бөлімше: 1.2 Табиғатты тану әдістері
Оқу мақсаты 4.1.2.2 Алынған нәтижені білім алушы таңдаған формада
ұсыну
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Тәжірибе нәтижесін өзі таңдаған формада көрсетеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Жұптық жұмыс
Суретке қара. Кезектесе отырып,тәжірибе жасаңдар
а) Өз бойларыңның ұзындығын анықтаңдар.
Ол үшін жұптағы оқушылардың біреуі арқасын қабырғаға сүйеп, түзу тұруы керек. Екіншісі
тікбұрышты сызғышты суреттегідей орналастырып, қабырғаға оқушының бойына сәйкес
кішірек белгі қоюы тиіс.
b) Келесі кезеңде оқушы қолдарын екі жанына созып тұруы тиіс. Екіншісі оның қол
ұшының тұстарын белгілеп көрсетеді.
с) Еден мен оқушы бойының ұзындығын көрсететін белгі қойылған аралықты және
құлашының аралығын өлшеп, жазып ал. Оларды салыстыр.Қандай қорытынды жасадың?
d) Тәжірибенің нәтижесін төменде берілген формалардың бірі түрінде жазып көрсет.
1. Кесте
2. График
3. Диаграмма
Дескриптор
Білім алушы
-нұсқаулыққа сәйкес тәжірибе жүргізеді;
-тәжірибе нәтижесін өзі қалаған формада ұсынады.
5
Бөлім: Жанды табиғат
Бөлімше: 2.1 Өсімдіктер
Оқу мақсаты 4.2.1.2 Өсімдіктің тіршілік циклін сипаттау
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Өсімдіктің тіршілік кезеңдерін түсіндіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
Суретте асбұршақтың тіршілік кезеңдері бейнеленген. Олардың ретін анықтап, сандармен
нөмірлеп көрсет.
• Суретке сүйеніп асбұршақтың тіршілік кезеңдеріндегі өзгерістерді сипатта.
Дескриптор
Білім алушы
- асбұршақтың тіршілік кезеңдерінің ретін анықтайды;
- асбұршақтың тіршілік кезеңдеріндегі өзгерістерді сипаттайды.
6
Бөлімше: 2.1 Өсімдіктер
Оқу мақсаты 4.2.1.3 Тозаңдану нәтижесінде тұқымның түзілуін
сипаттау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Өсімдіктердің тозаңдану үдерісінің нәтижесін түсіндіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдан
Тапсырма
Суретте өсімдіктің жәндіктер арқылы тозаңдану үдерісі бейнеленген. Суретке сүйеніп
тозаңдану үдерісі қалай жүретінін түсіндір.
b) Сұрақтардың негізінде өсімдіктердің тозаңдану үдерісі туралы әңгімеле.
• Тозаңдану дегеніміз не?
• Өсімдіктерге тозаңдану не үшін қажет?
• Өсімдіктерді тозаңдандыруға тағы қандай жануарлар мен жәндіктер қатысады?
• Тозаңдану нәтижесінде не пайда болады?
Дескриптор
Білім алушы
- өсімдіктердің тозаңдану үдерісін сипаттайды;
- тозаңдану нәтижесінде тұқымның түзілетіндігін анықтайды..
7
Бөлімше: 2.1 Өсімдіктер
Оқу мақсаты 4.2.1.4 Тұқым таралу жолдарын сипаттау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Өсімдік тұқымының таралу жолдарын атайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
Суретке сүйеніп өсімдік тұқымының қандай жолдармен таралатындығын анықта. Сызбаны
толтыр.
• Өсімдіктердің тұқымын таратуға тағы қандай жануарлар қатысады? Мысал
келтір.
Дескриптор
Білім алушы
- өсімдік тұқымының таралу жолдарын анықтайды;
- өсімдіктердің тұқымын таратуға қатысатын жануарларды атайды.
8
Бөлімше: 2.1 Өсімдіктер
Оқу мақсаты 4.2.1.5 Төменгі және жоғарғы сатыдағы өсімдіктерді
ажырату
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Төменгі және жоғарғы сатыдағы өсімдіктерді анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
Суреттерге мұқият қара. Төменгі сатыдағы өсімдіктерге нелер жатады? Жоғарғы сатыдағы
өсімдіктерге ше? Оларды нөмірлері бойынша жіктеп жаз.
Төменгі сатыдағы өсімдіктер: _________________________
Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер: _________________________
Дескриптор
Білім алушы
-төменгі сатыдағы өсімдіктерді анықтайды;
-жоғарғы сатыдағы өсімдіктерді анықтайды.
9
Бөлімше: 2.1 Өсімдіктер
Оқу мақсаты 4.2.1.6 Өсімдіктерді қорғау жолдарын ұсыну
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Өсімдіктерді қорғау тәсілдерін атайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Суретте өсімдіктерге қамқорлық жасау шаралары бейнеленген. Суреттерге сүйеніп өсімдіктерді
қорғау туралы ақпараттық постер жаса.
• Өсімдіктерді қалай қорғау керек? Стикерге өсімдіктерді қорғау тәсілдерін жаз.
Дескриптор
Білім алушы
- өсімдіктерді қорғау тәсілдерін ұсынады.
10
Бөлімше: 2.2 Жануарлар
Оқу мақсаты 4.2.2.2 Бунақденелілердің тіршілік циклін сипаттау
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Бунақденелілердің даму кезеңдерін түсіндіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Суретке мұқият қара. Көбелектің даму кезеңдерінің ретін анықтап, нөмірле (1,2,3,4).
• Көбелектің даму кезеңдеріне сәйкес әр сатыдағы атауын жаз және сипаттап айт.
Дескриптор
Білім алушы
-көбелектің даму кезеңдерінің ретін анықтайды;
-көбелектің даму кезеңдерінің әр сатыдағы атауын жазады.
11
Бөлімше: 2.2 Жануарлар
Оқу мақсаты 4.2.2.3 Өсімдікқоректі және жыртқыш жануарларды
ажырату
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Жануарларды қоректену түріне қарай жіктейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
а) Жануарларды қоректенуіне қарай жіктеп, кестеге сәйкес нөмірін жаз. Әр топтағы
жануарларға өзің бірнеше мысал келтір.
Шөпқоректі жануарлар Жыртқыш жануарлар
b) Екі топқа да енбей қалған жануарларды анықта. Олар қоректенуіне қарай қандай топқа
жатады? Бұл жануарлардың ерекшелігі туралы әңгімеле.
Дескриптор
Білім алушы
- шөпқоректі жануарларды анықтайды;
- жыртқыш жануарларды анықтайды;
- қорек талғамайтын жануарларды ажыратады;
- қорек талғамайтын жануарларды сипаттайды.
12
Бөлімше: 2.2 Жануарлар
Оқу мақсаты 4.2.2.4 Симбиоздық қарым-қатынасқа мысал
келтіру
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Симбиоздық қарым-қатынаста тіршілік ететін
жануарларды атайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
а) Берілген ақпаратты түсініп оқы.
b) Суреттерде жануарлардың арасындағы симбиоздық қарым-қатынас (селбесу) бейнеленген.
Ғаламтордан өзіңе ұнаған суреттегі жануарлардың қарым-қатынасы туралы ақпараттар
жинақта. Олар бір-біріне қалай көмектеседі? Олардың тіршілігі туралы әңгімеле.
.
• Селбесе тіршілік ететін жануарларға мысал келтір.
Дескриптор
Білім алушы
- жануарлар арасындағы қарым-қатынасты сипаттайды;
- селбесе тіршілік ететін жануарларға мысал келтіреді.
Симбиоз (селбесу) дегеніміз – әр түрге жататын организмдердің бір-біріне
зиянын тигізбей, бірігіп, пайдалы тіршілік етуі. Табиғатта селбесе тіршілік ету
қатынастарының көптеген үлгілері бар.
13
Бөлімше: 2.2 Жануарлар
Оқу мақсаты 4.2.2.6 Белгілі бір тіршілік ортасындағы қоректік
тізбектің моделін құрастыру
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Тіршілік ортасына қарай қоректік тізбек құрастырады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Ескі журналдар мен кітаптардан далалы жерлерде тіршілік ететін жануарлардың бірнеше
суреттерін қиып ал. Олардан 2 және 3 буыннан тұратын қоректік тізбек құрастыр. Суреттерді
желімдеп, астына жануарлардың атауын жаз.
Мысалы:
Дескриптор
Білім алушы
- екі буыннан тұратын қоректік тізбек құрастырады;
- үш буыннан тұратын қоректік тізбек құрастырады.
14
Бөлімше: 2.2 Жануарлар
Оқу мақсаты 4.2.2.7 Жойылу шегінде тұрған жануарларға мысалдар
келтіру
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Жойылу қаупі төніп тұрған жануарларды атайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Берілген ақпаратты түсініп оқы. Қазақстанның Қызыл кітабы туралы әңгімеле.
• Қазақстанның Қызыл кітабына енген жануарларға мысал келтір.
Дескриптор
Білім алушы
- Қазақстанның Қызыл кітабын сипаттайды;
- жойылу шегінде тұрған жануарларды атайды.
15
Бөлімше: 2.2 Жануарлар
Оқу мақсаты 4.2.2.8 Ұлттық саябақтар мен қорықтарды құрудың
мақсатын түсіндіру
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Ұлттық саябақтар мен қорықтар құрудың мақсатын
анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Картада Қазақстандағы қорықтардың тізімі берілген. Түрлі дереккөздерден өз аймағыңда
орналасқан қорық туралы ақпараттар жинақта. Жинақталған ақпараттар мен сұрақтарға
сүйеніп қорықтарды құрудың мақсаты мен маңызы туралы әңгімеле.
Сұрақтар:
• Қорық деген не?
• Қорықтар қандай мақсатпен құрылады?
• Сен тұратын аймақта қандай қорық бар?
• Ол жерде қандай жануарлар мен өсімдіктер қорғауға алынған?
• Қорықтардың қоршаған ортаны қорғаудағы рөлі қандай?
Дескриптор Білім алушы
- өз аймағындағы қорық туралы мәліметтерді анықтайды;
- қорықтар құрудың мақсатын түсіндіреді;
-қорықтардың қоршаған орта үшін маңызын сипаттайды.
16
Бөлімше: 1.2 Табиғатты тану әдістері
Оқу мақсаты 4.1.2.1 Зерттеу әдісін (бақылау мен эксперимент) таңдау
себебін оның артықшылығы және кемшілігіне
байланысты негіздеу
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Зерттеудің тиімді әдістерін таңдайды және негіздейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
Өсімдіктердің өсуі мен дамуына қолайлы жағдайды анықтау үшін қолданылған зерттеу
әдістерімен таныс.
1. Бақылау әдісі
Ұзақ мерзімді бақылау жүргізу. Маңайдағы бір өсімдікті күзден бастап көктемге дейін
бақылау. Өзгерістерді жазып жүру.
2. Эксперимент
Ерте көктемде ағаш бұтасын топырағымен алып үйге кіргізу. Өсімдіктің бүршік жарғанын,
жапырақтарын бақылау. Далада өсіп тұрған өсімдіктің сабағымен салыстыру, суретін салу.
• Зерттеу әдістерінің қайсысы тиімді деп ойлайсың? Неліктен?
Дескриптор
Білім алушы
- тиімді зерттеу әдісін анықтайды;
- өз таңдауының себебін негіздейді.
17
Бөлімше: 1.2 Табиғатты тану әдістері
Оқу мақсаты 4.1.2.2 Алынған нәтижені білім алушы таңдаған формада
ұсыну
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Тәжірибе нәтижесін өзі таңдаған формада көрсетеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Әртүрлі жағдайда отырғызылған тұқымдарға бақылау жаса.
Нұсқаулық:
Алдын ала кез келген өсімдіктің тұқымын дайындап қой Үш ыдысқа топырақ салып,. бірінші
ыдысқа құрғақ, екіншісіне суға бөктірілген, үшінші ыдысқа қоректік заттармен байытылған
тұқымды отырғыз. Олардың өсуін біраз уақыт бойы бақыла және нәтижесін төменде берілген
формалардың кез келгеніне салып көрсет.
Бақылау нәтижесін ұсыну формалары:
1. Кесте
Тұқымды егу
күні
Өсімдіктің өніп, жер бетіне
шығуы
Құрғақ тұқым
Суға бөктірілген тұқым
Қоректік заттармен байытылған
тұқым
2. Диаграмма арқылы көрсету
3. График арқылы көрсету
Дескриптор
Білім алушы
-нұсқаулыққа сәйкес бақылау жүргізеді;
-алынған нәтижелерді өзі таңдаған формада ұсынады.
18
2-ТОҚСАН
Бөлім: Жанды табиғат
Бөлімше: 2.3 Адам
Оқу мақсаты 4.2.3.1 Зәр шығару жүйесі мен оның адам ағзасындағы
рөлін сипаттау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Зәр шығару жүйесінің мүшелерін атайды
• Адам ағзасы үшін зәр шығару жүйесінің рөлін түсіндіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
а) Суретте адамның зәр шығару жүйесі бейнеленген. Зәр шығару жүйесі мүшелерінің атауын
жаз.
b) Сұрақтарға сүйеніп адамның зәр шығару жүйесінің адам ағзасы үшін маңыздылығын
түсіндір.
• Зәр шығару жүйесі қандай қызмет атқарады?
• Олардың адам ағзасы үшін қандай маңызы бар?
Дескриптор
Білім алушы
-зәр шығару жүйесінің мүшелерін атайды;
-зәр шығару жүйесінің қызметін сипаттайды;
-зәр шығару жүйесінің маңызын түсіндіреді.
19
Бөлімше: 2.3 Адам
Оқу мақсаты 4.2.3.2 Жүйке жүйесі мен оның адам ағзасындағы рөлін
сипаттау
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Жүйке жүйесінің мүшелерін атайды
• Жүйке жүйесінің адам ағзасындағы рөлін түсіндіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
a) Суретке мұқият қара. Адамның жүйке жүйесінің мүшелерін жаз.
b) Сұрақтардың негізінде адамның жүйке жүйесі туралы әңгімеле.
• Жүйке жүйесі деген не?
• Жүйке жүйесі қандай мүшелерден тұрады?
• Олар қандай қызмет атқарады?
• Адам ағзасы үшін жүйке жүйесінің қандай маңызы бар?
Дескриптор
Білім алушы
-адамның жүйке жүйесінің мүшелерін атайды;
-жүйке жүйесінің қызметін сипаттайды;
-адам ағзасы үшін жүйке жүйесінің маңызын түсіндіреді.
20
Бөлім: Заттар және олардың қасиеттері
Бөлімше: 3.1 Заттардың типтері
Оқу мақсаты 4.3.1.1 Заттың қасиетіне байланысты қолдану аясын
анықтау
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Пайдалы қазбалардың қасиеттерін атайды
• Пайдалы қазбалардың қолданылу саласын сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Суретте берілген пайдалы қазбалардың қандай қасиеттері бар? Олардың бұл қасиеттерін не
үшін пайдаланады? Кестені толтыр.
Пайдалы қазба түрі Қасиеті Қолданылу аясы
ГРАНИТ
САЗ
Дескриптор
Білім алушы
-пайдалы қазбалардың қасиеттерін атайды;
-берілген пайдалы қазбалардың қолданылу аясын сипаттайды.
21
Бөлімше: 3.1 Заттардың типтері
Оқу мақсаты 4.3.1.2 Құрылған эксперимент жоспарына сәйкес жаңа зат
алу
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Эксперимент нәтижесінде жаңа зат алады және
сипаттайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
1-тапсырма
а) Берілген нұсқаулық бойынша эксперимент жаса.
Қажетті заттар: ескі журналдың беті немесе қатты қағаз, кафель плиткасы, сіріңке
1. Қағазды умаждап алып, кафельдің үстіне қой.
2. Сіріңкені тұтатып, қағазды жақ.
3. Қағаздың толық жанып кетуін күт.
4. Суығанша біраз күте тұр.
5. Суыған соң пайда болған затты ұстап көр.
6. Эксперимент нәтижесінде алынған затты сипатта. Қағаздың орнында не пайда болды?
b ) Жүргізілген экспериметтің нәтижесіне сәйкес қорытынды жаса.
• Не байқадың? Бастапқыда қағаз қандай еді?
• Қазір қалай өзгерді?
• Қағаздың бастапқы қасиеті өзгерді ме?

2-тапсырма
«Шырышты қоспа» ойыншығы
а) Берілген нұсқаулық бойынша тәжірибе жаса. Қажетті заттар:ПВА желімі, тағамдық
бояулар, крахмал ұнтағы, шай қасық, целлофан қалташа, ыстық және салқын су
Орындау жоспары:
1) Стақанға бір шай қасық крахмал ұнтағын сал. Үстіне аздаған су
құйып, қоймалжың сұйықтық болғанша жақсылап араластыр.
Содан соң үстінен ыстық су құя отырып, тағы араластыр.
2) Қалташаға стақанның
1
4 бөлігіндей болатын ПВА желімін
құйып, жақсылап араластыр.
22
3) Содан соң қалташаға бірнеше тамшы тағамдық бояу қосып, тағы
араластыр (қалташаны сыртынан мыжғылауға да болады)
4)Қалташаға алдында дайындалған крахмалды қоймалжың
сұйықтықты құйып, бәрін тағы араластыр.
b ) Т әжірибенің нәтижесінде пайда болған затты сипаттап айт.
Бұл ойыншықты балалар қалай қолданады?
Дескриптор
Білім алушы
-жоспар бойынша эксперимент жүргізеді;
-эксперимент нәтижесінде алынған жаңа затты сипаттайды.
Бөлімше: 3.2 Ауа
Оқу мақсаты 4.3.2.1 Адам тіршілігінің түрлі салаларында ауаны қолдану
жолдарын анықтау
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Қасиеттеріне қарай ауаның қолданысын анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Кестеде ауаның қасиеттері берілген. Ауаның бұл қасиеттерін адам қалай пайдаланады?
Кестені толтыр.
Ауаны қасиеті Қолданылуы
Ауа қозғалады.
Ауа орын алады.
Ауа жылуды сақтайды.
Ауа жануды қолдайды.
Ауа орын ауыстырады.
Ауа сығылады және серпіледі.
Дескриптор
Білім алушы
- қасиеттеріне қарай ауаның қолданылу жолдарын сипаттайды.
23
Бөлімше: 3.2 Ауа
Оқу мақсаты 4.3.2.3 Ауа тазалығын сақтау жолдарын және оны тазарту
шараларын ұсыну
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Ауаны ластанудан сақтау және тазарту жолдарын
ұсынады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Суретте адамның кейбір әрекеттерінің ауаның ластануына тигізетін әсері бейнеленген.
Суретке сүйеніп ауаның ластану көздерін ата.
• Ауаның тазалығын сақтау және оны тазарту үшін адамдар не істеуі керек? Ауаның
тазалығын сақтау немесе оны тазарту жолдарын ұсын.
Дескриптор
Білім алушы
-ауаның ластану көздерін атайды;
-ауаны тазарту және сақтау жолдарын ұсынады.
24
Бөлімше: 3.2 Ауа
Оқу мақсаты 4.3.2.4 Ауаның табиғаттағы орын ауыстыру процесін
түсіндіру
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Желдің пайда болу себебін түсіндіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Суретте жер бетіндегі ауаның қозғалысы бейнеленген. Сурет пен сұрақтарды пайдаланып,
ауаның орын ауыстыруының нәтижесін сипаттап, түсіндір.
- Жылы ауа қайдан пайда болады?
- Суық ауа қайдан пайда болады?
- Жылы және суық ауа қай бағытта қозғалады?
- Оның нәтижесінде не пайда болады?
- Бұл ауаның қандай қасиеттерін сипаттайды?
Дескриптор
Білім алушы
- желдің пайда болу үдерісін түсіндіреді.
25
Бөлімше: 3.2 Ауа
Оқу мақсаты 4.3.2.5 Желдің пайдасы мен зияны туралы мысал
келтіру
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Желдің пайдасы мен зияны туралы әңгімелейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Суреттегі құбылыс желдің пайдасын сипаттай ма, әлде зиянын сипаттай ма? Неліктен?
Түсіндір.
.
Желдің қандай пайдасы және қандай зияны бар? Жұпта талқыла. Желдің пайдасы мен
зиянына бірнеше мысал келтіріп жаз.
Желдің пайдасы Желдің зияны
Дескриптор
Білім алушы
-суреттегі құбылыстың маңыздылығын сипаттайды;
-желдің пайдасына мысал келтіреді;
- желдің зиянына мысал келтіреді.
26
Бөлімше: 3.3 Су
Оқу мақсаты 4.3.3.1 Табиғаттағы су айналымын сипаттау
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Табиғаттағы су айналымы үдерісін түсіндіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Суретте табиғаттағы су айналымы үдерісі бейнеленген. Суретке сүйеніп, табиғаттағы су
айналымының қалай жүретінін түсіндір.
Дескриптор
Білім алушы
-табиғаттағы су айналымы үдерісін сипаттайды.
27
Бөлімше: 3.3 Су
Оқу мақсаты 4.3.3.2 Атмосферада жауын-шашын түзілу
процесін сипаттау
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Жауын-шашынның түзілу үдерісін түсіндіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Берілген сілтеме бойынша жаңбырдың қалай пайда болатынын бақыла.
https://youtu.be/InX_57Ova6A
Бейнематериалдың мазмұны мен суреттер арқылы жаңбырдың пайда болу үдерісін түсіндір.
• Жұпта жаңбырдың пайдасы туралы ой бөліс.
Дескриптор Білім алушы
-жаңбырдың пайда болу үдерісін сипаттайды;
- жаңбырдың тіршілікке пайдасын түсіндіреді.
28
Бөлімше: 3.3 Су
Оқу мақсаты 4.3.3.3 Cудың ластану көздерін анықтау
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Судың ластану көздерін сипаттайды
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма
Суреттерге сүйеніп, судың ластану себептері туралы әңгімеле.
• Судың ластануына тағы қандай себептер әсер етуі мүмкін? Мысалдар келтір.
Дескриптор
Білім алушы
-сурет бойынша судың ластану себептерін
сипаттайды;
-судың ластану көздеріне қосымша мысал келтіреді.
29
Бөлімше: 3.3 Су
Оқу мақсаты 4.3.3.4 Cудың ластануының түрлі ағзаларға әсерін
түсіндіру
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Лас судың тірі ағзаларға тигізетін әсерін сипаттайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Лас су түрлі ағзаларға қалай әсер етеді?
Суреттерді пайдаланып «Лас судың салдары» тақырыбына постер жаса. Жұпта әңгімеле.
Дескриптор
Білім алушы
- тақырыпқа сәйкес постер құрастырады;
- лас судың тірі ағзаларға тигізетін кері әсерін сипаттайды.
30
Бөлімше: 3.3 Су
Оқу мақсаты 4.3.3.5 Түрлі заттардың судағы ерігіштігін зерттеу
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Суда еритін және ерімейтін заттарды анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Суреттерге мұқият қара. Бұл заттардың қайсысы суда ериді? Берілген нұсқаулық бойынша
эксперимент жасап, дәлелде.
ағаш жаңқасы
саз
топырақ
қант
қағаз
бор
Нұсқаулық:
Бірдей алты стақан, су және суретте көрсетілген заттарды дайындап ал. Стақандарды
нөмірле.
1. Суды стақандарға бөліп құй.
2. №1 стақанға ағаш жаңқасын сал.
3. №2 стақанға қантты сал.
4. №3 стақанға қағазды сал.
5. №4 стақанға борды сал.
6. №5 стақанға сазды сал.
7. №6 стақанға топырақты сал.
8. Барлық стақандардағы суды араластыр.
9. Не байқадың? Қай стақандағы заттар суда еріп кетті? Қайсысы еріген жоқ?
• Суға салғанда еритін тағы қандай заттарды білесің? Мысал келтір.
Дескриптор
Білім алушы
-суда еритін заттарды анықтайды;
-суда ерімейтін заттарды атайды;
- суда еритін заттарға мысал келтіреді.
31
Бөлімше: 1.2 Табиғатты тану әдістері
Оқу мақсаты 4.1.2.2 Алынған нәтижені білім алушы таңдаған формада
ұсыну
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Тәжірибе нәтижесін өзі таңдаған формада көрсетеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Түрлі заттардың судағы ерігіштігіне қатысты жасалған әжірибенің нәтижесін өзің қалаған
формада жазып көрсет.
1. Кесте түрінде:
заттың атауы суда ериді суда ерімейді
2. График түрінде
3. Диаграмма түрінде
Дескриптор
Білім алушы
- нұсқаулыққа сәйкес тәжірибе жасайды;
- тәжірибе нәтижесін өзі қалаған формада ұсынады.
32
3-ТОҚСАН
Бөлім: Табиғат физикасы
Бөлімше: 5.2 Жарық
Оқу мақсаты 4.5.2.1 Көлеңкенің кедергі өлшеміне және жарық көзінен
кедергіге дейінгі қашықтыққа тәуелділігін зерттеу
және түсіндіру
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Көлеңкенің өлшеміне әсер ететін факторларды атайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Суреттерге мұқият қарап, сұрақтардың көмегімен көлеңкенің мөлшерін зерделе.
Тәжірибе барысы:
Көлемі бірдей 3 ойыншық алып, оларды жарық көзінен әртүрлі қашықтықта орналастырды.
• Әр ойыншық жарық көзінен қандай қашықтықта орналасқан?
• Көлеңкенің мөлшері қалай өзгерген?
• Көлеңке мөлшерінің өзгеруі неге байланысты деп ойлайсың?
• Не байқадың? Сөйлемдерді толықтырып айт.
- Егер зат жарық көзіне жақын орналасса, онда көлеңкесі ________________ болады.
- Егер зат жарық көзінен алыс орналасса, онда көлеңкесі ________________ болады.
Дескриптор
Білім алушы
- көлеңке өлшемінің жарық көзіне қатысты өзгеру себептерін
түсіндіреді.
33
Бөлімше: 5.2 Жарық
Оқу мақсаты 4.5.2.2 Жарықтың шағылуы, жұтылуы сияқты қасиеттерін
зерттеу және түсіндіру
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Жарықтың шағылу және жұтылу қасиеттерін
түсіндіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Айналаңдағы тек бір ғана түстегі заттарды ата. Айналаңда тағы қандай түсті заттар бар?
Заттар неліктен әртүрлі түсті болып көрінеді? Берілген сызбаға сүйеніп заттардың әр түсті
болып көріну себебін түсіндіріп көр.
Дескриптор
Білім алушы
- жарықтың шағылу қасиетін түсіндіреді;
-жарықтың жұтылу қасиетін сипаттайды.
34
Бөлімше: 5.3 Дыбыс
Оқу мақсаты 4.5.3.1 Белгілі бір кедергілердің дыбыстың қаттылығы мен
таралуына әсерін зерттеу және түсіндіру
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Кедергінің дыбыстың таралуы мен қаттылығына әсерін
сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Дыбыстың кедергі арқылы таралуына қатысты тәжірибелер жаса. Тәжірибенің нәтижесін
түсіндір.
а) 1-тәжірибе:
Жаңғырық қайда кетті?
Қажетті заттар: бос шыны ыдыс (аквариум, банка т.б), әр түрлі қолда бар заттар (мата
қиындылары, ағаш бұтақтары, құрғақ жапырақтар т.б)
Тәжірибе барысы:
Алдымен басыңды бос ыдыстың ернеуіне қарай жақындатып, қандай да бір дыбыс
шығар (сөз айт/дыбыста/ысқыр т.б). Жаңғырық естіле ме?
Содан соң сол ыдыстың ішіне дайындап қойған заттардың біреуін салып, дыбысты
қайталап айт. Жаңғырық естілді ме? Неліктен?
b) 2-тәжірибе:
Сиқырлы қорап
Қажетті заттар: бірдей көлемдегі ішіне әртүрлі ұсақ заттар (тиын, түйме, моншақ,
бұршақ, күріш, бидай т.б) салынған бірнеше қорап және сондай көлемдегі іші пороллонмен
қапталған бір қорап.
Тәжірибе барысы:
Қорапшаны ашпай, сілку арқылы оның ішіндегі дыбыстарды анықта. Қандай
дыбыстар (қатты, бәсең) естіледі? Олар ненің дыбысы болуы мүмкін? Неліктен бір
қорапты сілкіген кезде дыбыс естілмейді деп ойлайсың?
Қораптарды ашып қара. Дыбыс естілмейтін қораптың құпиясын түсіндір.
1)
Дескриптор
Білім алушы
-нұсқаулыққа сәйкес тәжірибе жасайды;
-дыбыстың қаттылығы мен таралуына әсер ететін себептерді
атайды.
35
Бөлімше: 5.4 Жылу
Оқу мақсаты 4.5.4.1 Түрлі материалдардың жылуөткізгіштігін зерттеу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Жылуөткізгіштік қасиеті бар материалдарды анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мұғалімнің бақылауымен тәжірибе жаса және кестені толтыр.
а) Ыстық су құйылған үш ыдысқа ағаш, шыны, темір таяқшаларды 5 минутқа салып қой. Әр
затты ұстап тұр. Кестені толтыр.
Заттар Жылуды
өткізбейді
Жылуөткізгіштігі
төмен
Жылуөткізгіштігі
жақсы
Шыны
Ағаш
Темір
b) Бірдей көлемдегі мұз текшелерін дайындап ал. Олардың әрқайсысын жеке-жеке
аллюминий фольгамен, мақтамен және қағазбен орап, біраз уақытқа қой. Қандай
материалмен оралған мұз текшесі қатты ерімеген?
Тәжірибе нәтижесіне сүйеніп, фольга, мақта және қағаздың қайсысы жылуды аз
өткізетіндігін анықта (мұздың көлемі арқылы анықтауға болады)
Дескриптор
Білім алушы
-нұсқаулыққа сәйкес эксперимент жүргізеді;
- жылуөткізгіштік қасиеті бар заттарды анықтайды.
36
Бөлімше: 5.5 Электрлік
Оқу мақсаты 4.5.5.1 Түрлі материалдардың электрөткізгіштігін
зерттеу
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Электрөткізгіштік қасиеті бар заттарды анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
а) Төменде көрсетілген заттардың қайсысы электр тогын өткізеді? Әр заттың тұсындағы бір
дөңгелекті боя.
37
b) Оқушы пластмасса сызғыш пен аллюминий қасықтың электрөткізгіштігін қарапайым
құралмен тексеріп көрді.Суреттердің көмегімен сұрақтарға жауап бер.
1. Қай зат электр тоғын өткізеді екен?
2. Оны қалай білуге болады?
3. Электр тогын өткізетін тағы қандай заттарды білесің? Мысал келтір.
Дескриптор
Білім алушы
-электр тогын өткізетін заттарды анықтайды;
- электр тогын өткізетін заттарға мысал келтіреді.
38
Бөлім: Заттар және олардың қасиеттері
Бөлімше: 3.4 Табиғат ресурстары
Оқу мақсаты 4.3.4.1 Кейбір пайдалы қазбалардың (бор, тұз, әктас, саз,
мұнай, гранит, көмір, табиғи газ) қолданылу саласын
анықтау
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Пайдалы қазбалардың қолданылу саласын сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Суретте көрсетілген пайдалы қазбаларды ата. Олар қайда қолданылады? Кестені толтыр.
Пайдалы қазбаның атауы Қолданылуы
Дескриптор
Білім алушы
- пайдалы қазбаларды атайды;
-пайдалы қазбалардың қолданылу салаларын сипаттайды.
39
4-ТОҚСАН
Бөлім: Жер және ғарыш
Бөлімше: 4.1 Жер
Оқу мақсаты 4.4.1.1 Жер бетінің ірі элементтерін атау және сипаттау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Жер бедерінің түрлерін атайды және ерекшелігін
сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Суретте қандай жер бедерлері бейнеленген? Атауын жаз.
_____________________________ ______________________________
• Олардың қандай ерекшелігі бар. Сипаттап айт.
Дескриптор
Білім алушы
-жер бедерінің түрлерін атайды;
-жер бедері түрлерінің ерекшеліктерін сипаттайды.
40
Бөлімше: 4.2 Ғарыш
Оқу мақсаты 4.4.2.1 Жекелеген ғарыш денелерін сипаттау
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Кіші ғарыш денелерін сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Суретте кіші ғарыш денелері бейнеленген. Түрлі дереккөздерден олар туралы ақпарат жинақта.
Суреттер мен жинақталған ақпараттарға сүйеніп, аспан денелерін сипаттап айт. Олардың бір-
бірінен қандай айырмашылығы бар?
комета
астеройд
метеорит
Дескриптор
Білім алушы
- кіші ғарыш денелерін сипаттайды;
- олардың айырмашылығын түсіндіреді.
41
Бөлімше: 4.2 Ғарыш
Оқу мақсаты 4.4.2.2 Жердегі тіршілікке ғарыштың әсерін анықтау
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Ғарыштық денелердің Жер бетіндегі тіршілікке әсерін
түсіндіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Суреттерге сүйеніп ғарыштың Жер бетіндегі тіршілікке тигізетін әсері туралы әңгімеле.
Қосымша дереккөздерді қолданып, постер жаса және таныстыр.
Дескриптор
Білім алушы
- ғарыштың Жердегі тіршілікке әсері туралы әңгімелейді.
42
Бөлімше: 4.3 Кеңістік және уақыт
Оқу мақсаты 4.4.3.1 Жердің орбиталық айналуының салдарын түсіндіру
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Жыл мезгілдерінің ауысу себебін түсіндіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Суретке мұқият қара. Жыл мезгілдерінің ауысуы неге байланысты? Түсіндір.
Дескриптор
Білім алушы
-жыл мезгілдерінің ауысу себебін сипаттайды.
43
Бөлімше: 1.2 Табиғатты тану әдістері
Оқу мақсаты 4.1.2.2 Алынған нәтижені білім алушы таңдаған формада
ұсыну
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Тәжірибе нәтижесін өзі таңдаған формада көрсетеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Берілген нұсқаулық бойынша тәжірибе жаса.
1.Екі мөлдір стақан дайындап ал.
2. Әрқайсысына бірдей деңгейде су құйып қой.
3. Судың деңгейін маркермен белгіле.
4. Екеуін де күн түсетін жерге қой.
5. Бір стақанның үстін қақпақпен жап, екіншісін ашық қалдыр.
6. Үш күннен соң екі стақанның ішіндегі судың деңгейін өлше.
• Не байқадың? Оның себебі неде?
• Жасаған тәжірибеңнің нәтижесін өзің қалаған формада жазып көрсет.
Дескриптор
Білім алушы
-нұсқаулыққа сәйкес тәжірибе жасайды;
- тәжірибе нәтижесін өзі қалаған формада ұсынады.
44
Бөлім: Табиғат физикасы
Бөлімше: 5.1 Күш және қозғалыс
Оқу мақсаты 4.5.1.1 Архимед күшін сипаттау және оның
білінуіне мысал келтіру
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Архимед күшін түсіндіреді және мысалдар келтіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Жүргізілген тәжірибе нәтижесіне сүйеніп, сұрақтарға жауап бер.
а) Темір серіппеге цилиндрді іліп, серіппенің созылу көрсеткіші жазып алынды
(а сурет)
b) Содан соң осы цилиндрді суы бар ыдысқа салды. Серіппенің созылу көрсеткіші
кеміді. Неліктен? (б сурет)
с) Шелектегі су cыртқа ыдысқа төгілді. Неліктен?
d) Төгілген судың көлемі цилиндрдің көлеміне тең болып шықты. Неліктен?
➢ Бұл үдеріс қандай күштің әсерінен болады? Осы күшке бірнеше мысал келтір.
Дескриптор
Білім алушы
- тәжірибе нәтижесін түсіндіреді;
- архимед күшін атайды және мысал келтіреді
45
Бөлімше: 5.1 Күш және қозғалыс
Оқу мақсаты 4.5.1.2 Судағы әртүрлі денелерге әсер ететін Архимед күшін
бақылау және болжау
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Архимед күшінің судағы денелерге әсерін болжайды
және түсіндіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Берілген нұсқаулық бойынша болжам жаса. Нұсқаулық бойынша тәжірибе жаса және
нәтижесін түсіндір.
Тәжірибе барысы Болжам
(суға
батады/батпайды)
Зерттеу
нәтижесі
Қорытынды
1) Су құйылған ыдысқа
жұмыртқа/картоп/апельсин
салу
2)Тұзды су құйылған
ыдысқа жұмыртқа/ картоп/
апельсин салу
3) Шыны ыдысқа май
қосылған су құйып, оған
мұз, шеге, шөлмектің
тығынын салу.
а) мұз -
b) шеге -
c) тығын -
4) Күріш/қарақұмық/бидай
т.б дәнді дақылдар
салынған шыны ыдысқа
теннис добын салып,
ыдысты төңкеріп, ақырын
сілкіп араластыру.
Дескриптор
Білім алушы
- тәжірибе нәтижесіне болжам жасайды;
- нұқсаулыққа сәйкес тәжірибе жасайды;
- тәжірибе нәтижесін сипаттайды және түсіндіреді.

Комментарии: