ТЖБ КЖБ «Әдебиеттік оқу» пәнінен қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы 4-сынып
«Әдебиеттік оқу» пәнінен
қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы
4-сынып
Нұр-Сұлтан, 2019
1
Құрметті мұғалім!
Аталған тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге
көмек құралы ретінде құрастырылды. Бұл мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі.
Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды
өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, оқу
мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып
табылады.
Жинақтың ұсынылған сипаты сізге білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін есепке
ала отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуіңізге, бейімдеуіңізге
мүмкіндік береді.
Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.),
форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері»
ДББҰ smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз.
Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!
Жинақ бастауыш мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша
өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио
материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық
емес мақсатта құрастырылған.
2
МАЗМҰНЫ
І ТОҚСАН ........................................................................................................................................... 3
Бөлім: Тыңдалым және айтылым ................................................................................................. 3
Бөлім: Оқылым .............................................................................................................................. 5
Бөлім: Жазылым .......................................................................................................................... 12
ІІ тоқсан ............................................................................................................................................. 14
Бөлім: Тыңдалым және айтылым ............................................................................................... 14
Бөлім: Оқылым ............................................................................................................................ 17
Бөлім: Жазылым .......................................................................................................................... 22
ІІІ тоқсан ........................................................................................................................................... 23
Бөлім: Тыңдалым және айтылым ............................................................................................... 23
Бөлім: Оқылым ............................................................................................................................ 26
Бөлім: Жазылым .......................................................................................................................... 31
ІV тоқсан ........................................................................................................................................... 33
Бөлім: Тыңдалым және айтылым ............................................................................................... 33
Бөлім: Оқылым ............................................................................................................................ 35
Бөлім: Жазылым .......................................................................................................................... 38
3
І ТОҚСАН
Бөлім: Тыңдалым және айтылым
Бөлімше 1.1 Шығарманың мазмұнын түсіну
Оқу мақсаты 4.1.1.1 Шығарманың мазмұнын толық түсіну, кейбір
тұстарын нақтылау, оқиғаның себеп-салдарын
анықтау үшін сұрақтар қою және жауап беру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап
береді
• Шығарманың мазмұнына қатысты нақтылау
сұрақтарын қояды
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма
Берілген диалогті мұқият тыңда. Тапсырмаларды орында.
• Сұрақтарға жауап бер.
➢ Аружан достарына өз елін қалай таныстырды?
➢ Қазақ халқы «қонақжай халық» дегенді қалай түсіндіресің?
• Жұптық жұмыс
Кестеге мәтін бойынша екі сұрақ құрастырып жаз. Кестені жұбыңмен алмастырып, оның
қойған сұрақтарына жауап жаз.
Сұрақ Жауап
Дескриптор Білім алушы
- кейіпкердің өз елі туралы айтқан пікірін толық баяндайды;
- берілген сөз тіркесінің мағынасын түсіндіреді;
- мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады;
- мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді
4
Бөлімше 1.3 Шығармадағы оқиғаны болжау
Оқу мақсаты 4.1.3.1 Шығарманың тақырыбы және
қорытынды бөлімі негізінде сюжеттің
дамуын болжау, оның себебін түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіннің тақырыбы мен соңғы бөлімі
бойынша оқиғаны болжайды және негіздейді
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма
«Біздің Отанымыз – Қазақстан» тақырыбына берілген диалогтің соңғы бөлімін мұқият
тыңда. Бұл кімдердің арасындағы диалог болуы мүмкін? Олар бұл диалогте не туралы
әңгімелесті деп ойлайсың?
• Диалогтің тақырыбы мен соңғы бөліміне сүйеніп, мәтіннің мазмұнына болжам жаса. Өз
болжамыңды негіздеп, түсіндір.
Дескриптор Білім алушы
- мәтіндегі сюжеттің мазмұнына сәйкес болжам
жасайды;
- өз болжамын негіздеп, дәлелді пікір айтады.
5
Бөлім: Оқылым
Бөлімше 2.1 Оқу түрлерін қолдану
Оқу мақсаты 4.2.1.1 Шығарманы дауыстап, түсініп, рөлге бөліп,
мәнерлеп оқу, теріп оқу, шапшаң оқу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтінді түсініп, рөлге бөліп оқиды
• Мәтіннен қажетті ақпараттарды табады
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма
Мәтінді рөлге бөліп оқы.
• Мәтіннің кейіпкерлері не туралы әңгімелесті?
• Мәтін кейіпкерлеріне тән қасиеттерді анықтап, теріп жаз.
Әділет Досан
Дескриптор Білім алушы
- мәтінді өз рөлін сақтап, мәнерлеп оқиды;
- мәтіннің мазмұнына қатысты сұраққа жауап береді;
- кейіпкерлердің бойындағы қасиеттерді анықтайды.
6
Бөлімше 2.2 Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру
Оқу мақсаты 4.2.2.1 Шығарманы қайта құруға, интерпретациялауға
және бағалауға негізделген сұрақтар қою және
жауап беру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтін бойынша түсіндіру, бағалау сұрақтарын
құрастырады және жауап береді
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мысалды түсініп оқы.
• Мәтін мазмұны бойынша «неліктен?», «.... себебі неде?», «... туралы ойыңыз қандай?»
т.б тіркестерді қолданып, түсіндіруге, бағалауға бағытталған сұрақтар құрастыр және
жауап бер.
Сұрақ Жауап
Дескриптор Білім алушы
- мәтін мазмұны бойынша түсіндіруге/ бағалауға бағытталған
сұрақтар құрастырады;
- сұрақтарға толық жауап береді.
7
Бөлімше 2.3 Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау
Оқу мақсаты 4.2.3.1 Шығарманың тақырыбын және негізгі ойды
анықтау, автордың ойын мәтін деректерінен
келтіре отырып дәлелдеу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіннің негізгі ойын анықтап, тақырып қояды
• Автордың ойына мәтіннен дәлелдер келтіреді
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мысалды түсініп оқы. Тапсырмаларды орында.
• Мысал арқылы автор не айтқысы келді деп ойлайсың?
• Мәтіннен негізгі ойды білдіретін сөйлемді тауып, дәлелде.
• Мәтінге тақырып қой.
Дескриптор
Білім алушы
- мәтіндегі негізгі ойды тұжырымдайды;
- мәтіннен негізгі ойды білдіретін тұсты тауып, негіздейді;
- мәтінге тақырып қояды.
8
Бөлімше 2.4 Әдеби шығарманың жанрын анықтау
Оқу мақсаты 4.2.4.1 Аңыз, шешендік сөз, батырлар жыры,
фантастикалық әңгімелердің жанрлық
ерекшеліктерін анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Ерекшеліктері бойынша мәтіннің жанрын
анықтайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
Мәтіннің үзіндісін түсініп оқы.
• Мәтіннің жанрын анықтап, белгіле ().
• Оны қандай ерекшеліктері арқылы анықтауға болады? Түсіндір.
Дескриптор Білім алушы
- мәтіннің жанрын анықтайды;
- мәтіннің жанрлық ерекшеліктерін сипаттайды.
фантастика аңыз шешендік сөз батырлар жыры
9
Бөлімше 2.6 Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау
Оқу мақсаты 4.2.6.1 Кейіпкердің, кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-
құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып,
салыстырып бағалау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Кейіпкердің бойындағы, іс-әрекетіндегі
өзгерістерді түсіндіреді
• Мәтіннің кейіпкерлеріне қатысты көзқарасын
білдіреді
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы. Сұрақтарға жауап бер.
• Бастапқыда қарлығаштар неліктен мазасыздана ұшты?
• Олардың кейіннен тынышталуына не себеп болды?
• Балалардың жасаған әрекетіне сәйкес жауапты белгіле
10
А) жауапкершілік
В) еңбекқорлық
С) қамқорлық
D) батылдық
• Балалардың іс-әрекетін қалай бағалар едің? Ойыңды дәлелде.
Дескриптор Білім алушы
- мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;
- қарлығаштардың іс-әрекетіндегі өзгерістерді түсіндіреді;
- балалардың әрекетіне қатысты пікір білдіріп, негіздейді.
11
Бөлімше 2.7 Әдеби көркемдеуіш құралдардың қолданысын анықтау
Оқу мақсаты 4.2.7.1 Шығармадан әдеби көркемдегіш құралдарды
(теңеу, кейіптеу, эпитет, аллитерация, әсірелеу)
табу және оларды қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіннен теңеу/ кейіптеу/ эпитет сөздерді
анықтайды
• Сөйлеу барысында көркем сөздерді қолданады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы. Тапсырмаларды орында.
• Мәтіннен көркемдегіш сөздерді тауып, кестеге жаз.
теңеу кейіптеу эпитет
• Теңеу сөздерді қолданып сөйлем құрап жаз.
Дескриптор
Білім алушы
- мәтіннен теңеу сөздерді табады:
- мәтіннен кейіптеу сөздерді табады;
- мәтіннен эпитет сөздерді табады;
-теңеу сөздерді мағынасына сәйкес қолданып, сөйлем
құрастырады.
12
Бөлім: Жазылым
Бөлімше 3.2 Шығарманың түрлі жанры бойынша шығармашылық жұмыс
жазу
Оқу мақсаты 4.3.2.1 Таныс мәтінге жаңа кейіпкерлер қосу, жаңа
сюжеттер енгізу, өлең (төрт жолды) жазу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтінді жаңа кейіпкерлер/ оқиғалар қосу арқылы
өрбітіп жазады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Мәтіннің үзіндісін түсініп оқы.
• Мәтінге басқа кейіпкерлерді қосып, оқиғаны аяқтап жаз.
Дескриптор
Білім алушы
- мәтінге жаңа кейіпкерлер мен оқиғалар қосып,
жетілдіреді;
- оқиғалардың логикалық байланысын сақтайды;
- каллиграфиялық талаптарды сақтай отырып, ұқыпты
жазады.
13
Бөлімше 3. 4 Қатені табу және түзету
Оқу мақсаты 4.3.4.1 Мұғалімнің көмегімен шығарманың құрылымын,
стилін жетілдіру, өз бетінше сын тұрғысынан
бағалау және лексикалық, орфографиялық,
пунктуациялық қателерді тауып түзету
Бағалау критерийі Білім алушы
• Құрылымы қате берілген мәтінді қалыптастырып
жазады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтін бөліктерінің ретін анықтап, 1,2,3,4 цифрларымен белгілеп көрсет. Мәтіннің соңғы бөлімін
көшіріп жаз.
Дескриптор
Білім алушы
- мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтайды;
- каллиграфиялық нормаларды сақтап жазады.
Қоңыр күз. Күн көзі көрінгенімен, ауа салқын. Есік алдындағы жиде әбден
піскен. Көрші үйдегі әжей кішкентай Нұргүлді шақырды.
Жиде ағашының қол жетер жеріндегі өнімін екеулеп әп-сәтте теріп алды. Содан
соң әжей жиде ағашын қолымен сілкіп-сілкіп қалып еді, жоғарғы жақтаға
жиделер жерге топ-топ етіп түсе бастады.
– Келе ғой, Нұргүл. Жидені теріс. Бір өзім үлгере алар емеспін. Биыл өте көп
салыпты – деп, Нұргүлді демде-ақ жанына үйіріп алды.
– Жарайды, әже. Көмектесемін – деп Нұргүл үлкен тостаққа жидені теріп сала
бастады.
14
ІІ ТОҚСАН
Бөлім: Тыңдалым және айтылым
Бөлімше 1.2 Шығарманы мазмұндау
Оқу мақсаты 4.1.2.1*Шығарма мазмұнын түрлі баяндау тәсілдерін
(І немесе ІІІ жаққа өзгертіп, жағдаяттар қосып,
оқиғаларды өрбітіп) қолданып, шығарманы
қысқаша, толық, ішінара мазмұндау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Шығарманы өрбітіп, толық мазмұндайды
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда.
• Киіз үй туралы тағы не білесің? Өзің білетін ақпаратты мәтіннің мазмұнына қоса
отырып, әңгімеле.
Дескриптор
Білім алушы
- мәтіннің мазмұнын толықтырып әңгімелейді;
- жеткілікті сөздік қорын көрсетеді;
- қосымша ақпаратты мәтінмен жүйелі байланыстырады.
15
Бөлімше 1.3 Шығармадағы оқиғаны болжау
Оқу мақсаты 4.1.3.1 Шығарманың тақырыбы және қорытынды
бөлімі негізінде сюжеттің дамуын болжау, оның
себебін түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіннің тақырыбы мен бөлімі бойынша оқиғаны
болжайды және негіздейді
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда.
• Арманына жету үшін Айгүл не істеді деп ойлайсың? Берілген үзінді мен мәтіннің
тақырыбына сүйеніп, оқиғаның желісі туралы болжам жаса. Себебін түсіндір.
Дескриптор
Білім алушы
- мәтіннің мазмұны мен тақырыпқа сәйкес болжам жасайды
және
негіздейді;
- оқиғаны мәтінмен жүйелі байланыстырады;
- ойын еркін жеткізеді;
- сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.
16
Бөлімше 1.5 Тыңдалған шығарма бойынша пікір білдіру
Оқу мақсаты 4.1.5.1 Өз ойын, сезімін, көзқарасын өмірде болған /өзге
шығармадағы ұқсас оқиғалармен салыстыра
отырып білдіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Өз ойын өмірмен байланыстыра отырып
баяндайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
«Мамандықтың бәрі жақсы» мәтінінен берілген үзіндіні мұқият тыңда. Автордың
ойына сен тағы қандай ой қосар едің? Мәтінге сүйеніп айтылған пікірдің дұрыстығына
нақты дәлелдер келтір.
Дескриптор
Білім алушы
- мәтінде айтылған ойға қатысты пікірін білдіреді;
- өз ойына нақты дәлелдер келтіреді;
- өз ойын жүйелі жеткізеді.
Өмірде барлығымыз бірдей құтқарушы, мұғалім, ұшқыш бола алмаймыз. Әр адам
өз қалауы бойынша мамандық таңдайды. Біздің таңдауымыз да әртүрлі. Біреуің ертең
ақын, екіншің инженер, үшіншің құрылысшы боласың. Жаман мамандық жоқ.
Мамандықтың бәрі жақсы.
17
Бөлім: Оқылым
Бөлімше 2.1 Оқу түрлерін қолдану
Оқу мақсаты 4.2.1.2*Шығарманы іштей көз жүгіртіп, шолып, түртіп
алып, сұрақтар қоя отырып, қажетті ақпаратты
тауып, белгі қойып оқу, талдау жасап оқу, сын
тұрғысынан бағалап оқу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіннен қажетті ақпараттарды тауып оқиды
• Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар қояды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы.
• Мәтінге сүйеніп, кестені толтыр.
Қаланың орны Қаланың көне атаулары Қаладағы ғимараттар Қаланың тарихы
• Қарамен берілген сөз тіркестеріне қатысты мәтін мазмұнына сәйкес сұрақтар
құрастыр. Жұбыңның қойған сұрақтарына жауап бер.
Дескриптор
Білім алушы
- мәтіннен тиісті ақпараттарды анықтайды;
- мәтіннің мазмұнына қатысты сұрақтар қояды;
- сұрақтарға толық жауап береді;
- сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.
Тараз – көне қала. 2000 жылдан артық тарихы бар бұл қала Оңтүстік Қазақстанда
орналасқан. Тараз қаласының Ұлы Жібек жолында орналасуы оның ірі сауда
орталығына және мәдени ошаққа айналуына көмектесті. Таразда сәулет өнерінің
тамаша ескерткіштері бар. Олар – Қарахан, Айша бибі кесенесі, монша. Тараз
моншасы – Орта Азия мен Қазақстандағы ең алғашқы моншалардың бірі. Моншаның
бөлмелері түрлі ою-өрнекпен безендірілген. Қалада сонымен қатар теңге соғатын
ұстаханалар болған. Тараз қаласы бұрын Талас, Әулиеата, Жамбыл деп аталған.
Монғол шапқыншылықтары Тараз қаласына үлкен зиянын тигізді. Қала қазақ
хандығы кезінде қайта гүлденді.
18
Бөлімше 2.3 Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау
Оқу мақсаты 4.2.3.1 Шығарманың тақырыбын және негізгі ойды
анықтау, автордың ойын мәтін деректерінен
келтіре отырып дәлелдеу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіннің негізгі ойын анықтап, тақырып қояды
• Автордың ойына мәтіннен дәлелдер келтіреді
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы.
• Мәтінге тақырып қой.
• Негізгі ойды анықта.
• Мәтіннен негізгі ойды дәлелдейтін тұсты тауып, белгіле.
Дескриптор
Білім алушы
- мәтінге тақырып қояды;
- мәтіндегі негізгі ойды анықтайды;
- мәтіннен автордың ойын тауып, дәлелдейді.
19
Бөлімше 2.5 Шығарманың композициясын анықтау
Оқу мақсаты 4.2.5.1 Мұғалімнің көмегімен шығарманың
композициялық құрылымын (сюжеттің басталуы,
дамуы, шиеленісуі, шарықтау шегі, шешімі)
анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Оқиғаның композициялық бөліктерін ажыратады
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы. Мәтіннің басын, ортасын және соңын білдіретін бөліктерді тауып, Z
таңбасымен белгілеп көрсет.
• Оқиғаның шешімін көрсететін бөлікті тауып, көшіріп жаз.
Дескриптор
Білім алушы
- мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтайды;
- оқиғаның шешімі болатын бөлікті табады.
20
Бөлімше 2.6 Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау
Оқу мақсаты 4.2.6.1 Кейіпкердің, кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-
құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып,
салыстырып бағалау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Кейіпкердің бойындағы, іс-әрекетіндегі
өзгерістерді түсіндіреді
• Мәтіннің кейіпкерлеріне қатысты көзқарасын
білдіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы.
• Мәтіннен Данагүлдің сөзін теріп оқы. Соған сүйеніп, Данагүлге мінездеме бер.
• Төле бидің қыздарды шақыртуына не себеп болды?
Дескриптор
Білім алушы
- кейіпкердің айтқан сөзіне сүйеніп, мінездеме береді;
- кейіпкердің іс-әрекетінің себебін анықтайды.
21
Бөлімше 2.9 Түрлі дереккөздерден ақпарат алу
Оқу мақсаты 4.2.9.1 Түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты табу,
өңдеу және тұжырым жасау және себеп-
салдарлық байланысын сызба түрінде көрсету
Бағалау критерийі Білім алушы
• Дереккөздерден қажетті ақпараттарды табады
• Ақпараттарды өңдейді, байланысын анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді оқы.
• Қосымша дереккөздерден айтыс түрлері туралы ақпарат жинап, кестеге түсір.
Айтыс түрлері Ерекшелігі
• Олардың байланысын сызба түрінде көрсет.
Дескриптор
Білім алушы
- айтыс түрлерінің ерекшеліктерін ажыратады;
- айтыс түрлерінің байланысын көрсетеді.
Айтыс - қазақтың халық ауыз әдебиетінің үлкен бір саласы. Ол – суырып салма
ақындық өнердің жемісі. Айтыстың бірнеше түрі бар: жұмбақ айтыс, қыз бен жігіт
айтысы. Ақындар айтысы жұрт бас қосқан ойын-сауық, үлкен жиындарда өткен.
Жиылған халық, ақсақалдар сайысқа түскен екі ақынның сөзін сарапқа салып, әділ
төрелік айтқан.
22
Бөлім: Жазылым
Бөлімше 3.1 Шығарманың жоспарын құру
Оқу мақсаты 4.3.1.1 Оқылған шығармадағы оқиға жүйесін анықтап,
оны бөліктерге бөлу, әр бөлікке ат қойып,
жоспар құру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтайды
• Мәтінге ат қойып, жоспар құрады
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы.
• Мәтінді бөліктерге бөл. Әр бөліктің алдына Z таңбасын қой.
• Әр бөлікке тақырып қойып, жоспар құр.
Тақырып Жоспар
Дескриптор
Білім алушы
- мәтінді бөліктерге бөледі;
- әр бөлікке тақырып қояды;
- әр бөлік бойынша жоспар құрады.
Қазақтың М. Әуезов атындағы Академиялық драма театры көрермендерге толы.
Республикалық эстрада студиясын бітірушілер бүгін осында өнер көрсетпек,
соңғы сыннан өтпек. Алдыңғы жақтағы ұзын стол жанында мемлекеттік комиссия
мүшелері.
- «Мавритан биі». Орындайтын Гүлжан Талпақова! - деп хабарланды. Мың
бұралған қыз еркін билеп жүр. Сахнадағы сиқырлы би құдіретінің құшағына
оранғандай көрермен жұрт тым-тырыс. Би аяқталған соң сахна сыртына шыққан
Гүлжанның бірінші көргені аяулы ұстазы, осы биді қойған балетмейстер Элеонора
Николаевна Грикурова болды. Жүзінде күлкі, көзінде жас. Қуаныш жасы.
- Жарайсың! - деп шәкіртінің бетінен сүйді.
23
ІІІ ТОҚСАН
Бөлім: Тыңдалым және айтылым
Бөлімше 1.1 Шығарманың мазмұнын түсіну
Оқу мақсаты 4.1.1.1 Шығарманың мазмұнын толық түсіну, кейбір
тұстарын нақтылау, оқиғаның себеп-салдарын
анықтау үшін сұрақтар қою және жауап беру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап
береді
• Шығарманың мазмұнына қатысты нақтылау
сұрақтарын қояды
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда және сұрақтарға жауап бер.
• Мәтін бойынша «иә» немесе «жоқ» деп жауап беретін сұрақтар құрастыр.
Иә Жоқ
• Жұбыңның қойған сұрақтарына себебін түсіндіре отырып, жазбаша толық жауап бер.
Дескриптор
Білім алушы
- мәтін бойынша нақтылау сұрақтарын құрастырады;
- мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға толық жауап береді.
24
Бөлімше 1.2 Шығарманы мазмұндау
Оқу мақсаты 4.1.2.1* Шығарма мазмұнын түрлі баяндау тәсілдерін
(І немесе ІІІ жаққа өзгертіп, жағдаяттар қосып,
оқиғаларды өрбітіп) қолданып, шығарманы
қысқаша, толық, ішінара мазмұндау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтінді баяндау тәсілін өзгерте отырып,
қысқаша/ толық/ішінара мазмұндайды
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда.
• Мәтіннің мазмұнын ІІІ жаққа өзгертіп, қысқаша мазмұнда.
Дескриптор
Білім алушы
- мәтіннің мазмұнын ІІІ жақта қысқаша баяндайды;
- сөздік қорының молдығын, тіл байлығын көрсетеді;
- тақырыптан ауытқымай, тыңдаған мәтін ізімен әңгімелейді.
25
Бөлімше 1.3 Шығармадағы оқиғаны болжау
Оқу мақсаты 4.1.3.1 Шығарманың тақырыбы және қорытынды
бөлімі негізінде сюжеттің дамуын болжау, оның
себебін түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіннің тақырыбы мен соңғы бөлімі бойынша
оқиғаны болжайды және негіздейді
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма
Мәтіннің басын және қорытынды бөлімін мұқият тыңда.
• Бұл мәтіннің ортаңғы бөлімінде қандай оқиға болуы мүмкін? Неліктен?
Дескриптор
Білім алушы
- ертегідегі оқиғаның дамуына болжам жасайды;
- өз болжамына мәтіннен дәлелдер келтіре отырып, негіздейді;
-ертегінің эпизодтары/үзінділері арасындағы байланысты
сақтайды.
26
Бөлім: Оқылым
Бөлімше 2.1 Оқу түрлерін қолдану
Оқу мақсаты 4.2.1.2*Шығарманы іштей көз жүгіртіп, шолып, түртіп
алып, сұрақтар қоя отырып, қажетті ақпаратты
тауып, белгі қойып оқу, талдау жасап оқу, сын
тұрғысынан бағалап оқу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіннен қажетті ақпараттарды тауып оқиды
• Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар қояды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы. Тапсырмаларды орында.
• Мәтіннен ауа райын сипаттайтын сөйлемдерді белгілеп оқы.
• Мәтінде қандай жануарлар туралы айтылған? Жаз.
• Аңшы таутекені неліктен атпады? Жауабын мәтіннен тауып жаз.
Дескриптор
Білім алушы
- ақпаратты тауып, белгі қояды;
- тиісті ақпаратты тауып жазады.
27
Бөлімше 2.2 Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру
Оқу мақсаты 4.2.2.1 Шығарманы қайта құруға, интерпретациялауға
және бағалауға негізделген сұрақтар қою және
жауап беру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтін бойынша түсіндіру/ бағалаусұрақтарын
құрастырады және жауап береді
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді оқы.
• Мәтіннің мазмұны бойынша бағалауға бағытталған бір сұрақ құрастыр және жауап
бер.
Сұрақ Жауап
Дескриптор
Білім алушы
- мәтін бойынша бағалау сұрақтарын құрастырады;
- қойылған сұрақтарға толық жауап береді.
28
Бөлімше 2.5 Шығарманың композициясын анықтау
Оқу мақсаты 4.2.5.1 Мұғалімнің көмегімен шығарманың
композициялық құрылымын (сюжеттің басталуы,
дамуы, шиеленісуі, шарықтау шегі, шешімі)
анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Оқиғаның композициялық бөліктерін ажыратады
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма
• Мәтінді түсініп оқы. Мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықта. Әр бөліктерінің алдына
таңбасын қой.
• Мәтіннен қандай ой түйдің?
Дескриптор
Білім алушы
- оқиғаның басталған бөлігін анықтайды;
- оқиғаның дамуы сипатталған бөлікті анықтайды;
- оқиғаның шиеленісуін көрсететін бөлікті анықтайды;
- оқиғаның шешімін анықтайды;
- мәтіннің негізгі ойын тұжырымдайды.
29
Бөлімше 2.6 Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау
Оқу мақсаты 4.2.6.1 Кейіпкердің, кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-
құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып,
салыстырып бағалау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Кейіпкердің бойындағы, іс-әрекетіндегі
өзгерістерді түсіндіреді
• Мәтіннің кейіпкерлеріне қатысты көзқарасын
білдіреді
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы. Сұрақтарға жауап бер
1) Түлкінің ашығуына не себеп болды?
2) Түлкінің қу аң екенін қай әрекетінен байқауға болады? Мәтіннен тауып белгіле.
3) Түлкінің іс-әрекеті туралы не айтасың? Неліктен?
Дескриптор
Білім алушы
- түлкінің ашығу себебін сипаттайды;
- түлкінің қулық жасаған әрекетін мәтіннен тауып жазады;
-түлкінің іс-әрекетіне қатысты пікірін айтады және негіздейді.
30
Бөлімше 2.9 Түрлі дереккөздерден ақпарат алу
Оқу мақсаты 4.2.9.1 Түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты табу,
өңдеу және тұжырым жасау және себеп-
салдарлық байланысын сызба түрінде көрсету
Бағалау критерийі Білім алушы
• Дереккөздерден қажетті ақпараттарды іріктейді
• Ақпараттарды өңдейді, байланысын анықтайды
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы.
• Түрлі дереккөздерді пайдаланып, қардың қалай пайда болатынын анықта.
• Қардың пайда болу себебін түсіндір.
Дескриптор
Білім алушы
- дереккөздерден қажетті ақпаратты іріктейді;
- ақпарат негізінде қорытынды жасайды.
31
Бөлім: Жазылым
Бөлімше 3.1 Шығарманың жоспарын құру
Оқу мақсаты 4.3.1.1 Оқылған шығармадағы оқиға жүйесін анықтап,
оны бөліктерге бөлу, әр бөлікке ат қойып,
жоспар құру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтайды
• Мәтінге ат қойып, жоспар құрады
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы.
• Мәтінді бөліктерге бөл. Әр бөлікті қоршап сыз.
• Әр бөлікке ат қойып, жоспар құр.
Тақырып Жоспар
Дескриптор
Білім алушы
- мәтінді бөліктерге бөледі;
- әр бөлікке тақырып қояды;
- әр бөлік бойынша жоспар құрады.
32
Бөлімше 3. 4 Қатені табу және түзету
Оқу мақсаты 4.3.4.1 Мұғалімнің көмегімен шығарманың құрылымын,
стилін жетілдіру, өз бетінше сын тұрғысынан
бағалау және лексикалық, орфографиялық,
пунктуациялық қателерді тауып түзету
Бағалау критерийі Білім алушы
• Құрылымы қате берілген мәтінді қалыптастырып
жазады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Берілген мәтіндегі сөйлемдердің ретін анықтап, үстіне сандармен жазып көрсет.
• Мәтінді қайта қалыптастырып, қатесіз көшіріп жаз.
Дескриптор
Білім алушы
- мәтіндегі сөйлемдердің ретін анықтайды;
-каллиграфиялық талаптарды сақтай отырып, қатесіз
жазады.
33
ІV ТОҚСАН
Бөлім: Тыңдалым және айтылым
Бөлімше 1.2 Шығарманы мазмұндау
Оқу мақсаты 4.1.2.1* Шығарма мазмұнын түрлі баяндау тәсілдерін (І
немесе ІІІ жаққа өзгертіп, жағдаяттар қосып,
оқиғаларды өрбітіп) қолданып, шығарманы
қысқаша, толық, ішінара мазмұндау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Оқиғаларды өрбітіп, мәтінді толықтырып
әңгімелейді
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда.
• Ғарыш туралы тағы не білесің? Тыңдаған мәтінді толықтырып әңгімеле.
Дескриптор
Білім алушы
- мәтінді толықтырып әңгімелейді;
- сөздік қордың молдығын, тіл байлығын көрсетеді;
- тақырыптан ауытқымай, тыңдаған мәтін ізімен әңгімелейді.
34
Бөлімше 1.4 Тыңдарманның назарын аударту
Оқу мақсаты 4.1.4.1 Сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді, өлең
жолдарын, нақыл сөздерді, шешендік сөздерді
және вербалды емес тілдік құралдарды қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Сөйлеу барысында өлең жолдарын/нақыл
сөздерді қолданады
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма
Өлеңді мұқият тыңда.
• Өлеңнің мазмұнын қара сөзбен баянда. Сөйлеу барысында өлең жолдарын, нақыл
сөздерді қолдан.
Дескриптор
Білім алушы
- өлеңді өз сөзімен мазмұндайды;
-сөйлеу барысында өлең жолдарын, нақыл сөздерді қолданады.
35
Бөлім: Оқылым
Бөлімше 2.3 Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау
Оқу мақсаты 4.2.3.1 Шығарманың тақырыбын және негізгі ойды
анықтау, автордың ойын мәтін деректерінен
келтіре отырып дәлелдеу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіннің негізгі ойын анықтап, тақырып қояды
• Автордың ойына мәтіннен дәлелдер келтіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы.
• Мәтіннің негізгі ойына сәйкес келетін мақал-мәтелді белгіле. Автордың айтайын
деген негізгі ойы қандай екенін түсіндір.
• Мәтінге тақырып қой.
Дескриптор
Білім алушы
- мәтіндегі негізгі ойды анықтайды;
- автордың көзқарасын түсіндіреді;
- мәтінге тақырып қояды.
Кішілік пен кісілік – ұлылықтың
белгісі
Жасанды кішіпейілділік – жақсы
қасиет емес.
Жаны жайсаң жақсы адамдармен жақын жүргенге не жетсін! Ондайлармен
жүздесіп, бірге жүрудің өзі мерейіңді өсіреді, көңіліңді көтереді.
Қазақтың тұңғыш ғарышкері Халық қаhарманы Тоқтар Әубәкіровпен бір сәт
жүздесе қалса, кім-кімнің де осындай жақсы ойда болары сөзсіз. Өйткені қазақтың
атағын төрткүл дүниеге танытқан Тоқтар Оңғарбайұлының өн бойынан батырлықпен
бірге кішіпейілділікті, қарапайымдылықты, үлкен адамгершілікті аңғару қиын емес.
Ол кісінің балаша аңқылдаған ақ жүрегін айтсаңшы.
Иә, қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров туралы баспасөз бетінде аз
жазылған жоқ. Аты аңызға айналған оны бесіктегі баладан бастап, еңкейген кәріге
дейін жақсы біледі.
36
Бөлімше 2.6 Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау
Оқу мақсаты 4.2.6.1 Кейіпкердің, кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-
құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып,
салыстырып бағалау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Кейіпкердің бойындағы, іс-әрекетіндегі
өзгерістерді түсіндіреді
• Мәтіннің кейіпкерлеріне қатысты көзқарасын
білдіреді
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Аңызды түсініп оқы.
• Мәтіннен төменде берілген сұрақтарға жауап болатын сөйлемдерді тауып, теріп жаз.
1) Аңызда кейіпкердің ойы қалай сипатталады?
2) Кейіпкердің өз елінен алысқа кетуінің себебі неде?
• Кейіпкердің іс-әрекетіне қатысты сен не айтар едің? Жұпта ойыңмен бөліс.
Дескриптор
Білім алушы
- мәтіннен қажетті ақпараттарды анықтайды;
-мәтін кейіпкеріне қатысты пікірін айтады және негіздейді.
37
Бөлімше 2.9 Түрлі дереккөздерден ақпарат алу
Оқу мақсаты 4.2.9.1 Түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты табу,
өңдеу және тұжырым жасау және себеп-
салдарлық байланысын сызба түрінде көрсету
Бағалау критерийі Білім алушы
• Дереккөздерден қажетті ақпараттарды табады
• Ақпараттарды өңдейді, байланысын анықтайды
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы.
• Мәтіннен өзге ғаламшарлықты сипаттайтын ақпараттарды теріп жаз.
• Басқа дереккөздерден өзге ғаламшарлықтар туралы ақпараттар жинақта.
• Жинақталған ақпараттардың мәтіндегі ақпаратпен байланысын анықтап, сызбаға түсір.
Дескриптор
Білім алушы
- мәтіннен қажетті ақпараттарды анықтайды;
- дереккөздерден тақырыпқа сәйкес ақпараттарды іріктейді;
- ақпараттардың байланысын сызба түрінде бейнелеп көрсетеді.
38
Бөлім: Жазылым
Бөлімше 3.1 Шығарманың жоспарын құру
Оқу мақсаты 4.3.1.1 Оқылған шығармадағы оқиға жүйесін анықтап,
оны бөліктерге бөлу, әр бөлікке ат қойып, жоспар
құру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтайды
• Мәтінге ат қойып, жоспар құрады
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма
Ертегіні түсініп оқы. Ертегінің бөліктерін анықтап, әр бөліктің алдына Z таңбасын қой.
• Әр бөлікке ат қойып, жоспар құр.
Тақырып Жоспар
Дескриптор
Білім алушы
- мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтайды;
- әр бөлікке сәйкес тақырып қояды;
- әр бөлік бойынша жоспар құрады.
39
Бөлімше 3.2 Шығарманың түрлі жанры бойынша шығармашылық жұмыс жазу
Оқу мақсаты 4.3.2.1 Таныс мәтінге жаңа кейіпкерлер қосу, жаңа
сюжеттер енгізу, өлең (төрт жолды) жазу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтінді жаңа кейіпкерлер/ оқиғалар қосу
арқылы өрбітіп жазады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Мәтінді оқы. Мәтін мен берілген суреттерге сүйеніп, ғарышкер/ғарышкерлер туралы
тақырыпқа 4 немесе 5 жолды өлең құрастырып жаз.
Дескриптор
Білім алушы
- тақырыпқа сәйкес өлең құрастырады;
- өлең жолдарының ұйқасын/құрылымын сақтайды;
- орфографиялық нормаларды сақтап жазады.