» » ТЖБ ҚЖБ «Дүниетану» пәнінен қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы 4-сынып

ТЖБ ҚЖБ «Дүниетану» пәнінен қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы 4-сынып

21 август 2019, Среда
115
0

«Дүниетану» пәнінен
қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы
4-сынып
Нұр-Сұлтан, 2019
2
Құрметті мұғалім!
Аталған тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге
көмек құралы ретінде құрастырылды. Бұл мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі.
Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды
өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, оқу
мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып
табылады.
Жинақтың ұсынылған сипаты сізге білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін есепке
ала отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуіңізге, бейімдеуіңізге
мүмкіндік береді.
Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.),
форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері»
ДББҰ smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз.
Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!
Жинақ бастауыш мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша
өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио
материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық
емес мақсатта құрастырылған.
3
МАЗМҰНЫ
1-тоқсан ............................................................................................................................................... 4
Ортақ тақырып: «Менің Отаным – Қазақстан» .......................................................................... 4
Ортақ тақырып: «Құндылықтар» .................................................................................................. 7
2-тоқсан ............................................................................................................................................. 12
Ортақ тақырып: «Мәдени мұра» ................................................................................................. 12
Ортақ тақырып: «Мамандықтар әлемі» ..................................................................................... 19
3-тоқсан ............................................................................................................................................. 25
Ортақ тақырып: «Табиғат құбылыстары» .................................................................................. 25
Ортақ тақырып: «Қоршаған ортаны қорғау» ............................................................................. 29
4-тоқсан ............................................................................................................................................. 32
Ортақ тақырып: «Ғарышқа саяхат» ............................................................................................ 32
Ортақ тақырып: «Болашаққа саяхат» ......................................................................................... 38
4
1-ТОҚСАН
Ортақ тақырып: «Менің Отаным – Қазақстан»
Бөлімше 1.3 Менің атамекенім
Оқу мақсаты 4.1.3.1 Түрлі дәрежедегі әкімшілік-аумақтық бірліктерді
(аймақ, аудан, облыс) ажырату
Бағалау критерийі Білім алушы
• Әкімшілік-аумақтық құрылымның бірліктерін
ажыратады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
а) Қазақстанның әкімшілік-аумақтық картасынан өз облысыңның аумағын бастырып сыз.
Оған өзіңнің тұрғылықты жеріңнің атауын жаз. Сен тұратын жер осы облыстың қандай
бірлігіне (аудан орталығы/қала/ауыл) жатады?
b) Ғаламтордан өз облысыңның әкімшілік аумақтық картасын жүктеп алып, зерделе. Оның
құрамына кіретін аудан, қала, ауылдарды анықта. Картаға сүйеніп өз облысыңның әкімшілік-
аумақтық бірліктерін топтап жаз.
Аудан Қала Ауыл
Дескриптор
Білім алушы
- картадан өз облысын анықтап, тұрғылықты жерінің атауын жазады;
-өз облысының әкімшілік-аумақтық бірліктерін атайды.
5
Бөлімше 1.3 Менің атамекенім
Оқу мақсаты 4.1.3.2 Түрлі дереккөздерге негізделе отырып, өз аймағының
экономикалық қызмет атқаратын субъектілеріне
сипаттама беру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Өз аймағының өндіріс орындарын сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Топтық жұмыс
Сен тұратын жерде немесе оның аумағында қандай өндіріс орындары (зауыт, фабрика,
ферма, шаруашылық түрі) бар? Суреттерге сүйеніп, өз аймағыңда дамыған шаруашылық
түрлерін есіңе түсір.
Берілген жоспар бойынша сол шаруашылықты сипаттайтын постер құрастырыңдар.
1. Шаруашылық атауы
2. Өндірілетін тауарлары
3. Қолданысы
Дескриптор Білім алушы
- өз аймағындағы шаруашылық түрлерін атайды;
- шаруашылық түріне жоспарға сәйкес сипаттама береді.
6
Бөлімше 2.3 Табиғи жағдайлар және олардың әсері
Оқу мақсаты 4.2.3.1 Өз өңіріндегі және Қазақстан аймақтарындағы
адамдардың табиғи жағдайларға (рельеф, климат,
өсімдік және жануарлар әлемі, су нысандары)
байланысты шаруашылық іс-әрекетін талдау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Адамның табиғи жағдайларға байланысты
шаруашылық әрекеттерін сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
а) Суретке мұқият қара. Суретте қандай шаруашылық түрі бейнеленген?
b) Сұрақтардың көмегімен «Еңбек және климаттық жағдай» тақырыбына сөйле.
• Бұл шаруашылық түрін дамыту үшін климат қандай болу керек?
• Мұндай климаттық жағдайда тағы қандай шаруашылық түрлерін дамытуға болады?
• Климаттың ауыл шаруашылығына тигізетін әсері қандай?
• Климат жағдайлары адамның шаруашылық әрекетіне барлық уақытта қолайлы ма?
Дескриптор
Білім алушы
- суретте бейнеленген шаруашылық түрін анықтайды;
- аталған шаруашылық түрін дамуға қолайлы климатты сипаттайды;
- климаттық жағдайлардың адамның шаруашылық әрекетіне тигізетін
әсерін сипаттайды.
7
Ортақ тақырып: «Құндылықтар»
Бөлімше 1.1 Менің отбасым
Оқу мақсаты 4.1.1.1 Отбасының қоғам өміріндегі маңызын дәлелдеу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Отбасының қоғам өміріндегі маңызын сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Берілген сызба мен сұрақтарға сүйеніп, «Отбасы – шағын мемлекет» деген тұжырымға
қатысты ой қорытып айт. Ойыңды дәлелді аргументтер келтіре отырып, таныстыр.
Сұрақтар:
• Отбасылық берекені қалыптастыру үшін қоғам қандай міндеттер атқаруда?
• Отбасының қоғамдағы рөлі қандай?
Дескриптор Білім алушы
- берілген тұжырымға қатысты дәлелді пікір айтады;
- отбасының қоғамдағы рөлі туралы ой қорытады.
8
Бөлімше 1.1 Менің отбасым
Оқу мақсаты 4.1.1.2 Отбасы мүшелерінің функционалдық рөлін талдау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Отбасы мүшелерінің жанұядағы атқаратын қызметін
сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
Суретке мұқият қара. Отбасының әр мүшесі немен айналысып жатыр? Бұл олардың
күнделікті атқаратын қызметі бола ала ма? Неліктен?
• Төмендегі сұрақтардың негізінде жұпта ой бөліс.
➢ Отбасы мүшелерінің әрқайсысының жанұяда атқаратын нақты қызметтері бола
ма?
➢ Отбасында кім не істейді?
➢ Сен отбасында қандай қызмет атқарасың?
Дескриптор
Білім алушы
- суретке қатысты қорытынды жасай отырып, әңгімелейді;
- өз отбасы мүшелерінің қызметін сипаттайды.
9
Бөлімше 1.1 Менің отбасым
Оқу мақсаты 4.1.1.3 Отбасы бюджетінің негізгі кіріс-шығыстарын талдау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Отбасы бюджетінің кірісі мен шығындарын
анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Сенің отбасың қаражатты қайдан алады? Оны қайда жұмсайсыңдар? Кестеге өз отбасыңның
бір айдағы кірісі мен шығындарының тізімін жаз.
• Кестеге сүйеніп қорытынды жаса.
Кіріс Шығын
Дескриптор
Білім алушы
- отбасы бюджетінің кірісін атайды;
- отбасы бюджетінің шығындарын анықтайды;
- отбасы бюджетіне қатысты қорытынды жасайды.
10
Бөлімше 1.1 Менің отбасым
Оқу мақсаты 4.1.1.4 Отбасы бюджетін оңтайландыру жолдарын
ұсыну
Бағалау критерийі Білім алушы
• Отбасы бюджетін үнемдеу жолдарын ұсынады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Суретке мұқият қара. Суреттегі әр құмыраның тұсында отбасылық шығындардың жұмсалу
категориялары көрсетілген.
а) Сенің отбасыңда осы категориялардың әрқайсысына қанша пайыз ақша бөлінеді? Отбасы
бюджетін 100% деп есептей отырып, әр құмыраға сәйкес пайыздық көрсеткішті жаз.
b) Отбасылық бюджетті үнемдеу дегенді қалай түсінесің? Ол не үшін қажет?
c) Отбасылық бюджетті қалай үнемдеуге болады? Екі мысал келтір.
Дескриптор
Білім алушы
- отбасылық бюджеттің шығындарын анықтайды;
- отбасылық бюджетті үнемдеу ұғымын түсіндіреді;
- отбасылық бюджетті үнемдеу жолдарын ұсынады.
11
Бөлімше 1.5 Құқық және міндет
Оқу мақсаты 4.1.5.1 Конституцияның қоғам өміріндегі маңызы туралы
қорытынды жасау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Конституцияның қоғам өміріндегі маңызын
сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Сұрақтарды негізге ала отырып, топтық талқылауға қатыс. Конституцияның қоғам өміріндегі
маңызы туралы әңгімеле.
1) Конституция деген не?
2) Мемлекет Конституциясыз өмір сүре ала ма? Неліктен?
3) Егер Конституция болмаса қандай жағдайлар орын алар еді?
4) Қоғам үшін Конституцияның қандай маңызы бар?
Дескриптор Білім алушы
- сұрақтардың негізінде Конституция туралы ой қорытады;
- Конституцияның қоғам өміріндегі маңызы туралы
әңгімелейді.
12
2-ТОҚСАН
Ортақ тақырып: «Мәдени мұра»
Бөлімше 3.2 Қазақстанның тарихи тамырлары
Оқу мақсаты 4.3.2.1 Түрлі дереккөздер негізінде қазақ халқының шығу
тарихын түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы:
• Қазақ халқының қалыптасу тарихын сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Берілген сілтеме бойынша «Ерден атаның әңгімелері» бейнефильмінен сақтардың тұрмыс-
тіршілігі туралы бөлімін мұқият қара. ( https://youtube/_4RnttYLFNs)
Бейнефильмнің мазмұны мен суреттерге сүйеніп, қазақ халқының қалыптасуындағы
сақтардың рөлі туралы әңгімеле.
Дескриптор Білім алушы
- қазақ халқының қалыптасуына сақтардың рөлі туралы
баяндайды.
13
Бөлімше 3.2 Қазақстанның тарихи тамырлары
Оқу мақсаты 4.3.2.2 Сақтар, ғұндар, түркілер және қазақтар арасындағы
байланысты графикалық түрде бейнелеу
Бағалау критерийі Білім алушы:
• Сақ, ғұн, түркі тайпаларының қазақ халқымен
байланысын графикалық түрде көрсетеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
a) Түрлі дереккөздерден сақ, ғұн, түркі тайпалары туралы деректер жинастырып, кестеге
түсір.
Тайпа атауы Өмір сүру кезеңі Өмір салты
b) Уақыт сызығына қазақ халқының қалыптасу кезеңдерін ретімен орналастыр. Суреттерді
тайпа атауларымен сәйкестендір.
Дескриптор
Білім алушы
- көне тайпаларға қатысты деректерді жинақтайды;
- уақыт сызығына қазақ халқының қалыптасу кезеңдерін бейнелейді;
- суреттерге сәйкес тайпа атауларын анықтайды.
14
Бөлімше 3.1 Ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер
Оқу мақсаты 4.3.1.1 Түрлі дереккөздер негізінде тарихи кезеңдердегі
технологиялық прогресті анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы:
• Әртүрлі кезеңдердегі технологиялық прогресті
сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Суреттерге мұқият қара. Суреттің екі бөлігін салыстыр. Қазіргі заманның көліктері мен
өткен замандағы көліктердің арасындағы айырмашылықты анықта. Қай замандағы көліктер
ыңғайлы? Неліктен?
Дескриптор Білім алушы
- әртүрлі кезеңдегі көліктердің айырмашылығын анықтайды;
- технологиялық прогрестің артықшылықтарын сипаттайды.
15
Бөлімше 3.3 Қазақстан тарихындағы маңызды оқиғалар
Оқу мақсаты 4.3.3.1 Қазақстанның ХХ-ХХІ ғасырлардағы жетістіктерін
(мәдениет, ғылым, білім, экономика) түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы:
• Қазақстанның ғарыш/мәдениет/ғылым/білім
салаларындағы жетістіктерін сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
ХХ-ХХІ ғасырларда Қазақстан мәдениет және спорт салаларында қандай жетістіктерге
жетті? Суреттерге сүйеніп, әңгімеле. Кестеге екі мысалдан жаз.
Мәдениет саласында Спорт саласында
• Қазақстан осы уақыттар аралығында тағы қандай жетістіктерге жете алды? Жұпта
талқыла.
Дескриптор Білім алушы
- Қазақстанның мәдениет және спорт саласындағы жетістіктерін атайды;
- Қазақстанның әртүрлі саладағы жетістіктері туралы әңгімелейді.
16
Бөлімше 3.4 Көрнекті тарихи тұлғалар және мәдениет қайраткерлері
Оқу мақсаты 4.3.4.1 Өмірбаяндық мәліметтеріне сүйене отырып,
шығармашылық және еңбек салаларындағы көрнекті
қайраткерлердің елімізге сіңірген еңбегі туралы
қорытынды жасау
Бағалау критерийі Білім алушы:
• Көрнекті қайраткерлердің еліміздің дамуына қосқан
үлесін сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы. Төменде берілген сұрақтардың көмегімен Ш. Аймановтың еліміз үшін
жасаған еңбектері туралы әңгімеле.
Шәкен Кенжетайұлы Айманов — қазақтың әйгілі актері, режиссер.
Қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған. Семей
мұғалімдер техникумында оқып жүргенде Алматыдағы Қазақ
драма театрына шақырылады. Ол алғашында бірқатар рөлдерді
ойнады. Көп ұзамай классикалық пьесалар бойынша қойылған
спектакльдерде басты рөлдерді шебер орындауымен көпшілік
көзіне түседі. Кейіннен қазіргі Қазақтың академиялық драма
театрының бас режиссері болды. «Қазақфильм» студиясының
көркемдік жағын басқарып, қазақ кино өнерінің өркендеуіне үлкен үлес қосты. Оның қойған
көркем фильмдері: «Махаббат туралы аңыз», «Алдар көсе», «Атамекен», «Найзатас
баурайында»,«Біздің сүйікті дәрігер» мен «Тақиялы періште» фильмдері ұлттық кино
өнерінде комедиялық жанрды дамытудағы соны ізденістерімен ерекшеленді. Оның соңғы
қойған «Атаманның ақыры» фильмі режиссер Айманов шығармашылығының биік шыңына
айналды. Шәкен аса дарынды суреткер актер, ойшыл режиссер ретінде қазақтың сахна өнері
мен кино өнерінің қалыптасып, шыңдалуына айрықша ықпал еткен, өшпес із қалдырған дара
дарын иесі.
➢ Шәкен Айманов еліміздің дамуына қандай үлес қосты?
➢ Оның қандай фильмдерін көрдің?
➢ Қазіргі таңда Ш. Аймановтың қандай еңбектері көпшілікке танымал деп
ойлайсың?
Дескриптор
Білім алушы
-сұрақтардың негізінде көрнекті тұлғаның еліміздің дамуына қосқан
үлесі туралы әңгімелейді.
17
Бөлімше 3.1 Ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер
Оқу мақсаты 4.3.1.2 Тарихи мұражайлардың қызметін түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы:
• Тарихи мұражайлардың рөлін анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
Суретте оқушылардың тарихи мұражайға барған саяхаты бейнеленген. Берілген сұрақтарға
сүйеніп, тарихи мұражайдың атқаратын қызметі туралы жұптық талқылау жаса.
➢ Тарихи мұражайларға қандай жәдігерлер қойылады?
➢ Оларды не үшін жинақтайды?
➢ Мұражай қызметкерлері немен таныстырады?
➢ Мұражайлар не үшін керек?
• Жұптық талқылау нәтижесіне сүйеніп, берілген кестені толтыр. Тарихи мұражайдың
қызметі туралы әңгімеле.
Дескриптор
Білім алушы
-сұрақтардың негізінде ой қорытып айтады;
-тарихи мұражайлардың қызметін сипаттайды.
Мұражайдың кызметі
18
Бөлімше 3.1 Ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер
Оқу мақсаты 4.3.1.3 Мұражайдың өзіндік жобасын ұсыну
Бағалау критерийі Білім алушы:
• Мұражайдың өзіндік жобасын жасайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Ұзақ мерзімді топтық жұмыс
(Мұғалім тапсырманы оқушыларға алдын ала береді)
а) Өз аймақтарыңдағы (мектеп, қала, аудан орталығындағы) мұражайларға саяхат жасаңдар.
(Егер сен тұратын аймақта мұражайлар болмаса, үлкендермен сол жердің тарихы туралы
әңгімелесіңдер)
b) Саяхаттан көрген-білгендеріңе сүйеніп, тарихи мұражайдың өзіндік жобасын ойлап
табыңдар (жобаны сызба немесе макет түрінде ұсынуға болады)
Жоба жасауда мыналарды ескеру керектігіне көңіл бөліңдер:
➢ мұражайдың мақсаты қандай болады?
➢ мұражайға қандай жәдігерлер қойылады?
➢ мұражайдың құрылымы (пішіні, көлемі, бөлімдері) қандай болады?
➢ мұражайдың ерекшелігі неде?
Дескриптор
Білім алушы
- тарихи мұражайдың өзіндік жобасын ұсынады;
- жобаны белгіленген талаптарға сәйкес жасайды.
19
Ортақ тақырып: «Мамандықтар әлемі»
Бөлімше 1.1 Менің отбасым
Оқу мақсаты 4.1.1.2 Отбасы мүшелерінің функционалдық рөлін талдау
Бағалау критерийі Білім алушы:
• Отбасы мүшелерінің жанұядағы атқаратын
қызметін сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Сенің отбасыңда кім қандай қызмет атқарады? Кестеге өз отбасыңның мүшелерін және
олардың жанұядағы атқаратын қызметін сипаттап жаз.
Отбасы мүшелері Отбасындағы атқаратын қызметі
Жұпта талқыла.
• Отбасында кімдердің атқаратын қызметі жауаптырақ?
• Оларға сен қандай көмек көрсете аласың?
• Отбасы мүшелерінің бірі өз міндетін дұрыс атқармаса не болады?
• Сенің ойыңша, жанұяда әркімнің өз қызметі болғаны дұрыс па? Неліктен?
Дескриптор
Білім алушы
- отбасы мүшелерінің қызметін анықтайды;
- отбасындағы қызметтің маңыздылығын сипаттайды.
20
Бөлімше 1.6 Мерекелер
Оқу мақсаты 4.1.6.1 Зерттеулер негізінде кәсіби мерекелердің
тарихын шығармашылық түрде таныстыру
Бағалау критерийі Білім алушы:
• Кәсіби мерекелердің шығу тарихы туралы
әңгімелейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
Суреттерде бейнеленген мамандық түрлерін жаз.
__________________
__________________ __________________ __________________
➢ Олардың ішінде қай мамандықтарға кәсіби мерекелер белгіленген?
➢ Сенің ойыңша кәсіби мерекелер қалай пайда болады?
➢ Қай кәсіби мерекенің шығу тарихын білесің? Жұбыңа әңгімелеп бер.
Дескриптор
Білім алушы
- суретке сәйкес мамандық атауларын анықтайды;
- белгілі бір кәсіби мерекенің шығу тарихын әңгімелейді.
21
Бөлімше 1.3 Менің атамекенім
Оқу мақсаты 4.1.3.2 Түрлі дереккөздерге негізделе отырып, өз
аймағының экономикалық қызмет атқаратын
субъектілеріне сипаттама беру
Бағалау критерийі Білім алушы:
• Өз аймағының өндіріс орындарын сипаттайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Суретте қандай шаруашылық түрлері бейнеленген?
➢ Сен тұратын аймақта адамдар қандай шаруашылық түрімен айналысады?
➢ Олар қандай өнім шығарады? Өз аймағыңдағы кез келген өндіріс орындары туралы
әңгімеле.
Дескриптор
Білім алушы
- суретке сәйкес шаруашылық түрлерін атайды;
-өз аймағындағы шаруашылық түрін сипаттайды.
22
Бөлімше 3.1 Ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер
Оқу мақсаты 4.3.1.1 Түрлі дереккөздер негізінде тарихи кезеңдердегі
технологиялық прогресті анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы:
• Әртүрлі кезеңдердегі технологиялық прогресті
сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Суретте бейнеленген еңбек құралдарын ата. Олар шаруашылықтың қай саласында
қолданылады? Оларды қай мамандық иелері пайдаланады?
• Суреттер бойынша еңбек құралдардың әр кезеңдегі өзгерістерін салыстыр. Олар қалай
өзгерген? Қандай жетістіктері бар? Технологиялық тұрғыдан жетілдірілген
құралдарды қолданудың қолайлылығы туралы әңгімеле.
Дескриптор
Білім алушы
- суреттегі заттарды атайды және қолданыс саласын анықтайды;
- құралдардың тарихи кезеңдерге қатысты өзгерісін сипаттайды;
- жетілдірілген құралдардың қолайлылығы туралы әңгімелейді.
23
Бөлімше 1.4 Денсаулық пен қауіпсіздік
Оқу мақсаты 4.1.4.1 Спорттың әр түрлеріндегі жарақаттану себептерін
зерттеу
Бағалау критерийі Білім алушы:
• Спортпен шұғылдану кезіндегі жарақаттану
себептерін анықтайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Суреттерге мұқият қара. Өзіңе таныс спорт түрлерінің атауын жаз.
• Өзіңе жақсы таныс бір спорт түрін таңда. Бұл спорт түрімен шұғылданған адамдар
қандай жарақаттар алып қалуы мүмкін? Ол не себептен туындайды? Бірнеше мысал
келтір.
Дескриптор
Білім алушы
- суреттегі өзіне таныс спорт түрлерін атайды;
- белгілі бір спорт түрімен шұғалдану кезінде туындауы мүмкін
жарақаттарды атайды;
- жарақаттанудың туындау себептерін анықтайды.
24
Бөлімше 1.4 Денсаулық пен қауіпсіздік
Оқу мақсаты 4.1.4.2 Спорттың әр түрлеріндегі жарақаттану қаупін
азайту және алдын алу әдістерін ұсыну
Бағалау критерийі Білім алушы:
• Спортпен шұғылдану кезіндегі қауіпсіздік
ережелерін құрастырады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
1-суреттегі заттарды дене шынықтыру сабағына барар кезде сыныпта қалдырып кету
ұсынылады. Оның себебі неде деп ойлайсың? Жұпта талқыла.
1-сурет
2-суретте жеңіл атлетикамен шұғылданатын балалар бейнеленген. Осы спорт түрімен
шұғылдану кезінде жарақат алып қалмау үшін не істеу керек? Оқушыларға арналған
жаднама құрастыр.
2-сурет
Дескриптор
Білім алушы
- тапсырмаға қатысты дәлелді қорытынды жасайды;
- жеңіл атлетикамен шұғылдану кезінде жарақат алып қалмау жолдарын
ұсынады.
25
3-ТОҚСАН
Ортақ тақырып: «Табиғат құбылыстары»
Бөлімше 2.2 Климат және ауа-райы
Оқу мақсаты 4.2.2.1 Адамзат дамуына климаттың әсерін талдау
Бағалау критерийі Білім алушы:
• Климаттың адамның қызметіне әсерін сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Қазақстанның климаттық белдеулері сипатталған мәтінді түсініп оқы. Ең қолайсыз
клмиматтық жағдайды таңдап, бұл жағдайдың адамдардың тіршілігіне қалай әсер ететіні
туралы талдау жаса. Өз пікіріңді дәлелде.
Дескриптор Білім алушы
- климаттық жағдайлардың адамдардың тіршілігіне тигізетін әсерін
сипаттайды;
- өз ойына дәлелді пікір айтады.
Қазақстан аумағын 4 климаттық белдеу (орманды дала, дала, шөлейт, шөл)
қамтиды.
Орманды дала климаттық белдемі республиканың ылғалы ең мол бөлігі. Ең
қысқа жыл маусымы – көктем, ұзақтығы 1,5 ай, жазы 3 айға созылады. Қысы ұзақ,
қазаннан сәуірдің соңына дейін созылады.
Далалық климаттық белдем республиканың солтүстігіндегі біраз аймақты
қамтиды. Қысы мен көктемі қысқа, жазы ұзақ, күзі 1 айға жуық болады.
Шөлейт (шөлейт дала) климаттық белдемі Қазақстанның орта бөлігіндегі
жазық өңірді алып жатыр. Ауаның орташа тәуліктік температурасы 25°С-тан жоғары
болады. Қысы қатал, ауа райы құбылмалы келеді, жазы ыстық болады.
Шөл зонасы шөлейттен басталып, оңтүстікте биік таулы өлкенің етегіне дейін
созылады. Бұл зонада негізінен құмды және сазды шөлдер кең тараған. Шөлдің
климаты аса құрғақ. Жазы өте ыстық, қапырық әрі құрғақ.Жаңбыр өте сирек жауады.
Жауын-шашынның көбі көктемде түседі. Қысы суық. Аяз 40 0 -қа дейін жетеді.
26
Бөлімше 2.3 Табиғи жағдайлар және олардың әсері
Оқу мақсаты 4.2.3.1 Өз өңіріндегі және Қазақстан аймақтарындағы
адамдардың табиғи жағдайларға (рельеф, климат, өсімдік
және жануарлар әлемі, су нысандары) байланысты
шаруашылық іс-әрекетін талдау
Бағалау критерийі Білім алушы:
• Адамның табиғи жағдайларға байланысты шаруашылық
әрекеттерін сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Кестеде табиғи зоналардың климаттық сипаттамасы берілген. Осы ақпараттарға сүйене
отырып, аталған аймақта шаруашылықтың қай түрін дамытуға болатындығын және оның
себебін түсіндіріп, кестені толтыр.
Табиғи
зоналар
Сипаттамасы Қандай шаруашылық
түрін дамытуға
болады? Неліктен?
Дала Дала зонасының топырағы қара және қызыл қоңыр
топырақ типіне жатады. Дала зонасы шөптесін
өсімдіктерге бай. Ашық дала кеңiстiгiнде тiршілiк
етуге бейiмделген түрлі жануарлар
кездеседi. Далада көлдер көп, әдетте олар терең
болмайды, жағалары жазық, жайпақ келедi. Дала
климаты континентті, жазы ыстық, жерi құрғак,
жиi-жиi аңызақ жел соғып тұрады. Ал қысы қатаң,
қары жұқа болады.
Шөл Шөл зонасының ауа температурасы құбылмалы,
жауын-шашын өте аз түседі. Көктемде еріген қар
суымен толығатын қазаншұңқырлар мен ойыстар
жазда кеуіп кетеді. Олардың түбінде қалың тұз
қабыршақтары пайда болып, ондай жерлерде
ешқандай өсімдіктер өспейді. Шөлдің оңтүстігінде
сұр қоңыр топырақ басым. Сұр қоңыр топырақ
минералды заттарға бай болғандықтан, құнарлы
келеді. Мұндай топырақты жерді суарса, көп өнім
алуға болады.
Дескриптор
Білім алушы
-табиғи жағдайларға сәйкес дамытуға болатын шаруашылық түрлерін
атайды;
- өз ойына дәлелді пікір айтады.
27
Бөлімше 2.3 Табиғи жағдайлар және олардың әсері
Оқу мақсаты 4.2.3.2 Зерттеу негізінде өз өңірінде табиғи апаттар туындауы
ықтималдылығын болжау
Бағалау критерийі Білім алушы:
• Өз өңірінде туындауы мүмкін болатын табиғи апаттарды
болжайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Суреттерде бейнеленген табиғи апаттарды ата. Сен тұратын аймақта мұндай табиғи
апаттардың қайсысы болуы мүмкін? Белгіле ( ) . Оның туындауына не себеп болады?
Дескриптор
Білім алушы
- табиғи апат түрлерін атайды;
- өз аймағында туындауы мүмкін табиғи апаттарды анықтайды;
- табиғи апаттардың туындау себептерін түсіндіреді.
28
Бөлімше 1.4 Денсаулық және қауіпсіздік
Оқу мақсаты 4.1.4.3 Түрлі дереккөздер негізінде жасанды ортадағы қауіп-
қатерлерді анықтау және бағалау
Бағалау критерийі Білім алушы:
• Жасанды ортадағы қауіп-қатерлерді анықтайды және
оны болдырмау жолдарын ұсынады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
а) Суреттерге мұқият қара. Мұндай ортада балалар қандай қауіп-қатерлерге ұшырауы
мүмкін? Мысал келтір.
1 2 3) _______________________________________________________________________________
b) Жұптық жұмыс
Жарақаттанып қалудың алдын алу жолдарын ұсынып, балаларға арналған қауіпсіздік
ережесін құрастырыңдар.
Дескриптор Білім алушы
- жасанды ортадағы туындауы мүмкін қауіп-қатерлерді анықтайды;
- жасанды ортадағы қауіп-қатердің алдын алу ережелерін құрастырады.
29
Ортақ тақырып: «Қоршаған ортаны қорғау»
Бөлімше 2.2 Климат және ауа-райы
Оқу мақсаты 4.2.2.1 Адамзат дамуына климаттың әсерін талдау
Бағалау критерийі Білім алушы:
• Климаттың адамның қызметіне әсерін сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Берілген табиғи құбылыстардың адамдардың тіршілігіне тигізетін кері әсерлерін сипаттап
жаз. Жазған сипаттамаңды сыныптастарыңа таныстыр.
Қолайсыз атмосфералық
құбылыстар
Олардың тіршілікке әсері
Қуаншылық
Аңызақ жел
Үсік түсу
Көктайғақ
Шанды дауылдар
Дескриптор
Білім алушы
- қолайсыз табиғи құбылыстардың адамдардың тіршілігіне кері әсерін
сипаттайды.
30
Бөлімше 2.3 Табиғи жағдайлар және олардың әсері
Оқу мақсаты 4.2.3.2 Зерттеу негізінде өз өңірінде табиғи апаттар
туындауы ықтималдылығын болжау
Бағалау критерийі Білім алушы:
• Өз аймағында туындауы мүмкін болатын табиғи
апаттарды болжайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Ұзақ мерзімді жұмыс
Нұсқаулық:
Айналаңдағы үлкен адамдардан төменде берілген сұрақтар бойынша ақпараттар жинақта.
1) Осы аймақта қандай табиғи апаттар болып тұрады?
2) Олар қандай себептерден туындайды?
3) Табиғи апаттар қандай зиянын тигізді, қандай зардаптар әкелді?
4) Оларды болдырмау үшін қандай іс-шаралар жүргізілді?
Жинақталған ақпараттарға сүйеніп, өз аймағыңдағы туындауы мүмкін болатын табиғи
апаттар мен олардың туындау себептері туралы постер жаса.
Дескриптор
Білім алушы
- өз аймағындағы табиғи апаттардың пайда болу ықтималдылығын
болжайды;
- табиғи апаттардың туындау себептерін анықтайды.
31
Бөлімше 2.1 Жергілікті жерде бағдарлану
Оқу мақсаты 4.2.1.3 Глобус пен картадан параллельдерді, меридиандарды,
экваторды көрсете білу
Бағалау критерийі Білім алушы:
• Глобустан параллельдерді, меридиандарды, экваторды
анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
Глобустан экваторды, параллель және меридиан сызықтарды анықтап, атауын жаз.
• Әр сызық атауына ауызша түсініктеме бер.
Дескриптор
Білім алушы
- глобустан экватор, параллель және меридиан
сызықтарын көрсетеді;
- глобустың градустық тор құрайтын сызықтарына
анықтама береді.
32
4-ТОҚСАН
Ортақ тақырып: «Ғарышқа саяхат»
Бөлімше 1.6 Мерекелер
Оқу мақсаты 4.1.6.1 Зерттеулер негізінде кәсіби мерекелердің тарихын
шығармашылық түрде таныстыру
Бағалау критерийі Білім алушы:
• Кәсіби мерекелердің шығу тарихы туралы баяндайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
а) Күнтізбедегі қызыл түспен белгіленген күндер қай мерекелерді білдіреді?
Дереккөздерден олардың шығу тарихы туралы ақпараттар тауып, жинақта.
Сыныптастарыңа әңгімелеп бер.
b) Сәуір айында қандай танымал кәсіби мереке бар? Ол қай күні тойланады? Ол мерекенің
шығу тарихы туралы не білесің?
Дескриптор
Білім алушы
- белгіленген күндердің қандай мереке екендігін анықтайды;
- аталған мерекелердің шығу тарихын сипаттайды;
- сәуір айындағы кәсіби мерекені атайды және шығу тарихы туралы
әңгімелейді.
33
Бөлімше 3.4 Көрнекті тарихи тұлғалар және мәдениет қайраткерлері
Оқу мақсаты 4.3.4.1 Өмірбаяндық мәліметтеріне сүйене отырып,
шығармашылық және еңбек салаларындағы көрнекті
қайраткерлердің елімізге сіңірген еңбегі туралы
қорытынды жасау
Бағалау критерийі Білім алушы:
• Көрнекті қайраткерлердің еліміздің дамуына қосқан үлесін
сипаттайды
Ойлау
дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Қазақстандық ғарышкерлердің еліміздің дамуына қосқан үлесі туралы әңгімеле. Кестені
толтыр.
Ғарышкер Ол туралы не білесің? Еліміздің дамуына қандай үлес
қосты?
Дескриптор
Білім алушы
- қазақстандық ғарышкерлер туралы ақпарат береді;
- ғарышкерлердің еліміздің дамуына қосқан үлесін сипаттайды.
34
Бөлімше 3.5 Қазақстан тарихы: тәуелсіздік, мемлекеттілік және патриотизм
Оқу мақсаты 4.3.5.2 Қазақстанның әлемдік сахнадағы рөлін
анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы:
• Қазіргі әлемдегі Қазақстанның беделін
анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы.
Байқоңыр» – әлемдегі тұңғыш әрі ең ірі ғарыш
айлағы. Оның халықаралық маңызы бар. Байқоңырдың
ұшу трассасы Арал теңізінен Камчатка түбегіне дейін
созылып жатыр. 1957 жылы 4 қазанда Байқоңыр ғарыш
алаңынан тұңғыш ғарыш ракетасы сәтті ұшырылды. Ол -
дүние жүзіндегі ең бірінші Жердің жасанды серігін
орбитаға шығарды
Байқоңыр қаласы 1955 жылдан бері салына
бастаған. Құрылыс ғарыш айлағының маңызды
нысандарын салумен бірге жүргізілген. 130-дан астам отандық және шетелдік ғарыш
кемелері «Байқоңыр» ғарыш айлағынан орбитаға ұшып шықты. Бүгінгі күндері Байқоңыр
ғарыш айлағы Ресейге 2014 жылға дейін жалға берілді
45 жыл ішінде Байқоңырдан мыңнан астам ғарыштық қызмет атқаратын ракеталар
ұшты.
• Қазақстанның әлемге танылуына Байқоңырдың қандай үлесі бар? Әңгімеле.
Дескриптор
Білім алушы
-Байқоңырдың әлемдік аренадағы рөлін сипаттайды.
35
Бөлімше 3.5 Қазақстан тарихы: тәуелсіздік, мемлекеттілік және патриотизм
Оқу мақсаты 4.1.5.2 Қазақстан Республикасының азаматы ретінде
жеке тұлғаның демократиялық құқықтары мен
бостандықтарына, міндеттеріне мысалдар
келтіру
Бағалау критерийі Білім алушы:
• Қазақстан Республикасы азаматтарының
құқықтары мен міндеттерін атайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
Суреттерде балалардың қандай құқықтары бейнеленген?
• Балалардың тағы қандай құқықтары мен міндеттері бар? Бірнеше мысал келтір.
Құқықтары Міндеттері
Дескриптор
Білім алушы
- суретте бейнеленген бала құқықтарын атайды;
- балалардың құқықтарына мысалдар келтіреді;
- балалардың азаматтық міндеттерін атайды.
36
Бөлімше 1.4 Денсаулық және қауіпсіздік
Оқу мақсаты 4.1.4.3 Түрлі дереккөздер негізінде жасанды ортадағы қауіп-
қатерлерді анықтау және бағалау
Бағалау критерийі Білім алушы:
• Жасанды ортадағы қауіп-қатерлерді анықтайды және
оны болдырмау жолдарын ұсынады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Берілген ақпаратты түсініп оқы.
• Мәтінге сүйеніп, зымырандарды ұшырудың қоршаған ортаға тигізетін кері әсерлерін
сипатта. Зымырандардың ұшырылуынан қандай қауіп- қатерлер туындауы мүмкін?
Кестені толтыр.
Адамзатқа кері әсері Қоршаған ортаға кері әсері
Дескриптор
Білім алушы
- зымырандардың ұшуынан адамзатқа туындайтын қауіп-қатерлерді
атайды;
- зымырандардың қоршаған ортаға тигізетін кері әсерлерін
сипаттайды.
«Байқоңыр» ғарыш айлағы Қазақстан Республикасының оңтүстік-батыс бөлігінде,
Қызылорда облысының территориясында орналасқан,
Ғарыш аппараттары ұшырылатын «Байқоңыр» ғарыш айлағына жақын орналасқан
аймақтарда ауа райы күрт бұзылып, 3-5 тәулікке дейін боранды құм суырып, жел
болып, температураның төмеңдеу процесі жиі байқалатыны белгілі.
Аймақтың басты экологиялық мәселесі – Арал теңізі деңгейінің төмеңдеуі және жердің
тұзданып, құрғақшылыққа ұшырауы қоршаған ортаға қосымша кері әсерін тигізуде.
Ғарыштық ұшу аппараттарының қоршаған ортаға зиянды әсері ауа ағынын
күшейтумен ғана шектеліп қоймайды. Салмағы 3 тоннадан 16 тоннаға дейін болатын
зымырандардың жағар және жаңармай қалдықтарының құрамындағы химиялық
токсинді қосылыстардың да зияны көп.
37
Бөлімше 1.4 Денсаулық және қауіпсіздік
Оқу мақсаты 4.1.4.4 Жасанды ортадағы өзінің қауіпсіздігін жоспарлау
Бағалау критерийі Білім алушы:
• Өзінің табиғи ортадағы қауіпсіздігін жоспарлайды
• Төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік ережесін
құрастырады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы.
Топтық жұмыс
Апатқа ұшыраған зымыранның зардаптарынан сақтануға арналған қауіпсіздік ережелерін
құрастырыңдар.
Дескриптор
Білім алушы
- ғарыштық апаттардың зардаптарынан сақтануға қатысты қауіпсіздік
ережелерін құрастырады.
Соңғы 15 жыл көлемінде «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшырылған 3 зымыран-
тасығышы апатқа ұшыраған. Апат кезінде жерге төгіліп, ауаға тарайтын гептил жа-
нармайының экологияға тигізетін зияны аз емес. «Ғарыш-Экология» ғылыми зерттеу
орталығының мамандары әрбір жағдай бойынша тиісті талдаулар жүргізеді. Мекеме
қызметкерлері зымыран қызметінің әсеріне ұшыраған аймақтардан жыл сайын
мыңдаған сынамалар алып, оларға зерттеулер жүргізіп, елеулі нәтижеге қол жеткізіп
келеді.
38
Ортақ тақырып: «Болашаққа саяхат»
Бөлімше 1.3 Менің атамекенім
Оқу мақсаты 4.1.3.2 Түрлі дереккөздерге негізделе отырып, өз аймағының
экономикалық қызмет атқаратын субъектілеріне
сипаттама беру
Бағалау критерийі Білім алушы:
• Өз аймағының өндіріс орындарын сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Жергілікті баспа материалдарынан немесе үлкендерден сұрау арқылы өз аймағыңдағы
өндіріс орындары туралы ақпараттар жинақта. Жинақталған деректердің негізінде
төмендегі нұсқаулық бойынша белгілі бір өндіріс орнына жарнама жаса.
Нұсқаулық:
• Өндіріс орнының атауы
• Ол жерде не өндіріледі?
• Өнімнің сапасы қандай?
• Ол өнімдерді қайда пайдаланады?
• Олардың қандай пайдасы, маңызы бар?
Дескриптор
Білім алушы;
- тақырыпқа сәйкес ақпараттарды іріктейді;
- өз аймағындағы өндіріс орнын жарнамалайды.
39
Бөлімше 2.4 Туризм
Оқу мақсаты 4.2.4.1 Ақпараттың қолжетімді көздерін (интернет,
кітаптар, бұқаралық ақпарат құралдарын)
пайдалана отырып, Қазақстан мен Астана
бойынша туристік маршрут құру
Бағалау критерийі Білім алушы:
• Қазақстан/ Нұр- Сұлтан қаласы бойынша туристік
маршрут құрастырады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Өзіңді Қазақстанға немесе Нұр- Сұлтан қаласына алғаш рет келген адамдарға жол көрсетуші
ретінде елестетіп көр. Сен оларды Қазақстанның немесе Нұр-Сұлтан қаласының қандай
көрікті жерлеріне апарар едің? Ең алдымен қай нысаннан бастайсың? Содан соң ше?
1) Қазақстанның/ Нұр-Сұлтан қаласының көрікті орындарын таныстыруға арналған
карта сыз.
2) Картаға ретімен нысандардың суретін сал немесе желімде.
3) Әр нысанның тұсына атауын жызып қой.
4) Өзің сызған картаны сыныптастарыңа таныстыр.
Дескриптор
Білім алушы
- Қазақстан/ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша көрікті орындарды
анықтайды;
- Қазақстанды/Нұр-Сұлтан қаласын таныстырудың туристік
маршрутын құрады.
40
Бөлімше 3.5 Қазақстан тарихы: тәуелсіздік, мемлекеттілік және патриотизм
Оқу мақсаты 4.3.5.1 Зерттеулер негізінде «Қазақстан» атауымен байланысты
мағыналық ассоциациялар қатарын (ұлттық бренд) ұсыну
Бағалау критерийі Білім алушы:
• Қазақстандық ұлттық бренд өнімдерін сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Суреттерде қазақстандық ұлттық брендтердің логотиптері ұсынылған. Бұл брендтер қай салада
дамыған? Олар туралы не білесің? Берілген брендтердің біреуін сипаттап айт.
• Тағы қандай ұлттық брендтерді білесің?
• Ұлттық бренд ретінде тағы нені ұсынар едің? Неліктен?
• Өзің ұсынған заттардың біреуіне логотип құрастырып көр.
Дескриптор
Білім алушы
- ұсынылған ұлттық бренд түрлерін сипаттайды;
- ұлттық бренд түрлерінің қатарын толықтырады;
- ұлттық бренд ретінде санауға болады деген заттардың тізімін ұсынады;
- өзі ұлттық бренд ретінде санайтын заттың логотипін жасайды.
41
Бөлімше 1.6 Мерекелер
Оқу мақсаты 4.1.6.1 Зерттеулер негізінде кәсіби мерекелердің
тарихын шығармашылық түрде таныстыру
Бағалау критерийі Білім алушы:
• Кәсіби мерекелердің тарихын шығармашылықпен
таныстырады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Суретке мұқият қара. Төмендегі сұрақтарды негізге ала отырып, суретте бейнеленген
мерекені сипаттап айт.
➢ Суретте қандай мереке бейнеленген?
➢ Ол мерекенің қай түріне жатады?
➢ Бұл мерекенің шығу тарихы туралы не білесің?
➢ Бұл мерекенің қандай маңызы бар?
Дескриптор
Білім алушы
- суретте бейнеленген мереке түрін атайды;
- сұрақтардың негізінде аталған мереке туралы әңгімелейді.

Комментарии:
Сабақ жоспарлары барлық пәннен ҚМЖ, ОМЖ, ҰМЖ | Планы КСП ССП ДСП
Электронная почта: [email protected] Ватсап: 8(707) 403-01-01 © 2019-2020