Дене шынықтыру 7-сынып. Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы

02 май 2018, Среда
404
0

Қалыптастырушы бағалауға арналған
тапсырмалар жинағы
7-сынып
Дене шынықтыру
Құрметті мұғалім!
Аталған тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге
көмек құралы ретінде құрастырылды. Бұл мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі.
Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды
өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, оқу
мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып
табылады.
Жинақтың ұсынылған сипаты сізге білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін
есепке ала отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуіңізге, бейімдеуіңізге
мүмкіндік береді.
Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.),
форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері»
ДББҰ smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз.
Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!
Жинақ негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша
өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио
материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық
емес мақсатта құрастырылған.
2
Мазмұны
1-тоқсан ............................................................................................................................................... 4
1-бөлім «Жүгіру, секіру және лақтыру дағдыларын дамыту және жақсарту» ......................... 4
2-тоқсан ............................................................................................................................................. 17
3-бөлім «Гимнастика арқылы когнитивті және денені басқару дағдылары» ......................... 17
4-бөлім «Қазақтың ұлттық және зияткерлік ойындары» .......................................................... 24
3-тоқсан ............................................................................................................................................. 29
5-бөлім «Шаңғы /кросс/ коньки дайындығы» ............................................................................ 29
6-бөлім «Шытырман оқиғалы ойындар және команда құрушы ойындар» ............................ 35
4-тоқсан ............................................................................................................................................. 43
7-бөлім «Басып кіру ойындарындағы түсінік пен дағдыларды оқып дамыту» .................... 43
8-бөлім «Жеңіл атлетика арқылы белсенді өмір салты» ......................................................... 50
3
2-бөлім «Спорт ойындары арқылы командалық бірлесу əрекеттері»............ ......................... 10
1-тоқсан
1-бөлім «Жүгіру, секіру және лақтыру дағдыларын дамыту және жақсарту»
Тақырып Қауіпсіздік ережесі. Қысқа қашықтыққа жүгіру
Оқу мақсаты 7.3.4.1 Денсаулықты нығайтуға бағытталған дене
жаттығулар кезіндегі болуы мүмкін қауіп-қатерлерді
анықтай білу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Түрлі жаттығу жұмыстарын орындау барысындағы
болуы мүмкін қауіп-қатерлерді анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Төменгі сөреден шығу техникасын орындаңыз және болуы мүмкін қауіп-қатерлерді
анықтаңыз.
Дескриптор Білім алушы
− жаттығуды талапқа сай орындайды;
− жаттығу барысында туындауы мүмкін қателіктерді (қолды қате қою,
аяқты дұрыс қоймау, сөреден дұрыс шықпау) атайды;
− жүгіру барысындағы жақсы және қате тұстарды (сөреден дұрыс шығу,
мәрені қиып өту, кеңістіктегі ауаға қарсы тұру, жылдам жүгіру)
анықтайды.
4
Тақырып Орта және алыс қашықтыққа жүгіру
Оқу мақсаты 7.3.3.1 Түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындау,
олардың ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық
жүйемен байланысын ішкі және сыртқы белгілері
бойынша анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Жаттығуларды орындау кезіндегі
айырмашылықты, оның ағзаға тигізетін әсерін,
энергетикалық жүйемен байланысын анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Серіктесіңізбен бірге 400 метр ара қашықтыққа жарыса жүгіріңіз. Жаттығуды орындауда
айырмашылығы мен оның ағзаға тигізетін әсерін және энергетикалық жүйемен байланысын
анықтаңыз.
Дескриптор Білім алушы
− серіктесімен 400 м ара қашықтыққа жүгіреді;
− айырмашылығы мен оның ағзаға тигізетін әсерін ажыратады;
− жүгірістің (қарапайым жүгіріс, аяқ ұшымен, тізені жоғары көтеріп,
аяқты артқа көтеріп) түрлерін қолданады;
− энергетикалық жүйемен байланысын анықтайды.
5
Тақырып Орта және ұзақ қашықтыққа жүгіру
Оқу мақсаты 7.3.2.1 Жалпы дене жаттығуларын өткізу және ағзаны
қалпына келтіру жаттығуларының құрамын көрсету
Бағалау критерийі Білім алушы
• Жақсартуды қажет ететін жаттығуларды орындайды
• Ағзаны қалыпқа келтіретін жаттығуларды көрсетеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Ұзақ қашықтыққа (1000 метр ара қашықтыққа) жүгіріңіз. Алаңда 2,5 айналым жасаңыз және
ағзаны қалыпқа келтіретін жаттығуларды көрсетіңіз.
Дескриптор Білім алушы
− ұзаққа жүгіру барысында аяқ-қол алысын дұрыс орындайды;
− денені қалыпқа келтіру жаттығуларын көрсетеді;
− жүгірістің түрлерін қолданып, қажеттіліктерді анықтайды.
6
Тақырып Секіру және оның түрлері
Оқу мақсаты 7.1.2.1 Қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың
кейбір дене жаттығуларындағы реттілігін жетілдіру және
қорытындылау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Қимыл-қозғалыс жаттығуларын жетілдіреді
• Жаттығуларды ретімен орындайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Екпінмен ұзындыққа секіру техникасын және жүгіріп келіп, ұзындыққа секірудің этаптарын
(фазаларын) орындаңыз.
 Екпінмен жүгіру
 Серпілу
 Ұшу
 Жерге түсу
Екпінмен жүгіруде – белгіленген жерден жүгіріп келіңіз.
Серпілуде – белгіленген сызықты баспай бір аяқпен серпіле ұшыңыз.
Ұшу кезінде – қос аяқты алға тастап, қолдың көмегімен барынша алға қарай ұшыңыз.
Жерге түсу кезінде – аяқты алға тастап, секіру шұңқырына жамбаспен түсіңіз.
Дескриптор Білім алушы
− қозғалыс түрін (секіру) анықтайды;
− секіру (жүгіру, серпілу, ұшу, қону) техникасын орындайды;
− секіру кезіндегі (екпінмен жүгіру, тізесін ішке алмауы, жарақат алып
қалуы т.б) тәуекелдерді анықтайды.
7
Тақырып Әр түрлі құралдарды лақтыру
Оқу мақсаты 7.1.1.1 Кең ауқымдағы арнайы спорттық қимыл-қозғалыс
әрекеттерінің дәлдігін, бақылауды және үйлесімділікті
дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын жетілдіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Қозғалыс әрекеттерін бақылайды
• Қимыл-қозғалыс үйлесімділігін сақтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
150 г кіші допты лақтыру әдісін орындаңыз.
Бір орында тұрып доп лақтырудың, бес қадамнан екпін алып келіп лақтырудың
техникаларын қайталап, орындау техникаларын көрсетіңіз.
• дәлдікке кіші допты лақтырыңыз;
• серіктесіңізбен имитациялық қорытынды күшпен жұмыс жасаңыз;
• серіктесіңізбен имитациялық «қарама-қарсы (крест)» қадамдар жасаңыз;
• кіші допты төменнен жоғары ала лақтырыңыз.
Дескриптор Білім алушы
− көлденең нысанаға (бір қолмен) лақтырады;
− дәлдікке кіші допты лақтырады;
− серіктесімен имитациялық қорытынды күшпен жұмыс жасайды;
− серіктесімен имитациялық «қарама-қарсы (крест)» қадамдар жасайды;
− өзінің жіберген кемшілігін (нысанаға дұрыс тұрмауы, лақтыру
барысында қолды толық жазбауы, аяқты тізеден бүкпеуі, жақынға
лақтыруы т.б.) анықтайды.
8
Тақырып Эстафеталық жүгіруді түрлендіру
Оқу мақсаты 7.3.5.1 Басқа адамдардың дене жаттығуларының
тәжірибелерін байытуға арналған дағдыларды анықтай
білу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Дене жаттығуларының орындалуын анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Төрт-төрттен, бес командаға бөлініңіз, эстафеталық таяқшамен 100 м арақашықтыққа
жарыса жүгіріңіз.
Назар аударыңыз: (қауіпсіздік ережені сақтау, әр қайсысы өз жолымен жүгіру, таяқшаны
түсіріп алмау, бір-біріне кедергі жасамау, жылдам жүгіру).
Дескриптор Білім алушы
− эстафеталық таяқшамен 100 м жүгіреді;
− арақашықтықты сақтайды;
− тапсырманы мұқият орындайды.
9
2-бөлім «Спорт ойындары арқылы командалық бірлесу əрекеттері»
Тақырып Ойын әдісін жақсарту
Оқу мақсаты 7.1.1.1 Кең ауқымдағы арнайы спорттық қимыл-қозғалыс
әрекеттерінің дәлдігін, бақылауды және үйлесімділікті
дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын жетілдіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Қозғалыс әрекеттерін бақылайды
• Қимыл-қозғалыс үйлесімділігін сақтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Волейбол ойынындағы допты жоғарыдан қабылдау әдісін үйреніңіз.
Дескриптор Білім алушы
− ойын ережесін және ойыншының тұрысын анықтайды;
− жаттығуды талапқа сай, қатесіз орындайды.
10
Тақырып Ойын әдісін жақсарту
Оқу мақсаты 7.1.3.1 Арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі
дағдылар мен реттілікті жетілдіру және қорытындылау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Спорттық техникалардың орындалуын ойын
барысында көрсетеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Волейбол добын астынан қабылдау әдісін үйреніңіз.
Дескриптор Білім алушы
− ойын ережесін, ойыншы тұрысын анықтайды;
− әдістер арасындағы айырмашылықты ажыратады;
− допты астынан қабылдауда, қос қолмен жұмыс жасауды
көрсетеді.
11
Тақырып Ойын әдісін жақсарту
Оқу мақсаты 7.2.4.1 Дене жаттығулары аясындағы іс-әрекеттерді
оңтайландыру және балама түрлерін құруға қажетті ережелер
мен құрылымдық тәсілдерді көрсете білу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Жаттығуды орындаудың басқа жолын ұсынады
• Қажетті ережелер мен техникалық тиімді тәсілдерді
анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Волейбол добын астынан қабылдау кезінде, жанға немесе алға құлап қабылдау әдісін
үйреніңіз.
Дескриптор Білім алушы
− әдістер арасындағы айырмашылықты ажыратады;
− допты құлап қабылдауда, дене мүшелерімен (қолмен, аяқпен және
кеудемен) жұмыс жасауда, іс-әрекеттерді көрсетеді.
12
Тақырып Спорт ойындарындағы тактика және тактикалық іс-
әрекеттер
Оқу мақсаты 7.1.2.1 Қимыл-қозғалыс комбинацияларын және
олардың кейбір дене жаттығуларындағы реттілігін
жетілдіру мен қорытындылау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Қимыл-қозғалыс жаттығуларын жетілдіреді
• Жаттығуларды ретімен орындайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Бір-бірден волейбол добын беруді және допты астынан ойынға қосу әдісін үйреніңіз.
Дескриптор Білім алушы
− жаттығу барысында қателіктердің алдын алады;
− комбинацияларды орындауда аяқ-қол ретін дұрыс орындайды.
13
Тақырып Спорт ойындарындағы тактика және тактикалық іс-
әрекеттер
Оқу мақсаты 7.1.5.1 Бірқатар дене жаттығуларының қарапайым
тактикаларын, стратегияларын және композициялық
идеяларын құру және бағалай білу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Әдістерді орындауға қатысты идеяларды,
стратегиялар мен жоспарларды ұсынады
• Ұсынылған әрекеттерді бағалайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Волейбол добын алып, допты жоғарыдан ойынға қосу әдісін үйреніңіз және өзіңіздің
стартегияларыңыз бен жоспарларыңызды ұсыныңыз.
Дескриптор Білім алушы
− допты ойынға қосады;
− өзінің стратегиясын құрады;
− өз жоспарымен серіктесімен бөліседі;
− өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін қолданады;
− әрекеттерін бағалайды.
14
Тақырып Командадағы көшбасшылық дағдыларын дамыту
Оқу мақсаты 7.2.2.1 Көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында
жұмыс істей білуді талқылау және көрсете білу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Көшбасшылық дағдыларын көрсетіп, командалық
жұмысты орындайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Волейбол ойынын ойнаңыз. Ойында орын алмастыруға, допты ойынға қосуға, допты
қабылдау әдістерін орындауға мән беріңіз.
Дескриптор Білім алушы
− волейбол ойынын ойнайды;
− орындарын алмастырады;
− допты ойынға қосады;
− қабылдау әдістерін орындайды;
− көшбасшылық қырынан көрсетеді;
− орындалатын іс-әрекеттер арқылы мақсатқа жетеді.
15
Тақырып Командадағы көшбасшылық дағдыларын дамыту
Оқу мақсаты 7.2.1.1 Өзгермелі жағдайға жауап қайтара білу, қимыл
әрекеттерімен байланысты білімді жетілдіре білу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Орындалатын әрекеттерді көрсетеді
• Қимыл-әрекеттеріне байланысты қозғалыс
дағдыларын жетілдіреді
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Волейбол ойынын өз ережесімен ойнаңыз. Допты ойынға қосу, шабуыл жасау және
қорғаныста ойнау әдістерін жетілдіруді көрсетіңіз.
Дескриптор Білім алушы
− волейбол ойнауда ережені сақтайды;
− қозғалыс дағдыларын жетілдіруде іс-әрекеттерді көрсетеді;
− допты ойынға қосады;
− шабуыл жасайды;
− қорғаныста ойнау әдістерін көрсетеді.
16
2-тоқсан
3-бөлім «Гимнастика арқылы когнитивті және денені басқару дағдылары»
Тақырып Қауіпсіздік ережесі. Саптық жаттығуларды оқып үйрену
Оқу мақсаты 7.3.4.1 Денсаулықты нығайтуға бағытталған дене
жаттығулары кезінде болуы мүмкін қауіп-қатерлерді анықтай
білу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Түрлі жаттығу жұмыстарын орындау барысындағы
болуы мүмкін қауіп-қатерлерді анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Саптағы жаттығу барысында орнында тұрып бұрылу, жүру, жүріп келіп бөліну және
орнында тұрып бөліну әдістерін көрсетіңіз.
Сапта тұрған кезде ара-қашықтықты сақтап тұрыңыз.
«Түзел!» деген бұйрықта оң жаққа қарай басты бұрып, түзеліңіз.
«Тік тұр!» командасын орындау кезінде бастапқы қалыпқа түсіңіз.
Дескриптор Білім алушы
- жаттығуларды бұйрық бойынша орындайды;
- бөліну әдістерін көрсетеді;
- жаттығу барысында қате тұстарды (ара-қашықтықты сақтамау,
дұрыс бұрылмау, дұрыс жүрмеу) анықтайды.
17
Тақырып Акробатикалық элементтер кешені
Оқу мақсаты 7.3.2.1 Жалпы дене жаттығуларын өткізу және ағзаны
қалпына келтіру жаттығуларының құрамын көрсету
Бағалау критерийі Білім алушы
• Денсаулыққа пайдалы дене жаттығуларын
орындайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Қарапайым акробатикалық жаттығуларды орындаңыз. Алға және артқа домалау әдісін
көрсетіңіз. Жауырынға тұру әдісін көрсетіңіз. Алға және артқа домалау әдістерінің
орындалуын және жауырында тұру әдісін түсіндіріңіз.
(Әдісті орындау кезінде бір-біріне сақтандыру шараларын жасайды).
Дескриптор Білім алушы
- алға домалау әдісін көрсетеді;
- артқа домалау әдісін көрсетеді;
- жауырында тұру техникасын орындайды;
- алға және артқа домалау әдістерінің орындалуын көрсетеді;
- жауырында тұру әдісін орындайды.
18
Тақырып Акробатикалық элементтер кешені
Оқу мақсаты 7.1.2.1 Қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың
кейбір дене жаттығуларындағы реттілігін жетілдіру мен
қорытындылау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Қимыл-қозғалыс комбинацияларының жиынтығын
құрастырады
• Жаттығуды орындау барысында жетілдіру тұстарын
анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Акробатикалық жаттығулардың 3-4 түрінен жаттығу кешендерін көрсетіңіз.
«Қарлығаш» әдісіне тұру, алға домалау, артқа домалау барысында жартылай шпагатқа
отыру, көпірше жасау, баспен тұру т.б
Дескриптор Білім алушы
- акробатикалық жаттығулардың кешенін ретімен орындайды;
- жаттығулардың техникасын көрсетеді;
- жаттығуларды жетілдірудегі қажеттіліктерді анықтайды.
19
Тақырып Гимнастикалық қондырғылардағы жаттығулар түрлері
Оқу мақсаты 7.1.5.1 Бірқатар дене жаттығуларының қарапайым
тактикаларын, стратегияларын және композициялық
идеяларын құру және бағалай білу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Әдістерді орындауға қатысты идеяларды,
стратегиялар мен жоспарларды ұсынады
• Ұсынылған әрекеттерді бағалайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Ағаш аттан секірудің орындалу техникасын көрсетіңіз және жүгіріп келіп, кіші ағаш
аттан секіру әдісін орындаңыз.
• екпінмен жүгіру;
• серпіліске қос аяқпен түсіп, серпілу;
• қолмен ағаш аттан ұстап, екі аяқты ашып ауада ұшу;
• қолды жіберіп, жерге қос аяқпен түсу.
Дескриптор Білім алушы
- екпіндей жүгірудегі қадам алысын орындайды;
- көпірден (мостик) сәтті серпіліп, екі қолын дер кезінде тірейді;
- ұшу кезіндегі дене ұстанымын орындайды;
- секіргеннен кейінгі жерге түсу сәтін орындайды.
20
Тақырып Гимнастикалық қондырғылардағы жаттығулар түрлері
Оқу мақсаты 7.1.4.1 Қимыл-қозғалысты орындау кезіндегі өзінің және
өзгелердің біліктілік сапасын жақсарта білу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Өзінің және өзгенің қимыл-қозғалысының біліктілік
сапасын анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Гимнастикалық бөрененің үстінде акробатикалық жаттығу түрлерін орындап
көрсетіңіз.
Гимнастикалық бөрененің үстінде тепе-теңдік сақтап жүру, 180 градусқа бұрылу,
қарлығаш әдісіне тұру, жартылай шпагатқа отыру, қос аяқпен секіріп түсу тәсілдерін
көрсетіңіз.
Дескриптор Білім алушы
- тепе-теңдік сақтап жүруде қадам алысын орындайды;
- тепе-теңдік жаттығуларын орындау барысында аяқ-қол алысын
қатесіз орындайды;
- секірген кезде жерге түсу сәтін дұрыс орындайды.
21
Тақырып Орындауды құрастыру процесі және топта бағалау
Оқу мақсаты 7.2.2.1 Көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында
жұмыс істей білуді талқылау және көрсете білу
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
• Көшбасшылық дағдыларын көрсетіп, командалық
жұмысты орындайды
• Жаттығуды көрсетеді, талқылауға қатысады
Қолдану
Тапсырма
Гимнастикалық құрал-жабдықпен кешенді жаттығу жұмыстарын көрсетіңіз.
Дескриптор Білім алушы
- кемінде 4-5 элементті көрсетеді;
- жаттығуды орындайды;
- өз идеясымен бөліседі;
- көшбасшылық және командалық істерді орындайды.
22
Тақырып Орындауды құрастыру процесі және топта бағалау
Оқу мақсаты 7.2.5.1 Өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін
қолдана білу, сондай-ақ оны шешудің балама жолдарын
ұсыну
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
• Шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, шешу
жолдарын ұсынады
Қолдану
Тапсырма
Гимнастикалық құрал-жабдықпен кешенді жаттығу жұмыстарын көрсетіңіз (ұлдар
гантелмен, қыздар обручпен).
Бір орында тұрып гимнастикалық құрал-жабдықтармен (гантел, гимнастикалық шеңбер
т.б) жалпы дамыту жаттығу түрлерін жеке-жеке немесе кіші топтарда көрсетіңіз.
Өзіңіздің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін қолданудағы жақсы жақтарымен
кемшіліктерін және оны шешу жолдарын талқылаңыз.
Дескриптор Білім алушы
- кемінде 2-3 элементті көрсетеді;
- жаттығуды орындайды;
- шығармашылық қабілеттерін қолданады;
- жақсы жақтары мен кемшіліктерін көрсетеді;
- оны шешу жолдарын талқылайды;
- өз идеяларымен бөліседі
23
4-бөлім «Қазақтың ұлттық және зияткерлік ойындары»
Тақырып Қазақтың ұлттық ойындары
Оқу мақсаты 7.2.7.1 Жарыс кезінде әділ ойнау, патриотизм және
ынтымақтастыққа жататын мінез-құлық көрсетуді
талқылау және бейімдей білу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Жарыс кезіндегі ұйымшылдықты көрсетеді
• Жаттығуларды бейімдейді, талқылауға қатысады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
«Көкпар» ойынын ойнаңыз.
Дескриптор Білім алушы
- ұлттық ойындардың ептілік, күш-жігер, дәлдік т.б. қасиеттерін
дамытатынын анықтайды;
- қазақтың барлық ұлттық ойындарын атайды;
- әр ойынға терең сипаттама береді;
- ұлттық ойынның дене қасиеттерін дамытуға қатысты әсерін
айтады;
- қимыл-қозғалыс дағдыларын жетілдірудің маңыздылығын
айтады;
- ойында барлық мүмкіндікті пайдаланады.
24
Тақырып Қазақтың ұлттық ойындары
Оқу мақсаты 7.2.3.1 Қолайлы оқу-үйрену ортасын қалыптастыру
бойынша біріккен, әрі тиімді жұмыс дағдыларын
талқылау және көрсете білу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Ойнауға қолайлы орта қалыптастырады
• Ойынның орындалуының тиімді жолдарын
көрсетеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Асық ату, бес тас ойындарының ережесін және ойнау тәсілін көрсетіңіз.
Асық ойыны — қазақ халқының дәстүрлі ойыны. Асық ойыны күндіз де, түнде де
ойналады. Күндізгісі – мергендікке, түнгісі – ептілікке баулиды. Иіргенде түскен қалпына
қарай асық – алшы, тәйке, бүк, шік деп, ал атуға арнап арнайы қорғасын құйылып
жасалғаны – сақа, жақсылары – оңқы аталады.
Дескриптор Білім алушы
- асық атудың мергендікке, ептілікке баулитындығын айтады;
- асықтың атауларын атайды;
- топта бірлесіп жұмыс жасайды;
- ойнау тәсілін көрсетеді.
25
Тақырып Қазақтың ұлттық ойындары
Оқу мақсаты 7.3.5.1 Басқа адамдардың дене жаттығуларының
тәжірибелерін байытуға арналған дағдыларды анықтай
білу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Дене жаттығуларының орындалуын анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Қыз қуу ойынының ережесін түсіндіріңіз, ережені бұзбай ойнаңыз.
Дескриптор Білім алушы
- қыз қуу ойынының жылдамдылықты және ұлттық рухты
көтеретін ойын екенін анықтайды;
- қыз қуу ойынын ойнау барысында ұлдар мен қыздар арасында
ептілік, икемділік қабілеттерін анықтайды.
26
Тақырып Зияткерлік ойындар
Оқу мақсаты 7.2.6.1 Жарыс іс-әрекеттерін және төрелік ету
ережелерін қолдана білу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Жарыс кезіндегі әрекеттерге төрелік жасайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
«Қазан», «Отау», «Тұздық», «Атсырау» терминдерінің мағынасын түсіндіріңіз. Әр
отаудың аттарын тоғызқұмалақ тақтасы арқылы атаңыз.Зияткерлік «Тоғызқұмалақ»
ойынын ойнаңыз. Ойын кезінде қарсыласын жеңу мақсатында ойынға қарапайым
тактикалық әрекеттер құрыңыз.
Мысалы:
1. отау - арт,
2. отау - тектұрмас,
3. отау - ат өтпес,
4. отау - атсыратар,
5. отау - бел,
6. отау - белбасар,
7. отау - қандықақпан,
8. отау - көкмойын,
9. отау -маңдай.
Дескриптор Білім алушы
- тоғызқұмалақ ойынын ережесімен ойнайды;
- тұздық алу мақсатын ұғынады және ойында қолданады;
- қарсыласын «атсырау» жағдайына дейін жеткізеді;
- ойында түрлі әдіс-тәсілдерді қолданады;
- 9 отаудың аттарын атап, ажыратады;
- төрелік ету ережелерін қолданады.
27
Тақырып Зияткерлік ойындар
Оқу мақсаты 7.2.5.1 Өзінің және өзгелердің шығармашылық
қабілеттерін қолдана білу, сондай-ақ оны шешудің
балама жолдарын ұсыну
Бағалау критерийі Білім алушы
• Өзінің және өзгелердің шығармашылық
қабілеттерін анықтайды
• Балама жолдарын талқылайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Тоғызқұмалақ ойынын ойнаңыз.
Дескриптор Білім алушы
- тоғызқұмалақ ойнының ережесін сақтайды;
- есте сақтау қабілетін арттыратындығын байқайды;
- өздерінің шығармашылық қабілетін көрсетеді.
28
3-тоқсан
5-бөлім «Шаңғы /кросс/ коньки дайындығы»
Тақырып Қауіпсіздік техникасы Жаттығуды жүзеге асыру үшін
денені қалпына келтіру әдістері
Оқу мақсаты 7.3.4.1 Денсаулықты нығайтуға бағытталған дене
жаттығулары кезіндегі болуы мүмкін қауіп-қатерлерді
анықтай білу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Түрлі жаттығу жұмыстарын орындау
барысындағы болуы мүмкін қауіп-қатерлерді
анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Кросс дайындығы жаттығуларының техникасын түсіндіріңіз. Ара қашықтықты
сақтап, жүгіру және тау-таста жүгіру әдістерін атап көрсетіңіз. Кросс дайындығы
жаттығуларында жүгіру түрлерін көрсетіңіз.
Кросс жүгіру техникасы
Дескриптор Білім алушы
- кросс дайындығы жаттығуларының орындалуы кезінде аяқ пен
қолдың үйлесімділігін сәйкес келтіреді;
- тау-тастардың арасында жүгіру кезінде, қадамды алшақтатып,
кеудені тік ұстап, жүгіруді орындайды.
29
Тақырып Қауіпсіздік техникасы. Жаттығуды жүзеге асыру үшін
денені қалпына келтіру әдістері
Оқу мақсаты 7.3.2.1 Жалпы дене жаттығуларын өткізу және ағзаны
қалпына келтіру жаттығуларының құрамын көрсету
Бағалау критерийі Білім алушы
• Ағзаны қалпына келтіруге қажетті жаттығуларды
көрсетеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Жүгіру түрлерін көрсетіңіз және ағзаны қалыпқа келтіретін жаттығу түрлерін
орындаңыз.
Мысалы: тізені көтеріп жүгіру, аяқты артқа тастап жүгіру, аяққа кезек-кезек секіріп
жүгіру т.б
Дескриптор Білім алушы
- кросс дайындығы кезіндегі шыдамдылық қабілеттерін
көрсетеді;
- жүгіру кезінде қадамды жиілетеді;
- кеудені алға еңкейтіп жүгіруді орындайды.
30
Тақырып Күш және шыдамдылықты жақсартуға қозғалыс іс-
әрекеттері
Оқу мақсаты 7.3.1.1 Өз денсаулығына салауатты өмір салтының
тигізетін әсерін түсіну және түсіндіре білу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Денені шынықтырудың әсерін ажыратады
• Салауаттылыққа бағытталған жаттығуларды
орындайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Түрлі жүгіру әдістерін орындаңыз. Кедергілерді еңсеріп жүгіру техникасын және жүгіріп
келіп ұзындыққа секіру әдісін көрсетіңіз.
Кедергілерді еңсеріп жүгіру
Дескриптор Білім алушы
- кросс дайындығы кезіндегі төзімділік қабілеттерін көрсетеді;
- кедергілерден өтіп жүгіру барысында дене икемділігін жақсы
қолданады;
- топта орындап көрсетеді.
31
Тақырып Күш және шыдамдылықты жақсартуға қозғалыс іс-
әрекеттері
Оқу мақсаты 7.1.4.1 Қимыл-қозғалысты орындау кезіндегі өзінің
және өзгелердің біліктілік сапасын жақсарта білу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Өзінің және өзгенің қимыл-қозғалысының біліктілік
сапасын анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Кросс қашықтықтарына жүгіру кезінде орындалатын арнайы жаттығуларды
көрсетіңіз. Жаттығуларды орындау кезіндегі жүгірудің ағзаға тигізер әсерін анықтаңыз.
Дескриптор Білім алушы
- кросс дайындығындағы арнайы жаттығуларды орындайды;
- ағзаға тигізетін әсерін айтады.
32
Тақырып Кедергілерді өтуге арналған арнайы жаттығулар
Оқу мақсаты 7.1.3.1 Арнайы спорттық техникаларды орындау
кезіндегі дағдылар мен реттілікті жетілдіру және
қорытындылау
Бағалау критерий Білім алушы
• Спорттық техниканың дағдылары мен ретін
көрсетеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Кедергілерді (су, барьер, бөрене т.б) еңсеріп жүгіру жаттығуларын орындаңыз.
Орындау барысында күштің қандай бұлшық еттерге түсетінін анықтаңыз.
Дескриптор Білім алушы
- кедергіден секіріп жүгіру кезінде икемділік қабілетін көрсетеді;
- кедергіден секіру кезінде аяқ-қол қимылдарының үйлесімді
қозғалуын көрсетеді.
33
Тақырып Кедергілерді өтуге арналған арнайы жаттығулар
Оқу мақсаты 7.3.3.1 Түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындау,
олардың ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық
жүйемен байланысын ішкі және сыртқы белгілері
бойынша анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Жаттығуларды орындау кезіндегі
айырмашылықты, оның ағзаға тигізетін әсерін,
энергетикалық жүйемен байланысын анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Дене жаттығуларын орындау кезінде ағзадағы өзгерістерді жəне белгілерді
атап айтыңыз. Кедергілерден секіріп жүгіру кезіндегі бұлшық еттердің қызметін
анықтаңыз.
Дескриптор Білім алушы
- кедергіден секіріп жүгіру кезінде ептілік қабілетін көрсетеді;
- кедергіден секіру кезінде аяқ-қол қимылдарының үйлесімді
қозғалуын көрсетеді;
- бұлшық ет қызметтерін анықтайды.
34
6-бөлім «Шытырман оқиғалы ойындар және команда құрушы ойындар»
Тақырып Ойындар кезіндегі көшбасшылық және командалық
іс-әрекет
Оқу мақсаты 7.3.4.1 Денсаулықты нығайтуға бағытталған дене
жаттығулары кезіндегі болуы мүмкін қауіп-қатерлерді
анықтай білу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Түрлі жаттығу жұмыстарын орындау
барысындағы болуы мүмкін қауіп-қатерлерді
анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Баскетбол ойынының ережесін (допты қағып алу, допты беру, қадам жасау т.б)
жұбыңызбен талқылаңыз, допты алып жүру әдісінің бір-екі түрін көрсетіңіз.
Дескриптор Білім алушы
- ойын ережесін сақтайды;
- допты қағып алу, беру әдістерін орындайды;
- допты алып жүрудің кем дегенде жеңілдетілген бір-екі түрін
көрсетеді.
35
Тақырып Ойындар кезіндегі көшбасшылық және командалық іс-
әрекет
Оқу мақсаты 7.2.2.1 Көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында
жұмыс істей білуді талқылау және көрсете білу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Көшбасшылық дағдыларын көрсетіп, командалық
жұмысты орындайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Допты шығыршыққа лақтыру әдісінің түрлерін көрсетіңіз (жүгіріп келіп лақтыру,
бір орыннан лақтыру, бір қырынан лақтыру, екі қолмен лақтыру т.б).
Дескриптор Білім алушы
- көшбасшылық қабілетін көрсетеді;
- допты шығыршыққа лақтыру әдістерін орындайды;
- допты шығыршыққа лақтырудың жеңілдетілген түрін
көрсетеді.
36
Тақырып Ойындар арқылы мәселелерді шешу дағдыларын
жетілдіру
Оқу мақсаты 7.2.8.1 Түрлі қимыл-қозғалыс негіздерімен рөлдерді
қолдана білу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Қимыл-қозғалыс рөлдерін анықтайды
• Жаттығуларды тиянақты әрі сапалы орындайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Баскетбол ойынындағы қорғаныста ойнау әдісін көрсетіңіз. Қорғаныс түрлерін
көрсетуде ойыншының қызметіне, допқа тосқауыл қоюына, рөлді дұрыс орындауына мән
беріңіз.
Дескриптор Білім алушы
- допқа тосқауыл қою түрлерін орындайды;
- қимыл-қозғалыс түрлері арқылы қорғаныста ойнайды;
- ойыншының қызметін анықтайды;
- допқа тосқауыл қояды;
- рөлін дұрыс орындайды.
37
Тақырып Ойындар арқылы мәселелерді шешу дағдысын
жетілдіру
Оқу мақсаты 7.1.4.1 Қимыл-қозғалысты орындау кезіндегі өзінің
және өзгелердің біліктілік сапасын жақсарта білу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Өзінің және өзгенің қимыл-қозғалысының
біліктілік сапасын анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Баскетбол ойынындағы шабуыл жасау әдістерін көрсетіңіз. Шабуыл жасауда
спорттық алдау тәсілдерді қолданыңыз, доппен қорғаушыларды алдап өту әдістерін
орындап көрсетіңіз.
Дескриптор Білім алушы
- шабуыл жасау түрлерін орындайды;
- қимыл-қозғалыс түрлері арқылы алдау тәсілдерін көрсетеді.
38
Тақырып Баламалы ойын жағдайын құру
Оқу мақсаты 7.2.3.1 Қолайлы оқу ортасын қалыптастыру бойынша
біріккен әрі тиімді жұмыс дағдыларын талқылау және
көрсете білу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Ойнауға қолайлы орта қалыптастырады
• Ойынның орындалуының тиімді жолдарын
көрсетеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Баскетбол ойынының ережесімен стритбол ойынын ойнаңыз. (Қимыл-
қозғалысыңызға, командада жұмыс жасау қабілетіңізге мән беріңіз).
Дескриптор Білім алушы
- стрейтбол ойынын ойнайды;
- ойынның ережесін сақтайды;
- топта бірлесіп жұмыс жасайды;
- топта жұмыс жасау барысында, өзгенің және өз ойымен
бөліседі.
39
Тақырып Баламалы ойын жағдайын құру
Оқу мақсаты 7.2.5.1 Өзінің және өзгелердің шығармашылық
қабілеттерін қолдана білу, сондай-ақ оны шешудің
балама жолдарын ұсыну
Бағалау критерийі Білім алушы
• Өзінің және өзгелердің шығармашылық
қабілеттерін анықтайды
• Балама жолдарын талқылайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Допты алып жүру, допты лақтыру, қорғаныста болу, шабуылда ойнауды көрсетіңіз.
Қимыл-қозғалысыңызға, ептілігіңізге, шеберлігіңізге мән беріңіз.
Дескриптор Білім алушы
- топта бірлесіп жұмыс жасауда шығармашылық қабілетін
көрсетеді;
- допты алып жүреді;
- допты лақтырады;
- қорғаныста болады;
- шабуыл жасайды;
- жаттығу жұмыстарын жасауда жұбының ойымен келіседі.
40
Тақырып Топтарда шытырман оқиғалы ойындар құру
Оқу мақсаты 7.2.1.1 Өзгермелі жағдайға жауап қайтара білу, қимыл
әрекеттерімен байланысты білімді жетілдіре білу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Орындалатын әрекеттерді көрсетеді
• Қимыл-әрекеттеріне байланысты қозғалыс
дағдыларын жетілдіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Баскетбол ойынын өз ережесімен ойнаңыз.
Дескриптор Білім алушы
- ойын ережесін сақтайды;
- командада бірлесе жұмыс жасайды;
- топта қимыл іс-әрекеттерді, тәсілдерді орындайды.
41
Тақырып Топтар да шытырман оқиғалы ойындар құру
Оқу мақсаты 7.2.6.1 Жарыс іс-әрекеттерін және төрелік ету
ережелерін қолдана білу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Жарыс кезіндегі әрекеттерге төрелік жасайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Баскетбол ойынын ойнаңыз. Екі команда ойнағанда басқа топтың ойыншылары
төрелік жасайды. (Төрелік жасау қызметіне мән беріңіз).
Төрелік етуде-ойыншы артық қадам жасады, ойыншы допты жерге екі рет ұрды, доп аяққа
тиді, ойыншы дөрекі ойнады (фол, ойыншы нөмері саусақпен көрсетіледі), аут, даулы доп,
допты бойдан асыра жерге ұру т.б көрсетіңіз.
Дескриптор Білім алушы
- ойынға төрелік жасайды;
- ережелерді ыммен көрсетеді;
- ережелерді ойында қолданады.
42
4-тоқсан
7-бөлім «Басып кіру ойындарындағы түсінік пен дағдыларды оқып дамыту»
Тақырып Қауіпсіздік ережесі. Ойын жағдайларында допқа ие болу
әдісі
Оқу мақсаты 7.3.4.1 Денсаулықты нығайтуға бағытталған дене
жаттығулары кезіндегі болуы мүмкін қауіп-қатерлерді
анықтай білу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Түрлі жаттығу жұмыстарын орындау
барысындағы болуы мүмкін қауіп-қатерлерді
анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Футбол ойынындағы ойыншылардың тұрысын, ойыншылардың ауысуын,
қақпашының міндетін көрсетіп, топта жұмыс жасаңыз. Бір топ кіші футбол ережесін,
екінші топ үлкен футбол ережесін анықтаңыз.
Дескриптор Білім алушы
- ойын ережесін сақтайды;
- топта бірлесіп жұмыс жасайды;
- футбол түрлерін, ережесін анықтайды.
43
Тақырып Қауіпсіздік ережесі. Ойын жағдайларында допқа ие
болу әдісі
Оқу мақсаты 7.1.1.1 Кең ауқымдағы арнайы спорттық қимыл-
қозғалыс әрекеттерінің дәлдігін, бақылауды және
үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс
дағдыларын жетілдіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Қозғалыс әрекеттерін бақылайды
• Қимыл-қозғалыс үйлесімділігін сақтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Қарама-қарсы тұрып, допты тоқтатып, түзу тебу, тоқтатпай бірден тебу, оң және
сол аяқпен тебу жаттығуларын жасаңыз.
Дескриптор Білім алушы
- допты алып жүру түрлерін орындайды;
- допты алып жүрудің жеңілдетілген түрін көрсетеді;
- допты аяқтың ішкі жағымен тебудің әдісін көрсетеді.
44
Тақырып Ойын кезінде алаңда бағдарлау және допты қайтару
дағдылары
Оқу мақсаты 7.1.2.1 Қимыл-қозғалыс комбинацияларын және
олардың кейбір дене жаттығуларындағы реттілігін
жетілдіру мен қорытындылау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Қимыл-қозғалыс жаттығуларын жетілдіреді
• Жаттығуларды ретімен орындайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Жеке-жеке доппен жаттығыңыз. Әрқайсыңыз жеке доппен жұмыс жасау
барысында, допты дәлдікке тебу, допты түзу қақпаға тебу, белгіден көтеріп тебу
жұмыстарын орындаңыз.
Дескриптор Білім алушы
- доппен жеке жаттығады;
- допты дәлдікке тебеді;
- допты қақпаға түзу тебеді;
- допты белгіден көтеріп тебеді;
- ойын ережесін сақтайды.
45
Тақырып Ойын кезінде алаңда бағдарлау және допты қайтару
дағдылары
Оқу мақсаты 7.2.4.1 Дене жаттығулары аясындағы іс-әрекеттерді
оңтайландыру және балама түрлерін құруға қажет
ережелер мен құрылымдық тәсілдерді көрсете білу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Жаттығуды орындаудың басқа жолын ұсынады
• Қажетті ережелер мен техникалық тиімді
тәсілдерді анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Допты беру дағдыларын дамыту мақсатында топта шеңбер құрып, әр түрлі әдіспен
допты беріп жаттығыңыз.
Дескриптор Білім алушы
- топта серіктесімен бірге жұмыс жасайды;
- комбинациялық жаттығуларды доппен көрсетеді;
- қимыл-қозғалыс барсында ептілік қабілетін көрсетеді.
46
Тақырып Тактикалық іс-әрекеттер: жеке, топтық және командалық
Оқу мақсаты 7.1.5.1 Бірқатар дене жаттығуларының қарапайым
тактикаларын, стратегияларын және композициялық
идеяларын құру және бағалай білу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Әдістерді орындауға қатысты идеяларды,
стратегиялар мен жоспарларды ұсынады
• Ұсынылған әрекеттерді бағалайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Доппен жұмыс жасаңыз. Қорғаушы, шабуылшы қызметін атқарыңыз. Командалық
іс-әрекеттер, тактикалық іс-әрекеттер комбинацияларын көрсетіңіз. Шабуыл түрлерін,
қорғаушының қимыл іс-әрекетін, допты аяқпен, баспен қақпаға тебу комбинацияларын
көрсетіңіз.
Дескриптор Білім алушы
- жұпта бірлесе жұмыс жасайды;
- топта командамен қимыл іс-әрекеттерді орындап жаттығады;
- қорғаушы, шабуылшы қызметін атқарады;
- командалық тактикалық іс-әрекеттерді көрсетеді;
- шабуыл түрлерін, допты баспен, аяқпен тебуді көрсетеді;
- қорғаушының іс-әрекетін көрсетеді;
- командада стратегиялық әдіс-тәсілдерді қолданып, белсенді
жұмыс жасайды.
47
Тақырып Өздерінің ойындарын құрастыру және өткізу
Оқу мақсаты 7.2.8.1 Түрлі қимыл-қозғалыс негіздерімен
шарттастырылған рөлдерді қолдана білу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Қимыл-қозғалыс рөлдерін анықтайды
• Жаттығуларды тиянақты әрі сапалы орындайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Шабуылшы және қорғаушы рөлінде ойнаңыз.
Дескриптор Білім алушы
- топта жұмыс жасау барысында шабуыл іс-әрекеттерін
көрсетеді;
- шабуылшы рөлін көрсетеді;
- қорғаушы рөлін көрсетеді.
48
Тақырып Өздерінің ойындарын құрастыру және өткізу
Оқу мақсаты 7.1.6.1 Түрлі қимыл-қозғалыс белсенділігін орындауды
сынақтан өткізу кезіндегі қауіп-қатерді білу және алдын
алу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Қозғалыс жаттығуларын бақылайды
• Қауіп-қатердің алдын алады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Футбол ойынын өз ережесімен ойнаңыз. Төрелік жасаңыз.
Дескриптор Білім алушы
- ойын ережесін сақтайды;
- ойын кезінде шеберлік танытады;
- ойын барысында икемділік, ептілік дағдыларын көрсетеді.
49
8-бөлім «Жеңіл атлетика арқылы белсенді өмір салты»
Тақырып Сауықтыру жүгірісі
Оқу мақсаты 7.3.4.1 Денсаулықты нығайтуға бағытталған дене
жаттығулары кезіндегі болуы мүмкін қауіп-қатерлерді
анықтай білу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Түрлі жаттығу жұмыстарын орындау барысындағы
болуы мүмкін қауіп-қатерлерді анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Жоғарғы сөреден 800 метр арақашықтыққа жүгіріңіз.
Дескриптор Білім алушы
- жоғарғы сөренің орындалу техникасын көрсетеді.
50
Тақырып Белгілерге тез жауап қайтару ойындары
Оқу мақсаты 7.2.5.1 Өзінің және өзгелердің шығармашылық
қабілеттерін қолдана білу, сондай-ақ оны шешудің
балама жолдарын ұсыну
Бағалау критерийі Білім алушы
• Шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, шешу
жолдарын ұсынады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
«Жапалақтар мен қарлығаштар» ойынын ойнаңыз.
https://kk.wikipedia.org/wiki/ Қазақтың ұлттық ойындары.
Дескриптор Білім алушы
- ойын ережесін сақтайды;
- қимыл іс–әрекеттерді орындайды.
51
Тақырып Денені қыздыру және қалыпқа келтіру құралдары
Оқу мақсаты 7.3.3.1 Түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындау,
олардың ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен
байланысын ішкі және сыртқы белгілері бойынша анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Жаттығуларды орындау кезіндегі
айырмашылықты, оның ағзаға тигізетін әсерін,
энергетикалық жүйемен байланысын анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Жалпы дамыту жаттығуларын орындаңыз. Күнделікті дене жаттығуларының адам
денсаулығына тигізер әсерін айтып түсіндіріңіз. Жаттығуды құралмен де, құралсыз да
орындаңыз.
Дескриптор Білім алушы
- ЖДЖ орындалу техникасын көрсетеді;
- дене жаттығуларын орындауда аяқтың және қолдың қимылдарын
көрсетеді;
- ойынды құралмен, құралсыз көрсетеді.
52
Тақырып Арнайы спорттық әдістерді орындау барысындағы
қозғалысты жетілдіру
Оқу мақсаты 7.1.3.1 Арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі
дағдылар мен реттілікті жетілдіру және қорытындылау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Спорттық техникалардың орындалуын ойын
барысында көрсетеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Бір орыннан ұзындыққа секіру әдісін көрсетіңіз. Белгіленген жерден сызықты баспай,
қос қолмен алға қарай серпіле секіріңіз. Секіру кезінде қос аяқпен түсіңіз.
Дескриптор Білім алушы
- секіру техникасын көрсетеді;
- секіру әдісін орындау барысында фазаларды орындайды;
- ұзындыққа секіру әдісін көрсетеді;
- сызықты баспай секіреді;
- қос қолмен алға қарай серпіледі;
- қос аяқпен секіреді.
53
Тақырып Қозғалыс белсенділігі арқылы денсаулықты нығайту
Оқу мақсаты 7.3.1.1 Өз денсаулығына салауатты өмір салтының
тигізетін әсерін түсіну және түсіндіре білу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Денені шынықтырудың әсерін ажыратады
• Салауаттылыққа бағытталған жаттығуларды
орындайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
«Қызыл ту» ойынын ойнаңыз.
https://kk.wikipedia.org/wiki/ Қазақтың ұлттық ойындары.
Дескриптор Білім алушы
- ойынның ережесін сақтайды;
- қозғалыс ойындарының денсаулыққа пайдасын анықтайды.

Комментарии:
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сабақ жоспарлары барлық пәннен ҚМЖ, ОМЖ, ҰМЖ | Планы КСП ССП ДСП
Электронная почта: e-jospar@mail.ru Ватсап: 8(707) 403-01-01 © 2018