» » Қазақ тілі мен әдебиеті (оқыту қазақ тілінде емес) 7-сынып. Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы

Қазақ тілі мен әдебиеті (оқыту қазақ тілінде емес) 7-сынып. Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы

02 май 2018, Среда
3 628
0

Қалыптастырушы бағалауға арналған
тапсырмалар жинағы
Қазақ тілі мен әдебиеті
(оқыту қазақ тілінде емес)
7-сынып
Құрметті мұғалім!
Аталған тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге көмек құралы ретінде құрастырылды. Бұл мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі. Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, оқу мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып табылады.
Жинақтың ұсынылған сипаты сізге білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін есепке ала отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуіңізге, бейімдеуіңізге мүмкіндік береді.
Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.), форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз.
Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!
Жинақ негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық емес мақсатта құрастырылған.
2
Мазмұны
1-тоқсан...............................................................................................................................................4
Бөлім «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілін оқып-үйренеміз. Үштілді білу – үлкен өнер»...........................................................................................................4
Бөлім «Уақыт – ұлы күш» ..........................................................................................................17
Бөлім «Жердегі климаттық өзгерістер» ....................................................................................28
2-тоқсан.............................................................................................................................................38
Бөлім «Қазақстанның ежелгі қалалары және Ұлы Жібек жолы»...........................................39
Бөлім «Спорт және денсаулық күтімі» .....................................................................................54
Бөлім «Ұқсатым. Сән. Талғам.».................................................................................................62
3-тоқсан.............................................................................................................................................70
Бөлім «Ғаламтормен дұрыс жұмыс жасау - мәдениет»..........................................................70
Бөлім «Музыка. Қазақтың киелі домбырасы»..........................................................................79
Бөлім «Наурыз мейрамы. Ақ мол болсын! Ұлыс оң болсын!»...............................................94
4-тоқсан.............................................................................................................................................99
Бөлім «Жастықтың оты қайдасың?» .........................................................................................99
Бөлім «Ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтары» .........................................................112
3
1-тоқсан
Бөлім «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілін оқып-үйренеміз. Үштілді білу – үлкен өнер»
Оқу мақсаты
7.Т2 Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну,ақпараттың өзектілігін анықтау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
•Мәтіннің негізгі мазмұнын анықтайды
•Негізгі ақпаратты ажыратады
Білу және түсіну
1-тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Төмендегі сұрақтарға толық сөйлеммен жауап беріңіз.
«Ана тілі - бәріміздің анамыз,
өйткені ол – ұлтымыздың анасы»
Н.Ә.Назарбаев
Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып саналады. Қазақ тілі - әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай тілдердің бірі. Қазақ халқының ана тілі. Тіл әрбір азаматқа ана сүтімен беріледі. Ана сүтімен берілген қасиеттер тілдің арқасында дамиды. Туған тілге деген құрмет пен сүйіспеншілік бала кезден басталуы керек. Отанға деген ерекше сезім де туған тіліңді білуден басталады. Тіл – халықтың рухани, мәдени байлығын дамыту құралы.
Қазақ тілі – халқымыздың рухани байлығы, атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа мирас болып қалып отырған асыл мұра. Азаматтың қолындағы барлық асыл заттары ескіреді, жоғалады, ал тіл - ескірмейтін ең қымбат мұра. Қазақтың ақыны М.Жұмабаев: «Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмақ емес, бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмыс-тіршілігі, мінезі айқын көрініп тұрады» - деген. Тіл байлығы - әрбір ұлттың мақтанышы.
Амал не, туған тілімізде дұрыс сөйлемейтіндерді жиі кездестіреміз. Басқа халықты айтпағанда, өз ішіміздегі қазақтар да таза сөйлемейді. Бүгін де кейбіреулердің қазақ тілін білмеуі, білсе де сөйлемеуі – қазақ тілін жақсартып, оны дамытуға кедергі келтіреді. Елінің болашағын ойлаған әр азамат ана тілінің болашағына көмегін аямауы тиіс. Өкінішке орай, соңғы кезде көптеген қазақ жастары өз ана тілін бұрмалап сөйлеуді әдетке айналдырған. Ата-ананы қалай қадірлесек, өз ана тілімізді де солай қадірлейік, қастерлейік. Себебі, ана тілінде сөйлемеу – ана сүтін беріп өсірген анаңды ұмытумен бірдей. https://www.adilet.gov.kz/kk/node/17715
Сұрақтар
- Мәтінде не туралы айтылады?
- М. Жұмабаевтың тіл туралы айтқан ойын өз сөзіңізбен қорытындылаңыз.
- «Ана тілінде сөйлемеу – анаңды ұмытумен бірдей» деген пікірмен келісесіз бе? Келісу/келіспеу себептерін айтыңыз.
Дескриптор
Білім алушы
- мәтіннің мазмұнын анықтайды;
- сұрақтарға толық жауап береді;
- автордың ойын қорытындылайды;
- пікірмен келісу/келіспеу себептерін айтады.
4
2-тапсырма
Мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, сұраққа жауап беріңіз. Мәліметтерді топтастырыңыз.
Қазақ тілі қандай тіл?
Дескриптор
Білім алушы
сұраққа жауап береді;
мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін қолданады;
мәліметтерді топтастырады.
ҚАЗАҚ ТІЛІ
5
Оқу мақсаты
7.Т5. Тірек сөздер, автор көзқарасы мен көңіл күйіарқылы негізгі ойды анықтау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
•Тірек сөздерді табады
•Автор көзқарасын, көңіл күйін ажыратады
•Мәтіннің негізгі ойын анықтайды
Қолдану
1-тапсырма
Өлеңді мұқият тыңдаңыз. Жұбыңызбен өлеңнің тақырыбы, автордың көзқарасы туралы сөйлесіңіз. Өлең мазмұнын ашатын тірек сөздерді теріп жазыңыз.
М.Жұмабаев «Қазақ тілі»
Күш кеміді, айбынды ту құлады, Кеше батыр - бүгін қорқақ, бұғады. Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде, Қан суынған, жүрек солғын соғады. Қыран құстың қос қанаты қырқылды, Күндей күшті, күркіреген ел тынды. Асқар Алтай - алтын ана есте жоқ, Батыр, хандар - асқан жандар ұмытылды! Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың Жауыз тағдыр жойды бәрін, не бардың... Алтын Күннен бағасыз бір белгі боп, Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың! Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кең тілім, Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім. Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тілім!
Дескриптор
Білім алушы
- өлеңнің тақырыбын ажыратады;
- автордың көзқарасы туралы айтады;
- тірек сөздерді анықтайды.
2-тапсырма
Төмендегі сөз тіркестері арқылы автордың не туралы айтқысы келгенін жазыңыз. Негізгі ойды жалғастырыңыз.
Сөз тіркестері
Автордың ойы
Күш кеміді
Қан суынған
Жауыз тағдыр
Нұрлы жұлдыз
6
Дескриптор
Білім алушы
- сөз тіркестерінің мағынасын анықтайды;
- автордың ойын анықтайды;
- негізгі ойды жалғастырады.
Оқу мақсаты
7.А1. Мақал-мәтелдер, терминдер мен неологизмдердіорынды қолдана отырып, мәтін мазмұнын дамыту
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
•Мақал-мәтелдер, терминдер мен неологизмдерді тиімдіқолданады
•Мәтіндегі оқиғаны дамытады
Қолдану
1-тапсырма
Берілген мәтін бөліктерін ретімен орналастырыңыз. Мәтіннің не туралы екенін талқылаңыз.
Мәтін бөліктері
Мәтін құрылымы
«Балам, менің мына дүниемен қоштасар күнім жақын. Өзіңе қалдырып бара жатқан бір байлығым бар. Сен соны іздеп тап, ұқыпты қолдан, қадірін біл!»
Өте ертеде бір дана қария өмір сүріпті. Ол дүниеден өтер алдында ұлын шақырып алып, былай депті: «Балам, менің мына дүниемен қоштасар күнім жақын. Өзіңе қалдырып бара жатқан бір байлығым бар. Сен соны іздеп тап, ұқыпты қолдан, қадірін біл!».
Күндердің бір күні бала әкесінің қалдырған қазынасын іздеймін деп жолға шығып, әбден шаршайды. Бірақ әкеден қалған байлық таптырмайды. Амалы таусылған бала ел ішіндегі бір данышпан қартқа барады...
Күндердің бір күні бала әкесінің қалдырған қазынасын іздеймін деп жолға шығып, әбден шаршайды.
Өте ертеде бір дана қария өмір сүріпті. Ол дүниеден өтер алдында ұлын шақырып алып, былай депті:
Бірақ әкеден қалған байлық таптырмайды. Амалы таусылған бала ел ішіндегі бір данышпан қартқа барады...
Дескриптор Білім алушы
- мәтін бөліктерін ретімен орналастырады;
- мәтіннің не туралы екенін айтады.
7
2-тапсырма
Мәтіндегі оқиғаны әрі қарай дамытыңыз. Ойды жалғастыруда төмендегі мақал-мәтелдерді қолданыңыз.
1.Тілден қымбат қазына жоқ.
2.Тіл – халықтың мұрасы.
Дескриптор
Білім алушы
- оқиғаны ретімен дамытады;
- мақал-мәтелдерді орынды қолданады.
3-тапсырма
Мәтінді оқып, терминдер мен неологизмдерді анықтап, мағынасын түсіндіріңіз. Төмендегі мақалдарды мәтін мазмұнымен байланыстырыңыз. Себебін айтыңыз.
Полиглот қыз
Ұлыбританияда тұратын Соня Янг есімді 10 жасар қыз қазақ тілін меңгерген. Жақында Соня өз еліндегі жас лингвистер байқауында жеңімпаз атанды. Соня он тілде, соның ішінде біздің ана тілімізде еркін сөйлейді. Соняның отбасы Англияға Тайвань аралынан қоныс аударыпты. Тайваньда тұрған кезінде Соня қытай, ағылшын және жапон тілдерінде сөйлеген екен. Кейін неміс, француз, испан, португал тілдерін үйренген. Ал былтырдан бері қазақ және ганда тілдерін үйрене бастапты. «Тіл үйрену маған қызық. Түк қиындығы жоқ. Ынта-ықыласың болса, кез келген тілді меңгеруге болады,» - дейді полиглот қыз. Мүмкін, қазақша білетін Соня Қазақстанға саяхаттап келуді армандап жүрген шығар? Келсе, келсін. Қуана қарсы алармыз. Тек... «Қазақша білмейтін қазақтарды көргенде, қайтер екен?» деп ойлайсың.
«Ұлан» газеті»
Мақал-мәтелдер
1.Тіл - достықтың алтын көпірі.
2.Өз тілің - бірлік үшін, өзге тіл - тірлік үшін.
Дескриптор
Білім алушы
- мәтіндегі терминдер мен неологизмдерді табады;
- мағынасын ашады;
- мақалдарды мәтін мазмұнымен байланыстырады;
- себебін айтады. 8
Оқу мақсаты
7.А3. Ауызша мәтіндер құрауда екпін түрлерін сөзжәне сөйлем ішінде орынды қолданып айту
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
•Екпін түрлерін дұрыс қолданады
Қолдану
1-тапсырма
Берілген сөз тіркестерінің мағынасын ашыңыз, жұпта талқылаңыз. Тірек сөздерді қолданып, диалог құрастырыңыз.
Тірек сөздер: ана тілі, мемлекеттік мәртебе, қарым-қатынас құралы, тілге деген құрмет, тіл үйрену, тілді дамыту, таза сөйлеу, заман талабы, үштілділік, т.б.
Дескриптор
Білім алушы
- сөз тіркестерінің мағынасын ашады;
- диалог құрастырады;
- тірек сөздерді қолданады.
2-тапсырма
Тірек сөздерді пайдаланып, «Тіл білу де - өнер» тақырыбында ауызша мәтін құрастырыңыз. Айтылымда екпін түрлерін дұрыс қолданыңыз.
Дескриптор
Білім алушы
- ауызша мәтін құрастырады;
- тірек сөздерді пайдаланады;
- екпін түрлерін дұрыс қолданады.
9
Оқу мақсаты
7.О1. Кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түріндеберілген ақпаратты түсіну, қолдана білу
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
•Кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түріндегіақпараттарды түсінеді
•Қажетті ақпаратты тиімді қолданады
Қолдану
1-тапсырма
Мәтінді түсініп оқыңыз. Берілген сан есімдер мен мәліметтерді сәйкестендіріңіз. Кестедегі сандық ақпаратты сөйлеммен ашып жазыңыз.
Дүниежүзінде халық та, соған орай тіл де көп. Ғалымдар соңғы кездерге дейін дүние жүзінде екі мыңнан астам немесе үш мыңға жуық тіл бар деп келген еді.
1980 жылы Герман Федерациялық Республикасында жарияланған мағлұматтарға қарағанда 5661 тіл бар екен. Қазір дүниежүзінде 2796 түрлі тіл қолданылады. Қолданатындар саны 50 миллионнан асатын тілдер – 13. Ең көп тараған қытай тілінде 844 миллион адам сөйлейді екен. Егер бұл тілдерді қолданатындар санының аз-көптігіне қарай тізсек, реті мынандай болады: қытай тілі, һинді-ордо тілі, ағылшын тілі, испан тілі, итальян тілі. Бұл тілдер 65 мемлекетте мемлекеттік тіл ретінде қолданылады.
Әлемде ресми тіл саны алтау: қытай тілі, ағылшын тілі, орыс тілі, испан тілі, француз тілі, араб тілі. Дүниежүзіндегі барлық аударма шығармалардың 33% - ағылшын тілінен аударылса, 15 % - француз тілінен, ал 1% - неміс тілінен аударылады екен.
Жалпы 6 мыңға жуық тілдің 100-і ғана мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болған. 1989 жылы 22 қыркүйекте «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңы қабылданғаннан бері қазақ тілі де осы мемлекеттік тілдердің қатарына кірген.
Қазақ тілін еркін меңгерген кісіге туыстас түркі тілдерін, әсіресе, қарақалпақ, ноғай, татар және т.б. түркі халықтарының тілін меңгерген қиынға соқпайды. Сол сияқты орыс тілін жақсы білетін адамға болгар, поляк, словак тілдерін игеру жеңілдеу. Ал лингвистердің айтуынша орыс тілін, жапон тілін және қытай тілі секілді «оқшау тілдер» деп аталатын тілдерді меңгеру өте қиын.

Сан есімдер
Сөйлемдер
1
2796
А) Әлемдегі ресми тілдер саны.
2
50 млн.
Ә) ............ жуық тілдің 100-і ғана мемлекеттік тіл деген статус алған.
3
65
Б) Дүниедегі барлық аударма шығармалардың .............. ағылшын тілінен аударылады.
4
33%
В) Қолданатын адамдар саны ……… асатын тілдер – 13.
5
6000
Г) Қазір дүниежүзінде ............ түрлі тіл қолданылады.
6
6
Ғ) Қытай тілінде сөйлейтін адамдар саны.
7
844 млн.
Д) Қытай, һинді-ордо, ағылшын, испан, итальян тілдері - ........ елдің мемлекеттік тілі.
10
Тілдер туралы мәлімет
Барлық тіл
5661
Қолданылатын тіл
2796
Қытай тілі
844 млн.
Ресми тілдер
6
Дескриптор
Білім алушы
- сан есімдер мен берілген мәліметтерді сәйкестендіреді;
- кестедегі сандық ақпаратты сөйлемдермен жазады.
2-тапсырма
Мәтін бойынша берілген диаграммадағы ойды ашып айтыңыз.
Дескриптор
Білім алушы
- диаграммадағы ойды анықтайды;
- қажетті ақпаратты сөйлеммен ашып айтады.
11
Оқу мақсаты
7.О6. Тақырып бойынша деректер қолдана отырып,мәтінде көтерілген мәселеге өз ойын дәлелдеп жеткізу
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
•Мәтіндегі деректерді қолданады
•Көтерілген мәселе туралы өз ойын дәлелдепжеткізеді
Қолдану
1-тапсырма
Мәтінді түсініп оқыңыз. Мәтінді оқи отырып, сөйлемдерді төмендегі шартты белгілермен белгілеңіз.
Тілді қалай үйрену керек
Егер де шет тілді тез және сапалы меңгеру керек болса, оқу үрдісінде бірнеше пайдалы кеңеске назар аудару керек.
Қайталау
Жаңа жаттаған сөздер мен ұғымдарды есте сақтап қалудың негізгі кепілі - қайталау. Белгілі бір уақыт өткен сайын сөздерді еске алып тұру керек. Оларды пайдаланбаса, ұмытылады. Мысалы, бүгін оқыған сөзді ертең қайталау керек. Кейін екі күн өткеннен кейін, сөйтіп қайталау аралығын ұзарта беру қажет.
Ұйқы алдында оқыңыз
Жаңа тілді үйрену көп көлемде жаңа ақпаратты есте сақтау мен түсінуден тұрады. Мысалы, грамматикалық ережелерді мысалдармен түсініп, оларды пайдалана алу керек. Жаңа сөздер сабақ кезіндегіге қарағанда ұйқы алдында тез жатталады.
Тек тілді ғана емес, контентті оқыңыз
Тілді оқу барысында сол тілден пайдалы ақпараттарды оқу керек. Қызықты материалдар тілге деген қызығушылықты арттыра түседі. Зерттеу нәтижелері де осыны дәлелдейді. Бір топ студенттерге тек француз тілін оқуға берген, келесі топқа француз тілінде бірнеше пәндерді оқуға берген. Екінші топ қатысушылары мәтінде түсіну мен оқуда қаттырақ алға ілгеріліген. Жұмыс істегендіктен тілді оқуға керекті арнайы уақытта бөлу өте қиын. Егер де тілмен күнделікті айналысса, оның пайдасы жақсырақ болады. Біздің ми бір уақытта көп ақпаратты қабылдай алмайды. Сол себепті оны бөліп-бөліп берген дұрыс. Бос уақыттарда подкасттар тыңдау тілдің құрылымы мен сөйлеуді түсінуге жақсы құрал.
Ескі мен жаңаны араластырыңыз
Оқу керек материал көлемі өте көп. Сол себепті тілді тез оқуға тырысамыз. Осындай асығыстық кезінде ескі ақпарат ұмытылып қалып жатады. Мұны болдырмау үшін ескі өткен ақпаратты жаңа алынған біліммен араластырып отыру керек. Сонда жаңа тілді оқу үрдісі жылдамырақ жүреді.
12
«Түртіп алу» тәсілі
V
+
-
?
Бұл маған таныс ақпарат
Бұл мен үшін жаңа ақпарат
Бұл пікірмен келіспеймін
Мен үшін түсініксіз ақпарат
Дескриптор
Білім алушы
- мәтінді талдап оқиды;
- деректерді шартты белгілермен белгілейді.
2-тапсырма
«Төрт сөйлем» тәсілі
1.Пікір. Мәтіндегі деректерді қолданып, өз пікіріңізді жазыңыз. (1 сөйлем)
2.Дәлел. Өз ойыңызды аргументпен дәлелдеңіз. (1 сөйлем)
3.Мысал. Пікірді өмірмен байланыстырып, мысал келтіріңіз. (1 сөйлем)
4.Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарыңыз. (1 сөйлем)
Дескриптор
Білім алушы
- өз пікірін жазады;
- деректерді қолданады;
- ойын дәлелдейді;
- өмірмен байланыстырып, мысал келтіреді;
- тақырып бойынша қорытынды шығарады.
13
Оқу мақсаты
7.Ж4. Тақырып бойынша мәліметтерді жинақтап,презентация түрінде ұсыну
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
•Тақырыпқа сәйкес мәліметтерді жинақтайды
•Презентация түрінде қорғайды
Жоғары деңгей дағдылары
1-тапсырма
Мәтінді түсініп оқыңыз. Мәтіндегі мәліметтерді жинақтап, негізгі ойды қорытындылаңыз.
«Қазақстан бүкіл әлемге халқы 3 тілді еркін пайдалана алатын,
мәдениетті ел ретінде танылуы тиіс»
Н.Ә Назарбаев.
Қазіргі уақытта қазақ тілін дамыта отырып, орыс тілінің қолданылу деңгейін сақтау, ағылшын тілін үйрету тіл саласындағы жұмыстардың басым бағыты ретінде белгіленіп отыр. Өмір сүріп отырған елдің мемлекеттік тілін білу - парыз. Соңғы кездері мемлекеттік тілді үйренуге еңкейген кәріден бастап, еңбектеген сәбидің де ынтасы зор.
Өткен жылы әлем бойынша ағылшын тілінде 500 мың кітап жарық көрсе, қазақ тілінде 2 000 кітап қана шыққан. Сол 500 мың кітаптың ішінде ғылым-білім мен технология, медицина салаларында 30 мың материалдар жарық көрген болса, қазақ тілінде 200 мақала ғана басылған. Ал енді осыншама дүниелермен танысу, оқу, игеру үшін біз қашанғы аударып алып отырамыз? Сондықтан тікелей түпнұсқадан оқып, біліп, түсініп, жарық көріп жатқан жаңа идеялар мен технологияларды игеруіміз үшін, қазірдің өзінде балаларымыздың ағылшын тілін үйренуіне жағдай жасағанымыз абзал. Үштұғырлы тіл – жай әдемі тұжырымдама емес, өмірлік қажеттіліктен туындаған игілікті идея. «Ақылды» экономиканың авторы атанған елдер күллі әлемге танылып, қарыштап дамуда. Ал бұл бағыттағы табыстарға қол жеткізу үшін біздің ғаламшардағы үстемдік құрған тілдерді үйренуіміз қажет.
Төмендегі пікірлермен келісу/келіспеу себебіңізді айтыңыз.
•Қазақ тілі – мемлекеттік тіл, сондықтан оны дамытамыз,
•Орыс тілі – қарым-қатынас тілі, сондықтан оны қолдаймыз,
•Ағылшын тілі – жаһандық тіл, сондықтан оны үйренеміз.
Дескриптор
Білім алушы
- мәтіннен мәліметтерді жинақтайды;
- негізгі ойды қорытындылайды;
- пікірмен келісу/келіспеу себебін айтады.
14
2-тапсырма
Мәтіндегі мәліметтерді пайдаланып, «Үштілділік – заман талабы» тақырыбында презентация дайындаңыз. Төмендегі презентацияға қойылатын талаптарды ескеріңіз.
•4-5 слайдтан кем не артық болмауы тиіс;
•барлық слайдтар бірыңғай стильде құрылуы керек;
•мәліметтер жинақы, ой қысқа да нұсқа берілуі керек;
•презентациядағы барлық сөз саны 90-100-ден аспауы шарт.
Дескриптор
Білім алушы
- тақырыпқа қатысты презентация дайындайды;
- мәтіндегі мәліметтерді пайдаланады;
- презентация талаптарын сақтайды.
15
Оқу мақсаты
7.ТБ1.1. Мәтіндерден көмекші есімдерді ажырата білу,жазбаша, ауызша жұмыстарда қолдану
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
•Көмекші есімдерді ажыратады
•Көмекші есімдерді жазбаша, ауызшажұмыстарда дұрыс қолданады
Қолдану
1-тапсырма
Кестедегі көмекші есімдерге жатыс септік жалғауын жалғап, сөз тіркестерін құрастырыңыз. Үлгі: үстелдің үстінде
Дескриптор
Білім алушы
- көмекші есімдерді ажыратады:
- жалғауды дұрыс жалғайды;
- көмекші есімдермен сөз тіркестерін құрастырады.
2-тапсырма
Берілген мақал-мәтелдерді оқып, қалып қойған сөзді табыңыз. Орыс, ағылшын тілдеріндегі аудармасына назар аударыңыз. Мақалдарды көшіріп жазып, көмекші есімдердің астын сызыңыз.
Мақал-мәтелдер
Дұрыс жауаптар
•Өнер алды - қызыл ....
•Таза мінсіз асыл … су түбінде жатады,
Таза мінсіз асыл … ой түбінде жатады.
•Есік алды төбе болса, ерттеп қойған .. тең.
•Балаң .... болса, жердің үсті жақсы,
Балаң .... болса, жердің асты жақсы.
(тіл – язык - language)
(тас - камень - rock )
(сөз – слово - word )
(ат – лошадь - horse )
(жақсы – хороший - good)
(жаман – плохой - bad)
Дескриптор
Білім алушы
- мақалдардағы қалып қойған сөздерді табады;
- сөздердің орыс, ағылшын тіліндегі аудармасын ажыратады;
- мақалдардан көмекші есімдерді анықтайды.
16
Бөлім «Уақыт – ұлы күш»
Оқу мақсаты
7.Т1. Мәтін үзінділері арқылы оқиғаның дамуын болжау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
•Мәтін үзінділерін дамытады
•Оқиғаның жалғасын болжайды
Қолдану
1-тапсырма
Мәтін үзіндісін тыңдаңыз. Тыңдалым тапсырмаларын орындап, сұрақтарға жауап беріңіз.
•үзіндіде не туралы айтылады?
•оқиғаны дамытып, ойды әрі қарай жалғастырыңыз.
•дана құмыраны не үшін толтырды деп ойлайсыз?
•ол шәкірттеріне не туралы айтуы мүмкін?
Бір дана бос құмыраны алып, таспен толтырады. Шәкірттерін жинап:
- Құмыра толды ма? - деп сұрақ қояды. Шәкірттері:
- Иә, - деп жауап береді. Дана бұршақ толы банканы алып, түгелдей құмыраға құяды. Бұршақ тас арасындағы бос жерді толтырады. Сонда дана:
- Енді толды ма? - деп сұрайды. Шәкірттері тағы да: «иә», - дейді.
Бұл жолы дана құм толы қорапты алып, құмыраға құяды. Құм бұршақ пен тас арасынан өтіп, бүкіл бос жерді толтырады.
Дана шәкірттерінен тағы сұрап, «иә» деген жауап алады. Сосын дана бір кесе су алып, құмыраға құяды. Шәкірттері мұны көріп, күледі.
Сонда дана былай дейді....
Дескриптор
Білім алушы
- үзіндінің не туралы екенін анықтайды;
- оқиғаны дамытып, ойды жалғастырады;
- сұрақтарға жауап береді.
2-тапсырма
Өзіңіз болжаған оқиғаны мәтін қорытындысымен салыстырыңыз. Ұқсастығы мен айырмашылығын табыңыз.
... Сонда дана былай дейді:
- Сендерге айтайын дегенім, құмыра — біздің өміріміз. Тас — өміріміздің басты бөліктері: балалар, отбасы, достар, денсаулық. Бұршақ - бізге қуаныш сыйлайтын, бірақ ең маңызды емес нәрселер, яғни үй, жұмыс, көлік, бағалы заттар, т.б. Құм — кез келген адам өмірінде бар ұсақ-түйек нәрселер. Егер басында құмыраны құмға толтырсаңыз, тас түгілі бұршаққа да орын қалмайды. Өмірде де солай: ұсақ-түйекке көп уақыт жұмсасаң, бастысына уақытың жетпейді.
Дескриптор
Білім алушы
- екі мәтін қорытындысын салыстырады;
- ұқсастығы мен айырмашылығын табады.
17
3-тапсырма
«Ұсақ-түйекке көп уақыт жұмсасаң, бастысына уақытың жетпейді» деген дана сөзімен келісесіз бе? Пікіріңізді мысалдармен дәлелдеңіз.
Дескриптор
Білім алушы
- келісу/келіспеу себебін айтады;
- пікірін мысалдармен дәлелдейді.
18
Дескриптор Білім алушы
- өлең үзінділері мен автордың ойын сәйкестендіреді;
- себебін айтады.
Оқу мақсаты
7.Т4. Повестердің және лирикалық поэзиялықшығармалардан үзінді тыңдау, тақырыбы мен идеясын талдау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
•Әдеби шығармаларды тақырыбы мен идеясынаталдайды
Қолдану
1-тапсырма
Өлеңді мұқият тыңдаңыз, не туралы екенін айтыңыз. «Сағаттың өзі — ұры шықылдаған, Өмірді білдірмеген, күнде ұрлаған» деген өлең жолдарын қалай түсінесіз?
Абай Құнанбаев «Сағаттың шықылдағы емес ермек»
Сағаттың шықылдағы емес ермек,
Һәмиша өмір өтпек — ол білдірмек.
Бір минут бір кісінің өміріне ұқсас,
Өтті, өлді, тағдыр жоқ қайта келмек.
Сағаттың өзі — ұры шықылдаған,
Өмірді білдірмеген, күнде ұрлаған.
Тиянақ жоқ, тұрлау жоқ, келді, кетті,
Қайта айналмас, бұрылмас бұлдыр заман.
Өткен өмір белгісі — осы сыбдыр,
Көңілді күнде сындыр, әлде тындыр.
Ақыл анық байқаған қылығыңды,
Қу шыққансып қарасып босқа бұлдыр.
Күн жайылып ай болды, он екі ай — жыл,
Жыл жайылып, қартайтып қылғаны — бұл.
Сүйенген, сенген дәурен жалған болса,
Жалғаны жоқ бір тәңірім, кеңшілік қыл.
Дескриптор
Білім алушы
- шығарманың не туралы екенін, идеясын айтады;
- өлең жолдарына түсінік береді.
2-тапсырма
Өлең үзінділері мен автордың ойын сәйкестендіріңіз. Себебін айтыңыз.
Өлең үзінділері
Автордың ойы
Бір минут бір кісінің өміріне ұқсас,
Өтті, өлді, тағдыр жоқ қайта келмек.
Уақыт өте жылдам өтеді.
Күн жайылып ай болды, он екі ай - жыл,
Жыл жайылып, қартайтып қылғаны - бұл.
Өткен уақыт қайта келмейді.
19
Оқу мақсаты
7.А4. Шығармадағы кейіпкерлерге автор берген мінездеменіңтілдік құралдарын талдау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
•Автор берген мінездемені анықтайды
•Мінездемедегі тілдік құралдарды талдайды
Жоғары деңгей дағдылары
1-тапсырма Мәтінді оқып, мазмұнымен танысыңыз. Негізгі кейіпкерге автор берген мінездемені түсіндіріңіз. Бала қандай? Мінездеме беріңіз.
Ертеде бір бала өмір сүрген екен. Ол достарымен бірге доп қуалап, балалық шағын қызықты өткізеді. «Уақыты» да үнемі жанында бірге қуанып жүретін. Теледидар қарауға да, кітап оқуға да, достарымен ойнауға да уақыты жететін. Уақыт екеуінің арасында еш қиындық тумайтын.
Ол өскен соң әріптестері, қиын жұмыстары пайда бола бастайды. Бірде көлікті жөндеу үшін, енді бірде сүйіктісімен қыдыру үшін бала Уақытты аздап қысқартуды әдетке айналдырады. Ал Уақыт оның соңынан күлімсіреп ере береді.
Баланың достары оған қиындықтарын айтып, көмек сұрайтын. Ал бұл қиындықтардың әрқайсысы оның Уақытын қажет ететін. Ол уақытты өлтіргісі келмесе де, басқа адамдар үшін көп уақытын жоятын. Жездесі қалаға барып келуді өтінсе, енді бірде көршісі бірге отырып шай ішуді сұрады. Мұнымен қатар, теледидар, телефон, компьютер деген уақытты алатын нәрселер тағы бар.
Есейген шақта бала Уақытпен мүлдем қош айтысады. Күндердің бір күнінде оған баласы келіп:
- Әке, хайуанаттар бағына немесе киноға барайықшы! – деп өтінеді. Ол:
- Балам, кешір! Менің уақытым жоқ! – деп жауап қайтарады. Баласына есейген соң хабарласып:
- Балам, маған неге телефон шалмай кеттің? – деп сұрайды. Сонда баласы:
- Әке, айыпқа бұйырмаңыз. Менің уақытым жоқ! – деп жауап берген екен.
Автор мінездемесі
Сіздің мінездемеңіз
Балалық шағын қызықты өткізеді.
Басқа адамдар үшін көп уақытын жұмсайтын.
Уақытты қысқартуды әдетке айналдырады.
Дескриптор
Білім алушы
- автордың берген мінездемесін анықтайды;
- кейіпкерге өзі мінездеме береді. 20
2-тапсырма
Автор қолданған сөз тіркестерінің мағынасын ашыңыз. Баламасын (синонимін) жазыңыз.
Автор қолданысы
Менің қолданысым
Доп қуалау
Қиындық тумайтын
Әдетке айналдырады
Есейген шақта
Жауап қайтару
Телефон шалу
Дескриптор
Білім алушы
- автор қолданған сөз тіркестерін анықтайды;
- мағынасын ажыратады;
- сөздердің синонимдерін анықтайды.
21
1-тапсырма
Мәтінді оқыңыз. Эйнштейн және Гетенің уақыт туралы ойларымен келісесіз бе? Неге? Уақытты үнемдеуге арналған ұсыныстарды толықтырыңыз.
Сағат сатып алсаң да, уақыт сатып ала алмайсың
Бірде «Мені жарты сағаттан кейін оятыңызшы», - деп көз ілмек болған Эйнштейнді қызметшісі біраз тынығып алсыншы деп, бір сағаттан кейін оятыпты. Тұра сала жалма-жан сағатқа қараған ғалым жарты сағаттан кейін оятпаған қызметкеріне қатты ренжіп, «Жарты сағат уақытымды қайтарып беріңіз онда!» деген екен. Сол сияқты «Ұрланған заттың орнын басқа затпен толтыруға болады, ал ұрланған уақыттың орнын ешқашан толтыра алмайсың» деген екен немістің ұлы ақыны Гете.
Уақытты үнемдеуге арналған ұсыныстар
1.Істелуге тиісті маңызды істердің тізімін жасаңыз.
2.Адамдарға мейірімді, бірақ уақытты жұмсауға сараң болыңыз.
3.Бір жұмысты бітіріп, содан кейін ғана келесісіне көшіңіз.
4.Онша маңызды емес әңгімені кейінге қалдырыңыз.
5.Сіз айналысуға тиіс емес жұмыс болса, оны істеуден бас тартыңыз.
6.Табанды болыңыз. Басқалардың сіздің уақытыңызды алуына жол бермеңіз.
7.Жұмысты бітіретін мерзімді өз күшіңіз бен мүмкіндігіңізге қарап белгілеңіз. Өтеқысқа уақыттың ішінде бітіремін деп орындалмайтын уәде беруден аулақ болыңыз.
Оқу мақсаты
7.О2. Ресми-іскерлік (өтініш, нұсқаулық, ресмиқұттықтаулар, ұсыныстар) салаға қатысты мәтіндердің тілдік ерекшелігін анықтап, талдау жасау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
•Ресми-іскерлік (өтініш, нұсқаулық, ресмиқұттықтаулар, ұсыныстар) салаға қатысты мәтіндерді ажыратады
•Тілдік ерекшеліктерін анықтайды
•Ресми-іскерлік салаға қатысты мәтіндерге талдаужасайды
Қолдану
Дескриптор
Білім алушы
- мәтіндегі негізгі ойды анықтайды;
- уақыт туралы ойлармен келісу/келіспеу себептерін атайды;
- уақытты үнемдеу туралы ұсыныстарды толықтырады.
22
2-тапсырма
Мәтіннен төмендегі сөздердің синонимдері мен антонимдерін тауып жазыңыз.
Берілген сөздерге лексикалық және морфологиялық талдау жасаңыз.
Қызметші, ешқашан, мейірімді, әңгімені
Синоним сөздер
Антоним сөздер
демалып
жауыз
ашуланып
жомарт
ұйықтамақ болып
ұзақ
нәрсе
уәде беру
Дескриптор
Білім алушы
- сөздердің синонимдерін анықтайды;
- сөздердің антонимдерін анықтайды;
- лексикалық және морфологиялық талдау жасайды.
23
Оқу мақсаты
7.Ж2. Эссе құрылымы мен дамуын сақтап, көтерілгенмәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
•Эссе құрылымын сақтайды
•Көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеусебептерін көрсетіп жазады
Жоғары деңгей дағдылары
1-тапсырма
Төмендегі «Пікірлер картасын» толтырыңыз. (+) Себебін айтыңыз.
Пікірлер
Толықтай келісемін
Жарты
лай келісемін
Мүлдем келіспей
мін
Уақытты орынды пайдалану да – өнер.
Мектептегі сабақтар мен үй тапсырмасына көп уақыт кетеді.
Қазіргі жастарда мүлдем бос уақыт жоқ.
Әлемде өз уақытын үнемдей алмайтын адамдар өте көп.
Ұялы телефонда отыру - уақытты босқа өткізу деген сөз.
Үлкендерге қарағанда жастар уақытын дұрыс пайдалана алмайды.
Дескриптор
Білім алушы
- пікірлер картасын толтырады;
- себебін айтады.
2-тапсырма
Құрылымын сақтай отырып, «Қазіргі жастар бос уақытын тиімді пайдаланбайды» деген пікір бойынша эссе жазыңыз. Келісу/келіспеу себептерін көрсетіңіз.
Дескриптор
Білім алушы
- көтерілген мәселені түсінеді;
- эссе құрылымы мен дамуын сақтайды;
- келісу/келіспеу себептерін көрсетіп жазады.
24
Оқу мақсаты
7.ТБ1.2. Салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалышырайлардың қызметін білу, жазба, ауызша жұмыстарда қолдану
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
•Салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалышырайларды ажыратады
•Шырай түрлерін жазба, ауызша жұмыстардадұрыс қолданады
Қолдану
1-тапсырма
Уақыт туралы афоризмдерді түсініп оқыңыз. Мәтіннен сын есімдерді теріп жазыңыз. Шырай түрлерін ажыратыңыз.
Уақыт неге зымырайды?
•Уақыт - біздің өміріміздегі ең маңызды баға жетпес құндылықтарымыздың бірі.
Вальтер Скотт
•Уақыт біреуге өте ұзақ, біреуге тым қысқа болып көрінуі мүмкін. Бұл оның қандайіспен, не тірлікпен толтырылғандығына байланысты.
Самуил Маршак
•Уақыт біздің ойымыздан да жүйріктеу.
Анжелика Миропольцева
•Күндеріміз сондай ұзақ! Жылдарымыз сондай жүйрік!
Альфонс Доде
•Адамдарға мейірімді, уақытқа келгенде сараңдау болыңыз.
Томас Манн
•Уақыт – нағыз ұстаз. Бірақ бір өкініштісі ол барлық шәкірттерін өлтірмейтынбайды.
Гектор Берлиоз
•Адам өмір сүру үшін уақытының өте көп бөлігін жұмыс істеуге жұмсайды. Алқалған бос уақытта бойындағы стресстен арылуға тырысып күн кешеді.
Иоганн Вольфганг Гете
•Француз зерттеушісі Мишель Сифр 1960 жылы тәжірибе жасап көріпті. Ол күн көзі көрінбейтін, жарығы мен сағаты жоқ үңгірге кіріп екі ай өмір сүріпті. Нәтижесінде, 4-5 сағат болмаса, әдеттегі 24 сағаттан жаңылмаған. «Яғни, уақыттың ақырын немесе тым тез өтуі тек өзіңізге байланысты», - дейді ғалым.
Дескриптор
Білім алушы
- афоризмдерді ажыратады;
- сын есімдерді анықтайды;
- шырай түрлерін ажыратады.
2-тапсырма Шырай түрлерін қолданып, уақыт туралы мәтін құрастырыңыз.
Дескриптор
Білім алушы
- уақыт туралы мәтін құрастырады;
- шырай түрлерін орынды қолданады.
25
Оқу мақсаты
7.ТБ1.4. Одағай түрлерін мәтіннен ажырата алады, ауызшажұмыстарда орынды қолдану
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
•Одағай түрлерін ажыратады
•Мәтіннен одағайларды табады
•Одағайларды ауызша жұмыстарда қолданады
Қолдану
1-тапсырма
Кестені толтырыңыз (топтық жұмыс).
ОДАҒАЙ СӨЗДЕР
ТҮРЛЕРІ
ерекшеліктері
ЕМЛЕСІ
Дескриптор
Білім алушы
- одағайдың түрлерін анықтайды;
- ерекшелігін атап көрсетеді;
- емлесін ажыратады.
2-тапсырма
Мәтінді түсініп оқыңыз. Одағайларды теріп жазып, түрлеріне ажыратыңыз.
Уақыт - біздің өміріміздегі ең маңызды баға жетпес құндылықтарымыздың бірі. Бұл бағалы ресурсты кері қайтарып алуға немесе қалпына келтіруге болмайды. Ақшамызды жоғалтып алсақ, оны күндердің бір күнінде қайтадан табуға болады. Бірақ уақыт бір орнында тұрмайды, өз ағымымен жүріп жатады. Көп жағдайда адамдар өткен өмірлеріне кері бұрылып қарағанда, қаншама жылдарының босқа өтіп кеткенін енді ғана аңғарып жатады. «Осы күнге дейін не бітірдім?», «Қандай мақсаттарға жеттім?» деп өздеріне сұрақ қойып, «Қайран, алтын уақытым-ай!», «Шіркін, жастық шағым қайта айналып келсе ғой!» деп армандап не өкініп жатады. Сондықтан, әркім өз уақытын барынша тиімді әрі пайдалы істерге жұмсау керек.
ЕЙ, УАҚЫТ!
Уақыт-ай, шіркін, халің қалай?
Қоя тұршы арындамай!
Онсыз да алшақ баспай,
Жүресің дамылдамай.
Ұ. Сағадиев
26
УАҚЫТ - ҚЫЛЫШ!
Бос өткізбей сағатты бағалай біл,
Жас шақты уақытында жағалай біл.
Кеш болғанда қалмасқа «әттең-ай!» деп,
Есеп беріп минутты саралай жүр.
Б. Басықара
Дескриптор
Білім алушы
- мәтіннен одағайларды анықтайды;
- одағайларды түрлеріне ажыратады.
27
Бөлім «Жердегі климаттық өзгерістер»
Оқу мақсаты
7.Т6. Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде өзпікірін өзгелердің пікірімен салыстыра отырып жауап беру
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
•Өз пікірін өзгелердің пікірімен салыстырады
•Орынды жауап береді
Қолдану
1-тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз. Жауаптарды салыстырыңыз.
Климат
Ауа райының белгілі бір жерге тән, көп жылдық орташа жай-күйі климат деп аталады. «Климат» сөзi грек тiлiнен аударғанда «ылди, еңiс» мағынасын бiлдiредi. Яғни климат жер бетiне түсетiн жылу мөлшерi мен күн сәулесiнiң түсу бұрышын анықтайды. Күн көкжиектен неғұрлым жоғары болса, күн сәулесiнiң түсу бұрышы да соғұрлым үлкен және сондықтан жер бетi жақсы қызады. Ыстық, қоңыржай және суық климат түрлерi бар. Экватор ауданында климат ыстық, ол жерде Күн жыл бойы көкжиек үстiнде жоғары орналасқан, сондықтан жер бетi күн сәулесiнiң көп мөлшерiн қабылдайды. Ыстық климатта жыл маусымы жоқ және жыл бойы жаз болып тұрады.
Бұл жерде климат ыстық немесе ылғалды, сондықтан жылусүйгiш өсiмдiктер тез өседi, олардың гүлдеуi мен жемiстеуi жыл маусымымен байланысты емес.
Сiз бен біз қоңыржай климатта өмiр сүремiз, ол жерде күн сәулесiнiң түсу бұрышы экваторға қарағанда аз. Сондықтан жер бетi аз жылу қабылдайды. Қоңыржай климатта жыл маусымдары анық көрiнедi. Өсiмдiктер қыс кезiнде өсуiн тоқтатып, жапырақтары түседi. Жәндiктерде де тыныштық кезең туады, кейбiр жануарлар ұйқыға кетедi. Көптеген құстар жылы жаққа ұшады, ал қалған жануарлар қысқа қорек жинайды. Ауа райы өзгереді, ал климатқа тұрақтылық тән.
1.Мәтінде климаттың қандай ерекшеліктері туралы айтылған?
2.Климаттық өзгерістер жайлы тағы не білесіз?
3.Сізге қай климат түрі ұнайды? Неліктен?
4.Әлемдік жылыну жайлы естігеніңіз бар ма?
Дескриптор
Білім алушы
- климаттық өзгерістер туралы пікірлеседі;
- сұрақтарға жауап береді;
- жауаптар мен пікірлерді салыстырады.
28
2-тапсырма
Сыныптастарыңызға «Қоршаған ортаны қорғау үшін не істер едіңіз?» деген сұрақ қойып, жауабын тыңдаңыз. Тыңдалған пікірлерді салыстырыңыз, өз ойыңызды ұсыныңыз.
Дескриптор
Білім алушы
- сұрақтарды сыныптастарымен талқылайды;
- жауаптар мен пікірлерді салыстырады;
- өз ұсынысын айтады.
Оқу мақсаты
7.А2. Кеңес беру, ұсыныс жасау, өтініш, талап ету, бұйрықберудің түрлі формалары мен жағдаяттарына сай ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолдана білу
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
•Кеңес беру, ұсыныс жасау, өтініш, талап ету,бұйрық беру формаларын ажыратады
•Ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларынтүрлі жағдаяттарда қолданады
Қолдану
1-тапсырма
Мәтінді түсініп оқыңыз. Ғаламдық жылынуды болдырмау үшін не істеуге болатыны туралы сыныптасыңызға кеңес беріңіз.
Ғаламдық климаттық өзгерістер
1.Ғаламдық жылыну — биосфераның ластануы. Ауадағы көмір қышқыл газдың (С02 )көбеюі климаттың ғаламдық жылуына, яғни, Антарктидадағы мұздықтардың жаппайеруіне, Әлемдік мұхиттың көтерілуіне, көптеген жердің су астында қалуына жәнебасқа да жағымсыз жағдайларға алып келеді. Мәліметтер бойынша келесі ғасырдыңбасына дейін Жер бетінің температурасы 1,4°С-қа көтеріледі.
2.Ормандардың азаюы. Жаңбырлы тропикалық ормандар оттегінің басты көзі.Сондықтан ормандарды «планетаның жасыл өкпесі» деп атайды. Соңғы 50 жылдаадамдар Жер бетіндегі ормандардың 2/3 бөлігін, ал соңғы 100 жылда 40%-ын жойған.Жыл сайын дүние жүзінде 15-20 млн гектар (Финляндия аумағындай) тропикалықормандар жойылуда. Ормандардың жойылуының басты себептері: орманалқаптарының егіншілік үшін өңделуі, ағаш отындарға сұраныстың артуы,ормандарды өнеркәсіп қажеттігі үшін қырқу.
3.Озон қабатының бұзылуы. Атмосферадағы озонның мөлшері 0,004% болса, стратосферадағы оның қалыңдығы 2-4 мм. Озон қабаты - биосфераның жоғарғы шекарасы. Одан жоғары орналасқан қабаттарда тіршілік жоқ. Озон жердегі тіршілікке қауіпті Күннің ультракүлгін сәулелерін сіңіреді, сондықтан оны «қорғаныш қабаты» деп атайды. Озон қабатының 50%-ға бұзылуы радиацияны 10 есеге көбейтеді. Озоносфераның бұзылуы тері ісік ауруының көбеюіне, көз катарактасына, жүйке жүйесінің әлсіреуіне, мұхиттағы планктонның жоғалуына, өсімдіктер мен жануарлар әлемінің мутациясына алып келеді.
29
Дескриптор
Білім алушы
- тақырып бойынша кеңес береді;
- кеңес беруде сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолданады.
2-тапсырма
Ормандардың жойылып кетпеуін сұрап, орман шаруашылығы қызметкерлеріне өтініш айтыңыз.
Өтініш білдіру формасын анықтаңыз.
Сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолданыңыз.
Дескриптор
Білім алушы
- өтініш айту формасын ажыратады;
- тақырып бойынша өтініш айтады;
- өтініш айтуда сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолданады.
3-тапсырма
Озон қабатының бұзылуына жол бермеу үшін не істеуге болатыны туралы
ұсыныс жасаңыз.
Дескриптор
Білім алушы
- тақырып бойынша ұсыныс жасайды;
- ұсыныс жасауда сөз әдебі мен сөйлеу этикеті
формаларын қолданады.
30
Оқу мақсаты
7.А5. Диалогке қатысушылар коммуникативтік жағдаяттыңталаптарына сай «сөйлеуші → тыңдаушы» позицияларын еркін ауыстыру
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
•Диалогке қатысушылар қарым-қатынас талаптарынажыратады
•«Сөйлеуші → тыңдаушы» позицияларын еркінауыстырады
Қолдану
1-тапсырма
«Сөйлеуші → тыңдаушы» позицияларын таңдап, төмендегі сұрақтар бойынша сөйлесіңіз/тыңдаңыз.
Әр сұрақ сайын позицияны ауыстырып отырыңыз.
Робинзон Крузоның ақиқаты
Ағылшын жазушысы Даниэл Дефо «Робинзон Крузо» деп аталатын жалғыз романымен-ақ әлемге әйгілі болды. Өйткені бұл роман ұлы мұхиттың бір түкпіріндегі бұрын-соңды адам баласы аяқ басып көрмеген аралдағы жалғыз жанның жанкешті тірлігі туралы. Робинзон Крузоның өмір сүру үшін жасаған айла-шарғысы оқушы жігерін жанып, қайратын қайрай түседі. Романды оқыған болсаңыз «Робинзон расымен де өмірде болған ба? Болса оның аралы қайда екен?» деген ойлар пайда болады. Ендеше, шындықты бірге іздейік.
Робинзон – қиялдан туған кейіпкер емес. Даниель Дефоның шығармасы нақты фактілер бойынша жазылған. Кітапта қаһарманның фамилиясы мен аралдың аты ғана өзгертілген. Дефо табиғат сұлулығын суреттеу барысында Тринидад және Табаго аралдарының көрінісін пайдаланған. Шындығында, Чили төңірегіндегі Мас-а-Тьерра (испан тілінен аударғанда «жағалауға жақын») аралы – Робинзонның өмір сүрген құпия мекені болып табылады.
•Робинзон елсіз аралға қалай тап болады?
•Робинзон өмір сүрген аралдың ауа райы қалай суреттеледі?
•Робинзон өз уақытын қалай жоспарлады?
•Жұмыс істеу, аң аулау, демалу, тамақ ішу уақыттарын қалай реттеді?
•Аралда бірнеше жыл тұрған Робинзон қандай кәсіппен айналысты?
31
Дескриптор
Білім алушы
- тақырып бойынша сөйлей/тыңдай алады;
- «сөйлеуші →тыңдаушы» позицияларын еркін ауыстырады;
- шығарма мазмұнына байланысты сұрақтарға жауап береді.
2-тапсырма
«Автор орындығы» әдісі. Робинзон бейнесіндегі оқушыға сұрақтар қойып, жауабын тыңдаңыз.
•Елсіз аралға тап болғанда қандай сезімде болдыңыз?
•Өзіңіздің қорқынышыңызды қалай жеңе білдіңіз?
•Сіздің сол ортаға бейімделуіңізге қай қасиетіңіз көмектесті?
Дескриптор
Білім алушы
- шығарма мазмұнына байланысты сұрақтар қояды;
- сұрақтарға жауап береді;
- «сөйлеуші →тыңдаушы» позицияларын еркін ауыстырады.
32
Оқу мақсаты
7.О5. Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтердікесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде ұсыну
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
•Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтердікесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түріндеұсынады
Қолдану
1-тапсырма
Мәтінді түсініп оқыңыз. Ғалымдардың атқарған қызметі туралы мәліметті жинақтап, төмендегі кестені толтырыңыз.
Сендер белгілі бір аумаққа тән ауа райының ұзақ жылдар бойы қайталанып отыратын жиынтығын климат деп атайтынын білесіңдер. Жер шарының кез келген аймағындағы климаттың қалыптасуына, ең алдымен, оның географиялық орны, атмосфера циркуляциясы, жер бедері мен төсеніш бетінің сипаты, сондай-ақ теңіздер мен мұхиттардың ықпалы себепші болады. Жер шарындағы климаттың қалыптасу зандылықтарын, климат түрлерін, антропогендік әрекеттің климатқа әсерін зерттейтін географияның аса маңызды саласын климатология деп атайды. Климатты географиялық жағынан зерттеу XIX ғасырда басталған. Климатология ғылымының дамуына орыс географы А. И. Воейков, неміс зерттеушісі, географ А. Гумбольдт және орыс климатологы Ф.И. Кеппен зерттеулері негіз болды. XX ғасырда климатты аудандастыруға Ф.И. Keппен мен орыс географы әрі биологі Л.С.Берг алғашқы қадам жасады. Ф.И.Кеппен Жер шарын ондағы температура мен ылғалға қарай 5 климаттық белдеуге бөлді. Бұл аудандастыру климаттың тек сыртқы беттерін қарастырды. Б.П.Аписов жер шарын 7 негізгі, 6 өтпелі климаттық белдеуге жүктеген. Негізгі климаттық белдеулердің шекарасы жыл бойы басым болатын ауа массаларының орнымен анықталады. Мысалы, экваторлық белдеуде жыл бойы экваторлық ауа массасы басым болады. Ал өтпелі климаттық белдеулерде 1 жыл ішінде екі түрлі ауа массасы алмасады. Субэкваторлық белдеу қыста тропиктік, ал жазда экваторлық ауа массаларының ықпалында болады. Тропиктік белдеу жыл бойы тропиктік ауа массаларының ықпалында болады, сондай-ақ бұлттың төмен болуына байланысты күн жылуын аса мол алады. Климаттық белдеулердің шекарасы ретінде атмосфералық негізгі (климаттық) фронттар қыс пен жазда ең шеткі орнын алады. Б.П.Аписовтың аудандастыруында климаттың белдеу ішіндегі өзгерістері де тексерілген.
Ғалымдар
Атқарған қызметі мен зерттеулері
А. И. Воейков
Ф.И..Keппен
Б.П.Аписов
А. Гумбольдт
Дескриптор
Білім алушы
- мәтіндегі мәліметтерді жинақтайды;
- ғалымдардың қызметі мен зерттеулерін анықтайды;
- кестені толықтырады.
33
2-тапсырма
Климат түрлері мен олардың ерекшеліктерін шартты белгілер арқылы сәйкестендіріңіз.
Климат түрлері
Ерекшеліктері
Экваторлық белдеу
1 жыл ішінде екі түрлі ауа массасы алмасады.
Субэкваторлық белдеу
жыл бойы экваторлық ауа массасы басым болады.
Өтпелі климаттық белдеу
бұлттың төмен болуына байланысты күн жылуын аса мол алады.
Тропиктік белдеу
қыста тропиктік, ал жазда экваторлық ауа массаларының ықпалында болады.
Дескриптор
Білім алушы
- мәтіндегі мәліметтерді жинақтайды;
- климат пен оның ерекшеліктерін анықтайды;
- мәліметтерді шартты белгілермен сәйкестендіреді.
34
Оқу мақсаты
7.Ж1. Мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігінсақтап, өтініш, түйіндеме, ресми құттықтаулар жазу
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
•Мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігінсақтайды
•Өтініш, түйіндеме, ресми құттықтаулар жазады
Қолдану
Тапсырма
Өтініш құрылымымен танысыңыз. Мәтінді оқып, тақырыбын сыныптастарыңызбен талдаңыз. Қаладағы ауаны тазартудың ең негiзгi әдiстерi саяжай, саябақ, шалғындар жасап, газондарды көгалдандыруды сұрап, қала әкіміне өтініш жазыңыз.
Өтініш – мекеме басшысының атына жазылып, белгілі бір тілек-өтінішті білдіретін құжат.
Өтініштің деректемесі:
- адресат;
- құжаттың аты;
- өтініш мәтіні;
- күннің жады;
- өтініш иесінің қолы, аты-жөні.
Ауаны ластанудан қорғау
Қазiргi уақытта атмосфераны завод құбырларынан, жылу электростанцияларынан, жарылғыш құбырлардан, автомобильдерден шығатын түтiннен, қаракүйеден, газ тәрiздi заттардан және шаңнан қорғау туралы мәселесi тұр. Бұл заттың барлығы ауаны бұзады, тiрi организмдердi жою қаупiн тудырады. Күйе, шаң өсiмдiктiң жапырағына жабысып, олардың фотосинтез, тыныс алу, булану процесiн бұзады. Мысалы, шегiршiн ағашы орманда өссе, 300 жыл жасайды, ал қалада орташа 45 жыл тiршiлiк етедi. Орманда жасы 400 жыл болған жөке ағашы кездеседi, ал қала көшелерiнде ол 50-80 жыл ғана өседi.
Күйе - бұл бу тәрiздi судың және түтiннiң қоспасы. Күйе ауаны тыныс алуға қажетсiз етiп, қан құрамының бұзылуына, тұншығуға әкеп соқтырады, организмнiң аураларға қарсы тұру қабiлетiн төмендетедi.
Өсiмдiктер атмосфераны көмiрқышқыл газынан тазартады, оттегiн бөледi. Ауа ластанған жерлерде, яғни қалаларда, түтiндi жақсы көтеретiн өсiмдiктердi отырғызады. Мұндай өсiмдiктерге терек, үйеңкi, жөке, бузина, емен, сары акация, түймедақ, жауқазын жатады.
Жер атмосферасына көмек қажет.
Дескриптор
Білім алушы
- мәтіндегі негізгі ойды түсінеді;
- сыныптастарымен талқылайды;
- тақырыпқа қатысты өтініш жазады;
- өтініштің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтайды.
35
Оқу мақсаты
7.ТБ2. Жазба жұмыстарында ыңғайлас, қарсылықты,түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемдерді құрастыру
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
•Ыңғайлас, қарсылықты, түсіндірмелі салаласқұрмалас сөйлемдерді ажыратады
•Салалас құрмалас сөйлемдерді құрастырады
Қолдану
1-тапсырма
Төмендегі салалас құрмалас сөйлем түрлерін ажыратып, кестені толтырыңыз.
Адам – табиғаттың ажырамас бөлігі, адамсыз табиғат, табиғатсыз адам өмір сүруі мүмкін емес. Халқымыздың табиғатқа деген ыстық махаббаты сондай, олар орман-тоғайларды сақтап, қоршаған ортаның, өзен мен көлдердің ластанбауына ерекше мән берген. Табиғат – адам игілігі үшін жаралған жаратылыстың сыйы, бірақ кейде біз оны ұмытып кетеміз. Табиғат – мол қазынаның кайнар көзі, табиғат - адам денсаулығының сенімді кепілі. Қазіргі таңда табиғаттың нашарлауы сонша, адам өміріне қауіпті жағдай тудыруда. Қоршаған орта таза болуы шарт, дегенмен адамдар әлі де мұны ескермеуде.
Ыңғайлас салалас құрмалас
Қарсылықты салалас құрмалас
Түсіндірмелі салалас құрмалас
2-тапсырма
Төмендегі мәтінді оқып, жай сөйлемдерді құрмалас сөйлемдерге айналдырыңыз. Салалас құрмалас сөйлем түрлерін қолданып, «Жердегі климаттық өзгерістер» тақырыбында сөйлесіңіз.
Климаттың өзгеруi - ядролық қаруды қолдану немесе соғыстар емес. Ол - одан да алапат қауiп. Бiрақ осы өзгерiстердiң салдары қалай болатынын тап басып айту қиын. Температураның өзгеруi - бұл жаңалық емес. Осы өзгерiстiң жылдамдығы қандай болмақ? Мiне, жаңалық осы.
Қазақстан кәрi құрлықтың қақ ортасында орналасқан. Ендеше бiзге келер ешбiр қатер жоқ дей алмаймыз. Бiздiң елiмiздегi ауа температурасы да бiрте-бiрте көтерiлiп келедi. Онсыз да шөлейттi аймақ шөлге, ал суы мол ылғалды жерлер шөлейтке айнала бастады. Соңғы он жыл шамасында Iле Алатауы мұздықтарының жартысы ерiп кеткен. Сондай-ақ, жылдам еруге Арал теңiзiнен ұшып келген тұздар да әсер етiп жатыр. Бұдан былай да мұздықтардың еру процесi бұрынғыдан жылдамдай түспек. Эколог-климатологтардың айтуынша, ХХI ғасырда асқақтаған Алатауымызда мұздық қалмайды. Бұл деректер «2010-2020 жылдарға арналған Қазақстан экологиясы» атты мемлекеттiк бағдарламада көрсетiлген. Мың жылдан берi қатталған мұздықтар ерiсе, тау шыңдарының ойыстарында алып көлдер пайда болып, тасқындар көбейедi.
36
Дескриптор
Білім алушы
- құрмалас сөйлем түрлерін ажыратады;
- жай сөйлемдерді салалас құрмаласқа айналдырады;
- тақырып бойынша сөйлеседі;
- салалас құрмалас сөйлем түрлерін қолданады.
37
2-тоқсан
Оқу мақсаты
7.Т1. Мәтін үзінділері арқылы оқиғаның дамуын болжау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі Білім алушы
•Оқиғаның дамуын болжайды
Қолдану
1-тапсырма Мәтінді мұқият тыңдап, оқиғаны әрі қарай жалғастырыңыз. Нұсқаларды салыстырыңыз.
Өте ерте кездері Қытайдан бастап Орталық Азия арқылы Таяу Шығысқа баратын керуендік жол бағыты пайда болған. Тек ХІХ ғасырда ғана бұл жолдың атауын неміс географы Фердинанд фон Рихтгофен қолданысқа енгізген екен.
- Ол қандай жол болуы мүмкін?
«Ұлы Жібек жолы» - адамзат өркениетінің тарихи ескерткіштердің бірі. Жолдың бұлай аталуына сауданың негізгі заты Қытайдан шығарылатын жібек мата себеп болды. Бұл жол Еуропа мен Азияның - Батыс пен Шығыстың арасын жалғастырған көпір жолы болған.
- Мәліметті Қазақстанмен байланыстырып көріңіздер. Ұлы Жібек жолының біздің жерімізбен қандай байланысы бар?
Бұл жолдың басым бөлігі Орта Азия мен Қазақстан жерінің үстімен өтті. Жол Қытайдан басталып, Қазақстанның ежелгі қалалары - Түркістан, Қашғар, Жетісу, Сырдарияны жағалап, Арал маңынан әрі қарай Батыс елдеріне өткен.
- Сонда бұл жол қандай мақсатпен салынған?
Жібек мата, былғары, темір, фарфордан жасалған тұрмыстық бұйымдар мен қару-жарақтар, киім-кешек, шабдолы, өрік сияқты жемістер керуен арқылы сауда үшін тасымалданған.
- Сіздердің болжамдарыңыз дұрыс екен. Ал ендеше мына сұраққа жауап беріңіздер. Қалай ойлайсыз, қазіргі күні Ұлы Жібек жолы сақталған ба?
Қазіргі күні Қазақстан мен Қытай елдерінің арасында ынтымақтастығын бекіту үшін конференциялар, жобалар ұйымдастырылып жатыр. Оның басты мақсаты - Қазақстан мен Қытай арасындағы Ұлы Жібек жолының қайта жаңғырту.
Дескриптор Білім алушы
- оқиғаның жалғасын болжайды;
- нұсқаларды салыстырады.
2-тапсырма
Сұрақтарға толық сөйлеммен жауап беріңіз. «Дұрыс, бұрыс» мәліметтерді анықтаңыз.
- Жібек жолы деп кім атаған? (неміс географы Фердинанд фон Рихтгофен) - Жібек жолы қай жерден басталады? (Қытайдан) - Мәтінге қандай тақырып қоюға болады? (Ұлы Жібек жолы)
38
Мәлімет
Дұрыс
Бұрыс
Бұл жолдың басым бөлігі Орта Азия мен Қытай жерінің үстімен өтті.
«Керуен жолы» - адамзат өркениетіндегі тарихи ескерткіштердің бірі.
Алма, алмұрт сияқты жемістер сауда үшін тасымалданды.
Дескриптор Білім алушы
- сұрақтарға толық жауап береді;
- дұрыс/бұрыс ақпараттарды анықтайды.
39
Бөлім «Қазақстанның ежелгі қалалары және Ұлы Жібек жолы»
Оқу мақсаты
7.Т6. Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде өзпікірін өзгелердің пікірімен салыстыра отырып жауап беру
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі Білім алушы
•Материал мазмұнына қатысты пікірін білдіреді
•Өз пікірін өзгелердің пікірімен салыстырады
Жоғары деңгей дағдылары 1-тапсырма
Өлеңді мұқият тыңдаңыз. Мәліметтерді сәйкестендіріңіз.
Әлем қалалары
Қалалар бар әлемде, Таңқалдыратын халықты. Ол қалалар әр елде Несімен даңқты? ПАРИЖ – Кремлімен НЬЮ-ЙОРК – Ақ үйімен МӘСКЕУ – Қожа Ахмет кесенесімен ВАШИНГТОН – София мешітімен СТАМБУЛ – Бродвеймен САНКТ-ПЕТЕРБУРГ – Эйфель мұнарасымен ТҮРКІСТАН – халқының санымен МЕХИКО – Эрмитажымен СОЧИ – Медеуімен ӨСКЕМЕН – Бәйтерегімен! АЛМАТЫ - демалыс үйлерімен Ал Астана ше? Меніңше, спорт сарайымен
ПАРИЖ
Кремлімен
НЬЮ-ЙОРК
Ақ үйімен
МӘСКЕУ
Қожа Ахмет кесенесімен
ВАШИНГТОН
София мешітімен
СТАМБУЛ
Бродвеймен
САНКТ-ПЕТЕРБУРГ
Эйфель мұнарасымен
ТҮРКІСТАН
халқының санымен
МЕХИКО
Эрмитажымен
СОЧИ
Медеуімен
ӨСКЕМЕН
Бәйтерегімен
АЛМАТЫ
демалыс үйлерімен
АСТАНА
спорт сарайымен
Жауабы
ПАРИЖ
Эйфель мұнарасымен
НЬЮ-ЙОРК
Бродвеймен
40
МӘСКЕУ
Кремлімен
ВАШИНГТОН
Ақ үйімен
СТАМБУЛ
София мешітімен
САНКТ-ПЕТЕРБУРГ
Эрмитажымен
ТҮРКІСТАН
Қожа Ахмет кесенесімен
МЕХИКО
халқының санымен
СОЧИ
демалыс үйлерімен
ӨСКЕМЕН
спорт сарайымен
АЛМАТЫ
Медеуімен
АСТАНА
Бәйтерегімен
Дескриптор Білім алушы
- өлеңнің мазмұнын анықтайды;
- қалаларды оның даңқты жерлерімен сәйкестендіреді.
2-тапсырма
Жұптық жұмыс. Өлең мазмұны негізінде диалог құрастырыңыз. «Қалалардың көрікті жерлері қандай? Неге?» деген сұраққа толық сөйлеммен жауап беріңіз. Өз пікіріңізді өзгелердің пікірімен салыстырыңыз.
Берілген тіркестерді қолданыңыз:
- менің ойымша;
- сіздің ойыңызша;
- біріншіден, екіншіден;
- мен келісемін/келіспеймін;
- себебі, өйткені;
- сондықтан, сол себепті.
Дескриптор Білім алушы
- өлең мазмұны бойынша диалог құрастырады;
- сұраққа толық сөйлеммен жауап береді;
- өз пікірін өзгелердің пікірімен салыстырады;
- берілген тіркестерді қолданады.
41
Оқу мақсаты
7.А2. Кеңес беру, ұсыныс жасау, өтініш, талап, ету, бұйрықберудің түрлі формалары мен жағдаяттарына сай ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолдана білу
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
•Кеңес беру, ұсыныс жасау, өтініш, талап ету,бұйрық беру формаларын ажыратады
•Ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларынтүрлі жағдаяттарда қолданады
Қолдану
1-тапсырма
Жағдаятты мұқият оқып, топта талқылаңыз. Мақсатқа көмектесіңіз! Мәселені шешу жолдарын айтып, Мақсатқа кеңес беріңіз. Төмендегі сөз тіркестерін қолданыңыз.
Мақсат сыныбымен қаладағы мұрайжайға ежелгі қалалар экспонаттарын қарауға барды. Ескі экспонаттардың арасынан балалардың көзіне оттай жанып қанжар түсті. Қанжар – өте шебер жасалынған, оюланған, өзі шағын, қолға сыйымды, нағыз еркектердің қаруы. Сол себепті Мақсат шыдамай қанжарды иеленгісі келді. Көзді ала бере қанжарды қалтасына салып мұражайдан алып кетпек ой келді. Солай жасады. Ешкім байқамады. Мақсат мұражайдың шығу есігінен аттап аяқ басқан кезде, мұражай ішінде қатты дабыл қағылды. Барлық жұрт Мақсатқа қарады.
Қалай ойлайсыз, Мақсаттың әрекеті қандай болды?
Дескриптор Білім алушы
- жағдаятты мұқият оқып, топта талқылайды;
- мәселені шешу жолдарын айтып, кеңес береді;
- берілген сөз тіркестерін пайдаланады;
- сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын дұрыс қолданады.
2-тапсырма
Жағдаятты мұқият оқып, топта талқылаңыз. Мақсатқа көмектесіңіз! Мақсатты бір жолға кешіруді сұрап, мұражай қызметкерлеріне өтініш айтыңыз. Төмендегі сөз тіркестерін қолданыңыз.
Тірек сөздер: Сіз кешіріңіз, көмектесуге рұқсат етіңіз, әдептілік сақтаңыз, ақылды болыңыз, ұсынғалы тұрмын, сөзіме құлақ салыңыз, ренжімеңіз, қателігін түсінді, енді қайталанбайды, кешірім сұраймын, айыпқа бұйырмаңыз, т.б.
Дескриптор Білім алушы
- жағдаятты мұқият оқып, топта талқылайды;
- мұражай қызметкерлеріне өтініш айтады;
- берілген сөз тіркестерін пайдаланады;
- сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын дұрыс қолданады.
42
3-тапсырма
Жағдаятты мұқият оқып, топта талқылаңыз. Мақсатқа көмектесіңіз! Мақсаттың мұндай іс-әрекетті қайталамауын талап етіп, бұйырыңыз. Төмендегі сөз тіркестерін қолданыңыз.
Тірек сөздер: Сіз кешіріңіз, көмектесуге рұқсат етіңіз, әдептілік сақтаңыз, ақылды болыңыз, ұсынғалы тұрмын, сөзіме құлақ салыңыз, ренжімеңіз, қателігін түсінді, енді қайталанбайды, кешірім сұраймын, айыпқа бұйырмаңыз, т.б.
Дескриптор Білім алушы
- жағдаятты мұқият оқып, топта талқылайды;
- аталған іс-әрекетті қайталамауды талап етіп, бұйырады;
- берілген сөз тіркестерін пайдаланады;
- сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын дұрыс қолданады.
43
Оқу мақсаты
7.А4. Шығармадағы кейіпкерлерге автор бергенмінездеменің тілдік құралдарын талдау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
•Автор берген мінездемені анықтайды
•Мінездемедегі тілдік құралдарды талдайды
Қолдану
1-тапсырма
Мәтінді мұқият оқыңыз. Автор берген кейіпкер мінездемесін табыңыз. Өз сөзіңізбен түсіндіріңіз.
Бегабат Ұзақов
«Жантаза» (әңгімеден үзінді)
Екі күннен бері орта бойлы, төртбақ денелі, қалың қабақты қарасұр жігіт торы атпен желдіртіп келеді. Бес қаруын түгел асынған. Қызылқұмның жұмақ көркіне қызыға көз тастап келе жатқан жасы әлі жиырмаға тола қоймаған жігіттің кеудесінде ел үнемі осындай мамыражай тірлік кеше берсе ғой деген арман ұлғая түсті.
Осындай ауыр ойлар санасын сан-саққа жүгіртіп жатқан бұл жігітті бірде бетін, бірде сыртын беретін баянсыз дүние ертерек есейткен. Әйтпесе, қазір жылт еткен сезімге желігіп, өмірдің қайталанбас көгілдір көктем шағының қызығын көретін жаста емес пе? Қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заман көзден бұл-бұл ұшқалы жеке бастың арман тілегі алыста қалды. Болатын бала он төртінде бас болар. Кеудеде жолбарыс жүрек соғып тұрған кезде ер жігіт үйінде бұғып жата алмас.
Үлгі:
Автор мінездемесі
Менің мінездемем
әлі жиырмаға толмаған
бес қаруын түгел асынған
Дескриптор Білім алушы
- мәтіннен автор берген мінездемені табады;
- өз сөзімен түсіндіреді.
2-тапсырма
Мінездемедегі тілдік құралдарды талдаңыз.
•ауыспалы мағынадағы сөздер;
•антонимдер;
•синонимдер;
•тұрақты тіркестер.
44
Ауыспалы мағынадағы сөздер
Антонимдер
Синонимдер
Тұрақты тіркестер
Дескриптор Білім алушы
- мінездемедегі тілдік құралдарды талдайды;
- ауыспалы мағынадағы сөздерді табады;
- антоним сөздерді анықтайды;
- синоним сөздерді ажыратады;
- тұрақты тіркестерді анықтайды.
45
Оқу мақсаты
7.О2. Ресми-іскерлік (өтініш, нұсқаулық, ресмиқұттықтаулар, ұсыныстар) салаға қатысты мәтіндердің тілдік ерекшелігін анықтап, талдау жасау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
•Ресми-іскерлік (өтініш, нұсқаулық, ресмиқұттықтаулар, ұсыныстар) салаға қатысты мәтіндерді ажыратады
•Ресми-іскерлік салаға қатысты мәтіндерге талдаужасайды
Қолдану
1-тапсырма
Ресми-іскерлік салаға қатысты мәтіндерді оқып танысыңыз. Түрлерін ажыратыңыз.
1-мәтін
Қаланың ежелгі ғимараттарын жөндеу туралы
Түркістан қаласының әкімі
А.К.Ахметов мырзаға
Түркістан қаласының туған күні тойлануына байланысты, қала тұрғындарын және сырттан келген қонақтарын ежелгі қаланың тарихымен, мәдениетімен, дәстүрімен таныстыру мақсатында - Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне қайта жөндеу жұмысын жүргізуге кәсіби шебер-реставраторларын жалдауға ұсыныс жасап отырмыз.
«Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің» күтуші қызметкерлері
2-мәтін
Құрметті түркістандықтар!
«Түркістан күні - қала күні» мерекесі баршаңызға құтты болсын! Кез келген ел, кез келген ұлт өзінің Отанымен мақтанады. Сол секілді біздер де тәуелсіз еліміздің рухани астанасы қасиетті қаламызбен мақтанайық. Біз барлығымыз бірігіп қасиетті өңіріміздің болашағы үшін атсалысып, жұмыс жасап келеміз. Соның нәтижесінде қаламыз жасарып жайнап келеді. Және де біздер осы күнге жеткен жетістіктерімізбен тоқтап қалмаймыз. Сондықтан біздің алдағы жетістіктеріміз бүгінгіден де жарқын болады. Мерекелеріңізбен, түркістандықтар!
Қала әкімі Ахметов А.К.
Дескриптор Білім алушы
- мәтіндерді оқып, мазмұнымен танысады;
- ресми-іскерлік салаға қатысты мәтіндердің түрлерін ажыратады.
46
2-тапсырма
Жоғарыдағы мәтіндерге талдау жасап, кестені толтырыңыз.
1-мәтін
2-мәтін
Түрі/жанры
Стилі
Мазмұны
Аудиториясы
Ерекшелігі
Дескриптор Білім алушы
- мәтіндердің түрін ажыратады;
- стилін анықтайды;
- мазмұнын ашады;
- аудиториясын көрсетеді;
- ерекшелігін табады.
47
Оқу мақсаты
7.О4. Мәтіндердің идеясын, мақсатты аудиториясынсалыстырып, талдау жасау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
•Мәтіндердің идеясын, мақсатты аудиториясынсалыстырады
Қолдану
Тапсырма
Шығармаларды түсініп оқыңыз. Екі мәтінді кесте бойынша салыстырыңыз.
1-мәтін - Мен перінің қызымын. Сізге сырттай ғашық болып жүргеніме көп болды. Қасыңызға жолай алмадым. Жан дүниеңіз таза болғандықтан сізді үнемі періштелер қалқалап жүреді. Жолығудың амалын таппағасын аждаһа кейпіне еніп, ауылыңа шаптым. Ескі құдықты таңдағаным... Еліңізге жаныңыз ашып, жетіп келеріңізді сезгем. Қылышыңызды көтеріп шабуға ұмтылғаныңызда жанарыңыздан шашылған отқа шыдай алмай, көзімнен жас шығып кетті. Сіз аяғандықтан өлтірмей, басыма ақ құйып жібердіңіз. Жаныңыздың тазалығын сақтап қалдыңыз, - деп, мұңайған қыз сөйлеуден тоқтап, көз жасын сүртті. - Енді не болмақ? – деді Жанқожа қызықсынып. - Енді бүкіл өміріңіз қылыш ұстап еліңіздің жауларымен айқасумен өтеді. Адалдығыңыз басым. Жау өзі килікпесе, ешкімге ұрынбайсыз. Еліңізді арманыңыздағы іргелі елге айналдырасыз.
Жанқожа алдыңғы екі аяғын көкке көтере кісінеген атының тізгінін босатыңқырап, «шүу» деді. Торы ат күншығысты бетке алып, жүйтки жөнелді…
https://adebiportal.kz
2-мәтін
2002 жылы Тараз өзінің 2000 жылдығын атап өтті. Орта ғасырларда Тараз Ұлы Жібек Жолының бойында орналасқан қалалардың бірі болған. Ескерткіштердің түгелдей жойылғанына қарамастан көп жылғы археологиялық жұмыстардың нәтижесінде көне және орта ғасырдағы Тараз өмірінің әр түрлі кезеңдерін сипаттайтын елеулі материалдар жинақталған.
Түркістан қаласының іргетасы V-VІ ғасырларда қаланған. Есім ханнан бастау алып, XІV-ХVIIІ ғасырларда Қазақ хандығының астанасы болған. Қаланың іргетасы біздің заманымыздың 1-мыңжылдығында каланған. Археологтар қаланың тарихы тереңде жатқанын дәлелдеп отыр. Түркістан қаласының айналасынан табылған тас дәуірі ескерткіштері (Шоқтас, Қошқорған) бұл өңірде әуелгі адам кем дегенде 550 мың жыл бұрын мекен еткенін көрсетеді.
https://szh.kz/10061/qazaqstannynh-enh-koene-qalalary/
48
1-мәтін
2-мәтін
Мәтін түрі
Мәтін тақырыбы
(не туралы?)
Негізгі идеясы
(не үшін жазылған?)
Мақсатты аудиториясы
(кімге арналған?)
Стилі
oАуызекі сөйлеу стилі
oПублицистикалық стиль
oКөркем әдебиет стилі
oҒылыми стиль
oРесми іс қағаздар стилі
Дескриптор Білім алушы
- мәтіндердің түрін ажыратады;
- мәтін тақырыбын жазады;
- негізгі идеясын анықтайды;
- мақсатты аудиторияны анықтайды;
- стилін көрсетеді.
49
Оқу мақсаты
7.Ж2. Эссе құрылымы мен дамуын сақтап, көтерілгенмәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
•Эссе құрылымы мен дамуын сақтайды
•Көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеусебептерін көрсетіп жазады
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Төмендегі тақырыптардың бірін таңдап, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін көрсетіп эссе жазыңыз. Эссе құрылымы мен дамуын сақтаңыз, көлемі 120-140 сөз.
•Ұлы Жібек жолы мәдениеттің дамуына тікелей әсер етті.
•Көне қалаларды зерттеудің қажеті жоқ.
Дескриптор Білім алушы
- көтерілген мәселе бойынша эссе жазады;
- келісу/келіспеу себептерін айтады;
- эссе құрылымы мен дамуын сақтайды;
- сөз көлемін нормаға сай береді.
50
Оқу мақсаты
7.Ж3. Жазба жұмыстарында теңеу мен метафоранықолданып жазу
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
•Жазба жұмыстарында теңеу мен метафоранықолданады
Қолдану
1-тапсырма
«Алтын» сөзін теңеу ретінде пайдаланып, 3 сөйлем құрастырып жазыңыз.
Есте сақтаңыз!
Теңеу, эпитет – заттың, құбылыстың ерекше белгілерін көрсетпей-ақ, оны басқа затпен, құбылыспен салыстыра суреттеу. Оның жасалу жолдары: -дай, -дей жұрнақтары арқылы, «секілді, сияқты» деген шылаулармен, «ұқсап» деген сөзі арқылы жасалады.
Дескриптор Білім алушы
- теңеудің жасалу жолын анықтайды;
- алтын сөзінен теңеу жасайды;
- теңеулерді қолданып, 3 сөйлем құрастырады.
2-тапсырма
Берілген теңеулер мен метафораларды ажыратыңыз. Мағынасын ашыңыз.
Әйнегі – күн, шатыры – аспан, кең дала..
Гималай – көктің кіндігі,
Гималай – жердің түндігі.
Жатқан жері даладай,
Екі өркеші баладай,
Азу тісі қаладай...
Құлагер, әкең – тұлпар, шешең – сұңқар...
Сөз – жібек жіп, жыр – кесте...
Ұлың жаман болса, есіктегі құлмен тең,
Қызың жаман болса, қаңтардағы мұзбен тең...
Әке – асқар тау, ана – мөлдір бұлақ, бала – жағадағы құрақ.
Есте сақтаңыз!
Метафора – бір зат атауының басқа бір затқа атау болуына байланысты сөз мағынасының ауысуы болып табылады.
Метафора
Теңеу
Дескриптор Білім алушы
- теңеу мен метафораны ажыратады;
- теңеу мен метафораның жасалуын анықтайды;
- теңеу мен метафораның мағынасын ашады.
51
Оқу мақсаты
7.ТБ1.2. Салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалышырайлардың қызметін білу, жазба, ауызша жұмыстарда қолдану
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
•Салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалышырайларды ажыратады
•Шырай түрлерін жазба, ауызша жұмыстардадұрыс қолданады
Қолдану
1-тапсырма
Төмендегі тест тапсырмаларын орындаңыз. Шырай түрлерін ажыратыңыз.
1.Сын есімнің күшейтпелі шырай түрін көрсетіңіз.
A)ұзындау
B)әп-әдемі
C)сүйкімді
D)қысқаша
2.Салыстырмалы шырайда тұрған сын есімді табыңыз.
А) өте әдемі
В) үлкен
С) тым биік
D)ақылдырақ
3.Асырмалы шырайды табыңыз.
А) жасылдау, үлкендеу
В) тым үлкен, аса бай
С) әдемі, сұлу
D)қып-қызыл, үп-үлкен
4.«Отырар – ең көне қала». Сын есімнің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз.
А) толықтауыш
В) анықтауыш
С) пысықтауыш
D)бастауыш
5.-лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу сын есімнің қай шырайының жұрнағы?
А) жай
В) күшейтпелі
С) асырмалы
D)салыстырмалы
6.Сын есімнің неше шырайы бар?
А) 6
В) 5
С) 4
D)3
52
7.Берілген сөйлемде сын есім қандай шырайда тұр?
Бұл ауылға өнерлі жастар жиналды.
А) асырмалы
В) салыстырмалы
С) күшейтпелі
D)жай
Дескриптор Білім алушы
- салыстырмалы шырайды ажыратады;
- күшейтпелі шырайды анықтайды;
- асырмалы шырайды көрсетеді;
- сын есімдердің сөйлемдегі қызметін көрсетеді;
- тест сұрақтарына дұрыс жауап береді.
2-тапсырма
Берілген сұрақтарға жауап беріңіз. Мысалдар келтіріп, ойыңызды дәлелдеңіз.
- Сын есімнің жай шырайы қалай жасалады?
- Сын есімнің салыстырмалы шырайы қалай жасалады?
- Сын есімнің күшейтпелі шырайы қалай жасалады?
- Сын есімнің асырмалы шырайы қалай жасалады?
Дескриптор Білім алушы
- жай шырайды ажыратады;
- салыстырмалы шырайдың жасалу жолын айтады;
- күшейтпелі шырайдың жасалу жолын айтады;
- асырмалы шырайдың жасалу жолын айтады;
- мысалдар келтіріп, пікірін дәлелдейді.
53
Бөлім «Спорт және денсаулық күтімі»
Оқу мақсаты
7.Т2. Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну,ақпараттың өзектілігін анықтау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
•Тыңдалған мәтін мазмұнын түсінеді, негізгіақпаратты анықтайды
Қолдану
1-тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдаңыз, мазмұнын өз сөзіңізбен баяндаңыз. Сұрақ құрастырыңыз, сұрақтарға жауап беріңіз.
Қазақ күресі
Қазақ күресінің Олимпиада және Азия ойындарының спорт бағдарламасына енуі мүмкін. Бұл туралы бүгін «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қоры өткізген баспасөз мәслихатында айтылды. Алайда ол үшін қазақ күресі өз елімізде қарқынды дамуы керек. «Қазақстан барысы», «Еуразия барысы», «Жас барыс» және енді өтетін «Әлем барысы» осы бағытта жасалған жұмыстардың бір бөлшегі.
«Болашақта қазақ күресі әлемдік деңгейге көтерілетін болса, онда оның атауын бір халықпен байланыстыру – шетелде кедергілерге тап болуы мүмкін. Біздің басты мақсат қазақ күресі арқылы қазақтың болмысын көрсету. Себебі Жапонияның сумосы да Олимпиадалық спорт бағдарламасына кірмейді. Алайда спорттың осы түрі арқылы бар әлем жапониялықтарды таниды» - дейді Қазақ күресі федерациясының президенті Арман Шораев.
«Қазақ күресін Олимпиадалық спорт бағдарламасына енгізу үшін көп жұмыс атқару керек. Осы уақытқа дейін де көп іс атқарылды. Біз дзюдоның олимпиадалық спорт түріне айналғанын зерттеп жатырмыз. Ең алдымен біз бұл спортты өз елімізде дамытып, насихаттау қажетпіз. Екіншіден, үлкен жарыстар арқылы оны әлемге танытып, мойындату қажет. Мысалы, қазақ күресі Азия ойындарының қатарына енуі мүмкін. Біз хат жібердік» - деді ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Тастанбек Есентаев.
Дескриптор Білім алушы
- тыңдалған мәтіннің мазмұнын баяндайды;
- мәтін бойынша сұрақтар құрастырады;
- сұрақтарға дұрыс жауап береді.
2-тапсырма
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз. Мысал келтіріп, ойыңызды дәлелдеңіз.
1.Елімізде қазақ күресі дамып келеді ме? Мысал келтіріңіз.
2.Біздің қазақ күресін дамытудағы мақсатымыз не?
3.Қазақ күресін Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізу үшін не істеуімізкерек?
Дескриптор Білім алушы
- мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;
- пікірін мысалдармен дәлелдейді;
- ақпараттың өзектілігін анықтайды.
54
Оқу мақсаты
7.А3. Ауызша мәтіндер құрауда екпін түрлерін сөз жәнесөйлем ішінде орынды қолданып айту
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
•Айтылымда екпін түрлерін дұрыс қолданады
Қолдану
1-тапсырма
Мәтінді түсініп оқыңыз. Мазмұнын баяндап, ойды жалғастырыңыз. Қарттың не айтуы мүмкін? Ойыңызды мәтін жалғасымен салыстырыңыз.
Ертеде бір шаһарда мейірімді, дана қарт өмір сүріпті. Бір күні саудагерлер шаһарға темекі алып келіпті. Саудагерлер:
- Керемет жапырақ! Құдіретті жапырақ! Барлық ауруға ем болады! Алған да арманда, алмаған да арманда! Келіңдер! Дәмін татып көріңдер! – деп жар салады. Дана қарт осы өсімдікті ұнатпайды. Ол жиналған адамдарға:
- Алыңдар! Бұл жапырақтың басқа да пайдалары бар: темекі шеккен адамның үйіне ұры түспейді және де ол ешқашан қартаймайды, - депті.
Саудагерлер қуанып кетіп:
- Айтқаныңыздың бәрі рас. Жапырақтың мұндай қасиеттері бар екенін сіз қайдан біліп қойдыңыз?! – деп таң қалады.
Сонда қарт:
Жалғасы:
- Темекі шегетін адамның үйіне ұры түспейді, өйткені ұрылар түнде тыныш болғанын жақсы көреді. Ал темекі шегетін адам түнімен жөтеліп, ұйықтамайды. Темекі шеккен адам ешқашан қартаймайды, себебі жасына жетпей, көз жұмады.
Жұрт ойланып қалады...
Дескриптор Білім алушы
- мәтінді түсініп, өз сөзімен баяндайды;
- мәтіндегі ойды жалғастырады;
- екпін түрлерін дұрыс қолданады.
2-тапсырма
Суреттерді қатыстырып, «Спорт – денсаулық кепілі» тақырыбында ауызша мәтін құрастырыңыз. Айтылымда екпін түрлерін дұрыс қолданыңыз.
55
Дескриптор Білім алушы
- тақырып бойынша ауызша мәтін құрастырады;
- суреттерді қатыстырып сөйлейді;
- айтылымда екпін түрлерін дұрыс қолданады.
56
Оқу мақсаты
7.О1. Кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түріндеберілген ақпаратты түсіну, қолдана білу
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
•Кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түріндеберілген ақпаратты қолданады
Қолдану
1-тапсырма
Суреттегі шартты белгілерді пайдаланып, «Спорт түрлері» тақырыбында мәтін құрастырыңыз.
Дескриптор Білім алушы
- «Спорт түрлері» тақырыбында мәтін құрастырады;
- суреттегі шартты белгілерді пайдаланады.
2-тапсырма
Диаграммада берілген мәліметтерді пайдаланып, тақырып бойынша мәтін құрастырыңыз.
Дескриптор Білім алушы
- тақырыпқа қатысты мәтін құрастырады;
57
- диаграммадағы мәліметтерді қолданады.
Оқу мақсаты
7.Ж4.Тақырып бойынша мәліметтерді жинақтап,презентация түрінде ұсыну
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
•Тақырып бойынша мәліметтер жинақтайды
•Презентация жасайды
Жоғары деңгей дағдылары
1-тапсырма
Өлеңді түсініп оқыңыз. Денсаулық, спорт туралы мәліметтерді жинақтап, негізгі ойды қорытындылаңыз.
Денсаулық ол – шыныққан Барлық денең мүшесі. Денсаулық ол - тыныққан Жүйке тамыр жүйесі. Денсаулық ол - күлуің Көңіл – күйің жадырай, Денсаулық ол – жүруің, Ешбір жерің ауырмай. Қара айнаға, көресің Өзіңді – адам денесін. Қол - аяғың, басың бар,
Бұған кеуде қосылар - Құрылысың бұл сыртқы. Көрінбейді жүрегің, Өкпе, миың, бүйрегің - Құрылысың бұл ішкі. Сымбат - мүсін дегенің
Бітім – көркі денеңнің. Сымбат – жүру әдемі, Дене қалпын тік ұстап: Көтеріп сәл кеудені, Иық жазып дұрыстап. Түзу отыр, қисаймай, Бүкіреймей, жантаймай. Күш сап бас пен арқаға, Жатып алма партаға.
Дескриптор
Білім алушы
- өлеңді түсініп оқиды;
- мәтіндегі мәліметтерді жинақтайды;
- негізгі ойды қорытындылайды.
58
2-тапсырма
Мәтіндегі мәліметтерді пайдаланып, «Бірінші байлық – денсаулық» тақырыбына презентация дайындаңыз. Төмендегі презентацияға қойылатын талаптарды ескеріңіз.
•4-5 слайдтан кем не артық болмауы тиіс;
•барлық слайдтар бірыңғай стильде құрылуы керек;
•мәліметтер жинақы, ой қысқа да нұсқа берілуі керек;
•презентациядағы барлық сөз саны 90-100-ден аспауы шарт.
•қорғалатын уақыт - 2 минут.
Дескриптор
Білім алушы
- тақырыпқа қатысты презентация дайындайды;
- мәтіндегі мәліметтерді пайдаланады;
- презентация талаптарын сақтайды.
59
Оқу мақсаты
7.ТБ1.3. Топтау сан есімдерін жазба, ауызшажұмыстарда орынды қолдану
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
•Топтау сан есімдерін ажыратады
•Топтау сан есімдерін жазба, ауызша жұмыстардадұрыс қолданады
Қолдану
1-тапсырма
Сұрақтарға жауап беріңіз. Мәтіннен топтау сан есімдерін табыңыз.
1.Топтау сан есімі дегеніміз не?
2.Топтау сан есімнің сұрақтарын атаңыз?
3.Топтау сан есімдері қалай жасалады?
4.Топтау сан есімдеріне мысалдар келтіріңіз.
«Теңге ілу» — ұлттық ойын. Ойынға қатынасушылар екі-екіден топқа бөлінеді. Әрқайсысы жеке-жеке шыбықты «ат» қып мінеді. Ойынды бастаушы жүргізеді.
Ойын басталатын жерге сызық сызылады. Одан әрі 20—30 метрдей жерден шұңқыр қазылады. Шұңқырға он-оннан тас салады. Содан екі топтан екі сайыскер шығады да, сызыққа келіп тұрады. Бастаушының белгісі бойынша шыбық аттарымен шаба жөнеледі. Сол беттерімен әлгі шұңқырға жетіп, тасты іліп алып, әрі өтіп кетеді. Шұңқыр тұсында бөгелуге болмайды. Ұпай әр сайыскердің іліп алған тастарының санына қарай есептеледі. Қай топ көп ұпай жинаса, сол топ жеңеді. Ойын жылдамдықты дамытып, тез әрі дәл әрекет етуді үйретеді.
Дескриптор Білім алушы
- топтау сан есімін ажыратады;
- топтау сан есімнің сұрақтарын атайды;
- топтау сан есімдерінің жасалу жолын ажыратады;
- топтау сан есімдеріне мысалдар келтіреді;
- мәтіннен топтау сан есімдерін табады.
2-тапсырма
Топтау сан есімдерін қатыстырып, «Мен сүйетін спорт түрі» тақырыбында мәтін құрастырыңыз.
Үлгі:
Күнделікті өмірде спортты сүйетін жан өте көп. Сонда спорт дегеніміз не өзі? Ол - адам денсаулығының кепілі екенін бәрі біледі. «Тәні саудың, жаны сау» деген сөздің мағынасын түсінетіндер спорттың қадірін біледі. Ол - ең алдымен бәсеке. Үнемі алға ұмтылуға, үйренуге, тер төгуге баулиды. Тоқтап қалмауға, ізденуге үйретеді. Ең бастысы спорт - бейбіт бәсеке. Ол - саясат. Ол —бейбітшілік елшісі. Елдің елдігін, ердің ерлігін, рухтың биіктігімен ұлттар достастығын да анық байқататын спорт. Ол - ғылым. Топ алдында сайысқа түсуге бел байласаң жемісті жүлдеден үміт күтесің. Ол - әрине өнер. Дене еңбегі мен ой кеңістігін қатар кажет ететін спорт биік өнердің бір түрі. Ол - тәрбие құралы. Жас ұрпақ жүрегіне отан сүйгіштік сезімін қалыптастыру үшін спорт таптырмас көмекші. Дескриптор Білім алушы
- тақырып бойынша мәтін құрастырады;
- топтау сан есімдерін дұрыс қолданады.
60
Оқу мақсаты
7.ТБ2. Жазба жұмыстарында ыңғайлас, қарсылықты,түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемдерді құрастыру
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
•Ыңғайлас, қарсылықты, түсіндірмелі салаласқұрмалас сөйлемдерді ажыратады
•Ыңғайлас, қарсылықты, түсіндірмелі салаласқұрмалас сөйлемдерді дұрыс құрастырады
Қолдану
1-тапсырма
Мәтінді түсініп оқып, салалас құрмалас сөйлемдерді теріп жазыңыз. Түрлерін ажыратыңыз.
Спорт - денсаулық кепілі
Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Біздің ата-бабаларымыз «Жаны саудың – тәні сау», - деп бекер айтпаған. Спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты болады. Бұл туралы ұлы ойшыл Ибн Сина да өз шығармаларында айтқан. Ол сондай-ақ спортты мағынасына қарай жеңіл, ауыр, ұзын, қысқа сияқты бірнеше түрге бөлген. Денсаулық пен өмірді дамыту үшін кем дегенде спорттың 33 түрінен жаттығу жасау керектігін айтқан. Бірінші байлық - денсаулық, денсаулық адамның ең қымбат дүниесі. Сондықтан біз денсаулығымызды нығайту үшін спортпен айналысуымыз керек және күнделікті гигиеналық талаптарды сақтауымыз қажет. Футбол ойнауда, шаңғы тебу де де, гимнастикамен айналысу да т.б. спортпен айналысу жатады. Тіпті, қар күреу, ағаш жару секілді үй шаруасын атқаруда спортпен шұғылданғандай пайда болады. Ал қыздардың үй сыпырып, терезе сүртіп ыдыс-аяқ жуғаны әрі анасына көмек, әрі денсаулығына пайдалы мұның бәрі қимылын қозғалысқа салауатты өмір салты үшін маңызды екенін көрсетеді.
Дескриптор Білім алушы
- мәтіннен салалас құрмалас сөйлемдерді табады;
- салалас құрмалас сөйлемдерді түрлеріне ажыратады.
2-тапсырма
Салалас құрмалас сөйлем түрлерін қатыстырып, «Спорт және денсаулық» тақырыбына мәтін құрастырыңыз.
Дескриптор Білім алушы
- салалас құрмалас сөйлемді түрлеріне ажыратады;
- мәтін құрауда салалас құрмалас сөйлемдерді қолданады.
61
Бөлім «Ұқсатым. Сән. Талғам.»
Оқу мақсаты
7.Т3. Әлеуметтік-мәдени тақырыптарға байланыстықажетті сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіну
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
•Тақырыпқа қатысты сөздер мен сөз тіркестерініңмағынасын анықтайды
Қолдану
1-тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдап, сұрақтарға жауап беріңіз.
Қазіргі кезде кез келген адамның өз қалауынша сәнді киінуіне мүмкіндігі бар. Тіге білетін және осы іске қызыққан адам өзіне ыңғайлы және сәнді бұйым тігіп кие алады. Қоғам дамыған сайын сән, талғам туралы түрлі пікірлер мен түсініктер қалыптасып, киімдік стиль түрлері пайда болды, сән дами бастады.Сән ( франц. мoda, лат. мodus – өлшем, әрекет тәсілі) - киім кию мәдениеті, өмірдің әр түрлі сферасында жеке талғамның уақытша үстемдік етуі.
Классикалық стиль:
•Қимылға кедергі келтірмейді, ыңғайлы;
•Нәзік реңкті немесе ұсақ суретті жоғары сапалы мата;
•Түстері қатты ашық емес және нәзік;
•Аксессуарлары мен әшекейлері ұстамды;
•Орташа өкшелі немесе өкшесіз жайпақ аяқ киімдер.
Спорттық стиль – демалыста, спортпен айналысқанда, саяхатқа шыққанда киюге ыңғайлы киімдер. Жалпы спорттық стильдегі киімдерде адам өзін еркін және ыңғайлы сезінеді. Романтикалық стиль – әдемілік, ерекшелік, сүйкімділік немесе нәзіктікті әдеттегіден тыс бөліп көрсетеді. Романтикалық стильдің ерекшелігі – қатпарлар, желбіреушелер, шілтерлер, банттар жиынтығынан тұрады.
Фольклорлық стиль – ұлттық сипаттағы осы заманғы киімдер. Бұл стильде ұлттық ою
- өрнектер, кестелер, қол жұмысы кеңінен пайдаланылады.
Қазақстанның қазіргі сәнгерлері (модельер) ұлттық киімдердің дәстүрлерін сақтап дамытуда. Қазіргі сәнді демократияшыл десе де болады. Ол таңдау идеясы мен еркіндігінің көптігімен, яғни әр түрлі стильдермен, пішіндермен, үлгілермен, сондай-ақ алуан түстің гаммалығымен ерекшеленеді.
1.Сән деген не? Ойыңызды айтыңыз.
2.Қандай киім түрлері туралы айтылады?
3.Стильдің қандай түрлері бар?
4.Сізге қай стиль ұнайды? Неліктен?
5.Ұлттық сипаттағы осы заманғы киімдер қай стильге жатады?
Дескриптор Білім алушы
- сән туралы ойын айтады; - мәтінде айтылған киім түрлерін түсіндіреді; - стильдің түрлерін ажыратады; - стиль туралы ойын айтады; - мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын ажыратады.
62
2-тапсырма
Төмендегі сөз тіркестерін қолданып, «Менің түсінігімдегі сәнді киімдер» тақырыбына мәтін құрастырыңыз.
Сөз тіркестері: сәнді киіну, киім кию мәдениеті, сапалы мата, ыңғайлы сезіну, заманауи сәнгерлер, таңдау идеясы, әр түрлі стильдер, қимылға кедергі келтірмейді, ыңғайлы.
Дескриптор Білім алушы
- сөз тіркестерінің мағынасын ажыратады;
- сөз тіркестерін орынды қолданады;
- тақырыпқа сай мәтін құрастырады.
63
Оқу мақсаты
7.А1. Мақал-мәтелдер, терминдер мен неологизмдердіорынды қолдана отырып, мәтін мазмұнын дамыту
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
•Мәтін мазмұнын дамытады
•Мақал-мәтелдер, терминдер мен неологизмдердіорынды қолданады
Қолдану
1-тапсырма
Берілген мәтіндерді түсініп оқыңыз. Мазмұнын баяндаңыз. Мәтіндегі ойды дамытып, әрі қарай жалғастырыңыз. Берілген сөз оралымдарын қолданыңыз.
Абай атындағы кітапханада «Қазіргі заманғы сән үлгісі» тақырыбында тұсаукесер ұйымдастырылды. Мәдени шараға қаламыздағы Сервис колледжі мен Авиценна колледжі мен түрлі оқу орындарының студенттері мен оқушылар қатысты. Шара барысында сән үлгісінің тарихы, маталардың түрлері мен киім үлгілерінің сапасы туралы «Новинка» маталар дүкенінің маманы Т.М.Безднин қатысушыларға қызықты, мол мағлұмат берді. Шараға қатысушылар қазіргі заманның сән үлгісі мен мерзімге сай киім үлгілерінің түрлері туралы өз ойларымен бөлісті. Аталған шараға мен де қатыстым. Маған бұл шара қатты ұнады. Себебі ....
Сөз оралымдары: себебі, менің ойымша, сондықтан, маған ұнағаны, ең табысты болғаны, менің ұсынысым, бір ескертетін жағдай, т.б.
Дескриптор Білім алушы
- мәтін мазмұнын баяндайды;
- мәтіндегі ойды жалғастырады;
- берілген сөз оралымдарын қолданады.
2-тапсырма
Төмендегі мақал-мәтелдерді қолданып, «Сәнді киіне білесіз бе?» тақырыбында диалог құрастырыңыз.
•Сыпайы киімді киіп тоздырады, сараң киімді жиып тоздырады.
•Танымаған жерде тон сыйлы, таныған жерде бой сыйлы.
•Кең киім тозбайды, кеңесші ел азбайды.
•Киім пішсең, кең піш, тарылтуың оңай.
Дескриптор Білім алушы
- тақырып бойынша диалогке қатысады;
- мақал-мәтелдерді орынды қолданады.
64
Оқу мақсаты
7.О3. Прозалық және поэзиялық шығармалардағыкейіпкердің іс-әрекетін немесе лирикалық кейіпкердің образын талдау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
•Шығармадағы кейіпкерлердің іс-әрекеті менобразын талдайды
Жоғары деңгей дағдылары
1-тапсырма
Өлеңді мұқият оқыңыз. Не туралы? Шығармадағы жігіттің образы қандай? Мәтіннен мысалдар келтіре отырып, талдаңыз.
«Жігіт сипаты»
Жігіт боп гауhар тастай асыл болса, Әлсізге жаны кілең ашыр болса. Әрқашан жігіт сондай тәуір болмас, Не пайда шүберектей жасыл болса. Көзі де, көңіл де соқыр қараңғының, Несі адам түк білмейтін масыл болса. Наркескен қайрылмайтын қылыш болса, Мінез, ақыл, өнері дұрыс болса. Бір сырлы, сегіз қырлы болса жігіт Жорғадай тілі майда жүріс болса. Ақылды, сабырлы ер деп соны айтамыз, Еткені берекелі жұмыс болса. Бұл айтқан ақылымда жалған бар ма? Көріңдер миға салып бұрыс болса. Бозбала шамшырақтай фанар болса, Ішінде қалың топтың жанар болса. Ақиқат адамдықтың белгісі сол, Су берсең, балдай көріп қанар болса. Ақылсыз кейбіреудің мінезі сол, Бір сөзді екі қылып жамар болса. Бұл саған айтқан, досым, өсиетім, Жүре бер тыңдамай - ақ залал болса.
Дескриптор Білім алушы
- өлең мазмұнын анықтайды;
- мәтіннен мысалдар келтіреді;
- өлеңдегі жігіттің образын табады;
- кейіпкер бейнесін талдайды.
65
2-тапсырма
Кестені толтырыңыз. Жігіт сипатын ашып, өз ойыңызды жазыңыз.
Жігіт сипаты
Менің ойым
гауhар тастай асыл болса ...
бір сырлы, сегіз қырлы болса ...
жорғадай тілі майда жүріс болса ...
шамшырақтай фанар болса ...
Дескриптор Білім алушы
- кестені толықтырады;
- шығармадағы жігіттің сипатын түсінеді;
- образ туралы ойын жазады.
66
Оқу мақсаты
7.Ж5. Тақырып бойынша сөздердің маңызды бөліктеріндұрыс жазу (күрделі сөздер), оқшау сөздерге қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
•Күрделі сөздерді жазады
•Оқшау сөздердің тыныс белгілерін орындықолданады
Қолдану
1-тапсырма
Көгершін әкелген хатты мұқият оқыңыз. Не туралы екенін айтыңыз. Оқшау сөздер мен күрделі сөздерді теріп жазыңыз. Жазылуына мән беріңіз.
Құрметті дос!
Сіз киім кию мәдениетін білесіз бе? Модаға сай киіну – қымбат киімдерің болсын деген сөз емес, ол – аз ғана киімнің болып, соны ұқыптылықпен, орны-орнымен, сәнмен, талғаммен киіну, яғни үстіндегісінің бәрі бір-бірімен үйлесіп тұрсын деген сөз. Сондай-ақ, ішкі, рухани мәдениеті төмен адамның дұрыс, әдемі талғаммен киіне алуы да екіталай. Тартымды имидж – адамды жақсы жағынан көрсетіп, жаман жақтарын жасырады, яғни сіздің айналаңыздағы адамдармен қарым-қатынасқа түсуіңізді жеңілдетеді.
Дескриптор Білім алушы
- хат мазмұнын түсінеді, не туралы екенін айтады;
- оқшау сөздерді теріп жазады;
- күрделі сөздерді теріп жазады;
- тыныс белгілерін ажыратады.
2-тапсырма
Хаттағы ойды жалғастырып, досыңызға «Сәнді де жарасымды киіне білу – өнер» екенін айтып, күрделі және оқшау сөздерді қолданып, хат жазыңыз. Хатта төмендегі мәселелер туралы айтыңыз:
•сыртқы келбетке сай киіну;
•киім кию мәдениетін сақтау;
•жағдайға байланысты киіну.
Дескриптор Білім алушы
- хаттағы ойды жалғастырады;
- тақырыпқа сай хат жазады;
- күрделі сөздерді дұрыс жазады;
- оқшау сөздерді дұрыс жазады;
- хатта айтылған мәселелерді қамтиды.
67
Оқу мақсаты
7.ТБ1.5. Етістіктің шақтары (бұрынғы және ауыспалыөткен шақ, мақсатты және болжалды келер шақ) мен қалау райдың қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда қолдану
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
•Шақ түрлерін ажыратады, қалау райдың қызметінажыратады
•Етістіктің шақтары мен қалау райды ауызша жәнежазба жұмыстарда дұрыс қолданады
Қолдану
1-тапсырма
Мәтінді оқып, етістіктерді теріп, берілген кестені толтырыңыз. Мәтінді өткен шақта баяндаңыз. Мәтін бойынша келер шақта сұрақтар дайындаңыз.
Кез келген адамның сыртқы келбеті - рухани жан дүниесінің айнасы. Сол себептен киімді аса ұқыптылықпен, талғаммен кие білген жөн. «Адам көркі – шүберек» дейміз. Бірақ киімнің түсіне қарап та адам мінезін тануға болды екен.
Ақ түс адамның аңқаулық, пәктік, албырттық мінезін танытады. Көбінесе ақты жастар жақсы көреді. Олар өзгеге көмектесуге асығып тұратынын аңғартады.
Қызыл түс тасыған күшті білдіреді екен. Қызуқанды адам киімді осы түстен таңдайды. Олар - тез шешім шығаратындар, бір орында отырғанды қаламайды. Өмірден бәрін үйреніп, алға ұмтылғыштар қызылға құмар.
Сары түсті еркіндікті қалайтындар және арманы биік, қиялға берілгіштер ұнатады. Олар күтпеген оқиғаларды жақсы көреді. Үнемі ізденісте жүреді.
Алқызыл түс - нәзіктіктің белгісі. Айналасындағылардан қорғанып, тыныш өмірді қалайтын жандар алқызыл түске құмар. Олардың мінездері жұмсақ келеді.
Жасыл түсті үйлесімділікті қалайтындар ұнатады. Бұл түс үмітті білдіреді. Жасылды жақсы көретіндер тыныштықты жаны қалайды.
Көк түсті көбінесе көпшіл, үнемі көңілді жүруге тырысып, белсенді өмір салтын ұстанатындар ұнатады. Олар жүрген ортада ұйымдастырушылық қабілетін танытады. Кез келген ортада танымал. Дегенмен мінезі байсалды.
Күлгін түсті өзінің талғамы орныққан, ақылды екенін сыртқа білдіруге тырысатындар жақсы көреді. Олар жұмыста аса белсенді, әртістік қабілеті бар, ұжымда абыройлы болуға талпынатындар. Олар өзін ғана ойлайды.
ЕТІСТІКТІҢ ШАҚТАРЫ
осы шақ
өткен шақ
келер шақ
Дескриптор Білім алушы
- мәтіндегі етістіктерді теріп жазады;
- етістік шақтарын ажыратады;
- мәтінді өткен шақта баяндайды;
- мәтін бойынша келер шақта сұрақтар дайындайды.
68
2-тапсырма
Төмендегі сөз тіркестерін қалау райлы етістікке айналдырып, сөйлемдер құрастырыңыз. «Сән» тақырыбында диалог дайындап, жұбыңызбен сөйлесіңіз.
Сәнді киіну, таза ұстау, ұқыпты болу, сатып алу, киіп қарау, дүкендерді аралау, сәнмен танысу, т.б.
Дескриптор Білім алушы
- қалау райлы етістік жасайды;
- сөйлемдер құрастырады;
- тақырыпқа қатысты диалог дайындайды;
- айтылымда қалау райды дұрыс қолданады.
69
3-тоқсан
Бөлім «Ғаламтормен дұрыс жұмыс жасау - мәдениет»
Оқу мақсаты
Т3. Әлеуметтік-мәдени тақырыптарға байланысты қажетті сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіну
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
•Тақырыптарға қатысты сөздер мен сөз тіркестерініңмағынасын түсінеді
Білу және түсіну
1-тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Төмендегі сөздермен тыңдалым мазмұнына сай сөз тіркестерін құрастырыңыз.
XXI ғасырдың алғашқы он жылы ішінде дүние жүзіндегі Интернетке қосылған адам саны 350 миллионнан 2 миллиардқа дейін өсті. Ал ұялы телефон байланысын пайдаланатын адам саны 750 миллион адамнан 5 миллиардқа жетті. Қазір бұл көрсеткіш 6 миллиардқа тең.
Егер технология осы қарқынмен дами беретін болса, алдағы 5-10 жылдың ішінде жер бетіндегі 8 миллиард халықтың Интернетпен толықтай қамтылатыны анық. Байланыс әлдеқайда қолжетімді, ал жылдамдық аса жоғары болатыны да сөзсіз. Көп ұзамай-ақ, Интернет ең шалғай ауылдар мен елді-мекендерді қамтып, миллиондаған адамдардың қолына дәстүрлі телефоннан бұрын жетеді. Мұның барлығы әрбір жеке адамның және жалпы қоғамның әлдеқайда тиімді, әрі өнімді жұмыс істеуіне, интеллектуалдық және шығармашылық мүмкіндіктерді шексіз кеңейтуге мүмкіндік береді.
Технологиялар мен олардың негізінде пайда болған құралдар көпшілікке қолжетімді болған сайын, олардың мүмкіндіктері де кеңейе береді. Осы саланың мамандарына жақсы таныс Годон Мур тапқан заңдылыққа сәйкес, кез келген компьютердің күшін анықтаушы процессорлардың жылдамдығы әрбір 18 ай сайын екі есе көбейіп отырады. Яғни, 2025 жылғы компьютер қазіргі супер компьютерден 64 есе жылдам болады деген сөз.
•..... өсті
•..... жетті
•..... тең
•..... дамыды
•..... кеңейді
Дескриптор Білім алушы
- тыңдалым мәтінін түсінеді;
- сөздермен сөз тіркестерін құрайды.
70
2-тапсырма
Төмендегі кестені толтырыңыз. Тақырыпқа қатысты сөз тіркестері мен сөйлемдер құраңыз.
Сөздер
Аудармасы
Синонимі
Сөз тіркестері
Сөйлем
Дүние жүзі
Пайдалану
Қолжетімді
Ең шалғай
Мүмкіндік
Дескриптор Білім алушы
- сөздердің аудармасын анықтайды;
- сөздердің синонимдерін табады;
- сөз тіркестерін жасайды;
- тақырыптық сөйлемдер құрайды.
71
Оқу мақсаты
7.А6. Кесте, диаграмма, шартты белгілер, суреттер менсызбаларда берілген ақпаратты сипаттау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
•Кесте, диаграмма, шартты белгілер, суреттер менсызбаларда берілген ақпаратты сипаттайды
Қолдану
1-тапсырма
Берілген суреттердегі ойды қалай түсінесіз? Сипаттап беріңіз.
Дескриптор Білім алушы
- суреттегі негізгі ойды анықтайды;
- суреттегі ойды сипаттап береді.
2-тапсырма
Диаграммадағы мәліметті өз сөзіңізбен баяндаңыз.
72
Дескриптор Білім алушы
- диаграммада берілген мәліметтерді келтіреді;
- «Ғаламтордағы ойындар» диаграммасындағы мәліметті өз
сөзімен баяндайды;
- «Ғаламтор қолданушыларының пайыздық көрсеткіші»
диаграммасындағы мәліметті өз сөзімен баяндайды.
73
Оқу мақсаты
7.О6. Тақырып бойынша деректер қолдана отырыпмәтінде көтерілген мәселеге өз ойын дәлелдеп жеткізу
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
•Тақырып бойынша деректерді қолданып,көтерілген мәселеге өз ойын дәлелдеп жеткізеді
Қолдану
1-тапсырма
Мәтінді түсініп оқыңыз. Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
Ғаламтор несімен зиян?
Ғаламторға, оның ішінде қоғамдық желілерге тәуелді жастар ғалымдардың соңғы зерттеулері бойынша өзіне деген сенімділігін жоғарылатады екен. Психологтар қоғамдық желілер арқылы танысып, тілдесу адамның батылдығына, өзіне беретін бағасына әсер ете алады, ол көрсеткіштерді жақсы жаққа қарай өзгертеді дейді. Алайда мамандардың айтуынша қоғамдық желіге құмар жандар күнінің көп бөлігін компьютердің алдында отырып өткізеді. Сол себепті олар артық салмақ жинағандарын да байқамай қалады екен.
Тағы бір қызық жайт: компьютер мен ғаламторға әуес жандардың банкротқа ұшырап, бар жиғандарынан айырылу мүмкіндіктері жоғары екен. Зерттеулерге мүлдем компьютер қоспайтын, қоғамдық желілерді бірнеше сағат және күні бойы отыратындар да қатысты. Нәтижелер қуантпады: ғаламторға тәуелді болғандардың басым бөлігі компьютердің алдында тамақ пен газдалған сусындармен отырады. Сондай-ақ, неге екені белгісіз, компьютер алдында бар уақытын өткізетіндердің кредиттері бойынша қарыздары және басқа да ақшалай қиындықтары көбірек. Сонымен, ғалымдар ғаламтормен тым әуестену артық салмақ жинау мен кедейлікке алып келе алады дейді, алайда адамның өзіне деген сенімділін көтеретіндігін де жасырмайды.
Сұрақтар
•Мәтін не туралы?
•Ғалымдардың соңғы зерттеулері не дейді?
•«Қоғамдық желіге құмар жандар». Олар кімдер?
•Сонымен, ғаламтор пайдалы ма, зиян ба?
Дескриптор Білім алушы
- мәтіннің не туралы екенін, ойын анықтайды;
- ғалымдардың қорытындысын айтады;
- қоғамдық желіге құмар жандарды ажыратады;
- сұрақтарға мәтін бойынша нақты жауап береді;
- көтерілген мәселені анықтайды.
2-тапсырма
Оқылым деректерін қолданып, төмендегі кестені толтырыңыз, ойыңызды дәлелдеңіз.
Ғаламтор пайдалы
Ғаламтор зиян
Себебі, .....
Себебі, ...
74
Дескриптор Білім алушы
- берілген кестені толтырады;
- оқылым деректерін қолданады;
- ойын дәлелдеп жеткізеді.
Оқу мақсаты
7.Ж1. Мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігінсақтап, өтініш, түйіндеме, ресми құттықтаулар жазу
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
•Өтініш, түйіндеме, ресми құттықтаулардыажыратады
•Жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап,өтініш, түйіндеме, ресми құттықтаулар жазады
Қолдану
1-тапсырма
Төмендегі мәтіндерді жанрымен сәйкестендіріңіз. Берілген сөздерді жанрына қарай топтастырыңыз.
Мәтін
Жанры
Сізді Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі күнімен ұжым атынан құттықтаймыз! Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, еңбегіңізге табыс тілейміз. Еліміздің елеулі азаматы болып, тәуелсіздігіміздің тұғырын биіктете беріңіз.
ТҮЙІНДЕМЕ
Сізден 2012 жылдың 3 қазанынан бастап денсаулығыма байланысты қызметтік міндетімді атқарудан уақытша босатуыңызды сұраймын. Сырқаттану қағазын емделіп болғаннан кейін ұсынамын.
ҚҰТТЫҚТАУ
Ол - «Айтылған, я жазылған мәселенің қысқаша түйіні». Белгілі бір тұлғаның өмірбаяны, білімі, мамандығы, жұмыс тәжірибесі, кәсіптік шеберлігі, біліктілігі, икемділігі жайлы нақты, қысқа мәлімет беретін іс қағазы. Ол - сіздің кең көлемдегі визит карточкаңыз.
ӨТІНІШ
Тірек сөздер: Ақпарат, тілек, нақты мәлімет, сұраныс, еңбек өтілі, ізгі ниет, туған жері, шын жүректен, білімі – жоғары, құрметті, тегі.
•Құттықтау:
•Өтініш:
•Түйіндеме:
Дескриптор Білім алушы
- өтініш, түйіндеме, құттықтау стилін ажыратады;
- мәтін мен оның жанрын сәйкестендіреді;
- сөздерді жанрына қарай топтастырады.
75
2-тапсырма
Стильдік ерекшелігін сақтап, «Ғаламтормен жұмыс жасау» тақырыбында өтініш, түйіндеме, құттықтау жазыңыз.
Дескриптор Білім алушы
- өтініш, түйіндеме, құттықтау жазады;
- жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтайды;
- тақырыпқа қатысты жазады.
76
Оқу мақсаты
7.ТБ1.6. Мақсат және себеп-салдар үстеулерді ауызшажәне жазба жұмыстарда орынды қолдану
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
•Мақсат және себеп-салдар үстеулерді ауызша жәнежазба жұмыстарда дұрыс қолданады
Қолдану
1-тапсырма
Сөйлемдерден мақсат және себеп-салдар үстеулерін табыңыз.
•Microsoft Еxcel – әдейі ойлап табылған әдіс, электрондық кестелер бағдарламасы.
•Жастардың есіл уақытын ғаламтор босқа ұрлап жатыр.
•Күні-түні әлеуметтік желілерде отыру - денсаулықты бекерге құрту деген сөз.
Дескриптор Білім алушы
- мақсат және себеп-салдар үстеулерді ажыратады;
- сөйлемдегі үстеу түрлерін ажыратады.
2-тапсырма
Суреттерге қарай отырып, «Мен және ғаламтор» тақырыбында жұбыңызбен сөйлесіңіз (диалог). Мақсат және себеп-салдар үстеулерін пайдаланыңыз.
Дескриптор Білім алушы
- «Мен және ғаламтор» тақырыбында диалог құрастырады;
- сөйлесімде мақсат және себеп-салдар үстеулерін қолданады.
3-тапсырма
Жоғарыда айтылған мәліметтерді қорытындылап, «Ғаламтормен дұрыс жұмыс жасау –мәдениет» тақырыбында мәтін құрастырыңыз. Мақсат және себеп-салдарүстеулерін қолданыңыз.
Дескриптор Білім алушы
- айтылған мәліметтерді қорытады;
- тақырыптық мәтін құрастырады;
- жазылымда үстеу түрлерін орынды қолданады.
77
Оқу мақсаты
7.ТБ1.4. Одағай түрлерін мәтіннен ажырата алады, ауызшажұмыстарда орынды қолдану
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
•Одағай түрлерін ажыратады
•Ауызша жұмыстарда дұрыс қолданады
Қолдану
1-тапсырма Берілген одағайларды түрлеріне қарай топтастырыңыз. Әртүрлі мәндегі одағайлармен сөйлемдер құрастырыңыз.
Пәлі, пырс, түу, ойпырай, моһ –моһ, тәйт, уһ, алақай, кә-кә, жә, пай – пай, туу, уһ, әттең, құрау-құрау, аһ, шөре-шөре, көс-көс, айт.
Көңіл күй одағайлары
Жекіру одағайлары
Шақыру одағайлары
1.Шаттану ....................................................................................
2.Таңырқау ..................................................................................
3.Сүйсіну .....................................................................................
4.Ренжу .......................................................................................
5.Өкіну .........................................................................................
Дескриптор Білім алушы
- көңіл күй одағайларын ажыратады;
- жекіру одағайларын ажыратады;
- шақыру одағайларын ажыратады;
- одағай түрлерімен сөйлемдер құрастырады.
2-тапсырма
Төмендегі тақырыптардың бірін таңдап, диалог құрастырыңыз. Одағайларды қолданыңыз.
«Кітапты қайтесің, барлығы да ғаламторда тұрған жоқ па?»
«Қазіргі компьютер заманында кітаптың орнын ғаламтор алмастыра ала ма?»
«Әлеуметтік желі арқылы әңгімелесу мен достасудың салдары қандай?»
Дескриптор Білім алушы
- тақырып бойынша диалог құрастырады;
- айтылымда одағай түрлерін дұрыс қолданады.
78
Бөлім «Музыка. Қазақтың киелі домбырасы»
Оқу мақсаты
7.Т2. Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну,ақпараттың өзектілігін анықтау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
•Негізгі ақпаратты анықтайды
Білу және түсіну
1-тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
Домбыра - қазақ халқының өте ерте және кең тараған, нағыз табиғи ұлттық музыкалық аспабы. Көне Шумер тілінен аударғанда «кішкене садақ» деген мағына береді. Қос ішекті шертіп ойнайтын музыкалық аспап ішекті, шертпелі аспаптар тобына жатады. Аспап әр түрлі үлгіде ағаштан ойылып жасалады. Тоғыз, он бір, он төрт, жиырма төрт пернесі болады. Күй арнайы құлақтарымен келтіріледі. Аспап үні қоңыр, құлаққа жағымды әрі жұмсақ болып келеді.
Домбыра - сан ғасырлардан бері сырын сақтаған, қазақ даласында кеңінен танымал аспап. Дегенмен домбыра әр аймақта әртүрлі болып келеді. Солтүстік, орталық, оңтүстік аймақтарда домбыра көлемі шағын, жеті-тоғыз пернелі болса, Батыс Қазақстан аумағында кездесетін домбыра шанағы жұмыр, мойны ұзын, он екі, он төрт пернелі болып келеді. Домбыра аспабының негізгі екі түріне байланысты аспапта күй орындаудың екі түрі «төкпе» мен «шертпе» қағыстары қалыптасқан. Сазды күйлер Арқа өңірінде, ал төкпе күйлер батыс аймақтарда кең таралған.
Домбыра аспабының екі ішекті түрінен басқа үш ішекті, қос жақты, кең шанақты, шіңкілдек немесе «Балақай домбыра» деген түрлері бар. Домбыра аспабында халық күйлерін ғана емес, батыс және шығыс классикалық шығармаларын, танымал туындыларын орындауға болады.
Сұрақтар
•Домбыра қандай аспап?
•Домбырада күй ойнаудың қандай қағыстары аталады?
•Домбыра қандай түрлерге бөлінеді?
Дескриптор Білім алушы
- мәтін мазмұнын ашады;
- мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.
2-тапсырма
Дұрыс/бұрыс/айтылмаған ақпараттарды анықтаңыз.
Ақпараттар
Дұрыс
Бұрыс
Айтылмаған
Көне Шумер тілінен аударғанда «кішкене садақ» деген мағына береді.
Домбыра қазақ даласында кеңінен танылмаған аспап.
79
Домбыра аспабында тек халық күйлері ғана орындалады.
Домбыра үрмелі аспаптар тобына жатады.
Батыс аймақтарда төкпе күйлер кең таралған.
Домбыраның «Балақай домбыра» деген түрі бар.
Дескриптор Білім алушы
- дұрыс ақпараттарды анықтайды;
- бұрыс ақпараттарды ажыратады;
- айтылмаған ақпараттарды табады.
80
Оқу мақсаты
7.А5. Диалогке қатысушылар коммуникативтік жағдаяттыңталаптарына сай «сөйлеуші →тыңдаушы» позицияларын еркін ауыстыру
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
•Диалогке қатысушылар «сөйлеуші →тыңдаушы»позицияларын еркін ауыстырады
Қолдану
1-тапсырма
Берілген сұрақтарды топта талқылаңыз. Кезектесе отырып жауап беріңіз. «Домбыра: не білемін? не білдім? не туралы білгім келеді?» деген тақырыпта сөйлесіңіз. «Сөйлеуші -- тыңдаушы» позицияларын ауыстырып отырыңыз.
•Домбыра қандай аспап?
•Домбыра неден жасалады?
•Домбыраның қандай түрлері бар?
•Домбыраның құрылысын атаңыз.
•Қандай күйшілерді білесіз?
Дескриптор Білім алушы
- берілген сұрақтарды топта талқылайды;
- кезектесе отырып жауап береді;
- «сөйлеуші →тыңдаушы» позицияларын ауыстырып отырады;
- тақырыптық диалог құрастырады.
2-тапсырма
«Егер де мен күйші болсам ...» деген тақырыпта диалог құрастырыңыз.
Дескриптор Білім алушы
- тақырыптық диалог құрастырады;
- кезектесе отырып жауап береді;
- «сөйлеуші →тыңдаушы» позицияларын ауыстырып отырады.
81
Оқу мақсаты
7.О4. Мәтіндердің идеясын, мақсатты аудиториясынсалыстырып, талдау жасау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
•Мәтіндердің идеясын, мақсатты аудиториясынсалыстырады
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Мәтіндерді түсініп оқыңыз. Берілген үлгі бойынша мәтіндерге талдау жасаңыз.
Домбыра туралы аңыз
Ертеде жаумен күрестен, ұзақ жолдан шаршап келе жатқан бір батыр жолда кездескен ауылға тоқтап, демалмақшы болады. Батыр көлеңкеге отырады. Жанындағы ағаштың бөлігін кесіп алып, оған аттың қылын тағады. Өзі жасаған аспаптан дыбыс шығармақшы болады. Бірақ аспаптан ешқандай дыбыс шықпайды. Оны батыр қасына қояды да, ұйықтап қалады. Бір кезде оянса, аспаптан өздігінен дыбыс шығып жатыр екен дейді. Аспапты қолына алып қараса, домбыраның басына, шектің астына салынған ағашты көреді. Шошыған батыр мұны шайтанның ісі деп ойлайды. Сонан бері, бұл ағаш “шайтан тиек” деп аталып келеді.
Домбыра - кең таралған ұлттық музыкалық аспап
Домбыра - қазақ халқының өте ертеден кең тараған, нағыз табиғи ұлттық музыкалық аспабы. Аспап ағаштан жасалады. Тоғыз, он бір, он төрт, жиырма төрт пернесі, құлағы, тиегі, шанағы болады. Аспап үні қоңыр, құлаққа жағымды әрі жұмсақ.
Домбырада ойнау, домбыраны тыңдау ғажайып сезімге бөлейді. Домбыра туралы айтқанда қазақы тәрбие, қазақтың салты мен дәстүрі елестейді. Домбыра аспабын үйреніп, ойнау арқылы қазақ халқының барша қасиетін түсінуге болады.
Домбыра арқылы адам ішіндегі түрлі ойлардан тазарып, күш-қуатын жөндейді. Домбыра аспабын меңгеру арқылы адамның ойлау қабілеті артады, білім алуға құштарлығы оянады, еңбек етуге құштарлығы жоғарылайды.
Екі мәтіннің ұқсастығы
Екі мәтіннің айырмашылығы
1-мәтін
2-мәтін
Идеясы
Аудиториясы
Мазмұны
82
Дескриптор Білім алушы
- мәтінді оқып, мазмұнымен танысады;
- екі мәтіннің ұқсастығы мен айырмашылығын ажыратады;
- негізгі идеясын салыстырады;
- аудиториясын анықтайды;
- мазмұнын қысқаша баяндайды.
Оқу мақсаты
7.Ж2. Эссе құрылымы мен дамуын сақтап, көтерілгенмәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
•Эссе құрылымы мен дамуын сақтайды
•Келісу-келіспеу себептерін көрсетіп жазады
Қолдану
Тапсырма
•Төмендегі жазылым тақырыптарының бірін таңдаңыз;
•Көтерілген мәселе туралы ойланыңыз;
•Келісу/келіспеу себептерін көрсетіп жазыңыз;
•Эссенің құрылымы мен дамуын сақтаңыз.
1.«Домбырада адамдарды өзіне тартатын ерекше қасиет бар. Ол күш (энергия) жоғарғы әлемдегі (космология) ата-балалар рухынан тарайды», - деген пікірмен келісесіз бе? Себебін жазыңыз.
2.«Қазіргі жаңа технологиялар заманында домбыраға деген көзқарас өзгерді.Жастардың домбыра туралы білгісі де келмейді».
Бұл туралы сіз не ойлайсыз?
Дескриптор Білім алушы
- көтерілген мәселе туралы ойланады;
- келісу/келіспеу себептерін көрсетіп жазады;
- эссенің құрылымы мен дамуын сақтайды.
83
Оқу мақсаты
7.Ж3. Жазба жұмыстарында теңеу мен метафоранықолданып жазу
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
•Жазба жұмыстарында теңеу мен метафоранықолданады
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді түсініп оқыңыз. Мәтіндегі ойды дамытып, жалғастырып жазыңыз.
Жазылымда теңеу мен метафораны қолданыңыз.
Домбыра - бабадан қалған мұра, ұлттық саз аспабы. Домбырада ойнау, домбыра үнін тыңдау - әлемдегі ең нәзік те ғажайып сезімге бөлену деген сөз. Домбыра туралы әңгіме қозғалғанда көңілде қазақы тәрбие, қазақтың салты мен дәстүрі тұрады. Домбыра аспабын үйреніп, ойнау арқылы ұлттың барша қасиетін түсінуге болады.
Домбыра үні арқылы адам ішіндегі түрлі ойлардан тазарып, күш-қуатын жөндей алады. Домбыра аспабын меңгеру арқылы адамның ойлау қабілеті артады, мәдени ой-өрісі жоғарылап, білімге, еңбек етуге деген құштарлығы арта түседі.
Дескриптор Білім алушы
- мәтіннің негізгі мазмұнын анықтайды;
- мәтіндегі ойды жалғастырып жазады;
- жазылымда теңеуді қолданады;
- жазылымда метафораны қолданады.
84
Оқу мақсаты
7.ТБ1.5. Етістіктің шақтары (бұрынғы және ауыспалыөткен шақ, мақсатты және болжалды келер шақ) мен қалау райдың қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда қолдану
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
•Шақ түрлерін ажыратады, қалау райдыңқызметін ажыратады
•Етістіктің шақтары мен қалау райды ауызшажәне жазба жұмыстарда дұрыс қолданады
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді түсініп оқып, тапсырмаларын орындаңыз:
•Мәтіндегі етістіктерді теріп жазып, шағын (өткен шақ, келер шақ) анықтаңыз.
•Мәтіннен қалау райлы етістіктерді табыңыз;
•Мәтін мазмұнын өз сөзіңізбен келер шақта баяндаңыз.
Домбыра Party
–Домбыра Party туралы ең алғаш Facebook әлеуметтік желісінен естідім. Суреттермен пікірлерді көріп, бұл жобаға қызыға бастадым. Біраз уақыттан кейін Нұрғиса ағамыздың жазған постын оқыдым. Ол жерде бұл кісі Лондонға келетінін және Домбыра Party ұйымдастыратынын жазып, осы жерде жүрген қазақтардың хабарласуын сұрапты. Мен де бұл мәселе қашан шешіледі екен, болатын уақыты мен жері қашан анықталады екен деп біраз уақыт күттім. Сүйінші хабарды желі бойынша жан-жаққа тараттық.
Әрине, басында «Лондондағы Домбыра Pаrty-ге аз адам келіп, ұят болып қалмағай» деп те уайымдадық. Себебі жанымда жүрген қазақ студенттерінің көбісінің оқуы аяқталып, елге кеткен болатын. 6 шілде – Астанамыздың туған күнінде «University College London» атты оқу ордасында өткен шараға қырыққа жуық қазақ жиналды. Жиналып қана қоймай, Нұрғиса ағамызды қолдап, өздері де қолдарына домбыраны алып, өнерлерін көрсетті. Көшеде серуендеп жүріп, бізді кездестіріп қуанған қазақтар да болды. Домбыраның үнін естіп, арамызға келіп қосылып жатты. Біраз қазақ бауырларымыз шетелде жүріп, өз елін сағынғаны байқалды. Осы Домбыра Party арқылы шетелде жүрген қазақтар өздерін Қазақстанда болып қайтқандай сезінген шығар. Осындай қазақтардың басын қосатын, елге, жерге деген сүйіспеншілігін арттыратын, рухымызды асқақтататын бастамалар көбейе берсе екен деп тілеймін. Мен де Домбыра Party-дің Лондонда жалғасын табуын қадағалап, көмегімді тигізуге әзір екенімді айтқым келеді.
Іңкәр ОСПАНБЕК, Лондон қаласы. www.aikyn.kz/news/view/26245
Дескриптор Білім алушы
- мәтіндегі етістіктерді теріп жазады;
- етістіктердің шағын анықтайды;
- мәтіннен қалау райлы етістіктерді табады;
- мәтін мазмұнын келер шақта баяндайды.
85
Бөлім «Төрт түлік мал мен егіншілік – ел берекесі»
Оқу мақсаты
7.Т4. Повестердің және лирикалық поэзиялықшығармалардан үзінді тыңдау, тақырыбы мен идеясын талдау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
•Әдеби шығармалардың тақырыбы мен идеясынталдайды
Жоғары деңгей дағдылары
1-тапсырма
Өлеңді мұқият тыңдаңыз. 4 түлік малдың төлдерін сәйкестендіріңіз.
Малдың баласын сүюі
Қой сүйеді баласын «қоңырым» деп,
«Ештеңені білмейтін момыным!» деп.
Сиыр сүйеді баласын «торпағым» деп,
«Қараңғыда баспаған қорқағым!» деп.
Түйе сүйеді баласын «боташым» деп,
«Жаудыраған көзіңнен тоташым!» деп.
Ешкі сүйеді баласын «лағым» деп,
«Тастан тасқа секірген шұнағым!» деп.
Жылқы сүйеді баласын «құлыным» деп,
«Тұлпар болып жүгірер жұрыным!» деп.
4 түлік
Төлі
жылқы
лақ
түйе
бұзау
сиыр
құлын
қой
бота
ешкі
қозы
Дескриптор Білім алушы
- өлең мазмұнын анықтайды;
- төрт түлік малды төлдерімен сәйкестендіреді.
2-тапсырма
Сұрақтарға жауап беріп, тыңдалым мазмұны бойынша кестені толықтырыңыз.
•Өлең не туралы?
•«Боташым», «құлыным» деген сөздерді тағы кімнен естідіңіз?
•4 түлік туралы қандай мақал-мәтелдер білесіз?
86
4 түлік
Төлі
Қандай?
жылқы
лақ
тұлпар
түйе
бұзау
қорқақ
сиыр
құлын
момын
қой
бота
шұнақ
ешкі
қозы
көзі жаудыраған
Дескриптор Білім алушы
- төрт түлік малдың төлдерін ажыратады;
- өлең мазмұны бойынша кестені толықтырады;
- өлеңнің тақырыбы мен идеясын анықтайды. 87
Оқу мақсаты
7.А3. Ауызша мәтіндер құрауда екпін түрлерін сөз жәнесөйлем ішінде орынды қолданып айту
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
•Екпін түрлерін дұрыс қолданады
Қолдану
Тапсырма
Жазғы демалыста бауырыңмен бірге жайлаудағы/ауылдағы ата-әжеңе қыдырып бардыңыз. Ол жерде қызықты оқиғалар болды. Төмендегі суреттермен сұрақтарды қатыстырып, әңгіме құрастырыңыз. Ауызша мәтіндерде екпін түрлерін дұрыс қолданып айтыңыз.
•пойыздан қашан түстіңіз, неше сағат жүрдіңіз, пойызда немен айналыстыңыз?
•жайлауда қайда тұрдыңыз?
•ол жердің табиғаты, ауа райы қандай болды?
•әжеңіз қандай тағамдар дайындады?
•олар қайдан алынады, қалай жасалады?
•қайда серуендеп бардыңыз?
•қызықты оқиғаны баяндаңыз.
•жайлауда қандай мал көрдің?
•олардың пайдасы қандай?
Дескриптор Білім алушы
- жағдаятты дамытады;
- суреттер бойынша әңгіме құрастырады;
- сұрақтарға жауап береді;
- айтылымда екпін түрлерін дұрыс қолданады.
88
Оқу мақсаты
7.О5. Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтердікесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде ұсыну
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
•Қосымша ақпарат көздерінен алынғанмәліметтерді кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде ұсынады
Қолдану
1-тапсырма
Мәтінді түсініп оқыңыз. Мәтіндегі мәліметтерді пайдаланып, төмендегі кестені толтырыңыз.
Төрт түліктің пайдасы
Түйе - төрт түлік малдың ең қасиеттісі. Қазақ халқы түйені «дала кемесі» деген. Ол шөлге шыдамды, көшкенде - көлік, жесе - ет, жүні - киім. Түйенің жүнінен бас киім, шапан не тек жамылғы көрпелер жасаған, аяққа басуға болмайды деп төсеніштер жасамаған. Түйенің шудасын, сүтін емге пайдаланған. Сүті қою, құнарлы. Сүтінен шұбат, құрт, балқаймақ, т. б. жасаған.
Сиыр үйдің берекесі, айран-сүттің көзі, отбасының асыраушысы ретінде қадірлі мал болған. Ертеде сиыры жоқ үй кедей үй деп есептелген. Ертеде сиырдың терісінен ыдыстар, қымыз ашытатын сабалар, сусын құятын торсықтар жасаған. Сиырдың тезегін отын ретінде пайдаланған. Ал мүйізінен тарақ жасаған.
Қой - төрт түліктің ішіндегі қазақтың сүйіктісі. «Мал өсірсең қой өсір, пайдасы оның көл көсір» деген қазақ атамыз. Өзі өсімтал, сүті майлы әрі жұғымды, қонақ асы. Қой мен ешкінің иленген терісін түрлі сырт киім мен аяқ киім тігуге пайдаланған. Қойдың жүнінен киіз басып, жіп иіріп, баулар жасалады, кілемдер, текеметтер тоқылады. Қазақ халқы қой мен ешкіні «уақ мал» деп атайды.
Ешкі - өте өсімтал мал. Ешкінің еті жеңіл, әрі сіңімді, сүті өте құнарлы. Ана сүтіне жарымаған баланы ешкі сүтімен асыраған. Ешкінің серкесінің бүкіл отарды бастап, жайылымға апарып, әкелетін қасиеті бар. Ешкі жеңілтек мал деп есептелген, мінезі ұшқалақ, шыдамсыз баланы «ешкі құсап селтеңдеп» деп ешкіге теңеп отырады. Тағы ешкінің жүнінен жылы әрі жұмсақ түбіт орамалдар тоқиды.
Жылқы - қазақтың қасиетті малдарының бірі. Ат - ер қанаты. Жылқы жүйрік, әрі өте төзімді мал, оны көлік ретінде пайдаланады. Қымызы ем, еті мен сорпасы қысты күні тоңдырмайды. Жылқының жалынан, құйрығынан арқан жіп есіледі, етінен қазы-қарта, жал-жая жасайды.
Төрт түлік
Пайдасы
Еті мен сүтінен ...
жасалады
Жүні мен терісінен ...
жасалады
Түйе
Жылқы
89
Дескриптор Білім алушы
- қажетті мәліметтерді жинақтайды; - мәтіндегі мәліметтерді пайдаланып, кестені толтырады.
2-тапсырма
Төрт түлік қасиетін топтастырыңыз. Қандай? деген сұраққа жауап беріңіз.
Сиыр
Қой
Ешкі
Дескриптор Білім алушы
- төрт түлікті топтастырады;
- сұраққа жауап береді. 90
Оқу мақсаты
7.Ж4. Тақырып бойынша мәліметтерді жинақтап,презентация түрінде ұсыну
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
•Тақырып бойынша мәліметтер жинақтайды
•Презентация жасайды
Жоғары деңгей дағдылары
1-тапсырма
Мәтінді оқып, презентацияға қажетті мәліметтерді белгілеңіз. Төрт түлік туралы мақал-мәтелдер, нақыл сөздер жинақтаңыз.
Қазақ халқы ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық. Кезінде ата-бабаларымыз төрт түлікке жайлы қоныс іздеп кең даламызда көшіп-қонып жүрген. Малдың сүті, жүні, терісі, мүйізі, сүйегі тіпті тезегіне дейін өз қажетіне пайдаланып отырған. Мал қазаққа жесе - асы, кисе - кисе киімі, мінсе көлігі, жапанда серігі - болған. Ата-бабаларымыз «мал-жан аман ба?» деп амандасқан. Қазақтар малды тек пайдаланып қана қоймаған, оларды бағып, күтіп, қасиетін, ерекшелігін жақсы білген. Ерте заманнан бері осы төрт түлік малдың пірлері бар.
Түйе пірі - Ойсыл қара деп жүрген Увайс Қарани шын мәнінде өмірде болған адам. Пайғамбар дәуірінде өмір сүрген өмірін түйе бағумен өткізген. Ол өз елінің түйелерін бағып өзінің кәсіпке адалдығымен, тақуалығымен, қанағатшылдығымен көпке үлгі болған.
Сиыр пірі - Зеңгі баба. Бұл да өмірде болған адам. Халық ауыз әдебиетінде Зеңгі баба өмірін сиыр бағумен өткізген, түркілер арасында пір болған адам. Мазары Ташкент қаласының түбінде.
Жылқы атасы - Қамбар ата туралы халық арасында әр түрлі дерек бар.
Жылқы атасы - Қамбар ата. Кейбіреулер оны «Қамбар батыр» жырының кейіпкері дейді. Ол атқа мініп жауға шапқан нағыз батыр адам. Сондықтан халық елін жаудан қорғаған ерін, пір тұтады.
Қой атасы - Шопан ата. Ол - ХІІІ-ХІV ғасырларда өмір сүрген аңыздық тұлға. Халық арасында Шопан ата туралы аңыз-әңгімелер көп.
Ешкі пірі - Сексек ата. Дерек бойынша Қазығұрт тауының бауырында жерленген Исмайыл атаның баласы. Бірақ аз зерттелген. Үлгі:
•Ат – ер қанаты
•Қой сүті – қорғасын
•Тай - атқа жеткізер, ат - мұратқа жеткізер
Дескриптор Білім алушы
- мәтіннен презентацияға қажетті мәліметтерді белгілейді;
- тақырыпқа қатысты мақал-мәтелдер табады;
- нақыл сөздер жинайды.
91
2-тапсырма
Мәтіндегі мәліметтерді пайдаланып, «Төрт түлігім - ырысым» тақырыбында презентация дайындаңыз.
Төмендегі презентацияға қойылатын талаптарды ескеріңіз.
•4-5 слайдтан кем не артық болмауы тиіс;
•барлық слайдтар бірыңғай стильде құрылуы керек;
•мәліметтер жинақы, ой қысқа да нұсқа берілуі керек;
•презентациядағы барлық сөз саны 90-100-ден аспауы шарт.
Дескриптор
Білім алушы
- тақырыпқа қатысты презентация дайындайды;
- мәтіндегі мәліметтерді пайдаланады;
- презентация талаптарын сақтайды.
92
Оқу мақсаты
7.ТБ1.3. Топтау сан есімдерін жазба, ауызшажұмыстарда орынды қолдану
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
•Топтау сан есімдерін ажыратады
•Топтау сан есімдерін жазба, ауызша жұмыстардадұрыс қолданады
Қолдану
1-тапсырма
Мақалдардағы сан есімдерді тауып, топтау сан есімдеріне айналдырып жазыңыз.
•Жүзден - жүйрік, мыңнан – тұлпар.
•Бір қозы туса, бір түп жусан артық өсер.
•Бір түлікке бай болғанша, әр түлікке сай бол.
•Қой анасы - оннан, жылқы анасы - бестен.
•Айдағаның бес ешкі, ысқырығың жер жарады.
Дескриптор Білім алушы
- мақалдардан сан есімдерді табады;
- топтау сан есімдерінің жасалу жолын анықтайды;
- есептік сан есімдерді топтау сан есімдеріне айналдырады.
2-тапсырма
Төмендегі топтау сан есімдерімен сөз тіркесі, сөйлем құраңыз. Топтау сан есімдерін қолданып, «Төрт түлік мал мен егіншілік – ел берекесі» тақырыбында диалог құрастырыңыз.
Топтау сан есімдері
Сөз тіркесі
Сөйлем
жүз-жүзден
он-оннан
екі-үштен
елуден
мың-мыңнан
жиырмадан
Дескриптор Білім алушы
- топтау сан есімдерімен сөз тіркесін құрастырады;
- топтау сан есімдерімен сөйлем құрайды;
- диалогте топтау сан есімдерін орынды қолданады.
93
Бөлім «Наурыз мейрамы. Ақ мол болсын! Ұлыс оң болсын!»
Оқу мақсаты
7.Т5. Тірек сөздер, автор көзқарасы мен көңіл күйіарқылы негізгі ойды анықтау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
•Тірек сөздерді табады
•Негізгі ойды анықтайды
Білу және түсіну
1-тапсырма
Мәтінді тыңдаңыз. Сұрақтар дайындап, жауап беріңіз. Мәтінге тірек болатын етістіктерді теріп жазыңыз.
22 наурыз - Ұлыс күні жыл басы саналған. Халықтың мифологиялық түсінігі бойынша 21 наурыз түні даланы Қыдыр ата аралайды. Бұл күн қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Халық таза, жаңа киімдерін киген. Ауылдың ер адамдары бір-бірімен қос қолдасып, төс қағыстырады, әйелдер құшақтасып, бір-біріне жақсы тілектер айтады. Ренжіскен адамдар татуласады. Бірін-бірі мерекеге арнап дайындалған наурыз көже ішуге шақырады. Оған қойдың басы мен сүр ет салып пісірілуі – қыс тағамымен (етпен) қоштасуды, құрамына ақтың қосылуы – жаз тағамымен (сүт, ақ) қауышуды білдіреді. Осы күні адамдар арам пиғыл, жаман ниеттен тазарады.
Алтыбақан басында ән айтылып, би биленеді, күй тартылады. Дәстүрлі ұлттық ойындар (көкпар, аударыспақ, күрес, қыз қуу, алтыбақан, т.б.) ойналады. Таң ата көпшілік биік төбенің басына шығып, атқан таңды қарсы алады. Бүкіл ауыл-ел болып, әсіресе жастар жағы — тазаланған арықтарға су жібереді, ағаш отырғызып, гүл егу рәсімін жасайды. Наурыздан кейінгі 2-күні жұрт жаппай көктемгі егіске кіріседі.
Үлгі: аралайды, киеді, құшақтасады, татуласады, тазарады, т.б.
Дескриптор Білім алушы
- мәтінді мұқият тыңдайды;
- сұрақтар дайындайды/жауап береді;
- мәтінге тірек болатын етістіктерді жазады;
2-тапсырма
Тірек сөздермен сөз тіркестерін жасаңыз. Сөз тіркестерін пайдаланып, негізгі ойды баяндаңыз.
•Қыдыр ата ….
•Ер адамдар …
•Әйел адамдар ...
•Көршілер …
•Жастар …
Дескриптор Білім алушы
- тірек сөздермен сөз тіркестерін жасайды;
- тірек сөздерді пайдаланып, негізгі ойды баяндайды.
94
Оқу мақсаты
7.А2. Кеңес беру, ұсыныс жасау, өтініш, талап, ету, бұйрықберудің түрлі формалары мен жағдаяттарына сай ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолдана білу
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
•Кеңес беру, ұсыныс жасау, өтініш, талап ету, бұйрықберу формаларын ажыратады
•Ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларынтүрлі жағдаяттарға сай қолданады
Қолдану
Тапсырма
Сіз ата-анаңызбен бірге Наурыз мерекесін тамашалауға алаңға шықтыңыз. Алаңда не көрдіңіз? Суреттерді пайдаланып, көрген қызықты оқиғаларды досыңызға баяндаңыз.
•Наурыз қандай мейрам? Ол қалай тойланып жатыр?
•Халық қандай көңіл күйде? Неге?
•Наурыздың басқа мерекелерден ерекшелігі бар ма,
болса қандай?
•Дастарқан мәзірі қандай болды?
•Қандай ұлттық ойындар ойналды?
Дескриптор Білім алушы
- жағдаят бойынша сөйлейді;
- суреттерді қатыстырып айтады;
- сұрақтарды қамтиды;
- айтылымда ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолданады.
95
Оқу мақсаты
7.О2. Ресми-іскерлік (өтініш, нұсқаулық, ресмиқұттықтаулар, ұсыныстар) салаға қатысты мәтіндердің тілдік ерекшелігін анықтап, талдау жасау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
•Ресми-іскерлік (өтініш, нұсқаулық, ресмиқұттықтаулар, ұсыныстар) салаға қатысты мәтіндерді ажыратады
•Ресми-іскерлік салаға қатысты мәтіндерга талдаужасайды
Қолдану
1-тапсырма
Мәтінді түсініп оқыңыз. Мәтіннің стилін анықтаңыз. Мысалдар келтіріп, ойыңызды дәлелдеңіз.
Құрметті ата мен әже!
Аташым, асқар таудай ақылшым, бұл күні берген ақ батаң қабыл болсын! Ғұмырың ұзақ болсын! Немере-шөберелеріңнің қызығын көріп, көпті көрген тағылымыңмен бала-шағаның бағдаршамы болып жүре бер! Төрт түлігің ақты болсын! Өрісің малға, үйің жанға толсын!
Ақ Әже, тәлім-тәрбиенің көмбесі, бізге берер өнегең таусылмасын! Наурыз мерекесі сізге дүниенің бар жақсылығын әкелсін!
Саялы алақаныңыздан жылу кетпесін! Ұлыстың ұлы күні 22 наурыз сіздерге көктем күнінің күшін әкелсін!
Шаңырағымызға береке, ырыс кірсін!
Игі тілекпен, немереңіз Сәбит
Дескриптор Білім алушы
- мәтіннің стилін анықтайды;
- пікірін мысалдармен дәлелдейді.
2-тапсырма
Мектепте Наурыз мерекесін тойлау, ұйымдастыру жолдары туралы ұсыныс жасаңыз.
Дескриптор Білім алушы
- ұсыныстың стилін ажыратады;
- наурыз мерекесін тойлау туралы ұсыныс жасайды.
96
Оқу мақсаты
7.Ж5. Тақырып бойынша сөздердің маңызды бөліктеріндұрыс жазу (күрделі сөздер); оқшау сөздерге қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
•Күрделі сөздерді дұрыс жазады
•Оқшау сөздердің тыныс белгілерін орындықолданады
Қолдану
1-тапсырма
Мәтінді оқыңыз. Мәтіннен күрделі сөздерді табыңыз, түрін анықтаңыз.
Наурыз мерекесі әлемнің ең көне мерекелерінің бірі. Орта Азия халықтарында бес мың жыл бойы аталып өтілуде. «Наурыз» сөзі парсы тілінен аударғанда «Жаңа күн» деген мағынаны береді. Ежелгі жыл санағы бойынша, 22 наурызда күн мен түн теңеседі. Наурыз – жылдың бірінші күні, жыл басы, көктемнің алғашқы айы. Наурыз мерекесін қазақ халқы «Армысың, Әз Наурыз», «Әз болмай, мәз болмас» деп қарсы алған.
1926 жылдан бастап, тоталитарлық жүйенің ықпалымен наурыз мерекесін тойлауға тыйым салынды. Көп жылдар бойы ұмытылып, сынын жоғалтқан мереке 1988 жылдан бері қайта жаңғырып, Наурыз мейрамын тойлау дәстүрі өз жалғасын тапты.
Наурыз мерекесі 1991 жылы, 15 наурызда Қазақстан Президентінің қаулысының негізінде мемлекеттік мәртебеге ие болды. Елбасы наурыз айының 22 жұлдызын «Наурыз мейрамы» деп жариялады. Ал 2009 жылдың 24 сәуірінде ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев наурыз айының 21, 22, 23 күндеріне «Наурыз мейрамы» деген атақ берді.
Дескриптор Білім алушы
- мәтіннен күрделі сөздерді табады;
- күрделі сөз түрлерін ажыратады.
2-тапсырма
Төмендегі ойды жалғастырып жазыңыз. Оқшау сөздерді қолданыңыз, тыныс белгілерін ескеріңіз. Наурыз мейрамы – діни мереке емес. Бұл қалың қыстан аман-есен шығып, жаңа жылды қарсы алу мерекесі.
Наурыз мерекесінде көріскен жандар бір-бірін құшақ жая қарсы алып, жақсы тілектер айтады…
Дескриптор Білім алушы
- берілген ойды жалғастырып жазады;
- күрделі сөздерді дұрыс жазады;
- оқшау сөздерді қолданады.
- оқшау сөздердің тыныс белгілерін дұрыс қояды.
97
Оқу мақсаты
7.ТБ2. Жазба жұмыстарында ыңғайлас, қарсылықты,түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемдерді құрастыру
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
•Ыңғайлас, қарсылықты, түсіндірмелі салаласқұрмалас сөйлемдерді ажыратады
•Ыңғайлас, қарсылықты, түсіндірмелі салаласқұрмалас сөйлемдерді дұрыс құрастырады
Қолдану
1-тапсырма
Салалас құрмалас сөйлем түрлерін ажыратыңыз. Кестені толтырыңыз.
•Наурыз күні әр жерге үлкен от жағады, отқа май құяды.
•Ыдыстар ернеуіне дейін айранмен, сүтпен немесе бұлақ суымен толтырылады: бұл- тоқшылықтың белгісі.
•Жаңа шыққан жеті дәнге қарап болашақты болжайды және жеті ақ кесемен наурызкөже ұсынады;
•Наурыз мейрамы – өте ертеден келе жатқан көне мейрам, бірақ діни мереке емес.
Ыңғайлас салалас
Қарсылықты салалас
Түсіндірмелі салалас
Дескриптор Білім алушы
- ыңғайлас салаласты анықтайды;
- қарсылықты салаласты ажыратады;
- түсіндірмелі салаласты табады;
- кестені дұрыс толтырады.
2-тапсырма
«Наурыз мейрамы – бақыттың бастауы» тақырыбында мәтін құрастырыңыз. Жазылымда салалас құрмалас сөйлем түрлерін қолданыңыз.
Дескриптор Білім алушы
- тақырып бойынша мәтін жазады;
- жазылымда салалас құрмалас сөйлем түрлерін қолданады.
98
4-тоқсан
Бөлім «Жастықтың оты қайдасың?»
Оқу мақсаты
7.Т1. Мәтін үзінділері арқылы оқиғаның дамуын болжау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
•Мәтін үзінділері арқылы оқиғаның дамуынболжайды
Қолдану
1-тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдаңыз, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
Бір қалада әйгілі ұстаз өмір сүріпті, оның шәкірттері көп болған екен. Бір күні сол шәкірттердің бірі: «Осы біздің ұстазымыздың жауап бере алмайтын сұрағы бар ма екен?» деп ойланып қалды. Ол гүлденіп тұрған шалғынға барды, ең әдемі көбелекті ұстап алды және оны екі алақанының арасына тығып ұстады. Ол ұстазға келді де, сұрады: - Менің қолымда қандай көбелек бар, ол тірі ме әлде өлі ме екенін айтыңызшы? Ол көбелекті жұмылған алақандарында қысып ұстап тұрды. Өзінің шындығы үшін көбелекті кез келген уақытта қысып жіберуге дайын болды. Ұстаз оқушының қолына қарамай-ақ жауап берді. .................
Үзінді не туралы екенін болжаңыз.
Шәкірт не себепті ұстазын сынамақ болды деп ойлайсыз?
Оқиғаны дамытып, ойды жалғастырыңыз.
Ұстаз шәкіртіне қандай жауап қайтаруы мүмкін?
Ұстаз оқушының қолына қарамай-ақ жауап берді: - Бәрі өзіңнің қолында, бәріне өзің иесің, барлығын да білесің!
Дескриптор Білім алушы
- мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;
- оқиғаны дамытып, ойды жалғастырады.
2-тапсырма
Өзіңіз болжаған оқиғаны мәтін қорытындысымен салыстырыңыз. Пікіріңізді айтыңыз. «Өз бақытың - өз қолыңда» деген дана сөзімен келісесіз бе? Ойыңызды мысалмен дәлелдеңіз.
Дескриптор Білім алушы
- екі мәтін қорытындысын салыстырады;
- пікірін білдіреді;
- келісу/келіспеу себебін айтады;
- ойын мысалмен дәлелдейді.
99
Оқу мақсаты
7.Т4. Повестердің және лирикалық поэзиялықшығармалардан үзінді тыңдау, тақырыбы мен идеясын талдау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
•Әдеби шығармалардың тақырыбы мен идеясынталдайды
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Екі үзіндіні салыстырып, талдаңыз.
Жастықтың оты, қайдасың?
Абай Құнанбаев
Жастықтың оты, қайдасың,
Жүректі түртіп қозғамай?
Ғылымның біліп пайдасын,
Дүниенің көркін болжамай?
Адамның тауып айласын,
Кісілікті ойламай.
Қаруын көңіл сайласын,
Қолға ол түспес бойламай.
«Мен жастарға сенемін»
Мағжан Жұмабаев
Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты, Қырандай күшті қанатты — Мен жастарға сенемін! Көздерінде от ойнар, Сөздерінде жалын бар. Жаннан қымбат оларға ар, Мен жастарға сенемін!
Кестені толтырыңыз.
1-шығарма
2-шығарма
Тақырыбы
Идеясы
Мазмұны
Түйін
Дескриптор Білім алушы
- үзінділерді салыстырады;
- тақырыбын анықтайды;
- идеясын көрсетеді;
- мазмұнын жазады;
- түйін жасайды.
100
Оқу мақсаты
7.А2. Кеңес беру, ұсыныс жасау, өтініш, талап, ету,бұйрық берудің түрлі формалары мен жағдаяттарына сай ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолдана білу
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
•Кеңес беру, ұсыныс жасау, өтініш, талап ету,бұйрық беру формаларын ажыратады
•Ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларынтүрлі жағдаяттарға сай қолданады
Қолдану
1-тапсырма
Аяқталмаған тезисті аяқтауға көмектесіңіз.
(Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Сиқырлы қобдишадан қағазды суырып, аяқталмаған тезисті жалғастырады).
Егер мен сиқыршы болсам, онда мен ..........................................................
Егер адамның кемшіліктерін байқасаң, онда ...............................................
Мен өзімнің досымның жағымсыз істер жасап жатқанын көрсем................
Жақсы өмір дегеніміз – бұл…………………………….....................................
Адам болу дегеніміз – бұл………………………………………….....................
Өмірдегі ең басты нәрсе – бұл ………………………………………………….
Досың көп болу үшін …………………………………………………..................
Адам бақытты болу үшін……………………………………………………...…..
Мен сыпайы адамды кездестірген сайын…….......... ………… деп ойлаймын.
Мен өзімді ……………………....................…кездерде аса бақытты сезінемін.
Меніңше жақсылық пен жамандық .................................................................…
Неге барлық адамдар ................................... болмайды екен?
Дескриптор Білім алушы
- тезисті өз ойымен жалғастырады;
- тақырыптық сөйлем құрастырады.
2-тапсырма «Сіз деген - әдеп, біз деген - көмек» тақырыбында жұбыңызбен сұхбаттасыңыз. Сөз әдебін қолданып, этикет формаларын сақтаңыз.
Амандасу, кешірім сұрау, ризашылық білдіру, алғыс айту, жұбату, рақмет айту, қоштасу.
Дескриптор Білім алушы
- тақырып бойынша диалог құрастырады;
- сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолданады.
101
Оқу мақсаты
7.А5. Диалогке қатысушылар коммуникативтік жағдаяттыңталаптарына сай «сөйлеуші →тыңдаушы» позицияларын еркін ауыстыру
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
•Диалогке қатысушылар «сөйлеуші →тыңдаушы»позицияларын еркін ауыстырады.
Қолдану
Тапсырма
Төмендегі сұрақтардың біреуіне өзара диалог құрастырыңыз. «Сөйлеуші - тыңдаушы» позицияларын ауыстырып отырыңыз.
3-ке бөлініңіз: репортер, респондент, хатшы.
Рөлдер
Репортер төмендегі сұрақтар бойынша сұхбат алады.
Респондент жауап береді.
Хатшы жазып отырады және бағалайды.
Сұрақтар
1.Қазіргі жастардың қызығушылығы неде?
2.Қазіргі жастар тым талапшыл ма?
3.Қазіргі жастар үшін ең басты құндылық қандай?
4.Қазіргі жастар неге ұялы телефонға тәуелді?
Орындау шарты
•Сұраққа жауаптар нақты, түсінікті болу керек.
•Әр мәтінге үш сұрақтан құру керек (екі жеңіл, бір талқылау сұрағы).
•Сұрақ жауаптары бөлек параққа жазылу қажет.
•Қорғау уақыты - 2 минут
Дескриптор Білім алушы
- тақырыптық диалогке қатысады; - сұраққа жауап береді; - диалогті бағалайды; - уақытпен жұмыс істейді; - «сөйлеуші - тыңдаушы» позицияларын ауыстырады.
102
Оқу мақсаты
7.О3. Прозалық және поэзиялық шығармалардағыкейіпкердің іс-әрекетіне немесе лирикалық кейіпкердің образын талдау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
•Шығармадағы кейіпкерлердің іс-әрекеті менобразын талдайды
Қолдану
1-тапсырма
Мәтінді мұқият оқыңыз, мазмұнын баяндап, сұрақтарға жауап беріңіз.
Үш ана басы қосылып, әңгімелесіп тұрды. Бірінші ана: «Менің балам өте ақылды, өнерлі, әнші, математикадан нашар болғанмен болашақта керемет бір танымал кісі болатынына сенемін», - дейді баласын мақтап.
Екінші ана: «Менің балам әдемі, таза киінгенді ұнатады. Ақшаның да есебін біледі. Шамасы балам болашақта үлкен бизнесмен болады-ау», - деп мақтанады.
Үшінші ана үндемей тұрып қалады.
Сол кезде үш ана қарияның жолдан өтуіне көмектесіп, қолтығынан демеп, сөмкесін көтерісіп келе жатқан баланы көреді. Бұл үндемей қалған үшінші ананың баласы еді. Қария балаға алғысын жаудырып кете берді.
Үш бала аналарына жақындады. Алғашқы екі ананың балалары аналарынан балмұздаққа ақша сұрай келді. Ал үшінші бала анасына бүгінгі сабақтан «бестік» баға алғанын айта келді.
Қай баладан болашақта не күтуге болады?
Сұрақтар
•Үш ананың әңгімесі не туралы?
•Қария балаға неліктен алғыс айтты?
•Әңгімеге қандай тақырып қоюға болады?
Дескриптор Білім алушы
- сұрақтарға жауап береді.
2-тапсырма
Шығармадағы кейіпкерлердің іс-әрекеті мен образын талдаңыз.
Бірінші бала
Екінші бала
Үшінші бала
Кейіпкердің суреттелуі
Кейпкерлердің
іс-әрекеті
Қоршаған ортаға әсері
Кейіпкерлердің адами ұнамды қасиеттері
Дескриптор Білім алушы
- шығармадағы кейіпкерлерді суреттейді;
- іс-әрекетіне баға береді;
- образын талдайды.
103
Оқу мақсаты
7.О5. Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтердікесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде ұсыну
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
•Қосымша ақпарат көздерінен алынғанмәліметтерді кесте, диаграмма, сызба, шарттыбелгілер түрінде ұсынады
Қолдану
1-тапсырма
Сұхбатты оқыңыз. Төмендегі үлгі бойынша мәтіндегі сөйлемдерді, ойларды шартты белгілермен белгілеңіз.
ХХІ ғасыр және бүгінгі ұрпақ
ХХІ ғасыр бүгінгі ұрпаққа бақыт сыйлаған кезең деп санаймыз. Ата-бабаларымыз болашақ ұрпақ үшін күресіп, бізге егемендік алып берді. Қазақ даласы ата-бабаларымыз ғасырлар бойы арман еткен және сол жолда зор құрбандықтарға душар болып, өз тәуелсіздігін жеңіп алды. Білімді, сауатты азаматтар – бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші. Шын мәніндегі бақытты кезеңде өмір сүріп жатқан жастарға өзін таныту үшін мүмкіндіктер өте көп, бұл туралы аға ұрпақ жастық жылдарда армандай алмайтын. Бүгінгі күн – талантты, жігерлі, өзіне сенетін, арманға бай және олар-ды жүзеге асыруға ерік-жігері бар жастардың уақыты. Бүгінгі таңда мемлекет жастар үшін барлық жағдайды жасап отыр. «Жастық шақ — бұл тамаша нәрсе; оны рәсуа ету қылмыс…», - деген екен Бернард Шоу. Тек оқу, күш-қуатыңды аямастан еңбек ету керек, сонда ғана ойлаған арманға жетуге болады.
Кез келген азаматтың өмірге қойған айқын мақсаты мен арманы болады. Себебі ар-ман мен мақсат болашаққа жетелейді. Ата-бабаларымыздың аңсап, тәуелсіздік жолында күрескен арманы орындалды-ау.
Қазақстан үшін, қазақ халқы үшін тәуелсіздік аспаннан түскен сый емес еді. Халқымыз бостандықты аңсап, Тәуелсіздікке зарығып жетті. Тәуелсіздік жолында еліміз аз қиыншылық көрген жоқ. Халқымыздың өшпес қайсар рухының арқасында тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл күнге дейін жеткен ұмытылмас оқиғалар – ел бостандығын қорғау соғыстары мен ұлт-азаттық көтерілістердің тарихымызда өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталатыны рас. Елдің біртұтастығы мен тыныштығын сақтауға хан-сұлтандар, батырлар, қарапайым халықтың өзі де өміріні қиған. Тәуелсіздік деген ұлы жеңіске қол жеткізуде әлі де жаңғырып тұрған кешегі Желтоқсанның да септігі аз болған жоқ – студент жастардың көшеге шығып үндеуі және егемендік үшін зардап ше-гуге дайын екендігін көрсете білуі барша халыққа сенім мен жігер берген болатын.
V
+
-
?
Бұл маған белгілі ақпарат
Мен үшін жаңа ақпарат
Бұл менің ойыммен сәйкес емес
Мен үшін
жұмбақ нәрсе
Дескриптор Білім алушы
- мәтінді талдап оқиды;
- мәліметтерді жинақтайды;
- шартты белгілермен белгілейді.
104
2-тапсырма
Мәтіндегі негізгі мәліметтерді анықтап, кесте не сызба түрінде ұсыныңыз.
Дескриптор Білім алушы
- мәтіндегі негізгі мәліметтерді анықтайды;
- кесте не сызба түрінде ұсынады.
Оқу мақсаты
7.Ж3. Жазба жұмыстарында теңеу мен метафоранықолданып жазу
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
•Жазба жұмыстарында теңеу мен метафоранықолданады
Қолдану
Тапсырма
«Қазіргі жастардың бойында ұлттық құндылықтар бар ма, бар болса қандай?» деген сұраққа жауап жазыңыз. Берілген теңеу мен метафораларды қолданыңыз. Сөз көлемі - 100-120 сөз.
Теңеулер: арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, сүттей ақ, судай таза, жанған жұлдыздай, батырдай мықты, қазақ атамыздай, таудай талапты, т.б.
Метафоралар: көздерінде от ойнар, сөздерінде жалын бар, арманы асқақ, жүрегі – от, ойы – аспан, қайраты тасқан, жұмсақ мінез, алтын бесігім, жылы ұям, т.б.
ПОПС әдісін қолданыңыз.
1.Менің ойымша ...
2.Мен мұны былай дәлелдеймін ...
3.Мен бұған мынандай мысалдар келтіремін ...
4.Мен мынадай қорытынды шешімге келдім ...
Дескриптор Білім алушы
- сұраққа жауап жазады; - жазылымда теңеуді қолданады; - жазылымда метафораны қолданады; - ПОПС әдісімен жазады; - сөз көлемін сақтайды.
105
Оқу мақсаты
7.ТБ1.3. Топтау сан есімдерін жазба, ауызша жұмыстардаорынды қолдану
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
•Топтау сан есімдерін ажыратады
•Топтау сан есімдерін жазба, ауызша жұмыстардадұрыс қолданады
Қолдану
1-тапсырма
Кестені толтырыңыз, топтау сан есімдерінің жасалу жолын көрсетіп, мысалдар келтіріңіз.
ТОПТАУ САН ЕСІМ
Ережесі
Жасалу жолы
Мысалдар
Дескриптор Білім алушы
- топтау сан есімінің ережесін жазады;
- жасалу жолын көрсетеді;
- мысалдармен дәлелдейді.
2-тапсырма
Сөйлемдерді мұқият тыңдап, сауатты жазыңыз. Сан есімдерді тауып, топтау сан есімдеріне айналдырыңыз. Бір-біріңізді тексеріңіз!
•Біздің сыныпта жиырма бес оқушы бар.
•Озат оқушы саны – жетеу.
•Елу үшке бөлінбейді.
•Біз бес топқа бөліндік.
•Мен жетінші сыныпта оқимын.
Дескриптор Білім алушы
- сөйлемдерді қатесіз жазады;
- сан есімдерді табады;
- топтау сан есіміне айналдырады;
- бір-бірін тексереді.
3-тапсырма
Топтау сан есімдерін қолданып, «Жастар ұнататын ойындар» тақырыбында сөйлесіңіз.
Дескриптор Білім алушы
- тақырып бойынша сөйлеседі;
- топтау сан есімдерін қолданады.
106
Бөлім «Ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтары»
Оқу мақсаты
7.Т2. Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну,ақпараттың өзектілігін анықтау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
•Негізгі ақпаратты анықтайды
Қолдану
1-тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз.
Ұялы телефон
Ұялы телефонның тарихы 1973 жылдың 3 сәуірінен басталады. Ұялы телефонды ойлап тапқан Motorola компаниясының қызметкері Мартин Купер болды. Өнертапқыш адам баласы телефонды өзімен бірге алып жүру идеясын жүзеге асырды. Әлемдегі алғашқы ұялы телефонның салмағы 1,15 келі болса, өлшемдері 22,5х12,5х3,75 см-ге тең еді. Жарық диодты дисплей теріп жатқан телефон нөмірін көрсету функциясын атқарды. Аккумулятордың сыйымдылығы жарты сағат сөйлесуге жетсе, зарядтау процесі 10 сағатты талап ететін. Телефондар өмірдің барлық саласында қолданылуда. Ұялы телефон қазіргі заманда адамның ажырамас көмекшісіне айналды.

Сұрақтар
Жауаптар
1
Ұялы телефондардың тарихы қай уақыттан басталады?
2
Ұялы телефонды алғаш рет ойлап тапқан кім?
3
Өнертапқыш адам үшін қандай телефонды ойластырды?
4
Қазіргі телефондардың қолдану аясы қандай?
Дескриптор Білім алушы
- мәтін мазмұнын анықтайды;
- сұрақтарға толық жауап береді.
2-тапсырма
Төмендегі ұялы телефондарды сипаттаңыз, ерекшеліктерін айтыңыз. Ұялы телефонның пайдасы мен зияны туралы диалог құрастырыңыз.
Дескриптор Білім алушы
- ұялы телефондарды сипаттайды;
- телефондардың ерекшелігін салыстырады;
- телефонның пайдасы туралы айтады;
- телефонның зияны туралы айтады. 107
Оқу мақсаты
7.А3. Ауызша мәтіндер құрауда екпін түрлерін сөз жәнесөйлем ішінде орынды қолданып айту
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
•Айтылымда екпін түрлерін дұрыс қолданады
Қолдану
1-тапсырма
Мәтіннің қиындыларын біріктіріп, реті бойынша орналастырыңыз. Екпін түрлерін айтыңыз. Екпінді дұрыс қойып, оқып беріңіз.
Қиындылар
Мәтін
Кәсіби әңгімешілер аптасына 10 мыңға жуық адаммен сөйлеседі екен. Ал, Жапонияда жазушылардың беделі басым. Өздерін райтер деп атайтын бұлардың қарапайым жазушыдан айырмашылығы – олар SMS-хаттар дайындайды.
Интернет басылымдары әлемдегі ең қызық мамандықтардың тізімін жасапты. Токиода бір мамандық түрі пайда болыпты. Ол – қарапайым әңгімелесуші. Миллиондаған халқы бар үлкен қалада жалғызсырап жүрген кез келген адам әңгімелесушінің көмегіне жүгіне алады. Бұл үшін кісі көп шоғырланған көшелерде арнайы дүңгіршектер орнатылған. Кәсіби әңгімешілер аптасына 10 мыңға жуық адаммен сөйлеседі екен Ал, Жапонияда жазушылардың беделі басым. Өздерін райтер деп атайтын бұлардың қарапайым жазушыдан айырмашылығы –олар SMS-хаттар дайындайды.Операторлардың айтуынша, жапондықтар күніне бір-біріне 2 млрд-қа жуық хабарлама жібереді екен. Ал жазғыштар ерекше хат үшін 1 цент «қаламақы» алады. Қытайдың кез келген қаласынан қоғамдық дәретханалар гидін кездестіруге болады. Бірақ гидтің жол нұсқағаны үшін 4 цент төлейсіз. Әрбір ағылшын өмірінің бір жылын кезекке тұрумен өткізеді екен. Енді олардың 40 доллар төлеп, алтын уақытын тиімді жұмсауға мүмкіндігі бар. Британияда ашылған жаңа мекеме кезекке тұрумен айналысады.
Бірақ гидтің жол нұсқағаны үшін 4 цент төлейсіз. Әрбір ағылшын өмірінің бір жылын кезекке тұрумен өткізеді екен. Енді олардың 40 доллар төлеп, алтын уақытын тиімді жұмсауға мүмкіндігі бар. Британияда ашылған жаңа мекеме кезекке тұрумен айналысады.
Интернет басылымдары әлемдегі ең қызық мамандықтардың тізімін жасапты. Токиода бір мамандық түрі пайда болыпты. Ол – қарапайым әңгімелесуші.
Операторлардың айтуынша, жапондықтар күніне бір-біріне 2 млрд-қа жуық хабарлама жібереді екен. Ал, жазғыштар ерекше хат үшін 1 цент «қаламақы» алады. Қытайдың кез келген қаласынан қоғамдық дәретханалар гидін кездестіруге болады.
Миллиондаған халқы бар үлкен қалада жалғызсырап жүрген кез келген адам әңгімелесушінің көмегіне жүгіне алады. Бұл үшін кісі көп шоғырланған көшелерде арнайы дүңгіршектер орнатылған.
Дескриптор Білім алушы
- мәтін қиындыларын ретімен орналастырады,
- толық мәтін нұсқасын оқиды;
- екпін түрлерін сөз ішінде орынды қолданады;
- екпін түрлерін сөйлем ішінде орынды қолданады.
108
2-тапсырма
Мәтінге жоспар құрып, мазмұнын кезектесе отырып баяндаңыз. Екпін түрлерін дұрыс айтыңыз.
Дескриптор Білім алушы
- мәтінге жоспар құрады;
- мазмұнын кезектесе баяндайды;
- сөз екпінін дұрыс айтады;
- тіркес екпінін дұрыс айтады;
- ой екпінін дұрыс қояды.
109
Оқу мақсаты
7.О4. Мәтіндердің идеясын, мақсатты аудиториясынсалыстырып, талдау жасау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
•Мәтіндердің идеясын, мақсатты аудиториясынсалыстырады
Жоғары деңгей дағдылары
1-тапсырма
Мәтіндерді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз. Сұрақ дайындаңыз.
1-мәтін
Әлемдегі лабороторияда жасалған тұңғыш бургер ет 2013 жылы елге таныстырылды. Құны 332 мың долларға айналған бұл бургерді Голландияның лабороториясында сиырдың өзекті жасушаларынан жасап шыққан. Зертхана мамандары тамыз айында Лондонда өткен баспасөз мәслихатында жасанды бургерді жалпыға таныстырып тұрып жеп көрсетті. Тағамның дәмін көрген екі кісінің бірі – ас-ауқат туралы жазушы публицист Джош Сконвальд «дәмі өзгешелеу» деді. Ол: «Тіске басқанда ет сияқты дәм сезіледі. Тек аздап майдың ғана дәмі жетпей тұр. Бірақ сонда да дәмі кәдімгі гамбургер» деді.
Ғалымдар лабораторияда өзекті жасушалардан өсірілетін жасанды ет «жайылым мен қорға көп орын кететін, әрі жем-шөбі мен қиы климаттың күрт жылынуына сеп болып жатқан» мал шаруашылығына балама ретінде таптырмас таза экологиялық һәм қуатты тағамға айналады деп сенеді.
2-мәтін
Жер бетінен жойылып кеткен жануарларды қайтадан қалпына келтіруге болады деген идея 2013 жылы тіркелді. Мамонттардың жүнінен генетикалық кодтарын оқи бастаған кейбір ғалымдар егер тірі жасушалары табылса оларды клондап шығаруға болады деп ойлайды.
Ресейлік ғалымдар шамамен кем дегенде 10 мың жыл бұрын өлген ұрғашы мамонттың өте жақсы сақталған қаңқасын тауып алған соң мамыр айында мамонтты тірілтуге жақын қалдық деген. Ғалымдар мамонттың қан дақтарымен бірге сақталған қаңқасын Мұзды мұхиттағы Ляховский аралынан тауып алған еді. Семен Григорьевтің айтуынша, мамонттың қаңқасы, тіпті кейбір жерінің еті бүлінбей өте жақсы сақталған. Себебі қаңқаның төменгі жағы мәңгі мұз қабатында сіресіп қатып жатқан.
Григорьев қызмет ететін Якутскідегі Федералдық Қиыр Шығыс университеті 2005 жылы бірінші рет итті клондап шығарған оңтүстік кореялық Хуанг Ву Сукпен мамонтты тірілту тәжірибесіне қатысты келісімге қол қойды.
Сұрақтар
•Мәтіндер не туралы?
•Қандай тақырып қоюға болады?
•Қандай қызықты мәлімет бар?
Дескриптор Білім алушы
- мәтіндердің не туралы екенін айтады;
- тақырыбын анықтайды;
- сұрақтарға жауап береді.
110
2-тапсырма
Мәтіндерді кесте бойынша салыстырыңыз.
1-мәтін
2-мәтін
Тақырыбы
Мазмұны
Идеясы
Мақсатты
аудиториясы
Дескриптор Білім алушы
- мәтіндерді салыстырады;
- тақырыбын анықтайды;
- мазмұнын қысқаша жазады;
- идеясын көрсетеді,
- мақсатты аудиторияны анықтайды.
111
Бөлім «Ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтары»
Оқу мақсаты
7.Ж2. Эссе құрылымы мен дамуын сақтап, көтерілген мәселебойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
•Эссе құрылымы мен дамуын сақтайды
•Көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеусебептерін көрсетіп жазады
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
«Адамдардың өмірін 150 жасқа дейін ұзартуға болады» деген пікірмен келісесіз бе? Көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін көрсетіп эссе жазыңыз. Эссе құрылымын сақтаңыз. Көлемі - 100-120 сөз.
Эссе жазу барысында ұсыныстарды ескеріңіз!
•Алдымен тақырыпқа топтастыру жасап алыңыз.
•Тақырыптан ауытқымас үшін жүйелі жоспар құрыңыз.
•Сөз санын да жоспарлаңыз.
•Нақты аргументтер келтіріңіз.
•Келісу/келіспеу себептерін көрсетіңіз.
•Эссе шаблонын сақтап, сауатты жазыңыз.
Дескриптор Білім алушы
- тақырып бойынша эссе жазады;
- келісу-келіспеу себептерін көрсетеді;
- жүйелі, байланыстыра баяндайды;
- эссе құрылымын сақтайды;
- сөздік қоры жеткілікті;
- сөз саны нормаға сай.
112
Оқу мақсаты
7.Ж5. Тақырып бойынша сөздердің маңызды бөліктеріндұрыс жазу (күрделі сөздер); оқшау сөздерге қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
•Күрделі сөздерді жазады
•Оқшау сөздердің тыныс белгілерін орындықолданады
Қолдану
Тапсырма «Мен ғылымның ең қажетті соңғы жетістігімін. Адамдарға ең қажеттісі - менмін» тақырыбында 60-80 сөзден тұратын хат жазыңыз. Хатта берілген оқшау сөздерді қолданыңыз.
РАФТ тәсілі
Р - рөлі – ұялы телефон
А – аудиториясы - адамзат
Ф - формасы - хат
Т - тақырыбы - Мен ең қажетті ғылымның соңғы жетістігімін. Адамдарға ең қажетті менмін ...
Оқшау сөздер
Біріншіден, екіншіден, менің ойымша, қысқасы, тіпті, сонымен қатар, т.б.
Дескриптор Білім алушы
- берілген тақырып бойынша хат жазады;
- күрделі сөздерді дұрыс жазады;
- оқшау сөздерді қолданады;
- оқшау сөздердің тыныс белгілерін дұрыс қояды;
- хаттағы сөз саны нормаға сай.
113
Оқу мақсаты
7.ТБ1.4. Одағай түрлерін мәтіннен ажырата алады, ауызшажұмыстарда орынды қолдану
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
•Мәтіндегі одағай түрлерін ажыратады
•Ауызша жұмыстарда орынды қолданады
Қолдану
1-тапсырма
Мәтінді мәнерлеп оқыңыз. Одағайларды тауып, түрлерін ажыратыңыз.
Әже
Бала кезімде екеуміз жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ айтып отыратынбыз. Мен бәрін әжемнің өзінен үйреніп алып, өзіне айтатынмын. Әжем таба алмаған болып ұзақ ойланады. “Иір қобыз, жарық жұлдыз” деймін. Әжем әрнені бір айтып, жауабын бере алмайды.
Мен: «Соны да білмейсің бе?» деймін. Әжем мәз болады. Содан соң:
- Үйір-үйір жылқың болса, қалай шақырар едің? - дейді маған.
- «Құрау-құрау!» деп шақырамын, - деймін.
- Отар-отар қойың мен ешкің болса ше?
- «Құрай-құрай!». Саулықтарды ұстап қосақтарға «қосақ-қосақ» дейміз. Ал ешкіге «шөре-шөре» дейміз.
Әжем жымиды. Өйткені бұл да - өз сөзі. Сөйтеді де, сөзімді өзі түзейді.
- Қойды «құриялап» қайырады, «пұшайт-пұшайт» деп шақырады. Мақұл, табын-табын сиырың болады дейік?
- «Аухау-аухау» деп!
- Ал келе-келе түйең болса ше?
- Келе-келе, көс-көс!
Әңгіме үстінде байқаймын, әжем менің төрт түлігі түгел, бай болғанымды ұнатады.
Дескриптор Білім алушы
- мәтінді мәнерлеп оқиды;
- одағайлардың түрлерін ажыратады.
2-тапсырма
Берілген сөйлемдердегі көп нүктенің орнына тиісті одағайларды қойып оқыңыз. Түрлерін ажыратыңыз.
а) ……., тісім ауырып тұр, қабылдай ма?
b)…….! Мына бөрік сізге керемет жарасып тұр.
c)…….. Сонда қалай болды?
d)……., ішім ауырып тұр!
e)…….. Достар түгел жиналыпты.
Керекті сөздер: ой, бәрекелді, ай, пай-пай, ойпырмай
Дескриптор Білім алушы
- көп нүктенің орнына тиісті одағайларды қояды;
- одағай түрлерін ажыратады.
114
3-тапсырма
Одағай сөздерді қолданып, «Ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтары» тақырыбында диалог құрастырыңыз.
Дескриптор Білім алушы
- тақырып бойынша диалог құрастырады;
- одағайларды орынды қолданады.
115
Бөлім «Батыр туса – ел ырысы»
Оқу мақсаты
7.Т4. Повестердің және лирикалық поэзиялықшығармалардан үзінді тыңдау, тақырыбы мен идеясын талдау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
•Әдеби шығармалардың тақырыбы мен идеясынталдайды
Жоғары деңгей дағдылары
1-тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Мазмұнын жұпта, топта талқылаңыз. «Қос жазба күнделігін» толтырыңыз.
Әзілхан Нұршайықов
«Ақиқат пен аңыз» роман-диалог (үзінді)
Сүйікті оқушым!
Осы кеше ғана Бауыржанды тағы да көрдім. Қолтығына қалың папка қысып, Коммунистік проспектімен аяңдап, жоғары, Алатауға қарай өрлеп келеді екен. Оң қолындағы кавказ таяғын сүйену үшін емес, сән үшін сілтейтін тәрізді. Әскери қалыптан шыққан құрыш денесін тік ұстап, маңғаз адымдайды. Алыстан қарағанда адамдардың шынары сияқтанып көрінеді. Жанына жақындап, сәлем бердім. Әңгімелесіп, Жазушылар одағына дейін бірге келдік. Автор. Халіңіз қалай, Бауке? Бауыржан. Жақсы, қарағым. Автор. Көңіл күйіңіз? Бауыржан тротуарда тоқтай қалып, оң қолындағы таяғымен сол жақ қолтығындағы қалың папканы нұсқады. Бауыржан. Мінеки, көңіл күйі! «Солдаттың соңғы күнінің» соңғы нұсқасын аяқтап, одаққа әкеле жатырмын. Роман бітірген жазушының көңіл күйі қандай болатынын білесің ғой, қарағым! Автор. Құттықтаймын, Бауке! Бауыржан. Рақмет. Автор. Енді қандай ойларыңыз бар? Бауыржан. Мен тек солдаттардың ортасында ғана емес, ағалардың да арасында өмір сүрдім. Ойлап қарасам, оларға да шаш етектен қарыздар екенмін. Енді соларға арнап, ардагер елу азамат туралы естелік-эсселер жазып жүрмін. Олардың ішінде өзім алғаш көрген сонау Нығмет Сырғабеков, Ораз Жандосов, Қайсар Тәиггитов, одан кейінгі Қаныш Сәтбаев, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Қалыбек Қуанышбаев, Құрманбек Жандарбеков, тағы басқалары бар. Ілияс Омаров, Мәлік Ғабдуллин, Дмитрий Снегин, Күләш Байсейітова сияқты іні, қарындастарымды да ұмытпақ емеспін. Қазір соның отыз шақтысын жазып қойдым. Осы менің әзірге бітіріп жатқаным. Өзің ше? Автор. Мен міне, «Ақиқат пен аңызды» баспаға әкеле жатырмын. Бауыржан. Құтты болсын. Маған қоятын сұрақтарың жоқ па? Автор. Жоқ, Бауке. Бауыржан. Ендеше сау бол, шырағым. Мені жігіттер күтіп отыр.
Автор. 14 сентябрь 1977 ж. Алматы.
116
«Қос жазба күнделігі»
Дәйексөз (цитата)
Түсіндірме (комментарий)
Дескриптор Білім алушы
- шығарманың мазмұнын анықтайды;
- мазмұнын жұпта, топта талқылайды;
- қос жазба күнделігін толтырады.
2-тапсырма
Шығарманың тақырыбы мен идеясын талдап жазыңыз.
Тақырып – әдеби шығармада сөз болатын басты мәселе, шығарма мазмұнының негізгі арқауы, айтылатын жағдайлардың бағыт-бағдары.
Идея жазушының осы өмір құбылысы туралы айтқысы келген ойы мен беретін бағасын білдіреді.
Шығарма тақырыбы
Идеясы
Дескриптор Білім алушы
- шығарманың тақырыбын анықтайды;
- шығарманың идеясын жазады.
117
Оқу мақсаты
7.А4. Шығармадағы кейіпкерлерге автор бергенмінездеменің тілдік құралдарын талдау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
•Автор берген мінездемені анықтайды
•Мінездемедегі тілдік құралдарды талдайды
Жоғары деңгей дағдылары
1-тапсырма
Мәтінді оқып, мазмұнын баяндаңыз. Кейіпкерге автор берген мінездемені тауып оқыңыз. Өз сөзіңізбен түсіндіріп, кестені толтырыңыз.
Әзілхан Нұршайықов
«Ақиқат пен аңыз» роман-диалог (үзінді)
Ертеңінде белгіленген сағатта Бауыржан Қарағандының офицерлер үйіне келді. Атақты Момышұлын көру үшін қала офицерлері әйелдерімен, бала-шағаларымен жиналған екен. Блоха да сол жерден кездесті. Ине шаншар жер жоқ, иін тірескен жұрттың алдында Бауыржанға сөз берілді. Сөз берілерден бұрын Момышұлының Ұлы Отан соғысының каһарманы, бүкіл дүние жүзіне белгілі әдеби герой, атақты жазушы екені айтылды. - Жолдастар, - деді Бауыржан орнынан тұрып, дүниежүзіне аты жайылған атақты Момышұлы мен емес.
Жұрт демін ішіне тартып, үндемей қалды. Осы кезде Бауыржан сөзін қайтадан жалғады. - Бірақ ол осында отыр. - Жұрт одан сайын аң-таң бола бастады. Осы кезде Бауыржан президиум үстелінің басында отырған өзгелерден бітімі бөлек, балуан денелі адамды нұсқады. - Міне, ол мына кісі. Осыдан 18 жыл бұрын бұл кісі мені ажалдан алып қалды. Мені ажалдан арашалап алып, жаңа айтылғанындай, бүкіл дүниежүзіне паш еткен адам бұрынғы пулеметшім Блохамен мен кеше ғана табыстым. Сіздердің алдарыңызда осы адамды құшақтап, үш рет бетінен сүюіме рұқсат етіңіздер. Жұрт ду қол шапалақтап, орындарынан түрегелісті. Бауыржан мен Блоха екеуі сүйісіп болғанша алақан шартылы басылмады.... Кездесуден кейін Бауыржан Блоханың үйіне қонаққа барды.
- Батя, есінде бар ма? - деді Блоха Бауыржан кетерде. - Санбатта дәрігер арқанды ұстараның жүзімен тіліп, әрең алған оқты маған беріп едің ғой. Мен соны ескерткіш үшін жоғалтпай сақтап жүрдім. Соғыстан қайтып келе жатқанда зат қапшығыммен бірге жоғалтып алдым. Қазір саған не сыйларымды білмей отырмын. - Маған ештеңе сыйлаудың керегі жоқ, - деді Бауыржан. - Сен менің өз өмірімді өзіме сыйлаған кісісің. Одан артық ешқандай сыйлық болмайды. - Сонда да, - деді Блоха шалбарының қалтасына қолын сұғып, - мына Волоколамск тас жолымен немістердің танктері бізге қарап қаптап келе жатқанда, оларды лайықты қарсы алар алдында менің темекі тұтатқан шақпағым еді. Осы үйдегі соғыстан калған жалғыз белгі осы ғана. Осыны саған сыйлағым келеді. - Бұл сыйлығыңды қабыл аламын, - деді Бауыржан винтовка гильзасынан жасалған шакпақты алып жатып. - Бұл - баға жетпес ескерткіш...
Автор мінездемесі
Менің мінездемем
Ұлы Отан соғысының каһарманы
бүкіл дүниежүзіне белгілі әдеби герой
атақты жазушы
маған ештеңе сыйлаудың керегі жоқ
бұл сыйлығыңды қабыл аламын
118
Дескриптор Білім алушы
- мәтін мазмұнын баяндайды;
- автор мінездемесін тауып оқиды;
- автор мінездемесін өз сөзімен айтады.
2-тапсырма
Мына сөздерге түсінік беріңіз.
Автор түсінігі
Менің түсінігім
Ине шаншар жер жоқ
Балуан денелі
Мені ажалдан алып қалды
Бүкіл дүниежүзіне паш еткен адам
Баға жетпес ескерткіш
Көркемдегіш құралдарды пайдаланып, берілген сұрақтарды жұбыңызбен талқылаңыз.
•«Мінез - адам көрсеткіші» деген пікірмен келісесіз бе? Неге?
•Мінезі жаман адамда жақсы қасиет бола ма?
Дескриптор Білім алушы
- мінездеменің тілдік құралдарын талдайды;
- автор сөзіне өз түсінігін береді;
- сұрақтарды жұбымен талқылайды;
- сұрақтарға толық жауап береді;
- көркемдегіш құралдарды пайдаланады.
119
Оқу мақсаты
7.О2. Ресми-іскерлік (өтініш, нұсқаулық, ресмиқұттықтаулар, ұсыныстар) салаға қатысты мәтіндердің тілдік ерекшелігін анықтап, талдау жасау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
•Ресми-іскерлік (өтініш, нұсқаулық, ресмиқұттықтаулар, ұсыныстар) салаға қатысты мәтіндерді ажыратады
•Ресми-іскерлік салаға қатысты мәтіндерга талдаужасайды
Қолдану
1-тапсырма
Мәтіндерді түсініп оқыңыз. Түрлерін ажыратып, ерекшеліктерін айтыңыз. Үлгісі бойынша ресми-іскерлік салаға қатысты мәтіндер жазыңыз.
Қостанай қаласындағы
№3 орта мектебінің
директоры А.С.Қаппаровқа 7 «А» сынып оқушысы
А.М. Оспановадан
ӨТІНІШ
Мені 2016-2017 оқу жылында мектептегі «Алтынай» би үйірмесінен домбыра үйірмесіне ауыстыруыңызды өтінемін.
27.05.2016 ж. қолы________________А.М.Оспанова
ӨМІРБАЯН
Мен, Мақсат Ахметұлы Нүсіпбеков, 1983 жылы, 14 қаңтарда Қостанай обылысы, Қостанай қаласында тудым. Менің ұлтым - қазақ. Қостанай каласындағы №81 орта мектебін 2000 жылы бітірдім. 2004 жылы Қостанай мемлекеттік университетінің 1 курсына оқуға түстім.
Ата-анам бар; әкем — Ахмет Абимолдаұлы Нүсіпбеков театрда жұмыс істейді. Анам — Салтанат Әріпжанқызы Алпысбекова, ауруханада жұмыс істейді. Мен үйленбегенмін.
Қазір осы жоғары оқу орнының 2-курсында оқып жүрмін. Мақсатым - жоғары білім алып, маман болып шығу.
Мекенжайым: Қостанай қаласы 7-ықшам ауданы, 26-үй, 48-пәтер, үй телефоны 29-48-56.
120
Дескриптор Білім алушы
- мәтіндердің түрлерін ажыратады;
- тілдік ерекшелігін талдайды;
- үлгі бойынша мәтіндер құрастырады.
2-тапсырма
Ресми-іскерлік салаға қатысты мәтіндердің тілдік ерекшелігін талдаңыз. Керек жауапты белгілеп, түсіндіріңіз.
1-мәтін
2-мәтін
Стилі:
oКөркем әдебиет
oРесми
oҒылыми
oПублицистикалық
oАуызекі сөйлеу
Қолданысы:
oЖазбаша
oАуызша
Мақсаты:
oЖеке өмірі туралыақпарат беру
oЖұмысқа орналасу
oҚарым-қатынасжасау
oМақала жазу
oӨтініш білдіру, тілеу
oБұйрық беру
oАрыз жасау
Кездескен термин сөздер:
Дескриптор Білім алушы
- ресми-іскерлік салаға қатысты мәтін түрлерін ажыратады;
- мәтіндердің тілдік ерекшелігін талдайды,
- мәтіндердің ерекшеліктерін ажыратады;
- мәтіндердің стилін ажыратады;
- мақсатын анықтайды.
121
Оқу мақсаты
7.Ж4.Тақырып бойынша мәліметтерді жинақтап,презентация түрінде ұсыну
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
•Тақырып бойынша мәліметтер жинақтайды
•Презентация жасайды
Жоғары деңгей дағдылары
1-тапсырма
«Батыр, ер жігіт» сөздерімен «Бес жолды өлең» құрастырыңыз.
1.зат есім
2.сын есім, сын есім
3.етістік, етістік, етістік
4.сөйлем
5.синоним
Мысалы:
Батыр Батыл да жүректі; Көмектеседі, мақтанады, сүйеді. Батыр туса - ел ырысы. Қаһарман.
Дескриптор Білім алушы
- берілген сөздермен «Бес жолды өлең» құрастырады;
- сөздердің синонимін ажыратады;
- сөйлем құрайды.
2-тапсырма
«Қазақ батырының бейнесі» тақырыбына постер құрастырыңыз. Топ алдында қорғап, ойыңызды дәлелдеңіз.
Дескриптор Білім алушы
- постер тақырыбын толық ашады;
- топпен бірге постер құрастырады;
- сынып алдында қорғайды;
- ойларын дәлелдейді.
122
3-тапсырма
Айтылған мәліметтерді жинақтап, қосымша мәліметтер іздеп, «Батыр туса – ел ырысы» тақырыбына презентация дайындаңыз. Презентацияға қойылатын талаптарды ескеріңіз.
oТақырыбы мен мақсаты
oСуреті мен сипаттамасы
oТарихи маңыздылығы
oҚорытындысы мақал-мәтелдер
oБарлық сөз саны 100-ден артық емес
o5 слайдтан кем не артық емес
Дескриптор Білім алушы
- тақырып бойынша мәліметтер жинақтайды;
- тақырыптық презентация жасайды;
- презентация талаптарын ескереді.
123
Оқу мақсаты
7.Ж2. Эссе құрылымы мен дамуын сақтап, көтерілгенмәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
•Эссе құрылымы мен дамуын сақтайды
•Көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеусебептерін көрсетіп жазады
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
«Бүгінгі күннің батырлары – тілі мен ділін білетін, елі мен жерін сүйетін жастар» деген пікірмен келісесіз бе? Келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп, эссе жазыңыз. Эссе құрылымы мен дамуын сақтаңыз. Көлемі - 100-120 сөз.
Эссе жазу барысында ұсыныстарды ескеріңіз!
•Алдымен тақырыпқа топтастыру жасап алыңыз.
•Тақырыптан ауытқымас үшін жүйелі жоспар құрыңыз;
•Сөз санын да жоспарлаңыз;
•Нақты аргументтер келтіріңіз;
•Келісу/келіспеу себептерін көрсетіңіз;
•Эссе шаблонын сақтап, сауатты жазыңыз!
Дескриптор Білім алушы
- эссе тақырыбын анықтайды;
- эссе құрылымын сақтайды;
- көтерілген мәселе бойынша келісу/келіспеу себептерін жазады;
- эсседегі сөз саны нормаға сай.
124
Оқу мақсаты
7.ТБ1.7. Септеулік шылаулардың қызметін білу, ауызшажәне жазба жұмыстарда орынды қолдану
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
•Септеулік шылаулардың қызметін анықтайды
•Септеулік шылауларды ауызша және жазбажұмыстарда орынды қолданады
Қолдану
1-тапсырма
Сұрақтарға жауап беріңіз.
1.Септеулік шылау дегеніміз не?
2.Септеуліктер сөйлемде қандай қызмет атқарады?
3.Атау септіктегі сөздермен тіркесетін септеуліктерді атаңыз.
4.Барыс септіктегі сөздермен тіркесетін септеуліктерді атаңыз.
5.Шығыс септіктегі сөздермен тіркесетін септеуліктерді атаңыз.
6.Көмектес септіктегі сөздермен тіркесетін септеуліктерді атаңыз.
Дескриптор Білім алушы
- септеулік шылауларды ажыратады:
- септеулік шылаулардың қызметін анықтайды;
- атау септікпен тіркесетін шылауларды атайды;
- барыс септікпен тіркесетін шылауларды көрсетеді;
- шығыс септікпен тіркесетін шылауларды айтады;
- көмектес септікпен тіркесетін шылауларды ажыратады.
2-тапсырма
Кестедегі септеуліктерді тіркесетін септігімен сәйкестендіріңіз. Мақалдардағы көп нүктенің орнына қажетті септеуліктерді қойып жазыңыз.
1
Атау септік
A
бірге, қабат, қатар
2
Барыс септік
B
кейін, соң, әрі, гөрі, бері, бұрын
3
Шығыс септік
C
дейін, шейін, қарай, тарта, таман, жуық, салым
4
Көмектес септік
D
туралы, арқылы, жайлы, сияқты,
тәрізді, секілді, үшін, сайын, жайында
1.Ер жігіт ел ... туады,
Ел ... өледі.
2.Еріншек түске ... ұйықтайды,
Кешке ... есінейді.
125
3.Құс балапаны ... торға түседі,Ата баласы ... азапқа түседі.
4.Жаманның ақылы
Түстен ... кіреді.
5.Отан ... отқа түс, күймейсің.
Керекті септеуліктер: дейін, үшін, кейін
Дескриптор Білім алушы
- септеуліктерді септігімен дұрыс сәйкестендіреді;
- көп нүктенің орнына септеуліктерді дұрыс қояды.
126

Комментарии:
Сабақ жоспарлары барлық пәннен ҚМЖ, ОМЖ, ҰМЖ | Планы КСП ССП ДСП
Электронная почта: [email protected] Ватсап: 8(707) 403-01-01 © 2019-2020