» » Әліппеден кейінгі кезең 1 сынып. Күнделік жоспары

Әліппеден кейінгі кезең 1 сынып. Күнделік жоспары

08 ноябрь 2016, Вторник
806
0

Әліппеден кейінгі кезең

 

  1. Сабақтың тақырыбы: Отан Астана

   Сабақтың мақсаты: 1. Отан .Астана туралы түсінік беру 2. Елін,  жерін сүюге  баулу   3. Мәнерлеп оқуын дамыту.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін  аудару.

ІІ. Өткен сабақты еске түсіріп, пысықта,  қайталауАлфавит ретін сұрау.

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ:а) Отан, астана туралы түсінік беру

Біздің Отанымыз, Отан анамыз-Қазақстан Республикасы.Біздің бабаларымыз

әкелеріміз Қазақстанда туып өмір сүрді.  Сондықтан оны біз Отанымыз дейміз.

Қазақстан біздің Отан-анамыз, бізді нанымен, суымен асырайды.

Астана-біздің еліміздің бас қаласы. Отанымыздың астанасы. Астана еліміздің қақ ортасына, аса маңызды жолдардың торабына орналасқан.ә 16-желтоқсан- Тәуелсіздік күні. б) М. Хакімжанова: «Отан» өлеңінБ.Ысқақов: «Отан» өлеңін, Т Жексенбай: «Астана» өлеңін оқи отырып мазмұнын түсіндіру. в) «Астана»  өлеңін жаттату.  г) «Отан» өлеңдерін мәнерлеп оқыту.

Ү. Жаңа білімін бекіту.ғ) «Отан» өлеңін жаттату.  д)  Дәптермен жұмыс: е) Диктант жазғызу.

Астана халқы алдағы жылдары үнемі өсіп өркендеп отыратын болады. Қалада көптеген өнеркәсіп орындары жұмыс істейді.

ҮІ. Сабақты қортындылау:Отанымыз жайында  не білдік?

 

  1. Сабақтың тақырыбы: Алфавит сыры .Әліппе. Жарқын жүзді ұстазым.

Сабақтың мақсаты:  1.   Өлеңдер туралы түсінік беру  2. Адамгершілік тәрбие беру.

  1. Оқу жылдамдығын арттыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін  аудару.

ІІ. Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау, қайталау Салыстырып оқыту.

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ Жаңа сабақ: а) «Алфавит сыры Әліппе. Жарқын жүзді ұстазым» Өлеңдерінің мазмұнын түсіндіру.  әМәнерлеп оқу.  б) Алфавиттік жұмбақ шешу.

Жер өлшейтін саржан                           Білезікке қарайық

Белін буып алған.                                  Ұқсайды оған қай әріп

Ата-анаңмен барып сен,                       Түн шымылдық ашқаннан

Пілді көрдің парктен.                           Жымыңдайтын аспаннан

Осы атаулар зер салшы,                                     Көп шырақтың аты не,

Басталған қай әріптен.                           Қайсы әріптен басталған

в) «Әліппе» өлеңін хормен жаттату.

ҮІ. Жаңа білімін бекіту. г) Тарыдай, таудай сөздерінің мәнін түсіндіру.  -Мұғалім -ол қандай адам? е)  Дәптермен жұмыс: ё) Диктант жазғызу: Астана,  әтеш, балапан, вагон, гүл Ғалия доп, елік ёлка жастық.

ҮІІ .Сабақты қортындылау: Оқығанымыз бойынша не білдік?

 

  1. Сабақтың тақырыбы: Алфавит сыры .Әліппе. Жарқын жүзді ұстазым.

Сабақтың мақсаты:  1. Өлеңдер туралы түсінік беру    2. Адамгершілік тәрбие беру.3. Оқу жылдамдығын арттыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін  аудару.

ІІ. Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау, қайталауСалыстырып оқыту.

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ:а) «Алфавит сыры Әліппе. Жарқын жүзді ұстазым» Өлеңдерінің мазмұнын түсіндіру.әМәнерлеп оқу.  б) Алфавиттік жұмбақ шешу.в) « Әліппе» өлеңін хормен жаттату.

Ү.Жаңа білімін бекіту.г) Тарыдай, таудай сөздерінің мәнін түсіндіру.  -Мұғалім -ол қандай адам?е)  Дәптермен жұмыс: Мұғалім туралы сөйлемдер жазғызуё) Диктант жазғызу: Алма, тоқаш, торғай, мал, торай, арман, мектеп, сана, жайна.

  1. Сабақтың тақырыбы: Бір уыс мақта.

Сабақтың мақсаты:  1.   Мәтін мазмұнын түсіндіру.  2. Ұқыптылыққа баулу.3. Дұрыс оқып, әңгімелеп беру машығын арттыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың мазмұны:

І .Ұйымдастыру: Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін  аудару.

ІІ. Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау,қайталау

Санамақ оқыту  Өлеңді жатқа айтқызу: «Әсемпаз болма әрнеге»

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ: а)  «Бір уыс мақта» оқи отырып түсіндіру.ә Дауыстап тізбектей оқытуб)  Жұмбақ шешкізу:

Тамның басында,                 Ұзақ тектес құс

Жемі бар қасында.               Шіркей жеп.

Там тұр саялы.                                  Ауыл маңынан

Достарға аялы.  ( Ұя)                      Ұзап кетпес құс.        (қараторғай)

Ү. Жаңа білімін тексеру.1. Әңгімелеу. 2.  Шешесі қызына қандай ақыл айтты?  3. Әңгіме мазмұнынан қандай қорытынды шығаруға болады

ҮІ. Сабақты қортындылау:Біз бүгінгі сабақта нені үйрендік және білдік?

 

  1. Сабақтың тақырыбы: Сал, сал Білек, сал Білек.

Сабақтың мақсаты:   1.   Өлеңдердің мазмұнына түсінік беру.  2. Ұлтық тәрбие беру.3. Білім алуға , оқуға деген құштарлығын арттыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың мазмұны:

І .Ұйымдастыру: Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін  аудару.

ІІ. Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау, қайталауБір уыс мақта» әңгімесін  әңгімелету.

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ:а)  А. Байтұрсынов: «Оқуға шақыру» М Жұмабаев: «Сал,сал Білек, сал Білек.өлеңдерінің мазмұнымен таныстыру. ә) Өлеңді түсініп оқу  б.  Мәнерлеп оқуға жаттықтыру.г) Оқу-білім, еңбек туралы мақал айту.

Еңбек етсең емерсің.                             Еңбектің наны тәтті,

Еңбек етпеген ішіп-жемейді.              Жалқаудың жаны тәтті.

Еңбек етсең ерінбей ,                           Еңбек ширатады,

Тояды қарның тіленбей                        Өмір үйретеді.

Еңбек ырыстың бұлағы,                     Оқу инемен құдық қазғандай.

Бақыттың  шырағы

Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.

Оқу -білім бұлағы, білім- өмір шырағы.

ҮІ. Жаңа білімін бекіту.-Өлеңде балаларға қандай ақыл айтылады? -Білекке қандай ақыл мен тілек айтылады? д)  Дәптермен жұмыс:

ҮІІ. Сабақты қортындылау:Біз бүгінгі сабағымызда кімдердің өлеңімен таныстық?   Одан неге үйрендік?

 

Комментарии:
Сабақ жоспарлары барлық пәннен ҚМЖ, ОМЖ, ҰМЖ | Планы КСП ССП ДСП
Электронная почта: [email protected] Ватсап: 8(707) 403-01-01 © 2019-2020