» » Еңбекке баулу 4 сынып. Күнделік сабақ жоспарлары. Барлығы – 68 сағат, аптасына – 2 сағат

Еңбекке баулу 4 сынып. Күнделік сабақ жоспарлары. Барлығы – 68 сағат, аптасына – 2 сағат

07 ноябрь 2016, Понедельник
4 528
0

Барлығы – 68 сағат, аптасына – 2 сағат

№1. Тақырыбы:  Қатырма қағаз туралы түсінік. Қағаздан батпырауық жасау.

Мақсаты: 1. Оқушыларға қатырма қағаз туралы түсінік беру, қағаздан батпырауық жасау жолдарын үйрету; 2.білімін, ой-өрісін дамыту; 3. ұқыптылыққа тәрбиелеу

Сабақтың типі: аралас сабақ Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу Көрнекілігі: суреттер

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі Сабаққа дайындық

ІІ. Мақсат қою кезеңі  Тақырыбын,мақсатын хабарлау

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Мұғалімнің түсіндірмесі

Қатырма қағаз –қағаздың қалың әрі тығыз түрі. Оны өндіру жолы қағаз жасаумен бірдей, тек қатырма қағаз үшін ірілеу және қаттылау ағаш талшықтары қолданылады. Қатырма қағаздан жасалатын заттарға: дәптер мұқабасы, дәрілік қораптар, кітап мұқабасы жатады.

Батпырауықтың түрлерімен таныстыру:  қағаздан   жасалған батпырауық, полиэтиленнен жасалған батпырауық  Сергіту сәті:

ІҮ. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1 Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап-тізбектей 2 Сұрақ-жауап   Қатырма қағаздың қандай түрін білесің?  Батпырауықтың ше?

3 Қағаздан батпырауық жасау  4 Техника қауіпсіздігі

Ү.  Бекіту кезеңі:Қорытындылау

ҮІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 4-9 бет оқу,  бағалау

 

№ 2.Тақырыбы Қатырма қағаздан қорап жасау

Мақсаты : Оқушыларға қатырма қағаздан қорап жасауды үйрету,  білімін, ой-өрісін дамыту, білімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі : аралас сабақ  Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу  Көрнекілігі: қорап үлгісі

Оқушыларға қажетті құрал-жабдықтар:  қатырма қағаз, қайшы, желім, сызғыш, қарындаш.

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі Оқушы зейінін сабаққа аудару

ІІ. Мақсат қою  Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Білімдерін тексеру  Қатырма қағаздың жай қағаздан қандай айырмашылығы бар?

Қатырма қағаздың қандай түрлерін білесің?

ІҮ. Жаңа сабақ а)  мұғалімнің түсіндірмесі Қораптар әртүрлі болады.  Оларды қағаздан, қатырма қағаздан, тақтайдан, қаңылтырдан, тіпті темірден де жасайды.

— Балалар, қорапты қай жерлерде қолданамыз?

ә) оқулықпен жұмыс. б)  қорапты жасау. Жұмыс барысында техникалық қауіпсіздік ережесін сақтау.

  1. Алдымен жұқалау қатырма қағазды дайындаймыз.
  2. Қораптың төрт қабырғасын сызғышпен өлшейміз.
  3. Қалып үлгіні пайдаланып екінші қабырғаны сызамыз.
  4. Үшінші қабырғаны да сызамыз.
  5. Төртінші қабырғаны сызып, сызықтардың үстінен қайшы ұшымен із саламыз.
  6. Қорап қабырғаларын із салдырған жерден бүктейміз.
  7. Қорап қабырғаларын бекітетін бөлікке желім жағамыз.
  8. Желім жағылған бөлігімен қабырғаларын бекітеміз.
  9. Төрт бұрышты түбі жоқ қорап дайын болды.

Ү. Бекіту  кезеңі  Қорытындылау. ҮІ. Бағалау..

 

№3. Тақырыбы: Құстарға жем салатын қорап жасау.  Қалам салғыш құрастыру.

Мақсаты: 1. Қатырма қағаздан құстарға жем салатын қорап жасауды үйрету, қалам салғыш құрастыру; 2.Дұрыс сызу, қию, қайшыны ұстауға дағдыландыру.3.Ұқыптылыққа тәрбиелеу

Сабақтың типі : аралас сабақӘдісі: түсіндіру, әңгімелеу  Көрнекілігі: суреттер

Оқушыларға қажетті құрал-жабдықтар:  қатырма қағаз, желім, қайшы.

Барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі Оқушы зейінін сабаққа аудару

ІІ. Мақсат қою Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Білімдерін тексеру. 1.Түбі жоқ қорапты қай жерде қолданамыз?

ІV. Жаңа сабақ а)  мұғалімнің түсіндірмесі

Қатырма қағаздан құстарға жем салатын қораптың қабырғасын аласа, ішін кеңдеу етіп жасайды. Қалам салғышқа қалам, қарындаштарымызды саламыз. Сонда олар әр жерде шашылып қалмайды, әрі жоғалмайды. Біз қалам салғышты адам бейнесіне келтіріп құрастырамыз.

Пысықтау: 1. Қораптың қабырғаларын бір-біріне желіммен бекітіп, құрастырамыз. Қораптың түбі мен қабырғаларын бір-біріне бекіту үшін қатырма қағаздың жиегіне желім жағып, оны қабырғаларына жапсырамыз. Қалам салғыш құрастыру үшін қатырма қағаздан 11 см х 12 см етіп қалып үлгі дайындаймыз. 2. Қалып үлгіні қағаздың бетіне қойып, белгі саламыз. Қағаз шетін желім жағу үшін артықтау аламыз. 3. Қатырма қағазды цилиндр пішінді етіп бүктеп, желімдейміз.

  1. Қатырма қағаздан бас киімін жасаймыз. Ол үшін бас киім дайындамасын конус тәріздес етіп қиып, екі жағын бір-біріне жалғап жапсырамыз.
  2. Түрлі-түсті қарындашпен адам бейнелі қалам салғыштың көзін, аузын салып, киімін көркемдейміз. Одан кейін бас киімін кигіземіз. Қалам салғыштың аяғын желімдеп бекітеміз. ә) оқулықпен жұмыс.
  3. Бекіту кезеңі Қорытындылау.ҮІ. Бағалау.

 

№4.  Тақырыбы: Ою-өрнек қию.  «Қошқармүйіз» оюын жасау.

Мақсаты : Қазақтың ою-өрнектерімен таныстыру, ұлттық ерекшеліктерді құрметтеуге дағдыландыру, еңбек, эстетикалық тәрбиесіне баулу.

Сабақтың типі : аралас сабақӘдісі: түсіндіру, әңгімелеуКөрнекілігі: ұлттық киімдер.

Оқушыларға қажетті құрал-жабдықтар:  түрлі-түсті қағаз, қайшы.

Барысы  І. Ұйымдастыру кезеңі Оқушы зейінін сабаққа аудару

ІІ. Мақсат қою   Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Білімдерін тексеру1. Қандай ою түрлерін білесің?  2.Оюларды қайда қолданамыз?

ІҮ. Жаңа сабақ  а)  мұғалімнің түсіндірмесі.Тізіліп біркелкі түскен оюлармен әшекейленген сәнді камзол, тақия, тұскиіздерді көріп жүрсіңдер.Кез-келген ою композициясында «қошқармүйіз» элементтері қолданылады. Ол – қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің ең басты мәнері. Бұйым көзге тартымды да әсем көрінуі үшін ою біркелкі түсуі керек. Сондықтан оюды симметриялы етіп қию үлкен рөл атқарады.

ә) оқулықпен жұмыс.  Іштей, тізбектей оқыту.

Практикалық жұмыс.  Қауіпсіздік ережесін сақтау.

  1. Қағазды керекті өлшемде қиып, дайындаймыз. 2. Қақ ортасынан сызық жүргіземіз.
  2. Сызық бойынша қағазды төртке бүктейміз. 4.Төрт қабатқа бүктелген қағаздың бірінші бетіне өрнектің төрттен бір бөлігін сызып аламыз да, қайшымен қиямыз.
  3. Қиып алынған өрнекті ашамыз.6. Өрнектің жиектерін тегістеп, қағаз бетіне желіммен жапсырамыз. 7. Өрнекке қатырма қағаздан жақтау жасап, оны әшекейлейміз.

Ү. Бекіту  кезеңі  Қазақтың қошқармүйізден басқа қандай ою түрлерін білесің?

ҮІ. Бағалау.   Оқушылардың жұмыстарын салыстыра отырып бағалау.

 

№5.  Тақырыбы: Жұқа фольгадан әріп жасау.

Мақсаты: Оқушыларға жұқа фольгадан әріп жасауды үйрету;  Ой-өрісін кеңейту;  Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі : аралас сабақ Әдісі: түсіндіру, әңгіме Көрнекілігі: кесілген әріптер.

Оқушыларға қажетті құрал-жабдықтар: жұқа фольга, қарындаш, сызғыш, қайшы.

Барысы  І. Ұйымдастыру кезеңі Оқушы зейінін сабаққа аудару

ІІ. Мақсат қою  Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Білімдерін тексеру   1.Қандай ою  түрлерін білесіңдер?

2.Өрнекті тұтас қиып алу мен шексіздікке ұластыра оюдың ерекшелігі неде?

ІҮ. Жаңа сабақ  а)  мұғалімнің түсіндірмесі: Фольга – жұқа , жылтыр материал. Оны өнеркәсіпте және тұрмыста кеңінен қолданады. Сондай-ақ, ол – бұйымдарды әшекейлеу, көркемдеу үшін де таптырмайтын материал.

ә) оқулықпен жұмыс.

Практикалық жұмыс.  Жұмыстың орындалу реті:  Фольгадан әріп жасау үшін алдымен жұқа фольганы тегістеп аламыз.Тегістелген фольгаға көрсетілген өлшем бойынша қарындаш және сызғыштың көмегі бойынша әріптердің сызбасын түсіреміз. Олардың биіктігі 5 см, жалпақтығы 1 см шамасында. Берілген өлшемдер бойынша әріптерді фольгаға түсіргеннен кейін қайшымен қиямыз. Оқушылардың еңбегін, орындалу ретін қадағалау.

  1. Бекіту кезеңіҚорытындылау. Бүгінгі сабақта не жасап үйрендік? Сендерге ұнады ма?      ҮІ. Бағалау  Оқушылардың жұмыстарын салыстыра отырып бағалау.

ҮІІ. Үйге тапсырма: фольгаға өз аттарыңды немесе фамилияларыңды жазып, қиып алыңдар, қатырма қағазға желімдеңдер.

 

№6. Тақырыбы: Қатырма қағаздан және фольгадан маска жасау.

Мақсаты : Оқушыларға жаңа жылдық мерекеге арналған маска жасап үйрету;                          Оқушының логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;  Жинақылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі : аралас сабақ Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу Көрнекілігі: маска түрлері.

Оқушыларға қажетті құрал-жабдықтар:  қатырма қағаз, қарындаш, қайшы, кеңсе пышағы, қылқалам, балға, біз, фольга, қалып үлгі.

Барысы І. Ұйымдастыру кезеңі Оқушы зейінін сабаққа аудару

ІІ. Мақсат қою Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Білімдерін тексеру1. Фольга қандай материал? 2.Оны  қандай мақсаттарда пайдаланады?

ІҮ. Жаңа сабақ  а)  мұғалімнің түсіндірмесі. Бүгін сендермен жаңа жылдық мерекеге арналған масканы  жасап көрейік.

ә) Практикалық жұмыс.      Жұмыстың орындалу реті:

  1. Қатырма қағаз бетіне қалып үлгіні қойып, мысықтың бет пішінін сызып аламыз.
  2. Сызылған орны бойынша қағазды қиямыз. 3. Қалып үлгіні масканың үстіне қойып, қаламның көмегімен барлық нүктелерді белгілейміз. 4. Көздің орнын оямыз.
  3. Барлық нүктелерді бізбен ақырындап тесіп шығамыз.
  4. Тесіктердің үстінен пышақтың ұшымен ойықтар жасаймыз.
  5. Ұрттарын қиып аламыз. 8. Масканың ішкі жағынан, құлақтың тұсынан резеңкенің екі ұшын желімдейміз. Үстінен төртбұрыш қағаз жапсырамыз.
  6. Құлақтары мен ұрттарын ішке қарай қайырамыз. 10. Ұрты сәл томпайып тұру үшін кесілген жерлерін біріктіріп желімдейміз.
  7. Масканың көзін, ұртын, құлағының шетін фольгамен әшекейлейміз.

Ү. Бекіту  кезеңі Қорытындылау. Бүгінгі сабақ ұнады ма? Масканы дайындау үшін қандай материалдарды пайдаландыңдар?

ҮІ. Бағалау

 

 

Комментарии:
Сабақ жоспарлары барлық пәннен ҚМЖ, ОМЖ, ҰМЖ | Планы КСП ССП ДСП
Электронная почта: [email protected] Ватсап: 8(707) 403-01-01 © 2019-2020