Дүниетану 1 сынып күнделік сабақ жоспары.
Дүниетану мерзімі: —————
Сабақтың тақырыбы:
Кіріспе
Сабақтың мақсаты:
- «Дүниетану» ататы оқулығымен және пәнімен танысу;
- Дүниетану пәні арқылы табиғатты бақылауға үйрету;
- Сөздік қорын байыту, байқампаздықтарын, ой өрісін дамыту;
- Мұқият болуға, табиғатсүйіспеншілікке тәрбиелеу;
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, «Дүниетану» оқулығы
Оқыту әдісі: түсіндіру, көрсету,
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сыныпты сабаққа дайындау. Оқушылардмен амандасу, түгендеу.
ІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІІІ. Жаңа сабақ:
— «Дүниетану» ататы оқулық сендерді өздерің күнделікті көріп, араласып
жүрген табиғатпен және адамдар қоғамымен таныстырады. Сендер мұнда
дүниедегі заттар, құбылыстар, жануарлар және өсімдіктер әлемімен
кездессесіңдер. Адамдар қоғамы, олардың еңбегі мен мамаңдығы туралы
оқып білесіңдер. Өз елдерің Қазақстан Республикасы, оның Ата Заңы
Конституциясы және Президенті, заңдарды шығаратын Парламенті
туралы алғаш рет мағлұмат аласыңдар. Дүниетану пәнін оқу арқылы
табиғатта болатын құбылыыстарды бақылауды үйренесіңдер. Өздеріңді
қоршаған ортаны, ондағы заттар мен құбылыстарды танып білесіңдер. Ол
үшін әрбір зат пен құбылысқа мұқият көңіл аударғандарың жөн.
Сергіту сәті:
Бақылау дәптермен жұмыс
ІҮ. Қорытындылау: Сұрақ жауап әдісімен бекіту
ҮІ. Үйге тапсырма: Табиғат көрінісін суреттеу, сурет салу.
Дүниетану мерзімі: —————