» » Математика 1 сынып күнделік жоспарлары. Барлығы – 132 сағат, аптасына – 4 сағат 1 апта қосымша демалыс

Математика 1 сынып күнделік жоспарлары. Барлығы – 132 сағат, аптасына – 4 сағат \ 1 апта қосымша демалыс\

30 октябрь 2016, Воскресенье
1 096
0

Математика 1-сынып

 

1.Сабақтың тақырыбы: Заттарды санау.(3 бет)

Сабақтың мақсаты: Математика оқулығымен таныстыру.Заттар туралы түсінік беру. Заттарды санауға үйрету. Ұқыптылққа бейімдеу.Ой-өрісін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Әр түрлі заттар, ойыншықтар,суреттер.

Оқыту әдісі: Түсіндіру, көрсету.

Сабақтың мазмұны.

І Ұйымдастыру: түгендеу, зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ:  1.Математика оқулығымен таныстыру. 2.Заттар туралы мағлұмат беру.

Заттарды санау: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10

Кері санау: 10, 9, 8 ,7 ,6 ,5 ,4 ,3, 2, 1. Сурет бойынша әңгіме құрау.

Сандарды тиісті ретпен орналастыру.  2, 4 5, 6, 8, 7, 1, 9, 10

Ү.Сабақты қорытындалау:  Біз бүгінгі сабақта не істеп үйрендікНені санадық?

ҮІ. Бекіту.  ҮІІ. Үйге тапсырма  ҮІІІ. Бағалау

 

  1. Сабақтың тақырыбы: Заттарды әр түрлі белгілері бойынша салыстыру.(4 бет)

Мақсаты: а)  Заттарды әртүрлі белгілеріне қарай салыстыру  арқылы, олардың түстерінің, пішіндерінің бірдей  немесе әртүрлі болатынын анықтай білуге  үйрету.  ә) заттарды салыстыру арқылы балалардың логикалық  ойлау қабілетін дамыту.

Б) Балаларды ұқыптылыққа, реттілікке тәрбилеу

Көрнекілігі: Суреттер.

Әдісі: көрсету, салыстыру, түсіндіру.

                                                           Сабақтың  мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Оқушының назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Үйдегі кісілерді санау.

ІІІ. Өткенді қайталау, жаңғырту.

Заттарды санату.Көрнекіліктер бойынша.Қанша?Неше?Нешінші? деген сұрақтарға жауап беру, мысалдар келтіру.

ІҮ. Жаңа сабақ. — Бүгінгі өтетін сабақтың тақырыбы. Заттарды салыстыру.

Оқулықпен жұмыс: Заттарды әртүрлі белгілеріне салыстыру.суретте неше доп бар?

Суретте неше шаршы, неше шар бар?

 

Салыстыру

  1. Сурет бойынша әңгіме құрастыр.Сана. Жасыл жолақтағы тапсырманы орындау
  2. Сергіту сәті

Ү. Жаңа білімді бекіту.

Әртүрлі заттарды салыстыра отырып, ерешеліктерін анықтау.

Балапандарды санау,суреттер бойынша әртүрлі сұраққа жауап беру.

ҮІ. Сабақты қортындылау: Өтілген тақырып бойынша тапсырма беру..

ҮІІ.Үйге тапсырма. ҮІІІ. Бағалау.

 

3.Сабақтың тақырыбы:  Заттарды салыстыру (5 бет)

Мақсаты: Заттарды салыстыра отырып, ұзын-қысқа,  биік- аласа, қалың жұқа, сөздерінің мән-мағынасын түсіндіру. Адамгершілік тәрбие беру. Танымдылық қабілетін дамыту.

Көрнекілігі: Суреттер.

Әдісі: көрсету, салыстыру, түсіндіру.                  

                                                           Сабақтың  мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Оқушының назарын сабаққа аудару.

ІІ. Өткенді қайталау, жаңғырту. а) Заттарды әр түрлі белгілеріне қарай салыстыру.ә) Дөңгелек, үшбұрыш, шаршы терминдерін енгізу.  б) Түстері, пішінін салыстыру.

ІІІ. Жаңа сабақ

а )Сымның жіптің қиындыларын, қағаз жолақтарды салыстыру. ә)  Кітап пен дәптер қалыңдығын салыстыру. Екі оқушыны қатап тұрғызып, биік- аласа, сөзінің мән-мағынасын түсіндіру.  Қарама-қарсы сөз тіркесін ажыратып, тани білу. Ұзын-қысқа. Қалың- жұқа т.б  Биік-аласа

ІҮ Оқулықпен жұмыс: 1-сурет. Ұзын-қысқа, бірдей. 2-сурет. Биік-аласа

3- сурет. Қарама-қарсы мағыналы сөздерді пайдалануға үйрету.

Сергіту сәті.

Бір, екі ,үш төрт те бес,     Алты, жеті  сегіз, тоғыз, он

Қайта сана көп те емес,     Өлше , есепте санап жөн.

ІҮ. жаңа білімді бекіту.

Дидактикалық ойын арқылы сөз тіркестерін қолдану.

Қысқа-…                    аласа-…                      жұқа-…

Ұзын-…                      биік-…                                   қалың—…

   
 
 

Ү. Дәптермен жұмыс

5-6 тапсырма.            —         —

 

ІҮ. Сабақты қорытындылау: Бүгін біз заттарды салыстырдық

 

  1. (6 бет) Сабақ тақырыбы: Ұзындықты өлшеу

Сабақ мақсаты:    а) заттың ұзындығын өлшеудің әр түрлі тәсілдерімен   таныстыру.

ә) Оқушылардың өлшеу, байқау қабілеттерін арттыру.  б) Дұрыс тыңдауға, тапсырманы ұқыпты орындауға  баулу.

Көрнекіліктер: жолақшалар, сызғыш, қарындаштар

Сабақ әдісі: көрнекіліктер, түсіндіру, практикалық

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Балаларды жаңа математика сабағына даярлау. Қажетті құрал-жабдықтарды түгендеу

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

-Үйге берілген тапсырманы тексеру; 10-ға дейін өсу және кему ретімен санап келу.

ІІІ. Жаңа сабаққа дайындық

А) Ұзындықты өлшеудің қажеттілігі заттың ұзындығын салыстырудан туындайтынын түсіндіру. ә) Нақты заттарды алып көз мөлшерімен өлшеу.

Сергіту сәті

ІҮ. Мақсат қою

Ү. Жаңа сабақ Оқулықпен жұмыс А) жоғарғы суреттегі заттардың ұзындықтары беттесу арқылы салыстырылады. Нәтижесін оқушыға айтқызу. Б) сызғыштың ұзындығы көзмөлшермен салыстырылады. В) жасыл қоршаудағы ағаштардың суреті бойынша уақыт өлшенеді.(түске дейін, шаңқай түс, түстен кейін)

ҮІ. Қорытынды Сұрақтар қойып жауап алу. ҮІІ. Үйге тапсырма ҮІІІ. Бағалау

 

           
 

 

Комментарии:
Сабақ жоспарлары барлық пәннен ҚМЖ, ОМЖ, ҰМЖ | Планы КСП ССП ДСП
Электронная почта: [email protected] Ватсап: 8(707) 403-01-01 © 2020-2021