» » Жапсыру (аппликация) оқу іс-әрекеті жылына 32 сағат, аптасына 1 сағат

Жапсыру (аппликация) оқу іс-әрекеті жылына 32 сағат, аптасына 1 сағат

04 ноябрь 2016, Пятница
1 505
0

Сабақтың тақырыбы: Үй

 

Оқу іс-әрекетінің түрі: аппликация

 

Оқу іс-әрекетінің мақсаты:

Балаларды қайшымен дұрыс жұмыс істеуге үйрету; бүктелген қағаздан тіктөртбұрыш пен шаршыны дұрыс қиып, шаршыны екі үшбұрышқа бөлуді, дұрыс желімдеуді үйрету.

 

Көрнекі құралдар мен материалдар:

Аппликациялық жұмыстың үлгісі, әртүрлі өлшемдегі шаршылар мен үшбұрыштар, түрлі түсті қағаз, қатырмақағаз, желім, қайшы, қолорамал.

 

Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру:

Балаларға жапсыру жұмысы үшін үстел үстін қалай дайындау керектігін көрсетіп, түсіндіру. Қатырмақағаз, түрлі түсті қағаз, желім, қайшы, қолорамал жұмыс орнында қайда тұру керектігін көрсетіп беру. Үстел үстін, киімді бүлдірмей таза және ұқыпты жұмыс істеу туралы әңгіме жүргізу. Қайшымен, желіммен жұмыс істеген кезде сақтау керек техникалық қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.

Сәулет өнері, үйдің қалай тұрғызылатыны жөнінде әңгімелеу. Балаларға конструктор бөлшектерінен үйді қалай құрастыратынын

қарау.

Аппликацияның орындалу барысын көрсете отырып түсіндіру. Тіктөртбұрыштан шаршыны дұрыс қиюға, шаршыны екі үшбұрышқа бөліп алуға жаттықтыру. Балалар жұмыс дәптеріндегі үлгіні қарап отырып, жұмысқа кіріседі.

 

Сергіту сәті:

Ұзын мұртты құмырсқа,

Бара жатыр жұмысқа.

Допты алды қолына,

Допты қойды жолына.

Оңға қарады, солға қарады,

Үлкен тау деп ойлады.

 

     

 Жұмыс барысы:

Түрлі түсті қағаздардан әртүрлі өлшемдегі шаршы қиып аламыз (үлкен, орташа, кіші).

Үлкен шаршыны қиғаш (диагональ) сызық бойымен бүктейміз. Шаршыны жайып, бүктеу сызығының бойымен қиып аламыз.

Негізгі бетке ретімен жапсырамыз:

Орташа шаршы – үйдің қабырғасы;

Үлкен үшбұрыш – үйдің шатыры;

Кішкентай шаршы – терезесі.

 

Оқу іс-әрекетін қорыту.

Аяқталған жұмыстар тексеріледі, орындалу барысы талданады, болашақта кемшіліктер болдырмау үшін, қате орындалған жерлерін дұрыс орындауға бағыт беру.

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Жемістер

 

Оқу іс-әрекетінің түрі: аппликация

 

Оқу іс-әрекетінің мақсаты:

Қайшымен жұмыс істеу дағдыларын арттыру; домалақ және сопақ пішіндерді қағаздан қиып үйрену; бөліктерді ретімен дұрыс желімдеуге дағдыландыру; балаларды қайшымен ұқыпты жұмыс жасауға үйрету.

 

Көрнекі құралдар мен материалдар:

Жемістердің нақ пішіндері (муляждары) немесе суреттері, дайын  жұмыстың үлгісі, жұмыс дәптері,түрлі түсті қағаз, қатырмақағаз, желім, қайшы, қолорамал.

 

Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру:

Балаларға жұмыс орнын қалай дайындау керектігін, қайшымен, желіммен қауіпсіз жұмыс істеу ережесін есіне түсіру. Балаларға қажетті құрал-жабдықтар мен материалдарды дұрыс орналастыруға көмектесу.

Үстелдің үстіне ыдысқа салынған жемістер (нақты пішіндер) тұрады. Балалардан не көріп тұрғандарын сұрап, олардың түстерін, геометриялық пішіндерін анықтау. Мысалы: алма домалақ, қызыл, сары, жасыл; алмұрт сопақ, жасыл, т.б. сұрақтардың көмегімен балалар жемістердің дөңгелек немесе сопақ пішінді болатындығы туралы қорытынды жасау. Екі еселеніп бүктелген шаршы қағаздан дөңгелек немесе сопақ пішінді қалай дұрыс қию керек екендігін көрсету. Содан соң балаларды аппликацияны орындаудың барлық кезеңімен жұмыс дәптерінен көрсете отырып түсіндіру.

 

Сергіту сәті:

Добым, добым, домалақ,

Тоқтамайсын домалап.

Үстел үстін бүлдірдің,

Тәрелкені сындырдың.

Теңтек болып кеттіндеп,

Тұрғой сені тепкім кеп.

 

     

Жұмыс барысы:

Түрлі түсті қағаздан тіктөртбұрыштар қиып аламыз.

Тіктөртбұрышты екіге бүктейміз.

Екі бүктелген қағазға жемістердің жарты бөлігін қарындашпен сызып аламыз.

Белгіленген сызық бойымен жемістерді қиып аламыз.

Қиып алынған жемістерді жазып, негізгі бетке жапсырамыз.

 

Оқу іс-әрекетін қорыту.

Аяқталған жұмыстардың орындалу барысын тексеріп, артықшылықтары мен кемшіліктерін балалармен біріге отырып талқылау. Балалардың жұмыстарынан шағын көрме ұйымдастыру.

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Есек

 

Оқу іс-әрекетінің түрі: аппликация

 

Оқу іс-әрекетінің мақсаты:

Балаларды қайшымен дұрыс жұмыс істеуге дағдыларыру; есекті дөңгелек және сопақ пішіндерден қиып жапсыруды үйрену; жапсыру жұмысын орындағанда ұқыпты, тиянақты болуға тәрбиелеу.

 

Көрнекі құралдар мен материалдар:

Есектің суреттері, алдын ала қиып жапсырылған үлгі жұмыс, жұмыс дәптері, түрлі түсті қағаздар, желім, қайшы, қолорамал.

 

Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру:

Балаларға жұмыс орнын дайындауға көмектесу. Жапсыру жұмысына қажетті құралдарды дұрыс орналастырып, қайшымен, желіммен қауіпсіз жұмыс істеу ережесін қайталап, естеріне түсіру.

Үй жануарларының бірі есек туралы, жүк тасуға ыңғайлы көлік екендігін әңгімелеу. Содан соң ойыншық есекті көрсетіп, оның дене құрылысын анықтау. Балалар есектің барлық дене мүшелері әртүрлі өлшемдегі сопақша пішінге ұқсас болып келетінін анықтайды.

Аппликацияның орындалу барысын көрсете отырып, түсіндіру. Балалар жұмыс дәптеріндегі аппликацияны орындалу ретіне қарай отырып, тапсырманы орындау.

 

Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар,

Үп-үлкен боп өседі.

 

Жұмыс барысы:

 Қара және сұр түсті қағаздан тіктөртбұрыштар қиып аламыз.

Сұр түсті қағаздан контур бойымен есектің денесін, мойнын, басын, құлақтары мен құйрығын қиып аламыз.

Белгіленген сызықтар бойынша қара түсті қағаздан жалын, кекілін, құйрығының қылын және тұяқтарын қиып аламыз.

Қағаз бетіне бөлшектерді мынадай ретпен жапсырамыз:

Денесін;

Мойнын;

Басын және құлақтарын;

Кекілін, жалын, қылын желімдейміз.

Қара фломастермен есектің көзін, мұрнын, аузын саламыз.

Балалардың жұмыстарын қадағалау, іс-әрекет барысында қиналған балаларға көмектесіп, бағыт-бағдар беру.

 

Оқу іс-әрекетін қорыту:

Орындалған, аяқталған жұмыстарды талдау, бағалау.

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Теңізде жүзген кеме

 

Оқу іс-әрекетінің түрі: аппликация

 

Оқу іс-әрекетінің мақсаты:

Балаларға жыртылған қағаздан аппликация жасауды үйрету; ұқыпты болуға дағдыландыру; саусақ икемділіктері мен зейіндерін дамыту.

 

 Көрнекі құралдар мен материалдар:

Кеменің алдын ала жасалған дайын үлгісі, жұмыс дәптері, түрлі түсті қағаздар, желім, қайшы, қолорамал.

 

Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру:

Кеме туралы өлең оқып беріп, түсінік беру. Суреттер көрсету арқылы кеме құрылысымен таныстыру. Балалардан кемелер қайда тұрады, олардың адамдарға қандай пайдасы бар екенін сұрау арқылы кеме туралы білімдерін анықтау. Кемені көлік ретінде пайдалатынымызды, оның пайдасы көп екенін айтып, білімдерін молайту. Кеменің пішіні қандай геометриялық фигураға ұқсайды.

Жұмыс дәптеріндегі кеменің жасалу ретіне назарларын аударып, аппликацияның орындалу барысын түріндіру.

 

Сергіту сәті:

Ормандағы аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп-теріп алайық,

Қалтамызға салайық.

 

Жұмыс барысы:

Түрлі түсті қағаздан тіктөртбұрыштар қиып аламыз.

Дайындамадан алдын ала белгілеп қойған аппликация бөлшектерін – толқынды, кемені, желкенді, күнді қиып аламыз.

Негізгі бетке толқынның бөліктерін – ашық және қанық көк түсті жолақтарды кезектестіре отырып ұқыптап жапсырамыз.

Кемеге желкені мен діңгегін жапсырамыз.

Күнді жапсырамыз.

Балалар өз беттерінше жапсыру жұмыстарын орындайды. Балалардың жасаған жұмыстарын қарап, жұмыс барысында жасай алмай қиналып отырған балаларға көмек көрсету.

 

Оқу іс-әрекетін қорыту:

Барлық балалар жұмыстарын аяқтағаннан соң, оқу іс-әрекетін талдау, бағалау.

 

 

 

 

Комментарии:
Сабақ жоспарлары барлық пәннен ҚМЖ, ОМЖ, ҰМЖ | Планы КСП ССП ДСП
Электронная почта: [email protected] Ватсап: 8(707) 403-01-01 © 2019-2020