» » Құрастыру Ұйымдастырылған оқу іс- әрекет

Құрастыру Ұйымдастырылған оқу іс- әрекет

04 ноябрь 2016, Пятница
1 916
0

1-САБАҚ. Құрастыру.

Білім   беру саласы:  Таным

Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің  түрі: Құратыру  және  қол  еңбегі.

Тақырыбы:  Оқу іс-әрекетінің  тақырыбы: Жүк машиналары.

Мақсаты: құрастыру материалдарымен таныстыру және жүк машинасын  құрастыруды үйрету;  құрастыруға арналған материалдарды дұрыс пайдалана білуге жаттықтыру; сүт таситын машинаны өз беттерінше құрастырту арқылы шығармашылық жұмысқа баулу.

Керекті құралдар мен материалдар:әр балаға жеткілікті мөлшерде құрастыру материалдары,көрнекі суреттер,әліппе-дәптер.

Әдіс-тәсілдер:үлгіні талдау,көрсету,түсіндіру,машиналарды салыстыру.

Алдын ала жүргізілетін жұмыстар:ойыншық машиналармен ойын ұйымдастыру;

қала(ауыл)көшелеріне саяхат жасатып,көлік түрлерін бақылату

Билингвальдық компоненттер:  грузовые  машины

Әрекеттердің кезеңдері

 

Тәрбиешінің әрекеті

Баланың іс-әрекеті

 

 

Ұйымдастырушылықоятушылық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Балалар шаттық шеңберінде дөңгелене тұрып, төмендегі әнді бәрі бірге қосылып айтады.

Кел,балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек!

Қадірлі боп жүрейік!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әнді мұғаліммен бірге қосылып айту.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдасушылық-ізденушілік

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бірнеше көлік түрлерінің суретін көрсетіп,әртүрлі машиналар не үшін пайдаланылатынын әңгімелейді(жеңіл машина,автобус,сүт таситын машина,т.б).Осылардың ішінде жүк машинасына ерекше тоқталып,жеке бөліктеріне талдау жасайды.»Қандай бөліктері бар?Қорабы,кабинасы,дөңгелегі қандай?»Сызба үлгі арқылы суретті сипаттап айтқызып,әліппе-дәптердегі суретті реті бойынша қалай құрастыру қажеттігіне тоқталады.Ұсынылған тапсырмаларды орындауға бағыт беріледі.Құрастыру материалдарын пішініне,көлеміне қарай таңдап алып, жүк машинасының  бөліктеріне сәйкес орналастыруға ұсыныс жасайды.

 

Әліппе-дәптердегі суреттерге талдау жасалады;

-алдымен екі дөңгелек қойылады (цилиндр пішінді бөлшектер);

-дөңгелектің үстіне пластина орналастырылады(жұқа тақтайша);

-кабинасының тұмсығы үшін төрт бірдей кірпіш тәрізді бөлшек қатар қойылады;

-ол кірпіштердің үстіне шетін ала тігінен екі кірпіш ,олардың үстіне көлденең екі кірпіш орналастырылады;

-төрт кірпіштің үстінен көлденеңінен екі кірпіш қойылады;

-жүк таситын қорабы екі ұзын бөлшек,бір қысқа бөлшектен құралады;

-балалар іс-әрекетіне басшылық жасалып,кейбір балаларға көмек көрсетіледі;

-балалардың өздігінен дербес шығармашылықпен әрекет етуіне бағыт беріледі;

-өз ойларын қосып,бөліктерді толықтырып,жүк машинасын талапқа сай құрастырған еңбеккер мадақталып,ерекше аталып өтеді.

Сергіту сәті.                                        

Отырамын рөлде,                         Сенімен тасимын,

Моторым, гүрілде.  Көмір мен тасыңды.

Ойыншығым-машинам,  Таудай ғып артамын,

Тарт алға асыға. Бидай мен арпаңды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өзін-өзі бағалау-түзету

 

 (Рефлекстік -коррекциялық)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балаларға көлік түрлерінің пайдасы,ерекшелігі,не үшін қолданылатынынәңгімелетіп,өздері білетін тақпақтар мен жұмбақтарын айтқызып,сабақ қорытындыланады.

 

Ескерту.Жүк машинасын сүт таситын машинаға өзгерту үшін құрастыру материалдарының бөлшектерін ауыстыру арқылы жасалу жолдары түсіндіріледі.Мысалы:жүк машинасының тіркемесінің орнына дөңгелек цилиндр пішінді құрастыру материалы қолданылады.

 

 

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Көліктің  түрлерін

Болу керек:  Жүк  машинасы

Үйрену керек: Құрастыру   ойыншықтарымен  дұрыс  жұмыс  жасауды

                                                                                

 

Комментарии:
Сабақ жоспарлары барлық пәннен ҚМЖ, ОМЖ, ҰМЖ | Планы КСП ССП ДСП
Электронная почта: [email protected] Ватсап: 8(707) 403-01-01 © 2019-2020