» » Информатика 3 сынып. Күнделік жоспарлары. Ақпараттық мәдениет негiздерi

Информатика 3 сынып. Күнделік жоспарлары. Ақпараттық мәдениет негiздерi

03 ноябрь 2016, Четверг
1 184
0

1-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Компьютер сыныбындағы тәртiп сақтау ережелерi. Қайталау.

Сабақтың мақсаты:

  1. Компьютер сыныбындағы тәртiп сақтау ережелерi мен көздiң шаршағандығын қалпына келтiретiн  жаттығуларды қайталау.
  2. Деңгейлiк тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың ойлау қабiлетi мен танымдық қызығушылығын дамыту.
  3. “Ақпарат және оның түрлерi” тақырыбын қайталау мен еске түсiру барысында оқушылардың ақпараттық мәдениетi мен танымдық iс-әрекетiн қалыптастыру.

Әдiстемелiк нұсқаулар:

            Компьютер сыныбындағы тәртiп сақтау ережелерi мен техника қауiпсiздiгiн оқушылар қайталайды. Оқушыларға электр тогынан зиян шеккен немесе күйген жағдайда көрсететiн алғашқы көмек туралы әңгiме өткiзiледi.  Көздiң шаршағандығын қалпына келтiретiн жаттығулар еске түсiрiледi және жұмыс дәптерi бойынша компьютердегi оқушылардың жұмыс iстеу орны талқыланады.

“Ақпараттық мәдениет негiздерi” пәнiн оқып-үйрену жалғастырылатыны жайлы айтылады.

“Ақпарат және оның түрлерi” тақырыбын еске түсiрiп, ақпарат ұғымы мен оның түрлерiн, алу жолдарын қайталау: дәм, көру, дыбыс, иiс сезу, сипап сезу. Сонымен бiрге адамның түрлi ақпараттарды қабылдауға мүмкiндiк беретiн сезiм мүшелерi мен ақпаратпен жұмыс жасау әрекеттерi (ақпаратты алу, сақтау, өңдеу, беру) де  қайталанады.

Мұғалiмге арналған мазмұндық бөлiм:

Бізді қоршаған орта дәм, иіс, дыбыс ақпараттарынан тұрады. Оларды адамдар заатардың қасиеттеріне қарай сезім мүшелері (көру, есту, дәм сезу, сипап сезу, т.б.) арқылы сезіп біледі.

Көру мүшесі арқылы айналадағы заттар туралы ақпарат алады. Олар кітаптар, мұражайдағы суреттер, географиялық карталар, жолда жүру белгілері, судың жылжып ағысы, бишілердің биі және т.б.

Есту мүшесі арқылы — біздің құлағымыз – заттар туралы дыбыстық ақпарат аламыз: сөз, телефон шырылы, әуен, аққан судың гүрiлi, т.б.

Қоршаған ортадан алынатын түрлi иістер де маңызды ақпарат болып табылады. Газдың иісін сезу арқылы біз бірден апаттан құтқару қызметiне телефон соғамыз.

Заттың дәмі жөніндегі мәлiмет тiлдiң сезгiштiк қасиетi арқылы алынады. Мұндай сезіміміз болмаса, не болатынын елестетіп көрейікші. Біз мерекелік торттың керемет дәмін ешқашан білмес едік.

Сипап сезу мүшелеріміз арқылы басқа да ақпарат алуға болады. Мысалы, заттың температурасы (ыстық па, әлде суық па), қоршаған орта жағдайы (ылғалды ма әлде, құрғақ па) туралы ақпарат алуға болады.

Біз «Ақпараттық мәдениет негіздері» атты курсты жалғастырамыз. Түрлi мәлiметтердi ақпараттық процестің негізгі объектілерi ретінде қарастырамыз. Еске түсіріп көрейікші. Ақпаратты аламыз, есте сақтаймыз, өңдейміз және одан әрі жалғастырамыз.

Тапсырма.

  1. Пернетақталық жаттығуды қайталау.
  2. Кез келген мәтінді, жұмбақтарды, сергіту сәттеріне арналған тақпақтарды жұмыс дәптерінің соңғы беттеріне жазуға болады.
  3. Екінші сыныптағы графикалық бөлімде берiлген тапсырмаларды қайталау қажет. Егер сабақ соңында уақыт қалып жатса, осы тапсырмалардың кез келгенін компьютерде орындауға болады. Сондықтан  мұндай тапсырмалар жайлы  әдістемелік нұсқауда  айтылмаған.

Сергiту  сәтi

 

 

2-сабақ

 

Сабақтың тақырыбы:    Нысан ұғымын қайталау.

Сабақтың мақсаты:

  1. “Нысан” туралы ұғымды қалыптастыру.
  2. “Нысанның” белгiлерi және олармен жұмыс жасау әрекеттерiн қайталау.
  3. Танымдық тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабiлетi мен танымдық қызығушылығын дамыту.
  4. Оқушылардың ақпараттық мәдениетi мен экологикалық тәрбиесiн қалыптастыру.

Әдiстемелiк нұсқаулар:

«Нысан» тақырыбын қайталау. Кез келген нысанның  аты, сыртқы белгiсi және онымен орындалатын әрекеттер тiзбегi бар екенiн балаларға ескерту керек. Нысанның аты мен оның белгiлерiн сөздермен сипаттап айтуға немесе оны график түрiнде бейнелеуге болады. Нысандар туралы оқушылар бiлiмiн нығайтып, ары қарай дамыту қажет. “Нысанды тап” ойынын олардың сыртқы белгiлерi бойынша өткiзуге болады. Алдын-ала бұл ойынды дайындап, қандай да бiр белгiлерi бойынша нысанды ойлап табу ұсынылады.

Мұғалiмге арналған мазмұндық бөлiм:

Балалар, бүгiн сiздермен “Нысан” тақырыбын қайталайтын боламыз. Бiз неге «заттар» сөзiн пайдаланбаймыз? Себебi,  ол «зат» – жансыз, ал бiз жануарлар әлемi, өсiмдiктер, адамдар, түрлi жағдайлар мен процестердi қарастырып отырмыз. Ал «нысан» — бұл зат, жануар, жәндiк, оқиғалар, түрлi процестер мен табиғат құбылыстарының жиынтығы. Бұны естерiңе сақтағандарың дұрыс!

Әрбiр нысанның аты, белгiсi және құрамы болады. Нысан белгiлi бiр әрекетті өзі орындауы мүмкін, сондай-ақ нысанмен де  түрлі әрекеттер жасалуы мүмкін. Мысалы, «Ағаш». Бұл нысанның аты «ақ қайың» болуы мүмкін. Белгілеріне қарай діңі ақ, жапырағы ұсақ, жасыл. Бұл нысан тамырдан, діңнен, бұтақтан, жапырақтан тұрады. Ағаш өседі, өзіне көмір қышқыл газын сіңіріп, оттегін бөледі, көлеңке береді. Ағашты кесуге, өңдеуге, одан заттар жасауға болады. Мысалы, жиһаз.

Енді сендер мысал келтіріп көріңдерші. Мысал ретiнде бір нысан алыңдар. Сонан соң онымен орындауға болатын әрекеттерді сипаттаңдар.

Тапсырма.

  1. Берiлген нысанға ат берiп, оның белгiлерiн сипаттап жаз.
  2. Тiлсызық арқылы қос.
Зат Демалыс Табиғат құбылыстары
Жаңбыр Мейрам Қар
Домбыра тарту Кемпiрқосақ Компьютерде жұмыс iстеу
Процесс Үстел Оқиға
  1. Кестенi толтыр.
Нысан мысалы Нысан түрi Сурет Нысан белгiсi Нысан әрекетi
Жаңбыр Табиғат құбылысы      
Ағаш        
Мысық

 

 

       
Торт

 

 

       
Кемпiрқосақ

 

 

       
Туған күн

 

 

       

Сергiту  сәтi

                   

 

Комментарии:
Сабақ жоспарлары барлық пәннен ҚМЖ, ОМЖ, ҰМЖ | Планы КСП ССП ДСП
Электронная почта: [email protected] Ватсап: 8(707) 403-01-01 © 2019-2020