» » Қазақ тілі 3-сынып ҚМЖ қысқа мерзім жоспарлар Барлығы – 136 сағат, аптасына 4 сағаттан

Қазақ тілі 3-сынып ҚМЖ қысқа мерзім жоспарлар Барлығы – 136 сағат, аптасына 4 сағаттан

29 октябрь 2016, Суббота
506
0

Қазақ тілі

3-сынып

Барлығы – 136 сағат, аптасына 4 сағаттан

 

Пәннің аты Уақыты: Кабинет: Мұғалім
Сабақтың атауы 2-сыныпта өткенді қайталау
Мақсаты

 

Күтілетін нәтиже

Сабақтың мақсаты: а/дыбыстар және әріптер туралы 2сыныпта алған білімін еске түсіру; 2 сыныпта өткен  әріптерінің жазылуы туралы алған білім,біліктерін қайталау;
ә/дыбыстардың түрлеріне,ерекшелігіне қарай қандай түрлерге бөлінетінін пысықтау; б/Сөздік қорын дамыту,көру зейінін және есте сақтауды дамыту.Жалпы және қолдың білезігінің моторикасын дамыту.
Сабақтың әдісі: венн диаграммасы,топтастыру әдістері.
Психологиялық ахуал Біз балдырған баламыз,

 

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту

 

Мағынаны тану

Дыбыстар мен әріптер туралы алған білімдерін сұрақ-жауап арқылы қайталау.
Сөйлемдерді ауызша толықтыр:
Дыбыс дегеніміз….
Әріп дегеніміз……
Дыбыстар …..бөлінеді.
Дауысты дыбыстар деп…… айтамыз.
Дауыссыз дыбыстар деп ….айтамыз.
Қазақ тілінде…….әріп бар.

Сергіту сәті Фонетикалық жаттығу.
— Еске түсіріп көрейік, үйрек ашуланғанда қандай дыбыс шығарады?
Ш-ш-ш, Ш-ш-ш, Ш-ш-ш, Ш-ш-ш
Ой сергітеді,шашағандары

 

басылады

Ой толғаныс а/Сурет бойынша жұмыс.
ә/өлеңді оқу.Жуан және жіңішке айтылы тұрған сөздерді тап.Мектебіме арнаймын
Биыл ғана мектептің
Табалдырығын аттадым.
Әліппені қолға алып,
Әріптерді жаттадым.
Партаға алғаш отырдым,
Бұдан асқан бақыт жоқ.
Оқушы болдым, мінекей,
Ойнауға енді уақыт жоқ.
б/өлеңнің мағнасымен байланыстыры отырып,өз мектебің туралы әңгімеле.
Үйге тапсырма Мазмұндау Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

 

 

Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс   Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

 

 

 

Пәннің аты Уақыты: Кабинет: Мұғалім
Сабақтың атауы Э дыбысы
Мақсаты

 

Күтілетін нәтиже

Сабақтың мақсаты:а/Э әрпі орыс және өзге шет тілдерінен енген сөздерде ғанақолданатынын  түсіндіру;

 

ә/Ұқыптылыққа,жинақылыққа тәрбиелеу;

б/Балалардың сөздік қорын дамыту,толықтыру. Балалардың есту зейінін, дауыс ырғағын, қолдың ұсақ моторикасын  дамыту;

Сабақтың түрі:жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі:топтастыру,баяндау,жинақтау.

Сабақтың өтілу барысы:І.Ұйымдастыру бөлімі.

Балаларды сабаққа дайындау.

Психологиялық ахуал Біз балдырған баламыз,

 

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту

 

Мағынаны тану

ІІ.Өткен сабақты пысықтау.

Үйге берілген тапсырманы тексеру,пысықтау.

ІІІ.Жаңа сабақ.

Терме диктант.

Төмендегі сөздердің ішінен э дыбысы бар сөздерді теріп жазу.

Елік,экспедиция,есерту,ереже,экспорт,кесіртке,энциклопедия.

«Жанұя» саусақ гимнастикасы

Оқулықпен жұмыс.

Үлестірмелі карточкалармен жұмыс

№1 карточка

Екі қатардағы сөздерді салыстырып оқу,сөздік жұмыс өткізу.

Фонетикалық жаттығу «Шақыру»

— Мен сендерді есімдеріңмен атаймын, өз есімдеріңді ести салысымен, Мен – деп жауап беріңдер.

Дәптер мен жұмыс.

Өз бетіндік жұмыс.

№2 карточка

Сөйлемдерді көшіріп жазу.

Э әрпі бар сөздердің астын сыз.

Сергіту сәті Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке?
Ой сергітеді,шашағандары

 

басылады

Ой толғаныс Дауыс күшін дамытуға арналған «Жел соғады» жаттығуы

 

Даламен біз жүріп келеміз, бізге күн сәуле түседі

Міне самал жел ақырын-ақырын есті в-в-в-

Кенеттен күшті жел соқты У-У-У.

Үйге тапсырма Оқулықтағы тапсырмаларды орындау Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

 

 

Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс   Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

 

Комментарии: