» » Қазақ тілі 8 сынып Орыс сыныптарына. Күнделікті сабақ жоспарлары (аптасына 4 сағат, барлығы 136 сағат) «Қазақ тілі» Атамұра 2012 жыл авторы: Артықова

Қазақ тілі 8 сынып Орыс сыныптарына. Күнделікті сабақ жоспарлары (аптасына 4 сағат, барлығы 136 сағат) «Қазақ тілі» Атамұра 2012 жыл авторы: Артықова

29 октябрь 2016, Суббота
681
0

  1. 1Сынып: 8г

Сабақтың тақырыбы: Ананы ардақта, әкені сыйла

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды қазақ отбасы дәстүрлерімен таныстыру, құрмалас сөйлем туралы түсінік беру;

Дамытушылық: Қазақ халқының салт-дәстүріне деген танымдық қызығушылығын дамыту;

Тәрбиелік:  Оқушыларды өз ата-аналарын сыйлап, құрметтеуге тәрбиелеу.

Барысы:

  1. I. Ұйымдастыру кезеңі

а) Амандасу

ә) Кезекші жауабы

б) Үй жұмысын тексеру.

в) Отбасы мүшелері туралы сұхбат.

  1. Құрмалас сөйлем туралы түсінік беру;
  • Анықтамасы
  • Мысалдары

III. Мәтінмен жұмыс

Жаңа сөздерді талдау: ерлі-зайыпты- супруги, сыйлау- уважать, тәрбиелі – воспитанный, өнегелі – образцовый, саналы – сознательный, ренжіту – обижать,  қамқорлық – покровительство

Әке мен ана

Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ана ерекше құрметтелген.Әке мен ана – өзіңді өмірге әкелген ерлі-зайыпты адамдар. Әр ұл мен қыз ата-анаға мәңгі қарыздар. Ұрпақтары бұл адамдарды айрықша сыйлауға, құрметтеуге тиіс. Оларға қарсы келуге, ренжітуге, айтқанын орындамауға болмайды. Әсіресе, ананың жолы мүлде бөлек. Ананың ақ сүті адам баласы үшін аса қасиетті. Ананың өз балаларына «ақ сүтімді ақтады» деуі үлкен баға. «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да қарызынан құтыла алмайсың» деген сөз бар. Ата-ана өз балаларын тәрбиелі, өнегелі, өнерлі, саналы, білімді етіп өсіруге міндетті. Ата-ана балаларының тәлім-тәрбиесіне қаншалықты жауапты болса, балалар да кейін әке-шешелеріне қартайған шағында қамқорлық жасауға міндетті.

Деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар.

III деңгей

  1. Оқылым. Мәтінді түсініп оқыңдар.
  2. Айтылым. Мәтіндегі сөйлемдерге сұрақтар қойыңдар.
  3. Жазылым. Мәтіннен сөйлемдегі құрмалас сөйлемдерді табу

II деңгей

  1. Айтылым. Мәтінбойынша диалог құрастырып, өзара жұпта сөйлесіңдер.
  2. Мәтіннен құрмалас сөйлемді тауып, оның жасалу жолын түсіндеріңдер.
  3. Айтылым. Өз анаң туралы не айта аласың?

I деңгей

Жазылым. «Әке мен ана» мәтінін әрі қарай өз ойларыңнан жалғастырып жазыңдар.

  1. Сабақты қорыту. Рефлексия жасау

Бағалау

 

  1. Үй жұмысы: сөздік жаттау, құрмалас сөйлем туралы білу.

 

 

 

 

 

 

 

  1. Сынып: 8Г

Сабақтың тақырыбы: Дана ойдан шыққан сөз

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды қазақ отбасы ерекшеліктерімен таныстыру, құрмалас сөйлем туралы түсініктерін  толықтыру

Дамытушылық: үйренген жаңа сөздерді қолдана отырып, тақырып бойынша қарым- қатынасқа түсуге баулу;

 Тәрбиелік: Қазақ халқының салт-дәстүріне деген танымдық қызығушылығын дамыту

Барысы:

  1. I. Ұйымдастыру кезеңі

а) Амандасу

ә) Кезекші жауабы

б) Үй жұмысын тексеру.

II.Мәтінмен жұмыс

 Менің атам мен әжем

Сөздік: Құрдас – ровесники, шымыр – крепкий, аққұба – светлокожий, аула – двор, азамат – гражданин, қарапайымдылық — скромность

Менің атам мен  әжем алпыс жетіде. Олар – құрдас. Атам мен әжем ауылда тұрады. Атам аудандық емханада дәрiгер болып жұмыс iстедi. Әжем аудан әкімшілігінде қызмет атқарды. Олар – зейнеткерлер. Атам – ұзын бойлы, шымыр денелі, қалың қасты, түсі суық адам. Бірақ ол кісі өте мейірімді. Әжем – орта бойлы, толық денелі, аққұба адам.

Өткен аптада ауылға бардық. Ата-әжемізге көмектестік, көп жұмыс істестік. Жер қазыстық, ағаштардың былтырғы жапырақтарын жинастық, оларды сыртқа шығарыстық, алма ағаштарының қураған бұтақтарын кесістік. Үйдің алдындағы ауланы сыпырыстық. Шайға су әкелістік. Мен тамақ пісірістім. Содан кейін бәріміз отырып тамақ іштік, әңгімелестік.

Менің атам мен әжем бізге көп өсиет айтты. Мысалы:«Кешірім сұрағанға кешірім ете білу, кешірім беру – бұл да кісілік, қарапайымдылық белгісі. Кешірімшіл болсаң – кең боласың». Осы сөздердің астарында қарапайымдылық, ұлылық жатыр емес пе?

Алыстан туысқанымыз келді. Біз хал-жағдайымызды сұрастық, сонан соң шай іштік. Біраз сөйлестік те, қайтадан жұмысқа кірістік.

Халық арасында ризашылық – алғыс, бата түрінде беріліп жатады. «Ата-анаңның ризашылығын алсаң азамат боласың», — дейді халқымыз.

 III. Деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар.

III деңгей

  1. Оқылым. Мәтінді түсініп оқыңдар.
  2. Мәтіндегі сөйлемдерге сұрақтар қойыңдар.
  3. Жазылым. Етістіктерді теріп жазып, жұрнақтарын белгілеңдер.

II деңгей

  1. Сөйлесім. Мәтінбойынша диалог құраңдар.
  2. Айтылым. Мәтінді негізге ала отырып, ата мен әже туралы әңгімелеңдер.
  3. Жазылым. Бір сөйлемге синтаксистік талдау жасаңдар.

I деңгей

Жазылым. «Менің атам мен әжем» деген тақырыпқа шығарма жазыңдар.

  1. Сабақты қорыту. Рефлексия жасау

Бағалау

  1. Үй жұмысы: Өз ата-аналары туралы әңгімелеу

 

Комментарии:
Сабақ жоспарлары барлық пәннен ҚМЖ, ОМЖ, ҰМЖ | Планы КСП ССП ДСП
Электронная почта: [email protected] Ватсап: 8(707) 403-01-01 © 2019-2020