ТЖБ ҚЖБ Химия 9-сынып

29 август 2019, Четверг
715
0

«Химия» пәнінен
қалыптастырушы бағалауға арналған
тапсырмалар жинағы
Химия
9-сынып
Нұр-Сұлтан, 2019
Аталған тапсырмалар жинағы мұғалімге 9-сынып білім алушыларына «Химия» пәні
бойынша қалыптастырушы бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы
ретінде құрастырылған. Тапсырмалар жинағы оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының
негізінде дайындалған.
Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар мұғалімнің ұқсас
тапсырмаларды құрастыруына, іріктеуіне, білім алушылардың оқу мақсаттарына жету
бойынша сындарлы (конструктивті) кері байланыс беруіне көмектесетін үлгілер болып
табылады.
Жинақта ұсынылатын сипаттама білім алушылардың қажеттіліктері мен
мүмкіндіктерін есепке ала отырып, тапсырмаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге,
бейімдеуге мүмкіндік береді.
Жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау
бойынша өңірлік, мектеп үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Жинақты дайындау барысында ресми интернет-сайттарынан алынған қолжетімді
ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне-аудиоматериалдар және т.б.) қолданылды.
Қолданылған шартты белгілер:
* әр тоқсан барысында 2 ортақ тақырып қамтылатынын ескеріп, оқу мақсаттарына қол
жеткізу үшін берілетін тапсырмалар мазмұнына ортақ тақырыптарды (мүмкіндігінше)
кіріктіру ұсынылады.
** бағдарламадағы оқу мақсаттарының бір бөлігі қолданылады.
Мазмұны
1-тоқсан ............................................................................................................................................... 4
Бөлім 9.1А Электролиттік диссоциация ................................................................................ 4
Бөлім 9.1В Бейорганикалық қосылыстардың сапалық талдауы ......................................... 11
Бөлім 9.1С Химиялық реакциялар жылдамдығы ................................................................ 15
Бөлім 9.1D Қайтымды реакциялар ........................................................................................ 18
2 тоқсан ............................................................................................................................................ 21
Бөлім 9.2А Тотығу-тотықсыздану реакциялары .................................................................. 21
Бөлім 9.2В Металдар мен құймалар ...................................................................................... 24
Бөлім 9.2С 1 (I), 2 (II) және 13 (III) топ элементтері және олардың қосылыстары ......... 27
3 тоқсан ............................................................................................................................................. 28
Бөлім 9.3А 17 (VII), 16 (VI), 15 (VI), 14 (IV) -топ элементтері және олардың қосылыстары
................................................................................................................................................... 28
Бөлім 9.3В Адам ағзасындағы химиялық элементтер ......................................................... 40
4 тоқсан ............................................................................................................................................. 42
Бөлім 9.4А Органикалық химияға кіріспе ............................................................................ 42
Бөлім 9.4В Көмірсутектер. Отын. .......................................................................................... 46
Бөлім 9.4С Оттекті және азотты органикалық қосылыстар ............................................... 52
1-тоқсан
Бөлім 9.1А Электролиттік диссоциация
Оқу мақсаты 9.4.1.2 Заттардың ерітінділері немесе балқымаларының
электрөткізгіштігі химиялық байланыс түріне тәуелді
екендігін түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
 Ионды және ковалентті полюсті заттарға мысал келтіреді
 Заттардың электрөткізгіштігі химиялық байланыс түріне
тәуелді екенін түсіндіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
1. Кестеге иондық және коваленттік полюсті байланысы бар заттарға мысал келтіріңіз және
оларға тән байланыс типі мен және электрөткізгіштігін көрсетіңіз:
Заттар Байланыс түрі Электр тоғын өткізуі
немесе өткізбеуі
2. Берілген заттардың химиялық байланыс түрін және электрөткізгіштігін сәйкестендіріңіз:
KCI (қатты)
HCI коваленттік байланыс
СI2 иондық байланыс электр тоғын өткізбейді
Al металдық байланыс электр тоғын өткізеді
КОН (балқыма)
С (графит)
Дескриптор Білім алушы
- иондық немесе коваленттік байланыс тән заттарға нақты мысалдар
келтіріп, олардың электр тогын өткізуін немесе өткізе алмауын
анықтайды;
- берілген заттардың химиялық байланыс түрін анықтап, олардың
электрөткізгіштігін сәйкестендіреді.
Бөлім 9.1А Электролиттік диссоциация
Оқу мақсаты 9.4.1.4 Иондық және коваленттік полюсті байланысы бар
заттардың электролиттік диссоциациялану механизмін
түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
 Электролиттік диссоциация теориясының негізгі
қағидаларын сипаттайды
 Электролиттік диссоциация үдерісін түсіндіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
1. Электролиттік диссоциациялану процесіндегі бөлшектер мен қосылыстарды өздерінің
сипаттамаларына сай етіп сәйкестендіріңіз:
иондар қышқылдардың сулы ерітіндісі
катиондар электр тогымен зарядталған бөлшектер
аниондар қант ерітіндісі және дистильденген су
электролиттер оң зарядталған бөлшектер
бейэлектролиттер теріс зарядталған бөлшектер
2. Берілген терминдерді қолдана отырып, мәтіндегі бос ұяшықтарды толтырыңыз:
ерігенде, әлсіз, күшті, ыдырауын, қайтымды
Суда ........................... электролиттердің иондарға ........................... электролиттік диссоциация
деп атайды. Электролиттік диссоциация бұл ........................... үдеріс. Егер заттың молекуласы
толық диссоциацияға ұшыраса оны ........................... электролит деп атайды. Егер де заттың
молекуласы жартылай диссоциацияға ұшыраса оны ...................................... деп атайды.
Дескриптор Білім алушы
- электролитттік диссоциациялану процесіндегі бөлшектер мен
заттарды сипаттамаларына қарай дұрыс сәйкестендіреді;
- берілген тірек сөздерді дұрыс қолдана отырып электролиттік
диссоциация теориясына дұрыс қорытынды шығарады.
Бөлім 9.1А Электролиттік диссоциация
Оқу мақсаты 9.4.1.6 Қышқыл, негіз, орта және қышқылдық тұздардың
электролиттік диссоциациялану теңдеулерін құрастыру
Бағалау критерийі Білім алушы
 Қышқыл, негіз, орта және қышқылдық тұздардың
электролиттік диссоциациялануын ажыратады
 Қышқыл, негіз, орта және қышқылдық тұздардың
электролиттік диссоциациялану теңдеулерін құрастырады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
1. Төменде берілген қосылыстардың электролиттік диссоциациялану теңдеулерін жазыңыз:
Na2SO4, K2CO3, ZnCl2, Ba(NO3)2, HCl, HgCl2.
2. Төрт стақанда келесі сұйықтықтар берілген: натрий гидроксиді, тұз қышқылы, натрий хлориді
және натрий гидрокарбонаты ерітінділері.
натрий гидроксиді тұз қышқылы натрий хлориді натрий гидрокарбонаты
Стақандарға электродтарды салғанда, қай стақанда жарық жанады?
Дескриптор Білім алушы
- берілген заттардың диссоциациялану теңдеулерін дұрыс жазады;
- электролиттер арқылы электр тогы өткенде оларда жүретін
процестерге дұрыс қорытынды шығарады.
Бөлім 9.1А Электролиттік диссоциация
Оқу мақсаты 9.2.2.1 Реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде
құру
Бағалау критерийі Білім алушы
 Реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде құрады
 Реакция теңдеулерін сауатты теңестіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
1. Сізге барий нитраты мен алюминий сульфатының ерітінділері берілген. Осы қосылыстар өзара
әрекеттескенде жүретін реакцияның молекулалық және иондық теңдеулерін жазыңыздар:
2. Берілген қысқартылған иондық теңдеу жүру үшін қандай қосылыстардың ерітінділері алынған?
Реакцияның қысқартылған иондық теңдеуі:
Ca
2+
+ CO3
2-= CaCO3
Реакцияның молекулалық және толық иондық түрде жазыңыз.
3. Зертханалық жұмыс: «Иондар арасындағы қайтымды реакциялар»
Реактивтер мен жабдықтар: KNO3 және NaCl ерітінділері, тамшуыр, қысқыш, таза
сынауықтар, фенолфталеин.
KNO3 бар сынауыққа 2-3 тамшы фенолфталеин қосыңыз, сосын 1-2 мл NaCl ерітіндісін
құйыңыз. Не байқадыңыз? Молекулалық және толық иондық реакция теңдеулерін құрыңыз:
Қорытынды:
Дескриптор Білім алушы
- қысқартылған иондық теңдеуді негізге ала отырып берілген
заттардың реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде
құрастырады;
- зертханалық жұмыстың бақылау нәтижелерін дұрыс жазып, тиісті
қорытынды шығара алады.
Бөлім 9.1А Электролиттік диссоциация
Оқу мақсаты 9.3.4.1 Қышқылдар, еритін және ерімейтін негіздер, орта тұздардың
химиялық қасиеттерін көрсететін реакция теңдеулерін
молекулалық және иондық түрде құрастыру
Бағалау критерийі Білім алушы
 Қышқылдар, еритін және ерімейтін негіздер, орта тұздардың
химиялық қасиеттерін көрсететін реакция теңдеулерін
молекулалық және иондық түрде құрастырады
 Реакция теңдеулерін сауатты теңестіреді.
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
1. Кестедегі берілген қосылыстардың қайсы бірі сұйытылған күкірт қышқылы ерітіндісімен
әрекеттеседі?
1 2 3 4 5 6 7 8
SiО2 LiОН Ва(NО3)2 НСI К2О К2SiО3 НNО3 Fе(ОН)3
Жүруі мүмкін болатын реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазыңыз.
2. Кестеде берілген деректерге сай реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде
жазыңыз:
Еритін негіздер (сілтілер) Ерімейтін негіздер
Қышқыл + +
Қыздыру Ыдырамайды ыдырайды
Қышқылдық оксидтер + -Тұз ерітінділері + -3. Зертханалық жұмыс «Қышқылдардың химиялық қасиеттері». Реакция теңдеулерін аяқтап,
молекулалық және иондық түрде жазыңыз:
Тәжірибенің аты мен нөмірі Сурет және бақылаулар Реакция теңдеуі және
қорытынды
1. Тұз ерітіндісінің сілтімен
әрекеттесуі
2. Тұз бен қышқылдың
әрекеттесуі
3. Тұздардың бір бірімен
әрекеттесуі
Дескриптор Білім алушы
- берілген қосылыстардың қайсы бірі күкірт қышқылымен
әрекеттесетінің дұрыс таңдап, олардың реакция теңдеулерін
молекулалық және иондық түрде сауатты жазады;
- берілген қосылыстардың сілтілермен және негіздермен жүруі мүмкін
болған реакция теңдеулерін дұрыс жаза алады;
- қышқылдардың химиялық қасиеттерін дұрыс болжап, жүруі мүмкін
реакция теңдеулерін жазып қорытынды шығара алады.
Бөлім 9.1А Электролиттік диссоциация
Оқу мақсаты 9.3.4.4 Орта тұз гидролизінің теңдеуін молекулалық және иондық
түрде құрастыру
9.3.4.5 Орта тұз ерітіндіcінің реакция ортасын болжау
Бағалау критерийі Білім алушы
 Орта тұз гидролизінің теңдеуін молекулалық және иондық
түрде құрастырады
 Орта тұз ерітіндісінің реакция ортасын болжайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
1. Гидролиз теңдеулерін құрыңыз, келесі заттарға гидролиз түрін және тұздың сулы ерітіндісінің
ортасын анықтаңыз:
K2S – калий сульфиді,
AlBr3 – алюминий бромиді,
LiCl – литий хлориді,
Na3PO4 – натрий фосфаты,
K2SO4 – калий сульфаты,
ZnCl2 – мырыш хлориді,
Na2SO3 – натрий сульфиті,
(NH4)2SO4 – аммоний сульфаты,
BaBr2 – барий бромиді.
2. Есептеулерді жүргізбей тұз ерітінділерінің ортасын салыстырыңыз:
а) Na2SO4; б) Na2SO3; в) Na2CO3.
Дескриптор Білім алушы
- 4-5 қосылыс үшін гидролиз теңдеулерін құрап, тұздың сулы
ерітіндісінің ортасын дұрыс анықтайды;
- өздерінің білімдерін дұрыс қолдана отырып берілген тұз
ерітінділерінің ортасын дұрыс анықтап, оларды салыстырады.
Бөлім 9.1В Бейорганикалық қосылыстардың сапалық талдауы
Оқу мақсаты 9.4.1.8 Li
+
, Na
+
, K
+
, Ca
2+
, Sr
2+
, Ba
2+
, Cu
2+
металл катиондарын
анықтау үшін жалын түсінің боялу реакциясын жүргізу және
сипаттау
9.4.1.9 Fe
2+
, Fe
3+
, Cu
2+
катиондарына сапалық реакция жүргізу
Бағалау критерийі Білім алушы
 Li
+
, Na
+
, K
+
, Ca
2+
, Sr
2+
, Ba
2+
, Cu
2+
металл катиондарын
анықтау үшін жалын түсінің боялу реакциясын жүргізеді және
сипаттайды
 Fe
2+
, Fe
3+
, Cu
2+
катиондарына сапалық реакция жүргізеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
1. Зертханалық жұмыс: Металл катиондарын жалын түсі бойынша анықтау.
Жұмыстың мақсаты:
Болжам:
Құрал-жабдықтар мен реактивтер:
Жұмыс барысы:
 Шыны таяқшаны біраз уақыт тұз қышқылы ерітіндісінде ұстап, оны литий тұзына батырып
спирт шамы жалынына ұстаңыздар. Дәл осылай натрий, калий, кальций, стронций,
рубидий, барий, мыс ерітінділеріндегі катиондардың жалын түстерін анықтаңыз.
 Нәтижесінде шыққан жалын түсін кестеге бейнелеңіз (Түрлі-түсті қаламмен салу
ұсынылады).
 Кестені толтырыңыз:
Литий Натрий Калий Кальций Стронций Рубидий Барий Мыс
Қорытынды:
2. Металл катионын жалынының түсімен сәйкестендіріңіз:
Fe
2+
жасыл
Cu
2+
қоңыр
Fe
3+
көгілдір
Дескриптор Білім алушы
- оқушы өз алдына зертханалық жұмыстың мақсатын дұрыс қойып, өзінің
болжамдарын негіздеп ұсынады;
- жұмыс барысын негізге ала отырып тапсырмаларды сауатты орындайды
және металдардың жалын түстері бойынша өз бақылауларын кестеге
енгізеді;
- жасаған зертханалық жұмысы негізінде қорытынды шағарады;
- берілген катиондардың жалын түсін дұрыс сәйкестендіреді.
Бөлім 9.1В Бейорганикалық қосылыстардың сапалық талдауы
Оқу мақсаты 9.4.1.10 Хлорид-, бромид-, йодид-, сульфат, карбонат-, фосфат-,
нитрат-, силикат- иондарына сапалық реакцияларды тәжірибе
жүзінде жүргізу және ион алмасу реакцияларын бақылап,
нәтижесін сипаттау
Бағалау критерийі Білім алушы
 Хлорид-, бромид-, йодид-, сульфат, карбонат-, фосфат-, нитрат-,
силикат- иондарына сапалық реакцияларды тәжірибе жүзінде
жүргізеді
 Ион алмасу реакцияларды бақылайды, нәтижесін сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Зертханалық жұмыс: «Тұздар ерітінділеріндегі аниондарды анықтау»
Жұмыстың мақсаты:
Құрал-жабдықтар мен реактивтер:
Жұмыс барысы:
 Екі сынауыққа үш үлгіден көлемі 0,5 мл-ден сынама алып, тәжірибе жүргізіңіз.
 Жасалған жұмысты реакция теңдеулерімен дәлелдеңіз.
Берілген заттар:______________________________________________________________________
(a) Хлорид, бромид, иодид-иондарды анықтау.
1) Тұздар ерітінділеріндегі аниондарды анықтаңыз;
2) Сапалық реагентерін анықтаңыз;
3) Екі сынауыққа үш үлгіден көлемі 0,5мл-ден сынама алып, тәжірибе жүргізіңіз;
4) Жасалған жұмысты реакция теңдеулерімен дәлелдеңіз:
(b) Сульфат-, нитрат- және карбонат- иондарды анықтау
1) Тұздар ерітінділеріндегі аниондарды анықтаңыз;
2) Сапалық реагентерін анықтаңыз;
Қорытынды:
Дескриптор Білім алушы
- оқушы өз алдына зертханалық жұмыстың мақсатын дұрыс қойып, өзінің
болжамдарын негіздеп ұсынады;
- жұмыс барысын негізге ала отырып тапсырмаларды сауатты орындайды
және аниондардың сапалық реакциялары бойынша өз бақылауларын
кестеге енгізеді;
- сульфат-, нитрат- және карбонат аниондарын олардың тұз ерітінділерінен
сапалық реагенттерін дұрыс көрсете отырып анықтайды;
- жасаған зертханалық жұмысы негізінде қорытындылайды.
Бөлім 9.1В Бейорганикалық қосылыстардың сапалық талдауы
Оқу мақсаты 9.4.1.11 Белгісіз заттардағы катион мен аниондарды анықтау
тәжірибесінің жоспарын құру және оны практикада жүзеге
асыру
Бағалау критерийі Білім алушы
 Белгісіз заттардағы катион мен аниондарды анықтау
тәжірибесінің жоспарын құрады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Практикалық жұмыс: «Сапалық реакциялар көмегімен катиондарды және аниондарды анықтау»
Жұмыстың мақсаты:
Болжам:
Құрал-жабдықтар мен реактивтер:
Жұмыстың жоспары:
Берілген заттар:
Сапалық құрамын анықтаңыздар:
Сапалық реагенттерін анықтаңыздар:
Қорытынды:
Дескриптор Білім алушы
- оқушы өз алдына зертханалық жұмыстың мақсатын дұрыс қойып,
өзінің болжамдарын ғылыми негіздеп ұсынып, нақты жоспар
құрады;
- жұмыс барысын негізге ала отырып тапсырмаларды сауатты
орындайды және өз бақылауларын кестеге енгізеді;
- берілген заттардың сапалық құрамын қажетті реаганеттерді дұрыс
қолдана отырып анықтайды:
- жасаған зертханалық жұмысы негізінде қорытындылайды.
Бөлім 9.1В Бейорганикалық қосылыстардың сапалық талдауы
Оқу мақсаты 9.2.3.1 Әрекеттесуші заттардың біреуі артық берілген реакция
теңдеулері бойынша есептеулер жүргізу
Бағалау критерийі Білім алушы
 Әрекеттесуші заттардың біреуі артық берілген реакция
теңдеулері бойынша есептеулер жүргізеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
1. Массасы 20 г мыс сульфаты бар ерітіндісін массасы 8 г натрий гидроксидінің ерітіндісімен
араластырғанда түзілетін мыс гидроксидінің массасын есептеңіз.
2. 28 г темір мен 22,4 г күкірт әрекеттестіріп темір (II) сульфиді алынды. Темір (II) сульфидінің
неше грамы түзілетінін табыңыз.
Реакция нәтижесінде артық қалған заттың массасы қандай?
3. 2 л азот пен 4 л сутек әрекеттескенде (қ.ж.) түзілетін аммиактың көлемін табыңыз.
Дескриптор Білім алушы
- реакция теңдеулерін жазады және теңістіреді;
- көлемі бойынша моль санын немесе моль бойынша массасын
есептеп тапсырманы дұрыс орындайды.
Бөлім 9.1С Химиялық реакциялар жылдамдығы
Оқу мақсаты 9.3.2.2 Реакция жылдамдығына әсер ететін факторларды анықтау
және оны бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан
түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
 Факторлардың реакция жылдамдығына әсерін анықтайды
 Реакция жылдамдығына әсер ететін факторларды бөлшектердің
кинетикалық теориясы тұрғысынан түсіндіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
Зертханалық жұмыс ( 1 топ орындайды)
Химиялық реакция жылдамдығының әрекеттесуші заттардың табиғатына тәуелділігі.
Құрал-жабдықтар: тұрғы сынауықтармен, мырыш түйіршіктері, HCl және CH3COOH ерітінділері,
мензурка.
Жұмыс барысы Бақылаулар Қорытынды
2 сынауыққа массасы және беттік ауданы
бірдей мырыш түйіршіктерін салыңыз.
Бірінші сынауыққа 2 мл HCl, екінші
сынауыққа 2 мл CH3COOH құйыңыз.
Зертханалық жұмыс ( 2 топ орындайды)
Химиялық реакция жылдамдығынің әрекеттесуші заттардың жанасу ауданына тәуелділігі.
Құрал-жабдықтар: тұрғы сынауықтармен, темір шеге, темір ұнтағы, CuCl2 ерітіндісі, шыны
күрекше, мензурка.
Жұмыс барысы Бақылаулар Қорытынды
Бірінші сынауыққа ұзындығы 2 см
дей темір шеге салыңыз, екінші
сынауыққа шыны күрекше
көмегімен темір ұнтақтарын
салыңыз. Сынауықтардың
әрқайсысына 2 мл СuCl2 ерітінідісін
құйыңыз.
Зертханалық жұмыс ( 3 топ орындайды)
Химиялық реакция жылдамдығына температураның әсері.
Құрал-жабдықтар: тұрғы сынауықтармен, жанарғы, тамшуыр, қысқыш, мыс оксиді (CuO), H2SO4
ерітіндісі.
Жұмыс барысы Бақылаулар Қорытынды
2 сынауққа CuO-ның бір
түйіршігін салыңыз, 6-8 тамшы
күкірт қышқылы ерітіндісін
қосыңыз. Бірінші сынауықты
қыздырыңыз.
Зертханалық жұмыс ( 4 топ орындайды)
Химиялық реакция жылдамдығына әрекеттесуші заттардың концентрациясының әсері.
Құрал-жабдықтар: тұрғы сынауықтармен, тамшуыр, мензурка, 0,4% және 0,8% калий иодиді
ерітінділері, крахмал және сутегі тотығы ерітінділері.
Жұмыс барысы Бақылаулар Қорытынды
Екі сынауыққа калий иодиді
ерітінідісін құйыңыз: 1 сынауық
0,4% калий иодиді ерітінідісі, 2
сынауық 0,8% калий иодиді
ерітінідісі. Сынауықтардың
әрқайсысына 2 тамшы крахмал
және 2 мл сутегі тотығын бір
уақытта құйыңыз.
Дескриптор Білім алушы
- әртүрлі факторлардың реакция жылдамдығына әсерін анықтайды;
- шарттардың өзгеруі реакция тепе-теңдігіне қалай әсер ететінін
анықтайды.
Бөлім 9.1С Химиялық реакциялар жылдамдығы
Оқу мақсаты 9.3.2.3 Катализатордың реагенттен айырмашылығын және олардың
реакция жылдамдығына әсерін түсіндіру
9.3.2.4 Реакция жылдамдығына ингибитордың әсерін түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
 Катализатордың реагенттен айырмашылығын және олардың
реакция жылдамдығына әсерін зерттейді
 Реакция жылдамдығына ингибитордың әсерін анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
Тәжірибе: Сутегі тотығының ыдырауы.
 Сынауыққа 3%-ды сутегі тотығының (Н2О2) аздаған мөлшерін құйып, қыздырыңыз.
Байқалған өзгеріс:
 Сынауыққа 3%-ды сутегі тотығының (Н2О2) аздаған мөлшерін құйып, оған аз мөлшерде
марганец оксиді (IV) MnО2 қосыңыз.
Байқалған өзгеріс:
Қорытынды:
Келесі сұрақтарға жауап беріңіз:
a) Сутегі тотығы мен марганец оксиді (IV) бұл реакцияда қандай рөл атқарады?
b) Марганец оксиді (IV) MnО2 қосылғанда не себептен сынауықта газ қарқынды бөліне
бастайды?
c) Ингибиторлар дегеніміз не?
d) Ингибитор ретінде қолданылатын қандай қосылыстарды білесің?
e) Ингибиторларды өңдірісте немесе күнделікті өмірде қолданудың маңызы неде?
f) Катализаторлар мен ингибиторлардың өзара қандай ұқсастықтары мен
айырмашылықтары бар?
Дескриптор Білім алушы
- катализатордың реагенттен айырмашылығын орындалған тәжірибе арқылы
анықтайды;
- реакция жылдамдығына ингибитордың әсерін сипаттайды;
- катализатор мен ингибитордың қолдану аймағын талқылайды.
Бөлім 9.1D Қайтымды реакциялар
Оқу мақсаты 9.3.3.1 Қайтымды және қайтымсыз реакцияларды білу
Бағалау критерийі Білім алушы
 Қайтымды және қайтымсыз реакцияларды ажырата алады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
Ұсынылған реакцияларды қайтымды және қайтымсыз реакцияларға жіктеңіздер:
a) NaOH + HCl → NaCl + H2O
b) 2NaNO3 → 2NaNO2 + O2
c) N2 + 3H2 → 2NH3
d) AgNO3 + KCl → AgCl + KNO3
e) SO3 + H2O → H2SO4
f) CH4 + 2O2 → CO2 + 2H2O
g) 2SO2 + O2 → 2SO3
h) CH3COOH + C2H5OH → CH3COOC2H5 + H2O
қайтымды: ____________________________________
қайтымсыз:____________________________________
Қандай белгілері бойынша қайтымды және қайтымсыз реакцияларға жіктедіңіз?
Дескриптор Білім алушы
- кайтымды және қайтымсыз реакцияларды ажыратады.
Бөлім 9.1D Қайтымды реакциялар
Оқу мақсаты 9.3.3.2 Тепе-теңдікті динамикалық үдеріс ретінде сипаттау және
Ле-Шателье-Браун принципі бойынша химиялық тепе-теңдіктің
ығысуын болжау
Бағалау критерийі Білім алушы
 Тепе-теңдікті динамикалық үдеріс ретінде сипаттайды
 Ле-Шателье-Браун принципі бойынша химиялық тепе-теңдіктің
ығысуын болжайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
1. Химиялық тепе-теңдіктің өзгеруі үшін қажетті шарттарды атаңыз және олардың
әрқайсысының тепе-теңдікке әсерін Ле-Шателье-Браун принципі бойынша сипаттаңыз.
2. Не себептен химиялық тепе-теңдікті динамикалық процесс деп айтатынын түсіндіріңіз:
Дескриптор Білім алушы
- тепе-теңдікті динамикалық процесс ретінде сипаттайды;
- Ле Шателье қағидасын пайдалана отырып, тепе-теңдік
өзгерісін болжайды.
Бөлім 9.1D Қайтымды реакциялар
Оқу мақсаты 9.3.3.3 Химиялық тепе – теңдік күйіне және химиялық реакция
жылдамдығына жағдайлар өзгерісінің әсерін түсіну және
ажырату
Бағалау критерийі Білім алушы
 Химиялық тепе-теңдік күйіне және химиялық реакция
жылдамдығына жағдайлар өзгерісінің әсерін анықтайды
 Химиялық тепе-теңдік күйіне және химиялық реакция
жылдамдығына жағдайлар өзгерісінің әсерін ажыратады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
Берілген теңдеуді мысалға ала отырып химиялық тепе-теңдікке температура, концентрация
және қысым қалай әсер ететінін анықтаңыз:
3H2 + N2 ↔ 2NH3 + 91,84кДж.
Кестені толтырыңыз:
Тепе-теңдікке әсер
ететін факторларды
басқару.
Төмендегі факторлармен әсер еткенде химиялық тепе-теңдік
Температура Концентрация Қысым
Арттырғанда
Кеміткенде
Дескриптор Білім алушы
- шарттардың өзгеруі реакция жылдамдығына қалай әсер ететінін
анықтайды;
- шарттардың өзгеруі реакция тепе-теңдігіне қалай әсер ететінін
анықтайды.
2 тоқсан
Бөлім 9.2А Тотығу-тотықсыздану реакциялары
Оқу мақсаты 9.2.2.3 Тотығу дәрежесін табудың ережесін білу және қолдану
9.2.2.4 Тотығу және тотықсыздану үдерістері бірбірімен
байланысты екенін және бір мезгілде жүретіндігін ұғады
Бағалау критерийі Білім алушы
 Тотығу дәрежесінін табудың ережесін біледі және қолданады
 Тотығу және тотықсыздану үдерістері бірбірімен байланысты
екенін және бір мезгілде жүретіндігін зерттейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
1. Формулалары берілген қосылыстардағы әрбір элементтің тотығу дәрежесін қойыңыз:
Na2SО3, КСlO3, NaClO, Na2CrО4, NН4СlO4, BaMnО4.
2. Тотығу-тотықсыздану реакцияларын аяқтаңыз:
a) CI2 + Fe →_________________________
b) F2 + I2 → _________________________
c) Ca + С → _________________________
d) С + H2 → _________________________
3. а) Берілген реакция теңдеулерін жазыңыз:
магний йодиді броммен:
магнийдің бромсутегімен әрекеттесуі:
b) Реакциялардағы тотығу және тотықсыздану процестерін анықтаңыз.
Дескриптор Білім алушы
- тотығу дәрежесінін табудың ережесін біледі және қолданады;
- тотығу және тотықсыздану реакция теңдеулерін дұрыс жазады;
- тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты анықтайды
Бөлім 9.2А Тотығу-тотықсыздану реакциялары
Оқу мақсаты 9.2.2.5 Тотығу-тотықсыздану реакцияларын тотығу дәрежесі
өзгере жүретін реакциялар ретінде түсіну
9.2.2.6 Тотығу процесін электронды беру, ал тотықсыздану-электронды қосып алу деп түсіну
Бағалау критерийі Білім алушы
 Тотығу-тотықсыздану реакцияларын тотығу дәрежесі өзгере
жүретін реакциялар ретінде қарастырады
 Тотығу процесін электронды беру, ал тотықсыздану-электронды қосып алу деп ұғады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
1. Реакция теңдеулерін тотығу және тотықсыздану процестерімен сәйкестендіңіз:
1) Э
+4
→ Э
+6
2) Э
+6
→ Э
-2
3) Э
+6
→ Э
+4
4) Э
-2
→ Э
+6
A. H2S + O2 → SO2 + H2O
B. H2SO4 + Na → Na2SO4 + H2S + H2O
C. SO2 + Br2 + H2O → H2SO4 + HBr
А________ B__________ C___________
2. Тотығу және тотықсыздану процестерін қолданып, реакция теңдеуін құрастырыңыз.
1) Na
0
→ Na
+1
2) Сl
0
→ Сl
-1
Дескриптор Білім алушы
- тотығу - тотықсыздану үрдісіндегі жартылай реакциялар үшін
ионды - электрондық теңдеулерді дұрыс жазады;
- қайсысы тотыққанын не тотықсызданғанын дұрыс анықтайды.
Бөлім 9.2А Тотығу-тотықсыздану реакциялары
Оқу мақсаты 9.2.2.7 Электрондық баланс әдісімен тотығу-тотықсыздану
реакцияларының коэффициенттерін қою
Бағалау критерийі Білім алушы
 Электрондық баланс әдісімен тотығу-тотықсыздану
реакцияларында коэффициенттерін қояды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Электронды баланс әдісі арқылы коэффициенттерді қойыңыз:
1) NH3 + SO2 → N2 + S + H2О
2) H2S + H2О2 → H2SО4 + H2О
3) Fe + FeВr3 → FeBr2
4) H2SО3 + I2 + H2О → H2SО4 + HI
Дескриптор Білім алушы
- реакцияның иондық теңдеуін дұрыс жазады.
Бөлім 9.2В Металдар мен құймалар
Оқу мақсаты 9.1.4.1 Металдық байланыс пен металдық кристалдық тор
жайындағы білімдерін қолданып металдардың қасиетін
түсіндіре алу
9.2.1.2 Сілтілік металдардың оксидтері мен гидроксидтерінің
негіздік қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін
құрастыру
Бағалау критерийі Білім алушы
 Металдарды сипаттайтын қасиеттерін анықтайды
 Сілтілік металдардың оксидтері мен гидроксидтерінің негіздік
қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастырады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
1. Берілген металдық қасиеттерді химиялық байланыс және кристалдық торының құрылысы
бойынша түсіндіріңіз.
Иілгіштігі Электрөткізгіштігі Беріктігі Металдық жылтыры
2. Натрий оксиді/гидроксидінің қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін жазыңыз.
Қышқылды оксидтермен: ____________________________________________
Қышқылдармен: ____________________________________________________
Сумен: ____________________________________________________________
Дескриптор Білім алушы
- металдық байланыс пен металдық кристалдық тор жайындағы
білімдерін қолданып берілген кестені толтырады;
- металдардың сумен, қышқылдармен, т.б. әрекеттесу реакцияларын
жазады.
Бөлім 9.2В Металдар мен құймалар
Оқу мақсаты 9.1.4.3 Құйма ұғымын білу және оның артықшылықтарын
түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
 Құйма ұғымы туралы білімдерін тұжырымдайды
 Құйманың артықшылықтарын сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Берілген құймаларды сипаттап, кестені толтырыңыз:
Құймалар Құрамы Қасиеттері Қолдануы
Шойын
Мельхиор
Жез
Құймалардың негізгі артықшылықтары мен кемшіліктерін сипаттаңыз:
_________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________
Дескриптор Білім алушы
- алған білімдерін қолдана отырып кестені толтырады;
- кестедегі мәліметтерді талқылай отырып, дәлелдер келтіреді.
Бөлім 9.2В Металдар мен құймалар
Оқу мақсаты 9.2.3.2 Қоспаның белгілі бір массалық үлесін құрайтын, басқа
заттың массасы белгілі жағдайда реакция теңдеуі бойынша зат
массасын есептеу
Бағалау критерийі Білім алушы
 Реакция теңдеуін дұрыс жазады
 Зат массасын дұрыс есептейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Массасы 15,5 г Са(ОН)2, СаСО3 және СаSO4 заттарынан тұратын қоспаны тұз қышқылымен
өңдегенде көлемі 1,12л (қ.ж) газ бөлінді және массасы 6,80 г қатты қалдық қалды. Қоспадағы
кальций гидроксидінің массасын табыңыз.
Дескриптор Білім алушы
- реакция теңдеулерін сауатты жазады;
- газ бөліне жүретін реакциямен есептеу жүргізеді;
- қоспаның құрамын анықтайды.
Бөлім 9.2С 1 (I), 2 (II) және 13 (III) топ элементтері және олардың қосылыстары
Оқу мақсаты 9.2.1.6 Алюминий, оның оксиді мен гидроксидінің екідайлы
қасиеттерін зерттеу
Бағалау критерийі Білім алушы
 Алюминий, оның оксиді мен гидроксидінің екідайлы
қасиеттерін зерттейді
 Реакция теңдеулерін дұрыс жазады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
1. Алюминий оксидінің екідайлы қасиет көрсететінін дәлелдейтін реакция теңдеулерін
жазып теңестіріңіз.
2. Алюминий гидроксидінің қасиеттерін дәлелдеп көрсетіңіз.
Гидроксидтің
қасиеті
Алюминий
гидроксидінің
формуласы
Қышқылмен әрекеттесу
реакциясы
Сілтімен әрекеттесу
реакциясы
Екідайлы
Дескриптор Білім алушы
- алюминий оксидінің екідайлы қасиетін сипаттайды;
- алюминий гидроксидінің қасиетін дәлелдейді.
3 тоқсан
Бөлім 9.3А 17 (VII), 16 (VI), 15 (VI), 14 (IV) -топ элементтері және олардың қосылыстары
Оқу мақсаты 9.1.4.5 Галоген молекулаларының электрондық формулаларын
құрастыру және кристалдық тор түрі мен байланыс типін
анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
 Галоген молекулаларының «нүктелер мен айқыштар»
диаграммасын құрастырады
 Галоген молекулаларының кристалдық тор түрі мен байланыс
типін анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
1. Периодтық кестені пайдаланып бейметалдарды анықтаңыз.
Сұйық күйде кездесетін бейметалл______________
Күлгін түсті бейметалл __________________________
Электрондық конфигурациясы 2, 8, 6 болып табылатын элемент________________
2. Хлор молекуласының «нүктелер мен айқыштар» диаграммасын салыңыз.
Хлор молекуласындағы байланыс типін анықтап, диаграммадан көрсетініз.
3. Фтор, хлор молекулалары – газ, бром – сұйық, йод – қатты. Йод молекуласының қатты
күйде болуын химиялық байланыс және кристалдық торының құрылысы тұрғысынан
түсіндіріңіз.
Дескриптор Білім алушы
- берілген кестеден бейметалдарды анықтайды;
- хлор молекуласындағы байланысты анықтап, сызып көрсетеді;
- галогендердің агрегаттық күй өзгерістерінің әртүрлі болу себебін
анықтайды.
Бөлім 9.3А 17 (VII), 16 (VI), 15 (VI), 14 (IV) -топ элементтері және
олардың қосылыстары
Оқу мақсаты 9.2.1.9 Хлордың химиялық қасиеттерін сипаттау: металдармен,
сутекпен және галогенидтермен әрекеттесуі
Бағалау критерийі Білім алушы
 Хлордың химиялық қаситеттерін сипаттайды
 Металдармен, сутекпен және галогенидтермен әрекеттесу
реакцияларын жазады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
Хлордың химиялық қасиеттерін сипаттап, кестені толтырыңыз.
Хлор (Cl2)
Реакция теңдеуі Реакцияның сипаттамасы
Н2 →
Mg →
KBr →
KI →
KF →
Дескриптор Білім алушы
- хлор, бром және иодтың физикалық және химиялық қасиеттері
бойынша кестені құрайды;
- галогендер тобында төмен қарай қасиеттерінің өзгеру
тенденцияларын анықтайды және осы тенденцияларға сүйене
отырып, фтордың реакциясын болжайды.
Бөлім 9.3А 17 (VII), 16 (VI), 15 (VI), 14 (IV) -топ элементтері және
олардың қосылыстары
Оқу мақсаты 9.2.1.12 Күкірттің аллотропиялық түрөзгерістерінің физикалық
қасиеттерін салыстыру және күкірттің химиялық қасиеттерін
көрсететін реакция теңдеулерін құрастыру
Бағалау критерийі Білім алушы
 Күкірттің аллотропиялық түрөзгерістерін салыстырады
 Күкірттің химиялық қасиеттерін көрсететін реакция
теңдеулерін құрастырады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
Күкірттің аллотропиялық түр өзгерістерінің физикалық қасиеттері тұрғысынан берілген
кестені толтырыңдар:
Күкірттің аллотропиялық
түрөзгерістері
Құрылымы Физикалық қасиеттері
Күкірттің химиялық қасиеттері тұрғысынан берілген кестені толтырыңдар, мүмкін болатын
реакция теңдеулерін жазып теңестіріңдер:
Әрекеттесетін зат Әрекеттесетін зат Өнім Химиялық реакция
теңдеуі
FeS
S+H2O
H2S
Na2S
Дескриптор Білім алушы
- күкірттің физикалық және химиялық қасиеттері бойынша кесте
құрастырады;
- теңестірілген реакция теңдеулерін жазады және қорытынды
шығарады.
Бөлім 9.3А 17 (VII), 16 (VI), 15 (VI), 14 (IV) -топ элементтері және
олардың қосылыстары
Оқу мақсаты 9.2.1.13 Күкірттің (IV) және (VI) оксидтерінің физикалық және
химиялық қасиеттерін салыстыру және күкірт
диоксидінің физиологиялық әсерін түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
 Күкірттің (IV) және (VI) оксидтерінің физикалық және
химиялық қасиеттерін салыстырады
 Күкірт диоксидінің физиологиялық әсерін түсіндіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
1. Күкірт екі оксид түзеді. Осы оксидтердің түзілу реакцияларының теңдеулерін жазыңыз.
2. Күкірт диоксиді мен күкірт триоксидінің физикалық қасиеттерін Венн диаграммасы арқылы
салыстырыңыз.
3. Күкірт диоксиді Е 220 консерванты болып табылады. Бұл түрлі тағамдар мен сусындарға
қосылатын консервант. Күкірт диоксидінің физиологиялық әсерін түсіндіріңіз.
4. Күкірт оксидтерінің химиялық қасиеттерін көрсететін реакция теңдеулерін жазыңыз.
Дескриптор Білім алушы
- күкірттің (IV) және (VI) оксидтерінің физикалық және химиялық
қасиеттерін салыстырады;
- күкірт диоксидінің физиологиялық әсерін анықтайды.
Бөлім 9.3А 17 (VII), 16 (VI), 15 (VI), 14 (IV) -топ элементтері және
олардың қосылыстары
Оқу мақсаты 9.2.1.14 Күкірт қышқылы ерітіндісі мен оның тұздарының
физикалық және химиялық қасиеттерін зерттеу
Бағалау критерийі Білім алушы
 Күкірт қышқылы ерітіндісінің химиялық қасиеттерін
түсіндіреді
 Күкірт қышқылы тұзына сапалық реакцияны көрсетеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
1. а) Сұйытылған күкірт қышқылы бейорганикалық қышқылдардың бірі болып табылады.
Мыс карбонаты мен күкірт қышқылы арасындағы реакция теңдеуін жазып теңестіріңіз.
b) Алынған ерітіндіде сульфат иондары бар екенін қалай дәлелдеуге болады:
Тест: ________________________________________________________________________
Нәтиже: ______________________________________________________________________
2. Күкірт қышқылы берілген заттардың қайсысымен әрекеттеседі:
мырыш, барий нитраты ерітіндісі, натрий хлориді, кальций хлориді, мыс (II) хлориді.
Реакция теңдеулерін жазып теңестіріңіз.
Дескриптор Білім алушы
- күкірт қышқылы ерітіндісінің химиялық қасиеттерін зерттейді;
- сульфат ионын анықтайтын катионды көрсетеді.
Бөлім 9.3А 17 (VII), 16 (VI), 15 (VI), 14 (IV) -топ элементтері және
олардың қосылыстары
Оқу мақсаты 9.2.3.3 Теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы реакция
өнімінің шығымын есептеу
Бағалау критерийі Білім алушы
 Теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы реакция өнімінің
шығымын есептейді
 Есептің шығарылғынына қарай дұрыс қорытынды жасайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
1. Теория жүзіндегімен салыстырғандағы шығымы 80% болса, онда темір (ІІІ) оксидіне,
көміртек (ІІ) оксидімен әрекеттестіргенде, нәтижесінде 11,2 г темір алынды. Реакцияға
жұмсалған темір (ІІІ) оксидінің массасын табыңдар.
2. 32,4г. мырыш оксидінең алюминийтермия әдісі арқылы, 24г. таза мырыш алынды. Өнімнің
шығымын табыңдар.
Дескриптор Білім алушы
- теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы реакция өнімінің
шығымын есептейді.
Бөлім 9.3А 17 (VII), 16 (VI), 15 (VI), 14 (IV) -топ элементтері және
олардың қосылыстары
Оқу мақсаты 9.1.4.6 Аммиактың молекулалық, электрондық және құрылымдық
формуласын түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
 Аммиактың молекулалық, электрондық және құрылымдық
формуласын салады және жазады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Аммиактың молекулалық формуласын жазыңыз.
Аммиак молекуласының құрылымын «нүктелер мен айқыштар» диаграммасы арқылы көрсетіңіз.
Аммиактық құрылымдық формуласын сызыңыз.
Дескриптор Білім алушы
- аммиактың молекулалық, электрондық және құрылымдық
формуласын салады және жазады;
Бөлім 9.3А 17 (VII), 16 (VI), 15 (VI), 14 (IV) - топ элементтері және
олардың қосылыстары
Оқу мақсаты 9.2.1.18 Азоттан азот қышқылын алудың реакция теңдеуін
құрастыру
9.2.1.20 Сұйылтылған және концентрлі азот қышқылының
металмен әрекеттесуінің ерекшелігін сипаттау және реакция
теңдеулерін құрастыру
Бағалау критерийі Білім алушы
 Сұйылтылған және концентрлі азот қышқылының металмен
әрекеттесуінің ерекшелігін сипаттайды
 Сұйылтылған және концентрлі азот қышқылының металмен
әрекеттесуінің реакция теңдеулерін құрастырады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
1. Берілген реакция теңдеулерін аяқтап, теңестіріңіз:
Са+HNO3 ( сұйытылған)→
Са+HNO3 (концентрлі )→
2. Азот қышқылы күшті тотықтырғыш.
Азоттан азот қышқылын алыну тізбегін құрыңыз.
3. Азот қышқылының басқа қышқылдарға қарағанда айырмашылығы неде?
4. Концентрлі азот қышқылы темір немесе алюминиймен әрекеттескенде қандай өзгерістер
байқалады? Өз жауабыңызды түсіндіріңіз.
Дескриптор Білім алушы
- реакциялар тізбегін құрастырады;
- сұйылтылған және концентрлі азот қышқылының металмен
әрекеттесуінің ерекшелігін сипаттайды;
- сұйылтылған және концентрлі азот қышқылының металмен
әрекеттесуінің реакция теңдеулерін құрастырады.
Бөлім 9.3А 17 (VII), 16 (VI), 15 (VI), 14 (IV) -топ элементтері және
олардың қосылыстары
Оқу мақсаты 9.2.1.22 Фосфордың аллотропиялық түрөзгерістерін салыстыру
Бағалау критерийі Білім алушы
 Фосфордың аллотропиялық түрөзгерістерін анықтайды
 Фосфордың аллотропиялық түрөзгерістерін салыстырады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
1. Ақ фосфордың шарстерженді моделін жинастырып, кеңістіктегі пішінін бейнелеңіз.
2. Ақ және қызыл фосфордың қасиеттері мен құрылысын сипаттаңыз.
Аллотропты түрөзгерістері Ақ фосфор Қызыл фосфор
Құрамы және құрылысы
Кристалл торының түрі
Физикалық қасиеттері:
а) түсі
б) қараңғыда жануы
в) суда ерігіштігі
г) тығыздығы
д) ағзаға әсері
Химиялық белсенділігі
Дескриптор Білім алушы
- фосфордың аллотропиялық түрөзгерістерін құрылысын жазады;
- фосфордың аллотропиялық түрөзгерістерінің қасиеттерін
салыстырады.
Бөлім 9.3А 17 (VII), 16 (VI), 15 (VI), 14 (IV) -топ элементтері және
олардың қосылыстары
Оқу мақсаты 9.2.1.23 Фосфор және оның қосылыстарының жалпы химиялық
қасиеттерін түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
 Фосфор және оның қосылыстарының жалпы химиялық
қасиеттерін сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
1. Реакцияны аяқтап, өнімдердің атауын жазыңыз:
P + O2 →
P + K →
P + H2 →
2. Берілген теңдеулердегі Х затын анықтаңыз:
PH3 + X → P2O5 + H2O
Na3PO4 + X → Ag3PO4 + NaNO3
3. Айналымдарды жүзеге асырып, заттардың атауын жазыңыз:
P → P2O5 → H3PO4 → Li3PO4
Дескриптор Білім алушы
- фосфордың химиялық қасиеттеріне теңдеуді жазады;
- фосфор қосылыстарының жалпы химиялық қасиеттерін сипаттайды.
Бөлім 9.3А 17 (VII), 16 (VI), 15 (VI), 14 (IV) -топ элементтері және олардың
қосылыстары
Оқу мақсаты 9.4.2.3 Минералды тыңайтқыштардың жіктелуін және олардың
құрамына кіретін қоректік элементтерді атау
Бағалау критерийі Білім алушы
 Минералды тыңайтқыштырдың жіктелуін зерттейді
 Минералдардың құрамына кіретін қоректік элементтерді атайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
1. Тыңайтқыштар өсімдіктердің өсуін жақсартады. (NH4)3PO4 аммоний фосфаты және
Ca(H2PO4)2 кальций дигидрофосфаты тыңайтқыштар болып табылады.
Осы екі тыңайтқыштарды қалай ажыратуға болады:
Тест:
Нәтиже:
2. Не себептен қатты фосфаттар тыңайтқыш ретінде қолдануға тиімсіз?
Дескриптор Білім алушы
- минералды тыңайтқыштардың жіктелуін анықтайды;
- фосфаттардың қолдану тәсілін зерттейді.
Бөлім 9.3А 17 (VII), 16 (VI), 15 (VI), 14 (IV) -топ элементтері және
олардың қосылыстары
Оқу мақсаты 9.2.1.25 Кремний мен оның қосылыстарының негізгі химиялық
қасиеттерін сипаттау және реакция теңдеулерін құрастыру
Бағалау критерийі Білім алушы
 Кремний мен оның қосылыстарының реакция теңдеулерін
құрастырады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
Сызбанұсқа бойынша айналымдарды жүзеге асырып заттарды атап жазыңыз:
Дескриптор Білім алушы
- кремнийден оның қосылыстарын алу реакция теңдеулерін жазады:
- қосылыстардың қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін
жазады.
Бөлім 9.3В Адам ағзасындағы химиялық элементтер
Оқу мақсаты 9.5.1.1 Адам ағзасының құрамына кіретін элементтерді атау
және олардың маңызын түсіндіру (О, С, Н, N, Ca, P, K, S, Cl,
Mg, Fe)
Бағалау критерийі Білім алушы
 Адам ағзасының құрамына кіретін элементтерді атайды
 Адам ағзасының құрамына кіретін элементтерді атайды
және олардың маңызын түсіндіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
Адам ағзасындағы мөлшері 1%-дан аз болатын химиялық элементтерді атаңыз және маңызын
сипаттап, кестені толтырыңыз.
Микроэлементтің
атауы
Ағзаға түсу
көзі
Ағза үшін
маңызы
Жетіспеушілік
белгілері
Артықшылық
белгілері
Дескриптор Білім алушы
- адам ағзасының құрамына кіретін элементтерді атайды;
- адам ағзасының құрамына кіретін элементтерді атайды және
олардың маңызын кестені толтыра отырып анықтайды.
Бөлім 9.3В Адам ағзасындағы химиялық элементтер
Оқу мақсаты 9.5.1.3 Адам ағзасындағы кальций мен темірдің ролін түсіндіру
9.5.1.5 Қоршаған ортаның ауыр металдармен ластану көздерін
атау және олардың ағзаларға әсерін түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
 Адам ағзасынындағы кальций мен темірдің ролін анықтайды
 Қоршаған ортаның ауыр металдармен ластану көздерін
атайды және олардың ағзаларға әсерін түсіндіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
1. Бұл элементтің ағзада жетіспеушілігі дәрігерлерді көп ойландырды. Ертеде бұл ауруға тек
жас қыздар ғана шалдығады деп есептелген. Шынында да көптеген қыздардың өңі боп боз
болатын. Қай элемент туралы айтылып жатыр? Неге? Жауапты түсіндіріңіз.
2. Егер осы металдың артық мөлшері ағзада жинақталса, адамның денсаулығына әсері қандай
болады?
3. Суретке қарап, қандай элемент туралы айтылатынын болжа. Ол элементпен
адамның қаңқасы арасында қандай байланыс бар? Неге? Жауапты түсіндіріңіз.
Дескриптор Білім алушы
- адам ағзасынындағы маңызды элементтерді атайды;
- адам ағзасындағы маңызды элементтердің ролін сипаттайды;
- ауыр металдың ағзадаға әсерін сипаттайды.
4 тоқсан
Бөлім 9.4А Органикалық химияға кіріспе
Оқу мақсаты 9.4.3.2 Көмірсутектердің және олардың туындылары: спирттер,
альдегидтер, карбон қышқылдары, көмірсулар,
аминқышқылдарының жіктелуін білу
Бағалау критерийі Білім алушы
 Көмірсутектердің және олардың туындыларының жіктелуін
зерттейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
1. Заттың аталуы мен жіктеу тобы арасында сәйкестендіру жүргізіңіз:
Заттың аталуы Жіктеу тобы
Метилбензол альдегидтер
Анилин аминдер
3-метилбутаналь көмірсулар
Этанол кетондар
Ацетон спирттер
2. Ұсынылған заттар органикалық қосылыстардың қай тобына жатады:
a) СН3СН2СН2СООН
b) СН3СН=О
c) СН3СОСН2СН3
d) СН3СН2ОН
e) СН3СН2NH2
Дескриптор Білім алушы
- органикалық заттарды кластары бойынша жіктейді.
Бөлім 9.4А Органикалық химияға кіріспе
Оқу мақсаты 9.4.3.3 Функционалдық топ түсінігін, берілген класс қосылысының
химиялық қасиеттерін анықтайтын топ ретінде түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
 Функционалдық топ түсінігін қалыптастырады
 Функционалдық топты берілген класс қосылысының
химиялық қасиеттерін анықтайтын топ ретінде зерттейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
1. Берілген айналымдарды жүзеге асырып жазыңыз:
Крахмал → глюкоза → этанол
2. Қосылыстардың класын сәйкес келетін фунционалдық топтармен сәйкестендіріңіз:
Функционалдық топтар Қосылыстар
1.-Hal A. нитроқосылыстар
2.-NO2 B. альдегидтер
3.-OH C. галогенқосылыстар
4.-COH D. спирттер
Дескриптор Білім алушы
- функционалдық тобы бойынша затты анықтайды.
Бөлім 9.4А Органикалық химияға кіріспе
Оқу мақсаты 9.4.3.5 Органикалық қосылыстардың негізгі кластары: алкандар,
алкендер, алкиндер,арендер, спирттер,альдегидтер, карбон
қышқылдары, аминқышқылдары үшін IUPAC
номенклатурасын қолдану
9.4.3.6 Изомерия құбылысын білу және көмірсутектер
құрылымдық изомерлерінің формулаларын құрастыру
Бағалау критерийі Білім алушы
 Органикалық қосылыстардың негізгі кластары үшін IUPAC
номенклатурасын қолданады
 Изомерия құбылысын біледі және көмірсутектер
құрылымдық изомерлерінің формулаларын құрастырады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
Органикалық химияда бірнеше изомерлер түрі бар, төменде берілген заттарды аталуын жазып,
қай изомерлер тобына жататынын анықтаңыз:
Дескриптор Білім алушы
- изомерия құбылысын біледі және көмірсутектер құрылымдық
изомерлерінің формулаларын құрастырады.
Бөлім 9.4А Органикалық химияға кіріспе
Оқу мақсаты 9.2.3.4 Газтектес заттардың молекулалық формуласын
салыстырмалы тығыздық пен элементтердің массалық үлестері
арқылы анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
 Газтектес заттардың молекулалық формуласын
салыстырмалы тығыздық пен элементтердің массалық
үлестері арқылы анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
1. Құрамында көміртектің массалық үлесі 84% болатын, ауа бойынша салыстырмалы
тығыздығы 3,45-ке тең болатын көмірсутектің молекулалық формуласын анықтаңыз.
2. Құрамында көміртектің массалық үлесі 83,33% болатын, сутек бойынша салыстырмалы
тығыздығы 36-ке тең болатын молекулалық формуласын анықтаңыз.
Дескриптор Білім алушы
- массалық үлес бойынша есептеулер жүргізеді;
- көмірсутектердің молекулалық формуласын анықтайды.
Бөлім 9.4В Көмірсутектер. Отын.
Оқу мақсаты 9.4.3.7 Алкандардың химиялық қасиеттерін сипаттау және оны
реакция теңдеулерімен дәлелдеу
Бағалау критерийі Білім алушы
 Алкандардың химиялық қасиеттерін сипаттайды
 Алкандардың химиялық қасиеттерін реакция
теңдеулерімен дәлелдейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
1. Бром метанға хлор секілді әсер етеді. Метанның тізбек бойынша бромдану реакцияларын
жазыңыз.
2. Этан ұсынылған заттардың қайсысымен әрекеттеседі: NaOH, O2, HCl, KMnO4 (ерітінді).
Реакция теңдеулерін жазып, таңдауыңызды түсіндіріңіз.
Дескриптор Білім алушы
- метанның сатылап бромдану реакциясын жазады;
- мүмкін болатын реакция теңдеулерін дұрыс жазады және
органикалық өнімдерді атайды.
Бөлім 9.4В Көмірсутектер. Отын.
Оқу мақсаты 9.4.3.10 Этен мысалында алкендердің химиялық қасиеттерін (жану,
гидрлеу, гидратация, галогендеу, сапалық реакциялар) оқып
үйрену, химиялық реакция теңдеулерімен дәлелдеу
Бағалау критерийі Білім алушы
 Алкендердың химиялық қасиеттерін сипаттайды
 Алкендердың химиялық қасиеттерін реакция теңдеулерімен
дәлелдейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
1. Алкендердің жалпы формуласы:__________________________________________________
Этилен молекуласындағы σ-байланыстар саны: ____________________________________
2. Қандай реакциялар еселі байланысқа сапалық реакция болып табылады? Реакциялардың
белгілерін сипаттап, реакция теңдеуін жазыңыз.
3. Пропен галогенсутекпен қалай әрекеттеседі? Реакция теңдеуін жазыңыз.
Дескриптор Білім алушы
- құрылысына қарап этеннің этанмен салыстырғанда химиялық
белсенді екенін дұрыс болжайды;
- мүмкін болатын реакция теңдеулерін жазады және органикалық
қосылысты атайды.
Бөлім 9.4В Көмірсутектер. Отын
Оқу мақсаты 9.4.3.11 Полиэтилен мысалында полимерлену реакциясының
механизмі мен полимерлердің құрылымының
ерекшеліктерін түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
 Полимерленуді ұғады
 Полимерлену типіне анализ жасайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
1 а) Полимерлену реакциясына анықтама беріңіз.
b) Реакцияның жүру жағдайларын келтіріңіз.
2 а) Этиленнің үш мономерінен қос байланыстың үзілуі нәтижесінде алкен молекулаларының бір-бірімен тізбектеліп қосылуы, яғни полиэтиленнің түзілуінің реакциясын жазыңыз:
b) Полиэтиленнің шар өзектік моделін құрастырыңдар және суретін салып, жеке-жеке
мономерлерді анықтап көрсетіңіз:
3. Жоғары молекулалық қосылыстарды алудың негізгі әдістері – полимерлену және
поликонденсациялану реакциялары.
Екі реакцияның негізгі ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтаңдар:
Полимерлену реакциясы Поликонденсациялану
реакциясы
Ұқсастықтары
Айырмашылықтары
Дескриптор Білім алушы
- этиленнің полимерленуін жазады және полимерлену жағдайларын
көрсетеді;
- полимерленуді модельдей отыра полимерлену типін салыстырады.
Бөлім 9.4В Көмірсутектер. Отын
Оқу мақсаты 9.4.3.13 Этин мысалында алкиндердің химиялық қасиеттерін
(жану, гидрлеу, гидратация, галогендеу, сапалық
реакциялар) оқып үйрену, химиялық реакция
теңдеулерімен дәлелдеу
Бағалау критерийі Білім алушы
 Алкиндердің гомологтық қатарын және этин мысалында
химиялық қасиеттерін түсіндіреді
 Реакция теңдеулерімен қатар сапалық анықтауды
түсіндіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
1. Алкиндер гомологтық қатарының алғашқы 4 мүшесін кестеге толтырыңыз:
№ Молекулалық формуласы Атауы
2. Төмендегі реакцияларды жүзеге асырыңыз:
a) Этин + сутегі →
b) Этин + су молекуласы→
c) Этин + бром суы→
d) Этин + хлорсутек қышқылы→
3. Жоғарыдағы реакциялардың қайсысы алкиндерге сапалық реакция болып саналады және
қандай өзгеріс байқалады?
Дескриптор Білім алушы
- этиннің гомологтық қатарын және реакция теңдеулерін жазады;
- алкиндерге сапалық талдауды біледі және байқалатын өзгерістерді
жазады.
Бөлім 9.4В Көмірсутектер. Отын
Оқу мақсаты 9.4.3.14 Бензолдың алынуы, қасиеттері және қолданылуын сипаттау
Бағалау критерийі Білім алушы
 Бензолдың құрылымын, ерекшеліктерін анықтайды
 Бензолдың қасиетін реакция теңдеулерімен жазады және
реакция механизміне сілтеме жасайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Төменде этен және бензолдың орбитальдық құрылымы берілген:
a) Екі молекула да броммен реакцияға түседі. Неліктен бензол этен сияқты қосылу
реакцияларына түспейді?
b) Төмендегі реакцияларды жүзеге асырыңыз:
с) Бензол және бензол туындыларының қолдану салаларына үш мысал келтіріңіз.
Дескриптор Білім алушы
- бензолдың құрылымын этен молекуласымен салыстыра сипаттайды;
- қолдануын келтіреді және реакция теңдеулерін жазады.
Br
SO
3
H
NO
2
R
Бөлім 9.4В Көмірсутектер. Отын
Оқу мақсаты 9.4.3.17 Мұнай фракцияларын және шикі мұнайды айдау
өнімдерінің қолдану аймақтарын атау
Бағалау критерийі Білім алушы
 Фракциялық дистелдену өнімдерін атайды
 Фракциялық дистелдену өнімдерінің қолданылуына мысал
келтіреді
 Крекинг түрлерін ажыратады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
1. Мұнай өнеркәсіпте әр түрлі заттарды өндіруге қолданылатын ең маңызды шикізаттардың бірі
болып табылады. Төменде берілген суретте шикі мұнайды бөлуге арналған қондырғының суреті
көрсетілген.
Бағдаршамен берілген жерде түзілуі мүмкін өнімдердің атауларын жазып шығыңыз:
2. Шикі мұнай дегеніміз не? Мұнайды фракциялау дегеніміз не?
a) Бензиннің құрамындағы көміртек саны қанша? Қолданылуы:
b) Лигроиннің құрамындағы көміртек саны қанша? Қолданылуы:
c) Керосиннің құрамындағы көміртек саны қанша? Қолданылуы:
d) Газойлдың құрамындағы көміртек саны қанша? Қолданылуы:
3. Крекинг дегеніміз не?
4. Термиялық крекинг дегеніміз не? Қажетті жағдайлары мен түзілуі мүмкін өнімдерді қоса
жазыңыз.
5. Катализдік крекинг дегеніміз не? Қажетті жағдайлары мен түзілуі мүмкін өнімдерді қоса
жазыңыз.
6. Риформинг дегеніміз не? Бір реакция теңдеуін мысал ретінде көрсетіңіз.
7. Бензиннің октан саны дегеніміз не? Ол қалай анықталады?
Дескриптор Білім алушы
- фракциялық дистелдену өнімдерінің құрамын зерттейді;
- қолдану саларына жеке тоқталумен қатар крекинг жағдайларын
келтіреді.
Бөлім 9.4С Оттекті және азотты органикалық қосылыстар
Оқу мақсаты 9.4.3.18 Оттекті органикалық заттардың жіктелуін білу
Бағалау критерийі Білім алушы
 Оттекті органикалық қосылыстарды жіктейді.
 Оттекті органикалық заттарға мысал келтіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
1. Оттекті органикалық қосылыстарды жіктеңіз.
2. Оттекті органикалық қосылыстардың құрылымдық формуласын сызыңыз.
пропаналь бутанол 2 бутан қышқылы 2 хлор этан
қышқылы
пентан-2-он пропилэтаноат 2 аминопропан
қышқылы
глюкоза
Дескриптор Білім алушы
- оттекті органикалық заттарды жіктейді;
- берілген қосылыстардың құрылымдық формулаларын жазып кестені
толтырады.
Бөлім 9.4С Оттекті және азотты органикалық қосылыстар
Оқу мақсаты: 9.4.3.22 Карбон қышқылдарының құрамын білу және сірке
қышқылының химиялық қасиеттері мен қолданылуын
сипаттау
Бағалау критерийі Білім алушы
 Карбон қышқылдарының құрамына қандай
функционалдық топтарын атайды
 Типтік карбон қышқылы сірке қышқылының мысалында
карбон қышқылдарының химиялық қасиеттері мен
қолданылуын сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
1. Карбон қышқылдарындағы функционалдық топтардың формуласын жазыңыз:
(а) Этан қышқылы типтік карбон қышқылы болып табылады. Ол этаноаттар түзеді.
(і) Карбон қышқылына мысал келтіріңіз.
(іі) Келесі теңдеулерді толтырыңыз:
Mg + ______CH3COOH → ___________________________ + __________________
Натрий
гидроксиді
+ Этан
қышқылы
→ _______________ + _____________
(iіi) Этан қышқылы этанолмен әрекеттесуі нәтижесінде күрделі эфир түзіледі. Түзілген
күрделі эфирдің құрылымдық формуласын сызып, атаңыз.
Атауы ____________________________________________________________________
Құрылымдық формуласы:
(b) (і) Сірке қышқылының ең жақын екі гомологының құрылымдық формуласын салыңыз.
(іі) Күрделі эфир алуда қолданылатын этан қышқылының күнделікті өмірде және
өнеркәсіпте қолданылуына екі мысалдан келтіріңіз.
Дескриптор Білім алушы
- карбон қышқылдарының функционалдық тобының формуласын
жазады;
- карбон қышқылдарының химиялық қасиеттерін сірке қышқылының
мысалында түсіндіреді;
- карбон қышқылдарының химиялық қасиеттері нәтижесінде түзілген
қосылыстардың қай класқа жататының түсіндіреді және олардың
құрылымдық формулаларын салады;
- сірке қышқылының қолданылу салаларын атайды.
Бөлім 9.4С Оттекті және азотты органикалық қосылыстар
Оқу мақсаты: 9.4.3.23 Күрделі эфирлер мен майлардың ерекшеліктері мен
майлардың қызметін түсіндіру
Бағалау критерийі: Білім алушы
 Күрделі эфирлер мен майлардың ерекшеліктерін түсіндіреді
 Майлардың атқаратын қызметін түсіндіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
1. Химияда гидролиз реакциялары күрделі молекулаларды барынша қарапайым молекулаларға
айналдыруда қолданылады.
Этилпропаноат эфирінің гидролизі кезінде түзілетін екі қосылысты атап, олардың құрылымдық
формулаларын салыңыз:
Атауы Атауы
Формуласы Формуласы
2. Майлар табиғи эфирлер болып табылады. Олар натрий гидроксидінің сулы ерітіндісінде
гидролизге ұшырауы мүмкін:
Май
C17H35COONa формуласы қандай қосылыстар типіне жатады және ол не мақсатта қолданылады?
Қосылыстың типі ___________________________________________________________________
Қолданылуы ______________________________________________________________________
Дескриптор Білім алушы
- күрделі эфирлердің гидролиздену реакцияларын түсіндіреді;
- гидролиздену реакцияларының өнімдерінің формуласын жазып, дұрыс
атайды;
- майлардың сабындану реакцияларына түсуі нәтижесінде қандай
өнімдер түзілетінің түсіндіреді;
- майлардан алынатын қосылыстардың қолданылу салаларын түсіндіреді.
Бөлім 9.4С Оттекті және азотты органикалық қосылыстар
Оқу мақсаты 9.4.3.26 Көмірсулардың жіктелуін, биологиялық маңызы мен
қызметін түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
 Көмірсулардың жіктелуін түсіндіреді
 Көмірсулардың биологиялық маңызы мен қызметін
түсіндіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
1. а) Көмірсулардың моносахаридтер, дисахаридтер және полисахаридтер деп жіктелетіні
белгілі.
Моносахаридтер – гидролизденбейтін қарапайым қантты заттар.
Дисахаридтер – гидролизденіп, моносахаридтердің екі молекуласына ыдырайды.
Полисахаридтер гидролизденгенде, моносахаридтердің көп молекуласы түзіледі.
(і) Төменде берілген қосылыстарлы жіктеңіз:
Глюкоза, целлюлоза, фруктоза, крахмал, рибоза, сахароза
Моносахаридтер Дисахаридтер Полисахаридтер
(іі) Жоғарыда берілген қосылыстардар бір моносахаридтің және бір дисахаридтің
молекулалық формуласын жазыңыз.
2. а) Көмірсулардың адам ағзасында атқаратын биологиялық маңызын сипаттаңыз.
b) Төменде берілген сөйлемнің мағынасын түсіндіріңіз: «Көмірсулар тірі организмдерде
энергияның жалпы көзі болып табылады; алайда, көмірсулар адамның негізгі қоректік
заттарының бірі емес».
Дескриптор Білім алушы
- көмірсуларды дұрыс жіктейді;
- көмірсулардың адам ағзасында атқаратын қызметтерін сипаттайды;
- көмірсулардың атқаратын қызметін түсіндіруде берілген
мәліметтерді қолданады.
Бөлім 9.4С Оттекті және азотты органикалық қосылыстар
Оқу мақсаты 9.4.3.27 Нәруыздағы α- аминқышқылдар арасында пептидтік
байланыстың түзілуін түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
 α - аминқышқылдарының не екенің біледі және маңызын
түсіндіреді
 Аминқышқылдарының өзара әрекеттесуі нәтижесінде
пептидтік байланыстың түзілетінің түсіндіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
1. а) (і) α- аминқышқылдарына 2 мысал келтіріңіз:
(іі) Өзіңіз мысал келтірген α- аминқышқылының біреуінің құрылымдық формуласын
салыңыз.
b) Нәруыздар дегеніміз не?
с) Келесі қосылыстардың конденсациялануы нәтижесінде пайда болған пептидтердің
құрылымық формулаларын сызыңыз:
(i) 2-аминобутан қышқылының екі молекуласы
(ii) 2-аминобутан қышқылының үш молекуласы
(iii) 2-аминобутан қышқылының төрт молекуласы
2. Екі аминқышқылдың жазықтықтық құрылымы мен жалпы атаулары көрсетілген.
a) Глициннің құрылымдық формуласын жазыңыз.
b) Бір глицин молекуласы мен аланин молекуласы әрекеттескенде пайда болатын дипептидтің
формуласын салыңыз.
Дескриптор Білім алушы
- аминқышқылдарына нақты мысал келтіреді;
- нәруыздардың не екенің түсіндіреді;
- пептидтік байланыстың түзілуін дұрыс жазып көрсетеді;
- ұсынылған аминқышқылдарын қолданып пайда болатын
дипептидтің формуласын салады.
Бөлім 9.4С Оттекті және азотты органикалық қосылыстар
Оқу мақсаты 9.4.3.28 Нәруыз денатурациясының реакциясын зерттеу
Бағалау критерийі Білім алушы
 Нәруыз денатурациясы кезінде болатын өзгерістерді
сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
1. а) Төменде ақуыздың барлық төрт түрлі құрылымдары көрсетілген:
А В С D
(і) Нәруыздың төрт реттік құрылымын кезегімен орналастырыңыз.
b) (і) Нәруыздың денатурациясы дегеніміз не?
(іі) Нәруыз денатурацияға ұшырағанда қай реттік құрылымы (-дары) бұзылады?
(ііі) Нәруыздың денатурацияға ұшырауына әсер ететін факторлар көрсетіңіз және мысал
келтіріңіз.
(iv) Күнделікті өмірден белок денатурациясына 1-2 мысал келтіріңіз.
2. Төменде берілген суреттерге мұқият қараңыз.
1
а) 1 суретте жұмыртқаның денатурацияға ұшырау нәтижесінде құрылымының өзгергені
көрсетілген. Екі сурет арасындағы ұқсастықты нақты дәлелдермен түсіндіріңіз.
b) Төменде берілген суретке қарай қандай қорытынды шығаруға болады?
Дескриптор Білім алушы
- нәруыздың барлық төрт реттік құрылымының реттілігін толық біледі
және берілген ақпараттарды дұрыс қолданады;
- нәруыз денатурациясы кезінде қайсы реттік құрылымдары бұзылатын
сипаттайды;
- нәруыз денатурациясына қандай факторлар әсер ететінің түсінеді
және нақты мысал келтіреді;
- берілген суреттерді қолдана отырып денатурация процесін
модельдеуді дұрыс сипаттайды;
- берілген мәліметтерді қолдана отырып нәруыз денатурациясы туралы
нақты қорытынды шығарады.

Комментарии:
Сабақ жоспарлары барлық пәннен ҚМЖ, ОМЖ, ҰМЖ | Планы КСП ССП ДСП
Электронная почта: [email protected] Ватсап: 8(707) 403-01-01 © 2020-2021