» » Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде емес) 2-сынып. Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы

Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде емес) 2-сынып. Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы

22 апрель 2018, Воскресенье
1 339
0

Қалыптастырушы бағалауға арналған
тапсырмалар жинағы
Қазақ тілі
(оқыту қазақ тілінде емес)
2-сынып
Құрметті мұғалім!
Аталған тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге
көмек құралы ретінде құрастырылды. Бұл мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі.
Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды
өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, оқу
мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып
табылады.
Жинақтың ұсынылған сипаты сізге білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін
есепке ала отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуіңізге, бейімдеуіңізге
мүмкіндік береді.
Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.),
форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері»
ДББҰ smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз.
Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!
Жинақ бастауыш мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша
өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио
материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық
емес мақсатта құрастырылған.
2
Мазмұны
1-тоқсан ............................................................................................................................................... 4
Бөлім: Тыңдалым ............................................................................................................................ 4
Бөлім: Айтылым ............................................................................................................................. 8
Бөлім: Оқылым ............................................................................................................................. 12
Бөлім: Жазылым ........................................................................................................................... 16
Бөлім: Тілдік дағдылар ............................................................................................................... 22
2-тоқсан ............................................................................................................................................. 26
Бөлім: Тыңдалым .......................................................................................................................... 26
Бөлім: Айтылым ........................................................................................................................... 30
Бөлім: Оқылым ............................................................................................................................. 35
Бөлім: Жазылым ........................................................................................................................... 38
Бөлім: Тілдік дағдылар ................................................................................................................ 41
3-тоқсан ............................................................................................................................................. 44
Бөлім: Тыңдалым ......................................................................................................................... 44
Бөлім: Айтылым .......................................................................................................................... 48
Бөлім: Оқылым ............................................................................................................................ 52
Бөлім: Жазылым .......................................................................................................................... 57
Бөлім: Тілдік дағдылар ............................................................................................................... 62
4-тоқсан ............................................................................................................................................. 67
Бөлім: Тыңдалым ......................................................................................................................... 67
Бөлім: Айтылым .......................................................................................................................... 71
Бөлім: Оқылым ............................................................................................................................ 75
Бөлім: Жазылым .......................................................................................................................... 78
Бөлім: Тілдік дағдылар .............................................................................................................. 83
3
1-тоқсан
Бөлім: Тыңдалым
Бөлімше 1.1 Тыңдаған материалдың мазмұнын түсіну
Оқу мақсаты 2.1.1.1 Сұрау және түрлі көңіл күйді білдіру мақсатында баяу
және анық айтылған сөзді түсіну және интонациясы бойынша
тиісінше іс-әрекет жасау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Сөздердің мағынасын ажыратады
• Сұрақтарға сәйкес әрекетпен жауап береді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді тыңда.
Менің атым-Айдос. Мен екінші сыныпта оқимын. Бос уақытымда кітап оқимын,
шахмат ойнаймын, ән тыңдаймын. Жексенбі күндері әкеммен балық аулаймын.
Сұрақтарға жауап бер.
1. Айдос нешінші сыныпта оқиды? Белгіле ()
2. Ол бос уақытында не істейді? Қимылмен көрсет.
3. Айдос жексенбі күндері не істейді? Белгіле ()
Дескриптор Білім алушы
− мәтінді тыңдайды және сұрақтарға жауап береді;
− сөйлемдерге сай әрекет жасайды;
− сұраққа сәйкес суреттерді анықтайды.
1
2
3
4
Бөлімше 1.2 Сөздердің лексикалық мағынасын түсіну
Оқу мақсаты 2.1.2.1 Баяу және анық айтылған жиі қолданылатын
сөздерден құралған қарапайым фразалардың мағынасын
түсіну
Бағалау критерийі Білім алушы
• Сөйлемдегі таныс сөздерді анықтайды
• Сөйлемдерді мағынасына қарай қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
1-тапсырма
Өлеңді мұқият тыңда. Өлеңнің мазмұнына сәйкес келетін суреттерді белгіле ().
Дүйсенбіде доп ойнадық қорада,
Сейсенбіде серуендедік далада.
Сәрсенбіде сурет салдық сәнді етіп,
Бейсенбіде би биледік әндетіп.
Жұма күні гүлдер тердік қыратта,
Сенбі күні кино көрдік клубта.
Жексенбіде үйде болып демалдық,
Осылайша өте шықты бір апта.
• Өлеңге сүйеніп, апта күндерін ата.
Дескриптор Білім алушы
− апта күндерін атайды;
− өлең мазмұнына сәйкес суреттерді белгілейді.
5
2-тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда.
Бір күні ит пен мысық өзенге келеді. Олар балық аулайды. Ит бірнеше балық ұстайды.
Мысықтың қармағына балық түспейді. Мысық ашуланып, кетіп қалады.
• Мәтіндегі сөйлемдердің ретін белгілеп көрсет (1,2,3...).
Ит бірнеше балық ұстайды.
Олар балық аулайды.
Ит пен мысық өзенге келеді.
Мысық ашуланады.
• Мәтінге сәйкес келетін суретті анықта
А) В) С) D)
Дескриптор Білім алушы
− мәтіннің мазмұны бойынша сөйлемдердің ретін көрсетеді;
− мәтіннің мазмұнына сәйкес келетін суретті анықтайды.
6
Бөлімше 1.3 Тыңдаған аудио/бейнематериалдың мазмұнын түсіну
Оқу мақсаты 2.1.3.1 *Тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1-1,5 мин) мазмұны
бойынша сұрақтарға жауап беру және оған сәйкес
фото/сюжетті суреттер/сызбалар таңдау/сипаттау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тыңдаған мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді
• Мәтінге сәйкес иллюстрацияны/суретті/сызбаны
анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді тыңда.
Ертең біз тауға шаңғы тебуге барамыз. Бізді тауға дейін автобуспен апарады. Тауда
ауа райы салқын болады. Сондықтан жылы киім кию керек.
Дұрыс жауабын тап.
1. Оқушылар қайда барады?
А) көлге В) тауға С) орманға D) өзенге
2. Оларды тауға қандай көлікпен апарады?
А) ұшақпен В) велосипедпен С) автобуспен D) пойызбен
3. Таудың ауа райы қандай?
А) ыстық В) суық С) жылы D) салқын
• Мәтінге сәйкес келетін суретті тап.
А) В) С) Д)
Дескриптор Білім алушы
− мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;
− мәтіннің мазмұнына сәйкес келетін суретті анықтайды.
7
Бөлім: Айтылым
Бөлімше 2.1 Сөздік қорды толықтыру
Оқу мақсаты 2.2.1.1 Өз сөзінде ақпаратты сұрау, іс-әрекетке түсініктеме
беру үшін сөздер және сөз тіркестерді қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Берілген ақпаратқа қатысты сұраулы сөйлем
құрастырады.
• Сұраулы сөйлем құрастыруда таныс сөздер мен сөз
тіркестерін орынды пайдаланады.
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда. Мәтіннің мазмұны бойынша жұпта бір-біріңе сұрақ қой.
Бүгін Ажардың туған күні болады. Анасы дәмді тағамдар дайындайды. Ажар
анасына көмектеседі. Үстелге жемістер, тәттілер, сусындар қояды.
Ажарға достары қонаққа келді. Марат қонжық әкелді. Ал Алуа гүл сыйлады.
Ажар қатты қуанды. Достарына рақмет айтты.
Дескриптор Білім алушы
− мәтіннің мазмұны бойынша сұрақ құрастырады;
− сұрақ құрастыруда таныс сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс
пайдаланады.
8
Бөлімше 2.2 Берілген тақырып бойынша ойын жеткізу
Оқу мақсаты 2.2.2.1 Сюжетті сурет негізінде сөйлеу (2-3 сөйлем)
Бағалау критерийі Білім алушы
• Сюжетті сурет бойынша әңгіме құрастырады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Сурет бойынша әңгіме құрастыр.
• Бала қайда келді?
• Ол не терді?
• Кірпі не істеді?
• Кірпі алмаларды инесіне қалай қадап алды деп ойлайсың?
• Оқиға қалай аяқталуы мүмкін?
Дескриптор Білім алушы
− сюжеттің байланысын анықтай отырып, әңгіме құрастырады;
− әңгіменің құрылымдық бөліктерін сақтайды;
− сөйлемдерді дұрыс құрастырады.
9
Бөлімше 2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог)
Оқу мақсаты 2.2.3.1 Күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарда
қызығушылығы бойынша сұхбаттасына сұрақ қою,
диалогке қатысу барысында этикет сөздерді қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Берілген тақырып бойынша диалогке
қатысады
• Сұхбаттасының сұрағына жауап береді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Жұптық жұмыс
Берілген суреттерді пайдаланып, "Бос уақыт" тақырыбына диалог құрастыр.
Дескриптор Білім алушы
− берілген тақырып бойынша диалогке қатысады;
− сұрақтарды дұрыс қояды;
− сұрақтарға дұрыс жауап береді;
− сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.
10
Бөлімше 2.4 Оқыған/тыңдаған материалды мазмұндау
Оқу мақсаты 2.2.4.1 Суретті жоспар және тірек сөздер/сұрақ негізінде
шағын мәтінді мазмұндау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Сурет пен сұрақтарға сүйеніп, мәтіннің
мазмұнын айтады
Ойлау дағдыларының
деңгейі Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Суреттер мен сұрақтар бойынша мәтін құрастырып айт.
Ербол бос уақытында не істейді? Ербол қандай киім киеді?
Ерболдың досы кім? Олар бірге не
істейді?
Ербол бос уақытын қалай өткізеді?
Дескриптор Білім алушы
- мәтінді дұрыс құрастырады;
- мәтіннің құрылымын сақтайды;
- тілдік нормаларды сақтайды.
11
Бөлім: Оқылым
Бөлімше 3.1 Оқу түрлерін қолдану
Оқу мақсаты 2.3.1.1 Шағын мәтінді түсініп, мәнерлеп (дауыс ырғағын
дұрыс қойып)/рөлге бөліп оқу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтінді дауыс ырғағын сақтай отырып, мәнерлеп
оқиды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Өлеңді мәнерлеп оқы.
Кезекші
Дайындаймын картаны,
Сүртем тақта, партаны.
Гүлдерге су құямын,
Қоқыс болса, жиямын.
Кезекшімін мен енді,
Тазартамын еденді.
Терезе, есік жуамын,
Шаң, тозаңды қуамын.
Дескриптор Білім алушы
− өлеңді қатесіз оқиды;
− оқуда дауыс ырғағын, мәнерін сақтайды.
12
Бөлімше 3.2 Мәтіннің мазмұнын түсіну
Оқу мақсаты 2.3.2.1 *Шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздерден
құрастырылған қарапайым фразалардың/сөйлемдердің
мағынасын түсіну
Бағалау критерийі Білім алушы
• Сөйлемдегі сөздердің мағынасын анықтайды
• Сөздерді мағынасына қарай қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Көп нүктенің орнына жақшаның ішіндегі сөздердің тиістісін қойып, мәтінді дұрыс оқы.
Дескриптор Білім алушы
− сөйлемнің мағынасына сәйкес сөз тіркесін анықтайды;
− мәтінді қатесіз оқиды.
Жексенбі күні біз табиғатқа демалуға барамыз. Анам ағаштың түбінде
отырып ... (кітап оқиды, суда жүзеді). Әкем екеуміз ... (велосипед тебеміз,
теледидар көреміз). Ағам ... (мұзда сырғанайды, балық аулайды).
Қарындасым мен інім ... (доп ойнайды, мектепке барады).
13
Бөлімше 3.4 Сұрақ пен жауаптар құрастыру
Оқу мақсаты 2.3.4.1 Мәтіннің мазмұны немесе иллюстрация/постер
бойынша қарапайым сұрақ құрастыру және оған толық
жауап беру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақ қояды
• Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
1-тапсырма
Мәтінді оқы.
Аға
Менiң ағамның аты – Жандос. Ағам - жүргiзушi.
Мен ағаммен футбол ойнаймын. Қыста шаңғы мен коньки тебеміз. Ағам маған шахмат
ойнауды үйретеді.
Мен ағамды жақсы көремiн. Мен өскенде ағам сияқты боламын.
"Алтын сандық" ойыны:
− Жапсырма қағазға мәтін бойынша 1 сұрақ құрастырып жаз.
− Жазған сұрағыңды қорапқа сал.
− Қораптан кез келген сұрақты алып оқы және жауап бер.
Дескриптор Білім алушы
− мәтіннің мазмұны бойынша сұрақ құрастырып жазады;
− сұраққа толық жауап қайтарады.
2-тапсырма
Мәтінді түсініп оқы.
Менің досымның аты – Назерке. Ол сегізде. Назерке Астанада тұрады. Назерке –
өте ақылды, тәрбиелі қыз. О л ж ақсы о қиды. Назеркемен Баянауылда таныстым.
Назеркенің сіңлісі мен інісі бар. Баянауылда біз көлге шомылдық. Тауға шықтық. Суретке
түстік. Демалысымыз көңілді өтті.
Жұптық жұмыс
• Берілген сұрақтарлы пайдаланып, жұбыңа сұрақ қой. Оның қойған сұрағына
жауап бер.
14
Дескриптор Білім алушы
− мәтіннің мазмұны бойынша сұрақ қояды;
− сұрақтарға толық жауап береді.
кім? не? қандай? не істеді? қалай?
15
Бөлім: Жазылым
Бөлімше 4.1 Мәтінді түрлі формада ұсыну
Оқу мақсаты 2.4.1.1 Тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сызбалар,
суреттерді қолдана отырып, мәтін құрастыру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Сурет бойынша әңгіме құрастырады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
1-тапсырма
Сурет бойынша әңгіме құрап жаз. (3-4 сөйлем)
1. Әсеттің отбасында неше адам бар?
2. Әсет бос уақытында не істейді?
3. Әсеттің қарындасы немен ойнайды?
4. Оның отбасы қандай?
Дескриптор Білім алушы
− сұрақтарға жауап бере отырып, әңгіме құрастырып жазады;
− сөйлемнің құрылымын сақтайды;
− сөйлемдерді сауатты жазады.
16
2-тапсырма
Сурет бойынша берілген сөздерді қолданып, шағын әңгіме құрастырып жаз.
Дескриптор Білім алушы
− берілген сурет пен сөздер бойынша сөйлемдер құрастырады;
− сөйлемде сипаттау сөздерін орынды қолданады;
− сөйлемдерді жазуда бас әріп пен тыныс белгілерін дұрыс
қолданады.
көңілді сыйлық
тәтті
17
Бөлімше 2.4 Оқыған/тыңдаған материалды мазмұн желісі бойынша
баяндау
Оқу мақсаты 2.4.2.1 Оқыған/ тыңдаған аудио/бейнематериалдың мазмұны
бойынша жиі қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерін
қатыстырып сұраққа жауап (сөйлем) жазу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтін бойынша сұрақтарға жауап жазады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Диалогті мұқият тыңда.
- Сәлем, Ажар!
- Сәлем, Аружан!
- Ажар, сен бос уақытыңда не істейсің?
- Мен бос уақытымда кітап оқимын және велосипед тебемін.
- Сен велосипедті қай жерде тебесің?
- Мен велосипедті аулада тебемін. Ал сен бос уақытыңда не істейсің, Аружан?
- Мен шахмат ойнаймын, ән тыңдаймын.
- Өте жақсы!
- Сау бол!
• Сұрақтарға жауап жаз.
Дескриптор: Білім алушы
− сұрақтарға дұрыс жауап береді;
− сөйлемдерді дұрыс құрастырады;
− сөйлемдерді сауатты жазады.
Ажар бос уақытында не істейді? Аружан бос уақытында не істейді?
18
Бөлімше 4.3 Пунктуациялық нормаларды сақтау
Оқу мақсаты 2.4.3.1 Мұғалімнің қолдауымен сөйлем түрлерін айтылу
мақсатына қарай ажырату және сәйкес тыныс белгілерін
(нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі) қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Айтылуы бойынша сөйлем түрлерін
ажыратады
• Сөйлемнің соңында тиісті тыныс белгілерін қояды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
1-тапсырма
Сөйлемдерді оқы. Сөйлемнің соңына нүкте, сұрақ, леп белгілерінің тиістісін қойып жаз.

Дескриптор Білім алушы
− хабарлы сөйлемнің тыныс белгісін қояды;
− лепті сөйлемнің тыныс белгісін қояды;
− сұраулы сөйлемнің тыныс белгісін қояды;
− сауатты, көркем жазу дағдысын көрсетеді.
Жексенбі күні анам дәмді тағамдар пісіреді
Алақай, ертең менің туған күнім болады
Сен достарыңмен қайда бардың
19
2-тапсырма
Сурет бойынша сызбаға сәйкес 3 сөйлем құрастырып жаз.
1. ___________________________________________________________________.
2. ___________________________________________________________________?
3. ____________________________________________________________________!
Дескриптор Білім алушы
− сызбаға сәйкес сөйлемдер құрастырады;
− сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтайды;
− сөйлемдерді сауатты, көркем жазады.
20
Бөлімше 4.5 Орфографиялық дағдыларын дамыту
Оқу мақсаты 2.4.5.1 Мұғалімнің қолдауымен айтылуы мен жазылуында
айырмашылығы жоқ сөздерді дұрыс жазу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Сөздерді есте сақтау арқылы дұрыс жазады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
«Оқы, жап, жаз, тексер» ойыны. Қима қағаздардағы сөздерді оқып, есіңе сақта. Қима
қағазды жауып қой. Сөзді дәптерге жаз. Жазғаныңды тексер.
Дескриптор: Білім алушы
- сөздерді қатесіз оқиды;
- сөздерді есте сақтау арқылы қатесіз жазады;
- әріптерді каллиграфиялық нормаға сәйкес жазады;
- сөздегі әріптердің байланысын сақтайды.
доп ойнау серуендеу балық аулау
ертегі тыңдау
ән тыңдау теледидар көру
21
Бөлім: Тілдік дағдылар
Бөлімше 5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық
терминдерді қолданбау)
Оқу мақсаты 2.5.1.1 Мұғалімнің қолдауымен заттың атын/сынын/санын/іс-
қимылын білдіретін сөздерді ауызша және жазбаша тілде
қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Заттың атын/сынын/ қимылын білдіретін сөздерді
орынды қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
• Сөйлемдерді оқы. Әр қатардағы асты сызылған сөздерге сұрақ қой.
Үлгі:
Мысық.
Ала мысық.
Ала мысық ойнады.
Ала мысық жіппен ойнады.
• Үлгіге сүйеніп, сурет бойынша сызбаға сәйкес сөйлемдер құрастырып айт.
1. ____________.
2. ____________ ____________.
3. ____________ ____________ ____________.
4. ____________ ____________ ____________ ____________.
Дескриптор Білім алушы
− асты сызылған сөздерге сұрақ қояды:
− сызбаға сүйеніп сөйлемдер құрастырып айтады;
− сөз таптарын орынды қолданады.
22
Бөлімше 5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау
(лингвистикалық терминдерді қолданбау)
Оқу мақсаты 2.5.1.2** Мұғалімнің қолдауымен шағын мәтіндегі көптік/
тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша және
жазбаша тілде қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Сөйлеу барысында жалғау түрлерін (жіктік, көптік)
дұрыс қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
1-тапсырма
Сызбаны толықтырып айт:
Дескриптор Білім алушы
− сызба бойынша сөйлемдер құрастырады;
− жіктік жалғауларын дұрыс қолданады.
2-тапсырма
Суретке мұқият қара. Кімдер? нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздерді ата. Сол
сөздермен сөйлем құрастырып айт.
Жексенбі
күні мен
кинога
бара....
кітап оқи ...
Олар ертең
қонақ шақыра ....
саяхатқа шыға ....
23
Дескриптор Білім алушы
− кімдер? сұрағына жауап беретін сөздерді атайды;
− нелер? сұрағына жауап беретін сөздерді атайды;
− сөздерге көптік жалғауын дұрыс жалғайды;
− көптік жалғаулы сөздермен сөйлем құрастырады.
24
Бөлімше 5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық
терминдерді қолданбау)
Оқу мақсаты 2.5.1.3** Мұғалімнің қолдауымен сөйлемдегі етістіктің шақ, рай
формаларын ауызша сөйлеу тілінде қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Сөйлеу барысында етістіктің шақтарын дұрыс қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Сызба бойынша сөйле.
• Берілген сөйлемдерді осы уақытта орындалып жатқандай етіп айт.
Дескриптор Білім алушы
− сызба бойынша өткен шақта сөйлемдер құрастырып айтады;
− сызба бойынша келер шақта сөйлемдер құрастырып айтады;
− қосымшаларды етістіктің шақтарына сәйкес жалғайды;
− берілген сөйлемдерді осы шақта айтады.
Мен кеше
Ол ертең
25
2-тоқсан
Бөлім: Тыңдалым
Бөлімше 2.1 Тыңдаған материалдың мазмұнын түсіну
Оқу мақсаты 2.1.1.1 Сұрау және түрлі көңіл-күйді білдіру мақсатында баяу
және анық айтылған сөзді түсіну және интонациясы бойынша
тиісінше іс-әрекет жасау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Сұрақтарға жауап береді және сәйкес әрекет жасайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Берілген сұрақтарды мұқият тыңда. «Иә» немесе «жоқ» сөздері жазылған карточкалардың
тиістісін көтер.
Дескриптор Білім алушы
− сұраққа дұрыс жауап береді;
− сұрақтың жауабына сәйкес карточканы көтереді.
1) Сен математика сабағында есеп шығарасың ба?
2) Сен орыс тілі сабағында қазақша сөйлейсің бе?
3) Сен дене шынықтыру сабағында сөйлем
құрастырасың ба?
5) Сен қазақ тілі сабағында сөздерді жаттайсың
ба?
4) Сен ағылшын тілі сабағында ағылшын тілін
үйренесің бе?
26
Бөлімше 1.2 Сөздердің лексикалық мағынасын түсіну
Оқу мақсаты 2.1.2.1 Баяу және анық айтылған жиі қолданылатын сөздерден
құралған қарапайым фразалардың мағынасын түсіну
Бағалау критерийі Білім алушы
• Сөйлемдегі таныс сөздерді анықтайды
• Сөздерді мағынасына қарай орынды қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда.
.
Менің атым - Нұрлан. Мен екінші сыныпта оқимын. Біздің сынып бірінші қабатта
орналасқан. Сыныбымыз кең, жарық. Сыныпта он бес оқушы бар. Маған математика,
қазақ тілі, ағылшын тілі пәндері ұнайды.
Сөйлемдерді толықтыр:
1. Оның аты - __________ .
2. Ол _________ сыныпта оқиды.
3. Оның сыныбы ___________ қабатта орналасқан.
4. Сыныптары __________ , ___________ .
5. Оның сыныбында __________ оқушы бар.
6. Нұрланға __________, __________, _________ пәндері ұнайды.
Дескриптор Білім алушы
− тыңдаған мәтін бойынша сөйлемдерді толықтырады;
− сөздерді мағынасына сай қолданады.
27
Бөлімше 1.3 Тыңдаған аудио/бейнематериалдың мазмұнын түсіну
Оқу мақсаты 2.1.3.1 Тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1-1,5 мин) мазмұны
бойынша сұрақтарға жауап беру және оған сәйкес
фото/сюжетті суреттер/сызбалар таңдау/сипаттау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тыңдаған мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді
• Мәтінге сәйкес иллюстрация/ сурет/ сызбаны
анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда.
Өнер сабағы өтіп жатыр. Балалар сурет салып отыр. Олардың түрлі-түсті
бояулары, қылқаламдары, қарындаштары бар. Балалар таудың, гүлдің суреттерін салды.
Балаларға сурет салу ұнайды.
Сұрақтарға жауап бер.
1. Мәтін не туралы? __________________________________
2. Балаларда қандай оқу құралдары бар? Белгіле ().
3. Балалар қандай суреттер салды? Сол суреттердің біреуін сал.
Дескриптор Білім алушы
− мәтіннің тақырыбын анықтайды;
− мәтін бойынша сұраққа жауап береді;
− мәтін мазмұнына сәйкес сурет салады.
28
Бөлімше 1.5 Тыңдалым материалын болжау
Оқу мақсаты 2.1.5.1 Мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздері, сөз тіркесі
бойынша мазмұнын болжау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тірек сөздер бойынша мәтін мазмұнын болжайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Тірек сөздерді мұқият тыңда.
 далада ойнау
 кішкентай кірпі
 тауып алу
 үйге әкелу
 сүт беру
 дос болу
• Мәтін не туралы болады деп ойлайсың? Тірек сөздерді пайдаланып, сурет бойынша
мәтін құрастыр.
Дескриптор Білім алушы
− мәтіннің мазмұнын болжайды;
− суреттер бойынша әңгіме құрастырады;
− тірек сөздерді орынды қолданады.
29
Бөлім: Айтылым
Бөлімше 2.1 Сөздік қорды толықтыру
Оқу мақсаты 2.2.1.1 Өз сөзінде ақпаратты сұрау, іс-әрекетке түсініктеме
беру үшін сөздер және сөз тіркестер қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Берілген ақпаратқа қатысты таныс сөздер мен сөз
тіркестерін қолданып, сөйлемдер құрастырады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Жұптық жұмыс
Берілген сөздерді пайдаланып, сурет бойынша бір-біріңе сұрақ қой және жауап бер.
Дескриптор Білім алушы
− сурет бойынша сұрақ қояды;
− сұрақ құрастыруда сөздер мен сөз орамдарын орынды қолданады;
− қойылған сұраққа дұрыс жауап береді.
үйретті
көрсетті
оқытты
оқу
құралдары
ұстаз
оқушы
30
Бөлімше 2.2 Берілген тақырып бойынша ойын жеткізу
Оқу мақсаты 2.2.2.1 Сюжетті сурет негізінде сөйлеу (2-3 сөйлем)
Бағалау критерийі Білім алушы
• Сюжетті сурет бойынша әңгіме құрастырады
• Сюжетке қатысты ойын айтады
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Қолдану
Тапсырма
Суретке мұқият қара. Сөйлемдерді тыңда және оқиғаны жалғастырып айт.
Қоңырау соғылды. Оқушылар сыныпқа кірді. ....
• Ал сізге қай пән ұнайды? Неліктен?
Дескриптор Білім алушы
− мәтінді 2-3 сөйлеммен жалғастырып айтады;
− әңгіменің жүйесін сақтайды;
− әңгімелеу кезінде сөйлеу мәнерін сақтайды;
− өзінің ойын айтады.
31
Бөлімше 2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог)
Оқу мақсаты 2.2.3.1 Күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарда
қызығушылығы бойынша сұхбаттасына сұрақ қою,
диалогке қатысу барысында этикет сөздерді қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Диалог барысында этикет сөздерді қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Диалогті рөлмен оқы. Сұрақтарға жауап бер
Сұрақ:
1) Қыз бала қайда тұрады?
2) Оның үйінің қасында не бар?
3) Ұл бала қайда тұрады?
4) Оның үйінің жанында нелер бар?
• Жұбыңмен осыған ұқсас диалог құрастыр. Сыпайы сөздерді қолдан.
Дескриптор Білім алушы
− сұрақтарға дұрыс жауап береді;
− сұхбаттасына сұрақ қояды;
− сұхбаттасының сұрақтарына жауап береді;
− сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды;
− диалог кезінде сыпайы сөздерді қолданды
- Сен қайда тұрасың?
- Үйіңнің қасында
нелер бар?
- Мен ауылда
тұрамын. Менің
үйімнің жанында
дүкен бар.
- Мен қалада тұрамын.
-Менің үйімнің қасында
саябақ және сауда үйі
бар.
Ал сен қайда тұрасың?
32
• Тақырып бойынша диалог құрастырады
Бөлімше 2.5 Тыңдау-көру материалдары негізінде ойын айту
Оқу мақсаты 2.2.5.1 Мәлімет, кейіпкер, оқиғаларды салыстыру негізінде
қарапайым пікір («мен ... деп ойлаймын», «мен ... деп
санаймын», «маған ... сияқты», «маған ... тәрізді») білдіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тыңдаған/оқыған материалдың кейіпкерлерін/
оқиғасын салыстырады және пікірін айтады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда.
Өнер сабағында оқушылар қағаздан гүл жасады. Жексеннің қайшысы жоқ. Ол
тапсырманы орындамай отыр.
Айдар ж ұмысын а яқтады. М ұғалімге көрсетуге кетті. Сол кезде Жексен
Айдардың орындығына желім жағып қойды.
Осы уақытта:
- Жексен, жұмысыңды көрсетші, - деді мұғалім.
- Менің құралдарым жоқ, - деді Жексен.
- Айдар жұмысын аяқтады. Сен Айдардың орнына отыр да, гүлді жаса, - деді мұғалім.
Жексеннің беті қызарып кетті. Айдардың орындығына барып отырды. Сабақ бітті.
Оқушылар далаға шықты. Сыныпта Жексен жалғыз қалды. Оның шалбары орындыққа
жабысып қалыпты.
• Мәтіннің кейіпкерлерін салыстыра сипатта. Өз ойыңды дәлелде.
• Берілген сөйлемдермен келісесің бе? Өз ойыңды дәлелде.
33
Дескриптор Білім алушы
− кейіпкерлерді іс-әрекеттеріне қарай салыстырады;
− мәтіннің кейіпкерлеріне қатысты көзқарасын білдіреді;
− оқиғаға қатысты айтылған ойды дәлелдейді.
34
Бөлім: Оқылым
Бөлімше
Оқу мақсаты
3.1 Оқу түрлерін қолдану
2.3.1.1 Шағын мәтінді түсініп, мәнерлеп (дауыс ырғағын
дұрыс қойып)/рөлге бөліп оқу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтінді дауыс ырғағын сақтай отырып рөлмен қатесіз,
оқиды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді рөлге бөліп оқы.
Екі кітап
Екі кітап кездесіп қалады.
- Сен қандай әдемісің! Сенің суреттерің өте керемет! Ал, менде ешқандай сурет жоқ. Мен
әдемі емеспін, - деп мұңаяды біреуі.
Сонда екінші кітап:
- Ай, досым-ай, сурет маңызды емес қой. Ең бастысы, мазмұның жақсы болу керек.
Балалар бізді оқып, білім алулары керек. Сонда ғана біз пайдалы боламыз, - дейді.
- Рақмет! Мен енді бәрін түсіндім! - деп суреті жоқ кітап қуанып кетеді.
Дескриптор Білім алушы
− мәтінді рөлмен, қатесіз оқиды;
− мәтінді тұтас сөздермен оқиды;
− мәтінді тыныс белгілеріне сай мәнерлеп оқиды.
Бөлімше 3.3 Мәтіннің жанрлары мен түрлерін анықтау
Оқу мақсаты 2.3.3.1 Мәтіннің жанрын (өлең, жаңылтпаш, ертегі, жұмбақ,
әңгіме ) ажырату
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіннің жанрын (жұмбақ, ертегі, өлең, әңгіме)
анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы. Сұрақтарға жауап бер.
Ертеде қалам мен дәптер дауласып қалады.
- Оқушыға мен пайдалымын. Ол менімен жазу жазады, - дейді қалам.
- Жоқ, менің пайдам көп. Мен болмасам, сен қайда жазасың? – дейді дәптер.
Қалам мен дәптер ұзақ айтысады. Олардың сөзін оқушы естіп қалады.
- Сендердің екеуің де маған қажетсіңдер. Екеуің де пайдалысыңдар, - дейді оларға.
1. Мәтіннің жанрын анықтауға көмектесетін сөздердің астын сыз.
2. Мәтін қай жанрда жазылған? ____________________________
Дескриптор Білім алушы
− мәтіннен жанрды анықтайтын сөздерді табады;
− мәтіннің жанрын анықтайды.
36
Бөлімше 3.5 Түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты алу
Оқу мақсаты 2.3.5.1 Сөздіктерден, анықтамалықтардан мұғалімнің
қолдауымен қажетті ақпаратты жинақтау және іріктеп алу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Дереккөздерден қажетті ақпаратты іріктеп алады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Жануарлар туралы ақпарат тауып, кестені толтыр.
Жануар атауы Қайда мекендейді? Немен қоректенеді? Қосымша ақпарат
* Тапсырманы орындау үшін кітапханаға бар немесе сыныптағы кітаптарды пайдалан.
Дескриптор Білім алушы
− дереккөздерден қажетті ақпаратты табады;
− ақпаратты кестеге дұрыс орналастырады.
37
Бөлім: Жазылым
Бөлімше 4.2 Тыңдаған/оқыған/көрген материалдың мазмұнын
жазу
Оқу мақсаты 2.4.2.1 Оқыған/тыңдаған аудио/бейнематериалдың мазмұны
бойынша жиі қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерін
қатыстырып сұраққа жауап (сөйлем) жазу
Бағалау критерийлері Білім алушы
• Оқыған/ тыңдаған/ көрген материалдар бойынша
сұраққа жауап жазады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Өлеңді іштей оқы.
• Өлеңнен көп нүктенің орнына тиісті сөздерді тауып, жаз.
Дескриптор Білім алушы
− өлеңді мәнерлеп оқиды;
− көп нүктенің орнына тиісті сөздер тауып жазады;
Көгінде күн нұрын төккен,
Жерінде гүл жұпар сепкен,
Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы менің туған өлкем?!
Алтын дәнді даласы бар,
Ақ күмістей қаласы бар,
Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы менің туған өлкем?!
Күннің .... Гүлдің ..... Туған ....
...... дала ..... қала.
2-тапсырма
"Аю мен тышқан" бейнематериалын мұқият қара. Сұрақтарға қысқаша жауап жаз.
(https://www.youtube.com/watch?v=ro6ybb3j2f4).
Аю мен тышқан не істейді?
_____________________
Аю мен тышқан кітаптан нелерді көрді?
____________________________________________
Аю қолына не алды?
______________________
Аю мен тышқан қандай жануар туралы оқыды?
_______________________________________________
Дескриптор Білім алушы
-бейнематериал бойынша берілген сұрақтарға жауап жазады;
- сөйлемнің құрылымын сақтайды;
- бас әріп пен тыныс белгілерін қолданады.
39
Бөлімше 4.4 Каллиграфиялық дағдыларын дамыту
Оқу мақсаты 2.4.4.1 Бас әріптер мен кіші әріптердің биіктігін, енін,
көлбеулігін және олардың байланысын, азат жолдың және
тақырыптың өлшемін сақтап жазу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Жазу барысында каллиграфиялық нормаларды
сақтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Суреттердің атауларын жаз.
__________ __________ __________ __________ __________
Дескриптор Білім алушы
− суреттердің атауларын дұрыс жазады;
− сөздерді сауатты жазады;
− бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтайды;
− әріптердің көлбеулігін сақтап жазады;
− әріптердің байланысын дұрыс салады.
40
Бөлім: Тілдік дағдылар
Бөлімше 5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау
(лингвистикалық терминдерді қолданбау)
Оқу мақсаты 2.5.1.1 Мұғалімнің қолдауымен заттың
атын/сынын/санын/іс-қимылын білдіретін сөздерді ауызша
және жазбаша тілде қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Заттың атын, сынын, санын, қимылын білдіретін
сөздерді ажыратады
• Сөйлеу барысында сөз таптарын орынды қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Суретке мұқият қара. Кестедегі сұрақтарға жауап беретін сөздерді тауып, жаз.
Кім? Не? Не істеді? Қандай? Қанша? Неше?
• Сурет бойынша 2 сөйлем құрастыр.
Дескриптор Білім алушы
− кім? не? сұрақтарына қатысты сөздерді жазады;
− не істеді? сұрағына қатысты сөздерді жазады;
− қандай? сұрағына қатысты сөздерді жазады;
− қанша? неше? сұрақтарына қатысты сөздерді жазады;
− сурет бойынша сөйлемдер құрастырады;
− сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтайды.
41
Бөлімше 5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау
(лингвистикалық терминдерді қолданбау)
Оқу мақсаты 2.5.1.4 Мұғалім қолдауымен сөйлеу барысында
есімдіктерді (сілтеу, сұрау есімдіктерін) қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Сөйлеу барысында сілтеу есімдіктерін қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Жағдаятты түсініп оқы. Тапсырманы орында.
Аружан мен Әсел – достар. Аружан Астанада тұрады. Әсел Алматыда тұрады.
Бірде Аружан Әселге қонаққа келді.
• «Анау, мынау» сөздерін пайдаланып, Аружанға қаланы таныстыр.
Дескриптор Білім алушы
− суреттегі атауларды дұрыс таныстырады;
− сілтеу есімдіктерін орынды қолданады.
Бөлімше 5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау
(лингвистикалық терминдерді қолданбау)
Оқу мақсаты 2.5.1.5 Мұғалімнің қолдауымен үлгі бойынша жай
сөйлемдегі сөз тіркестерінің байланысын түсіну және
сақтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Сөздерді дұрыс байланыстырып, сөйлемдер
құрастырады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Сөйлемдерді дұрыс құрастыр.
Дескриптор Білім алушы
− сөйлемдегі сөздердің байланысын анықтайды;
− сөйлемдерді дұрыс құрастырады;
− бас әріп пен тыныс белгілерін дұрыс қолданады.
• қабатта , сыныбым , менің , үшінші
• сыныптың, бар, асхана, қасында
• тілі, болды , қазақ, сабағы, бүгін
• мәтін, оқушылар , оқыды
• құрастырды , сөйлемдер, олар
43
3-тоқсан
Бөлім: Тыңдалым
Бөлімше 1.1 Тыңдаған материалдың мазмұнын түсіну
Оқу мақсаты 2.1.1.1 Сұрау және түрлі көңіл-күйді білдіру мақсатында
баяу және анық айтылған сөзді түсіну және интонациясы
бойынша тиісінше іс-әрекет жасау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Сұрау мақсатында айтылған сөздерді ажыратады
және сәйкес әрекетпен жауап береді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда.
Сұр көжектің жасыл түсті добы бар. Ол футбол ойнағанды ұнатады.
Көжек достарымен күнде футбол ойнайды. Бүгін ол қақпашы болды. Қарсыластары
көжектің қақпасына доп соға алмады.
Көжектің командасы жеңіске жетті. Оған достары қатты қуанды.
Сұрақтарға жауап бер. Тиісті қима қағазды көтер.
1. Көжектің түсі қандай?
2. Көжектің қандай добы бар?
3. Көжек нені ұнатады?
Дескриптор Білім алушы
- мәтін мазмұнына қатысты сұрақтарға жауап береді;
- сұраққа сәйкес суретті көрсетеді.
44
Бөлімше 1.3 Тыңдаған аудио/бейнематериалдың мазмұнын түсіну
Оқу мақсаты 2.1.3.1 Тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1 - 1,5 мин)
мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және оған
сәйкес фото/сюжетті суреттер/сызбалар таңдау/сипаттау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді
• Мәтіннің мазмұнына сәйкес суретті анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда. Сұрақтарға жауап бер.
Денис Тен – қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы. Ол мәнерлеп сырғанаудан қола
және күміс медальдар алған. Денис Тен Қазақстанның үш дүркін чемпионы, спорт шебері.
Ол икемді, мықты спортшы.
1. Денис Тен спорттың қай түрімен айналысады?
А) мәнерлеп сырғанау
В) жеңіл атлетика
С) үлкен теннис
D) суда жүзу
2. Спортшының қандай жетістіктері бар?
А) 2 дүркін чемпион
В) 3 дүркін чемпион
С) 4 дүркін чемпион
D) 5 дүркін чемпион
3. Мәтінге қай сурет сәйкес келеді?
А) В) С) D)
Дескриптор Білім алушы
- мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;
- мәтінге сәйкес келетін суретті анықтайды.
45
Бөлімше 1.4 Мәтіндегі негізгі, қосалқы мәліметтерді түсіну
Оқу мақсаты 2.1.4.1 Тыңдаған материалдың мазмұнын түсіну,
мұғалімнің қолдауымен жағымды және жағымсыз
кейіпкерлерді анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап
береді
• Мәтіннің кейіпкерлерін сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
«Аю мен қояндар» бейнематериалын мұқият қара.
(https://www.youtube.com/watch?v=vk3hvmGyvAM)
Ертеде бір аю кішкентай үш қоянды ұстап алып:
- Маған орманнан жидек теріп әкеліңдер, - дейді.
Қояндар үлкен ыдыспен жидек теріп әкеледі. Аю жидекті жеп болған соң:
- Жидекке тоймай қалдым. Енді маған ботқа пісіріп беріңдер, - дейді. Өзі ұйықтап қалады.
Қояндар аюға ұйқы бермейді. Олар:
- Қандай ботқа пісірейік?
- Күріш ботқасын ба, сұлы ботқасын ба?
- Ботқаға май қосайық па?
- Қанша тұз қосайық? - деп қайта-қайта сұрай береді.
Ботқаны пісіріп, аюға әкеледі.
- Қасық жоқ қой. Ботқаны қалай жеймін? - деп ашуланады аю. Қояндар кішкентай қасық
әкеліп береді. Аю ашуланып, үлкен қасық сұрайды. Қояндар үлкен қасық жасап әкеледі.
Үлкен қасық ботқасы бар ыдысқа сыймайды. Ашуланған аю қояндарды қуып жібереді.
Сұрақтарға жауап бер.
• Мәтінде қандай кейіпкерлер бар?
• Қояндар қандай іс-әрекеттер жасады?
• Аю неге ашуланды?
• Жұптық жұмыс.
«Әуе шары» ойынын ойна.
Ертегі кейіпкерлері әуе шарымен ұшып барады. Әуе
шары істен шығып қалуы мүмкін. Әрі қарай ұшу
үшін бір кейіпкерді сыртқа шығару керек.
Кейіпкерлердің қайсысын әуе шарында қалдырар едің?
Неліктен?
Дескриптор Білім алушы
- мәтіндегі кейіпкерлерді атайды;
- кейіпкерлердің іс-әрекетін анықтайды;
- кейіпкерлерге мінездеме береді;
- жағымды/жағымсыз кейіпкерге қатысты өз ойын дәлелдейді.
46
Бөлімше 1.5 Тыңдалым материалын болжау
Оқу мақсаты 2.1.5.1 Мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздері, сөз тіркестері
бойынша мазмұнын болжау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тақырыбы мен тірек сөздерге сүйеніп мәтіннің
мазмұнын болжайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Берілген тірек сөздерді мұқият тыңда.
Тірек сөздер: қыс, суық, балалар, саябақ, торғай, көрді, ұша алмайды, қанаты сынған,
үйге әкелді, нан қоқымы, жемсауыт жасады, бұтаққа ілді, босатты, жем шашып тұрды,
қуанды.
• Бұл мәтін не туралы болуы мүмкін?
• Берілген суреттерді қолдана отырып, «Құсқа қамқорлық» деген тақырыпқа әңгіме
құрастырып айт.

Дескриптор Білім алушы
- тақырып пен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын
тұспалдап айтады;
- тақырып бойынша әңгіме құрастырады;
- тірек сөздерді орынды қолданады;
- сөйлеу барысында грамматикалық нормаларды сақтайды.
1 2 3 4
47
Бөлім: Айтылым
Бөлімше 2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог)
Оқу мақсаты 2.2.3.1 Күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарда
қызығушылығы бойынша сұхбаттасына сұрақ қою,
диалогке қатысу барысында этикет сөздерді қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тілдік нормаларды сақтай отырып, диалогке
қатысады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Жұптық жұмыс
Берілген рөлдердің бірін таңдап алыңдар. Тірек сөздерді пайдаланып, "Спорттың
пайдасы" тақырыбына диалог құрастырыңдар.
1. Атасы мен немересі
2. Достар
3. Мұғалім мен оқушы
Тірек сөздер: денсаулық, пайдалы, спортпен айналысу, денің сау болсын десең, жаттығу
жасау, жүгіру, күнде, таңертең, дұрыс тамақтану, тазалық сақтау.
Дескриптор Білім алушы
- тақырыпқа сәйкес диалог құрастырады;
- сұхбаттасына сұрақ қояды;
- сұхбаттасының сұрағына сәйкес жауап береді;
- берілген тірек сөздер мен фразаларды орынды қолданады;
- сөйлеу және қарым-қатынас жасау мәдениеті нормаларын сақтайды.
48
Бөлімше 2.4 Оқыған/тыңдаған материалды мазмұндау
Оқу мақсаты 2.2.4.1 Суретті жоспар және тірек сөздер/сұрақ негізінде
шағын мәтінді мазмұндау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Суретті жоспар мен тірек сөздер арқылы мәтіннің
мазмұнын баяндайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Суреттерге мұқият қара. Суреттердің реті бойынша тірек сөздерді қолданып, ертегінің
мазмұнын айт.
орман, тышқан, үйшік бақа, екеуі, тұрады,
сұрайды
қоян, үшеуі, айтады
үйшік, түлкі, терезесін
қағады
үйшік, қасқыр, көреді,
сұрайды
аю, сұрайды, келеді
Дескриптор Білім алушы
- мәтіннің мазмұнын суретті жоспар бойынша баяндайды;
- тірек сөздерді мағынасына сәйкес қолданады;
- сөйлемдердің құрылымын сақтайды;
- сөйлеу барысында грамматикалық нормаларды сақтайды.
1
6
2 3
4 5
49
Бөлімше 2.5 Тыңдау-көру материалдары негізінде ойын айту
Оқу мақсаты 2.2.5.1 Мәлімет, кейіпкер, оқиғаларды салыстыру негізінде
қарапайым пікір ("мен ... деп ойлаймын", "мен ... деп
санаймын", "маған ... сияқты", "маған ... тәрізді") білдіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіндегі оқиғаға/кейіпкерлерге қатысты ойын
айтады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Ертегіні мұқият тыңда.
Қу түлкі
Жолбарыс бір түлкіні ұстап алады. Түлкі:
- Мені жей алмайсың! Мен - осы орманның патшасымын!—дейді.
Жолбарыс түлкіге сенбейді.
— Сенбесең, орманға жүр. Ормандағы аңдардың менен қалай
қорқатынын көресің, — дейді түлкі.
Олар орманға келеді. Түлкі жолбарыстың алдында жүреді. Түлкінің соңында келе
жатқан жолбарысты көрген аңдар мен құстар қорқып, жан-жаққа қашады. Ал қу түлкі
мақтанып:
— Көрдің бе? Менен қорықпайтын аң бар ма екен? — дейді.
— Иә, сен расында күшті екенсің, — депті алданған жолбарыс.
• Берілген сөйлемдермен келісесің бе? Өз ойыңды дәлелде.
Дескриптор Білім алушы
- берілген тұжырымдарға қатысты ойын айтады;
- өз ойын дәлелдейді.
Түлкі ешқашан өтірік айтпайды.
Жолбарыстан барлық аңдар
қорқады.
Ормандағы аңдар түлкіден қорқып
қашып кетті.
Түлкі жолбарысты алдады.
50
Бөлімше 2.6 Орфоэпиялық нормаларды сақтау
Оқу мақсаты 2.2.6.1 Ә, ө, ұ, ү, і, ң, қ, ғ, һ дыбыстарын артикуляциялау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Төл дыбыстары бар сөздерді дұрыс айтады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
1-тапсырма
Көп нүктенің орнына қойылатын әріпті белгіле. Сөздерді дұрыс оқы.
Дескриптор Білім алушы
- көп нүктенің орнына тиісті әріпті анықтайды;
- төл дыбыстарды дұрыс айтады.
2-тапсырма
Жұптық жұмыс
Суреттердің біреуін таңдап ал. Суреттегі әр заттың атауын жаз.
Жұбыңа оқып бер. Сөздегі төл дыбыстарды ата.
1-сурет 2-сурет
Дескриптор Білім алушы
- суретте бейнеленген заттардың атауын дұрыс жазады;
- сөздегі төл дыбыстарды анықтайды;
- сөйлеу барысында төл дыбыстарды дұрыс дыбыстайды.
ша...ғы
ң
ғ
м
н қа...па
х
ғ
қ
к ж...гіру
і
ы
ұ
ү
51
Бөлім: Оқылым
Бөлімше 3.1 Оқу түрлерін қолдану
Оқу мақсаты 2.3.1.1 Шағын мәтінді түсініп, мәнерлеп (дауыс ырғағын
дұрыс қойып)/ рөлге бөліп оқу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтінді түсініп, мәнерлеп оқиды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәнерлеп оқы.
Сұрақтарға жауап бер.
1) Мәтін не туралы?
2) Бұл ертегі ме, өлең бе?
Дескриптор Білім алушы
- өлеңдерді мәнерлеп оқиды;
- оқу барысында дауыс ырғағын сақтайды;
- мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.
1-мәтін
Ақ әжемді әрқашан
Сыйлап, жақсы көремін.
Қуантайын деп оны
Өлең айтып беремін.
2-мәтін
Ана - біздің күніміз
Ана - біздің гүліміз
Бізді ана қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз
1-мәтін 2-мәтін
1-мәтін 2-мәтін
52
Бөлімше 3.2 Мәтіннің мазмұнын түсіну
Оқу мақсаты 2.3.2.1 Шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздерден
құрастырылған қарапайым фразалардың/ сөйлемдердің
мағынасын түсіну
Бағалау критерийі Білім алушы
• Қарапайым сөйлемдерді мағынасына қарай
қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Ертегінің бөліктерін түсініп оқы. Оқиғаның ретін анықтап, сандармен белгіле.
• Берілген сөйлемдер бойынша сурет сал.
1) Түлкі терең құдыққа түсіп кетеді.
2) Түлкінің қасына ешкі келеді.
3) Түлкі құдықтан шығып кетеді.
Дескриптор Білім алушы
- ертегі бөліктерінің ретін анықтайды;
- сөйлемдердің мазмұнына сәйкес сурет салады.
- Ей, түлкі, не істеп тұрсың? – деп сұрады ешкі.
- Демалып тұрмын. Далада шөлдеп, ыстықтап жүр едім. Бұл жер салқын, ішінде
мөлдір суы бар, – депті түлкі.
Бір түлкі келе жатып, терең құдыққа түсіп кетті. Одан шыға алмай тұрды.
Қасына су іздеп жүрген ешкі келеді.
Мұны естіген ешкі: «Мен де салқындайын, су ішейін», – деп ойлайды. Ол
құдыққа секіріп түседі. Түлкі ешкінің үстіне секіріп мініп, далаға шығып кетіпті.
53
Бөлімше 3.3 Мәтіннің жанрлары мен түрлерін анықтау
Оқу мақсаты 2.3.3.1 Мәтіннің жанрын (өлең, жаңылтпаш, жұмбақ, ертегі,
әңгіме) ажырату
Бағалау критерийі Білім алушы
• Берілген мәтіннің жанрын анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы. Сұрақтарға жауап бер.
Мінезім жайлы – сиырмын,
Байлығымын бір үйдің.
Етім – дәмді, сүтім – бал,
Сырымды менің ұғып ал:
Қажет болса сүт, қаймақ,
Балауса шөп бер, сиыр бақ.
1. Шығарма не туралы?
А) үй жануары туралы
В) жабайы аң туралы
С) дала құсы туралы
D) тағам түрлері туралы
2. Мәтін қай жанрда жазылған?
А) ертегі
В) өлең
С) жұмбақ
D) әңгіме
Дескриптор Білім алушы
- шығарманың тақырыбын анықтайды;
- мәтіннің жанрын анықтайды.
54
Бөлімше 3.4 Сұрақ мен жауаптар құрастыру
Оқу мақсаты 2.3.4.1 Мәтіннің мазмұны немесе иллюстрация/постер
бойынша қарапайым сұрақ құрастыру және оған толық
жауап беру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақ қояды
• Мәтін бойынша сұрақтарға толық жауап береді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы.
Жансая Әбдімәлік – қазақтың танымал шахматшы қызы. Ол 14
жасында гроссмейстер атанған. 2012 жылы әлем чемпионатында
күміс жүлде алған. Жансая шахматтан екі дүркін чемпион атанған.
Ол - ақылды, төзімді, батыл қыз.
• Мәтіннен сұрақтарға жауап болатын сөздерді тауып, кестеге жаз.
Кім? Қандай? Қанша?
• Жұптық жұмыс
Кестеге сүйеніп, мәтіннің мазмұны бойынша жұпта бір-біріңе сұрақ қой және
жауап бер.
Дескриптор Білім алушы
- мәтіннен сұрақтарға сәйкес сөздерді теріп жазады;
- сұрау есімдіктерін дұрыс қолданады;
- мәтіннің мазмұны бойынша сұрақ құрастырады;
- мәтіннің мазмұны бойынша сұраққа жауап береді.
55
Бөлімше 3.5 Түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты алу
Оқу мақсаты 2.3.5.1 Сөздіктерден, анықтамалықтардан мұғалімнің
қолдауымен қажетті ақпаратты жинақтау және іріктеп алу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Дереккөздерден қажетті ақпаратты іріктеп алады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Қазақстандық атақты спортшылардың суреттеріне мұқият қара.
Данияр Елеусінов Жазира Жаппарқұл Дмитрий Баландин
• Әр түрлі дереккөздерден спортшылардың біреуі туралы ақпарат жина. Кестені
толтыр.
Спортшының аты-жөні
Айналысатын спорт түрі
Жетістіктері
Жүлделері
• Жинақталған ақпараттарға сүйеніп, спортшыны таныстыр.
Дескриптор Білім алушы
- дереккөздерден қажетті ақпаратты іріктеп алады;
- ақпаратты кестеге түсіреді;
- жинақталған ақпаратқа сүйеніп спортшы туралы әңгімелейді.
56
Бөлім: Жазылым
Бөлімше 4.1 Мәтінді түрлі формада ұсыну
Оқу мақсаты 2.4.1.1 Тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сызбалар,
суреттерді қолдана отырып, мәтін құрастыру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Суреттер мен тірек сөздер бойынша әңгіме
құрастырады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Суретке мұқият қара. Тірек сөздерді пайдаланып, мәтінді 2-3 сөйлеммен аяқтап жаз.
Тірек сөздер: футбол ойыны, қақпашы, ойнау, аула, үйірмеге бару, айналысу, доп соғу.
Футбол ойыны
Ербол, Руслан және Андрей – достар. Олар ...
______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
Дескриптор Білім алушы
- мәтінді тақырыпқа сай аяқтап жазады;
- мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтайды;
- тірек сөздерді орынды қолданады;
- сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жазады;
- бас әріп пен тыныс белгілерін дұрыс қолданады.
57
Бөлімше 4.2 Тыңдаған/оқыған/ көрген материалдың мазмұнын
жазу
Оқу мақсаты 2.4.2.1 Тыңдаған/оқыған аудио/бейнематериалдың мазмұны
бойынша жиі қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерін
қатыстырып сұраққа жауап (сөйлем) жазу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тыңдаған материал бойынша сұрақтарға жауап
жазады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
• Диалогті мұқият тыңда.
Әсел: Сәлем, Ербол!
Ербол: Сәлем, Әсел! Сен қайда бара жатырсың?
Әсел: Мен спорт үйірмесіне бара жатырмын.
Ербол: Сен қай спортпен айналысасың?
Әсел: Мен мәнерлеп сырғанаумен айналысамын. Ол – спорттың өте әдемі түрі.
Ербол: Ал маған жүзу ұнайды. Мен жүзумен екі жылдан бері айналысамын. Мен жүзгіш
болуды армандаймын.
Әсел: Жақсы! Сау бол!
Ербол: Сау бол, Әсел!
• Мәтінге сүйеніп, сұрақтарға жауап жаз.
1. Әсел спорттың қай түрімен айналысады?
_______________________________________________________
2. Ербол спорттың қай түрімен айналысады?
_______________________________________________________
3. Ербол нені армандайды?
_______________________________________________________
Дескриптор Білім алушы
- мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап жазады;
- сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жазады;
- бас әріп пен тыныс белгілерін дұрыс қолданады.
58
Бөлімше 4.5 Орфографиялық дағдыларын дамыту
Оқу мақсаты 2.4.5.1 Мұғалімнің қолдауымен айтылуы мен жазылуында
айырмашылығы жоқ сөздерді дұрыс жазу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді сауатты
жазады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Берілген сөздерді мұқият тыңда және сәйкес суреттің қасына жаз.
Зілтемір, тор, шаңғы, көзілдірік, қақпа
__________________________
__________________________
__________________________
__________________________
__________________________
Дескриптор Білім алушы
- сөздерді есту арқылы қатесіз жазады;
- сөздерді сәйкес спорт құралдарының тұсына жазады;
- каллиграфиялық талаптарды сақтап жазады.
59
Бөлімше 4.3 Пунктуациялық нормаларды сақтау
Оқу мақсаты 2.4.3.1 Мұғалімнің қолдауымен сөйлем түрлерін айтылу
мақсатына қарай ажырату және сәйкес тыныс белгілерін
(нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі) қою
Бағалау критерийі Білім алушы
• Хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдерді ажыратады
• Сөйлемнің соңына тиісті тыныс белгілерін қояды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Сөйлемдерді оқы. Сөйлемнің соңына тиісті тыныс белгісін қой.
1. Сен теннис ойнауға қашан барасың
2. Мен күнде таңертең жүгіремін
3. Алақай, біздің команда үшінші орын алды
• Суреттерді пайдаланып, сызбаға сәйкес сөйлемдер құрастырып жаз.
Дескриптор Білім алушы
- сөйлем түрлерін анықтайды және тыныс белгілерін дұрыс қояды;
- сызбаға сәйкес сөйлемдер құрастырады;
- сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтайды;
- сөйлемдерді бас әріптен бастап жазады.
60
Бөлімше 4.4 Каллиграфиялық дағдыларын дамыту
Оқу мақсаты 2.4.4.1 Бас әріптер мен кіші әріптердің биіктігін, енін,
көлбеулігін және олардың байланысын, азат жолдың және
тақырыптың өлшемін сақтап жазу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Жазу барысында каллиграфиялық нормаларды
сақтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
• Суреттерге мұқият қара.
• Кез келген 2 сурет бойынша сөйлем құрастырып жаз.
__________________________________________________________
__________________________________________________________
Дескриптор Білім алушы
- сурет бойынша сөйлемдер құрастырып жазады;
- сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтайды;
- сөйлемнің тыныс белгілерін дұрыс қояды;
- әріптердің мөлшерін, көлбеулігін сақтап жазады;
- сөздегі әріптердің байланысын дұрыс көрсетеді.
61
Бөлім: Тілдік дағдылар
Бөлімше 5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау
(лингвистикалық терминдерді қолданбау)
Оқу мақсаты 2.5.1.1 Мұғалімнің қолдауымен заттың атын/сынын/
санын/іс-қимылын білдіретін сөздерді ауызша және
жазбаша тілде қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Заттың атын, сынын, санын және қимылын
білдіретін сөздерді атайды
• Сөйлеу және жазу барысында сөз таптарын
орынды қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Суреттерге мұқият қара.
• Сурет бойынша кестедегі сұрақтарға жауап беретін сөздерді тауып, жаз.
Кім? Не? Қандай? Қанша? Неше? Не істеді?
• Суретке сүйеніп, сызба бойынша 2 сөйлем құрастырып жаз.
Қандай?/ Қанша? Кім?/Не? Не істеді?
1. ___________________________________________________________
2. ___________________________________________________________
Дескриптор Білім алушы
- заттың атын, сынын, санын, қимылын білдіретін сөздерді жазады;
- сызба бойынша сөйлемдер құрастырады;
- сөйлем құрастыруда сөздердің орын тәртібін сақтайды;
- сөйлемдерді сауатты жазады.
62
Бөлімше 5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау
(лингвистикалық терминдерді қолданбау)
Оқу мақсаты 2.5.1.2* Мұғалімнің қолдауымен шағын мәтіндегі
көптік/тәуелдік/ жіктік /септік жалғаулы сөздерді ауызша
және жазбаша тілде қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Көптік жалғаулы сөздерді ажыратады
• Сөйлеу және жазу барысында көптік жалғауларын
орынды қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы.
Футбол – спорттың бір түрі.
Футболшылар – мықты, төзімді адамдар.
Олар өте тез жүгіреді.
Мен де балалармен бірге аулада футбол
ойнаймын. Менің футбол, баскетбол ойнауға
арналған доптарым бар.
Мен өскенде футболшы боламын.
• Мәтіннен көптік мағына беретін сөздерді теріп жаз.
_______________________________________________________________
• Жазған сөздерді қатыстырып сөйлем құрастырып айт.
Дескриптор Білім алушы
- көпше түрде берілген сөздерді теріп жазады;
- көптік жалғаулы сөздермен сөйлем құрастырады.
63
Бөлімше 5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау
(лингвистикалық терминдерді қолданбау)
Оқу мақсаты 2.5.1.3 Мұғалімнің қолдауымен сөйлемдегі етістіктің шақ,
рай формаларын ауызша сөйлеу тілінде қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Бұйрық райдың болымды, болымсыз түрлерін
дұрыс қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Суреттерге мұқият қара.
• Суреттерге сүйеніп, сөйлемді аяқтап айт.
Үлгі: Денім сау болсын десең, таза ауада көп серуенде.
Денім сау болсын десең,....
Дескриптор Білім алушы
- суреттер бойынша бұйрық райлы сөйлемдер құрастырып айтады;
- бұйрық райдың болымды формасын дұрыс қолданады;
- бұйрық райдың болымсыз формасын дұрыс қолданады.
64
Бөлімше 5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау
(лингвистикалық терминдерді қолданбау)
Оқу мақсаты 2.5.1.4* Мұғалім көмегімен сөйлеу барысында
есімдіктерді (сілтеу, сұрау есімдіктерін) қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Сұрау есімдіктерінің мағынасын ажыратады
• Сөйлеу барысында сұрау есімдіктерін орынды
қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Суреттерге мұқият қара. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып, сөйлемдерді оқы.
Сұрақтарға ауызша жауап бер.
Қоян .... (қайда?
қандай?) бара жатыр?
Ана қоянның қолында ...
(қалай? не?) бар?
Қонжық ... (қандай?
кім?) құлпынай жеді?
• Жұптық жұмыс.
- Суреттер бойынша жұпта бір-біріңе сұрақ қой.
- Жұбыңның қойған сұрағына ауызша жауап бер.
Дескриптор Білім алушы
- сөйлемнің мағынасына сәйкес сұрақты анықтайды;
- сөйлемді сәйкес интонациямен оқиды;
- сурет бойынша сұрақ құрастырады;
- қойылған сұрақтарға дұрыс жауап береді.
65
Бөлімше 5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау
(лингвистикалық терминдерді қолданбау)
Оқу мақсаты 2.5.1.5 Мұғалімнің қолдауымен үлгі бойынша жай
сөйлемдегі сөз тіркесінің байланысын түсіну және сақтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Сөйлемдегі сөздердің байланысын анықтайды
• Сөйлем құрастыруда сөздердің байланысын
сақтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
• Cызбаға мұқият қара. Сұрақ қою арқылы сөздердің байланысын анықта.
1. _______________________________
2. _______________________________
• Берілген сызба бойынша 2 сөйлем құрастырып жаз.
Дескриптор Білім алушы
- сөйлемдегі сөздердің байланысын дұрыс анықтайды;
- сызба бойынша сөйлем құрастырады;
- сөйлемдегі сөздердің байланысын сақтайды.
66
4-тоқсан
Бөлім: Тыңдалым
Бөлімше 1.2 Сөздің лексикалық мағынасын түсіну
Оқу мақсаты 2.1.2.1 Баяу және анық айтылған жиі қолданылатын
сөздерден құралған қарапайым фразалардың мағынасын
түсіну
Бағалау критерийі Білім алушы
• Қарапайым фразалардың мағынасын ажыратады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Сөйлемдерді мұқият тыңда. Суреттерді сөйлемнің ретімен белгіле.
1. Күн бұлтты.
2. Жаңбыр жауды.
3. Күн ашық.
4. Найзағай жарқылдады.
5. Жел соқты.
• Қай сурет артық бейнеленген?
• Сурет бойынша 2 сөйлем құрастырып айт.
Дескриптор Білім алушы
- берілген фразаларға сәйкес суреттерді анықтайды және ретін
белгілейді;
- артық суретті анықтайды және атайды;
- сурет бойынша сөйлемдер құрастырады;
- сөйлемдегі сөздердің байланысын сақтайды.
67
Бөлімше 1.3 Тыңдаған аудио/бейнематериалдың мазмұнын түсіну
Оқу мақсаты 2.1.3.1 Тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1-1,5 мин)
мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және оған сәйкес
фото/ сюжетті суреттер/ сызбалар таңдау/ сипаттау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тыңдаған мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді
• Мәтіннің мазмұнына сәйкес суретті анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда. Сұрақтарға жауап бер.
Қар еріді. Ағаштар бүршік жарды. Гүлдер өсті. Жылы жақтан құстар ұшып келді.
Бұлбұл үлкен ағаштың бұтағына қонды. Ол өзіне ұя жасады. Ұяның үстін
жапырақтармен жапты. Содан соң әдемі даусымен сайрай бастады.
Орман іші бұлбұлдың әнін қызыға тыңдады.
1. Мәтін не туралы?
2. Мәтінде қай мезгіл туралы айтылған?
A) жаз
B) қыс
C) көктем
D) күз
3. Мәтінде кездесетін сөздерді тауып, қоршап сыз.
Орман жеміс бұлбұл мезгіл ұя гүл жапырақ
4. Мәтін мазмұнына сәйкес келетін суретті белгіле ()7
Дескриптор Білім алушы
- мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;
- мәтінде кездесетін сөздерді белгілейді;
- мәтіннің мазмұнына сәйкес суретті анықтайды.
68
Бөлімше 1.4 Мәтіндегі негізгі, қосалқы мәліметтерді түсіну
Оқу мақсаты 2.1.4.1 Тыңдаған материалдың мазмұнын түсіну,
мұғалімнің қолдауымен жағымды және жағымсыз
кейіпкерлерді анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап
береді
• Мәтіннің кейіпкерлерін сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда.
Кішкентай бұлт өзіне дос іздеп шықты. Ол жерге қарады. Бастары салбырап тұрған
гүлдер мен шөптерді көрді. Адамдар да, жануарлар да көңілсіз. Мұны көрген бұлт жылай
бастады. Бұлттың көз жасы жерге жаңбыр болып жауды. Адамдар мен жануарлар қуанды.
Гүлдер мен шөптер бастарын көтерді. Олар қайта өсе бастады.
Кішкентай бұлт өзіне дос тауып, қуанды.
• Мәтін не туралы?
• Мәтіннің мазмұнына сәйкес келетін сөйлемді анықта.
А) Бұлттың көз жасы жерге жаңбыр болып жауды.
В) Кішкентай бұлттың көп достары болатын.
С) Кішкентай бұлт өзіне дос таба алмады.
D) Жаңбырдан кейін кемпірқосақ шықты.
• Мәтінге сүйеніп, бұлтқа мінездеме бер.
Дескриптор Білім алушы
- мәтіннің тақырыбын анықтайды;
- мәтін мазмұнына сәйкес келетін сөйлемді анықтайды;
- мәтіннің кейіпкерлерін сипаттайды.
69
Бөлімше 1.5 Тыңдалым материалын болжау
Оқу мақсаты 2.1.5.1 Мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздері, сөз тіркестері
бойынша мазмұнын болжау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тақырыбы мен тірек сөздерге сүйеніп мәтіннің
мазмұнын болжайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Берілген тірек сөздерді мұқият тыңда.
Тірек сөздер: жол, күшік, тауып алу, жаңбыр, үсті лас, үйге әкелу, жуындыру, тап-таза,
достасу.
• Бұл мәтін не туралы болуы мүмкін?
Суреттер мен тірек сөздерді пайдаланып, «Сүйкімді күшік» деген тақырыпқа әңгіме
құрастыр.
Дескриптор Білім алушы
- тақырып пен тірек сөздер бойынша мәтіннің мазмұнын болжайды;
- тірек сөздерді қолданып, сурет бойынша әңгіме құрастырады;
- оқиғаның жүйесін сақтайды;
- әңгімелеу барысында грамматикалық нормаларды сақтайды.
70
Бөлім: Айтылым
Бөлімше 2.1 Сөздік қорды толықтыру
Оқу мақсаты 2.2.1.1 Өз сөзінде ақпаратты сұрау, іс-әрекетке түсініктеме
беру үшін сөздер және сөз тіркестерді қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Ақпаратқа қатысты сұраулы сөйлемдер
құрастырады
• Сұраққа жауап беру барысында сөздер мен сөз
тіркестерін орынды қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Диалогті мұқият тыңда.
Алмас: Сәлем, Нұрай! Қалің қалай? Жазғы демалысты қалай өткіздің?
Нұрай: Сәлем! Жазда біз отбасымызбен жағажайға бардық. Жағажайда күнге күйдік.
Суға шомылдық. Інім екеуміз құмнан үй жасадық. Ал сен ше?
Алмас: Ал біз тауға бардық. Жануарлар мен құстарды бақыладық. Ағаштар мен гүлдерді
суретке түсірдік. Таза ауада демалдық.
• Диалог бойынша 3 сұрақ құрастыр.
• Жұбыңның сұрағына жауап бер.
Дескриптор Білім алушы
- диалог негізінде сұрақ құрастырады;
- сұраққа толық жауап береді;
- сұраулы сөйлемдердің құрылымын сақтайды;
- сөйлеу барысында сөздер мен сөз тіркестерін орынды
қолданады.
71
Бөлімше 2.2 Берілген тақырып бойынша сөйлеу
Оқу мақсаты 2.2.2.1 Сюжетті сурет негізінде сөйлеу (2-3 сөйлем)
Бағалау критерийі Білім алушы
• Сюжетті сурет бойынша әңгімелейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Суретке мұқият қара. Тірек сөздерді пайдаланып, шағын әңгіме құрастырып айт.
Тірек сөздер: жаз, балалар, жаңбыр, қолшатыр, жалаң аяқ, су кешу, қуану, ойнау.
Дескриптор Білім алушы
- сурет бойынша шағын әңгіме құрастырады;
- тірек сөздерді орынды қолданады;
- оқиғаның құрылымдық бөліктерін сақтайды;
- сөйлемдегі сөздердің байланысын сақтайды.
72
Бөлімше 2.4 Оқыған/тыңдаған материалды мазмұндау
Оқу мақсаты 2.2.4.1 Суретті жоспар және тірек сөздер/ сұрақ негізінде
шағын мәтінді мазмұндау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Сұрақтарға сүйеніп мәтіннің мазмұнын айтады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы.
Ақбауыр
Жаз. Інім екеуміз аулада отырмыз. Шөптің
арасынан кірпінің баласы шықты. Оны үйге әкеліп, тамақ
бердік.
Кірпінің баласы сүйкімді екен. Денесі қара, кеудесі
ғана ақшыл екен. Біз оны Ақбауыр деп атадық.
Ақбауыр бізге тез үйреніп кетті.
• Сұрақтардың көмегімен мәтіннің мазмұнын айт.
1. Қай мезгіл еді?
2. Балалар қайда отырды?
3. Олар нені көрді?
4. Балалар не істеді?
5. Кірпінің баласы қандай екен?
6. Балалар оған қандай ат қойды? Неліктен?
7. Оқиға қалай аяқталды?
Дескриптор Білім алушы
- сұрақтарға жауап бере отырып, мәтінді мазмұндайды;
- сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.
73
Бөлімше 2.6 Орфоэпиялық нормаларды сақтау
Оқу мақсаты 2.2.6.1 Ә, ө, ұ, ү, і, ң, қ, ғ, һ дыбыстарын артикуляциялау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Төл дыбыстары бар сөздерді дұрыс айтады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Суреттерге мұқият қара. Сөзге тиісті әріпті қорша және сәйкес дыбысты ата.
Жа н
ң быр Қ
К ар Найзаг
ғай Кемп і
ы рқосақ
Ұ
Ү шақ Жих
һ аз Ә
А же К ө
үн
• Кез келген екі сөзбен сөйлем құрастырып айт.
Дескриптор Білім алушы
- сөзге сәйкес әріпті анықтайды;
- сөздегі төл дыбыстарды дұрыс айтады;
- берілген сөздермен сөйлем құрастырады.
74
Бөлім: Оқылым
Бөлімше 3.2 Мәтіннің мазмұнын түсіну
Оқу мақсаты 2.3.2.1 Шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздерден
құрастырылған қарапайым фразалардың/сөйлемдердің
мағынасын түсіну
Бағалау критерийі Білім алушы
• Қарапайым фразаларды/сөйлемдерді мағынасына
қарай қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы. Асты сызылған сөйлемдерге сәйкес сурет сал.
Әлия ерте оянды. Күн ашық. Ол таңғы асын ішіп, далаға шықты.
Достарымен ойнады. Аспанды бұлт басты. . Қатты жел соқты.
Жаңбыр жауды .
Балалар үйлеріне қарай жүгірді.
Дескриптор Білім алушы
- мәтінді қатесіз, түсініп оқиды:
- белгіленген сөйлемдерге сәйкес сурет салады.
75
Бөлімше 3.4 Сұрақ пен жауаптар құрастыру
Оқу мақсаты 2.3.4.1 Мәтіннің мазмұны немесе иллюстрация/постер
бойынша қарапайым сұрақ құрастыру және оған толық
жауап беру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Иллюстрация /постер бойынша сұрақ қояды
• Сұрақтарға жауап береді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Жұптық жұмыс
Берілген суреттерге мұқият қара.
• Сурет бойынша жұбыңа сұрақ қой.
• Жұбыңның қойған сұрақтарына жауап бер.
Дескриптор Білім алушы
- сурет бойынша сұрақ құрастырады;
- сұраулы сөйлемдердің құрылымын сақтайды;
- сурет бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді;
- жауап беру барысында тілдік нормаларды сақтайды.
76
Бөлімше 3.5 Түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты алу
Оқу мақсаты 2.3.5.1 Сөздік, анықтамалықтардан мұғалімнің қолдауымен
қажетті ақпаратты жинақтау және іріктеп алу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Дереккөздерден қажетті ақпаратты іріктеп алады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Суреттерге мұқият қара. Көлік түрлерін ата.
• Дереккөздерден көліктердің біреуі туралы ақпарат жина және кестеге жаз.
Көлік атауы Қызметі (не үшін
қолданылады?)
Қосымша ақпараттар
Дескриптор Білім алушы
- тақырыпқа қатысты ақпараттарды іріктеп алады;
- жинақталған ақпаратты жүйелеп, кестеге түсіреді.
77
Бөлім: Жазылым
Бөлімше 4.1 Мәтінді түрлі формада ұсыну
Оқу мақсаты 2.4.1.1 Тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сызбалар,
суреттерді қолдана отырып, мәтін құрастыру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Суреттер мен тірек сөздер бойынша мәтін
құрастырады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
1. Суретке мұқият қара.
2. Берілген сөздерді оқы. Суретке қатысы бар сөздердің астын сыз.
Ыстық, суық, жағажай, жаз, тауға шығу, құм, шомылу, гүл теру, күнге күю,
демалыс, құм қала
3. Асты сызылған сөздерді қолданып, сурет бойынша әңгіме құрастырып жаз
(3-4 сөйлем).
Дескриптор Білім алушы
- суретке қатысты сөздерді анықтайды;
- cурет бойынша әңгіме құрастырып жазады;
- тірек сөздерді орынды қолданады;
- сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтайды.
78
Бөлімше 4.3 Пунктуациялық нормаларды сақтау
Оқу мақсаты 2.4.3.1 Мұғалімнің қолдауымен сөйлем түрлерін айтылу
мақсатына қарай ажырату және сәйкес тыныс белгілерін
(нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі) қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Сөйлем түрлерін ажыратады
• Сөйлемнің соңына тиісті тыныс белгілерін қояды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Суретке мұқият қара.
• Сурет бойынша 3 сөйлем құрастырып жаз. Сөйлемнің соңына тиісті тыныс
белгісін қой.
Хабарлы сөйлем Сұраулы сөйлем Лепті сөйлем
Дескриптор Білім алушы
- сурет бойынша хабарлы сөйлем құрастырып жазады;
- сурет бойынша сұраулы сөйлем құрастырып жазады;
- сурет бойынша лепті сөйлем құрастырып жазады;
- сөйлемдердің соңына тиісті тыныс белгілерін қояды;
- сөйлемдердің құрылымын дұрыс сақтайды.
Бөлімше 4.5 Орфографиялық дағдыларын дамыту
Оқу мақсаты 2.4.5.1 Мұғалімнің қолдауымен айтылуы мен жазылуында
айырмашылығы жоқ сөздерді дұрыс жазу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді сауатты
жазады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
"Оқы, жап, жаз, тексер" ойыны
1. Әр қима қағаздағы сөзді мұқият оқы.
2. Қима қағазды жауып қой.
3. Қағазға жазылған сөзді есте сақтау арқылы жаз.
4. Қима қағазды қайта ашып, өз жазғаныңмен салыстыр.
5. Қате болса, түзет.
Дескриптор Білім алушы
- сөздерді қатесіз оқиды;
- сөздерді есте сақтау арқылы қатесіз жазады;
- әріптерді каллиграфиялық нормаға сәйкес салады;
- сөздегі әріптердің байланысын сақтайды.
80
Бөлімше 4.5 Орфографиялық дағдыларын дамыту
Оқу мақсаты 2.4.5.2 Мұғалімнің қолдауымен сөздерді дұрыс
тасымалдау, тасымалдауға болмайтын сөздерді ажырату
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тасымалдауға болмайтын сөздерді анықтайды
• Сөздерді дұрыс тасымалдап жазады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Суретте бейнеленген табиғат құбылыстарын ата.
Тасымалдауға болмайтын сөздерді бейнелейтін суретті белгіле ( ).
• Басқа сөздерді тасымалдап жаз.
Дескриптор Білім алушы
- суретте бейнеленген табиғат құбылыстарын атайды;
- тасымалдауға болмайтын сөздерді анықтайды;
- сөздердің тасымалдану түрлерін көрсетеді.
81
Бөлімше 4.2 Тыңдаған/оқыған/ көрген материалдың мазмұнын
жазу
Оқу мақсаты 2.4.2.1 Тыңдаған/оқыған/көрген аудио/бейнематериалдың
мазмұны бойынша жиі қолданылатын сөздер мен сөз
тіркестерін қатыстырып, сұраққа жауап (сөйлем) жазу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Бейнематериалдың мазмұны бойынша қойылған
сұрақтарға жауап жазады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
"Әли мен Айя" бейнематериалын мұқият қара. https://www.youtube.com/watch?v=zPUfyX-
229w)
1) 2)
Әли мен Айя далада ойнап жүрді. Күн
ыстық. - Шөлдедім. Маған жаз
ұнамайды,- деп жылай бастайды Айя.
Кенет қар жауды. Балалар таң қалды.
3) 4)
Балалар жаурады. Жазды сағындым,-
деп тағы жылады Айя.
Кенет қайтадан жаз шықты. Балалар
қатты қуанды.
• Бейнематериалдан көргендерің бойынша сұрақтарға жауап жаз.
1) Балалар не істеді? ______________________________________________
2) Ауа райы қандай?____________________________________________
3) Кенет не жауды?______________________________________
4) Балаларға қыс ұнады ма? Неліктен?________________________________
5) Оқиға немен аяқталды? __________________________________________
Дескриптор Білім алушы
- бейнематериал бойынша қойылған сұрақтарға жауап жазады;
- сөйлемдердің құрылымын сақтайды;
- бас әріп пен тыныс белгілерін дұрыс қолданады.
82
Бөлім: Тілдік дағдылар
Бөлімше 5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау
(лингвистикалық терминдерді қолданбау)
Оқу мақсаты 2.5.1.2 Мұғалімнің қолдауымен шағын мәтіндегі
көптік/тәуелдік/ септік/ жіктік жалғаулы сөздерді ауызша
және жазбаша тілде қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Септік жалғаулы сөздерді анықтайды
• Сөйлеу барысында септік жалғауларын орынды
қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы.
Балалар өзенге келді. Бір кезде қатты жел соқты. Аспанды бұлт қаптады. Жаңбыр
жауды. Балалардың үсті су болды. Олар ағаштың арасына тығылды. Жаңбыр басылды.
Күн шықты. Балалар өзенге қайтадан келді. Балық аулады. Кешке үйлеріне қайтты.
• Мәтіннен кімнің?, ненің? сұрақтарына жауап беретін сөздерді теріп жаз.
____________________________________________________
• Сызба бойынша сөйлем құрастырып айт.
Дескриптор Білім алушы
- мәтіннен ілік септігінде тұрған сөздерді теріп жазады;
- сызба бойынша сөйлемдер құрастырады;
- сөздерге септік жалғауларын дұрыс жалғайды.
83
Бөлімше 5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау
(лингвистикалық терминдерді қолданбау)
Оқу мақсаты 2.5.1.3 Мұғалімнің қолдауымен сөйлемдегі етістіктің шақ,
рай формаларын ауызша сөйлеу тілінде қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Сөйлеу барысында етістіктің шақтарын дұрыс
қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Жақшадағы сөздердің тиістісін қойып оқы.
Ертең ( ашық болды/ашық болады).
Кеше (жауды/жауады).
Далада (жауды/жауады/ жауып тұр).
Ертең түнде қатты (болды/болады).
Кеше кешке қарай (жарқылдады/ жарқылдап тұр).
Дескриптор: Білім алушы
- суреттердің атауын дұрыс айтады;
- сөйлемнің мағынасына сәйкес сөзді анықтайды;
- сөйлемдерді етістіктің шақтарын дұрыс қойып оқиды.
84
Бөлімше 5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау
(лингвистикалық терминдерді қолданбау)
Оқу мақсаты 2.5.1.4 Мұғалімнің қолдауымен сөйлеу барысында
есімдіктерді (сілтеу, сұрау есімдіктерін) қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Сөйлеу барысында сұрау/сілтеу есімдіктерін
орынды қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Сурет бойынша «бұл», «анау», «мынау» сөздерін қолданып сұрақ қой және жауап бер.
Дескриптор Білім алушы
- заттың орнына қатысты сілтеу есімдіктерін дұрыс қолданады;
- суретке сәйкес сұрақ қояды;
- сұраққа дұрыс жауап береді.

Комментарии:
Сабақ жоспарлары барлық пәннен ҚМЖ, ОМЖ, ҰМЖ | Планы КСП ССП ДСП
Электронная почта: [email protected] Ватсап: 8(707) 403-01-01 © 2019-2020