» » Дүниетану 2-сынып. Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы

Дүниетану 2-сынып. Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы

22 апрель 2018, Воскресенье
1 478
0

Қалыптастырушы бағалауға арналған
тапсырмалар жинағы
Дүниетану
2-сынып
Құрметті мұғалім!
Аталған тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге
көмек құралы ретінде құрастырылды. Бұл мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі.
Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды
өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, оқу
мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып
табылады.
Жинақтың ұсынылған сипаты сізге білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін
есепке ала отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуіңізге, бейімдеуіңізге
мүмкіндік береді.
Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.),
форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері»
ДББҰ smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз.
Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!
Жинақ бастауыш мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша
өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио
материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық
емес мақсатта құрастырылған.
2
Мазмұны
1-тоқсан ............................................................................................................................................... 4
Бөлім: «Мен және қоғам» .............................................................................................................. 4
Бөлім: «Тарих беттерінен» ............................................................................................................ 9
2-тоқсан ............................................................................................................................................. 10
Бөлім: «Мен және қоғам» ............................................................................................................ 10
Бөлім: «Тарих беттерінен» .......................................................................................................... 18
3-тоқсан ............................................................................................................................................. 20
Бөлім: «Мен және қоғам» ........................................................................................................... 20
4-тоқсан ............................................................................................................................................. 29
Бөлім: «Елімнің табиғаты» .......................................................................................................... 29
Бөлім: «Мен және қоғам» ............................................................................................................ 34
3
1-тоқсан
Бөлім: «Мен және қоғам»
Бөлімше 1.1 Менің отбасым
Оқу мақсаты 2.1.1.1 Отбасылық мұрағат негізінде отбасы мүшелерінің
ауызша портретін жасау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Суреті бойынша отбасы мүшелерін сипаттайды.
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Ағаштағы бос орындарға отбасы мүшелерінің фотосын желімде/ суретін сал/ атауын жаз.
• Ескерту: білім алушы өз мүмкіндігіне қарай аталған әрекеттердің бір түрін ғана орындайды.
Суретке және тірек сөздерге сүйене отырып отбасы мүшелерінің бірін сипаттап айт.
Тірек сөздер: аты-жөні, жасы, туыстық қатынасы, сырт келбеті (көзі, шашы, бойы), мінез-
құлқы.
Дескриптор Білім алушы
− отбасы мүшелерін атайды;
− отбасы мүшелерінің біріне ауызша портрет құрастырады.
4
Бөлімше 1.1 Менің отбасым
Оқу мақсаты 2.1.1.2 Мысалдар келтіре отырып, өз отбасындағы әдеп
нормаларын түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Өз отбасында сақталатын әдеп нормалары туралы
әңгімелейді.
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Жұптық жұмыс
«Отбасылық әдеп» дегенді қалай түсінесің? Суреттерге сүйене отырып, жұпта ой бөліс.
• Отбасында бір-біріңе қандай қамқорлық жасайсыңдар? Мысал келтір.
Дескриптор Білім алушы
− отбасылық әдеп нормаларын анықтайды;
− өз отбасындағы әдеп нормаларына мысалдар келтіреді.
Сен қалай қамқорлық
жасайсың?
_____________________
_____________________
_____________________
Саған қандай қамқорлық
жасайды?
_____________________
_____________________
_____________________
5
Бөлімше 1.1 Менің отбасым
Оқу мақсаты 2.1.1.3 Түрлі дереккөздерді зерттеу арқылы жалпыға
ортақ әдеп нормаларын анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Қоғамдық орындардағы әдеп нормалары туралы
әңгімелейді.
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Суреттерге мұқият қара. Қандай әдептілік ережелері бейнеленген? Жаз.
Жұптық жұмыс
• Қоғамдық көлікте/ асханада/ кинотеатрда сақталуға тиісті әдеп нормалары туралы
ой бөліс. Қоғамдық орындардағы әдептілік нормаларын тұжырымдап айт.
Дескриптор Білім алушы
− суретке сәйкес әдептілік ережелерін анықтайды;
− қоғамдық орындардағы әдеп нормалары туралы ой қорытады.
6
Бөлімше 1.5 Құқық және міндет
Оқу мақсаты 2.1.5.1 Өз өмірінен мысалдар келтіру негізінде құқықты,
міндетті және жауапкершілікті ажырату
Бағалау критерийі Білім алушы
• Жеке мысалдарының негізінде құқық, міндет және
жауапкершілікті ажыратады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
• Суреттерге мұқият қара. Жауапкершілікті бейнелейтін суретті белгіле ().
• Өз ісіне жауапкершілікпен қарау дегенді қалай түсінесің?
• Сенің қандай құқықтарың мен міндеттерің бар? Кестені толықтыр.
Дескриптор Білім алушы
− жауапкершілікті білдіретін суретті белгілейді;
− құқық пен міндетті ажыратып жазады.
Менің құқықтарым:
1._____________________
2._____________________
Менің міндеттерім:
1.____________________
2.____________________
7
Бөлімше 1.5 Құқық және міндет
Оқу мақсаты 2.1.5.2 Қоғамға қызмет етудің әлеуметтік маңыздылығын
түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Қоғамға қызмет етудің маңыздылығын түсіндіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Суреттерге мұқият қара. Балалардың іс-әрекеті туралы әңгімеле. Оның қоғамға
қандай пайдасы бар?
Сұрақтарға сүйеніп, топта ой бөліс.
• Адамдар қоғамдық жұмыстарға не үшін қатысады?
• Қоғамға қызмет ету қандай нәтиже береді?
• Сен қоғамдық жұмыстарға қатысып көрдің бе? Сен қоғамға қызметті неден бастар
едің?
Дескриптор Білім алушы
− суреттер бойынша ой қорытады;
− қоғамға қызмет етудің маңыздылығын түсіндіреді;
− қоғамдық жұмыстарға қатысты өз үлесін сипаттайды.
8
Бөлім: Тарих беттерінен
Бөлімше 3.5 Қазақстан тарихы: тәуелсіздік, мемлекеттілік және
патриотизм
Оқу мақсаты 2.3.5.3 Қазақстан халықтары достығының маңыздылығын
түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Халықтар достығының маңыздылығы туралы
әңгімелейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
Өлеңді түсініп оқы. Өлеңнің мазмұнына сәйкес келетін суретті белгіле ().
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз.
Бейбітшілік ұранымыз,
Достық, бірлік жыр-әніміз.
Таңғажайып Ұлы Отанда,
Тату-тәтті тұрамыз біз.
• Сұрақтарға жауап бере отырып, топта ой бөліс.
1. Татулық дегенді қалай түсінесің?
2. Біздің елімізде қандай ұлт өкілдері тұрады?
3. Сенің сыныбыңда қандай ұлт өкілдері оқиды?
4. Өзге ұлт өкілінен досың бар ма?
5. Онымен бірге уақытты қалай өткізесің?
6. Барлық ұлт өкілдерінің тату-тәтті өмір сүруінің қандай маңыздылығы бар?
Дескриптор Білім алушы
− өлең мазмұнына сәйкес суретті анықтайды;
− сұрақтарға жауап береді;
− халықтар достығының маңызы туралы әңгімелейді.
9
2-тоқсан
Бөлім: Мен және қоғам
Бөлімше 1.2 Мектеп және мектеп қоғамдастығы
Оқу мақсаты 2.1.2.1 Мектептегі оқу және оқудан тыс әрекет түрлерін
түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мектептегі оқу және оқудан тыс әрекет түрлерін
анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қоладану
Тапсырма
Сен мектепке не үшін келесің? Мектептегі сүйікті істеріңнің тізімін жаса.
• Сыныптастарыңмен талқыла. Оларды оқу және оқудан тыс әрекеттер түріне жікте.
Оқу әрекеттері Оқудан тыс әрекеттер
• Бұл әрекеттердің сен үшін қандай пайдалы, қызықты жақтары бар? Жұпта ой бөліс.
Дескриптор Білім алушы
- мектептегі сүйікті ісінің тізімін жасайды;
- мектептегі оқу әрекеттерін анықтайды;
- мектептегі оқудан тыс әрекеттерді анықтайды;
- мектептегі оқу және оқудан тыс әрекеттердің маңызы туралы
әңгімелейді.
1. ____________________________
2. ____________________________
3. ____________________________
4. ____________________________
10
Бөлімше 1.2 Мектеп және мектеп қоғамдастығы
Оқу мақсаты 2.1.2.2 Мектеп қауымдастығының құрылымын және
мүшелерінің қызметін анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мектеп ұжымының қызметкерлерін атайды
• Мектеп қызметкерлерінің қызметін сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Мектепте жұмыс істейтін мамандық иелерін белгіле ().
Жұптық жұмыс
• Мектептегі басты тұлға кім?
• Мектеп ұжымына тағы кімдер кіреді?
• Олар қандай қызмет атқарады? Кестені толтыр және әңгімеле.
Дескриптор Білім алушы
− мектеп қауымдастығының құрылымын анықтайды;
− қауымдастық мүшелерінің қызметін сипаттайды.
11
Бөлімше 1.2 Мектеп және мектеп қоғамдастығы
Оқу мақсаты 2.1.2.3 Мектеп қауымдастығындағы ұжымдық, топтық
және тұлғааралық мінез-құлық нормаларын
түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мектептегі мінез-құлық нормаларын анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Суреттерге мұқият қара. Кейіпкерлерге мектеп ережесіне қатысты қандай кеңес берер
едің? Бос орындарға жаз.
Жұптық жұмыс
• Мектептегі тәртіп ережесін құрастырып, постер жаса.
Дескриптор Білім алушы
− суретке қатысты мектеп ережелерін анықтап, жазады;
− мектептегі тәртіп ережелерін құрастырады.
Сабақ уақытында Үзілісте
12
Бөлімше
Оқу мақсаты
Бағалау критерийі
1.2 Мектеп және мектеп қоғамдастығы
2.1.2.4 Өз сыныбының ұжымын сипаттау
Білім алушы
• Сынып ұжымы туралы әңгімелейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
• Гүл күлтелеріне өз сыныбыңның ұжымын сипаттайтын сөздер жаз.
• Өз сыныбың туралы тағы не қосар едің? Жұпта әңгімеле.
Дескриптор Білім алушы
− сынып ұжымын сипаттайтын сөздерді жазады;
− өз сыныбы туралы қосымша ақпараттар айтады.
13
Бөлімше 1.3 Менің атамекенім
Оқу мақсаты 2.1.3.1 Өз зерттеулеріне сүйене отырып, тұрғылықты жерінің
көрікті жерлерін сипаттау және бейнелеу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тұрғылықты жеріндегі көрікті орындарды атайды
және сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Ұзақ мерзімді жұптық жұмыс
Өзің тұратын жердегі көрікті орындардың бірі туралы зерттеу жаса.
Ол үшін:
− Зерттеу нысанын таңдап ал.
− Ол жер туралы ақпарат жинақта (кітап, газет, журналдардан оқу, үлкендерден
сұрау арқылы т.б.)
− Көрікті жерді суретке түсір немесе суретін сал.
− Зерттеу нәтижесі бойынша кітапша немесе постер жаса.
− Жасаған жұмысыңмен таныстыр. Өзің зерттеген көрікті орындарды сипаттап айт.
Дескриптор Білім алушы
− тұрғылықты жерінің көрікті орындары туралы ақпарат
жинақтайды;
− зерттеу нәтижесін кітапша немесе постер түрінде
т
ұсынады;
− тұрғылықты жеріндегі көрікті орындарды сипаттайды.
14
Бөлімше 1.3 Менің атамекенім
Оқу мақсаты 2.1.3.2 Қазақстан картасынан ірі өзен-көлдерді,
қалаларды, жолдарды, өз облысын көрсету
Бағалау критерийі Білім алушы
• Қазақстан картасынан ірі қалаларды, өзен-
көлдерді, өз облысын анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
1-картамен жұмыс
Қазақстанның картасынан өзің тұратын облысты тауып, аумағын боя. Облыс
орталығын білдіретін қаланың атауын жаз.
2-картамен жұмыс
Қазақстан картасынан Арал теңізін және Балқаш көлін тауып, белгіле ().
Дескриптор Білім алушы
− Қазақстан картасынан өз облысының аумағын анықтайды;
− өз облысының орталығын білдіретін қаланың атауын
жазады;
− Қазақстан картасынан ірі су көздерін анықтайды.
15
Бөлімше 1.4 Денсаулық пен қауіпсіздік
Оқу мақсаты 2.1.4.3 Көлік түрлерін, олардың қажеттілігін ажырату
Бағалау критерийі Білім алушы
• Көлік түрлерін ажыратады және олардың қызметін
сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Суреттердің астына көліктердің атауын жаз.
• Оларды 3 топқа бөл. Сәйкес бағанға суреттің нөмірін жаз.
Жер үсті көліктері Су жолы көліктері Әуе жолы көліктері
• Тағы қандай көліктер аталмаған? Кестенің әр бағанына 1 көлік атауын жаз.
• Ауылды жерлерде тағы қандай көліктер пайдаланылады?
• Көліктер не үшін қажет? Жұпта ой бөліс.
Дескриптор Білім алушы
− суретте бейнеленген көліктердің атауын жазады;
− көліктерді түрлеріне қарай ажыратады;
− ауылды жерлердегі көлік түрлерін атайды;
− көлік түрлеріне мысал келтіреді;
− көліктердің қажеттілігі туралы әңгімелейді.
16
Бөлімше 1.4 Денсаулық пен қауіпсіздік
Оқу мақсаты 2.1.4.4 Қоғамдық көліктегі өзін-өзі ұстау ережелерін түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Қоғамдық көліктегі тәртіп ережелерін атайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Суретке мұқият қара. Қоғамдық көлікте тәртіп сақтамай тұрған балаларды белгіле ().
• Олардың іс- әрекеттері басқаларға қандай жағымсыз немесе қауіпті жағдайлар
туғызуы мүмкін? Әңгімеле.
• Жұпта қоғамдық көліктегі тәртіп ережелерін құрастыр және таныстыр.
Дескриптор Білім алушы
− қоғамдық көлікте ереже сақталмаған суреттерді анықтайды;
− балалардың жасаған әрекеттері туралы ойын айтады;
− қоғамдық көлікте өзін-өзі ұстау ережесін құрастырады;
− шығармашылық жұмысын таныстырады.
17
Бөлім: Тарих беттерінен
Бөлімше 3.5 Қазақстан тарихы: тәуелсіздік, мемлекеттілік және
патриотизм
Оқу мақсаты 2.3.5.1 Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің
маңызын түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• ҚР мемлекеттік рәміздерінің маңызы туралы əңгімелейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қандай мағына береді? Кестені
толтыр.
Атауы Бейнесі Нені білдіреді?
Елтаңба Шаңырақ
Уықтар
Тұлпар
Жұлдыз
Ту Күн
Қыран
Ою-өрнек
• Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұранын
неліктен қолды жүрек тұсына қойып тұрып
орындайды деп ойлайсың?
Дескриптор Білім алушы
- ҚР мемлекеттік Елтаңбасындағы бейнелердің маңызын
сипаттайды;
- ҚР мемлекеттік Туындағы бейнелердің маңызын сипаттайды;
- ҚР мемлекеттік Әнұранын орындау тәртібі туралы әңгімелейді.
18
Бөлімше 3.5 Қазақстан тарихы: тәуелсіздік, мемлекеттілік және
патриотизм
Оқу мақсаты 2.3.5.2 Бақылаулар негізінде ҚР мемлекеттік рәміздерінің
қолданылу саласын анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• ҚР мемлекеттік рәміздерінің қолданылу саласын
атайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
• Мемлекеттік рәміздер қайда қолданылады?Суреттерді пайдаланып, сөйлемдерді
толықтырып айт.
Еліміздің Туы __________________________________________________________
Еліміздің Елтаңбасы ____________________________________________________
Еліміздің Әнұраны _____________________________________________________
Дескриптор Білім алушы
- ҚР мемлекеттік рәміздерінің қолдану саласын анықтайды.
19
3-тоқсан
Бөлім: Мен және қоғам
Бөлімше 1.2 Мектеп және мектеп қоғамдастығы
Оқу мақсаты 2.1.2.1 Мектептегі оқу және оқудан тыс әрекет түрлерін
түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мектептегі оқу және оқудан тыс әрекеттердің
маңызы туралы айтады.
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Суретке мұқият қара. Мектепте мұндай жағдайлар қай кезде орын алады?
Жұпта ой бөліс:
• Суреттегі оқушылардың тәртібі туралы не айтасың?
• Сен үзілісте не істейсің?
• Оқушыларға үзіліс не үшін беріледі?
• Үзілісте оқушы өзін қалай ұстауы керек? Ереже құрастыр.
Дескриптор Білім алушы
- суретке қатысты ойын айтады;
- мектептегі үзілістің маңызын сипаттайды;
- үзілісте өзін-өзі ұстау ережесін құрастырады.
20
Бөлімше 1.4 Денсаулық пен қауіпсіздік
Оқу мақсаты 2.1.4.1 Түрлі дереккөздер негізінде пайдалы және зиянды
тағамдардың арасындағы айырмашылықтарды анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Пайдалы және зиянды тағамдарды ажыратады.
• Тағамдардың пайдалы және зиянды жақтары
туралы әңгімелейді.
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
• Тек қана пайдалы тағамдарды боя.
• Басқа тағамдар ағзаға қалай әсер етеді? Ол туралы ақпарат жинақта және әңгімеле.
Дескриптор Білім алушы
- пайдалы тағам түрлерін анықтайды;
- зиянды тағамдардың зардаптары туралы әңгімелейді.
21
Бөлімше 1.4 Денсаулық пен қауіпсіздік
Оқу мақсаты 2.1.4.2 Күнделікті жағдаяттардағы (үйде және қоғамдық
орындарда) қауіпсіздік ережелерін түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Үйдегі және қоғамдық орындардағы қауіпсіздік
Ойлау дағдыларының
деңгейі
ережелерін атайды
Қолдану
Тапсырма
• Жағдаяттарды түсініп оқы. Мұндай жағдайда не істеу керектігін жұбыңмен
талқыла.
Жедел сатының (лифт) ішінде
бейтаныс адам тұр екен. Ол жоғарыға
бірге көтерілуді ұсынды. Не істеу
керек?
Бейтаныс жүргізуші саған
кәмпит ұсынып, мəшинеге
отыруыңды өтінді. Не істер
едің?
• Қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстаудың қауіпсіздік ережелерін құрастыр.
Дескриптор Білім алушы
- берілген жағдаятқа қатысты ойын айтады;
- қоғамдық орындардағы қауіпсіздік ережелерін құрастырады.
____________________________________
____________________________________
____________________________________
____________________________________
____________________________________
22
Бөлім: Мен және қоғам
Бөлімше 1.6 Мерекелер
Оқу мақсаты 2.1.6.1 Таңдауы бойынша ҚР ұлттық және мемлекеттік
мерекелерінің мәнін түсіндіреді
Бағалау критерийі Білім алушы
• Ұлттық немесе мемлекеттік мерекенің мағынасын
сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Суретте қандай мерекелер бейнеленген? Жаз.
___________________ ____________________ ____________________
___________________ ____________________ ____________________
Топтық жұмыс
• Бұл мерекелер туралы не білесің? Дереккөздерден мерекелердің бірі туралы
ақпарат жинақта. Мерекенің мағынасын сипаттап айт.
Дескриптор Білім алушы
- суретте бейнеленген мереке атауларын жазады;
- таңдалған мереке туралы ақпарат жинақтайды;
- мерекенің мағынасын сипаттап, әңгімелейді.
23
Бөлімше 1.6 Мерекелер
Оқу мақсаты 2.3.1.2 Түрлі дереккөздерді зерделеу арқылы көне қалалар мен
ескерткіштерді сипаттау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Дереккөздердің негізінде көне қалалар мен
ескерткіштерді сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Топтық жұмыс
Суретте бейнеленген көне қалалар мен ескерткіштер туралы ақпарат жина.
Балбал тастар Ақыртас қорғаны Арыстан баб кесенесі Ботай қонысы
Ақпаратты берілген жоспарға сәйкес әңгімеле.
Жоспар:
- Көне қаланың/ескерткіштің атауы;
- Көне қаланың/ескерткіштің орналасқан жері;
- Оның ерекшелігі;
- Қазіргі кездегі жағдайы.
Дескриптор Білім алушы
- суреттерге сәйкес ақпарат жинақтайды;
- көне қалаларды/ескерткіштерді сипаттап айтады.
24
Бөлімше 3.2 Қазақстанның тарихи тамырлары
Оқу мақсаты 2.3.2.1 Көрнекі материалдарды зерделеу арқылы ғұндардың
өмір салтын сипаттау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Дереккөздерге сүйеніп ғұндардың өмір салтын
әңгімелейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Сурет пен тірек сөздерге сүйеніп, ғұндардың өмір салты туралы әңгімеле.
Тірек сөздер: көшпенді, сақтардан кейін, үй жануарларын асыраған, Аттила, әшекей
бұйымдар, саудагер, аңшы
• Ғұндар қай кезеңде өмір сүрді?
• Олардың қолбасшысы кім?
• Олар қандай шаруашылықпен айналысқан?
• Ғұндардың өмір салты қандай болған?
• Олар туралы тағы қандай ақпарат білесің?
Дескриптор Білім алушы
- дереккөздерді тиімді қолданады;
- ғұндардың өмір салтын сипаттап айтады.
25
Бөлімше 3.1 Ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер
Оқу мақсаты 2.3.1.1 Көрнекі материалдар негізінде иемденуші және
өндіруші шаруашылық арасындағы айырмашылықты анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тауарды өндіруші мен иемденуші шаруашылықтар
арасындағы айырмашылықтар туралы әңгімелейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Суреттерге мұқият қара. Өндіруші шаруашылықты бейнелейтін суреттерді () белгіле.
• Өндіруші және иемденуші деген ұғымдарды қалай түсінесің? Кестеге сүйене
отырып әңгімеле.
Дескриптор Білім алушы
- өндіруші шаруашылықты бейнелейтін суреттерді белгілеп
көрсетеді;
- иемденуші және өндіруші шаруашылықтар арасындағы
айырмашылықты сипаттайды.
26
Бөлімше 3.4 Көрнекті тарихи тұлғалар және мәдениет қайраткерлері
Оқу мақсаты 2.3.4.1 Әл-Фарабидің ғылымның дамуына қосқан үлесі туралы
әңгімелеу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Ғылым саласындағы Әл- Фарабидің үлесі туралы
әңгімелейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы.
• Әл-Фараби қандай ғылымдарды зерттеген? Кестеге жаз.
Дескриптор Білім алушы
- Әл-Фараби үлес қосқан ғылым салаларын анықтайды.
Әл-Фараби грек, араб тілдерін жетік меңгерген. Ол бүкіл ғұмырын оқу-
білімге, ғылымға арнаған. Жас кезінде көп уақытын Отырардың бай
кітапханасында өткізеді. Ол кейбір кітаптарды түсіну үшін 100-200 рет
қайталап оқыған көрінеді. Ол ғылым - білім іздеп көптеген елдерді аралаған.
Ол ғылымның астрономия, математика, логика, музыка, медицина,
психология, тіл білімі, философия салалары бойынша жүз елуге тарта
еңбектер жазған.
27
Бөлімше 3.3 Қазақстан тарихындағы маңызды оқиғалар
Оқу мақсаты 2.3.3.1 Ботай мәдениетінің ерекшеліктерін сипаттау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Ботай мәдениеті туралы әңгімелейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Ботай мәдениетінің ерекшеліктерін білдіретін сөйлемдерді белгіле ().
• Белгіленген сөйлемдер мен суреттерді пайдалана отырып, ботайлықтардың
мәдениеті туралы әңгімеле.
Дескриптор Білім алушы
- Ботай мәдениеті туралы берілген сөйлемдерді анықтайды;
- Ботай мәдениеті туралы әңгімелейді.
Жылқы қолға алғаш рет осы жерде үйретілген.
Аттила - ғұн империясының ұлы қолбасшысы.
Ботайлықтар қыштан түрлі ыдыстар жасаған.
Адамдар ең алдымен итті қолға үйретті.
Қоныстары дөңгелек пішінді болған және оны
ағаштан, тастан, саз балшықтан жасаған.
Етті арнайы жасалған үңгірлерде сақтаған.
28
4-тоқсан
Бөлім: «Елімнің табиғаты»
Бөлімше 2.1 Жергілікті жерде бағдарлану
Оқу мақсаты 2.2.1.1. Тұсбағдар көмегімен көкжиек бағыттарын анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Көкжиектің бағыттарын тұсбағдардың көмегімен
ажыратады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
• Көкжиектің тұстарын анықтайтын құралды белгіле () және атауын жаз.
• Тұсбағдарды қолыңа алып, мектеп ауласына шық. Тұсбағдардың
көмегімен көкжиектің негізгі тұстарын анықта. Көкжиек тұстарында орналасқан ірі
нысандарды атай отырып, сөйлемдерді толықтырып айт.
1. Менің солтүстік жағымда __________________ орналасқан.
2. Шығыста ___________________________ бар.
3. Батысқа қарай жүрсем алдымда ___________________ кездеседі.
4. Оңтүстік жақта __________________________ бар.
Дескриптор Білім алушы
- көкжиек бағыттарын анықтайтын құралды белгілейді және
атауын жазады;
- тұсбағдардың көмегімен көкжиектің негізгі тұстарын
анықтайды;
- көкжиектің негізгі тұстарында орналасқан нысандарды
атайды.
29
Бөлімше 2.2 Климат және ауа-райы
Оқу мақсаты 2.2.2.1 Ауа-райының адам өмірі мен шаруашылық іс-
әрекетіне оң және кері әсерін талдау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Ауа райының шаруашылыққа тиігізетін әсері туралы
әңгімелейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Шаруашылыққа кері әсер ететін ауа райы бейнеленген суреттерді белгіле ().
• Қолайсыз ауа райы шаруашылыққа қалай әсер етеді? Оның қандай зардаптары бар?
Әр түрлі ақпарат көздерінен жауап ізде. Ол туралы сыныптастарыңмен бөліс.
Дескриптор Білім алушы
- шаруашылыққа кері әсер ететін ауа-райы бейнеленген суреттерді
белгілейді;
- қолайсыз ауа райының шаруашылыққа тигізетін зардаптары
туралы айтады.
30
Бөлімше 2.3 Табиғи жағдайлар және олардың әсері
Оқу мақсаты 2.2.3.1 Ірі табиғи нысандардың (тау, жазық, көлдер мен
өзендер) шаруашылық маңызын анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Табиғи нысандардың түрлерін ажыратады
• Табиғи нысандардың шаруашылыққа тигізетін
маңызын сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Суреттегі табиғи нысандардың атауларын жаз.
• Адамдар бұл нысандарды қандай мақсатта қолданады? Тірек сөздердің көмегімен
әңгімеле.
1. Жазық жерлер ...
2. Таулы жерлер...
3. Өзеннің суы ...
Тірек сөздер: демалыс орындары, егін шаруашылығы, ауыз су, мал шаруашылығы, егістікті
суару, бау-бақша.
Дескриптор Білім алушы
- табиғи нысандардың атауын жазады;
- жазық жерлердің шаруашылық маңызын әңгімелейді;
- таулы жерлердің шаруашылық маңызын әңгімелейді;
- өзендердің шаруашылық маңызын әңгімелейді.
31
Бөлімше 2.3 Табиғи жағдайлар және олардың әсері
Оқу мақсаты 2.2.3.2 Өз өңіріндегі табиғи жағдайлардың (жер бедері, климат,
өсімдік және жануарлар әлемі, су нысандары) оң және
кері тұстарын талдау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Табиғи жағдайлардың шаруашылық үшін әсерін
сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Қазақстанның физикалық картасына мұқият қара. Карта арқылы Қазақстанның
батысы мен орталық бөлігіндегі адамдар қандай шаруашылықпен айналысқанын болжап
көр. Болжамды қандай табиғи жағдайларға сүйеніп жасадың?
• Сен тұратын жердің табиғи жағдайлары қандай? Өз өңіріңнің табиғи жағдайлары
туралы ақпарат жина және кестеге түсір.
Менің өлкем
Жер бедері Климаты Су нысандары Өсімдіктер мен
жануарлар әлемі
Олар қандай шаруашылық түрін дамытуға қолайлы? Әңгімеле.
Дескриптор Білім алушы
- картаға сүйеніп болжам жасайды;
- өз өңірінің табиғи жағдайлары туралы ақпарат жинайды;
- өз өлкесіндегі табиғи жағдайлардың шаруашылық үшін әсерін
сипаттайды.
32
Бөлімше
Оқу мақсаты
2.3 Табиғи жағдайлар және олардың әсері
2.2.3.3 Табиғаттың қолайсыз жқәнауеіпті құбылыстарын
жіктеу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Қауіпті және қолайсыз табиғи құбылыстарды
ажыратады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Суреттерді сәйкес тұжырымдармен байланыстыр.
• Тағы қандай қолайлы және қолайсыз табиғи құбылыстарды білесің?
• Өрт болған жағдайда қандай сақтық ережелерін ұстану керек? Жұпта ой бөліс.
Дескриптор Білім алушы
- табиғи апаттарды анықтайды;
- қолайсыз табиғи құбылыстарды анықтайды;
- қолайлы және қолайсыз табиғи құбылыстарға мысал келтіреді;
- өртке қатысты сақтық ережелерін әңгімелейді.
33
Бөлім: Мен және қоғам
Бөлімше 1.3 Менің атамекенім
Оқу мақсаты 2.1.3.1 Өз зерттеулеріне сүйене отырып, тұрғылықты
жерінің көрікті жерлерін сипаттау және бейнелеу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тұрғылықты жерінің көрікті орындарын
сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Ұзақ мерзімді жұптық жұмыс
• Сен тұратын жерде қандай көрікті жерлер бар? Сол жерлер туралы зерттеу жаса.
Зерттеу жоспары:
- Тұрғылықты жеріңдегі көрікті орындардың бірін таңдап ал.
- Оның атауы, тарихы, ерекшелігі туралы ақпарат жина.
- Көрікті орындарды фотоға түсір немесе суреттерін сал.
- Жинаған ақпараттарың бойынша кітапша немесе фотоколлаж жаса.
- Жасаған жұмысыңның негізінде өзің зерттеген көрікті орындарды сипаттап айт.
Кітапша үлгісі:
Дескриптор Білім алушы
- тұрғылықты жерінің көрікті орындарын анықтайды;
- көрікті жерлер туралы ақпарат жинақтайды;
- зерттеу нәтижесін бейнелеп көрсетеді;
- тұрғылықты жерінің көрікті орындарын сипаттап айтады.
34
Бөлімше 2.4 Туризм
Оқу мақсаты 2.2.4.1 Туризмнің негізгі түрлерін ажырату
Бағалау критерийі Білім алушы
• Туризмнің негізгі түрлерін атайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы.
• Суреттерге мұқият қара. Мәтінге сүйеніп, суретте бейнеленген туризм түрлерін
анықтап жаз.
______________________ ____________________
_____________________ _______________________
• Сен қай жерлерге турист болып бардың? Ол туралы не айта аласың?
Дескриптор Білім алушы
- туризмнің түрлерін ажыратады;
- өз саяхаты туралы әңгімелейді.
Туризм дегеніміз - адамдардың өзі тұратын жерден әр түрлі мақсатпен
басқа жерлерге уақытша сапарға шығуы. Туризм саяхатқа шыққан
адамның мақсатына қарай демалу, танымдық, емдік-сауықтыру, іскерлік,
спорттық сияқты бірнеше түрлерге бөлінеді. Саяхатқа шыққан адамды
турист дейді.
35
Бөлімше 2.4 Туризм
Оқу мақсаты 2.2.4.2 Зерттеу негізінде Қазақстанда туризмнің түрлерін
дамытуға қолайлы нысандарды анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Қазақстандағы танымал туристік нысандарды атайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Суретте қандай туристік нысандар бейнеленген. Атауларын жаз.
________________________ _______________________
_______________________ _________________________
Жұптық жұмыс
Қазақстанда саған таныс қандай туристік нысанды білесің? Туристерді сол жерге тарту
үшін жарнама жаса.
Дескриптор Білім алушы
- бейнеленген туристік нысандарды ажыратады;
- туристік орындарға жарнама жасайды.
36
Бөлімше 2.4 Туризм
Оқу мақсаты 2.2.4.3 Туристік нысандардың ерекшеліктерін сипаттау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Туристік нысандардың ерекшеліктері туралы
әңгімелейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Топтық жұмыс
Суреттегі нысандардың бірі туралы деректер жинақтап, кестеге түсіріңдер.
Медеу мұз айдыны Балқаш көлі
Шарын шатқалы Қорқыт ата кесенесі
Нысанның атауы Орналасқан жері Сипаттамасы
• Кестеге сүйеніп, аталған нысанды сипаттап айт.
Дескриптор Білім алушы
- берілген нысандар туралы ақпарат жинақтайды;
- ақпараттың негізінде нысанды сипаттайды.
37
Бөлімше 3.1 Ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер
Оқу мақсаты 2.3.1.2 Түрлі дереккөздерді зерделеу арқылы көне қалалар
мен ескерткіштерді сипаттау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Дереккөздерге сүйеніп, көне қалалар мен
ескерткіштерді сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Суреттерге мұқият қара. Берілген ақпаратқа сүйеніп, көне қалаларды сипатта.
Ежелгі Тараз қаласы Отырар қаласының орны
Қазіргі
атауы
Бұрынғы
атаулары
Орналасқан жері Сипаты
Тараз Әулие Ата
Мирзоян
Жамбыл
Жамбыл
облысының
орталығы
Ұлы Жібек жолының бойында
орналасқан. 2000 жылдан артық
тарихы бар. Қалада көне
кесенелер, мешіттер, ескі монша
бар.
Отырар Тұрарбанд
Тұрар
Тарбанд
Фараб
Оңтүстік Қазақстан
облысы
Сауда жолындағы маңызды
қала болған. Ірі кітапханалары
мен мешіттері бар болған.
Шапқыншылықтан қирап
қалған. Қазір орны бар.
Дескриптор Білім алушы
- көне қаланы сипаттап айтады;
- тірек сөздерді орынды қолданады.
38

Комментарии:
Сабақ жоспарлары барлық пәннен ҚМЖ, ОМЖ, ҰМЖ | Планы КСП ССП ДСП
Электронная почта: [email protected] Ватсап: 8(707) 403-01-01 © 2020-2021