Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде емес) 1-сынып. Қалыптастырушы бағалау бойынша тапсырмалар жинағы
Қалыптастырушы бағалау бойынша тапсырмалар жинағы
Қазақ тілі
(оқыту қазақ тілінде емес)
1-сынып
Құрметті мұғалім!
Аталған тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге көмек құралы ретінде құрастырылды. Бұл мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі. Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, оқу мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып табылады.
Жинақтың ұсынылған сипаты сізге білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін есепке ала отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуіңізге, бейімдеуіңізге мүмкіндік береді.
Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.), форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз.
Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!
Жинақ бастауыш мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық емес мақсатта құрастырылған.
2
Мазмұны
1-тоқсан ............................................................................................................................................... 4
Бөлім: «Тыңдалым» ........................................................................................................................ 4
Бөлім: «Айтылым» ......................................................................................................................... 7
Бөлім: «Жазылым» ....................................................................................................................... 10
Бөлім: «Тілдік дағдылар» ............................................................................................................ 11
2-тоқсан ............................................................................................................................................. 15
Бөлім: «Тыңдалым» ...................................................................................................................... 15
Бөлім: «Айтылым» ....................................................................................................................... 19
Бөлім: «Оқылым» ......................................................................................................................... 23
Бөлім: «Тілдік дағдылар» ............................................................................................................ 25
3-тоқсан ............................................................................................................................................. 29
Бөлім: «Тыңдалым» ...................................................................................................................... 29
Бөлім: «Айтылым» ....................................................................................................................... 33
Бөлім: «Оқылым» ......................................................................................................................... 38
Бөлім: «Жазылым» ....................................................................................................................... 42
Бөлім: «Тілдік дағдылар» ............................................................................................................ 45
4-тоқсан ............................................................................................................................................. 48
Бөлім: «Тыңдалым» ...................................................................................................................... 48
Бөлім: «Айтылым» ....................................................................................................................... 50
Бөлім: «Оқылым» ......................................................................................................................... 53
Бөлім: «Жазылым» ....................................................................................................................... 56
Бөлім: «Тілдік дағдылар» ............................................................................................................ 60
3
1-тоқсан
Бөлім: «Тыңдалым»
Бөлімше 1.1. «Тыңдаған материалдың мазмұнын түсіну»
Оқу мақсаты
1.1.1.1 Хабарлау, сұрау мақсатында баяу және анық айтылған сөзді зейін қойып тыңдау, түсіну және тиісінше іс-әрекет жасау (қимыл, ым-ишараны қолдану)
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Сөздің мағынасына қарай қимыл, ым-ишара жасайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Аудиожазбаны мұқият тыңда. Көңіл күйді білдіретін сөздерге сәйкес суретті көрсет. Сөйлемнің мағынасын ым-ишарамен көрсет.
Қуанышты/ Мен қуаныштымын.
Көңілді/ Мен көңілдімін.
Көңілсіз/ Мен көңілсізбін.
Ашулы/ Мен ашулымын.
Ренжулі/ Мен ренжулімін.
Дескриптор
Білім алушы
- сөздің мағынасына сәйкес суретті анықтайды;
- сөйлемнің мағынасын ым-ишара арқылы көрсетеді.
4
Бөлімше 1.3. «Тыңдаған аудио/бейнематериалдың мазмұнын түсіну»
Оқу мақсаты
1.1.3.1 Тыңдаған мәтіннің (ұзақтығы 0,5-1 мин шамасында) мазмұны бойынша мұғалімнің қолдауымен сұрақтарға жауап беру және оған сәйкес фото/сюжетті суреттер/сызбалар таңдау
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді
•Мәтіннің мазмұнына сәйкес иллюстрация/ сурет/сызбаны анықтайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
1-тапсырма
Мәтінді тыңда.
Сұрақтарға жауап бер.
1.Мараттың қандай оқу құралдары бар?
2.Қаламының түсі қандай?
3.Суреттен Мараттың оқу құралдарын тауып, белгіле ().
Дескриптор
Білім алушы
- мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;
- мәтінге сәйкес суреттерді анықтайды.
Мынау – Марат. Ол – оқушы. Оның қаламы, қарындаштары бар. Қаламының түсі көк. Марат қаламмен жазады. Қарындашпен сурет салады.
5
2-тапсырма
Сөйлемдерді тыңда. Сөйлемге сәйкес суретті белгіле ().
1.Мен мектепке барамын.
2.Мен сабақта отырмын.
3.Мен үзіліске шықтым.
4.Мен тамақ іштім.
Дескриптор
Білім алушы
- берілген сөйлемдерге сәйкес суреттерді анықтайды. 6
Бөлім: «Айтылым»
Бөлімше 2.1. «Сөздік қорды толықтыру»
Оқу мақсаты
1.2.1.1 Сөйлеу барысында танысу, өзі туралы айту және затты сипаттау үшін сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс қолдану
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Сөйлеу барысында сипаттау сөздері мен сөзтіркестерін орынды қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Іздермен жүріп отырып, өзің туралы айт.
Дескриптор
Білім алушы
- өзін таныстыруда сипаттау сөздерді қолданады;
- сөйлеу барысында грамматикалық нормаларды сақтайды.
7
Бөлімше 2.3. «Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог)»
Оқу мақсаты
1.2.3.1 Сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және үлгі бойынша жауап беру
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Тақырып бойынша диалогке қатысады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Диалогті мұқият тыңда.
- Мынау не?
- Бұл - сынып.
- Сынып қандай?
- Сынып үлкен.
- Сыныпта не бар?
- Сыныпта ... ...
Жұптық жұмыс
•Суретті пайдаланып, диалогті жалғастыр.
Дескриптор
Білім алушы - диалогті тақырыпқа сәйкес жалғастырады; - суреттің мазмұнына сәйкес сұрақтар құрастырады; - сұхбаттасын түсініп, сұраққа жауап береді; - сөйлеу барысында грамматикалық нормаларды сақтайды. 8
Бөлімше 2.6. «Орфоэпиялық нормаларды сақтау»
Оқу мақсаты
1.2.6.1 Мұғалімнің қолдауымен ә, ө, ү, ұ, і, ң, қ, ғ, һ дыбыстарын артикуляциялау
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Дыбысқа сәйкес әріпті анықтайды
•Төл дыбыстарды дұрыс айтады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
«Артығын тап!» ойыны. Берілген әріптерден суреттегі заттың атауын құрастыр. Артық әріпті қоршап сыз және дыбысты ата.
Дескриптор
Білім алушы
- сөздерді дұрыс құрастырады;
- артық әріпті тауып, сәйкес дыбысты атайды;
- төл дыбыстарды дұрыс айтады.
9
Бөлім: «Жазылым»
Бөлімше 4.1. «Мәтінді түрлі формада ұсыну»
Оқу мақсаты
1.4.1.1 Мұғалімнің қолдауымен тақырыпқа негізделген суреттерді қолданып, шағын мәтін құрастыру
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Сурет бойынша шағын мәтін құрастырады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Сурет бойынша әңгіме құрастыр. Төмендегі сұрақтарды пайдалан.
•Суреттен не көріп тұрсың?
•Бала күшігіне не көрсетіп отыр?
•Күшік не істеді?
•Қарға не айтып тұр деп ойлайсың?
Дескриптор
Білім алушы
- сұрақтарға сүйеніп, сурет бойынша сөйлемдер құрастырады;
- сөйлемдегі сөздерді дұрыс байланыстырады;
- сөйлемдердің байланысын сақтай отырып, мәтін құрастырады.
10
Бөлім: «Тілдік дағдылар»
Бөлімше 5.1. «Грамматикалық нормаларды сақтау»
(лингвистикалық терминдерді қолданбау)
Оқу мақсаты
1.5.1. 1 Мұғалімнің қолдауымен заттың атын/сынын/ санын /іс- қимылын білдіретін сөздерді ауызша тілде қолдану
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Заттың атын білдіретін сөздерді атайды және дұрысқолданады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Суретке мұқият қара. Суреттен кім? не? деген сұрақтарға жауап беретін сөздерді тауып айт. Олармен сөйлем құрастыр.
Дескриптор
Білім алушы
- сурет бойынша заттың атын білдіретін сөздерді анықтайды;
- суреттің мазмұны бойынша зат есімдерді қатыстырып сөйлемдер құрастырады.
11
Бөлімше 5.1. «Грамматикалық нормаларды сақтау»
(лингвистикалық терминдерді қолданбау)
Оқу мақсаты
1.5.1.2* .Мұғалімнің қолдауымен көптік/тәуелдік/ жіктік / септік жалғауларын ауызша тілде қолдану
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Сөйлеу барысында тәуелдік жалғауларын орындықолданады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Суреттерді толықтырып сал. Менің/сенің/ оның сөздерінің біреуін пайдаланып, ұлды немесе қызды таныстыр.
Дескриптор
Білім алушы
- бет-әлпет атауларын дұрыс атайды;
- суретті сипаттап айтады;
- тәуелдік жалғауын дұрыс қолданады.
12
Бөлімше 5.1. «Грамматикалық нормаларды сақтау
(лингвистикалық терминдерді қолданбау)»
Оқу мақсаты
1.5.1.3 *Сөйлеу барысында мұғалім қолдауымен етістіктің шақтарын; бұйрық рай; болымды/болымсыз етістікті қолдану.
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Сөйлеу барысында етістіктің шақтарынорынды пайдаланады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Жақшаның ішінен сөйлемге сәйкес сөзді тауып айт.
1.Кеше Саматтың туған күні (болады, болды).
2.Ертең біз саябаққа (бардық, барамыз)
3.Мен шахмат ойнап (отырмын, отырамын).
Әр сөйлемге сәйкес суретті тап және нөмірін жаз.
.
Дескриптор
Білім алушы
- сөйлемге сәйкес етістікті анықтайды;
- етістіктің шағын дұрыс қолданады;
- сөйлемге сәйкес суретті белгілейді. 13
Бөлімше 5.1. «Грамматикалық нормаларды сақтау
(лингвистикалық терминдерді қолданбау)»
Оқу мақсаты
1.5.1.4 Сөйлеу барысында сілтеу есімдіктерін мұғалімнің қолдауымен дұрыс қолдану
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Сөйлеу барысында сілтеу есімдіктерін орындыпайдаланады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Сурет бойынша «бұл», «мынау», «анау» сөздерін пайдаланып, сөйлемдер құрастырып айт.
Дескриптор
Білім алушы
- суреттегі оқу құралдарын дұрыс атайды;
- сілтеу есімдіктерін орынды пайдаланады;
- сөйлемдерді дұрыс құрастырады.
14
2-тоқсан
Бөлім: «Тыңдалым»
Бөлімше 1.1 «Тыңдаған материалдың мазмұнын түсіну»
Оқу мақсаты
1.1.1.1 Хабарлау, сұрау мақсатында баяу және анық айтылған сөзді зейін қойып тыңдау, түсіну және тиісінше іс-әрекет жасау (қимыл, ым-ишараны қолдану)
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Сөздерді мағынасына қарай орынды қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Өлеңді мұқият тыңда.
•Суреттен өлеңде аталған отбасы мүшелерін тап. Қима қағаздармен белгіле.
*Қима қағаздардың орнына сөзді жазуды ұсынуға да болады.
Дескриптор
Білім алушы
- өлеңде аталған отбасы мүшелерін анықтайды;
- отбасы мүшелерін қима қағаздармен белгілеп көрсетеді.
Ең жақын адамдар
Әкем мен анам бар. Ұлдардың үлкені,
Әкемнің әкесі,Бір туған ағам бар.
Ақ басты атам бар.
Әкемнің шешесі, Қыздардың үлкені,
Ақ шашты әжем бар. Бір туған әпкем бар.
ӘКЕ
АНА
АТА
ӘЖЕ
АҒА
ӘПКЕ
МЕН 15
Бөлімше 1.2. «Сөздердің лексикалық мағынасын түсіну»
Оқу мақсаты
1.1.2.1 Баяу және анық айтылған жиі қолданылатын сөздердің мағынасын түсіну
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Таныс сөздерді атайды және мағынасына қарайқолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Аудиожазбаны мұқият тыңда.
(https://www.youtube.com/watch?v=BsyfFlArDBg&index=1&list=RDBsyfFlArDBg)
Тыңдалым мәтіні:
Бармақ әке, бармақ әке, қайдасың?
Мұндамын, осында.
Қалың қалай?
Бармақ ана, бармақ ана, қайдасың?
Мұндамын, осында.
Қалың қалай?
Бармақ аға, бармақ аға, қайдасың?
Мұндамын, осында.
Қалың қалай?
Бармақ әпке, бармақ әпке, қайдасың?
Мұндамын, осында.
Қалың қалай?
Бармақ бөбек, бармақ бөбек, қайдасың?
Мұндамын, осында.
Қалың қалай?
Отбасы мүшелерін мәтінде аталған реті бойынша нөмірле.
Берілген сөздерді пайдаланып, өз отбасың туралы айт.
Дескриптор
Білім алушы
- мәтінде кездесетін таныс сөздерді атайды;
- суреттерді мәтін мазмұны бойынша ретімен белгілейді;
- отбасы туралы әңгімелеуде таныс сөздерді қолданады.
16
Бөлімше 1.4. «Мәтіндегі негізгі, қосалқы мәліметтерді түсіну»
Оқу мақсаты
1.1.4.1 Мұғалімнің көмегімен тыңдаған материалдың кім/не туралы екенін түсіну.
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Мәтіннің тақырыбын анықтайды
•Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауапбереді
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда.
Сұрақтардың дұрыс жауабын белгіле.
1.Мәтін кім туралы?
А) В) С)
2.Оның шашы қандай?
А) В) С)
3.Ол нені жақсы көреді?
А) В) С)
Дескриптор
Білім алушы
- мәтіннің тақырыбын анықтайды;
- мәтін бойынша түстерді анықтайды;
- мәтінге қатысты ақпаратты табады.
Менің әпкем бар. Менің әпкем әдемі. Оның шашы қара, көзі қоңыр. Әпкем кітап оқуды ұнатады. Әпкем жануарлар туралы кітапты көп оқиды.
17
Бөлімше 1.5. «Тыңдалым материалын болжау»
Оқу мақсаты
1.1.5.1 Мәтіннің тақырыбын иллюстрациясы арқылы болжау
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Иллюстрациясы бойынша мәтіннің мазмұнынболжайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Суреттерге мұқият қара. Бұл мәтін не туралы болуы мүмкін? Әңгіме құрап айт.
Бейнематериалды мұқият қара. (https://www.youtube.com/watch?v=5OVKAobiyIg). Сенің болжауыңа сәйкес пе? Әңгімеле.
Дескриптор
Білім алушы
- суреттерге сүйеніп мәтіннің мазмұнын болжап айтады;
- сөйлем құрылымын сақтайды;
- өз болжауы мен бейнематериалдың ұқсастығын айтады. 18
Бөлім: «Айтылым»
Бөлімше 2.1 «Сөздік қорды толықтыру»
Оқу мақсаты
1.2.1.1 Сөйлеу барысында танысу, өзі туралы айту және затты сипаттау үшін сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс қолдану
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Сөйлеу барысында сипаттау сөздері мен сөзтіркестерін орынды қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда.
Сұрақтарға жауап бер.
•Оның аты кім?
•Ол неше жаста?
•Оның шашы қандай?
•Оның көзі қандай?
•Ол қандай киім киген?
Мәтінге сүйеніп, суреттегі балаларды таныстыр.
Дескриптор
Білім алушы
- мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;
- кейіпкерді таныстыру барысында сипаттау сөздер мен сөз тіркестерін орынды қолданады.
Менің атым – Айдана. Мен жеті жастамын. Менің шашым қара. Менің көзім қоңыр. Менің көйлегім қызыл. Аяқ киімім ақ.
19
Бөлімше 2.2. «Берілген тақырып бойынша сөйлеу»
Оқу мақсаты
1.2.2.1 Сурет/үлгі бойынша хабарлы және сұраулы сөйлемдердің интонациясын дұрыс қойып сөйлеу (1-2 сөйлем)
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Сурет бойынша сөйлемдер құрастырады
•Сөйлеу барысында дауыс ырғағын дұрыс қояды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Сурет бойынша сөйлем құрастырып айт. Дауыс ырғағын сақтап сөйле.
Дескриптор
Білім алушы
- сурет бойынша сөйлемдер құрастырады;
- сөйлеу барысында дауыс интонациясын сақтайды.
20
Бөлімше 2.3. «Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог) »
Оқу мақсаты
1.2.3.1 Сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және үлгі бойынша жауап беру
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Тақырып бойынша диалогке қатысады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Жұптық жұмыс
Сұрақтарды пайдаланып, сурет бойынша диалог құрастыр.
- Суретте қандай отбасы бейнеленген?
- Отбасында неше адам бар?
- Олар кімдер?
Дескриптор
Білім алушы
- сұрақтарға жауап береді;
- диалогті тақырыпқа сәйкес жалғастырады;
- суреттің мазмұнына сәйкес сұрақтар құрастырады;
- сұхбаттасын түсініп, сұраққа жауап береді;
- сөйлеу барысында грамматикалық нормаларды сақтайды.
21
Бөлімше 2.4 «Оқыған/тыңдаған материалды мазмұндау»
Оқу мақсаты
1.2.4.1 Фото/сурет/ қуыршақтарды қолданып шағын мәтінді мазмұндау
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Мәтінді мазмұндауда фото/сурет/қуыршақтардыорынды пайдаланады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда. Мәтінді суреттер/қуыршақтардың көмегімен мазмұнда.
Дескриптор
Білім алушы
- кейіпкерлерді бейнелеуде суреттер/қуыршақтарды пайдаланады;
- мәтіннің мазмұнын жүйелі баяндайды;
- сөйлемдердің құрылымын сақтайды;
- сөйлеу барысында грамматикалық нормаларды сақтайды.
Үсеннің күшігі
Үсен бірінші сыныпта оқиды. Оның Жолбарыс деген күшігі бар. Ол күшігін өте жақсы көреді. Оған кішкентай үйшік жасайды. Ол күшігін үй күзетуге үйретеді.
22
Бөлім: «Оқылым»
Бөлімше 3.1. «Оқу түрлерін қолдану»
Оқу мақсаты
1.3.1.1 Жиі қолданылатын сөздерді тұтас оқу
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Таныс сөздерді тұтас оқиды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Сөздерді оқы және суретпен сәйкестендір.
Дескриптор
Білім алушы
- сөздерді қатесіз оқиды;
- сөздер мен суреттерді сәйкестендіреді. 23
Бөлімше 3.4. «Сұрақтар мен жауаптар құрастыру»
Оқу мақсаты
1.3.4.1 *Мәтін немесе иллюстрация/постер бойынша мұғалімнің қолдауымен қарапайым сұрақтар (кім? не? қандай? қанша?) қою және қысқаша жауап беру
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар қояды жәнежауап береді
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда.
Жұптық жұмыс
Мәтін бойынша жұбыңа сұрақ қой. Жұбыңның қойған сұрағына жауап бер.
Дескриптор
Білім алушы
- мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады;
- мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;
- сөйлемдердің құрылымын сақтайды;
- сұраулы сөйлемнің интонациясын дұрыс қояды.
Арман бірінші сыныпта оқиды. Оның мектебі үлкен. Мектеп үш қабатты. Бірінші қабатта асхана мен спортзал бар. Екінші қабатта кітапхана бар. Арманның сыныбы үшінші қабатта. Ол кең және жарық. 24
Бөлім: «Тілдік дағдылар»
Бөлімше 5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау
(лингвистикалық терминдерді қолданбау)
Оқу мақсаты
1.5.1.1 Мұғалімнің қолдауымен заттың атын/сынын/санын/іс-қимылын білдіретін сөздерді ауызша тілде қолдану
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Заттың атын білдіретін сөздерді атайды
•Заттың сынын білдіретін сөздерді орындықолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Суретте бейнеленген заттарды ата. Олар қандай? Сипаттап айт.
Дескриптор
Білім алушы
- суретте бейнеленген заттарды атайды;
- заттарды дұрыс сипаттап айтады ( түсін/ дәмін/ көлемін/пішінін).
25
Бөлімше 5.1. «Грамматикалық нормаларды сақтау
(лингвистикалық терминдерді қолданбау)»
Оқу мақсаты
1.5.1.2 Мұғалімнің қолдауымен көптік/тәуелдік/ жіктік/ септік жалғауларын ауызша тілде қолдану
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Көптік жалғауларын орынды қолданады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Суреттегі жануарларды ата. Оларды көпше түрде айт. Суретке сәйкес қосымшаны тауып, байланыстырып сыз.
Дескриптор
Білім алушы
- жануарларды дұрыс атайды;
- сөздерді көпше түрде айтады;
- суретке сәйкес көптік жалғауын анықтап, сәйкестендіреді.
26
Бөлімше 5.1. «Грамматикалық нормаларды сақтау
(лингвистикалық терминдерді қолданбау)»
Оқу мақсаты
1.5.1.4 Сөйлеу барысында сілтеу есімдіктерін мұғалімнің қолдауымен дұрыс қолдану
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Сөйлеу барысында сілтеу есімдіктерін орындыпайдаланады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Суретке мұқият қара. Сөйлемдерді оқы.
«Анау» және «мынау» сөздерін қолданып, сурет бойынша сөйлем құрастырып айт.
Дескриптор
Білім алушы
- сөйлемдерді қатесіз оқиды;
- суреттер бойынша сөйлемдер құрастырады;
- «анау» сөзін орынды қолданады;
- «мынау» сөзін орынды қолданады.
27
Бөлімше 5.1. «Грамматикалық нормаларды сақтау
(лингвистикалық терминдерді қолданбау)»
Оқу мақсаты
1.5.1.5 Мұғалім қолдауымен сөз тіркестері/ сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін дұрыс қолдану
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Сөздерден сөйлем құрастырады
•Сөйлемнің құрылымын сақтайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Қима сөздерден сөйлем құрастыр. Оны сәйкес суретпен байланыстырып сыз.
Дескриптор
Білім алушы
- сөйлемдегі сөздердің ретін анықтайды;
- қима сөздерден сөйлем құрастырады;
- сөйлемдерді сәйкес суреттермен байланыстырады.
28
3-тоқсан
Бөлім: «Тыңдалым»
Бөлімше 1.3 «Тыңдаған аудио/бейнематериалдың мазмұнын түсіну»
Оқу мақсаты
1.1.3.1 Тыңдаған мәтіннің (ұзақтығы 0,5-1 мин шамасында) мазмұны бойынша мұғалімнің қолдауымен сұрақтарға жауап беру және оған сәйкес фото/сюжетті суреттер/сызбалар таңдау
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауапбереді
•Мәтіннің мазмұнына сәйкес иллюстрация/сурет/
сызбаны анықтайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
«Ұсқынсыз балапан» мультфильмін
( https://www.youtube.com/watch?v=qafXdmFsTbE) мұқият қара. Мазмұны бойынша суреттердің ретін анықта.
Сұрақтарға жауап бер.
1.Жұмыртқадан қандай балапан шықты?
2.Ана үйрек пен әке үйрек неге ашуланды?
3.Балапан неге жылады?
4.Ұсқынсыз балапан неге бақытты?
Дескриптор
Білім алушы
- мәтіндегі сюжеттің ретін дұрыс анықтайды;
- мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.
29
Бөлімше 1.2. «Сөздердің лексикалық мағынасын түсіну»
Оқу мақсаты
1.1.2.1 Баяу және анық айтылған жиі қолданылатын сөздердің мағынасын түсіну
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Таныс сөздерді атайды және мағынасына қарайқолданады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Өлеңді мұқият тыңда. Таныс сөздерді ата. Олармен сөйлем құрастыр.
Қаламызда көліктің
Алуан түрі табылар.
Ұшақ пенен кемелер
Автобустар тағы бар.
Велосипед мініп ап,
Жолды кесіп шаппаймын.
Жолда жүру тәртібін
Мен осылай сақтаймын.
Суреттен мәтінде айтылған көліктерді тауып, белгіле ().
Дескриптор
Білім алушы
- мәтіндегі таныс сөздерді атайды;
- таныс сөздерді қатыстырып сөйлем құрастырады;
- мәтінде аталған көліктерді белгілеп көрсетеді.
30
Бөлімше 1.5. «Тыңдалым материалын болжау»
Оқу мақсаты
1.1.5.1 Мәтіннің тақырыбын иллюстрациясы арқылы болжау
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Иллюстрациясы бойынша мәтіннің мазмұнынболжайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Кішкентай автобус Тайо туралы мультфильмнің (https://kaztube.kz/video/117635) үзіндісін (басынан 5 минут 17 секунд аралығын) көр.
•Мұғалімнің оқыған сөйлемдерін мұқият тыңда. Суреттерді сөйлеммен сәйкестендіріп,ретін анықта. Цифрмен белгіле.
1.Жеңіл көлік Алмаз бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетті.
2.Кішкентай автобустар әдемі жеңіл көлікті көрді.
3.Кішкентай автобус Тайо жеңіл көлік Алмазбен танысты.
•Ары қарай не болады деп ойлайсың? Оқиғаны жалғастырып айт.
Дескриптор
Білім алушы
- сөйлемдерге сәйкес суреттердің ретін анықтайды;
- оқиғаның соңын болжап айтады;
- сөйлеу барысында грамматикалық нормаларды сақтайды.
31
Бөлімше 1.4. «Мәтіндегі негізгі, қосалқы мәліметтерді түсіну»
Оқу мақсаты
1.1.4.1 Мұғалімнің қолдауымен тыңдаған материалдың кім/не туралы екенін түсіну
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Мәтіннің тақырыбын анықтайды
•Тыңдаған мәтінге қатысты ақпаратты анықтайды
Ойлау дағдыларының
Деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда.
•Мәтін не туралы?
•Мәтінге сәйкес суретті тауып, боя.
Дескриптор
Білім алушы
- мәтіннің тақырыбын атайды;
- мәтінге сәйкес суретті анықтайды;
- суретті сипатына сәйкестендіріп бояйды. Мынау - жеңіл көлік. Жеңіл көлік жолда жүреді. Жеңіл көліктің түсі қызыл. Дөңгелектері қара. Терезелері көгілдір.
32
Бөлім: «Айтылым»
Бөлімше 2.2. «Берілген тақырып бойынша сөйлеу»
Оқу мақсаты
1.2.2.1 Сурет/үлгі бойынша хабарлы және сұраулы сөйлемдердің интонациясын дұрыс қойып сөйлеу (1-2 сөйлем)
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Сурет бойынша сөйлемдер құрастырады
•Сөйлеу барысында дауыс ырғағын дұрыс қояды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Сөздерді оқы. Суретке қатысты сөздердің астын сыз.
•Суретті пайдаланып, кейіпкердің атынан сөйлем құрастырып айт.
Дескриптор
Білім алушы
- сөздерді дұрыс оқиды;
- суретке қатысты сөздерді анықтайды;
- суретке қатысты сөздермен сөйлем құрастырады;
- сөйлеу барысында дауыс интонациясын сақтайды.
Шалқан, үлкен, шал, көлік, кемпір, немере, зымыран, ит, үйрек, мысық, тартады, тышқан, үй, оқиды, өседі.
33
Бөлімше 2.3 «Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог)»
Оқу мақсаты
1.2.3.1 Сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және үлгі бойынша жауап беру
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Тақырып бойынша диалогке қатысады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Жұптық жұмыс
Диалогті рөлмен оқы.
•Үлгіге сүйеніп, диалогті жалғастыр.
Дескриптор
Білім алушы
- диалогті рөлмен оқиды;
- тақырыпқа сәйкес сұрақ қояды;
- сұхбаттасының сұрағына жауап береді;
- сөйлеу барысында грамматикалық нормаларды сақтайды.
34
Бөлімше 2.4. «Оқыған/тыңдаған материалды мазмұндау»
Оқу мақсаты
1.2.4.1 Фото/сурет/ қуыршақтарды қолданып шағын мәтінді мазмұндау
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Мәтінді мазмұндауда фото/сурет/
қуыршақтарды пайдаланады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Суреттерді пайдаланып, сөйлемдерді аяқта.
•Кейіпкерлердің суреттерін/қуыршақтарын пайдаланып, ертегіні жалғастырып айт.
Дескриптор
Білім алушы
- суретке сүйеніп, сөйлемдерді толықтырады;
- ертегінің мазмұнын жүйелі баяндайды;
- сөйлеу барысында суреттер/қуыршақтарды орынды қолданады;
- сөйлемдердің құрылымын сақтайды.
35
Бөлімше 2.5. «Оқыған/тыңдаған материал бойынша пікір білдіру»
Оқу мақсаты
1.2.5.1 Оқыған/тыңдаған материал туралы «дұрыс/дұрыс емес», «ұнайды/ұнамайды» үлгісінде қарапайым пікірін білдіру
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Тыңдаған/оқыған мәтінге қатысты ойын айтады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Жануарлар туралы мәтіндерді оқы. Қай мәтін ұнайды? Қай мәтін ұнамайды? Неліктен?
•Сөйлемді толықтырып айт.
Маған ___________туралы мәтін ұнайды, өйткені ______________.
Дескриптор
Білім алушы
- мәтінді қатесіз оқиды;
- кейіпкерге қатысты пікірін айтады;
- өзінің ойын дәлелдейді.
36
Бөлімше 2.6 «Орфоэпиялық нормаларды сақтау»
Оқу мақсаты
1.2.6.1 Мұғалімнің қолдауымен ә, ө, ү, ұ, і, ң, қ, ғ, һ дыбыстарын артикуляциялау
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Төл дыбыстары бар сөздерді дұрыс айтады
Тапсырма
Суретке қара. Берілген әріптерден төлдің атауын құрастырып айт.
Дескриптор
Білім алушы
- берілген дыбыстардан сөзді дұрыс құрастырады;
- төл дыбыстарды дұрыс айтады.
37
Бөлім: «Оқылым»
Бөлімше 3.3. «Мәтіннің жанрлары мен түрлерін анықтау»
Оқу мақсаты
1.3.3.1 Мәтіннің жанрын (санамақ, тақпақ, жаңылтпаш, жұмбақ, ертегі ) ажырату
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Мәтіннің жанрын анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді оқы. Сұрақтарға жауап бер.
•Бұл қандай мәтін? Өлең бе, ертегі ме?
•Ертегі екенін қалай анықтауға болады?
Дескриптор
Білім алушы
- сурет пен сөздерді дұрыс байланыстырып, сөйлемдерді қатесіз оқиды;
- мәтіннің жанрын анықтайды.
38
Бөлімше 3.4. «Сұрақтар мен жауаптар құрастыру»
Оқу мақсаты
1.3.4.1 *Мәтін немесе иллюстрация/постер бойынша мұғалімнің қолдауымен қарапайым сұрақтар (кім? не? қандай? қанша?) қою және қысқаша жауап беру
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Мәтін бойынша сұрақтар құрастырады және жауапбереді
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
1-тапсырма
Мәтінді оқы.
•Мәтін бойынша сұрақтар құрастыр.
•Жұбыңның құрастырған сұрақтарына жауап бер.
Дескриптор
Білім алушы
- мәтінді қатесіз оқиды;
- мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады;
- мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;
- сұраулы сөйлемнің интонациясын сақтап сөйлейді;
- сөйлем құрылымын дұрыс сақтайды.
Менің атым – Жансая. Мен жеті жастамын. Мен жазда Астанаға барамын. Астана - әдемі қала. Астанада көп жаңа үйлер бар. Астанада менің атам мен әжем тұрады. 39
2-тапсырма
Суретке мұқият қара. Кім? Не? Қандай? Қанша? сұрақтарын пайдаланып, сурет бойынша сұрақ қой. Жауаптарын кестеге жаз.
Қанша?
Қандай?
Кім? Не?
бір
қызыл
пойыз
Дескриптор
Білім алушы
- сурет бойынша сұрақтар қояды;
- сұрақтарды орынды қолданады;
- кестеге сөздерді дұрыс жазады.
40
Бөлімше 3.5. «Түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты алу»
Оқу мақсаты
1.3.5.1 Иллюстрациялы шағын мәтіннен мұғалімнің қолдауымен қажетті ақпаратты табу
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Сұрақтардың негізінде қажетті ақпараттыанықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді оқы.
Сұрақтарға жауап бер.
•Мәтінде қандай көліктер туралы айтылады?
•Ұшақтың көңіл күйі қандай болды?
•Ұшаққа нелер көмектесті?
Дескриптор
Білім алушы
- мәтінді суреттермен байланыстыра отырып, қатесіз оқиды;
- мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.
41
Бөлім: «Жазылым»
Бөлімше 4.1. «Мәтінді түрлі формада ұсыну»
Оқу мақсаты
1.4.1.1 Мұғалімнің қолдауымен тақырыпқа негізделген суреттерді қолданып, шағын мәтін құрастыру
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Сурет бойынша шағын мәтін құрастырады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Суреттерге қара. Сенің ойыңша алдымен не болды? Содан соң ше? Дөңгелектің ішіне цифрмен жазып көрсет. Сурет бойынша әңгіме құрастыр.
Дескриптор
Білім алушы
- сюжетті суреттердің ретін анықтайды;
- сурет бойынша жүйелі әңгіме құрастырады;
- сөйлемдердің құрылымын сақтайды;
- сөйлеу барысында грамматикалық нормаларды сақтайды.
42
Бөлімше 4.2. «Тыңдаған/оқыған/көрген материалдың мазмұнын жазу»
Оқу мақсаты
1.4.2.1 Оқыған/ аудио/бейнематериалдарда кездескен таныс атауларды жазу
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Тыңдаған/ оқыған/ көрген материалдардың негізіндезаттардың атауларын жазады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Ертегі кейіпкерлерінің атауын жаз. Оларды боя.
Дескриптор
Білім алушы
- ертегі кейіпкерлерінің атауын дұрыс жазады;
- сөздерді сауатты, көркем жазады.
43
Бөлімше 4.4. «Каллиграфиялық дағдыларын дамыту»
Оқу мақсаты
1.4.4.1 Бас әріптер мен кіші әріптерді дұрыс байланыстырып, көркем жазу
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Каллиграфиялық талаптарды сақтап жазады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Суреттегі көлік атауларын жаз.
Дескриптор
Білім алушы
- көлік атауларын сауатты жазады;
- әріптерді бір-бірімен дұрыс байланыстырып салады;
- әріптердің көлбеулігін сақтап, көркем жазады.
44
Бөлім: «Тілдік дағдылар»
Бөлімше 5.1. «Грамматикалық нормаларды сақтау
(лингвистикалық терминдерді қолданбау)»
Оқу мақсаты
1.5.1.1 Мұғалімнің қолдауымен заттың атын/сынын /санын/іс-қимылын білдіретін сөздерді ауызша тілде қолдану
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Заттың атын білдіретін сөздерді атайды
•Заттың қимылын білдіретін сөздерді орындықолданады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Суретте бейнеленген көліктерді ата. Олар қалай қозғалады? Сөйлем құрастыр.
Дескриптор
Білім алушы
- суретте бейнеленген көліктерді атайды;
- көліктердің қозғалысын сипаттап айтады;
- суреттермен сөйлем құрастырады;
- заттың қимылын білдіретін сөздерді орынды қолданады.
45
Бөлімше 5.1. «Грамматикалық нормаларды сақтау
(лингвистикалық терминдерді қолданбау)»
Оқу мақсаты
1.5.1.4 Сөйлеу барысында сілтеу есімдіктерін мұғалімнің қолдауымен дұрыс қолдану
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Сөйлеу барысында сілтеу есімдіктерін орындықолданады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Суретке мұқият қара. Үлгі бойынша сөйлемдер құрастырып айт.
Үлгі: Мына жеңіл көлік - көк, ал анау автобус - жасыл.
Мына жедел жәрдем көлігі - ақ, ал анау _________ _________.
Мына _________ _______, ал анау____________ __________.
Дескриптор
Білім алушы
- суретте бейнеленген көліктерді атайды;
- сөйлем құрастыруда қажетті сілтеу есімдіктерін қолданады;
- сөйлемдерді дұрыс құрастырады.
46
Бөлімше 5.1. «Грамматикалық нормаларды сақтау
(лингвистмкалық терминдерді қолданбау)»
Оқу мақсаты
1.5.1.3 Сөйлеу барысында мұғалім қолдауымен етістіктің шақтарын; бұйрық рай; болымды/болымсыз етістікті қолдану
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Сөйлеу барысында болымды, болымсызетістіктерді дұрыс қолданады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Үлгі бойынша суреттерді тиісті сөздермен сәйкестендір және түсіндір.
Үлгі: Жеңіл көлік жүзбейді/ұшпайды, өйткені ол жолда жүреді.
Дескриптор
Білім алушы
- суреттерді болымсыз етістіктермен дұрыс сәйкестендіреді;
- өз жауабына дәлелді пікір айтады. 47
4-тоқсан
Бөлім: «Тыңдалым»
Бөлімше 1.4 «Мәтіндегі негізгі, қосалқы мәліметтерді түсіну»
Оқу мақсаты
1.1.4.1 Мұғалімнің қолдауымен тыңдаған материалдың кім/не туралы екенін түсіну
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Мәтіннің тақырыбын анықтайды
•Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауапбереді
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Әли мен Айяның бақшаға баруы туралы бейнематериалды (http://balapan.kaztrk.kz/kz/archive/cartoons/qazir_efirde/ali_aia/267154) мұқият қара.
Сұрақтарға жауап бер.
1.Оқиға кімдер туралы?
2.Әли мен Айя атасымен қайда барды?
3.Балалар бақшада не көрді?
4.Қияр не істеді?
5.Әли мен Айя кімге көмектесті?
6.Атасы себетке не салды?
Дескриптор
Білім алушы
- мәтіннің тақырыбын анықтайды,
- бейнематериалдың негізінде сұрақтарға жауап береді;
- сөйлеу барысында грамматикалық нормаларды сақтайды.
48
Бөлімше 1.5 «Тыңдалым материалын болжау»
Оқу мақсаты
1.1.5.1 Мәтіннің тақырыбын иллюстрациясы арқылы болжау
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Иллюстрациясы бойынша мәтіннің мазмұнынболжайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Суретке мұқият қара. Сұрақтарға жауап бер.
•Суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген?
•Ауа райы қандай?
•Әжейге не болды?
•Балалар не істеді?
•Әрі қарай не болады деп ойлайсың?
Дескриптор
Білім алушы
- сурет бойынша сұрақтарға жауап береді;
- оқиғаның соңын болжап айтады.
49
Бөлім: «Айтылым»
Бөлімше 2.2 «Берілген тақырып бойынша сөйлеу»
Оқу мақсаты
1.2.2.1 Сурет/үлгі бойынша хабарлы және сұраулы сөйлемдердің интонациясын дұрыс қойып сөйлеу (1-2 сөйлем)
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Сурет бойынша сөйлемдер құрастырады
•Сөйлеу барысында дауыс ырғағын дұрыс қояды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Суретте кімдер бейнеленген? Сурет бойынша сөйлемдер құрастыр. Суретте қандай көрініс бейнеленген деп ойлайсың? Cуретке ат қой.
Дескриптор
Білім алушы
- сурет бойынша сөйлемдер құрастырады;
- суретке қатысты ойын айтады;
- сөйлеу барысында дауыс ырғағын сақтайды;
- суретке тақырып қояды.
50
Бөлімше 2.5 «Оқыған/тыңдаған материал бойынша пікір білдіру»
Оқу мақсаты
1.2.5.1 Оқыған/тыңдаған материал туралы «дұрыс/дұрыс емес», «ұнайды/ұнамайды» үлгісінде қарапайым пікірін білдіру
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Тыңдаған/оқыған мәтінге қатысты ойын айтады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда. Сұрақтарға жауап бер.
•Рысбек не істеді?
•Ол нені көрді?
•Рысбек алманы қалай алғысы келді?
•Рысбек неге жылады?
•Оның жасаған ісі дұрыс па? Неліктен?
Дескриптор
Білім алушы
- мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді;
- кейіпкердің әрекетіне қатысты ойын айтады;
- өз ойына дәлелді пікір айтады.
Соңғы алма
Күз айы. Рысбек ауладағы жапырақтарды жинап жүрді. Бір кезде ағаш басындағы жалғыз алманы көрді. Алманы алғысы келді. Ол бұтаққа шықты. Бұтақ сынып кетті. Рысбек ағаш түбіндегі кірпінің үстіне құлады. Ол жылап қалды. Үзіліп түскен алманы кірпі алып кетті.
51
Бөлімше 2.6 «Орфоэпиялық нормаларды сақтау»
Оқу мақсаты
1.2.6.1 Мұғалімнің қолдауымен ә, ө, ү, ұ, і, ң, қ, ғ, һ дыбыстарын артикуляциялау
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Төл дыбыстары бар сөздерді дұрыс айтады
•Төл дыбыстары бар сөздерді жазады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып жаз. Сөздерді оқы.
Дескриптор:
Білім алушы
- көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қояды;
- төл дыбыстарды дұрыс айтады;
- сөздерді қатесіз жазады. 52
Бөлім: «Оқылым»
Бөлімше 3.2. «Мәтіннің мазмұнын түсіну»
Оқу мақсаты
1.3.2.1 Шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздердің мағынасын түсіну
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Сөздерді мағынасына қарай қолданады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді көп нүктенің орнына жақшадағы сөздердің тиістісін қойып, түсініп оқы.
•Тағы қандай дене мүшелері сөзге араласты деп ойлайсың?
Дескриптор
Білім алушы
- жақшадағы сөздердің тиістісін қойып оқиды;
- ертегіні ары қарай жалғастырып айтады;
- сөйлеу барысында сөздерді мағынасына сәйкес қолданады.
Бір күні ауыз, қол, мұрын, аяқ, құлақ, көз бәрі дауласады.
Құлақ айтады:
- Адамға мен пайдалымын. Адам құлақпен ... (иісті сезеді, естиді).
- Жоқ, мен пайдалымын, -дейді көз, - Адам көзбен ... (көреді, жүреді).
- Бәріңнен біз пайдалымыз! - дейді аяқтар, - Адам аяқпен ... (ұстайды, жүреді).
53
Бөлімше 3.3 «Мәтіннің жанрлары мен түрлерін анықтау»
Оқу мақсаты
1.3.3.1 Мәтіннің жанрын (санамақ, тақпақ, жаңылтпаш, жұмбақ, ертегі ) ажырату
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Мәтіннің жанрын анықтайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді оқы. Сұрақтарға жауап бер.
•Сенің ойыңша, бұл қандай мәтін? Әңгіме ме, ертегі ме?
•Оны қандай сөздерден білуге болады? Пікіріңді дәлелде.
Дескриптор
Білім алушы
- мәтіннің жанрын атайды;
- мәтіннен жанрды нақтылайтын сөздерді табады.
Ертеде кітап пен қалам дос болады. Бір күні қалам көңілсіз жүреді. Кітап досына қызықты суреттерін көрсетеді. Суреттер қаламға ұнайды. Қалам көңілденеді.
54
Бөлімше 3.5. «Түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты алу»
Оқу мақсаты
1.3.5.1 Иллюстрациялы шағын мәтіннен мұғалімнің қолдауымен қажетті ақпаратты табу
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Сұрақтардың негізінде қажетті ақпараттыанықтайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Сөйлемдерді оқы. Ретін анықтай отырып, мәтін құрастыр.
Мәтіннен төмендегі ақпараттарды тап.
1.Руслан қайда барды?
2.Бақшада нелер өседі?
3.Руслан не істеді?
4.Руслан күнді қалай өткізді?
Дескриптор
Білім алушы
- сөйлемдерді қатесіз оқиды;
- сөйлемдердің ретін анықтай отырып, мәтін құрастырады;
- мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;
- берілген мәтіннен қажетті ақпараттарды табады.
55
Бөлім: «Жазылым»
Бөлімше 4.2. «Тыңдаған/оқыған/көрген материалдың мазмұнын жазу»
Оқу мақсаты
1.4.2.1 Оқыған/ аудио/бейнематериалдарда кездескен таныс атауларды жазу
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Тыңдаған/көрген/оқыған материалдардың негізіндезаттардың атауларын жазады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
1-тапсырма Жемістер мен көгөністер туралы бейнематериалды (https://www.youtube.com/watch?v=yzT0efaO0OM) мұқият қара. Сипаттамасы бойынша айтылған жемістер мен көгөністерді анықта және атауын жаз.
Сипаттамасы
Атауы
Ол дәмді, жасыл әрі жұмсақ.
Ол сары, сарғыш болады. Ол өте дәмді әрі жұмсақ.
Ол қоңыр, қатты. Бірақ дәмді.
Ол жасыл, қызғылт болады. Ол өте дәмді, әрі жұмсақ.
Дескриптор
Білім алушы
- сипаттамасы бойынша жемістер мен көгөністерді анықтайды; - заттың атауын сауатты жазады.
2-тапсырма
Суреттегі жемістер мен көгөністердің атауын жаз.
Дескриптор
Білім алушы
- суретте бейнеленген жемістер мен көгөністердің атауын жазады;
- сөздерді сауатты жазады. 56
Бөлімше 4.3 «Пунктуациялық нормаларды сақтау»
Оқу мақсаты
1.4.3.1 Жай сөйлемнің тыныс белгілерін мұғалімнің қолдауымен қолдану
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Сөйлемді бас әріптен бастап жазады
•Сөйлем соңына тыныс белгілерін дұрыс қояды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Суретті сөйлемдерді оқы. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Сөйлемнің соңына тиісті тыныс белгісін қой.
1)Жазда мен барамын
2)Сенің бар ма
3)Алақай, келді
Дескриптор
Білім алушы
- суреттің орнына тиісті сөз қойып, сөйлем құрастырады;
- сөйлемдегі сөздерді дұрыс байланыстырады;
- сөйлемдерді қатесіз көшіріп жазады;
- сөйлемнің соңына тиісті тыныс белгісін қояды.
57
Бөлімше 4.5 «Орфографиялық дағдыларын дамыту»
Оқу мақсаты
1.4.5.1 Ә, ө, ү, ұ, і, ң, қ, ғ, һ әріптері кездесетін сөздерді анықтап, дұрыс жазу
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Төл дыбыстары бар сөздерді дұрыс жазады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
«Қандай әріп керек?» ойыны. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып оқы. Сөздерді көшіріп жаз.
Дескриптор
Білім алушы
- көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қояды;
- төл дыбыстарды дұрыс айтады;
- сөздерді қатесіз жазады.
58
Бөлімше 4.5 «Орфографиялық дағдыларын дамыту»
Оқу мақсаты
1.4.5.2 Мұғалімнің қолдауымен бас әріппен жазылатын сөздерді (кісі есімдері, жер-су атаулары, үй жануарларына берілген ат) ажырату
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Бас әріппен жазылатын сөздерді дұрыс жазады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
1-тапсырма
Берілген буындардан сөз құрап жаз.
Дескриптор
Білім алушы
- буындардан сөз құрастырады;
- адам аттарын бас әріппен жазады.
2-тапсырма
Суреттегі үй жануарларына ат қойып, сөйлемді толықтырып жаз.
Атамның __________________ деген аты бар.
Менің күшігімнің аты - __________________.
Дескриптор
Білім алушы
- үй жануарларына ат қояды;
- сөйлемдерді толықтырып жазады;
- үй жануарларының атауын бас әріппен жазады.
59
Бөлім: «Тілдік дағдылар»
Бөлімше 5.1. «Грамматикалық нормаларды сақтау
(лингвистикалық терминдерді қолданбау)»
Оқу мақсаты
1.5.1.3 Сөйлеу барысында мұғалім қолдауымен етістіктің шақтарын; бұйрық рай; болымды/болымсыз етістікті қолдану
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Бұйрық райлы етістіктерді орынды қолданады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Суретке бұйрық мәндегі етістікті қосып айт.
Үлгі:
Дескриптор
Білім алушы
- суреттерге сәйкес етістіктерді тауып айтады;
- етістіктерді бұйрық райда қолданады.
60
Бөлімше 5.1. «Грамматикалық нормаларды сақтау
(лингвистикалық терминдерді қолданбау)»
Оқу мақсаты
1.5.1.5 Мұғалім қолдауымен сөз тіркестері/сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін дұрыс қолдану
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Сөздерден сөйлем құрастырады
•Сөйлемнің құрылымын сақтайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Қима сөздерден дұрыс сөйлем құрастырып оқы.
Дескриптор
Білім алушы
- сөйлемдегі сөздердің ретін анықтап, дұрыс жинақтайды;
- құрылған сөйлемді қатесіз оқиды.
61