» » Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде) 2-сынып. Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы

Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде) 2-сынып. Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы

22 апрель 2018, Воскресенье
1 046
0

Қалыптастырушы бағалауға арналған
тапсырмалар жинағы
Қазақ тілі
(оқыту қазақ тілінде)
2-сынып
Құрметті мұғалім!
Аталған тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге
көмек құралы ретінде құрастырылды. Бұл мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі.
Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды
өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, оқу
мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып
табылады.
Жинақтың ұсынылған сипаты сізге білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін
есепке ала отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуіңізге, бейімдеуіңізге
мүмкіндік береді.
Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.),
форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері»
ДББҰ smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз.
Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!
Жинақ бастауыш мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша
өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио
материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық
емес мақсатта құрастырылған.
2
Мазмұны
1-тоқсан ............................................................................................................................................... 4
Бөлім:Тыңдалым және айтылым ................................................................................................... 4
Бөлім: Оқылым ............................................................................................................................... 9
Бөлім: Жазылым ........................................................................................................................... 12
Бөлім:Тілдік нормалардың қолданысы ...................................................................................... 15
2-тоқсан ............................................................................................................................................. 19
Бөлім: Тыңдалым және айтылым ................................................................................................ 19
Бөлім: Оқылым ............................................................................................................................. 22
Бөлім: Оқылым ............................................................................................................................. 23
Бөлім: Жазылым ........................................................................................................................... 27
Бөлім: Тілдік нормалардың қолданысы ..................................................................................... 32
3-тоқсан ............................................................................................................................................. 33
Бөлім: Тыңдалым және айтылым ................................................................................................ 33
Бөлім: Оқылым ............................................................................................................................. 39
Бөлім: Жазылым ........................................................................................................................... 45
Бөлім: Тілдік нормалардың қолданысы ..................................................................................... 49
4-тоқсан ............................................................................................................................................. 54
Бөлім: Тыңдалым және айтылым ................................................................................................ 54
Бөлім: Оқылым ............................................................................................................................. 58
Бөлім: Жазылым ........................................................................................................................... 63
Бөлім: Тілдік нормалардың қолданысы ..................................................................................... 68
3
1-тоқсан
Бөлім:Тыңдалым және айтылым
Бөлімше 1.1 Тыңдалған ақпараттың мазмұнын түсіну
Оқу мақсаты 2.1.1.1 Тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін
белгілеу, мәтін мазмұны бойынша қойылған
сұрақтарға жауап беру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіннен түсінбеген сөздерін белгілеп, мағынасын
анықтайды
• Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда.
Демалыс күні Ақжол саяжайға барды. Бақтағы алмалар нарттай қызыл болып
пісіпті.
Ақжол анасына алма жинап көмектесті. Нарттай алмаларды бұтадан абайлап үзіп,
себетке салды. Кенет қатты жел соқты. Піскен алмалар жерге түсе бастады. Ақжол алма
ағашының астында тұрған кірпіні көрді. Ағаштан түскен алмалардың біреуі кірпінің
инесіне қадалып қалды. Кірпі жорғалап жөніне кетті.
Ақжол бұл көрініске қызыға әрі таңдана қарады.
• Түсіндірмелі сөздіктен «нарттай» сөзінің мағынасын анықта.
Нарттай - ______________________________________________________
• Сұрақтарға жауап бер.
1. Ақжол қайда барды?
2. Алманы қайда салды?
3. Кірпі алманы қалай алды?
4. Ақжол неге таңданды?
Дескриптор Білім алушы
− тыңдаған ақпараттан түсінбеген сөздерді белгілейді;
− түсінбеген сөздердің мағынасын анықтайды;
− мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді.
4
Бөлімше 1.3 Түрлі жағдаяттарда тілдік нормаларды дұрыс қолдану
Оқу мақсаты 2.1.3.1 Күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға
байланысты өзара сұхбаттасу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Өмірлік жағдаяттарға қатысты пікірталасқа қатысады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді тыңда.
Бүгін Мұраттың туған күні. Ол бұл күнді асыға күтті. Әкесі оған велосипед
сыйлаймын деп уәде еткен. Бірақ әкесі бүгін жұмыс бабымен іссапарға кетіп қалды.
Мұраттың көңілі су сепкендей басылды. Ол әкесіне қатты ренжіді.
Сұрақтарға қатысты ойыңды айт.
• Мұрат әкесіне не үшін ренжіді?
• Мұраттың әкесіне ренжігені дұрыс па?
• Мұраттың орнында болсаң сен не істер едің?
• Сенің өміріңде қандай да бір қызықты жағдаяттар болды ма? Жұпта әңгімеле.
Дескриптор Білім алушы
− сұрақтарға жауап береді;
− кейіпкердің іс-әрекетіне қатысты ойын айтады;
− басқалардың айтқан сөзін мұқият тыңдап, пікірталасқа түседі.
5
Бөлімше 1.4 Берілген тақырып бойынша әңгіме құрау
Оқу мақсаты 2.1.4.1 Тірек сөздерді қатыстыра отырып,берілген тақырып
бойынша әңгіме құрау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тірек сөздер арқылы берілген тақырыпқа әңгіме
құрастырады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Берілген тірек сөздерді оқы.
Тірек сөздер: сыйлаймын, ренжітпейді, досымның есімі, татумыз, өтірік айтпаймыз,
көмектесемін.
• Тірек сөздерді қолданып «Менің досым» тақырыбына әңгіме құрастыр. Жұпта
әңгімелеп бер.
Дескриптор Білім алушы
− тірек сөздерді орынды қолданады;
− тақырыпқа сәйкес әңгіме құрастырады;
− әңгіменің құрылымдық бөліктерін сақтайды;
− әңгімені жүйелі баяндайды.
6
Бөлімше 1.6 Тыңдарманның назарын аудару
Оқу мақсаты 2.1.6.1 Интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды
(қимыл, ым-ишара) қолданып, тақырыпқа (Сіз қалай
ойлайсың? Сіз не ұсынар едіңіз? т.б.) назарын аударту
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тыңдаушының назарын аудару үшін қимыл, ым-
ишара, дауыс интонациясын қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді тыңда.
Серік пен қарындасы Айгүл жазда нағашыларына жиналды. Айгүл: «Алақай, біз
ауылға кетеміз!» - деп қуанышын достарына жеткізе алмай риза.
Олар ауылға да келді.Нағашылары олардың келгеніне қатты қуанды. Балалар да
мәз-мейрам.
- Айгүл, бойың өсіп, ақылың толып, жақсы өсіпсің, құлыным, – деп әжесі
де қуанышын жеткізді.
- Әже, біздің ауылымыз қандай керемет! Айнала – таулы орман, бау-бақша,
сарқырап аққан өзен! Мен өз ауылымды сондай жақсы көремін! – деді бір кезде Серік.
• Мәтінге сүйеніп, Серіктің атынан ауылдың көрінісін сипатта. Сөйлеу барысында
басқалардың назарын аудару үшін дауыс ырғағы мен қимыл әрекеттерді қолдан.
Дескриптор Білім алушы
− әңгімелеу барысында дауыс ырғағын сақтайды;
− әңгімелеуде қимыл, ым-ишараны қолданады.
7
Бөлімше 1.7 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға
сәйкес дұрыс айту
Оқу мақсаты 2.1.7.1 Сөз ішінде дауысты дыбыстардың өзара үндесуін
сақтап айту (бүгін-бүгүн, түтін - түтүн, көсеу – көсөу, т.б.)
Бағалау критерийі Білім алушы
• Сөздерді дыбыс үндестігін сақтап, дұрыс айтады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Өлеңді мұқият тыңда.
Кім сендерді, балалар, сүйетұғын,
Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйетұғын?
Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,
Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын.
(Міржақып Дулатов)
• Үлгіге сүйеніп, берілген сөздердің үндесіп айтылуын көрсет.
Үлгі: Бүгін-бүгүн
-
• Сөз ішіндегі дауысты дыбыстардың үндесіп айтылуына өзің бірнеше мысал келтір.
Дескриптор Білім алушы
− берілген сөздерді дыбыс үндестігін сақтай отырып айтады;
− дауысты дыбыстардың үндесіп айтылуына өздігінен мысал
келтіреді.
Сүйетұғын - ____________________________
Жүретұғын - ____________________________
Күйетұғын - ____________________________
Ұйқысын - _____________________________
Бөліп - ________________________________
8
Бөлім: Оқылым
Бөлімше 2.3 Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру
Оқу мақсаты 2.2.3.1 Мәтін мазмұнын анықтауға бағытталған сұрақтар
құрастыру және жауап беру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады
және жауап береді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы.
Қолқанат
Сәкен шаруаға ұқыпты болды. Үстін тап-тұйнақтай таза ұстайтын еді. Ағайынды
жетеуміз. Сәкен бәрімізден үлкен.
Жаздың күні ол бізден бұрын оянады да, үй шаруасына көмектеседі. Біз оянып,
далаға шыққанда, Сәкен есік алдында жүреді. Ол бізді Қараөзек бойына соқпақ жолмен
бастап алып кетеді. Мөлдір бұлақ басына барамыз да, жуынамыз. Сәкен әуелі кішкентай
қарындасымыз Рахима, Халима, Сәлималарды жуындырады, шаштарын тарап, өріп
береді. Содан кейін барып, өзі жуынады.
Біздің күндегі әдетіміз – осы. Қайтадан қатар тізіліп алып, ауылға қарай
жүреміз.“Айналайын, менің ақ қаздарым”,- деп анамыз есік алдынан бізді қарсы алады.
Сәкеннің маңдайынан сүйіп жатып:
- Қолқанатым менің!- дейді.
Мәтіннің мазмұны бойынша екі сұрақ құрастыр.
1.______________________________________________________________
2.______________________________________________________________
Жұптық жұмыс.
Жұпта бір-біріңе дайындаған сұрақтарға жауап бер.
Дескриптор Білім алушы
− мәтін мазмұнына сай нақты сұрақтар қояды;
− сұрақтың құрылымын сақтайды;
− қойылған сұрақтарға жауап береді.
9
Бөлімше 2.4 Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау
Оқу мақсаты 2.2.4.1 Мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен
негізгі ойды анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіннің тақырыбын және негізгі ойын анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Мәтінді дауыстап оқы.
Жағыпар мен Жапар көлге күн ұзақ қармақ салып, бірнеше шабақ ұстап алды. Оны
өздерінің шелектеріне тазалап салып, астына от жағып пісірді. Сорпаға қосатын не тұз,
не пияз, не бұрыш жоқ. Сонда да піскен соң, таза ауада рақаттанып іше бастады. Біріне-
бірі:
- Сорпа дәмді болды, - десіп қояды.
Күн еңкейе бұлардың қасына қой бағып жүрген Жарылғап келді. Ол әзілдеп:
- Сорпа дәмді болсын, - деді.
- Өзі де дәмді, - деді Жағыпар.
- Аттан түсіп, дәм тат, - деді Жапар.
Жарылғап атын байлап қойып, бірге отырып сорпа ішті:
- Балықтың сорпасына еңбектерің сіңген екен, термен келген ас дәмді, сіңімді болады,
- деді күліп.
Жағыпар мен Жапар біріне-бірі жымия қарасты.
(Мәдіхат Төрежанов)
• Мәтінге ат қой. ______________________________________________
• Мәтіндегі негізгі ойды анықта.
___________________________________________________________________
Дескриптор Білім алушы
− мәтінді дауыстап, қатесіз оқиды;
− мәтіннің тақырыбын анықтайды;
− автордың мәтін арқылы айтқысы келген басты пікірін
тұжырымдайды.
10
Бөлімше 2.5 Түрлі дереккөздерден ақпарат алу
Оқу мақсаты 2.2.5.1 Берілген тақырып/сұрақ бойынша қажетті ақпараттарды
іріктеп алу үшін дереккөздермен (сөздік, анықтамалық,
энциклопедия) жұмыс жасау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Дереккөздерден берілген тақырыпқа/сұраққа қатысты
ақпараттарды іріктеп алады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Жұптық жұмыс
«Отбасы құндылықтары» дегенді қалай түсінесің? Әр түрлі дереккөздерді пайдаланып,
ақпарат жинақта.
• «Отбасы құндылықтары» тақырыбына қатысты сөздерді және сөйлемдерді
түртіп ал.
• Жинақтаған ақпаратыңмен бөліс.
Дескриптор Білім алушы
− тақырып/сұрақ бойынша қажетті ақпараттарды іріктейді;
− жинаған ақпаратты жүйелеп, қорытындылайды;
− жинаған ақпаратын басқаларға ұсынады.
11
Бөлім: Жазылым
Бөлімше 3.3 Оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар
бойынша жазба жұмыстар жазу
Оқу мақсаты 2.3.3.1 Оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар
бойынша мұғалімнің көмегімен жоспар құру және тірек
сөздерді пайдалана отырып мазмұндама жазу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтінге жоспар құрады
• Мазмұндама жазуда тірек сөздерді қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда.
Қамқорлық
Күз мезгілі болатын. Күн бұлтты. Жаңбыр жауып тұр. Асқар мен Жанар үйлеріне
қарай келе жатты. Олар жол бойында бүрісіп отырған кішкентай күшікті көрді. Күшікті
аяп, үйлеріне алып келді. Оған сүт, тамақ берді. Күшік тамаққа тойды. Бір кезде ұйқыға
кетті. Екі бала өз істеріне риза болды. Олар бір-біріне жымыңдай қарады.
• Суреттерді пайдаланып, мәтінге жоспар құр. Жоспарды бұлтшаларға жаз.
Жоспар:
• Жоспар бойынша мәтіннің мазмұнын жаз. Тірек сөздерді пайдалан.
Тірек сөздер: күз, бұлтты, үй, бүрісіп отыру, кішкентай күшік, аяу, сүт, тамақ, тамаққа
тою, ұйқы, риза болу.
Дескриптор Білім алушы
− мәтінге жоспар құрады;
− мазмұндама жазуда тірек сөздерді орынды қолданады;
− мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтап жазады;
− сөйлемнің құрылымын сақтайды;
− сөйлемдерді сауатты жазады.
12
Бөлімше 3.5 Қатені табу және түзету
Оқу мақсаты 2.3.5.1 Жіберілген пунктуациялық, орфографиялық қателерді
мұғалімнің көмегімен тауып түзету және құрастырған
сөйлемін толықтыру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Жіберілген орфографиялық қателерді түзетіп жазады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Сөйлемдерде жіберілген қатені тауып, астын сыз. Мәтінді қатесіз көшіріп жаз.
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
Дескриптор Білім алушы
− сөздерде жіберілген қатені тауып, астын сызады;
− жіберілген қатені түзетіп жазады;
− жазу барысында каллиграфиялық талаптарды сақтайды.
Биыл жаз жайлі болды. Ауылдың баладары тоғайға шие теруге
бардық. Тоғайда шие өте көп екен. Біз щиені тойғанымызша жедік.
Содан соң ыдысымызды толтыруға кірістік.
Демалысымыз көнілді өтті.
13
Бөлімше
Оқу мақсаты
3.6 Каллиграфиялық нормаларды сақтау
2.3.6.1 Бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін
сақтап, оларды байланыстырып көлбеу және таза жазу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Әріптердің байланысын сақтай отырып, көркем
жазады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Әріптердің арасынан үш сөз тауып, көк түспен боя. Сөздерді көркем жазу
талаптарын сақтай отырып жаз.
Т Ө Қ Т З
Ц Щ Л Я Ә
Ұ Д О С Ы
Г Р Т Ө Р
Ф Е А Ч И
Ч К Н Ө З
М Т Д О У
М Ы С Ы Қ
А К Ә Ч Я
Дескриптор Білім алушы
− әріптердің арасынан үш сөзді анықтайды;
− әріптердің биіктігі мен мөлшерін сақтайды;
− әріптердің байланысын сақтап жазады;
− әріптерді көлбеу жазады;
− сөздерді сауатты көшіреді.
14
Бөлім:Тілдік нормалардың қолданысы
Бөлімше 4.1 Орфографиялық, орфоэпиялық нормаларды сақтау
Оқу мақсаты 2.4.1.1 я, ю әріптерінің емлесін сақтап жазу
Бағалау критерийі Білім алушы
• я, ю әріптері бар сөздерді дұрыс жазады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
1-тапсырма
Суреттегі заттардың атауын жаз.
______________ ___________ _______________ _____________ ____________
2-тапсырма
Сурет бойынша 2-3 сөйлем құрастырып жаз.
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Дескриптор Білім алушы
− «я», «ю» әріптері бар сөздерді қатесіз жазады;
− сурет бойынша «я», «ю» әріптері бар сөздерді қатыстырып,
сөйлемдер құрастырады;
− сөйлемдерді сауатты жазады.
15
Бөлімше 4.1 Орфографиялық, орфоэпиялық нормаларды сақтау
Оқу мақсаты 2.4.1.2 «у», «и, й» әріптерінің емлесін сақтап жазу
Бағалау критерийі Білім алушы
• «у»,«и, й» әріптерінің емлесін дұрыс қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
1-тапсырма
Көп нүктенің орнына «у»,« и, й» әріптерінің тиістісін қойып, сөйлемдерді көшіріп
жаз.
2-тапсырма
Жаңылтпашты жатқа жаз.
Дескриптор Білім алушы
− «у» әрпінің емлесін дұрыс қолданады;
− «и, й» әріптерінің емлесін сақтап жазады;
− «и, й» әріптерінің емлесін сақтай отырып, жаңылтпашты жатқа
жазады.
Анам кешкi ас да...ындады. Олар ба...ырсақ пiсiрдi. Менiң
ұ...ықтағым келдi. Кеше қар жа...ды. Саят дөңгелек қ...ды. Балалар
қ...аласпақ о...нады. Інжу үйді ж... нады.
Ай, ай, Айдарбай,
Иір мүйіз сиырыңды
Үйіңе айдай бар.
16
Бөлімше 4.1 Орфографиялық, орфоэпиялық нормаларды сақтау
Оқу мақсаты 2.4.1.3 Дауыссыз дыбыс түрлерін (қатаң, ұяң, үнді) ажырату
және дауыссыз п-б, қ-ғ, к-г дыбыстарының емлесін сақтап
жазу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Дауыссыз дыбыстардың түрін анықтайды
• п-б, қ-ғ, к-г дыбыстарының емлесін дұрыс қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Әр суреттің атауын жаз. Сөздің соңына «ы, і» әріптерінің тиістісін жалғап жаз. Өзгерген
әріптің астын сыз.
________ - ________ ________- _________ _______ - ______ _____-______
• Сөздердегі дауыссыз дыбыстарды қайталамай теріп жаз.
Қатаң дауыссыздар: _______________________________
Ұяң дауыссыздар: _______________________________
Үнді дауыссыздар: _______________________________
Дескриптор Білім алушы
− суреттегі заттардың атауын қатесіз жазады;
− «п-б» әріптерінің емлесін сақтап жазады;
− «к-г» әріптерінің емлесін сақтап жазады;
− «қ-ғ» әріптерінің емлесін сақтап жазады;
− дауыссыз дыбыстарды түрлеріне қарай ажыратады.
17
Бөлімше 4.1 Орфографиялық, орфоэпиялық нормаларды сақтау
Оқу мақсаты 2. 4.1.4 Дауыссыз л, р, ң дыбыстарының емлесін сақтап жазу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Дауыссыз л, р, ң дыбыстары бар сөздерді қатесіз
жазады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
1-тапсырма
Сөздерді оқы. Қай сөздерде «ы» және «і» әріптері артық жазылған? Сол сөздердің
қатесін түзетіп, көшіріп жаз.
2-тапсырма
Берілген сөзге сәйкес келетін әріпті қоршап сыз. Сөздерді қатесіз көшіріп жаз.
,
Дескриптор Білім алушы
− қатемен берілген сөздерді анықтайды;
− л, р, ң дыбыстарының емлесін сақтап жазады;
− сөзге«н» және «ң» әрпінің тиістісін қойып жазады.
Іле, лашын, ілебіз, ілгіш, ылайық, ілезде, ылауазым, ірімшік,
ірең , ылди, ыразы, ылғал, ыраушан, ылақ, ірет, рас, ылай,
ырұқсат, ірі.
ЖА Н
Ң ҒАҚ ҚА
Н
Ң БАҚ ЕГІ
Н
Ң
ШІ
18
2-тоқсан
Бөлім: Тыңдалым және айтылым
Бөлімше 1.2 Мәтіннің мазмұнын болжау
Оқу мақсаты 2.1.2.1 Мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде
мәтіннің мазмұнын болжау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тақырып пен тірек сөздерге сүйеніп, мәтіннің
мазмұнын болжайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда.
Қателік
Тау мен тасты кезіп сейілдеп жүрген Даниярға шашын ақ қырау шалған қ арт к ісі
жолығыпты. Не дерін білмей, кідіріп қалған балаға жақындап келіп:
− Шырағым, сен өзі есейіп қалған бала көрінесің. Бірақ бұл кемшілігіңді бір жолға
кешіремін, – дейді ол.
− Қандай кемшілікті айтасың, қарт? – депті Данияр үлкен кісінің аяқ астынан өзін
кінәлай жөнелгенін түсінбей.
− Шырағым, сен осы тұрғанда бір емес, бірнеше кемшілік жібердің....
(Н. Ақыш)
• Мәтіннің кейіпкерлерін ата.
• Данияр қандай кемшіліктер жіберді деп ойлайсың?
• Әрі қарай не болуы мүмкін? Берілген үзінді мен тақырыпқа сүйеніп, мәтінді
жалғастырып айт.
Дескриптор Білім алушы
− мәтіннің кейіпкерлерін атайды;
− мәтіннің мазмұны бойынша сұраққа жауап береді;
− тақырыбы мен тірек сөздері бойынша мәтіннің соңын
болжайды;
− тақырыпқа қатысты әңгіме құрастырады.
19
Бөлімше 1.3 Түрлі жағдаяттарда тілдік нормаларды дұрыс қолдану
Оқу мақсаты 2.1.3.1 Күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға
байланысты өзара сұхбаттасу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Өмірлік жағдаяттарға қатысты пікірталасқа қатысады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Берілген диалогті мұқият тыңда.
Сұрақтарға жауап бер.
• Кейіпкерлерді нағыз достар деуге бола ма?
• Оны қандай сөздерден байқауға болады?
• Балалар не үшін ренжісіп қалғандарын расымен ұмытып қалды ма? Олар «есімізде
жоқ» деген сөзді неліктен айтты деп ойлайсың?
Топтық жұмыс
• Достардың арасында ренжісіп қалу жағдайлары кездесе ме? Ондай жағдайда не
істеу керек? Топта талқыла.
Дескриптор Білім алушы
− тыңдалған мәтінге қатысты сұрақтарға жауап береді;
− берілген жағдаятқа қатысты пікірталасқа қатысады;
− талқыланған мәселе туралы ойын айтады.
20
Бөлімше 1.5 Тыңдалған материалдар бойынша өз пікірін білдіру
Оқу мақсаты 2.1.5.1 Аудио-бейнежазба мазмұны бойынша өз ойын
(ұнайды/ұнамайды, себебі..., пайдалы/пайдасыз болды, себебі
... т.б.) білдіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіннің мазмұнына қатысты өз ойын айтады және
негіздейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Мәтінді тыңда.
Ата насихаты
Әкесі балаларына «тату тұрыңдар» деп талай рет айтыпты. Балалары тілін алмай,
бір-бірімен араздаса беріпті. Бір күні әкесі бір бума шыбық алып келіп, балаларына беріп:
- Сындырыңдар!- дейді.
Балалары бірінен соң бірі алып, сындырайын десе, шыбықтар сынбайды.
Әкесі шыбықтарды шешеді де:
- Бір-бірлеп сындырыңдар – дейді.
Балалары шыбықтарды оп–оңай сындырады.Сонда әкесі айтады:
- Араздасып араларың ашылса, сендер де осы шыбықтар сияқты боласыңдар. Ұйымшыл
болсаңдар, жаудың сендерді жеңуі қиын болар!
Тіршілік күші – бірлікте.
(Ахмет Байтұрсынов)
• Балалар бумадағы шыбықтарды неліктен сындыра алмады?
• Әкесінің балаларына айтқан өсиетін қалай түсінесің?
• Мәтіннің мазмұнына қатысты ойыңды (ұнайды/ұнамайды, пайдалы/пайдасыз,
себебі ... ) айт.
• Мәтіннен қандай ой түйдің?
____________________________________________________________________
Дескриптор Білім алушы
− мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді;
− мәтіннің мазмұнына қатысты пікір білдіреді;
− мәтіннің негізгі ойын түйіндеп айтады.
21
Бөлім: Оқылым
Бөлімше 2.1 Мәтін түрлері мен құрылымдық бөліктерін анықтау
Оқу мақсаты 2.2.1.1 Сұрақ қою арқылы (не істеді? қандай? неліктен?) мәтін
түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) және құрылымдық
бөліктерін (басы, негізгі бөлім, соңы) анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Сұрақ қою арқылы мәтіннің түрін анықтайды
• Мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажыратады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
• Төменде берілген үзінділерді оқы. Бос орынға мәтіннің қай бөлігі екенін жаз.
• Мәтінді дұрыс құрастырып оқы.
• Мәтіннің мазмұнына сәйкес келетін сұрақты белгіле ().
• Сұрақтың көмегімен мәтіннің түрін анықта ___________________________
Дескриптор Білім алушы
− мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтайды;
− мәтінді дұрыс құрап оқиды;
− мәтіннің түрін анықтайтын сұрақты белгілейді;
− мәтіннің түрін анықтайды.
Абай жазда
ауылына келіп
демалатын. Әжесі
Зере ертегі,
батырлар жырын
көп білетін. Абай
оны сүйсіне
тыңдайтын. Анасы
Ұлжан да
әңгімешіл еді.
Абай өзінің
демалысын осындай
игі істермен
өткізетін.
Абай жас кезінде
ертегі, жырларды
тыңдағанды жақсы
көретін еді. Әкесі
Құнанбай оны Омбы
қаласына оқуға
жіберді.
Қандай? Не істеді? Неліктен?
22
Бөлім: Оқылым
Бөлімше 2.3 Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап
беру
Оқу мақсаты 2.2.3.1 Мәтін мазмұнын анықтауға бағытталған сұрақтар
құрастыру және жауап беру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады
және жауап береді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы. Тапсырмаларды орында.
Ноғайлының ханы Жәнібек халықты жиып:
- Үш арсыз, үш ғайып, үш жетім болады, соны кім табады?- депті.
Жиналған халық көп дағдарып:
- Үш арсыз: ұйқы арсыз, күлкі арсыз, тамақ арсыз.
- Үш ғайып: қонақ ғайып, несібе ғайып, ажал ғайып, - деп шешіпті.
Бірақ үш жетімді ешкім таба алмапты. Сонда Жәнібек хан:
- Елде келмеген кім қалды?- деп сұрапты.
- Келмеген Қарабас шешен қалды,- депті халық.
Жәнібек Қарабасты шақыртып алып, әлгі сөздің шешуін содан сұрапты.
Сонда Қарабас:
- Жетім үшеуі емес, бесеу еді ғой! – депті де:
Оты жоқ жер жетім,
Басшысы жоқ ел жетім,
Елінен ауған ер жетім,
Тыңдаусыз сөз жетім,
Жоқтаусыз қыз жетім, - деген екен.
• Үш арсыз деп танылған сөздерді белгіле ().
• Қарабастың «бес жетім» туралы айтқан пікірін қалай түсіндің?
Жұптық жұмыс
• Мәтіннің мазмұны бойынша 1 сұрақ құрастырып жаз
Сұрақ: ________________________________________________________
• Жұбыңның құрастырған сұрағына жауап жаз.
Жауап:________________________________________________________
Дескриптор Білім алушы
-үш арсызды анықтайды;
-кейіпкердің пікіріне қатысты ойын айтады;
- мәтіннің мазмұны бойынша сұрақ құрастырады;
-мәтіннің мазмұны бойынша сұраққа жауап береді;
-сөйлемдердің құрылымын сақтайды.
ұйқы қонақ тамақ несібе күлкі
23
Бөлімше 2.4 Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау
Оқу мақсаты 2.2.4.1 Мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі
ойды анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіннің тақырыбын және негізгі ойын анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы.
Оқымысты бала
Бір бала қалада оқып, жазғытұры ауылына
келді. Әкесі «Балам, енді шөп шабатын мезгіл
жақындады. Қолыңа тырнауыш ал, мен шапқан
шөпті жинап, жәрдеміңді тигіз», - деді.
Баланың жұмыс істегісі келмей: «Мен әртүрлі
ғылымдар оқып қайттым. Қазақтың сөздерін
ұмыттым. Тырнауыш деген не нәрсе?» - деді.
Осы сөзді айтқан соң тысқа шығып бара
жатып, есік алдында жатқан тырнауыштың басын
байқамай аяғымен басып кетті. Тырнауыштың сабы
тақ етіп маңдайына тиді. Сонда ғана тырнауыштың
не нәрсе екені есіне түсіп, маңдайын сипалап тұрып:
«Тырнауышты аяқ астына тастаған қандай ақымақ
екен», - деп ашуланды.
• Сұрақтарға жауап бер.
1. Мәтін кім немесе не туралы?
2. Баланың тырнауышты ұмытып қалуы, білмеуі мүмкін бе?
3. Кейіпкердің іс-әрекеті туралы ой бөліс.
4. Мәтіннен қандай ой түйдің?
Дескриптор Білім алушы
- мәтіннің тақырыбын анықтайды;
- кейіпкердің іс-әрекеті туралы ойын айтады;
- мәтіннің негізгі ойын анықтайды.
24
Бөлімше 2.5 Түрлі дереккөздерден ақпарат алу
Оқу мақсаты 2.2.5.1 Берілген тақырып/сұрақ бойынша қажетті
ақпараттарды іріктеп алу үшін дереккөздермен (сөздік,
анықтамалық, энциклопедия) жұмыс жасау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Дереккөздерден берілген тақырыпқа/сұраққа қатысты
ақпараттарды іріктеп алады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Жұптық жұмыс
Берілген дереккөздерді пайдаланып, Астана қаласы туралы ( орны, тарихы , мағынасы
т.б) ақпарат жинақта. (*Басқа да дереккөздерді қолдануыңа болады)
• Қажетті ақпараттарды түртіп ал.
• Ақпаратты жинақтап, жүйеле.
• Жинақтаған ақпаратыңды басқаларға таныстыр.
Дескриптор Білім алушы
- тақырып/сұрақ бойынша қажетті ақпараттарды іріктейді;
- жинаған ақпаратты жүйелеп, қорытындылайды;
- жинаған ақпаратын басқаларға ұсынады.
25
Бөлімше 2.6 Мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау
Оқу мақсаты 2.2.6.1 Мұғалімнің көмегімен белгілі бір тақырыпта
жазылған мәтіндердің ұқсастығы мен айырмашылығын
(жанры/мәтін түрі) табу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіндердің ұқсастығы мен айырмашылығын
анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Берілген 2 мәтінді түсініп оқы.
• Екі мәтінді салыстыр және нәтижесін кестеге жаз.
Белгілері 1-мәтін 2-мәтін Салыстыру нәтижесі
(ұқсас болса-Ұ,
айырмашылығы бар болса
–А әрпімен белгіле)
Тақырыбы
(әр мәтіннің тақырыбын жаз)
Негізгі ойы
(әр мәтіннің негізгі ойын жаз)
Мәтіннің түрі
(әңгімелеу, сипаттау,
пайымдау мәтіндерінің
қайсысына жатады)
Дескриптор Білім алушы
- мәтіндердің тақырыбын анықтайды және салыстырады;
- мәтіндердің негізгі ойын анықтайды және салыстырады;
- мәтіндердің түрін анықтайды;
- мәтіндерді салыстыру нәтижесін белгілеп көрсетеді.
Көшпенді қазақ тұрмысында
иттің үлкен мәні бар. Ит адамның
үйі мен мал-жанын қорғаған. Иттің
қойшының еңбегінде атқаратын
рөлі аса маңызды. Малшы
қазақтардың айтуынша, олардың
қасқырға қарсы үрген дыбысы жай
кездері үргенінен басқаша болып
келеді. Түнде бүкіл ауыл тарс
ұйқыда жатқанда, иттер кірпіктерін
ілместен олардың ұйқысын қорғап
шығады.
Саматтың Мойнақ деген
сүйкімді иті бар. Ол өте сақ және
ақылды. Мойнақ балаларды жақсы
көреді. Самат оған түрлі өнер
үйретіп жүр. Мойнақ Саматтың
айтқанын бұлжытпай орындайды.
Самат та итіне сүт, тамақ беріп,
қамқорлық жасайды.
26
Бөлім: Жазылым
Бөлімше 3.3 Оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар
бойынша жазба жұмыстар жазу
Оқу мақсаты 2.3.3.1 Оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар
бойынша мұғалімнің көмегімен жоспар құру және тірек
сөздерді пайдалана отырып мазмұндама жазу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтінге жоспар құрады
• Мазмұндама жазуда тірек сөздерді қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда.
Есті күшік
Кішкене күшігімді ертіп автобус аялдамасына келдім де, өзім қатарлы
балалардың қатарына қосылдым. Осы кезде ауа райы бұзылып, қатты жел тұрды.
Автобус келді. Автобустың алдыңғы есігінен бір қария түсті. Гуілдеген жел қарияның
қалпағын ұшырып әкетті. Қария не істерін білмей тұрып қалды.
Міне, қызық. Менің кішкентай күшігім жүгіріп барып, қалпақты тістеп әкеп,
иесіне ұсынды. Қария бұған риза болды. Ал аялдамада тұрған балалар болса бір түрлі
ыңғайсызданып қалды.
• Сұрақтарға сүйене отырып, мәтінге жоспар құр.
Сұрақтар Жоспар
1. Бала қайда келді?
2. Ауа райы қалай өзгерді?
3. Қарияның қалпағына не болды?
4. Күшік не істеді?
1. ____________________________
2. ____________________________
3. ____________________________
4. ____________________________
• Тірек сөздерді пайдаланып, мәтіннің мазмұнын жаз.
Тірек сөздер: күшік, автобус аялдамасы, қария, ауа райы, гуілдеген жел, қарияның
қалпағы, иесіне ұсыну, риза болу, ыңғайсыздану.
Дескриптор Білім алушы
- мәтінге жоспар құрады;
- мәтіннің мазмұнын жоспарға сәйкес жазады;
- мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтайды;
- орфографиялық нормаларды сақтап жазады (3 қатеден артық
емес);
- пунктуациялық нормаларды сақтап жазады (3 белгіден артық
емес).
27
Бөлімше 3.4 Жазба жұмыстарын әртүрлі формада ұсыну
Оқу мақсаты 2.3.4.1 Мұғалімнің көмегімен тірек сөздерді, сөйлем,
суреттерді пайдаланып, қарапайым постер құрастыру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тақырып бойынша постер құрастырады.
• Тірек сөздер мен сөйлемдерді, суреттерді орынды
қолданады.
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Тірек сөздер мен суреттерді қолданып, «Туған өлкем» тақырыбына таныстырылым
дайында.
Тірек сөздер: кең дала, биік таулар, өзен-көлдер, зәулім үйлер, жануарлар әлемі,
өсімдіктер, әсем қалалар.
Дескриптор Білім алушы
- тақырыпқа сәйкес постер жасайды;
- сөздер мен суреттерді орынды қолданады;
- шығармашылық жұмысын қорғайды.
28
Бөлімше 3.6 Каллиграфиялық нормаларды сақтау
Оқу мақсаты 2.3.6.1 Бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін
сақтап, оларды байланыстырып көлбеу және таза жазу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Әріптердің байланысын сақтай отырып, көркем
жазады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Өлеңді көркем етіп көшіріп жаз.
Дескриптор Білім алушы
- өлеңді қатесіз көшіреді;
- әріптердің биіктігін, мөлшерін сақтап жазады;
- әріптердің көлбеулігін сақтап жазады;
- әріптерді дұрыс байланыстырып жазады;
Оқу, білім – жанған шырақ, ойласаң,
Үйренерсің, іздеп көрсең, қоймасаң.
Қу өнерді, бу беліңді, жігер сал,
Пайда аларсың, қаужанарсың, тоймасаң.
(Жүсіпбек Аймауытов)
29
Бөлімше 3.5 Қатені табу және түзету
Оқу мақсаты 2.3.5.1 Жіберілген пунктуациялық, орфографиялық және
әріптік қателерді мұғалімнің көмегімен тауып түзету және
құраған сөйлемін толықтыру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіндегі орфографиялық және пунктуациялық
қателерді түзетіп жазады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Есте сақтау диктанты
• Берілген жұмбақты түсініп оқып, жаттап ал. Жұмбақтың шешуін тап.
• Өлеңді жатқа жаз.
• Жазба жұмысыңды жұмбақтың бастапқы нұсқасымен салыстыр. Қателері болса
тауып, түзет.
• Қате жіберілген сөзді есте сақтай отырып, қайталап жаз.
• Сол сөзді қатыстырып сөйлем құрастыр.
Дескриптор Білім алушы
- жұмбақтың шешуін табады;
- жұмбақты жатқа жазады;
- жіберілген қателерді тауып, түзетеді;
- қате жіберілген сөзді қайталап жазуда сауаттылықты сақтайды;
- берілген сөзбен сөйлем құрастырады.
Дала тегіс сарғайды,
Шаруа қысқа қамданды.
Күн қысқара бастады,
Тауға тұңғыш қар жауды.
(___________)
30
Бөлімше 3.7 Пунктуациялық нормаларды сақтау
Оқу мақсаты 2.3.7.1 Сөйлем түрлерін айтылу мақсатына сәйкес тыныс
белгілерін (нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі) қою
Бағалау критерийі Білім алушы
• Хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдерді ажыратады
• Сөйлемнің соңына тиісті тыныс белгісін қояды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
1-тапсырма
Сөйлемдердің соңынан тиісті тыныс белгісін қой.
Дескриптор Білім алушы
- айтылу мақсатына қарай сөйлем түрлерін ажыратады;
- сөйлемнің соңына тиісті тыныс белгісін қояды.
2-тапсырма
Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрастырып жаз. Сөйлемнің соңына
тиісті тыныс белгісін қой.
1)
2)
3)
4)
Дескриптор Білім алушы
- берілген сөздерден дұрыс сөйлем құрастырып жазады;
- сөйлемнің соңына тиісті тыныс белгісін қояды.
1) Күн суыта бастады
2) Алақай, мектебімізде «Алтын күз» мерекесі өтеді
3) Аяжан, мерекеге келесің бе
4) Кешікпей келейік
Әсел айтады ән Отан туралы
тартады Болат домбыра
Концерт қоясыңдар сендер ма
Қандай керемет даусы
31
Бөлім: Тілдік нормалардың қолданысы
Бөлімше 4.2 Грамматикалық нормаларды сақтау
Оқу мақсаты 2.4.2.6 Сөйлемдегі бір-бірімен байланысып тұрған сөздерді
табу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Сөйлемдегі сөздердің байланысын анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Сөйлемдегі сөздердің байланысын сызба арқылы көрсет.
Шағала көлін қорғайды,
Шопан төлін қорғайды.
Егінші жерін қорғайды,
Ер жігіт елін қорғайды.
Дескриптор Білім алушы
- сұрақ қою арқылы сөйлемдегі сөздердің байланысын
анықтайды;
- сөйлемдегі сөздердің байланысын сызбамен көрсетеді.
Берілген сызба бойынша сөйлем құрастыр.
Дескриптор Білім алушы
- берілген сызба бойынша сөйлем құрастырып жазады;
- сөйлемдегі сөздердің байланысын дұрыс сақтайды.
32
3-тоқсан
Бөлім: Тыңдалым және айтылым
Бөлімше 1.1 Тыңдалған материалдың мазмұнын түсіну
Оқу мақсаты 2.1.1.1 Тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін
белгілеу, мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға
жауап беру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіннен түсінбеген сөздерін белгілеп, мағынасын
анықтайды
• Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап
береді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда. Мәтіндегі мағынасын түсінбеген сөздерді түртіп ал.
Адамның денсаулығының жақсы болғаны – елдің байлығы. Әрбір адам өз
денсаулығының жақсы болуына назар аудару керек. Спортпен шұғылданып, дұрыс
тамақтану керек. Сонда ғана оның көңіл күйі көтеріліп, әрқашан белсенділік танытады.
• Түсініксіз сөздерді топта талдаң.
• Топта «назар аудару», «шұғылдану», «белсенділік» деген сөздерге синоним сөздер
тауып, сөйлем құра.
Дескриптор Білім алушы
- тыңдаған мәтін бойынша түсінбеген сөздерді түртіп алады;
- сөздердің синонимін табады;
- берілген сөздерді қатыстырып сөйлем құрастырады.
33
Бөлімше: 1.2 Мәтіннің мазмұнын болжау
Оқу мақсаты 2.1.2.1 Мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде
мәтіннің мазмұнын болжау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тақырып пен тірек сөздерге сүйеніп, мәтіннің
мазмұнын болжайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Суретті пайдаланып, берілген тақырып пен тірек сөздер бойынша мәтіннің не туралы
болатынына болжау жаса. Шағын мәтін құрастырып айт.
Тақырып: Денің сау болу үшін . . .
Тірек сөздер: тазалық сақтау, спортпен шұғылдану, денсаулықты жақсартады, пайдалы,
дұрыс тамақтану, дұрыс отыру, қимыл, күн тәртібін сақтау
Дескриптор Білім алушы
- тірек сөздер мен суретті орынды пайдаланады;
- мәтіннің мазмұнын тұспалдап айтады;
- ойын тиянақты, жүйелі жеткізеді;
- ұсынылған тақырып бойынша өзара байланысқан, жүйелі мәтін
құрастырады.
34
Бөлімше 1.3 Түрлі жағдаяттарда тілдік нормаларды дұрыс қолдану
Оқу мақсаты 2.1.3.1 Күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты
өзара сұхбаттасу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Өмірлік жағдаяттарға байланысты сұхбатқа қатысады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Жұптық жұмыс
Суреттерге мұқият қара.
• Аталған мерекелер туралы не білесің?
• Мұндай мерекелерге қатысып көрдің бе?
Бесікке салу Тілашар Тұсау кесу
• Кез-келген суретті таңдап алып, сол тақырыпта әңгімелесіңдер.
Жұпта бір-біріңе сұрақ қойып, сұраққа жауап беріңдер.
Дескриптор Білім алушы
- суреттерге қатысты сұрақтарға жауап береді;
- тақырып бойынша сұхбатқа қатысады;
- жағдаятқа байланысты сұхбаттасына сұрақ қояды;
- сұхбаттасының сұрағына сәйкес жауап береді;
- сөйлеу барысында қарым-қатынас жасау мәдениеті
нормаларын сақтайды.
35
Бөлімше 1.4 Берілген тақырып бойынша әңгіме құрау
Оқу мақсаты 2.1.4.1 Тірек сөздерді қатыстыра отырып, берілген
тақырып бойынша әңгіме құрау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тірек сөздер арқылы берілген тақырыпқа әңгіме
құрастырады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Тірек сөздерді мұқият тыңда.
Тірек сөздер: спортпен айналысу, жаман әдеттер, серуендеу, дұрыс тамақтану, аулақ болу,
шынығу, денсаулық.
• Суреттер мен тірек сөздерді қолданып «Денім сау болсын десең... » тақырыбына
әңгіме құрастырып айт.
Дескриптор Білім алушы
- тақырыпқа сәйкес жүйелі әңгіме құрастырады;
- тірек сөздерді орынды қолданады;
- мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтайды;
- сөйлеу барысында лексика-грамматикалық нормаларды
сақтайды.
36
Бөлімше 1.5 Тыңдалған материалдар бойынша өз пікірін білдіру
Оқу мақсаты 2.1.5.1 Аудио-бейнежазба мазмұны туралы өз ойын
(ұнайды/ұнамайды, себебі..., пайдалы немесе пайдасыз
болды... т.б.) білдіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Ертегінің мазмұнына қатысты жеке пікірін айтады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Ертегіні мұқият тыңда.
Балапан және оның достары
Балапан қораға кірсе, достары үстел үстіндегі қағазға төніп алып, қызу ойынға
кірісіп кеткен екен. Ол достарын далаға шығып, таза ауада ойнауға шақырды. Таза ауада
ойнаудың денсаулыққа пайдалы екенін айтты. Бірақ достары далаға шықпай қойды.
Балапанға кішкентай күшік қана ілесті. Күшік екеуі далада әткеншек тепті. Доп
лақтырып ойнады.
Ал д остары болса қорадан әлі шығатын е мес. Ойын қызуына кіріп кеткен. Ұ зақ
отырғаннан олардың бастары ауыра бастады. Далаға шығып, балапанды іздеді. Келе
жатып ұлуға жолықты. Ұлу оларға балапанның айтқаны дұрыс екендігін айтты.
• Сұрақтарға жауап бер.
- Балапан достарын қайда шақырды?
- Балапанның ойымен келісесің бе?
- Балапанның достары жасаған әрекет туралы не айтасың? Неліктен?
- Ертегіден қандай ой түйдің?
Дескриптор Білім алушы
- мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;
- тыңдалған материалға қатысты ойын айтады;
- жеке көзқарасына дәлел келтіріп, өз пікірін айтады.
- ертегінің мазмұны бойынша қорытынды жасайды.
37
Бөлімше 1.6 Тыңдарманның назарын аудару
Оқу мақсаты 2.1.6.1 Интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды
(қимыл, ым-ишара) қолданып, тақырыпқа (Сіз қалай
ойлайсың? Сіз не ұсынар едіңіз? т.б.) назарын аударту
Бағалау критерийі Білім алушы
• Сөйлеу барысында дауыс ырғағын/ вербалды
емес тілдік құралдарды орынды қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Өлеңді мұқият тыңда.
Денсаулық
Денсаулық ол – шыныққан
Барлық денең мүшесі.
Денсаулық ол - тыныққан
Жүйке тамыр жүйесі.
Денсаулық ол - күлуің
Көңіл күйің жадырай,
Денсаулық ол – жүруің,
Ешбір жерің ауырмай.
Қара айнаға, көресің
Өзіңді – адам денесін.
Қол - аяғың, басың бар,
Бұған кеуде қосылар-
Құрылысың бұл сыртқы.
Көрінбейді жүрегің,
Өкпе, миың, бүйрегің-
Құрылысың бұл ішкі.
Сымбат - мүсін дегенің
Бітім – көркі денеңнің.
Сымбат – жүру әдемі,
Дене қалпын тік ұстап:
Көтеріп сәл кеудені,
Иық жазып дұрыстап.
Түзу отыр, қисаймай,
Бүкіреймей, жантаймай.
Күш сап бас пен арқаға,
Жатып алма партаға.
• Өлеңнің мазмұнына сүйеніп, «Денсаулық –зор байлық» тақырыбында әңгіме
құрастырып айт. Сөйлеу барысында ым-ишараны/қимыл-қозғалысты/дауыс
ырғағын пайдаланып, тыңдарманның назарын аударуға тырыс.
Дескриптор Білім алушы
- денсаулық туралы жүйелі мәтін құрастырады;
- сөйлеу барысында екпінді, дауыс ырғағын сақтайды;
- вербалды емес тілдік құралдарды қолданады.
38
Бөлім: Оқылым
Бөлімше 2.3 Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру
Оқу мақсаты 2.2.3.1 Мәтін мазмұнын анықтауға бағытталған сұрақтар
құрастыру және жауап беру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады
және жауап береді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы.
Футбол
«Футбол» сөзі ағылшыннан аударғанда
«табан доп» деген мағынада қолданылады. 1863
жылы қазан айында Лондонда алғаш рет
футболшылардың одағы құрылды. Қазіргі
футбол тарихы сол оқиғадан басталады. 1934
жылдан соң Ресейде тұңғыш футбол командасы
пайда болды.
Біздің елімізде футбол ойыны кеңінен
тараған. Футбол – ұжымдық ойын. Футбол ойнау
үшін өте төзімді болу керек.
Қазақстанның «Қайрат» футбол командасы 1959 жылы құрылды. Сол кезден бастап
«Қайрат» ел намысын қорғап келеді.
• Мәтіннің мазмұны бойынша жұпта бір-біріңе 2 сұрақтан қой. Мәтіннен сұрақтың
жауабын тауып, астын сыз.
Дескриптор Білім алушы
- мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар қояды;
- мәтіннен сұрақтардың жауабын тауып, астын сызады;
- сөйлемдердің құрылымын сақтайды.
39
Бөлімше 2.4 Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау
Оқу мақсаты 2.2.4.1 Мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі
ойды анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіннің тақырыбын және негізгі ойын анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы.
Хамит атасымен әңгімелескенді ұнатады. Балабек қария көп жыл бойы сушы
болған. Қазір құрметті демалыста. Сонда да отырғанын көрмейсің. Хамитті ертіп, үй
жанындағы бақ ішіне жеміс егіп жүргені. Ешқашан шаршамайды.
- Ата, «маңдай тер» деген не? – деп сұрады Хамит.
Атасы ойға шомды. Көзін бір нүктеге қадады. Әжімдері тереңдеді. Сонан соң
Хамитті жетектеп, өзі көшет алып жүрген тоғайға келді.
Қолына күрек ұстатты:
- Қане, екі-үш көшет қазып ал!
Өзі шеткерірек барып, ағаш көлеңкесіне жайғасты.
Хамит пора-порасы шығып терледі.
Күз тарта көшеттер үлкен ағашқа айналды. Алма мен жүзім мол жеміс салды.
Қоңыр күзде атасы Хамитті ертіп, бақ ішіне келді. Қып-қызыл алманың біреуін үзіп,
қолына ұстатты. Сондай дәмді!
- «Маңдай тер» деген осы, Хамитжан. Өзіңнің маңдай теріңнің жемісі.
Хамит атасын құшақтай алды.
Сұрақтарға жауап бер.
• Атасы Хамитке «маңдай тер» деген ұғымды қалай түсіндірді?
• «Маңдай тер» дегенді сен қалай түсіндің?
• Мәтін арқылы автор не айтқысы келді?
Мәтінге сәйкес келетін тақырыпты таңда.
Мәтіннің негізгі ойын жаз _________________________________________________
Дескриптор Білім алушы
- мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;
- сұраққа қатысты ойын білдіреді;
- мәтіннің тақырыбын анықтайды;
- мәтіндегі негізгі ойды анықтайды.
Маңдай тер Еңбек- түбі береке
40
Бөлімше 2.2 Мәтіндегі лексикалық бірліктердің қолданылуын түсіну
Оқу мақсаты 2.2.2.1 Синоним, антоним, омоним (сөздік қолдану)
сөздерді ажырату және мағынасын түсіну, сөйлеу
барысында қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Синоним, антоним, омоним сөздерді ажыратады
• Синоним, антоним, омоним сөздерді мағынасына
қарай қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
1. Суретке мұқият қара. Әр жұп суретті мағынасы қарама-қарсы сөздер арқылы жаз.
• Кез келген жұп сөздермен сөйлем құрастырып айт.
2. Өлеңнен әр түрлі мағынада қолданылып тұрған сөзді тауып, астын сыз. Мағынасын
түсіндір.
• Сөзді әр түрлі мағынада қолданып, сөйлем құрастыр.
Жаз келді де құлпырды,
Қырқаларға гүл тұнды.
Жаз көрпені, кісі күт,
Қонақ келсе, үйге құт.
Жаз әріпті, сандарды,
Жазу – өнер сындарлы
41
3. Сөздерді оқып, ішінен мағынасы жуық сөздерді теріп жаз.
Дескриптор Білім алушы
- суреттерге байланысты антоним сөздер жазады;
- антоним сөздермен сөйлем құрастырады;
- өлеңнен омоним сөздерді тауып, астын сызады;
- омоним сөздермен сөйлемдер құрастырады;
- берілген сөздердің арасынан синоним сөздерді теріп жазады.
Әдеп, асығу, ерте, абырой, инабат, ірі, жуас, ізет,
бедел, аптығу, ұсақ, кеш, тентек, абыржу, атқыш,
жуан, мерген, жіңішке.
42
Бөлімше 2.5 Түрлі дереккөздерден ақпарат алу
Оқу мақсаты 2.2.5.1 Берілген тақырып/сұрақ бойынша қажетті
ақпараттарды іріктеп алу үшін дереккөздермен (сөздік,
анықтамалық, энциклопедия) жұмыс жасау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Дереккөздерден берілген тақырыпқа/сұраққа
қатысты ақпараттарды іріктеп алады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Суретке мұқият қара. Суретте қандай салт-дәстүр бейнеленген?
Жұптық жұмыс
Әр түрлі дереккөздерді пайдаланып, «Тұсау кесу» дәстүрі туралы ақпарат іздестір.
Жинақтаған ақпарат бойынша коллаж дайында және әңгімеле.
Дескриптор Білім алушы
- суретте бейнеленген дәстүрді атайды;
- «тұсау кесу» дәстүрі туралы ақпарат жинақтайды;
- жинақталған ақпарат негізінде коллаж жасайды;
- «тұсау кесу» дәстүрі туралы әңгімелейді;
- дереккөздермен жұмыс жасай алу дағдысын көрсетеді.
43
Бөлімше 2.6 Мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау
Оқу мақсаты 2.2.6.1 Мұғалімнің көмегімен белгілі бір тақырыпта
жазылған мәтіндердің ұқсастығы мен айырмашылығын
табу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіндердің ұқсастығы мен айырмашылығын
анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Мәтіндерді түсініп оқы.
• Мәтіндерді салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын анықта.
1. тақырыбы
2. негізгі ойы
3. мәтіннің жанры
4. тірек сөздері
Дескриптор Білім алушы
- мәтіндердің ұқсастығын анықтайды;
- мәтіндердің айырмашылығын анықтайды.
1-мәтін
Мектепте денсаулық
апталығы өтті. Оған
барлық сыныптар
қатысты. Біздің
сыныбымыз денсаулыққа
пайдалы азық-түліктердің
топтамасын жасады.
2-мәтін
Мен денсаулығымды барынша сақтауға
тырысамын. Таңертең ерте тұрып, жаттығу
жасаймын. Міндетті түрде сүт ішемін. Зиянды
тамақтар мен сусындарды қолданбаймын. Бос
уақытымда спортпен шұғылданамын. Таза
ауада көп жүремін. Денсаулық – зор байлық, -
деп босқа айтылмаған.
44
Бөлім: Жазылым
Бөлімше 3.2 Түрлі стильде мәтін жазу
Оқу мақсаты 2.3.2.1 Үлгі бойынша қарапайым хабарландыру, хабарлама
және ас әзірлеу рецептісін жазу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Үлгіге сүйеніп хабарландыру жазады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Денсаулық күніне арналған мереке туралы хабарландыру жаз. Мәтін құрауда берілген
сұрақтарды пайдалан.
• Мереке кімге арналады?
• Қайда өткізіледі?
• Қашан болады?
• Кім өткізеді?
Дескриптор Білім алушы
- тақырыпқа сәйкес хабарландыру жазады;
- хабарландыруға қойылатын талаптарды сақтайды;
- сөйлемдерді дұрыс құрастырады;
- сөйлемдегі сөздерді сауатты жазады.
45
Бөлімше 3.3 Оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар
бойынша жазба жұмыстар жазу
Оқу мақсаты 2.3.3.1 Оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар
бойынша мұғалімнің көмегімен жоспар құру және тірек
сөздерді пайдалана отырып мазмұндама жазу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтінге жоспар құрады
• Мазмұндама жазуда тірек сөздерді қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда.
Мен Қордай ауылында тұрамын. Ауылым таудың бөктерінде орналасқан. Табиғаты
сондай керемет!
Көктемде біздің ауылға біраз үй көшіп келді. Оларды ауыл адамдары қуанып
қарсы алды. Күн сайын әр үй қонаққа шақырып, ерулік берді. Домбыра тартылды, ән
айтылды. Жұрт бір-бірімен әзілдесіп, көңілді отырды. Ауылымызға көшіп келген
туыстарды біз осылайша қарсы алдық.
• Сұрақтардың көмегімен мәтінге жоспар құр.
1. Мәтінде ауыл туралы не айтылған?
2. Ауылға кімдер көшіп келді?
3. Ауыл адамдары көшіп келгендерді қалай қарсы алды?
Жоспар:
1. __________________
2. __________________
3. __________________
• Жоспар мен берілген тірек сөздерді қолданып, мәтіннің мазмұнын жаз.
Тірек сөздер: таудың бөктері, көшіп келу,отбасы, қарсы алу, ерулік беру, қонаққа шақыру,
домбыра, ән айту, туыстар, қарсы алу, қуану.
Дескриптор Білім алушы
- мәтін бойынша қарапайым жоспар құрады;
- мәтіннің мазмұнын жоспарға сәйкес жазады;
- тірек сөздерді орынды қолданады;
- мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтайды;
- орфографиялық нормаларды сақтап жазады (3 қатеден артық емес);
- пунктуациялық нормаларды сақтап жазады (3 белгіден артық емес).
46
Бөлімше 3.5 Қатені табу және түзету
Оқу мақсаты 2.3.5.1 Жіберілген пунктуациялық, орфографиялық
қателерді мұғалімнің көмегімен тауып түзету және
құраған сөйлемін толықтыру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіндегі орфографиялық және пунктуациялық
қателерді тауып, түзетіп жазады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді мұқият оқы. Асты сызылған сөздердің қателерін тауып, түзет. Мәтінді
көшіріп жаз.
Сағызды осыдан жүз қырық жыл бұрұн
ойлап тапқан сағыздың зияаны көп ол
тістің қызыл иегін бүлдүреді жиһазға
жабыстырып қойған сағызға микробтар
көп жиыналады.
Дескриптор Білім алушы
- асты сызылған сөздердегі әріптік қателерді түзетеді;
- сөйлемдердің ара жігін ажыратып, соңына тиісті тыныс белгілерін
қояды;
- мәтінді көркем жазу талаптарын сақтай отырып, дұрыс көшіреді.
47
Бөлімше 3.6 Каллиграфиялық нормаларды сақтау
Оқу мақсаты 2.3.6.1 Бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін
сақтап, оларды байланыстырып көлбеу және таза жазу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Әріптердің байланысын сақтай отырып, көркем
жазады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Өлеңді оқы. Көркем жазу талаптарын сақтай отырып, көшіріп жаз.
Жалқаулықты тастаймыз,
Жаттығуды бастаймыз.
Қиынсынып қашпаймыз,
Шынығамыз жастай біз.
Иілеміз оңға бір,
Иілеміз солға бір.
Қимылдайды әр сәтте,
Аяқ та бір, қол да бір.
Дескриптор Білім алушы
- әріптердің биіктігі мен мөлшерін сақтап жазады;
- әріптердің байланысын сақтайды;
- әріптерді көлбеу жазады;
- өлеңді сауатты көшіріп жазады.
48
Бөлім: Тілдік нормалардың қолданысы
Бөлімше 4.2 Грамматикалық нормаларды сақтау
Оқу мақсаты 2.4.2.1 Мұғалімнің көмегімен түбір мен қосымшаны
ажырату
Бағалау критерийі Білім алушы
• Сөз құрамына (түбір мен қосымша) талдайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Сөздерді оқы. Түбір сөздерге тиісті қосымшаларды сәйкестендір.
• Берілген сөздерді сөз құрамына талдап, кестеге жаз.
Татулық, адалдық, мектепке, саяхаттан, әңгімешіл, спортшы, денсаулық
Қосымшалы сөз Түбір Қосымша
Дескриптор Білім алушы
- түбір сөздерді тиісті қосымшалармен сәйкестендіреді;
- берілген сөздердің түбірі мен қосымшасын ажыратып жазады.
Дәрумен
Ботқа
Тұз
Қияр
- дың
- дық
- ға
- дер
49
Бөлімше 4.2 Грамматикалық нормаларды сақтау
Оқу мақсаты 2.4.2.2 Көптік жалғауларын дұрыс қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Сөздерге тиісті көптік жалғауларын жалғайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Суреттерге мұқият қара. Заттың атауына тиісті көптік жалғауын жалғап жаз.
Дескриптор Білім алушы
- суреттегі заттарды көпше түрде жазады;
- көптік жалғауларын дұрыс жалғайды;
- сөздерді сауатты жазады;
- көркем жазу ережесін сақтайды.
50
Бөлімше 4.2 Грамматикалық нормаларды сақтау
Оқу мақсаты 2.4.2.3 Сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік)
ажырату
Бағалау критерийі Білім алушы
• Сөздерді сөз таптарына жіктейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Сөздерге сұрақ қой. Мағынасына қарай сызбаға орналастыр.
Дескриптор Білім алушы
- сұрақ қоя отырып, зат есімдерді анықтайды және сызбаға жазады;
- сұрақ қоя отырып, етістіктерді анықтайды және сызбаға жазады;
- сұрақ қоя отырып, сын есімдерді анықтайды және сызбаға жазады;
- сұрақ қоя отырып, сан есімдерді анықтайды және сызбаға жазады;
Жұлдыз, тау, екі, ата, көк, оқыды, үлкен, ақын, жуынды,
спорт, жеті, адам, отыз, құс, жүзді, биік, жасыл,
айналысады.
51
Бөлімше 4.2 Грамматикалық нормаларды сақтау
Оқу мақсаты 2.4.2.4 Зат есімнің жалпы және жалқы түрлерін ажырату,
жалқы есімнің жазылу емлесін сақтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Жалқы және жалпы есімдерді ажыратады
• Сөйлем ішінде жалқы есімдерді дұрыс жазады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда және есту арқылы жаз.
Бақылау диктанты
Дескриптор Білім алушы
- мәтіндегі сөздерді өзгертпей, қатесіз жазады;
- тыныс белгілерін дұрыс қояды;
- жалқы есімдердің жазылу емлесін сақтайды;
- каллиграфиялық талаптарды сақтап жазады.
Жазғы демалыста Ерзат атасы мен әжесінің үйіне
келді. Олар Қарашілік ауылында тұрады. Балтабай
атасы – ауыл ақсақалы. Ол көп өлең, жырларды жатқа
біледі. Әжесі Шәкизат сырмақ тігеді.
Ерзат күні бойы атасымен бақты аралады. Атасы
алманың пайдасы жайлы ұзақ әңгімеледі.
52
Бөлімше 4.2 Грамматикалық нормаларды сақтау
Оқу мақсаты 2.4.2.5 Дара және күрделі зат есім/сын есім/сан есім/
етістікті анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Сөз таптарын дұрыс ажыратады
• Сөз таптарының дара және күрделі түрлерін
анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Сөздерге сұрақ қоя отырып, сөз таптарына ажырат. Әр сөздің бағанмен қиылысқан
тұсына «+» таңбасын қой.
Семантикалық карта
Сөздер зат есім етістік сын есім сан есім
дара күрделі дара күрделі дара күрделі дара күрделі
оймақ +
тікті
қызыл ала
жеті
әдет-
ғұрып
әдемі
он бес
қонып
отыр
Дескриптор Білім алушы
- дара және күрделі зат есімдерді тауып, белгілейді;
- дара және күрделі етістіктерді тауып, белгілейді;
- дара және күрделі сын есімдерді тауып, белгілейді;
- дара және күрделі сан есімдерді тауып, белгілейді.
53
4-тоқсан
Бөлім: Тыңдалым және айтылым
Бөлімше 1.2 Мәтіннің мазмұнын болжау
Оқу мақсаты 2.1.2.1 Мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде
мәтіннің мазмұнын болжау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тақырып пен тірек сөздерге сүйеніп, мәтіннің
мазмұнын болжайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Берілген тірек сөздерді мұқият тыңда.
Тірек сөздер: көктем, жасыл жапырақтар, балалар, құстар, ұя жасау, ағашқа бекіту,
торғай, қос балапан, біреуі, жерге түсіп қалу, ұяға салу, шиқылдау, торғайдың енесі, алғыс
айтып тұрғандай.
• Бұл мәтінде не туралы айтылуы мүмкін? Тақырып пен тірек сөздерді пайдаланып,
«Құстарға көмек» тақырыбына шағын әңгіме құрастырып айт.
Дескриптор Білім алушы
- тақырып пен тірек сөздердің негізінде оқиғаның мазмұнын
болжайды;
- тақырыпқа сәйкес жүйелі мәтін құрастырады;
- мәтіннің құрылымдық бөліктерін (басы, негізгі бөлімі, соңы)
сақтайды;
- сөйлеу барысында лексика-грамматикалық нормаларды сақтайды.
54
Бөлімше 1.3 Түрлі жағдаяттарда тілдік нормаларды дұрыс қолдану
Оқу мақсаты 2.1.3.1 Күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға
байланысты өзара сұхбаттасу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Өмірлік жағдаяттарға байланысты сұхбатқа
қатысады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда.
Автобустың іші ыстық. Бос орын жоқ. Әр аялдама сайын бірі түсіп, екіншілері
кіріп жатқан жолаушылар.
Бір аялдамадан автобусқа қарт адам кірді. Жан-жағына қарады. Бос орын жоқ
екенін көрді де, отырған екі баланың жанына келіп тұрды. Екеуінің мойындарында асып
алған әдемі теннис ракеткаларының қабы бар екен. Өзара күліп, теледидардан көрген
спорт жарысын талқылап отыр. Олар ақсақалды көрмегендей болып отыра берді.
Балалардың ісіне ренжіген қария:
- Қарақтарым, тұрмай-ақ қойыңдар, отыра беріңдер. Жас кездеріңде жақсылап күш
жинап алыңдар - деді.
Қарияның сөзінен ұялған балалар келесі аялдамада автобустан түсіп кетті.
• Балалар автобустан не себепті түсіп қалды?
• Қария оларға қандай сөз айтты? Неліктен?
• Мәтіннен қандай ой түйдің?
• Күнделікті өмірде мұндай жағдаяттар кездесе ме? Осыған ұқсас өзің куә болған/
оқыған/ естіген оқиғалар туралы жұпта әңгімеле.
Дескриптор Білім алушы
- мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;
- мәтіндегі оқиғаға/кейіпкерлердің іс- әрекетіне қатысты ойын айтады
және негіздейді;
- мәтіннің мазмұны бойынша қорытынды жасайды;
- күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттар туралы әңгімелейді.
55
Бөлімше 1.4 Берілген тақырып бойынша әңгіме құрау
Оқу мақсаты 2.1.4.1 Тірек сөздерді қатыстыра отырып, берілген
тақырып бойынша әңгіме құрау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тірек сөздер арқылы берілген тақырыпқа әңгіме
құрастырады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Тірек сөздерді мұқият тыңда.
Тірек сөздер: түрліөсімдіктер, жануарлар әлемі, сұлу, табиғаты тамаша, айдын көлдер,
ну орман, асқар таулар, гүлдер, жазира дала, мөлдір бұлақ, сағыну, мақтан ету, қорғау.
• Суреттер мен тірек сөздерді пайдаланып, «Туған өлкемнің табиғаты» тақырыбына
мәтін құрастыр.
Дескриптор Білім алушы
- тақырыпқа сәйкес мәтін құрастырады;
- тірек сөздерді орынды пайдаланады;
- сөздерді мағыналарына сәйкес қолданады;
- ойын тиянақты, жүйелі жеткізеді.
56
Бөлімше 1.5 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін білдіру
Оқу мақсаты 2.1.5.1 Аудио-бейнежазба мазмұны туралы өз ойын
(ұнайды/ұнамайды, себебі..., пайдалы немесе пайдасыз
болды... т.б.) білдіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіннің мазмұнына/ кейіпкерлеріне/ оқиғасына
қатысты ойын айтады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Ертегіні мұқият тыңда.
Күнді аңсаған күнбағыс
Ертеде айдын көлдің жағасында бір ел өмір сүріпті. Олардың тұрған жерінің
табиғаты өте бай, көрікті екен. Ал халқы еңбексүйгіш, ұйымшыл болады.
Осы елде Күнікей деген ақылды да сұлу қыз болыпты.
Көп ұзамай Күнікей шалғай жатқан бір елге ұзатылып кетеді.
Арада біраз уақыт ө теді. К үнікей к еткен с оң а уылдың р еңі қ ашады. Ө сімдіктері
қурап, малдары аза бастайды.
Күндердің бір күнінде Күнікейдің бауырлары оның үйіне келеді. Күнікей барған
жердің әдемі табиғатын, байлығын көріп таң қалады. Күнікейге өз ауылының жағдайын
айтады.
Бауырларынан елінің жағдайын естіген Күнікей қатты қайғырады. Кері қайтуға
барған жерін, жары мен балаларын қимайды. Амалы таусылған ол жақындарымен қимай
қоштасып, аспанға көтеріледі.
Биікке көтерілген Күнікейдің нұрлы жарығы жер бетіне түгел жайылады.
Өсімдіктер оның шуағынан нәр алып, қайта бой көтере бастайды. Ал, анасын сағынған
балалары ол қай жаққа қарай қозғалса, көз алмай сол жаққа ұзақ қараумен болады.
Анасын қатты сағынып, оған ұзақ қарағандықтан олардың жүздері сарғайып, өзгеше
өсімдік түріне айналды. Кейін ол өсімдікті жұрт «Күнбағыс» деп атап кетеді.
Сұрақтарға жауап бер.
• Ертегінің кейіпкерлері/мазмұны ұнады ма? Неліктен?
• Ертегіде Күнікей арқылы қандай табиғи дене сипатталған?
• Күнекейдің жасаған әрекеті туралы не айтар едің?
• Ертегіден қандай ой түйдің?
Дескриптор Білім алушы
- ертегінің мазмұны/кейіпкерлері туралы ойын айтады;
- мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;
- ертегінің мазмұны бойынша қорытынды жасайды.
57
Бөлім: Оқылым
Бөлімше 2.1 Мәтін түрлері мен құрылымдық бөліктерін анықтау
Оқу мақсаты 2.2.1.1 Сұрақ қою арқылы (не істеді? қандай? неліктен?)
мәтін түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) және
құрылымдық бөліктерін (басы, негізгі бөлім, соңы)
анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Сұрақ қою арқылы мәтіннің түрін анықтайды
• Мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажыратады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
1-тапсырма
Мәтіндерді түсініп оқы. Әр мәтінге сұрақ қоя отырып, мәтін түрін анықта және
сәйкестендір.
Дескриптор Білім алушы
- әңгімелеу мәтінін анықтайды;
- сипаттау мәтінін анықтайды;
- пайымдау мәтінін анықтайды.
Лашын – сұңқар тұқымдасына
жататын жыртқыш құс. Лашынның
ту сырты көк сұр немесе қара сұр,
ал алқымы ақ сұрлау болып
келеді.Көзі дөп-дөңгелек, қап-қара.
Қанаты ұзын және сүйір,
саусақтары салалы.
Лашын қазіргі кезде сирек
кездеседі. Табиғатта саны азайып
бара жатқан құстардың қатарында.
Сондықтан олар біздің елімізде
қорғауға алынған.
Мен лашынды хайуанаттар
бағынан кездестірдім. Ол ұясында
отырды. Ол бізден қорыққан да
жоқ.
Әңгімелеу
Пайымдау
Сипаттау
58
2-тапсырма
Мәтінді түсініп оқы.
Таңғы шуақ
Күн көкжиекке көтерілді. Жердегі тіршілікті ояту үшін көктен күлімдеп қарап,
жан-жағына шуақ шашты. Күннің алғашқы шуағы бозторғайға жетті. Ол ұйқысынан
оянды да, қанатын қағып- қағып жіберіп, сүйікті әніне басты. Күннің шуағы енді ұйықтап
жатқан көжекке түсті. Көжек құлағын тіктеп алып, шық басқан алаңқайға қарай секіре
жөнелді. Күн шығысымен айнала жанданып шыға келді. Көктегі күн шаттанып, одан
сайын жарқырай түсті.
• Мәтінді 3 бөлікке бөл. Әр бөлікті әр түсті қарындашпен қоршап сыз.
• Мәтіннің әр бөлігіне сәйкес сурет сал.
Дескриптор Білім алушы
- мәтінді құрылымдық бөліктерге бөледі;
- мәтіннің әр бөлігіне сәйкес сурет салады.
59
Бөлімше 2.3 Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру
Оқу мақсаты 2.2.3.1 Мәтін мазмұнын анықтауға бағытталған сұрақтар
құрастыру және жауап беру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады
және жауап береді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы.
Марс – қызыл планета. Оның бетін қызыл түсті тозаң
жауып тұрады. Жел тұрған кезде сол тозаң көтеріледі.
Біраздан соң қызыл бұлтқа айналады. Марстағы
жартастардың құрамында темір көп. Сол темір тотыққан
кезде қызыл күрең түске енеді.
Жұптық жұмыс
• Мәтіннің мазмұны бойынша жұбыңа 1 сұрақ дайында.
Сұрақ: ___________________________________________________
• Жұбыңның құрастырған сұрағына жауап бер.
Жауап: ___________________________________________________

Дескриптор Білім алушы
- мәтіннің мазмұны бойынша сұрақ қояды;
- мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;
- сұрақтың құрылымын сақтайды;
- сөйлеу барысында грамматикалық нормаларды сақтайды.
60
Бөлімше 2.4 Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау
Оқу мақсаты 2.2.4.1 Мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен
негізгі ойды анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіндегі негізгі ойды және мәтіннің тақырыбын
анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы.
Түс кезі. Екі дос мектептен қайтып келе жатыр. Қызу әңгімелесіп,тым көңілді
келеді. Екеуінің қолында да ішінде шұжығы бар ақ тоқаш. Сөз арасында ұрттары бұлт-бұлт
етіп, тоқашты қаужалап қояды. Қажыкен тоқашының қалдығын қағазға орап, сөмкесіне
салып қойды. Ал Болат қалған тоқашын бір кескен шұжығымен бірге жолға қарай
лақтырып жіберді. Оның үстіне тоқашты доп етіп теуіп, қуалай жөнелді. Нанды
домалатып, біраз жерге апарып тастады. Қажыкен досын әрең қуып жетіп, ұрса бастады.
Оған осы тоқаштың мыңдаған адамдардың еңбегімен, маңдай терімен келгендігін, соны
бағалай біліп, нанға ұқыпты қарау керек екендігін түсіндірді. Қателігін кеш түсінген досы
басын төмен салып, артта әрең жүріп келе жатты.
Сұрақтарға жауап бер.
• Мәтін не туралы?
• Қажыкен Болатқа не үшін ренжіді?
• Болат қандай қателік жіберді?
• Мәтіннен қандай ой түйдің?
Берілген атауларды оқы. Олардың қайсысы мәтіннің тақырыбын, қайсысы негізгі ойын
білдіреді? Жаз.
• Мәтіннің тақырыбы ____________________________
• Мәтіннің негізгі ойы ____________________________
Дескриптор Білім алушы
- мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;
- мәтіннің мазмұны бойынша қорытынды жасайды;
- мәтіннің тақырыбын анықтайды;
- мәтіндегі негізгі ойды көрсетеді.
Ақ тоқаш Ас атасы - нан
61
Бөлімше 2.5 Түрлі дереккөздерден ақпарат алу
Оқу мақсаты 2.2.5.1 Берілген тақырып/сұрақ бойынша қажетті
ақпараттарды іріктеп алу үшін дереккөздермен
(сөздік,анықтамалық, энциклопедия) жұмыс жасау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Дереккөздерден берілген тақырыпқа/сұраққа
қатысты ақпараттарды іріктеп алады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы.
Сұрақтарға жауап бер.
• Мәтін не туралы?
• Туризм сөзі қандай мағына береді?
• Серуен мен саяхаттың қандай айырмашылығы бар?
Жұптық жұмыс
Дереккөздерден туризм, оның түрлері туралы ақпарат ізде.Туризм түрлеріне сипаттама
бер. Жинақтаған ақпараттарды кестеге түсір және басқалармен ой бөліс.
Туризм түрлері:
1. ______________________________
2. ______________________________
3. ______________________________
4. ______________________________
Дескриптор Білім алушы
- мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;
- туризм түрлері туралы ақпарат жинақтайды;
- туризм түрлеріне сипаттама береді;
- дереккөздермен жұмыс жасай білу дағдысын көрсетеді.
Туризм – француз тілінен аударғанда «серуендеу», «жол жүру»
деген мағынаны білдіреді. Туризм - адамның бос уақытында басқа
бір жерге ерікті түрде саяхаттап, серуендеп баруы. Адамдар
саяхатқа көңіл көтеру, демалу үшін, яғни рухани қажеттілігі
бойынша барады. Жақын жердегі қысқа мезетте орындалатын түрі
- серуен деп аталса, алыс жерге аттанған ұзақ мерзімдісі -
саяхат деп аталады.
62
Бөлім: Жазылым
Бөлімше 3.1 Мәтін түрлеріне сәйкес мәтін құрап жазу
Оқу мақсаты 2.3.1.1 Мұғалім көмегімен жеке сурет/сюжетті суреттер
арқылы шағын сипаттау/әңгімелеу мәтіндерін құрап жазу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Сюжетті сурет арқылы әңгімелеу мәтінін құрап
жазады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Берілген сұрақтарға сүйене отырып, сурет бойынша әңгімелеу мәтінін құрап жаз. Мәтінге
ат қой.
1. Жылдың қай мезгілі?
2. Ауыл шетінде не бар?
3. Атасы мен немересі қайда келді?
4. Көңіл күйлері қандай?
5. Олармен бірге не еріп келді?
6. Немересі не істеді?
7. Олар қалай демалды?
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
Дескриптор Білім алушы
- бейнеленген оқиғаға сәйкес әңгімелеу мәтінін құрастырып жазады;
- мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтайды;
- сөздерді мағынасына сәйкес қолданады;
- сөйлемдерді сауатты жазады;
- көркем жазу талаптарын сақтайды.
63
Бөлімше 3.2 Түрлі стильде мәтін жазу
Оқу мақсаты 2.3.2.1 Үлгі бойынша қарапайым хабарландыру, хабарлама
және ас әзірлеу рецептісін жазу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Үлгі бойынша ас әзірлеу рецептісін жазады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Жұптық жұмыс
Сурет бойынша көгөніс салатын әзірлеудің рецептісін құрастырып жаз.
Нұсқаулық:
• Салаттың құрамындағы заттарды анықта.
• Қалай турау керектігіне көңіл бөл.
• Салатқа қандай тұздық қосуға болатыны
туралы ойлан.
• Салаттың құрамындағы заттардың мөлшерін
анықта.
• Күнделікті тұрмыста
көргеніңе/оқығаныңа/естігеніңе сүйене отырып,
салат дайындау рецептісін жаз.
Дескриптор Білім алушы
- нұсқаулық бойынша салат әзірлеу рецептісін құрастырады;
- ас әзірлеу рецептісін жазу стилін сақтайды;
- сөйлемдердің құрылымын сақтайды;
- сөйлемдерді сауатты жазады;
- көркем жазу талаптарын сақтайды.
64
Бөлімше 3.3 Оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды
материалдар бойынша жазба жұмыстар жазу
Оқу мақсаты 2.3.3.1 Мұғалімнің көмегімен оқыған, тыңдаған және
аудиовизуалды материалдар бойынша жоспар құру
және тірек сөздерді пайдалана отырып мазмұндама
жазу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтінге жоспар құрады
• Мазмұндама жазуда тірек сөздерді қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда.
Астананы көру Гүлзаттың арманы болатын. Ата-анасы жазда Астанаға апаруды
жоспарлап та қойған. Міне, жазғы демалыс та басталды. Шілде айының ортасында олар
отбасымен бас қалаға жол тартты. Астанаға пойызбен келді.
Жазғы Астана өте әдемі екен. Көшелері түрлі гүлдерге толы. Биік ағаштар
жайқалып тұр. Қаланың көшелері таза, кең. Әдемі ғимараттар көп. Қаланың ортасын
Есіл өзені бөліп жатыр. Астана үлкен әрі көрікті қала екен.
Гүлзатқа Астана қаласы қатты ұнады. Ол жақсы демалып қайтты.
• Сұрақтардың көмегімен мәтін бойынша жоспар құр.
Сұрақтар Жоспар
1. Гүлзат нені армандайтын?
2. Ол қайда келді?
3. Астана қандай қала?
1._______________________
2._______________________
3._______________________
• Тірек сөздерді қолданып, мәтіннің мазмұнын жаз.
Тірек сөздер: жазғы демалыс, арман, Астана, үлкен, әдемі,таза, кең,
ғимараттар,өзен,жақсы демалу.
Дескриптор Білім алушы
- мәтінге жоспар құрады;
- мәтіннің мазмұнын жоспарға сәйкес жазады;
- мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтайды;
- орфографиялық нормаларды сақтап жазады (3 қатеден артық
емес);
- пунктуациялық нормаларды сақтап жазады (3 белгіден артық
емес).
65
Бөлімше 3.5 Қатені табу және түзету
Оқу мақсаты 2.3.5.1 Жіберілген пунктуациялық, орфографиялық
қателерді мұғалімнің көмегімен тауып түзету және
құраған сөйлемін толықтыру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Жіберілген орфографиялық және пунктуациялық
қателерді түзетеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы. Мәтіннің мазмұнына сай келмейтін бөлікті алып тастап, мәтінді
қайта құрастырып жаз. Мәтінге ат қой.
_________________________
Дескриптор Білім алушы
- мәтіннің тақырыбына сәйкес емес бөлікті анықтайды;
- мәтінді қайта құрастырып, көшіріп жазады;
- мәтінге ат қояды;
- көркем жазу талаптарын сақтап жазады.
Көптен бері қора сыртында екі таяқ жататын. Екеуі дос еді.
Морж- сойдақ тісті полярлық жануар. Ол сойдақ тістерімен тұнба
лай арасынан шаян бақалшықтарын қазып жеп қоректенеді.
Бір күні Қалтай біреуін қазық қып қағып, бұзауын арқандады. Сол-
ақ екен, әлгі таяқтың көкірегіне нан пісіп шыға келді. Өйтпегенде ше?
Қазық болып, іске жарады. Жатқан досын мазақтап күлетін болды.
66
Бөлімше 3.6 Каллиграфиялық нормаларды сақтау
Оқу мақсаты 2.3.6.1 Бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін
сақтап, оларды байланыстырып көлбеу және таза жазу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Әріптердің байланысын сақтай отырып, көркем
жазады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді көшіріп жаз.
.
Дескриптор Білім алушы
- әріптердің биіктігі мен мөлшерін сақтап жазады;
- әріптердің өзара байланысын сақтайды;
- әріптерді көлбеу жазады;
- сөйлемдерді сауатты көшіреді.
Отаным
Менің Отаным–ҚазақстанРеспубликасы.
Қазақстанның жері өте кең. Жерінде тау да, жазық та, ойпат
та кездеседі. Үлкен-үлкен көлдер, өзендер бар. Сәулетті
қалалар да көп. Қазақстанның жер қойнауы пайдалы
қазбаларға бай. Республикамызда астық көп өндіріледі. Мал
шаруашылығы да жақсы өркендеген.
Қазақстан бес мемлекетпен шектеседі. Олардың бәрімен
достық қарым-қатынаста.
67
Бөлім: Тілдік нормалардың қолданысы
Бөлімше 4.1 Орфографиялық, орфоэпиялық нормаларды сақтау
Оқу мақсаты 2.4.1.4 Дауыссыз л, р, ң дыбыстарының емлесін сақтап
жазу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Жазу барысында л, р, ң дыбыстарының емлесін
дұрыс қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Бос орынға жақшадағы сөздердің дұрыс нұсқасын қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.
Дескриптор Білім алушы
- дауыссыз л дыбысының емлесін сақтап жазады;
- дауыссыз р дыбысының емлесін сақтап жазады;
- әріптерді дұрыс байланыстырып жазады;
- сөздерді сауатты жазады.
Даладағы от ( лаулап, ылаулап) ________________________ жанды
Қармаққа балық ____________________ (ілінді, лінді).
Балалардың табиғатқа деген қамқорлығына үлкендер ( ыриза, риза) ________
болды.
Балалар (рет-ретімен, ірет-іретімен) ____________________сапқа тұрды.
Жолдасыңды (ренжітуге, іренжітуге) ___________________ болмайды.
68
Бөлімше 4.2 Грамматикалық нормаларды сақтау
Оқу мақсаты 2.4.2.1 Мұғалімнің көмегімен түбір мен қосымшаны
ажырату
Бағалау критерийі Білім алушы
• Сөз құрамына (түбір мен қосымша) талдайды
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма
Сөз құрамының шартты белгілерін қолдана отырып, берілген сөздерді сөз құрамына талда.
Дескриптор Білім алушы
- сөздердің түбірі мен жалғауын ажыратады;
- сөздердің түбірі мен жұрнағын ажыратады;
- сөздің бөліктерін тиісті белгілермен таңбалайды.
Табиғатты, орманшы, қорықтар, ауаның, ғарышкер,
саяхатқа
69
Бөлімше 4.2 Грамматикалық нормаларды сақтау
Оқу мақсаты 2.4.2.5 Дара және күрделі зат есім/сын есім/сан есім/
етістікті анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Күрделі сөз таптарын (зат есім/ сын есім/ сан
есім/етістік) бір- бірінен ажыратады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Берілген сөздерді мағынасына қарай сәйкестендіре отырып, күрделі сөз таптарын
құрастыр. Оларды кестеге жаз.
ауыл
айтып
қырық
қызыл
жиырма
балалар
оқып
көк
бақшасы
берді
шаруашылығы
ала
сары
тоғызыншы
отыр
жеті
Күрделі зат есім Күрделі етістік Күрделі сын есім Күрделі сан есім
Дескриптор Білім алушы
- тиісті cөздерді сәйкестендіре отырып, күрделі зат есімді анықтайды;
- күрделі етістіктерді анықтайды;
- күрделі сын есімдерді анықтайды;
- күрделі сан есімдерді анықтайды.
70

Комментарии:
Сабақ жоспарлары барлық пәннен ҚМЖ, ОМЖ, ҰМЖ | Планы КСП ССП ДСП
Электронная почта: [email protected] Ватсап: 8(707) 403-01-01 © 2019-2020