» » САБАҚ ЖОСПАР: Қарулы күштер– Қазақстан Республикасының тəуелсіздігін қорғауда

САБАҚ ЖОСПАР: Қарулы күштер– Қазақстан Республикасының тəуелсіздігін қорғауда

18 сентябрь 2016, Воскресенье
4 076
0

Сабақтың тақырыбы: Қарулы күштер– Қазақстан Республикасының тəуелсіздігін қорғауда.Қазіргі  кезеңдегі  Қазақстан  Республикасы  Қарулы  Күштері,  олардың құрамы жəне атқаратын қызметтері, жоғары əскери оқу орындары, олардың əскери мамандарды даярлаудағы рөлі.

Білімділік: .Қазіргі  кезеңдегі  Қазақстан  Республикасы  Қарулы  Күштері,  олардың құрамы жəне атқаратын қызметтері жайлы мағлұматтар беру, білімдерін кеңейту.

Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау қабілетерін, қоғаммен жұмыс жасауға дағдыландыру.

Тәрбиелілік:Қазақстан  Республикасы  Қарулы  Күштерінің  рəміздерін құрметтеуге және еңбексүйгіштікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

 

Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» ҚР Заңы.

Сабақтың барысы:

       а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 мин.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

Үй жұмысын тексеру: (ауызша)

Сұрақтар мен тапсырмалар:

-           патриотизм дегеніміз не?

-           жауынгерлердің интернационалистік қасиетін қалыптастырудағы патриотизмнің рөлі қандай?

-           жауынгерлерді патриотизм мен интернационализм рухында тәрбиелеудің жолдары қандай?

-           ҚР ҚК-нің әскери нышандары туралы айт. Олар неге арналған?

-           Әскери бөлімнің Жауынгерлік туы дегеніміз не? Әскери ұжым үшін оның маңызы қандай? Ол туралы түсінігіңді айтып бер.

 

     б) Негізгі бөлім – 25мин.

Қазақстанның Қарулы Күштері — Қазақстан Республикасының әскери құрылымы әскери басқару органдарын, Қарулы Күштердiң түрлерiн, арнайы әскерлердi, тыл, әскери оқу орындары мен ғылыми мекемелердi қамтиды.

Соғыс уақытында құрамына қорғаныс министрлігіне қарайтын әскер түрлерiнен басқа Iшкi iстер министрлігінiң iшкi әскерлерi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң шекара қызметi және басқа да әскерлерi, республикалық «Ұлан», азаматтық және аумақтық қорғанысты басқару мен құру органдары кiредi.

Міндеттері:

«Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 5-тарау, 18-тармағы бойынша: Қарулы Күштер агрессияға тойтарыс беруге, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығы мен егемендігін қару-жарақпен қорғауға, мемлекеттік және әскери объектілерді күзетуге және қорғауға, әуе кеңістігін күзетуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес міндеттерді орындауға арналады. «Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 4-бабы бойынша: Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар Әскери доктринаға және Қарулы Күштерді қолдану жоспарына сәйкес қорғаныс саласындағы міндеттерді орындайды

 

   Әскери ант – мемлекеттік маңыздылығы зор құжат.

ҚР Президентінің 1992жылғы 25 тамыздағы Жарлығымен бекітілген және заң күші бар.

 

                                                                                                   Қазақстан Республикасы

                                                                                                 Президентінің 1992 жылғы

                                                                                                25 тамыздағы Жарлығымен

                                                                                                           Б Е К І Т І Л Г Е Н

ӘСКЕРИ  АНТ

Мен, Қазақстан Республикасының азаматы (тегі, аты, әкесінің аты), Қарулы Күштердің қатарына кіре отырып ант қабылдаймын және Қазақстан халқы мен оның заңды сайланған Президентіне ақтық демім қалғанша адал болуға, өзімнің егемен мемлекетімнің Конституциясы мен заңдарын қастерлеп сақтауға салтанатты түрде ант етемін.

Өзіме жүктелген міндеттерді, әскери жарғыларды және командирлер мен бастықтардың бұйрықтарын бұлжытпай орындауға, әскери қызметтің ауыртпалықтары мен қиыншылықтарын табандылықпен көтеруге ант етемін. Әскери істі дәйекті оқып-үйренуге, әскери және халық мүлкін мұқият ұстауға, әскери және мемлекеттік құпияны қатаң сақтауға ант етемін.

    Мен өз Отанымның, тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік мүдделерінің ержүрек әрі батыл қорғаушысы болуға ант етемін.

    Егер мен өзім қабылдаған әскери антты бұзсам, онда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген қатаң жазаны өтеуге әзірмін.

 

 

   Әскери антты - толықтыруға келген жауынгелер мен матростар, тиісті бағдарламадан өтіп,  жауынгердің негізгі міндеттерін, әскери анттың мәнін, әскери бөлімнің Жауынгерлік Туының, әскери тәртіпті жете білгеннен соң, әскери бөлімге келген күннен бастап екі айдан кешіктірмей қабылдайды.

    Әскери антты қабылдау уақыты әскери бөлім командирінің бұйрығымен жарияланады.

   Тағайындалған уақытта әскери бөлім салтанатты сапқа тұрады. Әскери антты қабылдаушы әскери қызметшілер бірінші саптарда болады. Әскери антты қабылдаушы әрбір әскери қызметші бөлімше сабының алдында әскери анттың мәтінін дауыстап оқиды, одан соң арнайы тізімге өз қолын қояды да, саптағы  өз орнына тұрады.

    Әскери ант қабылдау салтанаты аяқталған соң, әскери бөлімнің командирі бүкіл бөлімді жаңа толықтырумен құттықтайды, бұдан соң оркестр ҚР-ның мемлекеттік әнұранын орындайды.

     Мемлекеттік әнұран орындалған соң, әскери бөлім саптық байқау үшін салтанатты шерумен өтеді.

     Әскери антты қабылдау күні осы бөлім үшін жұмыс күні емес болып табылады және мереке күні ретінде өтіледі.

     ҚР Президентінің Жарлығы және Қорғаныс министрлігінің бұйрығына сәйкес, бір жылда екі рет белгіленген мерзімде қызмет атқарған жауынгерлер өз бөлімшелерімен қоштасады, олардың орнына жаңа толықтырма келеді. Әскери шеберлікті игеріп, Достастық мемлекеттер мен Қазақстан халқының бейбіт еңбегінің қорғаушысы болу үшін, жауынгерлердің жас толықтырмасы аға буындардың жауынгерлік эстафетасын қабылдап, оны абыроймен алып жүруге, жауынгерлік дәстүрді барынша өркендетуге, Отан қорғаушылардың абыройы мен жауынгерлік даңқын қастерлеуге шақырылып - әскери антты қабылдайды.

  «ҚР ҚК және қорғанысы туралы» заңында Отанды қоғау мен Республиканың ҚК-інде  қызмет ету – Отан алдындағы ҚР азаматтарының конституциялық міндеті және борышы болып табылатыны көрсетілген.

   «ҚР ҚК және қорғанысы туралы» заңында үкімет және басқару органдарының өкілеттілігі, ҚК-ді басқару және қорғаныс саласындағы азаматтардың міндеттері мен құқықтары баяндалады. Заңға сәйкес ҚР-ның азаматтары өз мемлекетінің мүддесін сақтауға, оның   қуатын  нығайтуға,   Отанды  қорғауға  өзін  дайындауға  және ҚР-ның заңдылықтарында қарастырылған қорғаныс мақсатындағы басқа да міндеттерді орындауға міндетті. Республикадағы әскери қызмет атқарудан бас тартқан азаматтар заң бойынша

     в) Қорытынды бөлім – 10 мин.

          Сұрақтар мен тапсырмалар:

-           Әскери антты қабылдау  рәсімдері қалай өтеді?

-           ҚР-ның әскери анты дүниеге қалай келді?

-           ҚР Конституциясында және «ҚР ҚК мен қорғанысы туралы», «Мемлекеттің аумақтық тұтастығы мен егемендігі туралы» заңдарда әскери қызметшілердің құқығы мен міндеттемелері туралы не айтылған?

-           Әскери антта Қазақстан жауынгерлерінің ары мен абыройы туралы не айтылған?

-           Әскери антта жауынгердің моральдық-саяси, жауынгерлік қасиеттері туралы не айтылған?

-           Жауынгерлік дәстүрлер соғыс және бейбіт уақытта қалай көрсетілуі тиіс?

 

АӘД пәнінің ұйымдастырушы      оқытушысы:  _____________  ______________

Комментарии:
Сабақ жоспарлары барлық пәннен ҚМЖ, ОМЖ, ҰМЖ | Планы КСП ССП ДСП
Электронная почта: [email protected] Ватсап: 8(707) 403-01-01 © 2021-2022