» » Информатика 5 сынып. Күнделік жоспарлары. (қазақ сыныбы) Барлығы – 34 сағат

Информатика 5 сынып. Күнделік жоспарлары. (қазақ сыныбы) Барлығы – 34 сағат

03 ноябрь 2016, Четверг
650
0

Сабақтың тақырыбы:

Техника қауіпсіздік ережелері.

Сабақтың мақсаты:

  • Білімді қалыптастыру: Оқушыларды компьютер кабинетіндегі техника қауіпсіздік ережелері, ДК жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері, электр тогы ұрган кезде, күйген кезде, есінен кеткен және дем жетпей қалған кезде берілетін көмек жайлы түсінік айту.
  • Тәрбиелік: еңбекке баулу, мамандыққа бағдарлау, табиғат пен өнердегі сұлулықты түсінуге, адамгершілік, патриоттық, ұлттық келісім ұғымдарын дұрыс қабылдауға, үлкенге сый – кішіге жол көрсетуге тәрбиелеу.
  • Дамытушылық: жеке тұлғаны, танымдық қызығушылықты, еріктілікті, жалпы қабілеттілікті, сезімді дамыту.

 

Сабақтың көрнекілігікомпьютер, видеопроектор, дидактикалық материалдар, 

                                          суреттер.

 

Сабақтың барысы

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақтың тақырыбын, мақсатын айту.

 

ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Жалпы техника қауіпсіздігінің ережелеріне қойылатын талаптар төмендегідей:

1.Компъютерді желіге қосатын сымдарға,  қос тілді сым тетікке, штеккерлерге тиісуге және жабдықтарды     мұғалімнің     рұқсатынсыз жылжытуға тыйым салынады.

2.Мұғалімнің   рұқсатынсыз   сыныптан   шығуға және кіруге болмайды.

3.Дербес   компьютерде   суланган қолмен және дымқыл киіммен жұмыс істеуге болмайды;

4.Дербес   компъютердің   жанына портфелъдер, сөмкелер,  кітаптар   қоюға тыйым салынады. Үстелде қалам мен дәптер ғана болуы тиіс.

5.Пернелік тақта үстіне артық заттар қоюга болмайды.

6.Компъютерлік сыныпта жүруге, ойнауға, жанындағы қурбыларын    алаңдатуға,   бөгде жұмыстармен шуғылдануға тыйым салынады.

7.Оқушы компъютермен жұмыс жасау   кезінде техника қауіпсіздігі   талаптарын   орындау ережесімен танысқандығы туралы журналды толтырады.

Дербес компъютерде жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережесінің талаптары:

1.Дербес   компъютерді   іске   қосу кезінде оның сыртқы қорабының   дұрыс   жұмыс   жасап турғандығына және сымдардың қатесіз жалғанғанына көз жеткізу керек.

2.Жұмыс жасау кезінде сымдардың дұрыс жалғанғанына ерекше көңіл бөлінуі тиіс.

3.Жұмыс орнына бекітілген тіркеу журналына керекті мағлуматтарды  енгізіп, белгі жасау қажет.

Оқушының дербес компьютермен жұмыс жасау кезіндегі техника қауіпсіздігінің ережесіне қойылатын талаптар:

1.ЭЕМ-мен жұмыс жасау кезінде көзді экраннан 60-70 см қашықтықта ұстау керек.

2.Сыныпқа кірушілермен орнынан тұрмай амандасуға рұқсат етіледі.

3.Көзі шаршаған жағдайда орнынан тұрмай-ақ, көз жаттығуын орындауға болады.

4.Электр тогымен зақымданған алғашқы дәрігерлік көмек көрсету тәсілдерін,   өрт сөндіру құралдарымен жұмыс істеуді  және  өрт сөндіру тәсілдерін білуі қажет.

5.Көз жаттығуларын міндетті турде білу қажет.

Апаттық жағдайдағы техника қауіпсіздігінің ережелеріне қойылатын талаптар:

1.Жұмыс   жасап    отырған кезде дербес компъютерден ақау табылса, күйік иісі шықса немесе өзгеше дыбыс пайда болса, онда машинамен жұмысты тоқтатып, мұғалімге хабарлау керек.

2.Өрт сөндіруде көмек көрсету қажет.

3.Электр тогымен зақымданған  адамға алғашқы көмек көрсетуді білуі керек.

4.Компъютерлік сыныпта өртті сумен сөндіруге болмайтындығын білуі қажет. Оған құм және т.б. өрт сөндіргіш құрал -жабдықтарын  пайдалануға  болады.

5.Электр тогының әсерімен зақымданған адамды су қолмен ұстауға болмайтындығын білуі қажет. Оны әр турлі материалдарды (электр тогы    сымынан басқа) пайдалану арқылы   босатып    алуға   болады.

ІІІ. Сабақты пысықтау.

Электр тогы ұрган кезде берілетін көмек:

1.Шамды   өшіру   керек   (сеттен өшіру керек).

2.Зәбірленушіні тоқтан босату керек (электр тогы жүрмейтін қол жабдықтарын пайдалана отырып).

3.Жәбірленушіге  дене жарақатын алғанда берілетін   көмек.

  1. Дәрігерді шақыру (мектеп дәрігері, жедел жәрдем 03, жақын маңайдағы   дәрігерлер).

Күйген кезде берілетін көмек:

1.Ауру қалдыратын, тыныштандыратын дәрі-дәрмек  беру (аналгин).

2.Күйген жерге май (маз) жағу.

3.Күйгеннің ашық тұрін мұздай сумен шайып, бетін микроорганизмдер туспесін деп таңып қою қажет.

Есінен кетіп қалған кездегі көмек:

1.Зәбірленген адамды  арқасымен тузу жатқызады, басын бір жаққа қаратып (онға немесе солға) бұрып қояды.

2.Дәрігерді шақыру керек (мектептің дәрігерлік пунктінен немесе жақын    жердегі емдеу мекемесінен).

Дем жетпей қалған кезде көрсетілетін алғашқы көмек:

1.Аузын ашып тілін көру керек, егерде ол демігіп қалса, қолмен тілді орнына келтіру керек.

2.Дәрігер шақыру керек (мектептің дәрігерлік пунктінен немесе жақын   жердегі емдеу мекемесінен).

3.Қолдан дем алдыру керек (ауызды ашып ауызбен) дем қалпына  келгенше    немесе дәрігер келгенше.

Көру (көз) қызметінің шаршағандығын жоятын жаттығулар:

Ұзақ бірқалыпты компъютермен жұмыс істеген кезде, бірнеше минуттар бойы, қимылдамай бір жерде отырғанда, көңілсіз жағдайлар тууы мүмкін, сезімнің бөгеліп қалушылығы, шаршағандығы, көру қызметіне (көзге) күш тускендіктен, көздің алдына кескін пайда болады. Осындай жағдайлар болмау үшін, сабақ барысында (оқушының жасына байланысты) төменде келтірілген жаттығулар орындау керек.

Көзге түскен күшті, ауырлықты жоятын жаттығулар:

— көзқарасты ауыстыру: алысқа — төменге, солға — оңға, жоғары — төмен;

— сағаттың тілімен және қарсы бағытпен, көзді айналдыра қимылдату керек;

— көзді   жұмып,  алақанмен жауып 1 -1,5 минут отыру керек.

Шаршағанды жоятын жаттығулар:

— сағаттың тілімен және қарсы бағытпен басты айналдыру керек;

— жан — жаққа айналу;

— күшпен жайлап тартылу және қайта босаңсу.

 

ІV. Сабақты қорытындылау.

  1. Жалпы техника қауіпсіздігінің ережелеріне қойылатын талаптар.
  2. Дербес компъютерде жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережесінің талаптары.
  3. Оқушының дербес компьютермен жұмыс жасау кезіндегі техника қауіпсіздігінің ережесіне қойылатын талаптар.
  4. Апаттық жағдайдағы техника қауіпсіздігінің ережелеріне қойылатын талаптар.

 

  1. Үйге тапсырма.

Тақырыпты оқу, түсінік жазу

VІ. Оқушыларды бағалау.

 

 

Комментарии: