» » Информатика 8 сынып. Күнделік сабақ жоспары Аптасына 1 сағаттан, барлығы 34 сағат

Информатика 8 сынып. Күнделік сабақ жоспары Аптасына 1 сағаттан, барлығы 34 сағат

03 ноябрь 2016, Четверг
2 879
0

Информатика

8 сынып

 

Тақырыптық күнтізбелік жоспар

Аптасына 1 сағаттан, барлығы 34 сағат

 

Сабақтар

 

 

 

Тақырыптың мазмұны

 

 

Сағат саны Мерзімі
Теория Прак-

 

тика

  I тоқсан 9  
1 Есептеуіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік ережесі. Электр тогымен зақымданған жағдайда алғашқы көмек көрсету. Көз жаттығуы. 1    
2 Ақпарат. Ақпарат және басқару. Информатика 1    
3 Компьютердің арифметикалық негіздері. Санау жүйелері туралы түсінік. Екілік, сегіздік, ондық, оналтылық санау жүйелері. 1    
4 Сандарды бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне ауыстыру. Бүтін және бөлшек ондық сандарды екілік санау жүйесіне ауыстыру. Ондық сандарды сегіздік, оналтылық санау жүйесіне ауыстыру және т.б. 1    
5 Екілік сандармен орындалатын арифметикалық амалдар. Қосу, азайту, көбейту, бөлу. 1    
6 Компьютердің логикалық негіздері. Логикалық піқірлердің негізгі түсініктері. Логикалық операциялар.   1  
7 Сынақ жұмысы 1    
8 Компьютердің логикалық элементтері. Триггер. Қосындылауыш. Ақиқаттық кестелерін құру. 1    
9 Логикалық есептерге практикалық жұмыстар орындау   1  
  II тоқсан 7  
10 Дербес компьютер туралы жалпы мәлімет. Дербес компьютердің құрауыштары. Дербес компьютерлерді жіктеу. 1    
11 Компьютердің құрылымы және жұмыс істеу принципі 1    
12 Операциялық жүйе дегеніміз не? Операциялық жүйелерді жіктеу. WINDOWS типті операциялық жүйелер. WINDOWS -ты баптау. Файлдар мен қапшықтарды іздеу 1    
13 Компьютерлік ақпаратты қорғау. Архивтеу бағдарламалары. Файлдарды архивтеу туралы жалпы мәлімет. 1    
14 Мәтіндік, дыбыстық және графикалық ақпараттардың ұсынылуы. Графикалық ақпарат туралы түсінік. 1    
15 Сынақ жұмысы 1    
16 Практикалық жұмыс   1  
  III тоқсан 10  
17 Мәтіндік ақпараттарды өңдеу. Мәтіндік құжаттар мен мәтіндік редакторлар. Мәтін түрлері. Мәтіндердің құрылымдық элементтері. Мәтіндік ақпараттарды компьютерде өңдеу технологиясы 1    
18 Word мәтіндік процессоры. Microsoft Word -ты іске қосу. Мәтіндік құжат құру. Емлесін тексеру. Мәтіндік құжатты пішімдеу.   1  
19 Мәтіндердің орынын ауыстыру және көшірмелеу. Мәтіндік құжатты баспаға шығару. Беттерді нөмірлеу. Кесте құру. Ұяшықтармен жұмыс. Кестелерді жиектеу.   1  
20 Word -тың графикалық мүмкіндіктері.   1  
21 Компьютердегі кестелік есептеулер. Деректерді кестелік түрде ұсыну. Электрондық кестелердегі деректерді өңдеу. 1    
22 Ехсеl кестелік процессоры. Негізгі түсінікгер мен амалдар. Ехсеl мүмкіндіктері. Жұмыс кестесінің элементтері. 1    
23 Ехсеl-дегі деректермен жұмыс. Деректерді Ехсеl-ге енгізу.   1  
24 Ехсеl-дің графикалық мүмкіндіктері. Диаграммамен жүмыс істеу. Графикалык объектілерді біріктіру.   1  
25 Ехсеl-дің мүмкіндіктерін пайдаланьш практикалық жұмыстар орындау  

 

 

1  
26 Сынақ жұмысы      
27 Практикалық жүмыс   1  
  IV тоқсан                                  8  
28 Деректер базасы. Деректер базасын басқару жүйесі. Деректер базасы түсінігі. Деректер базасын жіктеу. 1    
29 Деректер базаларымен орындалатын амалдар Деректер базаларындағы операциялар. Деректер базасын компьютерде өңдеу технологиясы.  

 

 

 

   
30 Ехсеl кестелік процессорында дерек базасымен жұмыс істеу. Ехсеl -дегі дерек базасы.   1  
31 Деректер базасын өңдеу. Деректерді сұрыптау.

 

Есеп беруді баспаға шығару.

  1  
32 Шығармашылық жұмыс   1  
33 Сынақ жұмысы 1    
34 Қорытынды қайталау 1    
               

 

№1 сабақ

Сыныбы:_____________________  Күні: ___________________________________

Мұғалімі: __________________________   Тексерген: _______________________________

 

Сабақтың тақырыбы:      Есептеуіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік техникасының

ережелері. Электр тогымен зақымданған жағдайда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету. Көз талғанда жасалатын жаттығулар.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды қауіпсіздік ережесімен, компьютер сыныбында өзін-өзі алып жүру ережелерімен, көз жаттығуларымен, төтенше жағдайдағы іс-әрекет ережелерімен таныстыру;

Тәрбиелілік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жүйелілікке тәрбиелеу.

ДамытушылықОқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілігін дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютер, тақта, жұмыс дәптері

Сабақтың өту барысы:

  1. Оқушыларды ұйымдастыру
  2. Жаңа тақырыпты түсіндіру
  3. Сабақты бекіту
  4. Үйге тапсырма

 

1.НЕГІЗГІ ҚАҒИДАЛАР

ҚазССР халыққа білім беру министрлігінің 08.02.90 жылғы бұйрығына сәйкес, барлық оқушылар оқу процесінде есептеу техникасын қолдану алдында қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау алып, апат жағдайдағы әрекеттер ережелерімен, электр тогымен зақымданғанда алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдерімен және шаршағанда, көз талғанда дем алу үшін орындайтын жаттығулармен танысулары қажет. Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау берілгеннен кейін оқушылар сынақ тапсырулары керек. Бұл жөнінде сәйкес үлгідегі журналға тіркеу керек.

ЕТ кабинетінде сабақ өткізу кезіндегі оқушылар білуі тиісті еңбек қауіпсіздігін сақтау талаптарына қауіпсіздік техникасының ережелері, компьютер сыныбындағы тәртіп ережелері, электр тогымен зақымданғанда көрсетілетін алғашқы дәрігерлік көмек тәсілдері, жалпы шаршағанда және көз талғанда колданылатын жаттығулар жатады.

 

Комментарии:
Сабақ жоспарлары барлық пәннен ҚМЖ, ОМЖ, ҰМЖ | Планы КСП ССП ДСП
Электронная почта: [email protected] Ватсап: 8(707) 403-01-01 © 2019-2020