» » ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ 1-сынып (33 сағат, аптасына 1 сағаттан)

ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ 1-сынып (33 сағат, аптасына 1 сағаттан)

05 октябрь 2016, Среда
14 121
0

ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ 1-сынып (33 сағат, аптасына 1 сағаттан)

1-кесте

Тараулардың атауы

Сабақ реті

Сабақтардың тақырыбы

Мазмұндық негізі

I. Ғасырлар даналығы

1-2

Ақиқатты жолға алып, адалдықпен өмір бастаймыз!

 

Адалдық адамның маңызды қасиеті ретінде. Шындықты айту оңай, ал өтірік айту қиын. Қалжыңдап та өтірік айтуға болмайды. Ақиқат- барлық адамдарды біріктіруші бастау.

3-4

Тәртіп пен парыз

«Тәртіп» және «парыз» ұғымдарының мағынасы. Бес «Т»: тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық.

5-6

Өзіңмен үйлесімді

өмір сүру!

Ар-ұжданыңа құлақ қой. Адамзаттың рухани ұстаздары ар-ұждан туралы. Зейінді топтастыра және басты нәрсеге назар аудара білу.

 

7-8

Сүйіспеншілік сый талап етпейді

Сүйіспеншілік маңызды жалпыадамзаттық құндылық ретінде Қызмет ету және әлем халықтарының ертегілері мен өсиет әңгімелерінегі риясыз сүйіспеншілік.

II. Тату отбасы

 

9-10

Менің үйім

 

 

Адам – отбасы мүшесі.

Отбасындағы, ұжымдағы өзара қарым-қатынас.

Кеңпейілділік таныту.

Ынтымақтастық, өзара көмек, құрмет.

11-12

Менің достарым

 

 

«Достық» ұғымы туралы түсінік.

Адам өміріндегі достықтың мәні.

Сыныптағы достық.

Достықтың біріктіруші бастауы.

13-14

Бір-бірімізге көмектесеміз

 

Отбасындағы және мектептегі өзара көмек, қолдау, кішіпейілділік және қайырымдылық.

Адамның іс-әрекетіне көмекке келу ұмтылысын таныту.

15-16

Алғыс айту – игілік сыйлау!

 

Алғыс айту – адамның басты қасиеті.

Отбасында, мектепте, қоғамда алғыс айта білу білігі.

III. Адам болам десеңіз

 

17-18

Жақсылық жолымен жүреміз

Жақсылық адамның қасиеті ретінде. Жақсы іс.

19-20

Қарым-қатынас әліппесі

 

Қарым-қатынас адамның өмір сүруінің қажетті шарты ретінде. Қоғамдық орындардағы тәртіп ережесі. Мінез-құлық мәдениеті. Әдептілік тұлғаның басты қасиеті ретінде.

Күнделікті өмірде әдептілік көрсету.

Комментарии:
Сабақ жоспарлары барлық пәннен ҚМЖ, ОМЖ, ҰМЖ | Планы КСП ССП ДСП
Электронная почта: [email protected] Ватсап: 8(707) 403-01-01 © 2019-2020